Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет13/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Бақылау сұрақтары:

1.« Гондвана материгінің бөлшектенуі» сызбасы бойынша Гондвана құрамына кірген литосфералық тақталарды анықтаңдар.

2.Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңдар.
85-сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхитар

Жоспар:

1.Географиялық орны

2.Материк жағалауындағы мұхиттар

3.Ашылу және зерттелу тарихы



Теориялық мәлімет:

Жер көлемі – 18280000 км2.

Шеткі нүктелері:

солтүстікте – Гальинас мүйісі (12° 28' с.е., 72° 35' б.б.), оңтүстікте – Фроуэрд мүйісі (53° 55' о.е., 71° 18'б.б.), батыста – Париньяс мүйісі (4° 45' о.е., 81° 20' б.б.), шығыста – Кабу – Бранку мүйісі (7° 9' о.е., 34°4б'б.б.).

Ең биік нүктелері (м): Аконкагуа – 6960, Охос – дель – Саладо – 6880, Уаскаран – 6768, Ильямпу – 6485, Ильимани – 6462.

Ең биік жанартаулары (м): Тупунгато – 6800, Льюльяйльяко – 6723, Сан – Педро – 6154, Уальятири – 6060.

Ең ұзын өзендері (км):

Амазонка (Мараньон саласымен) – 6577,

Ла – Плато (Парана саласымен) – 4700,

Мадейра (Маморе саласымен) – 3320,

Токантинс – 2850,

Ориноко – 2730.

Ең ірі көлдері (км2):

Маракайбо – 13300,

Титикака – 8300,

Поопо – 3000.

Ең биік сарқырамалары (м):

Анхель – 1054 (еркін құлауы – 979 м),

Рорайма – 457,

Кайетур – 226,

Такендама – 137,

Паулу – Афонсу – 82,

Игуасу – 72.

Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:

Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен – Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының 7 млн. км2 асады;

Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;

Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;

Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау – биәктәгә 6880 м болатын Охос-дель-Саладо жанартауы орналасқан;

Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;

Материктегі аса ірі тау жүйесі – Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000 км-ден асатын Анд Солтүстік Америкаға Кордильераның жалғасы болып табылады;

Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км, ені 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы – Ла-Плата орналасқан;

Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Аконгагуаның биіктігі 6960 м, ал Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40 м) орналасқан.

1.Географиялық орны.Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние болігін құрайды.Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық америкамен қосып,Латын Америкасы деп те атайды.Материк пішіні солтүстік жарты шардың Субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсаиды.Ең енді жері 5 о.е бойына сәйкес келеді.Жағалаулары көпшілік бөлігінде тік жартысы,онша тілімденбеген болып келеді.Тек ірі жазықтар ұласып жататын жағалауларда ғана шағын шығанақтар орналасқан.Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз,тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.Аралдардың ең ірісі –Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты Жер аралы.

2.Материк жағалауындағы мұхиттар.Материктің батысын Тынық мұхит,ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр.Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қайранң өте енсіз әсіресе Тынық мұхит Жағалауларында бірден терең Шұңғымалар басталады.Олар Тынық мұхит литосфералық тақтасының майысып,Оңтүстік Америка плитасының астынан енуінен қалыптасқан.Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.

Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхиттың материк табиғатына тигізетін әсері шектеулі болады.Материкттің экватордан солтүсттіке қарай жатқан бөлігінде жағалауға бағытталған жылы ағыстар жүиесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі.Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перу суық ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады,осында атақты Атакама шөлі орналасқан.Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде желдер бағытының өзгеруінен Перу суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады.Соның нәтижесінде Эль-Ниньо жылы ағысы қалыптасады.Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып ,жағалаудың ауарайына үлкен өзгеріс әкеледі.Беткі су жылынып судағы оттегі мөлшері азаяды.Соның әсерінен планктонның өнімділігі төмендейді.Қорек азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа бөліктеріне ығысады,құс базарыда сирейді.Жылы ағыстың әсерінен жылынып,әрі ылғалға қаныққанауа жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді.Уақытша пайда болатын тасқынды өзендер жағалаудағы қалың құс саңғырығы – гуаноны мұхитқа шайып алып келеді.Мол ылғал әсерінен өсімдік жамылғысы қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының ықпалы әлсірегенен кейін Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы қалпына келеді.

Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс тасмалының ықпалында болатындықтан ылғал аса мол түседі.

Материк табиғатына Атлант мұхитынында әсері күшті:дүние жүзінде ең ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін осы Атлант мұхитынан алады.Бұл материктің шығысында жер бедерінің бір шама аласа болуы мен және жағалау бойымен жылы ағыстардың күрделі жүйесі өтуімен байланысты.Тек қиыр оңтүстік шығысындағы Фолкленд суық ағысының ықпалында болатын Патагония жері құрғақ болып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Шеткі нүктелерін атаңдар

2.Ең ұзын өзендерін атаңдар

3.Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтаңдар.

4. «Америка» атауы қалай пайда болған?
86-сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің ашылу және зерттелу тарихы

Жоспар:

1. Ашылу және зерттелу тарихы

2.Америго Веспуччидің материкті зерттеуі

3. Фернан Магелланның материкті зерттеуі

4. Александр Гумбольдт материкті зерттеуі

5. Н.И.Вавиловтің материкті зерттеуі



Теориялық мәлімет:

1.Ашылу және зерттелу тарихы.Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларын алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Христафор Колумб келген .Х.Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады .Колумб алғашқы екі саяхатында Орталық Американың аралдарын,Саргасс теңізін ашса ,үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті.Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен,ғұмырының соңына дейін Үдістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген.Соның нәтижесінде Американың байырғы халқы үндістер деп аталып кетті.

2.Х.Колумбтан кейін материке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды.Ол 1499 жылғы бірінші саяхатында Гваина және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып ,Амазонканың сағасына дейін барып ,кері қайтқан.Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венециаға ұқсатып ,оған Кіші Венеция дегн ат берген.Веспуччи өзінің екінші саяхаты барысында 1501 жылы Бразиля жағалауларына жеткен.Жағалау бойымен жүсіп,өздері қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар өзені» деген ат берді.Веспуччи өзі жүріп өткен жерлердің табиғатымен халқының тұрмыс тіршілігін суреттеп жазған.Колумб Үндістанға баратын жолды аштымдеп есептегендіктен ,жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне А.Веспуччи ие болды.

Жаңа ашылған жерлерге байлық іздеген испан және португал басқыншылары ағыла бастады.Олардың шапқыншылық әрекеті нәтижесінде Оңтүстік Американың сол кездің өзінде жоғары дамыған Инктер мемлекеті жойылып ,жергілікті халқы аяусыз қырғынға ұшратып ,байлықтары тоналды .Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы Испания мен Португалияның отары болуына байланысты саяхаттар көбнесе жаңа жерлерді жаулап алу мақсатында жүргізілді.



3.16 ғасырдың басында Жер шарын айнала жүзген саяхаты кезінде Фернан Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп,оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік батыс айналып өткен .Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Фрэнсис Дреик Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды ашқан.Одан әрі материктің батыс жағалдауын бойлай,Солтүстік Америкадағы Ванкувер аралына жетіп,Азияға бағыт алған .

4.18 ғасырдың аяғымен 19 ғасырдың басында неміс географ ғалымы Александр Гумбольдт француз ботанигі бонпланмен бірге Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп алғашқы геологиялық картасын жасаған батыс жағалаудағы мұхит ағыстарын сипаттап ,олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген.А.Гумбольдт Анд тауларын зертеу нәтижесінде биктік белдеулік заңдылығын негіздеген.Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған .Атақты орыс климат зерттеушісі А.И.Войеков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшелігін зерттеді.

5. 1932-1933 жылдар аралығындағы экспедитсия кезінде орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған .Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің;картоп,жүгері, қызанақтың отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген.

Оңтүстік Америкада әлі адам аяғын баспаған ,табиғаты зертелмеген,құпияға толы аудандар жеткілікті.Амазонияның мүлігінен жасыл ну ормандар ,Анд тауларының асқар шыңдары,бай жануарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Материк табиғатын кімдер зертеген?

2. Америго Веспуччидің материкті зерттеуі

3. Фернан Магелланның материкті зерттеуі

4. Александр Гумбольдт материкті зерттеуі

5. Н.И.Вавиловтің материкті зерттеуі

87- сабақ

Тақырыбы: Жер бедерімен пайдалы қазбалары

Жоспар:

1.Оңтүстік Американың жер бедері

2.Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың жер бедерімен пайдалы қазбаларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажратылады.Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан.Одан шығысқа қарайғы бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр.Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілулерге ұшырап,кей бөліктері керісінше қатты майысқан.Майысып төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналу нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған.Олардың қатарына аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты,Ла-Плата жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана,Бразилия таулы үстіртері орналасқан.Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарықтар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып,лавалық жамылғыларды қалыптастырған.Гвиана таулы үстіртінің орьалық бөлігінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығысыннң биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты.Жер қыртысының терең жарықтары арқылы таулы үстіртер жеке бөліктерге бөлінген,олар өзен аңғарларымен қатты тілімденіп,үгілу мен мүжілуге ұшраған.Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагания үстіртінеде тән .

Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар Гран-Чако,Маморе ,Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән.Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап ,бірде түйісіп,тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді.Батыс жарты шардың ең биік нүктесі –Аконкагуа осында орналасқан.Тау шыңдары сүйір болып келеді,олардың басын мәнгі қар мен мұздықтар алып жатыр.

Анд тауларының орталық бөлігіне тау аралық үстіртер тән болады,оларды жергілікті хал ық пуна деп атайды.Үстіртердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар,тұзды батпақтар алып жатыр.Анд тау жүиесі екі литосфералық түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады.Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр,оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарықтардың болуыда дәлел болады.1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып ,600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.Мұндай апатты құбылыстар әрбір 10-15 жылда қайталанады.

2.Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай.Шығыстағы таулы үстіртердің қойнауларында темір,марганец,уран кендері,никель ,алмаспен алтының ,алюминий шикі заты –бокситтің ,ал ойпаттарда мұнай,табиғи газ,тас көмірдің ірі кен орындары бар.Анд тауларында жарықтар бойымен магманың сыртқа төгілуінен пайда болған мыс ,қалайы,қорғасын,мырыш,күміс кен орындарымен асыл тастардың аса бай көздері кездеседі.Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940км-ге созылып жатыр.Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойы Еуропа елдерімен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келді.Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономиканы дамытумен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.



Бақылау сұрақтары:

1.Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар?

2.Анд тауларында қандай табиғат апаттары болып тұрады?

3.Анд таулары неге «мысты тау» деп аталады?

4. Анд тауының бойында орналасқан мемлекеттерт атаңыз?
88 –сабақ

Тақырыбы:Климаты

Жоспар:

1. Климат қалыптастырушы факторлар

2.Климаттық белдеулер

3. Биік таулы климат



Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың климатын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Климат қалыпиастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк климатына қоршап жатқан мұхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мұхитының әсері күшті. Мұндағы жылы ағыстар ауаны ылғалға қанықтырады да, материкітң шығысытағы жазық бөлігі ылғалды ауа массаларының құрлықта кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайды. Керісінше батыста Тынық мұхиттан соғатын ылғалды ауа массаларының жолын Анд таулары бөгейді. Тынық мұхит жағалауының өзінде жауын-шашынның түсуі ағыстардың бағыттарына байланысты: жылы ағыстар әсер ететін солтүстік-батыста және жағалауларға бағытталған батыс тасымалының ықпалындағы қиыр оңтүстік-батыста жылына 3000 мм-ден артық ылғал түседі.

Жағалауды бойлай өтетін Перу суық ағысы осы аудандағы ауаны салқындатып, жауын-шашынның пайда болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жағалық Атакама шөлінде кей жылдары мүлде жаңбыр жаумайды. Материктегі климаттың сипатымен климаттық белдеулерді оқып үйрену барысында толығырақ танысасыңдар.

2.Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді.

Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +250С-тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.

Материктегі екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Мұндай климатты ауыспалы ылғалды климат деп атайды. ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С-қа дейінжоғарылайды, қыс айларының өзінде орташа температура +200С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-мм-ден 1000 мм-ге дейін кемиді. Ал Бразилия таулы үстіртінің солтүстік-шығысындағы жылы ағыстар екіге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін күрт азаяды.



Тропиктік климаттық белдеу Бразилия тау үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтаржы алып жатыр. Бұл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +280С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғары температура (+47 С) байқлған жылдық жауын – шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік – шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылғалды климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхит жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климатықалыптасады. Жаздың орташа температурасы +200С, ал қыстың орташа температурасы +130С-тан жоғарылайды. Ал температураның тәулік ішіндегі ауытқулары әлдеқайда жоғары болады. Салқын, ылғалға қаныққан ауыр ауа жоғары көтеріле алмайтындықтан бұлт түзілмейді. Сондықтан барлық жағалық шөлдерге бриз желдері арқылы келетін қалың тұмандар тән болады, ал жер беті шықтар мен қырау есебінен ылғалданады.

Субтропиктік климаттық белдеу материктің 300 және 400 о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С-қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ішкі аудандарға қарай жүрген сайын жауын-шашын мөлшерінің кеми беретіндігіне байланысты климат субтропиктік континенттік климатқа қалыптасады, мұнда жаз құрғақ, қыс жылы, әрі ылғалды болады. Қыста батыс тасымал желдері мұхиттан көп мөлшерде ылғал әкелетіндіктен ауа райы бұлыңғыр, әрі жаңбырлы болады.

Қоңыржай климаттық белдеу материктің оңтүстігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолклендік суық ағысының әсерінен қоңыржай континенттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын, кейде аязды күндер болып тұрады. Қар жауғанымен, тез еріп кетеді. Материктегі ең төменгі температура (-330С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхит жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасымалының ықпалында болатындықтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температураның айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат қоңыржай теңіздік деп аталады.

3.Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары болады. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауысуы географиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климат жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Материктегі қоңыржай теңіздік климатты Солтүстік Жарты шар материктеріндегі осындай климатпен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

2.Жазық бөліктегі әрбір климаттық белдеудің басты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтары.

3.Анд тауларының қандай климаттық ерекшеліктері бар?


89 - сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары

Жоспар:

1.Гидрографиялық тордың таралу ерекшеліктері

2.Амазонка өзен жүйесіне сипаттама

3.Көлдер


Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың ішкі суларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Өзендері Материктің батысыңдағы Аңд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды.

Анд тауларынан басталатын Амазонка жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220000 м3 су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонка арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жыл бойы жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан, жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгініңжерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам саласы бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оңжақ салаларының есебінен наурыз, сәуір айларында айрыкша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері агады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.



2.Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін викториврегия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық - арапаима (ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг) және жыртқыш ұсақ пиранья балық-тары, электрлі су жыланы, тұщы су дельфині (иния), кайман қодтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенініңжой-қын күшімен оның алабындағы қорыс батпақтардың, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан, адамдарда үрей мен қорқыныш туғызады.

Парана мен Ориноко мол сулы өзендер қатарына жатады. Олардың Амазонкадан басты айырмашылығы, су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд таулары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен қүлап ағатындықтан, оның бірнеше сарқырамалар жүйесін қалып-тастырады. Ең ірі, табиғаты әсем сарқырамалардың бірі болып табылатын Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан кұлап ағады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады. Суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып етеді. Атлант мұхитына кұяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бүл екі өзенде де су энергиясының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.

Тынық мұхитқа Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері ішкі туйъщ алапқа жатады.

3.Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналаскан. Көл атауы аймара үндістерініңтілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судьщ ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі - Маракайба Оның түбінен мұнай өндіріледі.


90-91- сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Жоспары:

1.Оңтүстік Америка жеріндегі табиғат зоналары

2. Саванналар мен сирек ормандар

3. Субтропиктік дала зонасы

4.Шөлейт зонасы

5. Материктің Тынық мұхит жағалауындағы табиғат зоналары



: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет