Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет16/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Бақылау сұрақтары:

1. Климаттық жағдайлар мен табиғат зоналарының орналасуында қандайбайланыс бар?

2. Африка жерінде мал шаруашылығы неге жақсы дамыған ?

3. Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған?

4. Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шарушылығана пайдалануға қолайлы?

100- сабақ



Тақырыбы: Халқы мен елдері. Солтүстік Африка

Жоспар:

1.Халқы

2. Елдері

3. Солтүстік Африка

Сабақтың мақсаты: Африканың халқы мен елдерін. Солтүстік Африканы қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн-нан асталды. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африка жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі(нәсілдерге тән басты белгілерді естеріңе түсіріңдер).

Африканың байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай тараған негірлер мекендейді. Негірлердің көшпелілігіне тән белгілері -өңінің қара, ал шашатарының қалың, бұрай болуы. Бұл қасиеттер олардың денесін шыжыған ыстықтан қорғайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының ұзындығында үлкен айырмашылықтар байқалады. Солтүстік Африка саваналарында материктің ең бойшаң адамдары –тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болды, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, моңғол тектестерге ұқсастау болып келеді.

Эфиопия таулы қыратын мекендейтін эфиоптар еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Олардың өңдері нағыз негрлерге қарағанда ақшылдау болғанымен, шаштары бұйыра, еріндері түріктеу болып келеді.

Ал Мадагаскар аралында туратын малагасийлер негрлер мен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан.

Еуропалық тектес нәсілге нәсілге жататын халықтарға Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары. Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары – африканерлер(бурлар) және ағылшындар тұрады.

Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда Африкада 700-ге жуық жергілікті тіл бар. Солтүстіктегі негр тектес халықтар судан тілінде, Орталық, Оңтүстік Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары банту тілінде сөйлейді. Солтүстік Африканы мекендейтін халықтары негізінен араб тілінде сөйлейді, ал француз тілі өзара қарым-қатынас құралы болып табылады. Ал Оңтүстік Африкада ағалшын тілі жергілікті тілдермен қатар қолданылады.

Африкада материгінде халық әркелкі қоныстанған. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км жерге 22 адамнан келді. Сахара тәрізді шөлді аймақтарда халық өте сирек, ал кейбір аудандарда мүлде қоныстанбаған. Халықтың ең тығыз қоныстанған жерлері –Ніл өзенінің аңғары мен атырауы, Гвине шығанағы мен Жерорта негізінің жағалау. Африкада ұзақ уақыт бойы халықтың тұрмыс жағдайының төмен болуы, жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы халық санының өсуі тежеп келді. Соңғы жылдары Халықаралық Денсаулық сақтау Қоғамының ұйымдастырылуымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде материк халқы жедел өсуде.

2. Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері – Еуропа және Африкамен көршілес орналасқан Африкада ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Эфиопия, Гана тәрізді мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, александрия шам-шығары (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ, піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықтан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениетінің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептейді. Бірақ кейінен жүргізілген құл саудасы мен отаршылдық саясаты Африкада елдерінің дамуын ұзақ уақытқа тежеді.

Африка материгіндегі елдер бірнеше ғасыр бойы еуропалық елдердің отары болып келді. 400 жылға созылған құл саудасы кезінде Африка халқы аяусыз қаналды, материктің көптеген аудандарының халқы едәуір азайды. Нәтижесінде 100 млн-ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкетілді. XIX ғасырдың басында Еуропаның капиталистік елдері Африканы қайта бөліске салып, отарларды басқару үшін арнаулы адамдарды тағайындайды. Олар байрғы халықты жақсы жерлерден тұруына қолайсыз аудандарға ығыстырды, табиғат байлықтарын аяусыз тонап, өз елдеріне тасып әкетті. Ұзақ уақыт отаршылдық саясатының үтем болуы Африка елдерінің дамуын тежетеді. Байырғы халықтың көшпелігі сауатсыз және қайыршлық жағдайда өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси ахуалдың өзгеруі Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себепші болды.

XX ғасырдың басында Африкада екі ғана тәуелсіз ел (Либерия мен Эфиопия) болса, қазір материктің барлық елі тәуелсіздік елі (Либерия мен Эфиопия) болса, қазір материктің барлық елі тәуелсіздік алған.Африканың егеменді елдеріне республикалық басқару кең таралған, тек Марокко, Свазиленд, Лесото елдерінде ғана монархиялық басқару (корольдік) сақталған. Олардың әрқайсысының таңдап алған өзіндік даму жолы бар. Саяси жағынан тәуелсіз алған елдердің шаруашылығы әлі де болса дамыған елдерге тәуелдіболып отыр.

Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет-Оңтүстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мұнай мен табиғи газ өндіретін Либия, Алжир, Египет тәрізді елдер де қарқынды дамуды. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомалиелдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африканың артта қалған елдерінде аштықты болдырмас үшін халықаралық ұйымдар бұл елдердің халқына ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Материктің жер қойнауы қазба байлықтарға өте бай. Сол себепті елдердің болашақта басқа елдермен сауда, ғылыми-мәдени байланыстарды орнату нәтижесінде шаруашылығын дамытуына мүмкінділігі мол.

Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес рика, Батыс Африк, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка.

3.Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалау мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, тунис елдері кіреді.

Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас таулары алып жатыр. Атлас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады, олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нуктесі-Биік атластағы Тубаль шыңы (4165м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тропиктік шөл алып жатқан Сахараға ұласады.

Атлас тауларының Жерорта теңізі жағалауында ғана климаттық жағдайы субтропиктік билік таулық сипатта болады. Сондықтан жағалаудағы жерортатеңіздік климат жағдайында цитрустар мен зәйтұн ағашы, хош иісті тағамдық өсімдік мен бау-бақша өсіріледі. Атлас таулары мен жағалық жазықтардың мәңгі жасыл, қатты жапырақты табиғи өсімдіктері адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде қатты өзгеріске ұшырап, таулардың биік бөліктерінде ғана сақталған.

Сахарадағы тропиктік шөл климаты жағдайында халықтың басым көшпелілігі түйе, қой, ешкі айналысады және көшіп –қонып жүреді. Сахара халқын оның ежелгі тұрғындары берберлер мен көшпенді арабтар –бәдәуилер құрайды. Олардың негізгі көлігі болып табылатын бір өркешті түйелерді кейде «шөлдегі кемелер» деп те атайды. Сахарада егіншілік Ніл аңғары мен атырауында және шұраттарда ғана дамыған. Мұнда құрма пальмасын, бау-бақша, астық дақылдары, мақта, қант қамысы, маниок өсіріледі. Ніл аңғарында өсіретін дүние жүзіндегі ең ұзын талшықты мақта өте жоғары бағаланады. Жергілікті халық құрма пальмасын өте қатты қадірлейді: пальманың жемісі өте құнарлы әрі дәмді, оның жапырақтарынан тоқылған бойрамен үйлерінің төбесін жабады. Құрма пальмасының көлеңкесінде дәнді дақылдар мен жеміс ағаштары өсіріледі. Сондықтан жергілікті халық құрма пальмасын кесуге шарасыздық жағдайда ғана бел байлайды, оның «құрма ағашын өлтіру» деп атап, аза тұтады.

Шөлдегі басты байлық-су. Сахараның түшрлі бөліктерінен жартасқа салынған өсімдіктер мен жануарларға бай, сулы-нулы жерлердің суреттері табылып отыр. Бұл ертеректе Сахара климатының ылғалды болғандығын дәлелдейді. Өйткені мұндай үлкен өзен арналары жауын-шашын мол болған жағдайда ғана пайда болуы мүмкін. Жергілікті халық суды пайдаланудың ережелерін өте қатал сақтайды. Су бар жерлерді халық қатты қастерлеп, оның әр бір пұшпағын тиімді пайдалануға тырысады. Соған қарамастан, Сахара шөлінің аумағы жылыдан-жылыға ұлғаюда.

Солтүстік Африканың қойнауы пайдалы қазбаларға: мұнай, табиғи газ, фосфорит, темір, марганецке бай. Алжир, Либия,

Египет, Марокко, Тунис елдері осы табиғи байлықтарды игеру негізінде жекелеген өнеркәсіп салаларын дүние жүзілік деңгейде дамытып отыр.

Халқының негізінен араб тілінен сөйлетіндігіне, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты Солтүстік Африканы Араб Африкасы деп айтады. Қалаларының көпшілігі араб үлгісінде салынған, ескі және жаңа қалаға айқын бөлінеді. Нил аңғарындағы ең ірі қала-Кайр 1969 жылы өзінің мың жылдығын атап өтті. Солтүстік Африканың ежелгі қалалары өзіндік салалық өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарлары мен ерекшеленеді. Жерорта теңізінің жағалауында ірі портты қалалар (Касабланка, Рабат, Александра, Триполин, Алжирр, Донис) орналасқан.

Бақылау сұрақтары:

1.Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қндай ерекшеліктері?

2.Африканың байырғы халықтарын атаңдар.

3.Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған?

4.Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай?
101- сабақ

Тақырыбы: Батыс,Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

Жоспар:

1.Батыс Африка

2.Шығыс Африка

3.Оңтүстік Африка



Сабақтың мақсаты: Батыс,Шығыс және Оңтүстік Африка елдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Батыс Еуропа елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы елдер Кабо- Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея- Бисау, Гвинея, Сьерра- Леоне, Либерия, Кот-д- Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия, және ішкерірек орналасқан Буркина- Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.

Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы үстіртті болып келеді. Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант қамысы, арахис плантациялары бірте- бірте ормандарды ығыстыруда. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз транспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы НИгер, Сенегал, Вальта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар. Батыс Африка қойнауынан табылған пайдалы қазбалар өнеркәсіп салаларын дамытуға жол ашуда. Нигерияның Гвинея шығанағы жағалауынан мұнай мен газдың дүниежүзілік маңызы бар аса мол қоры табылған. Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өтеірі кен орындары орналасқан, Гана мен Либерияда алтын, Нигерде уран кездеседі

Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған. Олардың сақталып қалған сәулетті сарайлары, қола және ағаш мүсіндері, қыштан жасалған әсемдік және тұрмыстық бұйымдары, тасқа салған бейнелері жергілікті халықтардың бай тарихи мұралары болып табылады.

Халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел болып саналады Нигерия осы аймақта орналасқан.Нигерияда халық саны 125 млн-нанасады. Ал халқы 250-ден аса ұлт өкілдерінен тұрады. Халықтың 1/3-і қалаларда, қалған бөлігі ауылдық жерде қоныстанған. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел, соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқындаы дамуда. Климат жағдайлары қолайлы болғандықтан ауыл шаруашылық дақылдарынан жылына бірнеше рет өнім жиналады. Алынған өнімнің басым көпшілігі ірі порттар арқылы басқа елдерге жөнелтіледі. Халықтың басым көпшілігі қолөнерменшұғылданады, әсіресе мата, себет тоқу, былғары өндеу, ағаш бұйымдары мен қыш құмыралар жасау кең таралған. Нигерия шеберлері өңдеген қызыл сафиян деп аталатын өте жүмсақ, жүқа былғары дүние жүзіне әйгілі. Нигерия мұнай қалайыны көп өндіріп,басқаелдерге сату арқылы шаруашылығын өркендетіп, халқының әл-ауқатын жақсарту. Нигерияның бұрынғы астанасы –Лагоста экалогиялық жағдай нашарлап, халық санының шамадан тыс артуына байланысты астана 1991 жылы елдің орталық бөлігінде арнайы салынған Абуджа қаласына көшірілген. Нигерияда ірі қалалар көп, олар негізінен жағалауға жақын орналасқан.

2. Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамында Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави Кіреді (63-суретті қараңдар). Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз денгейінен ен төмен және ең биікжатақ нүктелері опрналасқан (оларды физикалық картадан табыңдар).

Аймақ жеріне Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес келеді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып тұрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс Африка таулы үстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыратытүгелге жуық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емес, жарықтар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын толтырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл ккемерінен асып, жан-жағына жжайылады. Ыстық лава әсерінен бұл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30 С-тан төмен болмайды.

Шығыс Африка таулы үстірті жарықтарда орналасқан көл қазан-шұңқырларымен (қандай?) тілімденген.Шығыс Африка жарықтары бойында таралған магмалық жыныстардың құрамына сирек кездесетін (кобальт, вольфрам, хром, титан) және бағалы (алтын, платина), түсті (мыс, мырыш) металдардың, алмастың мол қоры бар.

Екі жарты шардың тропиктері арасындағы орнына сәйкес Шығыс Африкада саванналар басым таралған. Таулы бөліктерінде саванналар 2400 м биіктікке дейін көтеріліп, біртіндеп биіктік белдерге аусады. Аймақтың ең биік тараларының басында қар жатады. Шығыс Африка тауларынан материктің ең ірі өзені-Ніл бастау алады.

Эфиопия таулары қыраты кофенің бидай мен тарының отаны болып саналады. Кофе атау осындағы Каффа деген жердің атымен байланысты шыққан. Шығыс Африка елдерінде өсірілетін «арабика» кофесі дүние жүзіне танымал. Ал Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын-шашының жеткілікті болуы астық дақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Шөптесін өсімдіктер басым болатын саванналарда мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Әсіресе ірі қара мал көп өсіріледі. Суданда қой шаруашылғы дамыған. Өзен-көлдер бойында халық балық аулаумен және балық оңдеу шаруашылғымен айналысады.

Шығыс Африка халқы әркелкі орналасқан. Климаты шаруашылыққа қолайлы. Эфиопия таулары қыраты мен көлдер маңынада халық тығызрақ орналасса, климаты ыстық, әрі құрғақ болатын Судан жері мен Сомал түбегінде халық сирегірек қоныстанған. Шығыс Африканың солтүтігінде араб тілі, оңтүстігінде банту тілдері басым.

Шығыс Африка жеріне табиғаттың қайталанбас әсем көріністері тән. Жергілікті халық ежелден-ақ табиғатқа құрметпен қарап, ондағы табиғи тепе-тендікті сақтауға тырысқан. Қазіргі кезде табиғатты қорғау шаралары мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Кения жерінің 15 –нан астамын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Шығыс Африканың өте жануарлар дүниесін қорғау мақсатында ұйымдастырылған Серегенти, Нгоронгоро, Найроби, Тсаво ұлттық парктерін жылына мыңдаған туристер аралап, тамашалайды.

3.Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суарықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиді. Оның құрамына Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.

Жерінің көпшілігін Оңтүстік Африка таулы ұстірті алып жатыр.

Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысынан қарай биіктеп, кап және Айдаһар тауларына ұласады.Ал отрталық бөлігі аласарып, Калахари шөлі алып жатыр. Аймақтың Атлант мұхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігін саванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.

Аймақтағы жетекші ел Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Бірақ оның шаруашылық құрылымында дамыған елдің де, дамушы елдің де белгілері бар. Африка халқының 6 – пайызы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында құрықтағы өнеркәсіп өнімінің 40- пайызы өндіріледі.

Оңтүстік Африка Республикасында алуан түрлі табиғат байлықтары мол. Әсіресе пайдалы қазбалардың ( алтын, алмас, платина, уран, темір, хром, мыс, тас көмір, марганец) ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде тау- кен, машина жасау және химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзендер гидроэнергетикалық қорға бай. Елдегі ең құнарлы жерлер еуропалық жер иеленушілердің қолында шоғырланған. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникасы мен тыңайтқыштарды пайдалана отырып, жүгері, бидай, темекі, бұршақ, қант қамысы, мақта, цитрустар, зәйтүн ағашы, ананас, манго, жүзім мен жеміс ағаштарынан мол өнім алады. Таулы аудандарда ангор ешкісі мен биязы жүнді қой өсіріледі. Тоқыма өнеркәсібі ешкі түбіті мен қой жүнін пайдаланып, жұмы істейді.

Халқының басым бөлігін жергілікті банту халықтары құрайды, сонымен қатар еуропалықтардың да үлесі жоғары. Оңтүстік Африка Республикасының ұзақ уақыт бойы нәсілдік кемсітушілік белең алып, жергілікті халық табиғаты қолайсыз, оқшау жерлерге ығыстырылды. Бұл қысым тек 1991 жылғы халық көтерілісі нәтижесінде ғана тоқтатылды. 1994 жылы болған сайлауда өкімет басына жергілікті халық өкілдері келді.

Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде Африканың көптеген жануарлары сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде құрлықтағы жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?

2.Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай?

3.Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?


102- сабақ

Тақырыбы: Аустралия

Жоспар:

1. Географиялық орны

2.Жер бедері

3.Пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты: Аустралияның географиялық орнын, жер бедерін және пайдалы қазбаларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жер көлемі – 8971000 км2.

Шеткі нүктелері: солтүстікте Йорк мүйісі (10°о.е.), оңтүстікте Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39° о.е.), шығыста Байрон мүйісі (153° ш.б.), батыста Стип Пойнт мүйісі (113° ш.б.).

Ең ірі аралдары мен архипелагтары (км2):

Жаңа Гвинея – 829300,

Жаңа Зеландия – 265300,

Тасмания – 68400.

Ең биік нүктелері (м):

Джая немесе Карстенс (Жаңа Гвинея аралы) – 5029,

Вильгельм (Жаңа Гвинея) – 4694,

Мауна – Кеа (Гавай аралдары) – 4205,

Кука (Жаңа Зеландия) – 3764,

Косцюшко (Аустралия) – 2230.

Сөнбеген жанартаулары (м):

Мауна – Лоа (Гавай аралдары) – 4170,

Руапеху (Жаңа Зеландия) – 2796,

Улавун (Жаңа Вритан аралы) – 2300.

Ең ұзын өзендері (км):

Муррей (Дарлингсаласымен) – 3750,

Маррамбиджи – 2700.

Ең ірі көлдері (км)2:

Эйр (Аустралия) – 15000,

Торренс (Аустралия) – 5700, Гэрднер (Аустралия) – 4700.

• Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден – бір материк.

• Аустралия – жер шарындағы ең құрғақ материк, оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

• Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүтқоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар (эвкалипт) сақталып қалған.

• Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км – ден 150 км – ге дейін жететін жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым Үлкен Тосқауылдар орналасқан.

• Аустралия материгінің жерін бір ғана ел Аустралия Одағы алып жатыр.

• Материктің теңіз деңгейінен ен. биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлі (деңгейі – 12 м).

1.Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалаулары нашар тілімделген, оңтүстік – шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28°С – қа жетсе, қыста +20°С – тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көп кездеседі. Кемелер олардың арасымен толысу кезінде ғана ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан – жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен, оның көпшілік бөлігінде жауын – шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен, суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик сызығы үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

2.Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық тақтасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтеріліп, төмен түсіп майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасмания аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда 400 – 600 м – лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000 – 1500 м – ге жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді. Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрық жотасы ұзақ уақыт үгілу мен мүжілудің нәтижесінде аласарып, жақпарлы тауға айналған. Тау тектоникалық жарықтар арқылы жекелеген жоталарға бөлінген. Тынық мұхит геосинклинальды белдеуіндегі қозғалыстар әсерінен таудың тек оңтүстік бөлігі ғана аздап көтерілген, сондықтан оны Аустралия Альпісі деп атайды. Таулардың шығыс беткейі тік құзды – жартасты болып келеді, ал батысы жазықтарға қарай біртіндеп аласарады. Аустралияның географиялық орнының ерекшелігіне және ежелгі құрылымдардың басым болуына байланысты сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мұз басу іздері кездеспейді.

3.Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік – шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып кекледі?

2. Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар.

3. Материкте кең таралған пайдалы қазбаларды атаңдар.


103- сабақ

: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет