Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл


Тақырыбы: Аустралия климаты және ішкі сулары



бет17/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Тақырыбы: Аустралия климаты және ішкі сулары

Жоспар:

1.Аустралия климаты

2.Аустралияның ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: Аустралия климаты және ішкі суларын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Аустралия - Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік белігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі .

Материкті оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен са-лыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты.' Материкте жаз айларының орташа температурасы +24°С, +28°С шамасында, ал ең жоғары температура (+52,8°С) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12°-С-тан +24°С аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20°С-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттар-дың бағытына да әсер етеді.

Жазда (желтоқсан - ақпан аралығы) қатты қызған матері үстінде төмен қысым орнайды. Сондықтан бұл мезгілде материкт басым бөлігі оңтүстіктен соғатын құрғак пассаттардың ықпалында болады. Ал солтүстік-шығыс пассаттары ылғалды экваторлық массаларын алып келетіндіктен, олар әсер ететін солтүстік жағала да ыстық, ылғалды ауа райы орнайды. Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейлері Тынық мұхиттан келетін ылғалды ауа массаларының ықпалында болады. Соған байланысты тау беткеилері, жазда мол жауын-шашын түседі.

Қыста (шілде - тамыз аралығы) Күннің солтүстік тропикке ауыс ына байланысты жылу мөлшері азайып, материк біршама салкы дайды. Сондықтан қүрлық үстінде ауаның жоғары қысымы орна материк қүрғақ тропиктік ауаның ықпалында болады.

Материктің шығысына жауын-шашын мұхиттан соғатын пасаттар әкелсе, Оңтүстік өңірлеге ылғал қоңыржай белдеудің батыс тасымалымен келеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстікке қарай субэваторлық, тропиктік, субтропиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасмания оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Климаттың құрғақ болуын абайланысты Аустралияда өзен троы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеіп қалатын өзен арналарын-криктер тән болды. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін азғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі-Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Криктердің кеңінен таралуы ертеректе Аустралия климатының қазіргіге қарағанда ылғалды болғандығын дәлелдейді.

2.Аустралия өзендері негізінен жаңбыр жән жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулар есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойы суы мол болатын өзендер Аустарлияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасқан. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі-Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Жаңбыр жауған кезде Муррей өзені жазықпен тез жайылып аққанмен, су тасуы ұзаққа созылмайды. Қазіргі кезе бұл өзендердің деңгейін реттеу мақсатында бірнеше жерден бөлінгендердің салынуын кеме қатынасын жақсартады. Өзен сулары егістіктерді суландыруға кеңінен пайданылады. Егістіктер мен өнеркәсіп орындарында пайдаланылған өзен сулары улы химикаттармен шамадан тыс ластанған. Толық тазаланудан өтпеген бұл сулар мұхитқа құйылып, маржандық жағалаулар мен аралдар табиғатына нұқсан келтіруде.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршықтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі-Эйр көлі.

Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.



Бақылау сұрақтары:

1.Аустралияның климатына қандай факторлар әсер етеді?

2.Аустралия жерінде өзен торлары сирек?

3.Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?


104- сабақ

Тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары. Аустралия Одағы

Жоспар:

1.Аустралияның табиғат зоналары

2.Аустралия Одағы

Сабақтың мақсаты: Аустралияның табиғат зоналары. Аустралия Одағын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеден бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75% – ы, ал жануарлардың 90% – ы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын – шашын мөлшері 200 – 250 мм – ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан, булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі таралған. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Бойында ылғал мөлшері көбірек сақталатын құмды өңірде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен ксерофиттер өседі. Ал материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден құралған қалың ну бұталар мәңгі жасыл скрэб деп аталады. Зонаның солтүстік – шығысында бөтелке ағашы өседі. Ал 1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп атаған. Латын тілінен аударғанда бұл атау «ағашсыз» деген мағынаны білдіреді және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді. Налларборда «көгілдір бұталар» деп аталатын құрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын суккулентті өсімдіктер өседі. Бұл жазықта әктасты жыныстардың кеңінен таралуына байланысты үңгірлер мен оларды байланыстыратын жер асты өзендері көп.

Материктің оңтүстік – батысындағы жерорта теңіздік климат байқалатын кішігірім бөлікте діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді маргината эвкалипттерінен тұратын қатты жапырақты ормандар таралған. Ал «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталатын Эйр көлінің айналасында жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ге дейін төмендейді және бірнеше жыл бойы мүлде жаумауы да мүмкін. Мұнда «вилли – вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен басты айырмашылығы – шұраттардың болмауы. Соған қарамастан олар тіршілікке біршама бай. Мұнда шөлге төзімді алып сүр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго, эму түйеқұсы мекендейді.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мелшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл қоңыр топырақты ылғалды саванна таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардын, орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым өседі. Саванналар мен сирек ормандарда жануарлар дүниесініңтүр құрамы мен саны артады. Ірі өзендер мен көлдердің бойында құстар мен ехидна, қолтырауындар, ал шығысқа қарай уйректұмсықтар кездеседі.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгінденген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20° о.е. дейінгі бөлікте таралған. Мұнда эвкалипттермен қатар қылқан жапырақты араукария, пальмалардың 20 – дан астам түрі, ағаш тәрізді папоротниктер өседі. Олар ломонос, ротанг пальмасы сияқты лианалармен шырмалып, ну орман құрайды. Бұл ормандар оңтүстікке қарай қызғылт сары ферралитті топырақты ылғалды субтротропик ормандарға ауысады. Мұнда биіктігі 100м, діңінің жуандығы 12 метрге дейін жететін миндальды және карри эекалипттермен қатар лавр, араукария, ағаш тәрізді папоротниктер, лианалар өте көп. Тау ормандары 1700 – 1900 м биіктікте бұталы эвкалипттерге, одан жоғарыда қатты жапырақты астық тұқымдастар мен күрделі гүлділерден құралған «қар шөбі» деп аталатын альпі шалғынына ауысады. Таудың батыс беткейінде шар және қолшатыр тәрізді эвкалипттерден тұратын құрғақ эвкалипт ормандары тараған. Ал Тасмания аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым. Мұнда Антарктида материгі Аустралиямен бірге болған кезеңнен бері сақталып қалған мәңгі жасыл оңтүстік шамшат ағашы және каллитристер эвкалипттермен қатар өседі. Ормандар жануарлар дүниесіне бай. Мұнда ағаш кенгуруы, ірі тау кенгуруы, вомбат, жалқау қалталы аю (коала), ұзын тұмсықты ехидна, әдемі қауырсынды тоты құстар, жұмақ құстар, лирақұйрық, қарақу, биіктігі 1,8 метрге жететін ұшпайтын қазуар құсы мекендейді. Тасмания аралында Аустралиядағы бірден – бір жыртқыш аң тасмания қалталы құбыжығы мен киви қоқыс тауығы кездеседі.

Еуропалықтардың Аустралияға қоныс аударуына байланысты көптеген өсімдіктер мен жануар түрлері сырттан әкелінді. Оларға астық дақылдар мен арамшөптер, жеміс ағаштары, емен, терек сияқты жалпақ жапырақты ағаштар, үй жануарлары, қоян, ит, түлкі, егеу – құйрық және т.б. жатады. Жыртқыштардың болмауына байланысты көбейіп кеткен үй қояндары адамның бақылауынан шығып, жайылымдарды, егістіктер мен ормандарды күннен – күнге отап тоздыруда. Ал иттердің тез өскені сонша, жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшырататын жыртқыш дингога айналған. Аустралияға сырттан әкелінген жануарлардың шамадан тыс көбеюі материктегі экологиялық тепе – тендікті бұзды.

Эвкалипт ағашының жапырағында тез тұтанатын эфирмайы көп болады. Сондықтан Аустралияның ыстық, құрғақ климаты жағдайында эвкалипт ормандары жиі өртеніп кішіреюде. Саванна мен сирек ормандар зонасы жаппай жыртылған және жайылымдық жерлерге айналған. Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйе құсы мен кенгуру бейнеленген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық бейнелері күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

2.Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел - Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша дүние жүзінде 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Қазіргі кездегі хал-қының саны 18 млн. адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалаудағы ірі қалаларда түрады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1%-ын ғана күрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан өлдеқайда көп. Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары аркылы бөлінетін 200-ден аса тайпалардан қүралған. Олар экваторлық қара нәсілдің Аустралиялык тобына жатады. Өңі қара-кошқыл.. бүйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Еуропалықтар қоныс аударғанға дейін байырғы халық егіншілікпев де, мал шаруашылығымен де айналыспаған. Олар аң аулап, жеуге жарамды жабайы өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Аборигендег аңшылык кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылы қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған таяқ түрінде болады Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей калса, аңшы-ның қолына қайтып келеді. Аборигендер табиттііеи етене жакьіі: болған. Олар көбінесе материктің табиғаты колайлы шығыс бөлігіг мекендеген.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардын үрпақтары нан материктің келімсек халқы - Аустралиялыцагылшындарка.лът тасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеі ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервацияларға кешірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің калыптасқан өмір салтын сақтап қалған.

Аустралия Одағы - шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алу ан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен таукен өнеркәсіб қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегн дайындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде.



Бақылау сұрақтары:

1.Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

2.Скрэб дегеніміз не?

3.Материк табиғатына кері әсер етіп жатқан қандай жағдайларды білесіңдер?

4. «Абориген» ұғымы қайдан шыққан?

5. Аустралияның қазіргі халқы қалай қалыптасқан?

6. Еуропалықтар материкке сырттан қандай өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін әкелген?

105- сабақ



Тақырыбы: Тынық мұхит және Мұхит аралдары

Жоспар:

1.Тынық мұхит

2.Географиялық орны

3.Зерттелуі.

4.Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

5.Мұхит аралдары

6.Халқы мен елдері

Сабақтың мақсаты: Тынық мұхитты және мұхит аралдарын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Тынық мұхит - дүние жүзіндегі ең үлкен және ежелгі мұхит. Тынық мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте күрделі болуымен, жиі қозғалғыштығымен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну құбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдарының көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Тынық мұхиттың ауданы — 178,6 млн. км. Оның айдынына Жер шарындағы барлық материктерді сыйғызуға болады;

Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км-ге жетеді;

Тынық мұхиттағы судың көлемі 710 млн. км3-ге тең, бұл Дүниежүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды;

Тынық мұхитта Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі -

Мариана шұңғымасы (11022 м) орналасқан. Мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық;

Тынық мұхит - ең жылы мұхит, оның суының орташа температурасы +19,4°С;

Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

2.Географиялық орны. Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан бас-қа барлық материктердің жағалауларын шайып жатыр. Мұхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мұнда жағалық теңіздер мен ірілі-ұсақты шығанақтар бұғаздар өте көп (картадан оларды анықтаңдар). Олардың көпшілігі (қай теңіздер?) материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер (қай теңіздер?) литосфералық тақталарды жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мұхитта аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

3.Зерттелуі. Тынық мұхиттың ашылуы және зерттелу тарихын Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері" тақырыбынан оқып танысқансыңдар. XIX ғасырда арнайы жасақталған Ресейдің Витязь", ағылшындардың "Челленджер" ғылыми зерттеу кемелері Тынық мұхит табиғаты туралы көптеген жаңа мәліметтер жинақтады. Тынық мұхит табиғатын зерттеу мақсатында Ресейдің ХІХ ұйымдастырған 40-тан астам ғылыми-зерттеу экспедицияларының жинақтаған мәліметтері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Тынық мұхит табиғатын нақты, ғылыми тұрғыдан зерттеу тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін XX ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мұхит пен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы саяхатын 1947 жылы бальс ағашынан жасалынған жеңіл "Кон-Тики" салымен Перу жағалауынан бастаған атақты норвег саяхатшысы Тур Хейер-дал Тынық мұхит пен Мұхит аралдары табиғатының құпияларын ашуға арналған өз зерттеулерін әлі күнге дейін жалғастыруда.

1943 жылы француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен алғашқы аквалангтың жасалынуы мұхит табиғатын зерттеудегі зор жетістік болды. Акваланг киген ғалымдар су астында ұзақ уақыт емін-еркін жүзіп, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. Кусто және оның командасы "Калипсо" ғылыми-зерттеу кемесімен әлі де мұхит айдынында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мұхит табиғаты жайлы қызғылықты фильмдер топтамасын жасауда.

1957 жылы Ресейдің "Витязь" ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі - Мариака шұңғымасын ашты. Қазіргі кезде Тынық мұхит табиғатын зерттеу арнайы құрылған халықаралық ұйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит литосфералық тақтасында орналасқан.

Ұзақ даму тарихы бар бұл литосфералық тақта өте күрделі құрылымдардан тұрады. Мүхиттық тақтаның көршілес жатқан материктік тақталармен жымдасқан жері мұхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді. Бұл бөлік терең мұхит шұңғымаларынан, аралдар доғасынан, шеткі теңіздердің қазаншұңырларынан тұрады. Аралдар доғасы мұхит түбінен атқылаған жанартаулардан пайда болған, ол Тынық мұхит жағалауларында "Отты шеңбер" деп аталатын жанартаулар жүйесін құрайды. Тынық мүхит табанының басты ерекшелігі - оның ең терең бөліктерінің аралдар доғасы мен материк жағалауын бойлай орналасқан шұңғымаларға сәйкес келуі. Материктік қайраң Азия мен Аустралия жағалауларында ғана жақсы дамыған. Ал өте жіңішке, тік болып келетін материктік беткей сатылы түрде тереңдеп, қазаншұңқырларға ұласады.

Тынық мұхит табанындағы өте үлкен қазаншщқырлар жекелеген таулар мен су асты жоталары арқылы белініп жатыр. Қазан шұңқырлардың орташа тереңдігі 6000-8000 м аралығында болады. Шығысында орналасқан Шығыс Тынық мұхит су асты жотасы су асты жоталарының дүниежүзілік жүйесіне кіреді. Жекелеген су асты жоталарының саны 10 мыңнан асады, олардың басым көпшілігі жанартау атқылауы нәтижесінде қалыптасқан. Жоталардың су бетіне шыққан бөліктері аралдарды құрайды. Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобы - Гавай аралдары.

Тынық мұхиты солтүстік полярлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суларынан құрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судың температурасы мұхиттың солтүстігіне қарағанда оңтүстігінде төмен болады. Өте үлкен аймақты алып жатқан Тынық мұхит айдынында судың беткі температурасы полярлық ендіктердегі -1°С-тан экватор маңында +29°С-қа дейін өзгереді.

Мұхиттағы пассаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауында муссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мұхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық, әрі құрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің ұзақ уақыт қатып жатуына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мұхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеуде жаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді. Әсіресе жолында құрлық кездеспейтін оңтүстік қоңыржай ендіктерде ершелене соғатын бұл желдер дауылға айналып, биіктігі 25-30 м-ге жететін жойқын толқындар пайда болады. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері батыс желдердің жолында жатқан материктердің қоңыржай белдеулерінің батыс жағалауларында байқалады. Тынық мұхит бетінен буланудан гөрі түсетін жауын-шашын мөлшері көбірек болғандықтан, судың беткі қабатының тұздылығы басқа мұхиттармен салыстырғанда тәмен болады.

Тынық мұхиттағы беткі ағыстардың таралуын 28-сурет бойынша анықтап, жылы және суық ағыстардың жағалаудағы материктер табиғатына тигізетін әсерін түсіндіріңдер.

4.Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы - өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін балықтардың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз қабыланы, теңіз қабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95%-ы Тынық мұхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесі бай болады (не себепті?).

Екі жарты шар тропиктері арасында жатқан Зонд аралдары мен Аустралия жағалауындағы қайраңдарда ірі маржандық рифтер кездеседі. Рифтер пішіндері мен түстері жағынан бір-бірін қайталамайтын таңғажайып маржандық құрылымдарды түзеді. Олардың арасында әр түрлі бақалшақтар, тікентерілілер, шаянтәрізділер көптеп кездеседі. Мұхиттың экваторлық аймағындағы ашық бөлігінде ірі жыртқыш балықтар, ұшқыш балықтар, акуланың бірнеше түрі, кашалот тіршілік етеді. Осындағы қос жақтаулы алып бақалшақ – тридакнаның өзінің салмағы 300 кг-ға жетеді.

Оңтүстік Америка жағалауындағы жылы және салқын мұхит ағыстары түйісетін тропиктік белдеудің сулары балыққа ерекше бай. Мұнда майда шабақ тәріздес анчоус балықтары, ставрида, скумбрия, ашық мұхитта киттер, теңіз мысықтар теңіз құндыздары, калъмарлар мен сегізаяқтар көп кездеседі. Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде өсетін ұзындығы 200 м-ге жететін қоңыр балдырлар жалпы балдырлар әлемінің алыбы болып табылады. Антарктида жағалауындағы суық суларда теңіз қабыланы, итбалықтар, алып көк киттер, жағалауларда пингвиндермен су құстарының бірнеше түрлері тіршілік етеді.

Тынық мұхит жағалауларында Жер шары халқының тең жартысы мекендейтін 50-ден аса ел орналасқан. Бұл елдердің халықтары ежелден-ақ мұхит байлықтарын пайдаланып келеді. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың тең жартысы Тынық мұхиттың үлесіне тиеді. Сонымен қатар мұхиттан әр түрлі бақалшақтар мен креветкалар ауланып, балдырлар мен теңіз орамжапырағы (капустасы) алынады. Көптеген елдер мұхит суынан түрлі пайдалы қазбаларды, ал мұхит қайраңдарынан мұнай өндіреді. Тынық мұхит арқылы материктерді жалғастыратын маңызды су жолдары өтеді, әсіресе материктерді бойлай жүзетін кеме қатынасы жақсы жолға қойылған.

Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану, сулардың мұнаймен, радиоактивті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. Әсіресе өнеркәсібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда ластану дәрежесі жоғары. Ластанған сулар ағыстармен бүкіл мұхит айдынына таралады, тіпті Антарктида жағалауындағы жануарлардың денесінен зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының шамадан тыс ластануынан және шектен тыс аулаудың нәтижесінде ерекше теңіз жануарлары - су сиырлары жойылып кеткен. Қазіргі кезде теңіз мысықтары мен киттердің санының азаюына байланысты оларды аулауға тыйым салынған.


Каталог: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет