Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет4/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

2.Материктер мен аралдар, дүние бөліктері. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн. км2-ге тең. Ол мате-риктер мен мұхиттарға бөлінген. Құр-лықты күрайтын материктер мен арал-дар үлесіне шамамен 149,1 млн. км2 не-месе бүкіл Жер бетінің 29,2 %-ы (пайы-зы) келеді. Жер шарында барлығы алты материк бар. Окулықта материк-тер калыптасуы мен казіргі табиғат ерекшеліктеріне сөйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай төртіппен қарастырылады: Еуразия, Солтүстік Америка (солтүстік жарты шар) және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида (оңтүстік жарты шар).

Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік бет-


кейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар - жер қыртысындағы
қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері,
көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ
аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі тем-пературасы +25°С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі ар-хипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка («Жаңа Дүние»), Америка («Жаңа Дүние»), Аустралия, Антарктида.

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар — финикиялыктардың «эреб» - батыс, «асу»- шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, бір-тұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 361,1 млн. км2, бұл Жер беті ауданының 70,8 % -ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлі-неді: Тынық, Атплант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі — Тынық мұхиттағы Ма-риана шұңғымасы (11 022 м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.

3.География ғылымы адамзаттың тарихы мен мәдениетінің қалып-тасуымен, тұрмыс-тіршілігімен және қоршаған мекен ортасын танып-білуімен тығыз байланысты. Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық құрылыс кезінен-ақ жинақтала бастады. Жазудың пайда болуы географияның ғылым ретінде қалыпта-суына зор ықпал етті. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды. Сондықтан географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары Месопатамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтармен нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бас тады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми иегізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. Мұнда тұңғыш рет табиғат жағдайларының алуан түрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар Геродот сол кезеңде гректерге мәлім болған аймақтар және Каспий теңізі мен оның маңын мекендейтін сақтар жөнінде нақты мәліметтер келтірген. Ежелгі грек ғалымы Аристотель Жердің шар тәрізді екендігі туралы Пифагордың түсінігін дамытып, ғылыми түрде негіздеді. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған. Ғалым сол кезде гректерге белгілі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын құрастырған. Эратосфсн «Географика» деп аталатын еңбегінде өзіне дейін Жер туралы белгілі болған мәліметтерді жинақтап, алғаш рет «география» ұғымын ғылымға енгізген. Сондықтан грек ғалымы Эратосфенді «География ғылымының атасы» деп атайды.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған. Ғалым Каспий теңізін Жерді айнала қоршаған төрт бұғаздың бірі деп түсініп, өз еңбектерінде оған сипаттама берген. Страбон географиядағы елтану бағытына негіз салған.

Орта ғасырдағы географиялық ашуларды бастаған арабтар Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарына дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады, математикалық географияның дамуына зор үлес қосты. Ал IX—XI ғасырлар аралығында Еуропаның солтүстігін мекендеген нормандар (викингтер) алдымен Исландия аралын ашып, оған қоныстанып, кейіннен Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауларына дейін жеткен. Жер туралы мәліметтер XIII ғасырда венециялық көпес Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтармен толықтырылды. Еуропалық саяхатшылар Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук XIII ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, құнды географиялық деректер жинақтаған. Сондай-ақ XV ға-сырдың екінші жартысында тверлік көпес Афанасий Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.

Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XV — XVIII ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады. Географиялық ашылулардың барлығы феодализмнің ыдырау кезеңінде жаңа жерлерді басып алып, өте қуатты капиталистік мемлекеттердің қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде мынадай басты географиялық ашылулар болды:

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашылуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп атаған аймаққа кейіннен тағы үш рет саяхат жасады; 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) портына келіп тоқтады, Үндістан мен Оңтүстік Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Калумб ашқан жаңа жерлерге 1499 - 1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи үш рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екендігін дәлелдеді. Кейіннен 1507 жылы Мартин Вальдземюллер Веспуччидің екі хатының негізінде «Космографияға кіріспе» деп аталатын еңбегін жариялады. Осы еңбегінде жаңа ашылған жерлерді Еуропа, Азия, Африкадан кейінгі төртінші дүние бөлігі ретінде Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атауды ұсынды. Ал 1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

1648 жылы Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік


Мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

XVII ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін ез атымен аталған аралды, XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығысжағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су менҚұрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді;

XVIII ғасырдан бастап экспедициялар арнайы ғылыми бағыттарға негізделіп, құрыла бастады. XIX ғасырдың басында ашылмаған
жерлер қатарына Арктика мен Антарктика ғана жататын еді;

XVIII ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В. Беринг пен А.И. Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдирын ашты;

•1803-1806 жылдар аралығында И. Ф. Крузенштерн мен К). Ф. Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

1819-1821 жылдар аралығында Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктида материгін ашты;

• 1909 жылы американдық Р. Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы норвек Р. Амундсен Оңтүстік полюске жетті;

XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты болды. П.П. Семенов-Тян-Шанский мен Н.М. Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеді. Орталық Азияны зерттеушілер қатары да қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов та бар. А. Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияның, Д. Ливингстон мен Р.Стенли Африка табиғатының көптеген құпияларын ашты. Орыс саяхатшысы Н.Н.Мию хо-Маклай 1870-1887 жылдары Тынық мұхит аралдары мен Жа Гвинея, Аустралия жағалауларында зерттеулер жүргізді. Өзі бес рет болған Жаңа Гвинеяның табиғаты мен ондағы жергілікті халық папуастардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинақтаған ғалымның ғылыми деректерінің маңызы әлі де зор.

XX ғасырдагы ірі жаңалықтар Антарктида материгінің табиғиты мен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерілік сиптымен байланысты болды. Әсіресе дәйекті зерттеулер 1957-58 жылдар аралығындағы Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Ол жұмыстардың нәтижесінде Антарктиданы толық сипаттайтын екі томдық атлас даярланды.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашылулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізілуде.



Бақылау сұрақтары:

1.Экватор мен бастапқы меридиан қандай материктер мен мұхиттарды кесіп өтеді?

2.Материк пен дүние бөлігінің бір- бірінен қандай айырмашылығы бар?

3.Жер туралы географиялық білімінің жинақталуының қандай кезеңдерін білесіңдер?

4. Материктер қандай ретпен, қашан ашылды және кімдер ашты?

5.География ғылымы үшін аса маңызды ашылуларды атаңдар.

6. Қазіргі географиялық зерттеулердің бағыты қандай?
52 -сабақ

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар картасы

Жоспар:

1.Картографиялық проекциялар

2.Тең бұрышты проекция

3.Тең ауданды проекция

4.Еркін алынған проекциялар

5.Карталардағы шартты белгілер

6.Карталардың бөлінуі

Сабақтың мақсаты: Картографиялық проекцияларды және карталардың белгісіне қарай бөлінуін қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Карта географиялық білімді қалыптастыру мен тереңдетудің маңызды құралы болып табылады.

Карта - математикалық заңдарға негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген көрінісі. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатынын білесіңдер. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Бұрмаланулар ұзындыққа, ауданға және пішінге, бұрышқа байланысты бұрмаланулар деп жіктеледі. Ірі масштабты топографиялық карталарда бұрмаланулар онша байқалмайды. Ал неғұрлым ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда бұрмалану мүмкіншілігі артады. Сондықтан бұрмалану мүмкіншілігін азайту мақсатында географиялық карталарда әр түрлі проекциялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды және еркін алынған проекциялар.

2.Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындығы мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. С'ондықтан мұндай проекциялар теңіз кемелері мен ұшақтардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланылады. Ал бұл картадан ауданды нақты анықтау мүмкін емес.

3.Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, географиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

4.Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмала нулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді. Бұрмаланушылық картаның бір бөлігінде мүлдем қалмаса, ал екінші бөлігінде, керісінше, бұрмаланушылық дәрежесі күрт артады. Еркін алынған проекциялар арасында тең аралық проекция кеңінен қолданылады. Онда белгілі бір бағытта: мередиан бойынша немесе параллельдер бойынша бұрмаланушылықтар мүлдем байқалмайды.

Проекциялар жазықтық бетіне көшірілу пішініне қарай да жіктеледі. Ең көп қолданылатын түрлері - цилиндрлік, конустық, конусты және азимуттық проекциялар. Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлдем байқалмайды да, алостерге карай артады. Экватор сызығы кесіп өтетін Африка мен оңүстік Америка материктерінің карталары, жекелеген аудандары да карталары да цилиндрлік проекция негізінде жасалады. Конуституциялық проскциялар солтүстік полюске жақын орналасқан Еуразия мен оңтүстік Америка материктерін карта бетінде бейнелеу барысында колданылады. Бұл проекция бойынша материктердің пішіндері мен аудандары біршама жақсы сақталғанымен, жоғары жатқан полюс аймақтары күшті бұрмалануға ұшырайды, карталардың орталық беліктерінде бұрмалану неғұрлым аз байқалады. конусты проекцияда карталарда көп пайдаланады. Онда материктердің пішіні жалпы сакталғанымен, орталық ауданы бұрмалануға ұшырайды. Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін колданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшін өте қолайлы проекция болып табылады.

Сендер алдыңғы сыныпта ендік, бойлық ұғымдарымен және гео-графиялык координатты анықтаумен таныстыңдар. Сол сияқты кар-таларда қолданылатын шартты белгілерді ажыратуды да үйрендіңдер. Материктер мен мұхиттардың карталарында шартты белгілердің не-ғұрлым күрделі жүйесі қолданылады.

5.Карталардағы шартты белгілер жүйесі картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады. Олар географиялық объектілердің орнын ғана көрсетіп қоймай, оның құрылымын, сандық және сапалық жағынан да толық сипаттайды. Шартты белгілер жүйесі карталарда қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Масштабтың немесе кескіндік шартты белгілер объектілердің мөлшерін карта масштабы бойынша дәл көрсетіп, бояулар мен сызықтар арқылы кескіндейді. Мысалы, карталарда әр табиғат зонасы, батпақ пен жылжымалы құмдар және т.б. өздеріне сәйкес шартты белгілермен бейнеленеді. Масштабсыз шартты белгілер жүйесі карта масштабына қатысы жоқ әр түрлі геометриялык, пішіндер, сызба-суреттер, әріптер және т.б. таңбалардың жиынтығынан тұрады. Мысал ретінде елді мекендер мен пайдалы қазбалардың арнайы белгілерін, жануарлар мен өсімдіктердің карта бетіндегі суреттерін айтуға болады. Сызықтық белгілермен карталарға өзендер, жолдар, байланыс жүйелері мен шекаралар белгіленеді. Олардың ұзындығы масштабқа сәйкес алынады, ал ені масштабсыз, еркін беріледі. Сонымен қатар карталарда түсіндірме белгілер мен жазба белгілер де кездеседі. Олар өзендердің ұзындығын, тау шыңдарының биіктігін, мұхиттар мен теңіздердің, көлдердің ең терең бөліктерін және т.б. көрсетеді.

6.Материктер мен мұхиттар географиясын оқып үйрену барысында кептеген карталар пайдаланылады. Өйткені сендер карта бойынша материктер мен мұхиттардың алып жатқан орнын, ондағы географиялык объектілердің (таулар, жазықтар, өзен-келдер және т.б.) орналасуын, табиғат кешендерінің ерекшеліктерін анықтай аласыңдар. Картаның көмегімен дүние жүзіндегі елдердің орналасуы мен халқының шаруашылық әрекетімен танысуға болады. Сондықтан карталар мазмұнын оқи білудің және олардың түрлерін ажырата алудың маңызы зор.

Карталар мынадай төрт белгісіне:

1) Қамтитын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карта-
лары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың
бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

2) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

3) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

4)Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары
мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар) қарай топ-
тастырылады.

Әр түрлі карталардың жиынтығынан тұратын оқу құралын атлас деп атайтынын білесіңдер. Материктер мен мұхиттар географиясына арналған карталар жиынтығынан тұратын атласпен жұмыс істеу барысында сендер алдыңғы сыныпта және осы тақырыпта берілген картографиялык мәліметтерге сүйенетін боласыңдар.

Карталардың маңызы оларда географиялық мәліметтердің жинақталуымен анықталады. Мазмұнына қарай барлық карталар жалпы географиялык және тақырыптық болып бөлінеді. Жалпы географиялық карталарда жергілікті жердің басты объектілері түгел және дәл бейнеленеді, бұған физикалық карталар мысал бола алады. Ал тақырыптық карталарда жекелеген компоненттері (жер қыртысының құрылысы, климат, топырақ, өсімдік), халықтардың орналасуы мен шаруашылық түрлері және т.б. беріледі. Тақырыптық карталардың мазмұны нақты бір құбылысты бейнелеуімен анықталады.тақырыптық карталардың маңызды бір тобы мұхиттық карталардан тұрады. Мұнда Дүниежүзілік мұхит суы және оның кұрамдас бөліктері, жағалық сызықтары, аралдары, мұхит табанының жер бедері, судың беткі температурасы мен тұздылығы, беткі ағыстары және тереңдіктері көрсетіледі. Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады. Материктер мен мұхиттар географиясында осындай карталар көп пайдаланылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Географиялық картаның жергілікті жер сұлбасынан айырмашылығы неде?

2. Масштаб деген не, оның қандай түрлері бар?

3. Картадағы бұрмаланулардың болу себептері неде?

4. Карталар қандай белгілеріне қарай ажыратылады?
Литосфера және жер бедері

53 -сабақ



Тақырыбы: Жер қыртысының құрылысы

Жоспар:

1.Материктік және мұхиттық жер қыртысы

2.Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте

3.Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары



Сабақтың мақсаты: Материктік және мұхиттық жер қыртысын қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Материктік және мұхиттық жер қыртысы. Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Құрамдас бөліктерінің түрліше болуына байланысты жер қыртысы материктік және мұхиттық болып бөлінеді. Олардың құрылысындағы айырмашылықтар айқын көрсетілген.

Ғалымдардың болжамы бойынша, алдымен мұхиттық жер қыртысы қалыптасқан. Жердің ішкі күштері әсерінен біртіндеп пайда болған жарықтар бойымен магмалық жыныстардың жоғары көтерілуінен жаңа қатты қабат пайда болып, жер қыртысын қалыңдатты. Бұл материктік жер қыртысының түзілуіне, құрлықтың қалыптасуына негіз болған.



2.Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі. Егер Жердің жасы шамамен 5 млрд. жылға жуық деп есептелінетін болса, жер қыртысынының қалыптасуынан кеткен уақыт 2,5-3,5 млрд. жыл шамасында. Оған жер қыртысынан табылған ежелгі геологиялық жыныстардың жасы дәлел болады. Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Грек тілінен аударғанда гео – жер, хронология – жыл санау деген мағынаны білдіреді.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы бес эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа аралық уақыттарына – дәуірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б. көрсетіледі.



3.Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары. Материктер мен мұхит қазаншұңқырларының қалыптасуы мен одан әрі дамуы жөнінде әр түрлі ғылыми болжамдар бар. Қазіргі кезде жер қыртысының құрылысы мен қалыптасуы кезеңдері литосфералық тақталар теориясы тұрғысында түсіндіріледі. Бұл ілім ХХ ғасырдың неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған болжамға негізделеді, бірақ ол кезде тақталарды қозғаушы күштердің шығу тегі белгісіз болатын.

Литосфералық тақталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның бөлігі жекелеген тақталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 аса ірі, ондаған кіші тақталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық тақталарға ажыратылады. Ірі литосфералық тақталардың көпшілігі материк пен лоарға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі тақталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Антарктидалық тақталар жатады. Олардың қалыңдығы шамамен 60-100 км-ге жетеді. Ал Тынық мұхиттық және Наска тақталары мұхиттық тақта болып табылады. Мұхиттық тақталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және неғұрлым қозғалмалы болып келеді. Тақталар бір-бірінен мұхиттағы су асты жоталары мен терең шұңғымалар арқылы бөлініп жатыр.

Тақталардың өзара әрекеттесуі жүретін мұндай аудандар құрлықта да кездеседі. Тақталардың сырғып, жылжуы мантияның тығыздығы төмен, иілгіш жоғарғы қабатындағы заттардың қозғалыстарысмен түсіндіріледі. Жоғары бағытталған бұл қозғалыстардың нәтижесінде жер қыртысында терең жарықтар пайда болады, олар әсіресе жер қывртысы жұқа болып келетін мұхит табандарында жиі кездеседі. Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарықтардың жиынтығы рифт деп аталады, бұл құрылымдар көбінесе мұхиттық тақталардың шеткі бөліктеріне сәйкес келеді.

Жарықтар бойымен Жер қойнауынан көтерілген ыстық магма есебінен жер қыртысы қалыңдап, мұхиттық тақталардың ауданы ұлғаяды. Бұл әрекет тақталардың ығысуына себепші болатындықтан, рифттер тақталарының ажырау шекарасы және мұхиттық жер қыртысының қалыптасуы ауданы болып табылады. Ал салмағы мен тығыздығы түрліше болатын материктік және мұхиттық тақталар шектескенде, мұхиттық тақта ауырдлығына байланысты майысып, материктік тақтаның астын сыналап енеді. Соның нәтижесінде мұхиттық тақталардың күшті майысуға ұшыраған бөліктерінде аралдар доғасы мен жағалық теңіздердің қазаншұңқырлары қалыптасады. Бұл заңдылық Тынық мұхиттық тақта мен Еуразиялық тақтаның әрекеттесу аймағында айқын байқалады (физикалық картадан осы аймақтағы терең шұңғымаларды, аралдар доғасы мен жағалық теңіздерді анықтаңдар). Ал кейбір материктердің жағалық бөліктерінде құрылымы күрделі биік тау жоталары түзіледі. Оған Тынық мұхиттық тақтасының Солтүстік және Оңтүстік Америкалық тақталарымен шектескен аудандарындағы Кордильера және Анд таулары мен оларға жалғасып жатқан шұңғымалар жүйесі дәлел болады. Материктік және мұхиттық литосфералық тақталардың шектесу аудандары тақталардың соқтығу шекарасы деп аталады. Екі материктік тақтаның жанасқан аудандарында олардың шеткі бөліктері өзара соқтығысу нәтижесінде сығылып, қатпарлануға ұшырайды. Дүние жүзіндегі ең биік Гималай таулары Еуразияға Үндістан тақтасының соқтығысуы нәтижесінде түзілген. Литосфералық тақталар теориясына сәйкес, материктер мен мұхиттардың пішіні мен аумағы геологиялық уақыт аралығында өзгерістерге ұшырап отырады.

Бұл литосфералық тақталардың бағыты мен жылдамдығына тәуелді. Мысалы, Тынық мұхиттық литосфералық тақта жылына 10-11 см жылдамдықпен Еуразия тақтасына жақындай түссе, керісінше Қызыл теңіз табаны мен Арабия тақтасы жылына 5 см жылдамдықпен Африка тақтасынан қашықтай түсуде. Болашақта осы тектес қозғалыстар нәтижесінде материктер мен мұхиттардың қазіргі орны мен пішіндері өзгерістерге ұшырайтындығы жөнінде ғылыми болжамдар бар. Литосфералық тақталар қозғалысы нәтижесіндеғ ежелгі біртұтас Пангея (гректің «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан) құрлығы Лавразия мен Гондвана материктеріне ажырады. Кейінгі қозғалыстар олардың қазіргі материктерге бөлшектенуіне және мұхит табандарының ашылуына себепші болды. Лавразия құрамында Еуразия мен Солтүстік Америка материктері ұзақ уақыт бірге болған. Ал Гондвана Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия мен Антарктида материктерінің жиынтығынан тұрды. Сондықтан Лавразиялық және Гондваналық материктердің табиғат жағдайлары бір-бірінен елеулі айырмашылық жасайды.

Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері – платформалар құрайды. Олар жасына байланысты ежелгі және жас платформалар болып бөлінеді. Негіздері архей-протерозой эраларында қалыптасқан құрылымдар ежелгі платформалар деп аталады. Оларға Шығыс еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка, Аустралия және т.б. платформалар жатады. Ежелгі платформалардың негізін құрайтын қатты кристалды жыныстардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі қалқан деп аталады. Бұл жыныстардың абсолюттік жасы 3-3,8 млрд. жыл шамасында болады. Ірі қалқандарға Канада, Балтық, Алдан қалқандары мысал бола алады. Ал палезой эрасында көтерілген жер қыртысының неғұрлым тұрақты бөліктері жас платформаларды құрайды. Оларға Батыс Еуропа. Батыс Сібір, Тұран және т.б. құрылымдар жатады. Ежелгі және жас платформалардың әр түрлі жастағы және платформалардың әр түрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді жыныстар қабаты жауып жатқан бөлігін тақта деп атайды. платформалық құрылымдарға көбінесе жазық жер бедері сәйкес келеді.

Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады. Қазіргі кезде аласарып, мүжілген ежелгі таулар да, биік таулар да кезінде геосинклиналдық аймақтарға жатақан. Бұл аймақтарда да қазіргі геосинклиналдардағы сияқты күшті тау жасалу, жанартау атқылауы қарқынды жүрген. Біртіндеп ішкі күштер әрекетінің бәсеңдеуі нәтижесінде таулар сыртқы күштер әсерінен үгіліп, аласарған. Ал қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс ТЫнық мұхиттық белдеулер жатады. Олар литосфералық тақталардың шектескен аудандарына сәйкес келеді. Осы аталған ірі сейсмикалық белдеулер бойында сөнбеген жанартаулар орналасқан және жер сілкінулер жиі байқалады.

Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған. Қосарбеттегі «Жер қыртысының құрылысы» деп аталатын тақырыптық картада литосфералық тақталардың орналасуы, материктік және мұхиттық жер қыртысының арақатынасы, құрлықтағы және мұхит табанындағы жарықтардың тарлуы беріледі. Сонымен қатар жер қыртысын құрайтын жыныстар, пайдалы қазбалардың шығу тегі мен орналасу заңдылықтары көрсетіледі. Бұл картада жер қыртысының тұрақты және қозғалмалы бөліктері, апатты жер сілкінулер мен жанартаулардың атқылауы жүріп жатқан аудандар да беріледі.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет