Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет5/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бақылау сұрақтары:

1.Жердің ішкі құрылысы қандай, ол қандай қабаттардан тұрады?

2. Литосфера дегеніміз не, ол қандай бөліктерден тұрады?

3. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы қандай?


54 -сабақ
Тақырыбы:Жер бедері

Жоспар:

1. Жер бедері

2. Жер бедерінің ішкі және сыртқы күштері

Сабақтың мақсаты: Жер бедерінің ішкі және сыртқы күштерін қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Табиғаттың ең әсем көріністері жер бедерінің алуан түрлілігімен байланысты. Құрлықтағы көкжиекке ұласып жатқан кең байтақ, теп-тегіс жазира жазықтар мен аспанмен таласқан асқар биік таулар, таңғажайып пішіндегі жанартаулар мен терең шыңырау шатқалдар, арынды өзендердің аңғарлары мен қиян асулар жер бедерінде қайталанбас үйлесімін табады. Ал мұхит табанындағы ұлан-ғайыр жазықтар мен тізбекті тау жоталары, тұңғиық шұңғымалар мен таязқайраңдағы маржандық рифтер су асты жер бедерінің өзіндік бейнесін жасайды. Пішіні мен көлемі, жаратылысы мен жасы, биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипатын жер бедері деп атайды.

Жер бедері барлық табиғат компонентерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан сендер жер бедерінің қалыптасуы және өзгеруі себептерін, олардың материктер мен мұхиттардағы таралу ерекшеліктерін жақсы түсінулерің қажет.

Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсекр етуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Ішкі күштердің әрекеті мантиядағы заттар қозғалысына тікелей байланысты. Бұл күштер литосфералық тақталарды қозғалысқа келтіреді және мантиядағы заттардың жарықтар бойымен жер қыртысына еніп, кейде жер бетіне лықсып төгілуіне себепші болады. Нәтижесінде жер қыртысының құрылысы, соған сәйкес жер бедері өзгереді. Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарықтардың пайда болуы және т.б.) және өздеріңе белгілі литосфералық тақталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін – материктер және мұхит қазақшұңқырыларын қалыптасатырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады, ал құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.

2.Жер бедерінің өзгеруіне сыртқы күштер де өзіндік үлесін қосады. Күн сәулесінің, климаттық өзгерістері ықпалы осы сыртқы күштерге жатқызуға болады. Сол сияқты сыртқы күштерге үгілу, ағын сулар мен жер асты суларының, мұздықтар мен теңіз толқындарының және адамның шаруашылық әрекеті жатады. Жер бедерін өзгертуде үгілу және үгілу өнімдерінің тасмалдануы маңызды орын алады. Ішкі күштер әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен жер бедері мүсінденіп, неғұрлым ұсақ ойыстар, күмбезді жоталар мен төбелер, өзен аңғарлары, жыралар мен сайлар құз жартастар қалыптасады.

Жер бедері ішкі және сыртқы күштермен қатар әсер етуінен қалыптасды. Ішкі күштерінің әсерінен түзілген жер бедері неғұрлым ауқымды әрі биік болса, соғұрлым сыртқы күштердің әсер ету ықпалы күшейе түседі. Мысалы, өзен ағып түсетін жер ішкі күштер әсерінен баяу көтеріле бастаса, өзеннің шаю және тасымалдау әрекеті де күшейеді. Соның нәтижесінде терең шатқалды аңғарлар қалыптасады.

Жер бедері тоқтаусыз үнемі өзгеріп отырады. Таулардың пішіні мен биіктігі өзгереді, жоталар мен төбелер аласарады. Керісінше қазаншұңқырлар үгілуден пайда болған борпылдақ жыныстармен толтырылып, тегістеледі. Материктердің жағалық пішіндері де аздаған өзгерістерге ұшырайды.

Мұхит табанынынң бедері алуан түрлілігі мен күрделілігі жөнінен құрлықтан ешбір кем түспейді. Материктік және мұхиттық тақталар шектесетін өтпелі аймақтарда терең шұңғымалар, тік шатқалдармен тілімделген материктік беткейлер түзіледі. Ал жағалар бөлігі едәуір жазық материктік қайраңдарға ұласады.

Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – біртұтас суасты жоталары жүйесінің болуы. Олардың жалпы ұзындығы 75 мың км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000-4000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар – қазаншұңқырлар орналасқан.

Сонымен, жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келеді. Мысалы, құрлықтағы платформаларда ірі жазықтар, геосинклиналдық белдеулерде қатпарлы биік таулар орналасқан. Ал литосфералық тақталардың шектесетін бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандар болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1.Жер бедері дегеніміз не?

2.Құрлық пен мұхит табанындағы жер бедерінің ірі пішіндерін атаңдар.

3.Жер бедері абсолюттік биіктігіне қарай ажыратылады және олар картада қалай бейнеленеді?

4.Жер бедерінің қалыптасуына қандай күштер әсер етеді?
55 -сабақ

Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымның таралуы

Жоспар:

1.Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы

2.Климаттық карталар

3.Атмосфералық қысым белдеулері



Сабақтың мақсаты: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңыздылығын қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы. Атмосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі ретінде жердің басқа қабықтармен тығыз байланыста болады. Атмосфераны бейнелі түрде ауа мұхиты деп атайды. Оның, әсіресе, жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Ауа қабыты жердегі тіршілікті ғарыштан келетін зиянды сәулелерден, жерге құлайтын шағын аспан денелерінен қорғайды. Егер атмосфера болмаса, жер ғаламшардың беті Айдағы тәрізді меториттермен шұрқ-шұрқ тесілген, тіршіліксіз шөлге айналған болар еді. Сонымен қатар, ауа қабаты күндіз жер бетін шамадан тыс қызып кетуден, ал түнде күрт салқындаудан сақтайды.

Жер шарының ауа қабығы – атмосфераның құрамы мен құрылымы туралы білесіңдер. Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты – тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары – бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға – қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеліп соқтырады. Сондықтан тропосфераны ауа райы жасалалынатын орны деп те атайды. қазіргі кезде апатты құбылыстардың алдын алу үшін адамзат алдында ауа райын болжау мен басқара білу міндеті тұр.

Сендер белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын құбылысының климат деп аталады. Климат табиғаттағы маңызды компаненттердің бірі. Олматериктер мен мұхиттардағы ірі табиғат кешендерінің қалыптасуының, орналасуын анықтап, адамдардың тұрмыс мен шаруашылық әрекетінің сипатын айқындайды. Сондықтан климаттың қалыптасу себептерін білу өте қажет.

2.Климаттық карталар. Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор. Бұларда климаттың басты элементтері: температура, қысым, жел, жауын-шашын және т.б. таралуы, климаттық белдеулердің орналасуы көрсетіледі. Картада кейде климаттың бір ғана элементі, мысалы, температураның тарлуы немесе жылдық жауын-шашынның мөлшерімен таралуы, ал кейде бірнеше элементтері қатар беріледі. Климаттық элементтердің тарлуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді: температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар изотермалар (гректің «изос» - бірдей «термос» - жылу деген сөзінен шыққан), қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобара («барос» - қысым, салмақ), жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изогиета («гиетос» - жаңбыр) деп аталады. Изосызықтар айқын ажыратылуы үшін олардың аралықтары шартты түстермен бойалады. Сонымен қатар бұл карталарда ең жылы және ең суық айлар шілде мен қаңтардың орташа температуралары, белгілі жерде байқалған ең жоғары (абсолюттік максимум) және ең төменгі (абсрлюттікминимум) температуралар көрсетіледі. Қыс пен жаздағы ауа массалары мен басым желдер көк және қызыл түсті бағытты сызықтармен беріледі.

Климаттық белдеулердің қалыптасуы жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне байланысты. Оның мөлшері географикалық ендіепен анықталады. Мәселен, эквадор екі жағындағы тропиктер ралығында күн сәулесінің түсу бұрышы үлкен болады, яғни жыл бойы жылуды мол алады. Сондықтан жер беті тез қызып, атмосфераның оған жанасқан төменгі бөлігінде темретатура жоғарылайды. Соның нәтижесінде мұндағы жылдық орташа температура +250 , 260 С шамасында болады. Ал экватордан полюстерге қарай күн сәулесінің түсу бұрышы кемитіндіктен, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігінде жылдық орташа температура -100 С, ал оңтүстік полюсте орналасқан Антарктиданың орталық бөліктерінде -500, -550 С –қа дейін төмендейді. Жердің күнді айнала қозғалуы мен пішініне байланысты күннің бұрышы тропиктер мен полюстер ралығында, әсіресе қоңыржай белдеулерде жыл ішінде күшті ауытқуларға ұшырайды. Сондықтан ауа температурасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.



3.Атмосфералық қысым белдеулері жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауытқу күшіне байланысты қалыптасады.

Жер бетіне төмен қысым басым болып келетін үш белдеу және жоғары қысым басым болып келетін төрт белдеу бар. Ауа ағысы көлденең бағытта ғана емес, тік бағыта да қозғалады. Экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтеріледі, яғни ауаның тұрақты өрлеген қозғалысы пайда болады. Соның нәтижесінде экватор маңындағы жер бетіне төмен қсым белдеуі қалыптасады.полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталады, яғни төмендеген ауа қозғалысы пайда болады. Осыған байланысты полюстер маңындағы жер бетінде жоғары қысым белдеуі қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы бөлігінде ауа қозғалысының қысымы керісінше сиптта болады. өрлеген ауа қозғалысы басым болатын экватор үстінде қысым жоғарылап, ал полюстер үстінде төмен қысым басым орнайды.

Ауаның әрқашан жоғарғы қысымды аймақтардан төменгі қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Осы себепті экватор маңындағы жоғарғы көтерілген ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде төмен түсе алмай, торпосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 300 с.е. (солтүстік ендік) пен 300 о.е. (оңтүстік ендік) маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төменгі қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде өрлеген ауа ағымы басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.



Бақылау сұрақтары:

1.Атмосфера дегеніміз не?

2.Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?

3. Климат дегеніміз не?

4. Жер шарында қандай климаттық белдеулер бар?
56 -сабақ

Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер.Жауын-шашынның таралуы.

Жоспар:

1.Ауа массалары мен басым желдер

2.Жер бетінде жауын-шашынның таралуы

Сабақтың мақсаты: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңыздылығын қарастыру

Теориялық мәлімет

1. Күнделікті өмірде ауа райының кенеттен өзгеруін жиі байқауға болады. Жазда аптап ыстық тез арада жаңбырлы, салқын ауа райына, ал қыста күшті аяздар кенеттен жылымыққа алмасуы мүмкін. Ауа райының мұндай өзгерістері қасиеттері әр түрлі болатын ауаның қысым айырмашылығы әсерінен жиі орын ауыстырумен түсіндіріледі.

Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауа массалары деп те аталады. Қалыптасқан орнына байланысты ауаның түр-түрі ажыратылады: экваторлық ауа массасы немесе экваторлық ауа, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антартикалық ауа массалары. Олар өздері қалыптасатын белдеулерге тән қасиеттерге ие болады. Мысалы, экваторлық ауа массасы жыл бойы температурасы жоғары, ылғал мол болуымен ерекшеленеді. Экваторлық ауа массаларынан басқа ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болумен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.

Күн мен түн теңесетін кезеңдегі ауа массаларының қалыптасу аймақтары көрсетілген.

Күннің дәл төбеде тұратын жағдайы жердің пішіні мен енгіштігіне байланысты өзгеретіндіктен атмосфералық қысым белдеулері мен ауа массалары жыл мезгілдерінде солтүстікке , бірде оңтүстікке қарай жылжиды. Мысалы, 21 маусымда күн солтүстік тропикте дәл төбеде тұратындықтан, солтүстік жарты шарда жаз басталса, ал 22 желтоқсанда күн оңтүстік торпикте дәл төбеде тұратындықтан, оңтүстік жарты шарда жаз болады. Осының әсерінен ауа массалары күнмен ілесіп, орын ауыстырып отырады. Климаттық белдеулердің қалыптасуы ауа массаларының қозғалыстарын да байланысты.

Ауа массалары қозғалу барысында ұзақ уақыт бойы бастапқы қасиеттерін сақтайды. Сондықтан өздері әсер ететін жердің ауа райының сипатын анықтайды.

Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруы жел деп атаймыз. тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғары және төмен қысым белдеулерінің орналасуына байланысты пайда болады.

Экватор маңында төмен қысым белдеуі, ал отызыншы ендіктерде жоғары қысым белдеулері орналасқандықтан, Жер бетінде желдер экваторға қарай тұрақты соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналасуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды: солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай соғады.

Тұрақты желдер тропиктердегі жоғары қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысым белдеулерінен (650 с.е. пен 650 о.е.) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда – оңға , ал оңтүстік жарты шарда – солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.

Жыл мезгілдеріне сәйкес, ауа массалары бірде солтүстікке, бірде оңтүстікке орын алмастырады. Бұл тұрақты желдердің әсер етуі аймақтарының да ығысуына себепші болады. Ауа массаларының үнемі қозғалыста болуы Жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуын және ауаның құрамын реттеп отырады. Егер ауа массалары қозғалысқа түспесе, экватор аптап ыстық, ал полюстер маңында анағұрлым суық болар еді.

Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, сонымен қатар ауа массаларынынң қозғалыстары да анықтайды.



2. Атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі топырақтың, өсімдіктердің, табиғат кешендерінің тарлуына және адамның шаруашылық әрекетіне де әсер етеді.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлдем мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі таралуы жоғары және төмен қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі. Мысалы, экватор маңындағы төмен қысымды белдеулерде қалыптасатын жылы ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде жоғары көтерілген сайын салқындап, су буына қанығады. Сондықтан экватор аймағында күнделікті бұлттар тізіліп, нөсер жаңбырлар жауады.

Экваторда ғана емес, барлық төмен қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашнның таралуына географиялық ендік те әсер етеді: күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.



Бақылау сұрақтары:

1.Жел дегенімізне?

2.Атмосфералық жауын –шашын дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

3. Ауа массалары дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

4. Мұхиттық және континеттік ауа массаларының бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?
57 –сабақ

Тақырыбы: Жер шарындағы климаттық белдеулер. Климат қалыптасырушы факторлар

Жоспар:

1. Жер шарының климаты

2.Климаттық белдеу

3.Климат қалыптастырушы факторлар



Сабақтың мақсаты: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңыздылығын қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдардың оңтүстік оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулерін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүсттікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түстіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүсттікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстіктігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.

Материктің батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүсттікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді. Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік таулы белдеулердің орналасуы Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасап, таулардың жел жақ беткейлеріне ылғалдың мөлшерден артық түсуіне себепші болады. Мұхиттардың материк климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне, қысым аймақтарының орналасуына, басым желдерінің бағытына және материк жағалауының қаншалықты тілімдену дәрежесіне де байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгередіә. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.

2.Климаттық белдеу. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста – 400 С, - 500 С-қа дейінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі.

Материкке қарай тұрақты соғатын суық солтүстік-шығыс желдері әсерінен жыл бойы тұманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын-шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай климаттың қатаңдығы арта түседі, мұндағы аралдар мұз құрсауында жатыр.

Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Климаттық арктикалыққа қарағанда салыстырмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады. Сондықтан температура -500С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады. Қар жамылғысы жұқа. Бұған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл компаненттік деп аталады. Қазақстан жеріне де осы аталған климат тән.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мұхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған құрлықтың ішкі бөлігінен соғатын суық, құрғақ ауа түрінде Тынық мұхитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мерзімінде тез қызып, қысымы төмендеген құрлыққа Тынық мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазғы муссонсоғады. Қыс суық әрі құрғақ, жаз қоңырсалқын, жаңбырлы болды. Муссондық климат Еуразияның Тынық мұхит жағалауын түгел қамтиды.

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де, климат әр түлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қыс батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады. Мұнда аптапты ыстық пен құрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қаттыжапырақты өсімдіктер кең тарлған. Бұл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән. құрлықтың ішкі бөліктерінде субтропиктік белдеудегі климаттық жағдайда қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жазда аңызақ, ыстық желдер, құмды дауылдар жиі болады, қыс біршама салқын.

Белдеудік орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.


Каталог: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет