Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет11/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Бақылау сұрақтары:

1.Оңтүстік – Батыс Азия елдері құрамына қандай мемлекеттер кіреді?

2.Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән?

3.Оңтүстік – Батыс Азияның әлемдік өркениеттің дамуындағы орны қандай?

4.Оңтүстік – Батыс Азия елдеріне қандай туристер көптеп келеді, не себепті?
75 -сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері

Жоспар:

1. Құрамы, табиғат жағдайлары

2. Халқы мен елдері

3. Шаруашылығы



Сабақтың мақсаты: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігінен Гималай таулары мен Үнді Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның құрамына Пакистан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел – Үндістан, ал ең кішкентай елдер Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.

Оңтүстік Азияның жер бедері өте күрделі. Мұнда асқақтаған Гималай таулары мен ойпаттық жазықтар, үстірттер мен аласа таулар көршілес орналасқан. Гималай тауларынң етегіндегі Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп, Декан таулы үстіртіне ұласады. Тауды үстірттің батыс мен шығысындағы көтеріңкі бөлігі батыс және шығыс Гат тауларына ұласады. Гат таулары Үнді мұхиты жағалауларында тік жартасты болып келеді.

Гималай тауларының атауы непал тілінен аударғанда «қар мекені» дегенді білдіреді. Мұндағы көптеген тау шыңдары 8000 м-ден асады.ең биік нүктесі – Джомолунгманың атауы «таудың ана құдай» деген мағына береді. Ғаламшардың ең биік нүктесі болып табылатын бұл шыңға адам баласы тұңғыш рет тек 1953 жылы көтерілген. Қ.Уәлиев бастаған Қазақстан альпенистері де бұл шыңға 1982 жылы «бағындырған».

Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегніде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, грфит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ аз кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.

Климатын қалыптастыруда аймақтьың оңтүстіктегі орны мен Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа райы сәуір мен мамыр аралығында , жазғы муссондың алдында орнайды. Ауа температурасы +500С-қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Маусым мен қыркүйек айларында байқалатын Оңтүстік Батыс муссондар найзағайлы нөсер жаңбырды әкеледі. Әсіресе Гималайдың Оңтүстік Шығысында жауын-шашын өте мол түсьеді. Ал Үнді өзенінің төменгі ағысын алып жатқан тар шөлінің ең құрғақ ыстық аудандар қатарына жатады. Аймақ арқылы Азияның Гималайдан басталатын Ганг, Брахмапутра, Үнді сиқты ірі өзендері ағып өтеді. Ганг өзенін үнді халқы өте қасиетті деп есептеп, пір тұтады.

2.Оңтүстік Азияда халық саны көп және тығыз орналасақан. Үндістанның өзінде ғана Африка мен Оңтүстік Аменика халқын қосқандағыдай халық тұрады. Аймақтағы халықтың ұлттық және тілдік құрамы да өте күрделі. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинда де кеңінен тараған. Оңтүстік Азияғы Гималай тауларының баурайы әлемдік дін юолып есептелетін буддизмның пайдаа болған жері.

Бұл аймақтағы елдерідің халқы ежелден-ақ егін шаруашылығымен айналысып келеді. Осында өсірілетін шай, мақта, джут, күріш, қант қамысы, бидай өнімдерін дүние жүзінің көптеген елдері сатып алады. Шри-Ланка аралында өсірілетін цейлон шайы мен үнді шайы дүние жүзіне әйгілі. Үнділер сиыр малын қасиетті деп есептейтіндіктен, күш – көлік ретінде ғана пайдаланылады. Халықтың біраз бөлігі теңіз кәсіпшілігмен де айналысады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерде халықтың күн көріс көзі болып табылады.

Оңтүстік Азия елдері ұзақ уақыт Ұлыбританияның отары болғандықтан табиғат байлықтары аяусыз тоналып, халқы езгіге ұшыраған. Елдердің шаруашылығы мен тұрмыс жағдай өте төмен дәрежеде қалып қойған. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бұл елдер дамудың жаңа жолына бағыт алды. Үндістанда сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттары көп. Олардың әйгілісі – Агра қаласындағы Тәж-Махал сарайы.

Оңтүстік-Шығыс Азияның құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малая архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малазия, Бруней және Малакка түбегіндегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала-мемлекет Сингапурда кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жеке аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық әсіресе ежелден игерілген Ява аралында тығыз қоныстанған. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустралия аралындағы құрлықтық «көпір» болып табылады. Ол ірі теңіз жолдарының тоғысқан аймағында орналасқан. Аймақтағы елдердің түбектер мен экватордың екі жағындағы аралдарда орналасуы халқының шаруашылығ мен тұрмыс тіршілігне өзіндік сипат береді.

Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдарындағы өзендер қысқа, мол суы болып келеді. Ал Үндіқытай түбегіндегі мол сулы өзен жүйелері өтеді. Оңтүстік-Шығыс Азияның жартысынан астамын алып жатқан ылғалды экваторлық ормандарда негізінен ағаштар мен пальманың бағалы түрлері лианалар мен орхидеялар өседі. Аралдарда орманның түр құрамы күрделен түседі, тек ағаштардың 2000-нан астам түрі бар.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамддар, лао, тай, бирмалықтар, малайялықтар жатады. Халық әсіресе өзен аңғарлары мен атырауларында тығыз қоныстанған, тіпті таулардың беткейлерінде тегістеп, террсаларға айналдырған. Оңтүстік Азиядағы сияқты мұнда да өсімдік шаруашылығы жетекші орын алады. Ең көп өсірілетін дақыл – күріш, сонымен қатар, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго және кокос пальмалары, гевея, темегі, шай, кофе, қант қамысы, қош иісті тағамдық шөптер, көкөністер жыл бойы өсірілп, бірнеш рет өнім алынады. Аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін көптеген шағын кәсіп орындар: диірмендер, тоқыма фабрикалары, қант және консерві жасау зауыттары бар. Елдердің шаруашылық құрамында балық және теңіз өнімдерін аулаудың, бағалы ағаш сүрегін дайындауда, маңызы зор. Осындағы дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі – Сингапур. өнеркәсібі күшті дамыған Сингапур елі «Азия айдаһарларының» тобына енеді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи ортасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз жақсы сақталған аймақтар қатарына жатады. Әсіресе Сингапур экологиялық жағынан ең таза қала болып есептелінеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің географиялық орнын салыстырып, табиғат жағдайларындағы басты белгілерді атаңдар.

2.Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері қандай пайдалы қазбаларға бай?

3.Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия аймағында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін атаңдар.


76 -сабақ

Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдері

Жоспар:

1. Құрамы, табиғат жағдайлары

2. Халқы мен елдері

3. Шаруашылығы



Сабақтың мақсаты: Орталық және Шығыс Азия елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Орталық және Шығыс Азияның құрамында Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония, Корей Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алып құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады. Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан біздің Отанымыз Қазақстан жерімен келесі сыныптардан толық танысатын болсыңдар.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігі мен Монғолия орналасқан. Атына лайық, Орталық Азия материктің нақ ортасында жан-жағынан ірі-ірі тау жоталарымен бөлінген орасан зор үстірттер мен таулы қыраттардан тұрады. Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлікті Биік Азия деп те атайды. оны Жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы қытай тілінде «Аспан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такла-Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді. Климаттың шұғыл континетті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттер беті қалың қиыршық тастармен жабылған құлазыған шөлдер алып жатыр. Орталық Азияны зерттеуде қазақ халқының ғұлама ғалымы Шоқан Уалихановтың қосқан үлесі орасан зор. Осы аймақтағы Қашғар жерінің табиғаты, тұрмыс-тіршілігі туралы ғалымның жинақтаған мәліметтері құндылығын әлі де жойған жоқ.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерде тау түзілу әлі де жүріп жатыр. Жапон аралдарына 150-ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м.). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді. Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғаттың өзіндік басты белгілері бар. Сондықтан Орталық және Шығыс Азия Шығыс Азияны біртұтас қамтып жатқан, мыңдаған жылдық тарихы бар іргелес ежелгі – Қытай Халық Республикасы мысалында бұл аймақпен толығырақ танысамыз.

2.Халқының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын Қытай Халық Республикасы алып ел болып саналады. Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млрд. 250 млн-нан асып отыр. Шаруашылығының даму қарқыны жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Жерінің ауданы жөнінен Ресей және Каанададан кейінгі үшінші орынды алады.

Қытайдың шығысында Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Одан батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп , Биік азия тауларына ұласады. Кунь – Лунь мен Тянь-Шань Орталық Азия таулары аралығында атақты Такла – Макан (Қашағар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пайдалы қазбалардың қоры мен құрамы жөнінен дүние жүзінде шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қытай жері Батыс және Шығыс Қытай деп бөлінеді. Қытай жерінің 2/3-ін алып жатқан Батыс Қытай Орталық Азияда орналасқан. Батыс Қытайдың климатына шұғыл континенттік сипат тән, яғни қысы өте суық, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-нен кем болады. Сондықтан жерінің көпшілігін шөлдер мен шөлейтер алып жатыр. Батыс Қытайдың биік таулы бөлігінде Тибеттіктер тұрады. Тибеттің өте қатал биік таулы климаты жағдайына бейімделу барысында жергілікті халықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлі мәдениеті бар. Тибеттіктедің тылсым құпияға толы халықтың медицинасының, сәулет өнерінің, тілі мен діни нанымдарының, шаруашылық-мәдени дәстүрлерінің жүйесі Тибет мәдениеті деген атпен белгілі. Мұнда суықтан қорғайтын ұзын, қалың жүні бар, сүті өте қою болатын қодастар үй малы ретінде қойға үйретілген. Тибеттіктер 4000 м-ден биік жерлердің өзінде бидай, қара бидай, арпа өсіреді. Тибеттің астанасы Лхаса қаласы ламаизм дінінің орталығы болып есептеледі. Батыс Қытайдың әкімшілік жағынан Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына енетін шөл-шөлейтті бөлігінде Қытайлар, ұйғырлар, қазақтар, дүнгендер т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олар егіншілк пен және көшпелі мал шаруашылығмен айналысады.

3.Шығыс Қытай жері Сары теңізден Оңтүстік Қытай теңізіне дейін созылып орналасқандықтан, қысқы температуарсы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Ылғалы жеткілікті муссонды клмат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік беріледі. Шығыс Қытайда құнарлы жердің әр сүйемі неғұрлым тиімді пайдалануға тапсырылады. Бұл халық саны көп елде азық-түлік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бидай, жүгері өсірілетін «сары Қытай», күріш, шай плантацияларын алып жатқан «жасыл Қытай» белдеулері де осы шығыста орналасқан. Қытай – шайдың отаны. Дүние жүзінде өсірілетін көк шайдың басым көпшілігі осы елдің үлесіне тиеді. Елдегі негізгі өсірілетін дақыл – күріш, Қытайда оның 10 мыңнан аса сорты егіледі. Қытайлар күріш егістіктеріндегі суды да пайдаланып, балық өсіреді.

Шығыс Қытай – елдің батыс өнеркәсібі кәсіпті ауданы. Мұндай ел халқының 90%-ы шоғырланған. Олардың басым көпшілігі Қытайлар. Қытайдың халық саны миллионнан асатын қалаларының көпшілігі осында орналсқан. Мұнда Шығыс Қытай кәсіпорындарында өнеркәсіптің байырғы салалары мен қатар, қазіргі заманғы күрделі электорндық техника жасау күшті қарқынмен дамуда. Кейбір өнімдердің саны мен сапасы жағынан Қытай дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдерді басып озады.

Қытай – ежелгі мәдениет пен өркениет елі, мұнда әлемге әйгілі ұзындығы 4 мың км-ге жуық Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғимарат ханалары, императордың салтанатты сарайлары орналасқан. Сонымен қатар Қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: Қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, Қытай жібегі мен қолөнер туындылары дүние жүзіне әйгілі. Халықтар мен мемлекеттердің арасын қосып, Еуропа мен Азия аралығындағы көпір қызметін атқарған Ұлы Жібек жолы Қытай жерінен басталған. Бұл жолмен жүздеген жылдар бойы қытай жібегі мен еуропалықарға таңсық басқа да тауарларды тиген керуендер Еуропаға қарай тоқтаусыз ағылған.

Бақылау сұрақтары:

1.Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар.

2. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін анықтаңдар. Пайдалы қазбалардың Қытай шаруашылығын дамытудағы маңызын атаңдар.

3. Тынық мұхит жағалауы елдерінің табиғаты мен шаруашылығына мұхиттың қандай әсері бар? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.


Америка_№_77_-сабақ__Тақырыбы:_Солтүстік_Америка__Жоспар'>Солтүстік Америка

77 -сабақ



Тақырыбы: Солтүстік Америка

Жоспар:

Географиялық орны

Табиғатының басты ерекшеліктері

Материктің ашылу және зерттелу тарихы



Сабақтың мақсаты: Орталық және Шығыс Азия елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасқан. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн км2

Солтүстік Америка материгі солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін кұрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. XX ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысындағы Тынық мұхитты жалғастыратын Панама каналы салынған.

Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жаткан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитпен жалғастырады.

Солтүстік Америка жағалаулары солтүстік пен шығыста күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзінде солтүстіктегі аралдар мен түбектердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.

Жер көлемі (аралдармен қоса) – 24247000 км2.

Аралдардың жер көлемі – 3890000 км2. Шеткі нүктелері: солтүстікте – Мёрчисон мүйісі (71° 50' с.е., 94° 45' б.б.), оңтүстікте – Марьято мүйісі (7° 12' с.е., 80° 52' б.б.), шығыста – Сент – Чарльз мүйісі (52° 24' с.е., 55° 40' б.б.), батыста – Принц Уэльский мүйісі (65°35'с.е., 168°00'б.б.).

Ең үлкен аралдары (км2):

Гренландия – 2176000,

Баффин жері аралдары – 476000,

Виктория – 213800,

Эльсмир – 203000,

Ньюфаундленд – 11 1000.

Ең биік нүктелері (м):

Мак – Кинли – 6193,

Логан – 6050,

Орисаба – 5700,

Әулие Илья – 5488,

Попокатепетль – 5452.

Еңұзын өзендері (км):

Миссисипи және Миссури мен Ред – Рок – 6420,

Макензи – 5472,

Әулие Лаврентий – 1200,

Рио – Гранде – 2870,

Юкон – 2897.

Ең ірі көлдері (км2):

Жоғарғы – 84200,

Гурон – 59600,

Мичиган – 58100,

Үлкен Аюлы – 30200,

Эри – 25700.

2. Табиғатының басты ерекшеліктері

• Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильер тауы, оның ұзындығы 9000 км – ге жуық, ең енді жері 1600 км – гетең.

• Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км – ге дейін жетеді.

• Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт – Мамонпи Аппалач тауының оңтүстік – шығысында орналасқан, ұзындығы 500 км.

• Дүние жүзіндегі ең үлкен Хабборт тау мұздығы Аляска жотасында орналасқан, оның ұзындығы 145 км.

• Дүниежүзілік мұхиттағы биіктігі 18 м – ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

• Дүние жүзіндегі ірі мұздық – тектоникалық көлдер белдеуі Кордильер тауының солтүстік – шығысынан Аппалач тауларының етегіне дейін созылып жатыр.

• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м – ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

• Материкгің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңгары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

• Материктегі ең ыстықжер – Өлім аңғары (+57°С), бұл солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.

• Материктегі жылдық жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кордильер тауының солтүстік – батыс жағалауы, мұнда 6000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі.

• Солтүстік Америкадағы жылдық жауын – шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ден кем.



3.Материктің ашылу және зерттелу тарихы.

1492 жылы X. Колумб бастаған испан экспедициясы материктің оңтүстік жағалауын ашқанын білесіндер. Олардан кеп бұрын, X ғасырдың аяғында, Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік – шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік – шығыс жағалауына дейін жеткен. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Нью – фаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнан Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (XVII ғасыр), Александер Макензи (XVII ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылар – дың кұрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп, игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Нортон шығанағын зерттеді.

XX ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руаль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеу мен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан АҚШ пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысуы арқылы жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Солтүстік Америка табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?

2.Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес қосқан саяхатшыларды атаңдар.

3. Табиғатының басты ерекшеліктерін атаңдар.


78-сабақ

Тақырыбы: Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Жоспар:

1.Жер бедері

2.Пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты: Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктін, жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесіңде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде, бұл белікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзои шыганағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан, мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренлаңдия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы белігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігін Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Материктің 40° с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, «қой маңдай» тастар, мұздықтар қазған қазаншұңқырлар көп кездеседі.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық тектоникалық көлдер жүйесі бір – бірімен қысқа өзендер жүйесі арқылы жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстармен (мореналар) жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы Аппалач таулары жатады.

Солтүстіктегі таулар мұздықтардын, әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарлары ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас тау беткейлері көлбеу, шындары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.

Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір – бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. Сьерра испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да, Сьерра – Невада, Сьерра – Мадре жоталарындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз – шексіз алыптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тауаралық ойыстар мен каньондар, асқар шындар алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон үстірті орналасқан.

Мұнда 3000 – нан астам гейзер мен ыстық бұлақ бар.

Кордильераның биік бөлігі Мак – Кинли (6193 м) оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауларына тіреледі.

Кордильера екі литосфералық тақтаның түйіскен жерінде түзілген тау жүйесі болғандықтан, жер қыртысында көптеген терең жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп, көп қайғы – қасірет әкеледі. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде 4 мың адам қаза тауып, 13 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.




1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет