Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет7/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

2.Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсаған суық аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы – қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.

Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетінде Күн жылуының әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай – ақ жер бедерінде сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Табиғаттағы зоналық құрлықтағы климаттық жағдайға, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, ылғал мол болатын жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдіктің сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысын өзгертеді.

Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналық байқалады. Бірақ мұнда зоналардың құрлықтағы тәрізді айқын шекаралары жоқ. Олар географиялық орнына сәйкес. Климаттық белдеулердің атымен аталады.

Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін – бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналық деп атайды. Зоналық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қабықтағы негізгі заңдылық болып табылады. Зоналардың таралу заңдылықтарымен әр материктің табиғатын оқып үйрену барысында жете танысатын боласыңдар.

Табиғаттағы зоналық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқаладаы. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін темпертура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын – шашын мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таулардағы биіктік белдеулер жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады. Оған көз жеткізу үшін 1000 м биіктікке көтерілудің өзі жеткілікті. Биіктік белдеулердің ең төменгі бөлігі әр уақытта тау жотасы орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Егер тау тайга зонасында орналасса, онда оның басына шыққанға дейін мынадай биіктік белдеулерін көруге болады: тайга, таулы тундра, мәңгі қар мен мұздықтар. Тау жүйелері экваторға жақын орналасса және неғұрлым биік болса, ондағы биіктік белдеулер саны көп табиғаты алуан түрлі болады.

Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешенінің жеке – дара өзіне ғана тән сипаттары болады. Мысалы, Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір – бірінен айырмашылық жасайды. Сондай – ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлі бөлігінде орналасқан орман зоналары да бір – біріне ұқсамайды. Әрбір материктегі табиғат зоналарының ерекшеліктері материк көлемі мен пішініне, даму тарихына, жер бедерінің сипатына және климат жағдайларына байланысты табиғат кешендерінің қайталанбас құрылымын қалыптастырады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Географиялық қабық компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.

  2. Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер? Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды түсіндіретін құбылыстарды атаңдар.

  3. Географиялық қабықтағы су және зат айналымының жүру ретін, оған қатысатын компоненттерді анықтаңдар.

  4. Табиғаттағы зоналық дегеніміз не?

Солтүстік жарты шар материктері

61 -сабақ



Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар

Жоспар:

1.Географиялық орны

2.Жер бедері.

3.Мұз басулар

4.Климаты мен табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастық жақтарын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Жер шарында кұрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін білесіңдер. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлыктың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзак геологиялық уақыт бойы бір тұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялык орнындағы ең басты ұқсастық - олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторга дейінгі аралыкта созылып жатуы. Осыған байланысты бүл материктерде солтүстік жарты шарға тән табиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де батыстан шығыска қарай (әсі-ресе қоңыржай ендіктерде) кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде айырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оңтүстіктегі аралдық болігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі аралдық бөлігі солтүстік полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.Бүл айырмашылықтар екі материктегі табиғат жағдайларының езіндік ерекшеліктерін калыптастырады.

2.Екі материктің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кеңбайтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа күрайды, ал Еуразия бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығын әр түрлі жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді. Таулар материктердің шеткі бөліктеріне қарай орналасқан. Солтүстік Америкадағы 9000 км-ге созылған ең ірі тау жүйесі - Кордилъера материктің батысында бойлық бағытта созыла орналасқан. Еуразияның оңтүстігіндегі аса ірі таулар Альпі-Гималай таулы белдеуін қүрап, ендік бағытта орналасқан. Солтүстік Американың шығысында аласа Аппалач таулары жатса, Еуразияның шығысы биік таулармен ком-керілген. Литосфералық плиталардың шектесу аймақтарында орналасқан Кордильера мен Еуразияның шығысындағы таулар жүйесінде сонбеген жанартаулар шоғырланып, апатты жер сілкінулер жиі байқалады.

3.Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларга ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15 мың жыл бұрын ғана аякталған

материктік мұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.Екі материкте де мұз басу өсерінен күшті тілімденген фъордты жағалаулар кең тараған. Өсіресе Солтүстік Америкада мұз жамыл-ғысының калыңдығы шамамен 3000 мге дейін жетіп, материктің 40° с.е. дейінгі бөлігін қамтыған. Климаттың біртіндеп жылынуы нәтижесінде мұздар еріп, қазіргі кезде солтүстіктегі аралдарда ғана сақталып қалған (бұл аралдарды физикалық картадан табыңдар). Мұздың казу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында сан мыңдаған көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан. Сонымен қатар мұз басу әсерінен осы бөліктердегі топырак жамылғысы, жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де жойылған. Мұз басуға дейін кең алқапты қамтыған жалпақ жапырақты ормандар оңтүстікке шегініп, ірі жануарлар: зілдер (мамонттар) мен турлар, денесін қалың түк басқан мүйізтұмсықтар мүлде жойылып кетті. Мұз басудан кейін екі материктегі климаттық жағдайлар өзгеріске ұшырағандықтан, әр материктің өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Климаты мен табиғат зоналары.

4. Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұксастығына негіз болды. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар үқсас. Сондықтан мүндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануар-лар дүниесі онша айырмашылык жасамайды. Оңтүстікке қарай материктердегі климаттык белдеулер мен зоналар арасында айырма-шылыктар көбейеді. Мысалы, Солтүстік Америкада есетін секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ сияқты осімдіктер Еуразияда оспейді. Ал Еуразияда өзен бойларындағы қалың нуларда кездесетін жолбарыстар, далада мекендейтін қарақұйрықтар мен ақбөкендер, Памир мен Тибеттегі қодастар Солтүстік Америка материгінде мүлде кездеспейді.

Жалпы алғанда, солтүстік жарты шар материктерінің табиғатында ортақ белгілер көп. Бұл жер қыртысының қалыптасу тарихындағы ұқсастықтармен, табиғатының ұзақ уақыт бірге дамуымен, географиялық орнының ұқсастығымен түсіндіріледі.



Бақылау сұрақтары:

1.Еуразия мен Солтүстік Америкада қандай климаттық белдеулер орналасқан?

2.Олардың қайсысы неғұрлым үлкен аймақты алып жатыр?

3.Екі материкте де кездесетін табиғат зоналарын анықтаңдар.

4. Қандай табиғат зонасы тек Еуразияда ғана кездеседі?

5.Еуразия мен Солтүстік Америкададағы ірі тау жүйелері мен жазықтар атаңдар.


Еуразия

62 -сабақ



Тақырыбы: Еуразия материгі

Жоспар:

1.Еуразия материгінің табиғат ерекшеліктері

2.Еуразия материгінің физикалық -географиялық орны

3. Адамзаттың Еуразия материгін қоныстануы

4. Еуразия материгінің зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты: Еуразия материгінің физикалық -географиялық орнынжәне зерттелу тарихын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жер көлемі – 54427 млн км2.

Шеткі нүктелері:

солтүстікте – Челюскин мүйісі,

оңтүстікте – Пиай мүйісі,

батыста – Рока мүйісі,

шығыста – Дежнев мүйісі.

Ең биік нүктелері (м):

Джомолунгма шыңы – 8848,

Коммунизм шыңы – 7495,

Чагори тауы – 8611,

Жеңіс шыңы – 7439,

Монблан – 4807.

Ең төмен орналасқан жері (м): Өлі теңіз —403.

Ең үлкен түбегі (км2): Арабия ауданы – 3 млн.

Ең ұзын өзендері (м):

Янцзы – 6300,

Хуанхэ – 5464,

Амур – 4444,

Енисей – 4092.

Ең үлкен көлі (км2): Каспий теңізі – 396000.

Ең терең көлі (м): Байқал көлі – 1620.

Ең суық температура тіркелген жері: Оймякон—71°С.

Ең ыстық температура тіркелген жері: Таршөлі – +53°С.


1.Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі- Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жаға-лауы, Кума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара тең-ізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бүғаздар аркылы өтеді (Атластағы физикалық картадан қараңдар).

Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі - Челюскин мүйісі (77° 43' с.е. 104°18' ш.б.) мен оңтүстіктегі шеткі нүктесі - Пиай мцйісі (1°16' с.е. 103°30' ш.б.) аралығындағы кашықтық 8000 км. Кейбір арал-дар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының арал-дары экватордан оңтүстікке қарай 11°о.е. дейін созылып жатыр. Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр. Батыстағы шеткі нүктесі - Рока мүйісі (38°47' с.е. 9°34' б.б.) мен шығыстағы шеткі нүктесі - Дежнев мщісі (66°05' с.е. 169° 40' б.б.) аралығындағы қашықтық 16000 км-ге жуық. Материктің біраз жері шығыс жарты шар аумағынан шығып, батыс жарты шарды да қамтиды. Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәй-кес, материкте солтүстік жарты шарға тән барлық климаттык белдеулер мен табиғат кешендерінің толық жиынтығы кездеседі.

3.Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы жағалауда түң-ғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық үғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын ме-кендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым-қатынасын жүргізген.

Ертедегі Үнді мемлекетін мекендеген халық-тар да Оңтүстік-Батыс Азия елдерімен кұрлық аркылы да, теңіз аркылы да сауда катынасын жасаған. Біздің заманымыздың I ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, казіргі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Ал ма-лайялықтар жеңіл кемелерімен Индонезия арал-дарын түгелге жуық аралап шығып, сауда қаты-насын орнатқан. Кейіннен олар Мадагаскар ара-лын ашып, кейбіреулері тіпті сонда түрақтап қалған.Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар ба-тысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді. Ал гректің ер жүрек теңізшілері - аргонавтардың алтын жабағыны іздеп Колхида ойпатына саяхат жасағандығы туралы «Одиссея» аңызында баяндалған

4.Еуразияның зерттелу тарихындағы маңызды зерттеулер мен ірі гео-графиялық жаңалықтарды естеріңе түсіріңдер.Еуропа мен Азияның жағалық бөліктері ту-ралы толық географиялық мәліметтер болғаны-мен, Азияның ішкі аудандары үзак уақыт бойы зерттеушілердің өзіне жүмбақ болып келді. Әсіресе жан-жағынан биік таулармен қоршалып, ұшы-қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия жерлеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Тек XIX ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар кұрыла бастады. Бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекше зор. Әсіресе Н.М. Пржевалъский басшылык еткен экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймакқа жасаған төрт саяха-ты нәтижесінде Н.М. Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын тапты. Ғалым құммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табигат жағдайларын сипаттады. Сонымен қатар көптеген өсімдіктер мен жануарлардың ғылымға белгісіз жаңа түрлерін -жабайы жылкы мен жабайы түйені анықтады. Н.М. Пржевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картага түсірді, олардың коорди-наты мен биіктігін анықтады, метеорологиялық байқаулар жүргізді, тау жыныстары мен өсімдіктердің бай коллекциясын жинады.

Н.М. Пржевальский Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты-ның бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс боларының алдында өзін Тянь-Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырған.

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П. Семенов та зор үлес қосқан. Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған бұл ғалым тау жүйесінің шекарасын анықтап, үзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңірі шыңын ашкан. П.П. Семенов түңгыш рет Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ға-лым Ыстықкөл колінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең кол екендігін де дәлелдеген. Осындай зор ғылыми жетістіктері үшін ға-лымның аты-жөніне таудың аты косарланып берілді. Орталык Азия-дағы ірі тау жүйесі, биік шың және мұздық П.П. Семенов-Тян-Шан-ский есімімен аталады.

1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш. Уәлиха-нов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі боліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алты шаһарына саудагер ретінде жасырын барған Шоқан коптеген көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап кайтқан. Қазақ зерттеушісі болған жерлерін сипаттап, тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелейтін суреттер салған, өзі жүріп өткен жерлердің карталарын жасаған.



Бақылау сұрақтары:

1.Еуразия материгінде ғылым мен мәдениеттің қандай ежелгі орталықтары бар?

2.Еуразия жері арқылы өткен қандай маңызды экспедицияларды білесіңдер?

3.Орталық Азия неге кеш зерттелді?

4. Орталық Азия табиғатын кімедр зерттеген?

63- сабақ



Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Жоспар:

1.Атлант мұхиты жағалауындағы теңіздер

2.Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауындағы теңіздер

3.Тынық мұхиты жағалауындағы теңіздер

4.Үнді мұхиты жағалауындағы теңіздер

Сабақтың мақсаты: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мүхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.

Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мухиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды (Атластағы мүхиттар картасынан қалқыма мүздықтардың қысқы шекарасын анықтаңдар). Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде қалыптасатын жы-лы, әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларына өкеледі. Соның нәтижесінде Еуропаның барлык жерінде тіпті Скандинавия жағалауында да қыс жүмсақ өрі ылғалды болады.

Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің кайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар. Еуропа жағалауларындағы Атлант мүхиты мен оның теңіздері кәсіптік балык аулаудың басты ауданы болып табылады. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың 39%-ы (пайызы) Атлант мүхитының үлесіне тиеді. Бискай шығанағында ІХ-ХІІ ғасырлардың өзінде кит аулау көсіп-шілігі болған.Атлант мүхиты мен Жерорта теңізі арқылы маңызды теңіз жол-дарының өтуі нәтижесінде судың ластану дәрежесі артып, тіршілік дүниесіне зиянын тигізуде. Жерорта теңізі жағалауларында ірі өнеркәсіпті және портты қалалардың шоғырлануы, халықтың тығыз қоныстануы, мұнай тасымалының артуы теңіз суларының шамадан тыс ластануына әкеп соғуда .0Сондықтан Жерорта теңізі дүние жүзіндегі шамадан тыс ластанған су айдыны болып табылады. Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жаг-дайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартка кол койыл-ды. Мүнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мүнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мүхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мүхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.

2.Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның сол-түстік жағаларына үласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит - ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мүхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқылы бөлініп жатыр. Мүхиттағы теңіздердің ең үлкені - Норвег теңізі, ең кішісі - Ақ теңіз. Мүхиттың орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты жоталарымен бөлінген бірнеше терең қазаншұңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде мұхиттың ең терең (5527 м) жері орналасқан (оларды картадан анықтаңдар). Теңіздерді жылдың көп мезгілінде мүз қүрсап жатады. Тек жаздың аяғында жағалау бойымен кемелер жүретін өткел ашылады. Солтүстік Ат-лант жылы ағысының жолында жатқан Норвег және Баренц теңіз-дерінің көпшілік бөлігі қыста да катпайды, сондықтан Солтүстік Мүзды мұхиттың осы бөлігі материкті қыс кезінде белгілі дөрежеде жылытады. Мұхиттағы су массалары батыстан шығысқа қарай қозғалып, Трансарктикалық ағысты қалыптастырады. Мұхит табиғатының басты ерекшелігі - қалыңдығы 2-4 м және одан да қалың көп жылдық мүздардың түзілуі. Бұл су температурасы мен тұздылығының салыстырмалы түрде төмен болуымен байланысты. Желдер мен ағыстардың мұздарды жылжытып, үюінің нәтижесінде биік-тігі 10-12 м-ге жететін пайда болады.

Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес, климатының қаталдығы-мен сипатталады. Ол мұхиттың солтүстік полюс маңындағы орнына байланысты. Мұхит үстінде суық арктикалык ауа массалары қалыптасады. Еуразия жер бедерінің солтүстікке қарай жазық болуы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін емін-еркін өтуіне мүмкіндік береді. Оның ықпалын еуропалық бөлікте Атлант мүхитынан келетін жылы ауа массалары азайтады. Қыста мүхит үстіндегі ауаның температурасы шығысқа қарай -40°С-ка дейін төмендейді, жазда 0°С-ка жақын. Мұз бен қар жамылғысы қысқа поляр күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін шағы-лыстырып, климаттың каталдығын арттыра түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-200 мм-ден аспайды. Тіршілік дүниесі де осы қатал табиғат жағдайларына бейімделген. Мүхиттағы тіршілік-тің денін суық суда, тіпті мұзда тіршілік ете алатын түрлер құрайды. Тек Атлант мұхиты жағалауы мен өзен сағаларына жалғасып жатқан қайраңдар тіршілікке бай (ол неліктен?). Мүнда планктон мол жиналып, су түбінде балдырлар өседі, балықтар (лақа балық, жаңылысқы (навага), сүтіл (палтус) көп кездеседі. Мұхитта киттер, итбалыцтар, морждар, жағалауларда ац аюлар мен топтанып тіршілік ететін құстар мекендейді. Жаз кезінде жағалау құс базарына айналады. Сондықтан ежелден-ақ Скандинавия халықтары құс мамығын жинау кәсіпшілігімен айналысады.

Климаттың қатаңдығы мұхиттың табиғат байлықтарын игеруде қиындықтар ту-ғызады. Кейбір теңіздердің қайраңдарында мұнай мен газдың кен орындары және пайдалы қазбаларға бай шөгінділер барланған. Мұхит арқылы халықаралық маңызы бар Солтүстік теңіз жолы өтеді, ол Еуропа мен Қиыр Шығыс порттарын жалғастырады. Бұл жолмен кемелердің жүзу мерзімі 2-4 айға созылады, жолдың кейбір бөліктерінде атом мұз жарғыш кемелерінің көмегімен бұл мерзімді ұзартуға болады. Солтүстік Мұзды мұхит табиғатын зерттеу мен шаруашылық мақсатта игеруде В. Беринг, В. Баренц, Ф. Нансен, Г. Седов, О. Ю. Шмидт, И. Д. Папаниннің еңбектері зор. Санкт-Петербург қаласында орналасқан полярлық аймақтар табиғатын зерттеу орталығы мен мұражайында Арктика табиғатына қатысты ғылыми материалдар жинақталған.

3.Тынық мұхит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағалау-ларын шайып жатыр. Жағалаулары аса күшті тілімденген аралдар көп. Жағалық теңіздердің біраз бөлігі материктік қайраңда орналас-қан. Шығысқа қарай жүрген сайын олар терең теңіз қазаншүңқыр-ларымен алмасады. Теңіздер мүхиттан аралдар доғасының тізбегі аркылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай, жіңішке, өте терең мүхит шұңғымалары созылып жатыр (оларды картадан анық-таңдар). Мүхит түбінің мүндай ерекше қүрылымы тек Тынық мү-хиттың батыс жағалауларына ғана тән.

Тынық мүхит өте үлкендігіне, барлық климаттық белдеулерді кесіп өтетіндігіне және мүхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты жағалауындағы материктердің, әсіресе Еуразияның табиғатына күшті әсерін тигізеді. Мүхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі жүйесі және муссондык қүбылыс Еуразия климатының қайталанбас белгілерін қалыптастырады. Әсіресе мұхиттың экватордан солтүстікке қарай орналасқан бөлігіндегі ағыстар жүйе-сіне кіретін Солтустік пассат, Куросио, агыстары Еуразия жағалау-ларына жылу мен ылғал әкеледі. Куриль суық ағысы әсер ететін солтүстіктегі жағалық аудандарда климат біршама салқындап, қыста қалың қар жамылғысы қалыптасады. Өте үлкен мұхит айдыны мен аса ірі материктің көршілес орналасуы, олардың жьілы және суық мезгілдерде әркелкі жылынуы өсерінен Еуразияның шығыс жағалауында муссондьщ климат қалыптасады. Оңтүстікке қарай мұхит үстіндегі атмосфералық қысымның кенет төмендеуінен пай-да болатын қүйын тәріздес жойқын дауылдар - тайфундар (қытай тілінде «үлкен жел» деген сөз) жаздың аяғы мен күздің басында жиі байқалады.

Климаттық ерекшеліктеріне байланысты су бетінің температурасы солтүстікте -1°С-тан экватор маңында +29°С-қа дейін жоғарылайды. Мұхит айдынында булануға қарағанда түсетін жауын-шашын мөлшері басым болғандықтан, су бетіндегі тұздылық басқа мұхиттарға қарағанда төменірек болады (Тынық мүхит табиғатымен кейінірек толығырақ танысасыңдар).


Каталог: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет