Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет6/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды қамтиды. Гималай тау климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі. Жазда Үнді мұхитынан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтиды. Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +240С-тан төмен түспейді. Тұрақты түрде екі жарты шартың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.

3.Климат қалыптастырушы факторлар. Жоғарыда аталған негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің орны мен шекаралары парал-лельдер бойына сәйкес келмейді, олар бірде солтүстікке, бірде оң-түстікке ауытқып отырады. Бұл климат құрушы факторлардың әсер ету дәрежесіне байланысты .

Аса маңызды климат қалыптастырушы факторларға географиялық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, ауа массалары, жер бедері, мұхиттар мен ондағы ағыстар, жердің төсеніш бетінің сипаты және т.б. жатады. Бұл факторлардың әсер ету заңдылықтарымен материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барысында тереңірек танысасыңдар.



Бақылау сұрақтары:

1.Климаттың ауа райынан қандай айырмашылығы бар?

2.Жер шарында климаттық белдеулер саны қанша?

3.Климат қалыптастырушы факторлар.


58 -сабақ

Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы.Беткі ағыстар

Жоспар:

1.Дүниежүзілік мұхит суы

2.Су массалары. Беткі ағыстардың таралуы

Сабақтың мақсаты: Дүниежүзілік мұхит суының басты қасиеттерін және беткі ағыстарының қалыптасуы мен айналымын қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Гидросфераның негізгі бөлігін Дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан, Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361 млн. км2. Күн жүйесіндегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су - Жер табиғатының басты байлығы, тіршілік көзі. Ғаламшарымыздағы орасан мол су массасы қалай пайда болған? Бұл сұраққа ғылымда әлі түпкілікті жауап жоқ. Болжамдар бойынша, су литосфералық плиталар қозғалысы кезіндегі жарықтар арқылы мантиядан ыстық бу түрінде бөлініп шығып, салқындау нәтижесінде біртіндеп жиналған деп есептеледі. Бұған жанартаулардан атқылаған магма мен мұхиттық жер қыртысындағы жарықтар бойымен көтерілетін магма құрамынан көп мөлшерде бөлініп шығатын су булары дәлел болады. Осындай процестер әлі де миллиондаған жылдар бойы жалғаса бермек. Жер ғаламшарына су ғарыштан да келген деген болжам бар.

Мұхит суының басты касиеттері — температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты. Дүниежүзілік мұхит көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады. Судың беткі температурасы географиялық ендікке байланысты әркелкі болады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2°-0°С аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компонент бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 литр мұхит суындағы грамм есебімен алынатын еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле (‰) арқылы есептіледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35‰ шамасында . Мұхит суының тұздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Тұздылық мөлшер әсіресе судың беткі қабаттарында атмосфералық жауын-шашын, мен буланудың арақатынасына байланысты, географиялық ендік бойыша өзгеріп отырады. Судың тұздылығы экватор маңында 34 ‰ шамасында тропиктерге таяу аудандарда 3‰, қоңыржай және поляр ендіктерінде 33‰-ге жуық. Жауын-шашын мөлшері буланудан артық болатын және мол сулы өзендер құятын, мұзтаулар еритін мұхит айдындарында тұздылық кемиді. Ал Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық Қызыл теңіздің солтүстігінде, 41‰. Тұздылық мұхит суының қату температурасына да әсер етеді.

Тұздылығы 36°/00 мұхит суының қату температурасы -2°С шамасында болады. Суынған тұзды судың беткі қабатының тығыздығы артып, салмағы ауырлайды да, төмен ығысады. Оның орнына өлі салқындап үлгермеген жылы су қабаттары көтеріледі. Температурасы әркелкі су қабаттарының бұлайша араласуы мұздың түзілуіне кедергі келтіреді. Мұхит суының беткі температурасы полюстерге карай төмендейді. Бұл қысы ұзақ, әрі суық болатын арктикалық және ан-тарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттарының қалыптасуына жағдай жасайды. Қоңыржай белдеулерде кұрлыққа сұғына орналасқан жағалық таяз теңіздерде де су қатады. Мұздар біржылдық және көпжылдық, қозгалмайтын және қалқыма (ықпа) болып бөлінеді. Қалқыма мұздардың таралу шекарасы жыл мезгілдеріне байланысты озгеріп отырады. Сонымен қатар бетін жаппай мұз басқан құрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мүздардан мұзтаулар (айс-бергтер) қалыптасады. Олардың пішіндері, биіктігі мен ұзындығы әр түрлі болады.

Кейбір мұзтаулардың ұзындығы бірнеше жүз км-ге жетеді. Бұлар аса таза тұщы су қоры болып табылады. Мұхит ауданының шамамен 15% -ын мұздар жауып жатыр. Қазіргі кезде мұздардың карқынды еруіне атмосфера мен гидросфераның ластануы әсер етеді. Мысалы, Арал теңізінің кұрғаған табанынан ұшқан тұз тозаңдары Арктика мұздарының бетінен де табылған. Егер мұздар жаппай еритін болса, Дүниежүзілік мүхит деңгейі қазіргісінен 70 м-ге көтерілген болар еді. Мұхиттардағы мұз жамылғысы Жер шарының климатына, ондағы тіршілік дүниесіне үлкен әсер етеді. Мұздар Күн еәулесін шағылыстырып, ауаның жылыну мүмкіншілігін азайтады. Салқын ауа мен қоңыржай белдеулерден келетін жылы ауаның түйісуі бұл аудандарда қалың тұмандардың қалыптасуына себепші болады. Олар кеме қатынасы мен теңіз кәсіпшілігіне кедергі келтіреді.

Мұхит сулары мен материктер табиғаты өзара байланысты: мұхит сулары жинаған жылуын атмосфераға беріп, ылғалдандырады. Осы жылу мен ылғалды мұхиттық ауа массалары құрлыққа жеткізіп, оның жағалық бөліктерінде ерекше мұхиттық (теңіздік) климатты түзеді. Бұл климаттық жағдай мұхит жағалауларында топырақ пен өсімдік жамылғысының және жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады. Мұхит пен материк арасындағы өзара байланыс-тың айқын дәлелі - муссондар. Бұл желдер кұрлық пен мұхит ара-сындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пайда болады. Муссондар бағыттарын жыл мезгілдеріне сәйкес екі рет өзгертеді. Муссондық климат Еуразияның Тынық, Үнді мұхиттары-мен шекаралас жағалауларына тән.Құрлық сулары да мұхитпен тығыз байланысты. Құрлық пен ауа кұрамында кездесетін барлық су түрлері (бұлт, жаңбыр мен қар, өзен-дер мен көлдер, бүлақтар) мұхиттың уақытша бөлінген бөлшектері болып табылады. Ал мұхит суы үнемі құрлықтан келетін өзен суларымен толығып отырады. Сонымен қатар мұхит суы бактериялардың әрекеті нәтижесінде белгілі дәрежеде өзін-өзі тазарта алады. Сондықтан құрлық бетінде түзілетін көптеген қалдықтар мұхиттың терең бөліктеріне тасымалданып, уақыт өте келе біртіндеп залалсызданады. Мұхит адамның шаруашылық әрекетінің сипатын да анықтайды. Өйткені мұхит - көптеген теңіз өнімдерінің, пайдалы қазбалардың, энергияның, шикізаттың көзі. Мұхит суы арқылы бір-бірінен қашық орналасқан құрлықтардың арасын байланыстыратын ең арзан жолдар өтеді. Мұхит жағасындағы денсаулыққа қолайлы жұмсақ климат, емдік қасиеті бар тұзды су, жанға жайлы құмды жағажайлар, табиғаты көркем мұхиттық аралдар адамдардың демалуы мен сауығуына жағдай жасайды. Ал теңіз өнімдерінен алынатын дәрі-дәрмектер мен тағамдар күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылады.

2.Мұхит табиғатының ең басты компоненті - оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды. Олар темпе-ратурасы, тұздылығы, тығыздығы, мөлдірлігі, оттегінің мөлшері мен ондағы кездесетін тіршілік дүниесі женінен айырмашылық жасайды. Су массалары тереңдікке және географиялық ендікке, атмосфе-раның әсер етуінің өзгеруіне байланысты түзіледі. Су массалары ендікке байланысты экваторлық, тропиктік, қоңыржай және поляр-лық болып ажыратылады. Бір ендіктің өзінде су массаларының қасиеттері түрліше болуы мүмкін. Сондықтан олар жагалық және нагыз мухиттық болып бөлінеді. Су массаларын тереңдігіне қарай беткі, тереңдік және түпкі қабаттарға жіктейді. Су массалары үнемі қозғалу әсерінен араласып, бастапқы қасиеттерін өзгертеді.

Мұхит суының беткі кабаты ғана емес, түбіне дейін де үнемі қоз-ғалыста болады. Оны қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Оған тұрақты желдер, Жердің ез білігінен айналуы әсерінен ауытқы-тушы күші, су температурасы мен тұздылықтың айырмашылығы, мұхит табанының жер бедері және материк жағалауларының пішіні жатады. Мұхиттық ағыстар туралы теңізшілер мен саяхатшылар ежелден-ақ білген және оны өз қажеттеріне (кеме қатынасы, шөлмек поштасы және т.б.) пайдаланып келген.

Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғалдың айналысында беткі агыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының аегізгі себебі жел болғандықтан, түрақты желдер мен ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтары арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс әсіресе Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы мен айналымын Атлант мұхитының солтүстік бөлігінің мысалында қарастырайық. Бұл ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат агысынанбасталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы агысты түзіп, судың бір бөлігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Сариб теңізіне жетіп, су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс - Голъфстримді түзеді. Гольфтрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40°.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыр қай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдерінің әсерінен Солтүстікатлант агысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температуасын жоғарылатады. Сондықтан бұл аудандарда қыс салыстырмалы түрде жылы, ылғалды болады. Ағыс Жаңа Жер аралдары маңына жеткенде, Арктиканың суық суларымен араласып, күшін жояды. Ал қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық сулармен араласып, Канар суық агысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат агысына жалғасады. Осылайша Атлант мұхитының солтүстігінде сағат тілі бағытындағы аса ірі су айналымы пайда болады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де калыптасады. Бұл жүйе Оңтустік Пассат агысы, Бразилия агысы, Батыс Желдері агысы, Бенгел агыстарынан кұралады. Бірақ оңтүстік жарты шарда Жердің ауытқу күші солға бағытталатындықтан, айналымның бағыты сағат тіліне қарсы қозғалады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио агысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтустік Тынық Мұхит агысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумболъдт немесе Перу агысы Бенгел ағысына ұксас. Бұл ұқсастықтар екі мұхиттың да полюстер аралығындағы географиялық орнымен байланысты.

Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардағы ағыстардың қалыптасуы олардың географиялык орнының ерекшеліктеріне қарай басқаша сипатта болады.

Оңтүстік жарты шардың коңыржай белдеуіндегі ашық су айдыны арқылы шеңбер жасап, Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс — Антарктикалық ағыс немесе Батыс Желдер агысы өтеді. Ол ені 1000-1300 км болатын, 1-5 км тереңдікке дейінгі су массаларын ағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Осы ағыс аркы-лы дүние жүзіндегі барлық өзендерден бір жыл ішінде ағып өтетін судан 200 есе көп молшердегі су ағып өтеді. Бұл батыс желдерінің өте куатты екенін дәлелдейді.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалда-уы мен бөлінуіне зор ықлал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде ісылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылыуына себепші болады. Жылы және суық ағыстар кебінесе қоңыржай белдеулерде түйіседі. Соның нәтижесінде қасиеттері түрліше судың араласуынан мұхит үстінде құйындар пайда болады. Бұл құбылыс мұхиттарға ғана емес, көршілес құрлықтар үстіндегі ауа райына да өсер етеді. Кылы және салқын мұхит суларының түйісу аймақтары Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы болып есептеледі. сондықтан кәсіптік балықтар осы аудандарда көптеп ауланады.

Бақылау сұрақтары:

1.Гидросфера дегеніміз не, оның құрамдас бөліктеріне не жатады?

2.Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болады?

3. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?

4. Дүниежүзілік мұхиттағы судың беткі температурасы мен тұздылығының ендіктер бойынша таралуы.

59 -сабақ



Тақырыбы: Мұхиттағы тіршілік

Жоспар:

1.Мұхитта тіршіліктің таралуы

2.Дүниежүзілік мұхиттағы тылсым табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты:Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесінің бөлінуін қарастыру

Теориялық мәлімет

1.Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да, да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырды. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертті. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің біртіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік берді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.

Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхитта тіршіліктің таралуы географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суында тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болды. Сондықтан қоңыржай ендіктер (40 – 60 градус) Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. Беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары болатындықтан, тропиктік ендіктерде тіршілік дүниесінің мөлшері азаяды. Ал экватор маңында олардың саны қайтадан артады. Тіршілік бір ендіктің өзінде әркелкі таралған. Ашық мұхитқа қарағанда, жағаға жақын бөліктердегі беткі су қабатының 50 м-ге дейінгі тереңдіктерінде мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі шоғырланған. Бұл Күн сәулесі жарығының жақсы түсуімен, тез жылынуымен, толқындар мен ағыстардың жағаны шаюы себепті құрлықтың қоректік заттардың көптеп келуімен түсіндіріледі. Судың беткі температурасы + 28 градустан кем болмайтын тропиктер аралығында таяз суларда рифтер мен атолдарды түзетін маржан полиптері көптеп таралады. Ондағы су асты тіршілігі ғажайып әсемдігімен таңғалдырды.

Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грек тілінен аударғанда «кезеген»), нектон (грек тілінен аударғанда «қалқыма») және бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») деп аталатын үш топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырлардан, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құраттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүт қоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалары, ірі молюскалар (сегізаяқ, кальмар) құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрғанымен, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян тәрізділер, маржан полиптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селебесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Мұхиттың осы биологиялық байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, қорғау, зерттеу міндеті тұр.

2.Қазіргі кезде Дүниежүзілік мұхиттағы тылсым табиғат құбылыстарын түсіну, табиғат байлықтарын игеру және ондағы табиғат апаттарынан сақтану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін ғылыми – зерттеу жұмыстары жаңа сатыға көтерілді. Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми – зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай – ақ Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар мұхит түбінің құпиясы мен оның табиғат ерекшеліктерімен жете танысу мақсатында техникалық жағынан жетілдірілген сүңгуір қайықтар мен батискафтар да кеңінен қолданылуда.



Бақылау сұрақтары:

Атластағы мұхиттар картасын пайдалана отырып, Дүниежүзілік мұхиттағы сдың беткі температурасы мен тұздылығының ендіктер бойынша қалай өзгертетін анықтаңдар. Оның себебін түсіндіріңдер.

Атластағы Жылдық жауын – шашын мөлшері картасы мен беткі ағыстар картасын салытыру негізінде жылдық жауын – шашынның ең көп және ең аз түсетін, аудандарын анықтап, оған ағыстардың тигізетін әсерін талдаңдар.

Мұхиттағы тірішіліктің таралуына не себепші болады?

Сендер қандай ірі теңіз жануарларын білесіңдер?
Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі

60-сабақ



Тақырыбы: Географиялық қабық заңдылықтары.Табиғат кешені. Географиялық зоналық

Жоспар:

  1. Табиғат кешені.

  2. Географиялық зоналық

Сабақтың мақсаты: Географиялық қабық заңдылықтарын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Материктер мен мұхиттар географиясын оқу барысында бүкіл Жер шарының табиғат жағдайларымен танысамыз. Табиғат жағдайларын сипаттау географиядағы негізгі ұғымдардың бірі табиғат кешенімен тығыз байланысты. Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі. Табиғат кешені туралы алғашқы ұғымдармен сендер алдынғы сыныптан таныссыңдар. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталатынын да білесіңдер. Географиялық қабық дегеніміз – литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені. Географиялық қабықтың құрылысы мен дамуында, өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы жатады. Географиялық қабықтың тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір - біріне тәуелді болуынан көрінеді. Географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дами отырып, өзге компоненттерідің әсеріне де ұшырайды және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Осы заңдылыққа сәйкес, бір компоненттің өзгерісі өте ауқымды болса, онда географиялық қабық та өзгеруі мүмкін. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңын білудің шаруашылық маңызы зор: батпақтарды құрғатқанда топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Адамның табиғатқа зиянды әсері бірден көріне қоймады, керісінше көп жыл өткен соң көрінеді. Оған Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз деңгейінің төмендеп тартылуы, шөлді аудандар аумағының қарқынды артуы, топырақтың тұздануы мен сортаңдануы тоқтату көп қиындық туғызады. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын сақтау үшін шаруашылық шараларды жүзеге асырмас бұрын игеруге жобаланған аймақтардыв географтардың мұқият зерттеуі қажет. Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысты тоқтаусыз жүретін зат және энергия айналымы нәтижесінде жүзеге асады. Айналымның бірнеше түрі бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы, жер қыртысындағы зат және энергия айналымы және т.б. Географиялық қабық үшін су айналымының маңызы зор. Бұл судың үнемі қозғалыста болатындығы мен еріткіштігіне, температура өзгерістеріне байланысты қатты, сұйық, газ күйіне ауысу қабілетіне, судың әр түрлі табиғи процестерді тездетуіне байланысты. Су тау жыныстарының бұзылуы мен үгілуін тездетіп, оларды тасымалдап, ойпаң жерлерге жинайды. Су айналымы ауа массаларының қатысуымен жүретіндіктен, мұхит пен материк арасындағы ылғал мен жылу алмасуы да жүзеге асады. Айналым нәтижесінде мұхит сулары 3 мың жыл ішінде жаңарып, ал атмосферадағы су буы 10 күнде толық ауысады. Айналымға түсу арқылы су басқа компоненттерді бір - бірімен байланыстырып, олармен өзара тығыз әрекеттеседі. Сондықтан су географиялық қабықты қалыптастыруға тікелей қатысады. Географиялық қабықтың дамуында биологиялық айналым да айрықша рөл атқарады. Сендерге өсімдіктану сабақтарынан жасыл өсімдіктердің органикалық зат пен оттегін түзетіні белгілі. Жарық көмегімен көмірқышқыл газы мен судан түзілген органикалық заттар жануарлардың қорегі болып табылады. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын көзге көрінбейтін бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарға айналдырады. Бұл әрекеттерді жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттарды топырақтағы су арқылы өсімдіктердің тамыр жүйесі сіңіреді. Сол себепті биологиялық айналым жылу және ылғалдың қатысуымен үздіксіз жүріп отырады. Жер қыртысында да күрделі зат айналымы жүзеге асады. Бұл айналымының негізгі қозғаушы күштері - Күн энергиясы мен Жердің ішкі энергиясы. Зат айналымының қарқынды жүруін су, ауа және тіршілік дүниесінің әрекеті де тездетеді. Өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір айналым тұйық шеңбер жасамай, бір-бірімен өзара байланыста болады. Осының нәтижесінде географиялық қабықтағы біртұтас зат пен энергия алмасуы жүзеге асады. Мысалы, жасыл өсімдіктің шіріген кезде топыраққа қайтып беретін минералдық заттарының мөлшері оның топырақтан тамыр жүйесі арқылы алған қоректік заттарынан әлдеқайда көп болады. Өйткені өсімдік құрамындағы органикалық заттар негізінен фотосинтез нәтижесінде ауадағы көмірқышқыл газы есебінен жасалады. Оның үлесі топырақтансу арқылы сіңірілетін заттарға қарағанда әлдеқайда көп болады. Бұл бірнеше айналымның өзара байланысы негізінде жүзеге асады. Айналымдардың тұйық болмауының арқасында табиғаттң барлық компоненттерінің, тұтастай алғанда географиялық қабықтың дамуы жүреді. Географиялық қабықтағы ырғақты (ритмді) құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінде айналуы тәуліктік ырғақтыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтығң, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы күнмен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуы мен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді. Жердің Күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылықты туғызады. Ол температура мен жауын-шашын жылдық барысынан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан өзендердегі су режимінен құстардың жылу жаққа қайтуларынан қыста ұйқыға кеттін жануарлардан және т.б. құбылыстардан айқын көрінеді.Әр табиғат кешенінің өзіне тән ырғақтылық сипаты бар. Мыңдаған жылдар бойы табиғатта қалыптасқан ырғақтылық тіршілік дүниесі үшін қажетті шарт болып табылады. Жердің даму тарихында жүздеген мыңдаған және миллиондаған жылдарды қамтыған ырғақты құбылыстар байқалған. Мысалы апатты жер сілкінулер мен тау түзілу кезеңдері климаттың суынуы мен жылынуы қуаңшылық суы тасқандар ырғақты түрде ұзақ уақыт (11, 22-23, 80-90 жылдық және т.б.) аралығында қайталанып отырады. Географиялық қабықтағы ең ірі кешендері – материктер мен мұхиттар. Олардың жіктелуі жер қыртысының құрылысына және оларды құрайтын табиғат компоненттерінің әр түрлілігіне байланысты. Географиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. Бұл географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты. Әрбір материк мен мұхит аса ірі, өзіне тән қайталанбас табиғат кешендерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Материктердің экватор маңындағы жылу мен ылғалды көп алатын бөліктерінде географиялық қабықтағы табиғат процестері анағұрлым тез жүреді. Мұнда тіршілік дүниесінің түр құрамы мен саны өте көп. Ал полярлық аудандарда керісінше табиғат процестері баяулап, тіршілік дүниесі біршама кедейленеді. Бір ендік аумағында да табиғат жағдайлары өзгеріске ұшырайды, ол жер бедері мен мұхиттың алыс – жақындығына тәуелді болады. Сондықтан географиялық қабық табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан ауданы әр түрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі. Құрлықтағы табиғат кешендері бірнеше табиғат компоненттерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. Табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір – бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан зат пен энергия алмасуы жүретін біртұтас жүйені құрайды. Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар. Сонымен қатар олардың сыртқы көрінісі де айқын ажыратылады. Мысалы, орман, батпақ, көл тәрізді табиғат кешендерінің сыртқы көрінісі бір – бірінен айырмашылық жасайды. Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағыдан айырмашылық жасайды. Олар әр түрлі еріген газ және тұз қоспаларынан тұратын су массаларынан, тіршілік дүниесінен, мұхит табаны жер бедері мен түпкі шөгінділерден және т.б. компоненттерден тұрады. Дүниежүзілік мұхит жекелеген мұхит айжындары және олардың бөліктері болып саналатын теңіз, шығанақ, бұғаз сияқты табиғат кешендеріне жіктеледі. Сонымен қатар мұхитта тереңдікке қарай ажыратылатын табиғат кешендері де бар. Табиғат кешендерінің барлығы да әр түрлі дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда. Сондықтан қазіргі кезде адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендерін антрпогендік табиғат кешендері деп атайды. Олардың қатарына егістіктер, бау – бақша, парктер, қалалар, бөгендер, каналдар және т.б. жатады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет