Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл


Солтүстік Америка пайдалы қазбалар



жүктеу 3.37 Mb.
бет12/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

2.Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтң шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерлерінде темір мен тас көмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінін, қойнауы шөгінді жолмен калыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. XIX ға – сырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгіңді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мывдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын безегі» деп аталды.

Бақылау сұрақтары:

1.Солтүстік Америкадағы ірі таулар мен жазықтарды атаңдар, картадағы биіктік шкала бойынша олардың биіктіктерін анықтаңдар.

2.Материктегі ірі тау жүйелерінің орналасу бағыттарын Еуразия тауларымен салыстырыңдар.

3.Материк қандай пайдалы қазбаларға бай?


79 - сабақ

Тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің климаты

Жоспары:

1. Солтүстік Америка материгінің Еуразиядан басты айырмашылығы

2. Материктегі радиациялық режим

3. Ураган, Торнадо құбылыстары



Сабақтың мақсаты: Солтүстік Америка материгінің климатын қарастыру

Теориялық мәлімет:
1.Климат белдеулері: арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық.

Әсер ететін ауа массалары: арктикалық, қоңыржай, тропиктік.

Ауа температурасы: қаңтарда – 40°С, шілдеде +36°С.

Жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кариб теңізі аралдары (2000 мм – ден жоғары), ең аз түсетін жері – Өлім аңғары (100 мм – ден кем).

Басым желдері: торнадо, ураган т.б.

1.Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; солтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

2.Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстіктегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

3.Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігідегі жазықтардағы өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км – ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкелді : жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Отарлық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды да уылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың ағы мен күздің басында соғатын өте күшті, апатты дауылдар – долы (ураган)жиі болып тұрады. «ураган» майя тілінде «дауыл құдайы»дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа темперетурасы + 200 с болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерде + 80С – қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +300С-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстік-батысқа және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс Тынық мұхит жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады.

Материктегі климаттық көрсеткіштердің белдеу бойынша таралуын төмендегі тапсырмалар бойынша өз беттеріңмен оқып үйренесіңдер.



Бақылау сұрақтары:

1.Климаттың қалыптасуы қандай факторларға байланысты екенін еске түсіріңдер.

2.Жер бетінде ауа температурасының өзгеруіне не себеп болады?

3.Таулар мен жазықтардағы климаттық жағдайлардың қандай айырмашылықтары бар?

80 - сабақ

Тақырыбы: Солтүстік Америка ішкі сулары

Жоспары:

1.Өзен жүйелері

2.Көлдері

Сабақтың мақсаты: Солтүстік Америка материгінің ішкі суларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Солтүстік Америка өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Атлант мұхиты алабының басты өзені Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде «су атасы» дегенді білдіреді. Миссисипи жауын – шашын әр түрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде қайталанады. Мұндай

жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендерді су басып кетеді.

Миссури атауы үндіс тілінде «тұнбалы өзен» дегенді білдіреді, негізінде ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі.

Жазықтарда ағысы баяуланған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м – ге шығанақка қарай кеңейіп отырады.

Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр станцияларында энергия алу үшін пайдаланылады. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.



Солтустік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердін, ең ірісі Макензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді.

Үндістер «үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен, негізінен, кар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи кектемнің аяғында жоғарғы ағысында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында, өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады. Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер жатады.

Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорада Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды, орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.

2.Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен Алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршактары қалыңдайды. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарықтарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.



Бақылау сұрақтары:

Материкте қандай өзендер бар, олар қайда құяды?

Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр?

Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдерді атаңдар

Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан, себебін түсіндіріңдер.

81-сабақ



Тақырыбы: Солтүстік Америка табиағат зоналары

Жоспары:

1.Арктикалық шөл зонасы

2.Тундра зонасы

3. Тайга зонасы



Сабақтың мақсаты: Солтүстік Америка табиғат зоналарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Солтүстік Америкада табиғат зоналары орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігіндегі Еуразияга көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.



Арктикалық шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелағының мұздан бос жерлерін алып жатыр. Қысқа әрі суық жаз мезгілінде мұз бен қардан бос батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Бұл зонада мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді. Қалың әрі ұзын, қара қоңыр жүні бұл жануарды суықтан жақсы қорғайды. Қойөгіз ерекше қорғауға алынып, Дуниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.

2.Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтустігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен ұқсас. Солтүстік Американың тундра зонасына солтүстік бұғыларының айрықша түрі карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға ұласады.

3.Тайга зонасы Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы күлгін Қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақшырша, көгілдір шырша, бальзамды майқарағай, америка балқарағайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю (барибал), гризли аюы, Канада сілеусіні, Америка қаракүзені, бұлан, вапити бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизны сақталған.

Тайга зонасының жіңішке жолағы Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауында да кездеседі. Бұл ормандардың түрлік құрамы өте бай, құрамында мұз басуға дейінгі кезеңнен бері сақталған ағаш түрлері бар. Негізінен, биік ағаштардан тұратын мұндай ну орман жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте ормандар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқан жапырақты ормандар 40° с.е. – тен оңүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға ұласады. Мұнда жасы 4 мың жылға дейін жеткен мәңгі жасыл секвойя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвойя және қантты қарағат, мәңгі жасыл емендер өседі. Секвойя ағаштарын қорғау мақсатында арнайы ұлттық парктер ұйымдастырылған.



Аралас жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандар материктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жагалауына дейін таралған. Аралас ормандарға орманның сұр топырағы, жалпақ жапырақты ормандарға орманның қоңыр топырағы, ал ауыспалы ылғалды ормандарға сары және қызыл топырақтар тән болады. Аралас ормандарда сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай басым өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылғалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштармен (шамшат, емен, магнолия, орман жаңғағы) аралас өседі. Құрғақ жерлерде қарагай мен ергежейлі сабаль пальмасы, өзен бойларындағы батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Флорида түбегінің оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған Эверглшдс батпағы орналасқан.

Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды прерий деп атайды. Прерий француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан, қара және күрең топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, бозшалғын, бидайық, бизон шөбі және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі. Топырағы құнарлы болғандықтан, бұл зона түгелге жуық жыртылып, егістіктерге айналған. Сондықтан зонаның бизон, дала қасқыры (койот), түлкі сияқты жануарлары тек қорықтарда ғана сақталған.

Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер суккуленттер көп таралған. Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» дегенді білдіреді. Мексика таулы щлраты суккуленттердің екінші отаны болып табылады. Олар бұл аймаққа Панама мойнағы арқылы Бразилиядан ауысқан.

Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында қызыл топырақты саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар таралған. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы жөнінен Оңтүстік

Америкаға ұқсас. Ормандар, негізінен, пальмалардан тұрады, орхидеялар, агаш тәрізді папоротниктер кең таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы маймылдары мен ягуарлардан, сауыттылардан, әр түрлі әдемі құстардан, қан сорғыш жарқанаттардан, бауырымен жорғалаушылардан тұрады

Бақылау сұрақтары:

1.Материкте қандай табиғат зоналары бар?

2.Ендік бағытта орналақан зоналарды атаңдар.

3.Прерий дегеніміз не, оның Еуразияның дала зонасынан қандай айырмашылығы бар?


82 –сабақ

Тақырыбы:Америка Құрама Штаттары

Жоспар:

1.Мемлекеттік құрылысы

2.Табиғат жағдайы

3.Халқы


4.Өнеркәсібі

Сабақтың мақсаты:Америка Құрама Штатын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Мемлекеттік құрылысы. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) – 50 штаттан тұратын федерациялы республика.

Территориясы көлемі жағынан дүние жүзінің елдері ішінде 4 – орын алады. АҚШ құрамына 3 бөлік кіреді:

1) Негізгі территориясы (АҚШ – тың өзі) шығыстан батысқа қарай 4,7 мың км – ге, солтүстік пен оңтүстікке қарай 3 мың км – ге созылып жатқан үлкен төртбұрыш секілді;

2) Аляска;

3) Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.

Елде 4 ірі ауданды бөліп көрсетеді: Солтүстік – Шығыс, Орта Батыс, Оңтүстік, Батыс.



2.Табиғат жағдайы: ауданы 9529063 км2. Климаттық белдеулердің әр түрлілігі (жерортатеңіздік, қоңыржай, субтропиктік, полярлық) ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстары бүл елде өте мол (көмір, темір, мұнай, газ, мыс, боксит, қорғасын, күміс). Халықтың басым бөлігі орман шаруашылығымен айналысады.

3.Халқы 263 млн адам, халықтың тығыздығы 1 км2 – ге 2 – 400 адамға дейін (өзгеріп тұрады). Халықтың ұдайы есуінің 1 – типі.

Урбандалу деңгейі өте жоғары (76%), елдің көпшілігі ірі агломерацияларда тұрады. Мегаполистері: «Босваш» (Бостон – Вашингтон), «Чипист» (Чикаго – Питтсбург), «Сан – Сан» (Сан – Франциско, Сан – Диего). Иммиграция АҚШ халқы санына зор ықпал етеді.



Діні: протестанттар 40%, католиктер 21%.

4.Өнеркәсібі: дүниежүзілік экономикада АҚШ жетекші орын алады. Әсіресе өндірістік емес салада өзінің артықшылығын сақтап отыр.

Өнеркәсіптің жақсы дамыған жетекші салалары: машина жасау, қара металлургия. Отын өнеркәсіп кешені жақсы дамыған: мұнай (Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния), көмір (Аппалач бассейні). ЖЭС, СЭС, АЭС – тар жақсы дамыған. Қара металлургия импорттық шикізатпен жұмыс істейді (Балтимор, Лос – Анджелес). Батыс штаттарда түсті металлургия базасы басты орын алады. Химия өнеркәсібі Мексика шығанағындағы мұнай, газ алабы шегінде қалыптасқан. Жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, қаржы, банк, сақтандыру салалары мен туризм өте жақсы дамыған. Еңбекке жарамды халықтың 1/3 бөлігі қызмет көрсету сферасында жұмыс істейді.



Ауыл шаруашылығы. АҚШ – та белдеулер деп аталатын тұтас аудандардың айтарлықтай бір жақты мамандануы үшін нақты шарттар жасауда. Жүгері белдеуі (Орталық жазықтың солтүстігі), бидай белдеуі (Ұлы жазық), сүт белдеуі (солтүстік – шығыс), жайылымдық мал шаруашылық белдеуі (таулы штаттар) жақсы дамыған. Бау – бақша, жемістер мен көкөністер, жүзім өсірілуде. Калифорния да маманданған аудан болып отыр.

Көлік жүйесі өте жоғары дамыған. Сыртқы саудада теңіз жолы қамтамасыз етеді. Теміржол мен автомобиль жолдары ұзындығынан дүние жүзінде алда келеді. Жолаушы тасымалдау саласында әуе көлігі жиі пайдаланылады.



Бақылау сұрақтары:

1.АҚШ тың географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар.

2. АҚШ жағалауларын қандай мұхиттар шайып жатыр?

3. АҚШ тың ауыл шаруашылығының қай түрі жақсы дамыған?


83-сабақ

Тақырыбы:Канада

Жоспар:

1. Табиғат жағдайы

2. Халқы


3. Өнеркәсібі

Сабақтың мақсаты: Канаданың табиғат жағдайы мен халқын, өнеркәсібін қарастыру

Теориялық мәлімет:

Канада – Ұлыбритания бастаған Достық шеңберіндегі федерациялық мемлекет. Құрамына 12 провинция мен территория кіреді.



1.Табиғат жағдайы: ауданы 9976 км2. Минерал ресурстарының қорлары жөнінен дүние жүзінде көрнекті орын алады (сирек кездесетін түсті және асыл металдар, темір рудасы, уран, мұнай, табиғи газ, темір рудасы және т.б. минералдар). Жер мен суға, орман мен агроклиматтық ресурстарға бай.

2.Халқы. 30 млн адам, халықтар орналасу тығыздығы төмен. Халықтың 80% – ы оңтүстікте тұрады, халықтың ұдайы өсуінің 1 – типі. Урбандалу өте жоғары (77%).

Агломерациялары: Торонто, Монреаль. Халқының этностық құрамы иммиграцияға байланысты. Басым көпшілігін ағылшын канадалықтар мен француз канадалықтар құрайды. Үндістер мен эскимостардың саны өте аз.



Діні: протестанттықтар басым.

3.Өнеркәсібі. Елдің экономикалық дамуы АҚШ – тың экономикасымен тығыз байланысты болуында. Жетекші саласы – өндіру (мұнай, көмір, темір, түсті металдар, калий тұзы). Канада өндіруші өнеркәсіптің бүкіл өнімінің 80% – ын экспортқа шығарады. Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау мен целлюлоза қағаз өнеркәсібі жетекші орын алады.

Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы. Егіншіліктің жетекші салалары – дәнді дақылдар, бидай өсіру (20% – ы дүниежүзілік экспортқа шығарылады). Бау – бақша, картоп өсіру, балықаулау дамыған.

Көліктің Канада үшін ерекше маңызы бар. Мұнда оның барлық түрі дамыған, құбыр қатынасы ерекше дамыған. Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзенінің су жүйесі үлкен рөл атқарады. Теңіз және авиация көлігі де дамыған. Канаданың оңтүстігі үш экономикалық ауданға белінеді: орталық (өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп), далалық (дәнді дақылдар өсіру мен өндіруші өнеркәсіп), тынық мұхитгық (орман және ағаш өндеу өнеркәсібі). Елдің солтүстігіңде орасан мол табиғи ресурстардың игерілуі жүргізілуде.



Бақылау сұрақтары:

1.Канаданың географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар.

2.Канаданың жер бедерінің сипаты қандай?

3.Канада жерінде қандай климаттық белдеулер мен табиғат зоналары бар?


Оңтүстік жарты шар материктері
84-сабақ

Тақырыбы:Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Жоспар:

1.Географиялық орны

2.Жер бедері

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка Аустралия және Антарктида ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған. Литосфералық тақталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия – Антарктида тақталарына ажырады. Сонымен қатар тақталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка –Арабия және Үндістан тақталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді.Нәтижесінде оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына кіреді. Сонықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерінің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін Оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Аустралия мен Антарктида нағыз оңтүстік жарты шар материктері болғанымен, олардың географиялық орнына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Дәл ортасы арқылы Оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін Аустралия материгі өте ыстық, әрі көпшілік бөлігі құрғақ болса, ал Антарктида Оңтүстік поляр шеңбері аумағында жатқандықтан ең суық материк болып есептеледі. Оған материк бетін тұтас жауып жатқан қалың мәңгі мұз жамылғысы дәлел болады.

Оңтүстік Америка мен Африканың біраз бөліктері солтүстік жарты шарда жатыр. Экватор сызығы Оңтүстік Американың тек солтүстігін, ал Африканың дәл ортасын кесіп өтеді. Сондықтан Африканың климаттық белдеулері екі реттен қайталанады. Дегенмен құрлықтың дені солтүстікте орналасуы себепті материктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі климаттық жағдайлар айырмашылық жасайды. Афиканың солтүстігінде Жер шарындағы аса ірі тропиктік шөл орналасқан. Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы айырмашылықтар Антарктиданың мәңгі қысы мен басқа материктердің мәңгі жазына дейінгі алуан түрлі табиғат жағдайларын қалыптастырады.

2. Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде жазықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Платформаларда фундаментті құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқандар мен өте қатты майысқан ойыстар алма- кезек ауысып орналасқан. Қазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстар қалың жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан.

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гондваналық плиталар мен мұхиттық литосфералық тақталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бұл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканың солтүстік – батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен Суайрық жоталары жатады. Гондвананың бөлшектенуі мен басқа литосфералық тақталардың соқтығысуы нәтижесінде оның көптеген бөліктерінде көтерілулер мен төмен түсулер жиі болып тұрды. Соқтығысуы күшті жүрген аймақиарда платформалық жер қыртысы терең жарықтармен бөлінді. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқы лықсуы нәтижесінде жанартаулық белдеулер қалыптасты. Оған біртұтас Африка- Арабия гондваналық тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Қызыл теңіз табанының ашылуы дәлел болады.Осы жарықтар бойымен Африканың шығысында сөнбеген жанартаулар жүйесі орналасқан. Оңтүстік жарты шар материктерінің жағалаулары онша көп тілімденбеген, оған дәлел қолайлы қойнаулар мен шығанақтар аз.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына байланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және аудандары түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір – бірінен оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртұтас дамығанын дәлелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.

Жеке табиғат компоненттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы толық мәліметтерді әр материк табиғатымен жеке танысу барысында аласыңдар.


: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет