Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет10/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

5.Биіктік белдеулер. Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температура-сы төмендеп, тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұка болып келеді.

Таулардың биік бөліктерінде катал табиғат жағдайына бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Олардың қатарына Тибет пен Памир тауларын мекендейтін цодасты, Тянь-Шань тауларындағы қар барысы мен ерекше құстарды, Азияның биік тауларында тіршілік ететін аюлар мен арқарларды жатқызуға болады. Биіктік белдеулер Гималаи мен Альпі тауларының оңтүстік беткейлерінде айқын байқалады.

Мысалы, жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу - терая («тера» грекше «құбыжық» дегенді білдіреді) өте батпақты келеді. Мұнда бамбук, пальмалар мен майлы ағаш, лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер мен қабылан, жолбарыстар мекендейді. Биіктеген сайын климаттың өзгеруі әсерінен белдеулер ауысып отырады да, 4500-5000 м биіктікте мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады (37-суретті қараңдар). Гималаи аса ірі тау жүйесі болғандықтан оның беткейлеріндегі биіктік белдеулердің құрылымы бір-біріне мүлде ұқсамайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Гималай мен Альпі тауларындағы биіктік белдеулерді салыстырып, әр түрлі болу себептерін түсіндіріңдер?

2.Тропиктік белдеудің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар.

3.Экваторлық белдеудің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар.

4.Субэкваторлық белдеудің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар.

5.Субтропиктік белдеудің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар.


71- сабақ

Тақырыбы: Халқы және елдері

Жоспар:

1.Халқы

2. Елдері



Сабақтың мақсаты:Еуразияның халқы және елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материкте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының 3/4 бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел - Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд-тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңтүстік-Шығыс Азияга сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 1000-1500 адамга жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады.

Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік щрамы да алуан түрлі. Ең көп тарағаны - еуропалық тектес халықтар. Олар өңі ақкүба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келетін солгщстік еуропалық және өңі қараторы, шаштары мен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңтүстік еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монгол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон жөне басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралы мен Үндістанның оңтүстігінде қоныстанған.

Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер - ислам, христиан, буддизм және олардың әр түрлі тармақтары пайда болып, дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар мен түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.

2.Елдері. Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасңан. Материктің қазіргі саяси картасы ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер катарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері ете шағын, кішігірім елдер де бар (саяси картадан ол елдерді анықтаңдар).

Халқының саны 100 млн-нан асатын ірі елдердін көпшілігі Еу­разияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып белінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым - парламент, ал баскару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президенті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.

Социалистік бағыттағы елдер санының 90-жылдарда құрт кемуі Кеңестер Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропа елдерінің жаңа бағыт үстануымен байланысты болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты үстап отырған елдер - Қытай Халық Республикасы (ҚХР), Корей Халық Демократиялық. Республикасы және Вьетнам.

Монархиялық басқару Еуропада және Азияның араб елдерінде басым. Монархияда мемлекетті басқару ісі бір адамның иелігінде болып, билік атадан балаға мүра етіп қалдырылады. Монархиялық елдер абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді. Мысалы, Ұлыбритания (королева) мен Жапонияда (император) мемлекетті басқару іс жүзінде парламент пен үкіметке жүктелген, ал мемлекет басшысы - монарх ең жоғары лауазымды адам болып табылады. Абсолюттік монархияда барлық билік жеке адамнын қолында шоғырланған. Мысалы, араб елдерінде монархтардың (король, шейх, сұлтан) билігі шексіз.

Сонымен адамзаттың даму тарихында ежелгі өркениет пен мәдениет ошағы ретінде шешуші рөл атқарып келген Еуразия материгі әлі де адамзат дамуы мен өркендеуінің бесігі болып кала бермек. Сендер де осынау табиғаты әсем, халқының ұзақ та қызғылықты, қайталанбас тарихы бар алып материктің топырагында туған перзентісіңдер. Сондықтан басқа елдердегі қатар құрбыларыңмен бірге сендер де осы материктің болашақ тарихын жасайтын боласыңдар.

Бақылау сұрақтары:

1.Еуразия жерінде халық неге біркелкі қоныстанбаған?

2.Еуразия халқы қандай ұлттық және тілдік топтарға жіктеледі?

3.Еуразияда қанша мемлекеттер бар, олар қалай бөлінеді?

4.Еуразиядағы жоғары дәрежеде дамыған елдер мен әл –ауқаты төмен елдерді атаңдар.
72-сабақ

Тақырыбы: Еуропа

Жоспар:

1.Солтүстік Еуропа елдері

2.Батыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаты: Еуропа елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Еуразия материгінің екі дүние бөлігінен тұратынын білесіңдер. Ең алдымен еуропалық бөліктің табиғат жағдайы, халқы мен елдері, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы қыскаша мағлұмат беріледі. Қа-зіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени, шаруашылық байланыстары одан әрі нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына кіретін елдерде ортак акша (еуро) енгізілген, ал тұрғындары бір елден екінші елге еркін өтіп, саяхат жасауына мүмкіндік алған.

Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылған. Олар Солтустік Еуропа, Батыс Еуропа, Шыгыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.

Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Сқандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.

Географтар Сқандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенносқандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауларында орналасқан. Сондықтан аймактың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.

Фенносқандияның біраз бөлігі мен Исландия аралында халық, сирек қоныстанған. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финндер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан.

Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде климат колайлы болғандықтан халық тығыз коныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген. Шалғын шөпті шұрайлы жеріне байланысты ірі қара мал мен кой өсіріледі. Солтүстік Еуропа халқының едәуір бөлігі қара және түсті металл кендерін өндіру және өңдеумен, Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өңдеумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Сқания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концерндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір-түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жаксы сақталған.



2.Батыс Еуропа елдері. Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейца­рия, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бір-неше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бүғазы аркылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден-ак шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50-100 м-ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары.

Жазықтар оңтүстік мен шығысқа қарай биіктеп, қыраттар мен үстірттерге, аласа тауларға, одан әрі Еуропаның ең биік тау жүйесі -Альпіге ұласады. Таулы жер бедері Британ аралдарының солтүстігіне де тән. Ойпаттар мен теңіз түбіндегі шөгінді жыныстарда мұнай мен табиғи газдың кен орындары бар. Сонымен қатар бұл елдердің қойнауы тас көмір, темір, түсті металл, калий тұзы кендеріне бай болып келеді.

Батыс Еуропа - дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық қүрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы. Аймактың табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруда ғылым мен техниқаның ең соңғы жаңалықтары қолданылады. Сондықтан бұл саланың да даму дәрежесі өте жоғары деңгейде.

Батыс Еуропа елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Еуропа елдері неше аймаққа топтастырылады?

2. Солтүстік Еуропа аймағындағы жетекші елдерді атаңдар

3. Батыс Еуропа аймағындағы жетекші елдерді атаңдар
73- сабақ

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері

Жоспар:

1. Құрамы, табиғат жағдайлары

2. Халқы мен елдері

3. Шаруашылығы



Сабақтың мақсаты: Шығыс Еуропа елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Шығыс Еуропа аймағы Еуропаның едәуір көлемірек бөлігін алып жатыр. Бұл аймақта Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Балқан түбегінің солтүстігіндегі елдер – Болгария, Югославия, Хорватия, Славения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания орналасқан. Бұрын кеңестер одағы құрамында болған Латвия, Литва, Эстония және Белорусь, Украина, Молдова елдері және Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.

Бұл елдер Балтық және Жерорта теңіздерінің аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай тұтас алып түрінде созыла орналасқан. Табиғат жағдайларына қарай Шығыс Еуропа бірнеше ауданға бөлінеді.

Аймақтың солтүстігінде жатқан Балтық бойы елдері мен Польша, Чехия, Славакия, Венгрияда табиғат жағдайлары біртектес болып келеді. Чехия, Славакияда жер бедері таулы шығысында Карпат таулары орналасқан, ал венгрия Дунай бойындағы ойпаттыалып жатыр. Балтық бойындағы Мореналық жазықтардың биіктігі 50-200м-ден аспайды. Бұл ауданның климаты қоңыржай континетті. Жауын-шашын салыстырмалы түрде аз түседі, бірақ булану мөлшері аз болатын Балтық бойы елдері мен Польшаның солтүстігінде кең көлемде батпақты өңірлер тараған. Қыста қар жамылғысы екі-үш ай жатады. Жауын-шашын неғұрлым молырақ түсетін таулардан Эльба, Одер, висла және т.б. көптеген өзендер басталады. Венгрия жазықтарындағы пушта деп аталатын құнарлы қара топырақты өңір түгеоге жуық жыртыдған. Мұнда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, суармалы егіншілік пен бау-бақша шаруашылығы дамыған. Орманды алқабы біршама сиреп, табиғи өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталған. Польшаның солтүстік-шығысында әйгілі Беловеж нуы орналасқан. Мұнда зубр мен басқа да орман жануарлары қорғауға алынған.

2.Бұл елдерде халық жиі қоныстанған. Польша, Чехия мен Славакияда славян халықтары тұрады. Ал Венгрияның халқын осыдан мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударған мадиярлар құрайды. Балтық бойы елдерінде латынша, литвалықтар, эстондар тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі қалаларда тұрады. Бірнеше жүз жылдық тарихы бар ірі қалалардың қайталанбас өзіндік келбеті бар, мұнда дүние жүзіне әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштер сақталып қалған. Аталған елдердің жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Әсіресе көмір (Польша, Чехия), боксит (Венгрия) өндіретін салалар өркендеген. Сондай-ақ бұл елдердің кәсіп орындарында әр түрлі машиналар жасалынып, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдері өндіріледі. Егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізінен қара бидай, картоп, зығыр, қант қызылшасы өсіріледі. Ал климаты жұмсақ Венгрия жерін бау-бақша мен жүзімдіктер алып жатыр.

Шығыс Еуропаның оңтүстігін Балқан түбегіндегі елдер алып жатыр. Бұл ауданның Жерорта теңізі маңында орналасуы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі табиғат кешендері таралған.

Жерорта теңізінің күшті тілімденген жағалауы бойымен тау жоталары созылып жатыр. Балқан түбегіндегі таулардың кейбірі әктастардан құралған. Ал Румыния жеріндегі доға тәрізді иіліп, Карпат тауы орналасқан. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіне енетін бұл тауларда тау жаслу қозғалыстары әлі аяқталмаған, сондықтан жер сілкінулер жиі болып тұрады. Дунай өзені бойын ойпаттар мен төбелі жазықтар алып жатыр.

3.Бұл елдердің климаты айрықша алуан түрлі болып келеді. Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік Жерорта теңіздік климат тән. мұнда жаз ыстық, құрғақ, ал ұзаққа созылмайтын қыс ылғалды, жылы болады. Қалың қар жамылғысы тек тау бастарында ғана жатады. Жерорта теңізінен таулар арқылы оқшауланған ішкі бөліктерді климатты қоңыржай континенттік сипат алады. Жауын-шашын біртіндеп кеміп, оның жылдық мөлшері Дунай бойындағы жазықтарда 300 мм шамасында ғана болады. Сол себепті Дунай мен оның салалары егістіктер мен жүзімдіктерді және бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Жерорта теңізі жағалауында табиғи өсімдіктер мүлдем дерлік жойылып, олардың орнын цитрустар мен зәйтүн ағаштар, жүзімдіктер басқан. Биік тауларда емен араласқан шамшат ормандары сақталған. Бұл ағаш түрлдерінен үй жиһаздарын жасайды. Әсіресе Югославия, Румыния елдерінде шығарылған үй жиһаздары жоғары бағаланады. Таулардың неғұрлым биік бөліктерінде қылқан жапырақты ағаштар, одан жоғары Альпі шалғындары таралған. Карпат тауындағы биік тау шалғындары «полонина» деп аталады. Шүйгін шөпті бұл шалғындар жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады.

Бұл аймақтағы халықтың ұлттық және діни құрамы өте күрделі. Бұл кезде жекелеген ұлттар арасындағы қырғи қабақ соғыстарға себепші болғанымен, соңғы кезде саяси жағдай тұрақтанып келеді. Халықтың басым көпшілігі селолық елді мекендерде тұрады.

Жер қойнауында мұнай мен табиғи газ, қоңыр көмір, темір, хромит, никель, мыс пен алюминидің ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде ауыл шаруашылығымен кен өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтар жасалынады. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған: бидай, жүгері, жеміс ағаштар мен көкөністер, жүзім, оңтүстікке таман күріш, мақта өсіріледі. Бау-бақшалардан жиналған өнімдер бірден өңделіп, олардан жасалған әр түрлі тағамдар жан-жаққа жөнелтіледі.

Әсем табиғаты, минералды бұлақтары мен қолайлы климаты бар, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай бұл елдерде емдеушілер мен туристерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан туризіммен курорт ісі шаруашылықтың маңызды салалары болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына енетін Шығыс Еуропа елдері Орал тауына дейін созылып жатыр. Оған Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі, Украина, Белорусь, Молдава кіреді.

Бұл топтағы елдердің табиғат жағдайлары алуан түрлі. Жер бедерін Шығыс Еуропа ежелгі платформасына сәйкес келетін ұлан байтақ жазықтар құрайды. Еуропаның басқа бөліктеріне қарағанда Атлант мұхитынан алшақтау орналасқандықтан, климатын қалыптастыруда Солтүстік Мұзды мұхиттың ықпалы зор. Жауын-шашын неғұрлым мол түсетін батыс бөліктен Еділ, Днепр. Солтүстік Двина, Батыс Двина, Дон сияқты ірі өзендер бастау алады. Оңтүстік шығысқа қарай ылғал мөлшері азайып, жазда аңызақ желдер мен қуаңшылық жиі байқалады. Жер бедерінің жазық болуымен климаттық жағдайларға сәйкес, табиғат зоналарының ендік сипаты айқын көрінеді. Мұнда солтүстегі тундрадан оңтүстік шығыстағы шөлейт, шөл зоналарына дейін ауысады. Бұл Еуропадағы орманды алқап болып саналады. Жерінің жартысынан көп бөлігі тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандармен жабылған. Олардағы жануарлар дүниесі де Еуропаның басқа бөлігімен салыстырғанда біршама жақсы сақталған. Бірнеше қорықтар жүйесі бар. Аймақтың жер қойнауы темір, таскөмірмен, қоңыр көмір, апатит, тас тұзы мен калий тұз, ас тұзы, мұнай мен газдың ірі кен орындары бай.

Шығыс Еуропа аймағына кіретін елдер даму дәрежесі жағына Еуропаның жоғары дамыған елдеріне әлдеқайда төмен болуына қарамастан, дүние жүзілік шараушылқта алатын өзіндік орны бар. Украина мен Ресей жерінде ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. Бұл аймақ арқылы дүние жүзіндегі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен ең астықты аудан болып есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Шығыс Еуропаға кіретін елдерді атап, картадан көрсетіңдер

2.Балтық бойы елдері мен Жерорта теңіз маңында орналасқан елдердің шаруашылық әрекетіне табиғат жағдайларының қандай әсері бар?

3.Шығым Еуропа шегіндегі ТМД елдерінің табиғат байлықтарын атаңдар.


74- сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік – Батыс Азия елдері

Жоспар:

1. Физикалық- географиялық орны

2. Құрамы, табиғат жағдайлары

3. Халқы мен елдері

4. Шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік – Батыс Азия елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн.км2, халқының саны 3,5 млрд-тан асады.

Азияның адамзат дамуының тарихында айрықша орны бар. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы. Мұнда гүлденген Вавилон, Византия, Қытай, Үндістан, араб халифаты мен Осман империясы тәрізді өркениеті де дамудың жоғары дәрежесіне көтерілген. Олардың тарихи-мәдени мұралдары әлі де толық зерттеуді қажет етеді. Азияда дүние жүзіндегі ең ірі және ең ұсақ мемлекеттер қатар орналасқан.

Азияның алуан түрлі табиғат жағдайлары шаруашылықтың көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді. Осы заманға аса күшті дамыған өркениетті елдері мен сәулетті қалалары, мәдениет орталықтары бұл дүние бөлігінің қайталанбас келбетін қалыптастырады. Табиғаты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-шығыс Азия.

2.Оңтүстік-Батыс Азия – Еуропа, Азия, Африка дүниеге бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамында Туркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік-Батыс Азияға жатады.

Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипаталады. Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым. Таулардың ең биігі – Гиндукуш таулары, оның шыңдарының биіктігі Гималай тауынан шамалы ғана аласа болып келеді. Таулы қыраттардың ішіндегі ең биігі – Армян таулы қыраты, Жер қыртысындағы күшті жарылулар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әркет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан.

Таулы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгінділерге толған. Альпі-Гмиалай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақтар тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. 1999 жылы Туркияда дүркін-дүркін қайталанып, күші 7 балға жеткен жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанады.

Африка-Арабия платформасының бөлігі болып табылатын Арабия түбегінің Қызыл теңіз жағалауын таулар алып жатыр. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарық өтеді. Осы жарықтың бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі - Өлі теңіз (-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиетеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.

4.Оңтүстік-Батыс Азия тас көмір мен түсті металдарға бай. Сонымен қатар вольфрам, хромит, полиметалдардың кен орындары бар, көлдерден ас тұзы өндіріледі. Аймақтың басты байлығы – мұнай мен газ. Парсы шығанағының қайраңы мен Месопотамия ойпатында мұнай мен табиғи газдың дүние жүзіндегі ең мол қоры шоғырланған. Мұнай – газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынанда өндіріледі.

Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты аймақ бірнеше климаттық белдеуді алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауына суптропиктік жерортатеңіздік, Кавказға және құрғақ субтропиктік, ал Кіші Азия түбегінің ішкі аудандары мен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік шөл климаты ықпалында. Аймақтың климатына тән басты белгі – жазды теиператураның жоғары және аса құрғақ болуы. Климаттың континенттілігі шығысқа және оңтүстікке қарай артады: атақты Руб-әл-Хали шөлінде 3-4 жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Қара теңіз бен Жерорта теңізі жағалауларында ғана жауын-шашын мол түседі. Сондықтан Кавказда түр құрамы ерекше бай субтропиктік ылғалды ормандар тараған.

Оңтүстік-Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта дүние жүзіндегі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары пайда болған. Оңтүстік-Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Арабия түбегі мен Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде түріктер мен курдтер, Иран таулды қыратында парсылар мен ауғандар, тәжіктер, Арабия түбегінің Жерорта теңізі жағалауында еврейлер қоныстанған. Кавказда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзербейжандар, грузиндер мен армяндар басым. Аймақ бойынша халықтың тығыздығы әр түрлі. Климаты жайлы жазықтар мен теңіз жағалауларында халық тығыз қоныстанған. Сусыз шөлейттер мен шөлдерде тұрғылықты халық жоқ. Көшпенді арабтар (бәдәуилер) қой отарлары мен түйелердің соңында жайылымнан-жайылымға, суаттан-суатқа жылжып, көшіп отырады. Ежелден егіншілік аудандары болып табылатындықтан жазықтар мен жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда (оазис) халық тұрақты мекендейді. Оларда суармалы жерде астық дақылдары құрма пальмасы мен жеміс ағаштары өсіріледі. Аймақта шағын қалалар басым, табиғи келбетін өзгеріссіз сақтап қалған ежелгі қалаларда көп. Дамаск (Шам), Иерусалим, Бағдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбул қалаларында сәулет өнерінің ежелгі және жаңа үлгілері таңғажайып үйлесімін тапқан. Сонымен қатар бұл ежелгі қалалар ғылымның дамуына да үлкен үлес қосқан. Әсіресе жалпы географиялық, астрономилық, математикалық түсінікті кеңейтті.

Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары. Қазіргі заманғы сәулетті қалаларда адам өмірі мен тұрмысына қажетті барлық жағдайлар жасаланған. Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ірі поттар саны өсуде. Аймақтағы Израиль, Туркия тәрізді елдердің шаруашылығы әсіресе соңғы жылдары қарқынды дамып, дүние жүзілік деңгейге көтерліді.

Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен қалалардың көне тарихы мен жаңа келбеті, теңіз жағалауындағы емдеу және демалыс орындары дүниенің түкпір – түкпіріндегі жылына миллиондаған туристерді өзіне тартады. Ал осындағы қаситті діни орталықтарға тәу етуге арнайы келетін адамдар саны да жылдан-жзылға арта түсуде. Аймақтың кейбір бөліктерінде саяси жағдай өте шиеленіскен. Израиль мен Палестина арасындағы, Кавказ елдеріндегі Ауғаныстандағы түріктер мен курдтер арасындағы шешімін таппаған даулы мәселелер қақтығыстарға әкеліп соқтыруда.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет