Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет18/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

6.Мұхит аралдары.Тынық мұхитта аралдардың көп екендігін алдыңғы тақырыптардан білесіңдер. Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн. км2 болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың коңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдары Меланезия ('қараарал-дар"), Микронезия ('кіші аралдар"), Полинезия ('көп аралдар") және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табитаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған (оларды картадан табыңдар).

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін теп-тегіс жазықтар алып жатыр. Аралдардағы жер бедерінің әркелкілігі және оларды құрайтын жыныстардың әр түрлілігі аралдардың қалыптасуы мен шығу тегіне байланысты болады.

Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі - Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық тақталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі - Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді. Доға жасап орналасатын геосинклиналдық аралдарды бойлай мұхит табанының терең шұңғымалары жатыр. Мысалы, Дүниежүзілік мұхиттың ең терең ойысы болып есептелетін Мариана шұңгымасы Мариана аралдары маңында орналасқан. Сонымен қатар, Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония сияқты ірі материктік аралдар да кездеседі. Судың температурасы жыл бойы жоғары болатын екі тропиктік сызық аралығында маржандық аралдар басым. Маржандық құрылымдар осы бөліктегі жанартаулық аралдардың түзілуіне де қатысады. Мұхит табанындағы қозғалыстар (жарықтардың пайда болуы, жанартау атқылауы, жер сілкінулер) нәтижесінде ұсақ жаңа аралдардың түзілуі немесе кейбір аралдардың жойылуы, цунами әсерінен қалыптасқан биік толқындардың маржандык құрылымдарды шайып кетуі - Мұхит аралдарына төн құбылыстар қатарына жатады.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктердегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Ірі материктік аралдар – ЖаңаГвинея мен Жаңа Зеландия географиялық орнының айырмашылықтары мен жер бедеріне сәйкес өзіндік табиғат ерекшеліктеріне ие болады. Жаңа Гвинея өсімдігінің түр құрамы жағынан Азияға, ал жануарлар дүниесі жөнінен Аустралияға ұқсайды. Өсімдіктерден саго, пандан және кокос палъмасынан тұратын орман, ал оңтүстігіндегі жазықтарда Аустралиялық казуарина, эвкалипт, акация өсетін саванна таралған. Жануарлардан кенгурудың бірнеше түрі, кускус, қалталы борсық, ехидна, казуар, какаду, жұмақ құстары, кесірткелер мен тасбақалар мекендейді. Ал жер бедері таулы болып келетін Жаңа Зеландия аралдарында гейзерлер мен қазіргі мұздану таралған, тіршілік дүниесі эндемиктерге бай. Діңі 3 метрге жететін жаңа зеландия қарағайы мен қызыл, сары, аққарағайлар, жаңа зеландия зығыры сияқты өсімдіктер мен аралдарды мекендейтін құстардың 250 түрі басқа ешбір жерде кездеспейді. Жаңа Зеландияда сүт қоректілер, бауырымен жорғалаушылар мүлде жоқ. Еуропалықтар мұнда жануарлардың 54 түрін әкелген, олардың көбісі жабайыланып, жергілікті табиғатқа зиян тигізуде.



7.Халқы мен елдері. Адамдар Мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдарды қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Аралдықтардың тұрмыс-тіршілігі ежелден-ақ теңізде жүзумен байланысты болған. Сондықтан да олар өте жылдам, оңтайлы жүзетін жеңіл қайықтар (каноэ) жасауды шебер меңгерген. Мұхит аралдарының негізгі халқы - папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н. Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Байырғы халықтар бір-бірінен сыртқы пішіні мен тілдік ерекшеліктері, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері жөнінен айырмашылық жасайды. Жаңа Гвинея мен оған таяу жатқан аралдарда экваторлық нәсілге жататын папуастар тұрады. Олардың өңі қара, қалың бұйра шашты, ұзын бойлы, денелері шымыр әрі куатты келеді. Ал Жаңа Зеландия мен оған жалғас жатқан аралдарда ерекше полинезиялык топқа жататын байырғы жаорц халқы тұрады. Олардың әңдері анағұрлым ақшыл болып келеді. Байырғы халықтардың саны дамыған елдердің отаршылдық саясатының нәтижесінде азайған.



Бақылау сұрақтары:

1.Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі



2. Мұхиттық аралдардағы халықтардың тұрмыс тіршілігін зерттеген кім?

3. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне қарай мұхит аралдарының бөлінуі атаңдар.


106- сабақ

Тақырыбы: Антрактида.Табиғаты

Жоспар:

1.Материктің табиғатындағы ерекшеліктері

2.Географиялық орны

3.Ашылу және зерттелу тарихы



Теориялық мәлімет:

Жер көлемі және шельфтер – 13975 км2.

Аралдар ауданы – 90000 км2.

Мұздықтық шельф ауданы – 930000 км2.

Ең солтүстік нүктесі –Антарктика түбегі (63° 14° о.е., 57° 1Г б.б.).

Ең ірі аралдары (км2): Кергелен – 7000,

Оңтүстік Шотланд – 4300,

Оңтүстік Георгия – 4200.

Ең биік нүктелері (м):

Винсон тауы – 5140,

Джексон – 4191,

Минто – 4163,

Мензис – 3355,

Эребус жанартауы – 3794.

Ең төмен жері (м): Бентли ойысы —2555.

Еңтөмен температура ( – 89,2°С) Восток станциясында тіркелген.


1.Антрактида -Жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антрактиканың орталығында орналасқан бірден-бір материктің солтүстік поляр аймағына қарама – қарсы орнын дәл бейнелейді. Материк ауданы 12,4 млн. км, - ге жуықтайды.

Антрактиданың географиялық орнына байланысты мынадай табиғат ерекшеліктері бар:

Жерінің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең калың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

Антарктида - Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн. км3, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

Антарктида - Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2°С) тіркелген;

Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсонтауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері - Бентлиойысы{- 2555 м);

Антарктидада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);

Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына біррет қана байқауға болады.

2.Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды (картадан қараңдар). Антарктикаға жалғас жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтармен құрсалған.

Қайраңдық мұздықтардың ең үлкен белігі Уэдделл және Росс теңіздерінде жатыр. Антарктида жағалауын бойлай жіңішке материктік қайраң созылып жатыр. Қалың мұз жамылғысы әсерінен жер қыртысы қатты майысқан, қайраңдардың тереңдігі 500 метрге жетеді. Антарктида жағалаулары биік, тік мұзды жарлардан тұрады, онша тілімденбеген. Мұнда бір ғана Антарктида түбегі орналасқан. Материк пен оған жалғас жатқан үш мұхиттың шеткі сулары аралдарымен қоса Антарктиканың құрамына кіреді (қартадан қараңдар).



3.Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктида - ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф. Ф. Веллинсгаузен мен М. П. Лазарев басқарған "Восток" және "Мирный" желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиданың ашылған күні болып табылады.

Материктің орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске норвег Руаль Атундсен 1911 жылы 14 желтоқсанда, ал ағылшын Роберт Скотт бір айдан кейін, 1912 жылдың 18 қаңтарында жетті. Бұл география тарихындағы ең үлкен жаңалық болып саналады. Саяхат барысында ғалымдар Антарктида материгінің орталық бөлігінің табиғаты туралы көптеген құнды мәліметтер жинақтады. Антарктиданың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңайға түскен жоқ. Ит жеккен шанамен жүрген Р. Амундсен экспедициясы 99 күннен кейін аман-сау қайта оралды. Ал Р.Скотт пен оның серіктері моторлы шанамен шыққандықтан қайтар жолда қайғылы қазаға ұшырады.

XX ғасырдың бірінші жартысында АҚІП, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зертеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырды. Ол зерттеулер тек жағалаулармен ғана шектеліп отырды, ал материктің ішкі аудандары беймәлім қалпында қалып қойды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар материкті бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс пен геомагниттік, "Аяқ жетпес" полюстерге жорықтар жасады, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Қатал климат жағдайында зерттеушілер бір жылдан артық жұмыс жасай алмайды. Соңғы жылдары Антарктидада жүзден астам ғылыми-зерттеу орталықтарында 16 елдің зерттеушілері өзара байланыста бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізуде. Халықаралық келісім бойынша Антарктида материгінде ешқандай әскери сипаттағы шаралар, ядролық қаруларды сынау жұмыстарын жүргізуге тиым салынған. Антарктида табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиданы ғылыммен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ержүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктида табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары:

1.Антарктида материгі қашан ашылды, оны кімдер зерттеді?

2.Оңтүстік полюске кімдер және қашан барды?

3.«Оңтүстік мұхит» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Мұздың қалыңдығы қанша?

5.Тасты Антарктида дегеніміз не?

107- сабақ

Тақырыбы: Антарктиданың табиғаты

Жоспар:

1. Антарктиданың табиғат жағдайлары

2. Антарктиданың климаты

3. Антарктиданың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі



Сабақтың мақсаты: Антарктиданың табиғат жағдайларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Зерттеушілердің қатал климат жағдайындағы теңдессіз еңбектері нәтижесінде Антарктиданың ғылымға белгісіз көптеген құпиялары ашылды. Антарктида материгін қалың мұз жамылғысымен қосып, Мұзды Антарктида деп атайды. Жаппай мұз басу Антарктида Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезден басталған. Мұздың орташа қалындығы 1720 м шамасында, ең қалың жерлері 4300 м – ден асады. Мұз жамылғысымен қоса есептегенде материктің орташа биіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе артық. Антарктиданы жауып жатқан мұз қалқанының орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі, шет жағына қарай жұқарып аласарған күмбезге ұқсайды. Егер осы мұздарды ерітетін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі 62 м – ге көтерілген болар еді.

Мұз астында жатқан материк бөлігін Тасты Антарктида деп атайды. Оның негізін гондваналық Антарктида платформасы құрайды. Оған батыс бөліктен Анд қатпарлы жүйесіне жататын Антарктида түбегі жалғасады. Олардың жымдасқан бөлігінде қазіргі жер бедерінің көтерілуіне себепші болып отырған жанартаулар тізбегі жатыр. Росс теңізі жағалауында сөнбеген Эребус жанартауы орналасқан. Бұл тау түзілісінің әлі де жүріп жатқанын көрсетеді.

Материк жер бедерінін, ерекшелігіне қарай Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөлінеді. Батыс Антарктиданың жер беті өте күшті тілімденген, көпшілік бөлігі мұз салмағынан қатты майысқан ойыстардан тұрады. Материктің теңіз деңгейінен биік және ең төмен жатқан нүктелері осында орналасқан. Ал Шығыс Антарктидадағы қалың мұз жамылғысымен жабылған жазық жерлер биіктігі 3000 – 4000 м – ге жететін таулармен алмасады. Таулардың тек ең биік шындары ғана жер бетіне шығып жатыр.

Антарктидадағы пайдалы қазбалары әлі де болса толық зерттелмеген. Қазіргі танда материк қойнауында тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран және түсті металдардың қоры бар екендігі анықталып отыр.

2.Антарктида – жер шарындағы ең суық материк. Әсіресе ішкі аймақтардың климаты ерекше қатал. Ондағы қысқы орташа температура – 60°, – 72°С – қа дейін, ал жаз кезінде – 30°, – 50°С аралығында болады. «Восток» станциясында полярлық зерттеушілер жер шарындағы ең төмен температураны ( – 89,2°С) тіркеген. Сондықтан осы станция жер шарының суық полюсі деп аталады. Мұндай өте төмен температура жағдайында металл шыны сияқты сынады, адамдардың өкпесі мен көзінің жұқа қабығы үсінеді, тістің жылтыр қабаты шытынайды. Сол себепті сыртта жұмыс істеу үшін дене температурасын қалыпты жағдайда ұстай алатын киімдер киюге тура келеді. Температураның осыншама төмен болуы материктің тек географиялық орнына ғана емес, материк бетін жауып жатқан мұз жамылғысына да байланысты. Мұз жамылғысы әсерінен күн сәулесінің 90% – на жуығы кері шағылатындықтан, 186 күнге созылатын поляр күндері кезінде де материктің ішкі бөліктері жылына алмайды.

Қатты суынған және төмендеген ауа ағынының салдарынан материктің ішкі бөлігінде жоғары атмосфералық қысым орталығы қалыптасады. Осы орталықта өте суық, құрғақ антарктикалық ауа массалары түзіледі. Атмосфералық қысымы жоғары Антарктиданың ішкі аймақтары мен материкке ұласатын мұхиттар үстінде температура мен қысым айырмашылығы өте үлкен болады. Сондықтан материктің ені 600 – 800 км – лік жағалық алабында тұрақты желдер соғып түрады. Оларды ағынды желдер деп атайды. Жағаға жақындаған сайын олар күшейіп, кейде дүлей дауылға айналып кетеді. Бұл желдер материктен мұхитқа орасан мол қарды ұшырып әкетеді де, қыста теңіздерді жаппай мұз басады. Суға сырғып түскен материктік мұз жарылып сына бастайды да, біртіндеп зор қалқымаларша уларға айналады. Мұзтаулар көлеміне сәйкес он шақты жылдар бойы мұхит суларында қалқып жүреді.

Антарктида түбегімен жағалық суларға қыста Антарктидадан келетін суық ауа, ал жазда қоңыржай ендіктерден келетін салқын, ылғалды ауа массалары ықпал ететіндіктен, субантарктикалық климат қалыптасады. Жазғы ауа температурасы 0°С – қа дейін көтеріледі, тек қар күйіңде түсетін жылдық жауын – шашын мөлшері орталық бөлігіндегі 50 мм – ден жағалауларда 700 мм – ге дейін артады.

3.Табиғат жағдайының қаталдығына сәйкес Антарктида материгінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жоққа тән. Сондықтан қалың мұз жауып жатқан құрлықтың басым бөлігі антарктикалық шөл зонасына енеді. Материктің мұздан бос жағалық бөліктері мен аралдарында ғана мүк, қына және ұсақ балдырлар өседі. Антарктикалық жаз кезінде кейбір жағаға жақын биіктеу жерлердің беті қардан арылып, тез жылынып үлгереді. Мұндай бөліктерді антарктикалық шұрат деп атайды. Мұздан босаған жер беті жылуды бойына тез сіңіретіндіктен, шұраттарда өзіндік климаттық жағдай қалыптасады. Еріген мұз суынан көлдер пайда болып, онда ұсақ балдырлар өсе бастайды. Көлдер үстінде судың булануынан шағын бұлттар түзіледі. Шұраттардың ауданы онша үлкен болмайды. Антарктида жағалауындағы сулар ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығынан тұратын планктонға бай. Планктон киттердің, итбалықтардың, балықтар мен құстардың негізгі қорегі болып табылады. Антарктика суларында құстардың 13 түрі, ит балықтардың 5 түрі, көк киттер, кашалоттар мен косаткалар мекендейді. Материк жағалауында құстардың ерекше түрі пингвиндер көп таралған. Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны адели деп аталатын кішкентай пингвин. Сонымен қатар салмағы 50 кг – ға жетегін, бойы 1 м – ден асатын өте әдемі император пингвині мекендейді. Жаз айларында материк жағалауларында дауылпаздар, теңіз шағалалары, су құзғындары ұя салады. Антарктида мен оның жағалық суларында тіршілік ететін жануарлар қорғауға алынған. Ертеректе гондваналық материктермен бірге болған кезеңдерде Антарктидада өте алуан түрлі тіршілік дүниесі болған. Оған мұз астынан табылған мәңгі жасыл өсімдіктер мен ежелгі жануарлардың қалдықтары дәлел болып отыр.

Атмосфераның жалпы ластануы әсерінен Антарктида мұздарының жедел қарқынмен еруі мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар Жерді ғарыштан келетін зиянды сәулелерден қорғайтын атмосферадағы озон қабатының Антарктида үстінде жұкарып сөгілгендігі де анықталып отыр. Бұл құбылыстың одан әрі күшеюі Жердегі тіршілікке зор қауіп төндіреді. Антарктида табиғатын зерттеушілер бұл апатты құбылыстарды тоқтату шара – ларын карастыруда.



Бақылау сұрақтары:

1.Антарктиданың мұз астындағы жер бедері қандай?

2.Антарктида климатына тән қандай ерекшеліктерді атай аласыңдар?

3.Антарктида материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?



11.ОБТӨЖ мәтіндерінің жоспары



Р/с



ОБТӨЖ тақырыптары


Сағат саны




Бақылау түрі


Әдебиеттер

І-семестр

1

Географияның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


2

Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

3

Тұрған жерді және жүру бағытын компаспен анықтау

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


4

Айнала нысаналау әдісі

1


Тестілік

сауалнама



1,2,3,4,5,6,

7,8


5

Жер бетін жазықтыққа жазып бейнелеу әдістерінің көп түрлілігі

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


6

Карталардың мазмұнын қарай жіктелуі

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


7

План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


8

Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


9

Тау жыныстары және минералдар

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


10

Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


11

Қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулар

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


12

М Мұхит түбін зерттеу.

1


Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


13

Атмосфераны зерттеу жолдары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


14

Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көп жылдық орташа температура

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


15

Бұлт және оның түрлері

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


16

Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

17

Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы.

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


18

Табиғаттағы су айналымы.Кіші және үлкен су айналымдары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


19

Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


20

Көлдердің шаруашылық маңызы

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


21

Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар


1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


22

Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


23

Тропиктік және субтропиктік белдеулер

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


24

Таулардағы биіктік белдеулер

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


25

Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


26

Қазақстан тәуелсіз мемлекет

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


27

Картографиялық проекциялар


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


28

Жер бедерінің ішкі және сыртқы күштері

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


29

Ауа массалары мен басым желдер

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,7

30

Су массалары. Беткі ағыстардың таралуы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,7

31

Географиялық қабық заңдылықтары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


32

Адамзаттың Еуразия материгін қоныстануы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

33

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


34

Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшелігі

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


35

Еуразияның ішкі сулары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


36

Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зона­лары

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


37

Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


38

Солтүстік Еуропа елдері

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


39

Оңтүстік – Батыс Азия елдері


1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


40

Орталық және Шығыс Азия елдері


1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


41

Материктің ашылу және зерттелу тарихы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


42

Солтүстік Америка материгінің Еуразиядан басты айырмашылығы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


43

Арктикалық шөл зонасы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


44

Канаданың табиғат жағдайы мен халқы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


45

Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхитар

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


46

Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары


1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

47

Оңтүстік Американың табиғат зоналары


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


48

Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауындағы табиғат зоналары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


49

Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер


1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


50

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


51

Африканың ішкі сулары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


52

Африканың табиға зоналары

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


53

Батыс,Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


54

Аустралия климаты және ішкі сулары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


55

Тынық мұхит және Мұхит аралдары

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


56

Антарктиданың табиғат жағдайлары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


57

Қазақстан аумағының уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


58

Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


59

Ұлы Жібек жолы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


60

Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


ІІ-семестр

61

XVI-XIX ғасырлардағы Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


62

ХХғ. 30-40 жылдары Қазақстанда географиялық зерттеулері

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

63

Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


64

Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


65

Аласа таулы өлкелер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


66

Қазақстанның пайдалы қазбалары.Жанатын пайдалы қазбалары

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


67

Қазақстанның климаты. Атмосфераның циркуляциясы.Ауа массалары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


68

Республиканың жазық және аласа таулы бөлігіндегі жауын –шашынның таралуы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


69

Қазақстанның өзендері

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


70

Тектоникалық көлдер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


71

Арал теңізі. Балқаш көлі

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


72

Қазақстанның топырақ жамылғысы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


73

Орманды дала және дала зоналары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


74

Шығыс Еуропа жазығы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


75

Солтүстік Қазақстан жазығы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


76

Оралдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын,табиғат жағдайлары

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

77

Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


78

Тянь – Шанның жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


79

Қазақстанның экологиялық проблемалары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


80

Қазақстан қорықтары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


81

Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


82

Қазақстан халқының тығыздығы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


83

Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы, өнеркәсіп құрылымы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


84

Қазақстанның энергетика шаруашылығы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


85

Қазақстанның ауыр түсті металдар металлургиясы және жеңіл түсті металдар металлургиясы

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


86

Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


87

Қазақстанның құрылыс материалдар өнеркәсібі

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


88

Қазақстанның өсімдік және мал шарушылығы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


89

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптің салалары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


90

Қазақстанның әлеуметтік инфроқұрылым салалары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


91

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


92

Қазақстанның Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

93

Қазақстанның Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


94

Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


95

Дүние жүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен халықаралық ұйымдары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


96

Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтар

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


97

Табиғат ресурстары және олардың түрлерін

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


98

Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


99

Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


100

Дүниежүзінің отын – энергетика балансы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


101

Ауыл шаруашылығының маңызы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


102

Дүниежүзілік шаруашылықта көліктің алатын орнын және маңызы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


103

Дүниежүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық байланыстардың алатын орны

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


104

Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


105

Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,7,8

106

Ресейдің экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

107

Беларусь Республикасы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


108

Украинаның физикалық –географиялық орны мен табиғат жағдайлары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


109

Молдова Республикасы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


110

Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


111

Өзбекстан Републикасы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


112

Тәжікстан Републикасы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


113

Түрікменстан Републикасы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


114

Қырғызстан Републикасы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз