Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет14/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың табиғат зоналарын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Оңтүстік Американың тіршілік дүниесі өздерің танысқан солтүстік жарты шар материктерінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл оның, табиғатының ұзақ уақыт дара дамуымен байланысты. Солтүстік Америкаға материкгің оған құрлық арқылы жалғасқан солтүсгік бөлігінің табиғаты ғана ұқсайды. Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, саванналар мен сирек ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы. Анд тауларында биіктік белдеулер тараған.

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей – ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі жағынан жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м – ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапырағымен ұстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен, шептесін өсімдіктер өспейді. Мұндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмек құйрық маймылдар мен жалкау андардан, тапир мен опоссумнан, құмырсқа жегіш пен қан сорғыш жарқанаттардан, пекари шошкасы мен капибарадан (өңірі су шошқасы) және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тоты кұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай колибри құстары мекендейді. Бақалар мен бауырымен жорғалаушылардың да тіршілігі ағаш басында өтеді. Ұзындығы 12 м – ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан анаконда да кездеседі. Жәндіктер өте көп, олардың денелері үлкен және түрлі түсті. Кейбір жәндіктердің денесі жарқырауық болады.

Табиғаты әсем Амазония ормандары адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзгеруде. Сельвасты кесіп өтетін Трансамазония тас жолының салынуы елдер арасындағы жол қатынасы мен байланысты жақсартқанымен табиғат байлығының жойылуына және жануарлар тыныштығының бұзылуына әкеп соқты. Ғалымдардың болжамы бойынша, дәл осы қарқынымен орман ағаштарын кесе беретін болса, XXI ғасырда Амазонка ормандарының жойылып кетуі мүмкін.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.



2.Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Солтүстік жарты шар саваннасы льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Олар өзен аңғарларында орман белдеулеріне ауысады. Ал оңтүстік жарты шар саваннасының ағаштары аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес, діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Бразилия таулы үстірті кактус өсімдігінің шыққан жері болып табылады. Әсіресе алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды. Бразилия таулы үстіртінің қуандау жерінде тікенекті бұталардың ерекше түрі өседі. Олардың арасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын кебрачо ағашы өседі.

Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан, саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

3.Субтропиктік дала зонасы Ла – Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстік ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын – шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Ойпаттар мен өзен жағаларында қамысты батпақтар кездеседі. Батыс пен оңтүстікке қарай жауын – шашындарының азаюына байланысты өсімдігі тапшылау қуаң далаға ауысады. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Құнарлы қызғылт қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған ауданына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

4.Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы сақталған. Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілермен қатар пампа бұғысы мен пампа мысығы, магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлардан гуанако ламасы мен пума кездеседі.

5.Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта экватор маңында ылгалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30°о.е. дейінгі аралықта тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр. Осы табиғат зоналарының барлығы Анд тау жүйесінің өздері сәйкес келетін бөліктеріндегі биіктік белдеулеріне бастама болады.

Ал Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында карастырайық.

Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25° – 30°С – қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды (гаруаны) қалыптастырады. Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыр жемісті және түйнекті өсімдіктердін, ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандыісган, Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңгырықтарынан қалындығы 30 м – ге дейін жететін, гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады. Бұл – Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі.

Батыс Кордильера жотасының 2500 м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады. Ал 3500 – 3900 м биіктікте жауын – шашын мөлшерінің көбеюіне байланысты биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік Раймонд пуйясы өседі. Пуна Орталық Андының таулы үстірттері арқылы Шығыс Кордильера жотасына ұласады. Бұл аймақ үндістердің жоғары дәрежеде дамыған ежелгі мемлекеттерінің орталығы болған. Бай мәдени мұраларымен адамзатты қазірге дейін таңдандыратын бұл өркениетті Андылық немесе Инктер өркениеті деп атайды. Пуна ежелден – ақ биік тау өңірінде егіншілік ауданы болып табылады. Қазірдің өзінде 3500 м биіктікте қартоп және астық дақылдары өсіріледі. Сондықтан Пунаның табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгеріске ұшырап, ойдым – ойдым өсімдіксіз жалаңаш жерлер қалыптасқан.

Анд тауларының жануарлар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халықламаның екі түрін альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9 – 12 кг, ал қанаты жайыл – ғандағы ұзындығы 3 м – ге дейін жетеді. Таудың оңтүсті – гінде магеллан пингвині кездеседі.

Анд таулары мен оның солтүстігіндегі Орталық Кордильера тауларында қазіргі кезде дүние жүзіне тарап кеткен мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталығы орналасқан. Олар: картоп, тәтті картоп (батат), мақта, жүгері, үрме бұршақ, бұрыш, асқабақ, күнбагыс, қызанақ, темекі, какао Андының қайталанбас әсем табиғатын қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олар ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілетін орталық болумен қатар, туристік мақсатта да пайдаланылады.



Бақылау сұрақтары:

1.Ылғалды экваторлық ормандар қай жерде орналасқан?

2.Льянос дегеніміз не?

3. Кампос дегеніміз не?

4.Анд тауларындағы биіктік белдеулерді атаңдар.
92- сабақ

Тақырыбы:Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Жоспар:

1.Құрылықтың байырғы халқы, оның шығу тегі мен нәсілдік сипаты.

2. Елдері

3. Бразилия



Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың халқы мен елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Оңтүстік Америка құрлығында қазіргі кезде 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Құрлыққа адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай- ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер құрлықтың қазіргі халқының 10 пайызын ғана құрайды. Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық- тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Ал Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған. Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар- метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVl ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы құрлықтағы кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету үшін миллиондаған құл- негрлер әкелінеді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан құрлықты Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка – дүние жүзіндегі халық аз қоныстаннекелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан құрлықты Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка – дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған құрлықтың бірі. Құрлықтың табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады. Табиғаты қолайлы , маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы қалаларда халық жиі қоныстанған. Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1 млн- нан асатын 20- дан аса миллионер қалалар бар.

2.Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. ХlX ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты құрлық Анд елдерімен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

Анд елдері қатарына Колумбия , Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады. Бұл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар.

Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады. Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады. Сондықтан осы елмен толығырақ танысасыңдар.

3.Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы – 22 штаттан тұратын федерациялық республика.

Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір , түсті металл, мұнай мен табиғи газдың, алмас, уранның мол қоры бар. Экватор мен тропик арасындағы орнына сәйкес климаты алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен- Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үстіртінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды- сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді. Амазония бойындағы ылғалды тропиктік ормандардан бастап, Бразилия таулы үстіртінің солтүстік- шығысындағы тікенекті бұталы саваннаға ауысады.Бразилия ормандарында өте бағалы бразилия араукариясы, балауыз пальмасы, кебрачо, гевея, парагвай шайы өседі.

Табиғат қорларының алуан түрлі, әрі мол болуы Бразилия шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шаруашылықтың даму деңгейін көтеруде Амазония ормандары арқылы өтетін Трансамазонка тас жолының маңызы зор. Бразилия құрлықтағы ең жоғары дамыған ел болып табылады, шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дамушы елдер арасында бірінші орын алады. Елде тау – кен өндірісі, қара және түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Жылына қант қамысынан алынатын этил спиртімен жұмыс жасайтын 1 млн- нан астам автомобиль шығарылады. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант қамысы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.

Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн. адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио- де- Жанейро, Сан- Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.



Бақылау сұрақтары:

1.Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай?

2.Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.

3.Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?

4. Оңтүстік Америка табиғатының өзіндік ерекшеліктері оның географиялық орнының қандай белгілеріне байланысты деп ойлайсыңдар?
93- сабақ

Тақырыбы: Африка

Жоспар:

1. Географиялық орны

2.Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақтың мақсаты: Африканың географиялық орны мен Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жер көлемі – 30319 мың км2.

Шеткі нүктелері: солтүстікте – Эль – Абьяд мүйісі, оңтүстікте – Игольный мүйісі, шығыста – Рас – Хафун мүйісі, батыста – Альмади мүйісі.

Ең ұзын өзендері (м):

Ніл (Кагера өзенімен) – 6671,

Конго – 4320,

Нигер – 4160,

Замбези – 2660.

Ең ірі көлдері (км2):

Виктория – 68000,

Танганьика – 34000,

Ньяса – 30800,

Чад – 16600.

Ең биік сарқырамалары (м):

Тугела – 933,

Каламбо – 427,

Ауграбис – 146,

Барантиери – 140.

Ең биік шындары (м):

Килиманджаро – 5895,

Кения – 5199,

Маргарита – 5109,

Рас – Дашан – 4623.

Ең төмен жері (м):

Ассаль көлі – 157.

Ең үлкен шөлдері (км2):

Сахара – 9100000,

Калахари – 260000,

Намиб – 135000.

1.Африка – оңтүстік жарты шар материгі. Африканы экватор дәл ортасынан кесіп өтеді. Екі тропик шеңберінің аралығына орналасқандықтан, материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді. Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің пішіні оңтүстікке қарай сүйірлене түседі. Африканың географиялық орнының аталған ерекшеліктері оның табиғатының оңтүстік жарты шар материктеріне ұқсамайтын өзіндік сипатын қалыптастырады. Африканы Еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтар бұғазы мен Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік – шығысында оны енсіз Суэц мойнағы Еуразия материгімен жалғастырады.

Солтүстік Африка мен Оңтүстік Еуропаның және Оңтүстік Азияның өсімдіктер және жануарлар дүниесінің зор ұқсастығы, олардың бір – біріне жақын орналасуына байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік Африка халқының құрамына, оның мәдениетіне, тіліне әсер еткен. Африканы басқа материктен ұлан – байтақ мұхиттар бөліп тұрады.



2.Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстік Атлант мұхитына енетін жерін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км Гибралтар бұғазы жалғастыруда. Ал материктің шығысы мен оңтүстік – шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қойнаулар аз, ірі шығанақтары – Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі Сомали («Шығыс мүйіз») түбегі орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Қанар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды.

Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай. Атлант мұхитындағы суық және жылы ағыстар материк табиғатына түрліше әсер етеді. Мысалы, суық ағыстар өтетін тропиктік жағалық бөліктерде Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі тәрізді Батыс Сахара және Намиб жағалық шөлдері қалыптасқан. Ал жылы ағыс өтетін Гвинея шығанағы жағалауы Африкадағы ең ылғалды жер болып табылады.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарыкга орналасқан. Ол – Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теніздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз ту – бінде тұзды көлдердің болуы әсер етеді. Теңіз жағалауын – да маржандық құрылымдар (жылы, таяз теңіз суларын – да бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жәндіктер тобы) көп жинақталып, кеме қатынасына кедергі келтіретін маржаирифтерін қалыптастырады. Теңіз аты онда тіршілік ететін ұсақ балдырлардың қызыл қоңыр түсіне байланысты қойылған.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан, Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады. Африканың оңтүстік – шығысы Мозамбик және Мадагаскар жылы ағыстарының ықпалында болғандықтан, шығыс жағалауларда жауын – шашын біршама мол түседі.



Бақылау сұрақтары:

1.Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

2.Материк жағалауын қандай мұхит сулары шайып жатыр, олар Африка табиғатына қандай әсерін тигізеді?

3. Африканың ортасынан экватор сызығының кесіп өтуі оның табиғатына тән қандай ерекшеліктерді қалыптастырады?


94- сабақ

Тақырыбы: Африканың зерттелу тарихы

Жоспар:

1.Африка жағалауында аралдар

2.Африканың зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты: Африканың зерттелу тарихын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Африка — Жердің Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы —30,3 млн км2, аралдарсыз —29,2 млн. км2.

Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеңістіктері бөліп тастаған.

Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені—Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.

Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан-Томе, Аннобон.

Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда Африканың жері керісінше бет құрылысы біркелкі және пішінінің қарапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 м құрайды.

Африканың экватордың екі қапталындағы негізінен тропиктік экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі ирі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельефтің басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

2.Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Аравия түбегінен арабтар өткен.

XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл саудасының және африка елдерін европалықтардық басып алуының бастапқы кезеңі болатын. ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. XIX ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі — Африканың ең ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі географиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымы Д.Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843— 1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В. Юнкер жүргізді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында түгел континенттің тұтастай және оның жекелей бөлшектері немесе елдері географиясы ірі жинақталған жұмыстар жасалды.


Каталог: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет