Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет8/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

4.Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауларына ұласып жатыр. Теңіздері мен шығанақтары жіңішке материктік қайраң арқылы су асты жоталарымен бөлінген терең қазаншұңқырларға жалғасады. Мұнда ұсақ жанартаулық аралдар көп кездеседі (оларды картадан анықтаңдар). Мұхиттың ең шалғай теңізі - Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан Қызыл теңіз. Мұнда Дүниежүзілік мұхитындағы ең жоғарғы тұздылық (41%о) байқалады. Үнді мұхитының жағалауға жақын бө-ліктеріндегі ағыстар жыл мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы муссондардың ауысуына байланысты жазда батыстан шығысқа қарай, қыста шығыстан батысқа қарай бағытын өзгертеді.

Аса ірі Еуразия материгінің көршілес орналасуы мұхит табиғатына да үлкен әсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа райымен сипатталса, ал жазы ыстық, жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мүхиты мен оның теңіздері - Жер шарындағы ең жылы су алаптары. Судың беткі температурасы үнемі +25, +30°С болады, ең жоғары температура (+34°С) Парсы шығанағында байқалады. Ал оңтүстікке қарай температура төмендейді. Судың беткі қабатындағы түздылық барлық жерде салыстырмалы түрде жоғары. Мүхиттағы тіршілік дүниесі алуан түрлі, әсіресе солтүстіктегі материктік қайраң мен маржандық рифтер таралған аудандарда айрықша бай болады. Үнді мүхитындағы ежелден белгілі асыл тастарды (інжу, маржан) теңіз түбіне сүңгіп, жинау кәсібі күні бүгінге дейін сақталған. Жалпы ал-ғанда, Үнді мүхитының алуан түрлі биологиялық байлығы әлі то-лық зерттеліп, игерілмеген.

Үнді мұхитындағы Парсы шығанағы мүнай, газ қоры мен олар-ды өндіру жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Парсы шыға-нағы мен Қызыл теңіз сулары мүнай өндіру және оны тасымалдау әсерінен катты ластанған. Қайраңдардағы шөгінділер құрамында қалайы, фосфорит, алтын кездеседі. Үнді мұхиты аркылы көптеген кеме қатынасы жолдары өтеді. Солтүстік бөлігінде жүзу бағыттары муссон желдерімен байланысты болатын шағын, желкенді кемелер әлі күнге дейін пайдаланылады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.

  2. Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.

64- сабақ



Тақырыбы: Жер бедері. Пайдалы қазбалары

Жоспар:

1.Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшелігі

2.Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар

3. Жер бедерінің негізгі түрлері


4. Пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты: Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшелігін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м – ден жоғары. Олардың 11 – і Гималай тауларыңда орналасқан, ең биігі – Джомолунгма (Эверест) – 8848 м. Таулардың аралығын кең – байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі, биіктік ауытқуларының зор болуы теңіз деңгейінен ең темен жатқан Өлі теңіз ( – 403 м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251 м – ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты. Материктің негізін қалайтын Еуразия литосфералық тақтасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең ежелгілері: Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір – бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайды. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары (Арабия мен Үндістан платформалары) соқтығысты. Еуразия литосфералық тақтасының соқтығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді. Соның нәтижесінде аса биік, құрылымы күрделі Кавказ, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында Тынық мұхиттық тақта Еуразия тактасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттықтерең шұңғымалар түзілді. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

2.Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік – батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүсгік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды. 1911 жылы Алматыда болған 9 балдық апатты жер сілкіну кезінде кала түгелге жуық кирап, жер қилысында жарықтар пайда болған. Ал 1988 жылы желтоқсанда Арменияның Спитак қаласы маңында болған аса күшті жер сілкіну нәтижесінде қала түгелдей қирап, 60 – тан астам елді мекенге зиян келген, 25 мың адам қаза тапқан. 1999 жылы тамыз, қараша айларында Түркияда болған күіш 7 балға жеткен жер сілкінулері кезінде мындаған адамдар қаза болып, бірнеше қала қираған. Бұл белдеуде жанартау атқылауы да болып тұрады. Біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауының атқылауы нәтижесінде ежелгі Италияның гүлденген қаласы Помпей түгелімен ыстық лава астында қалған. Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттың геосинклинальдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн – ға жуық адам баспанасыз қалған. Мұндай жер сілкінулер мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан – жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750 м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Кракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қабатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

3.Жер бедерінің негізгі түрлері Еуропа мен Азияның жер бедері бір – бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерде сыртқы күштер әсерінен күштіугілуге ұшырап, аласарған. Альпі – Гималай геосинклинальдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басумен байланысты мұндай жер бедері Альпілік жер бедері деп аталады.

Азияның 3/4 бөлігін таулы үстірттер, таулы қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жазықтар Тұран,_Батыс_Сібір,_Солтүстік_Сібір,_Яна_–_Индигирка,_Колыма_ойпаттары,_Орта_Сібір_таулы_үстірті)'>(Тұран, Батыс Сібір, Солтүстік Сібір, Яна – Индигирка, Колыма ойпаттары, Орта Сібір таулы үстірті), негізінен, солтүстікте шоғырланған. Бұл жазықтардың оңтүстігінде Алтай, Саян, Байқал маңы таулары, Солтүстік – Шығыс Сібір таулары, Жоғарғы Яна (Верхоян), Черский жоталары мен Коряк және Чукот таулы қыраттары, Амур бойы мен Қиыр Шығыс таулары (Бурея, Сихотэ – Алинь және т.б.) және Биік Азия (Тянь – Шань, Памир, Гиндукуш, Қарақорым, Кунь – Лунь, Тибет, Гималай) таулары орналасқан. Оған батыстан Кіші Азия түбегінің таулары, Кавказ таулары мен Иран таулы қыраты келіп жалғасады. Бұл таулы белдеудің оңтүстігі Аравия, Үндістан, Үндіқытай түбегінің таулы үстірттері мен жазықтарына, шығысқа қарай Ұлы Қытай жазығына ұласады. Биік Азияның орталық бөлігінде ойыстар, көтеріңкі жазықтар мен биік үстірттер орналасқан.



Еуразияның жазықтары мен тауларының шығу тегі, жасы, жыныстарының құрамы әр түрлі. Тұран мен Батыс Сібір ойпаттары ұзақ уақыт ежелгі мұхит табаны болғандықтан, теңіздік, континенттік шөгінділер аралас кездеседі және жер бедері біртегіс болады. Орта Сібір таулы үстірті көршілес тау жоталарындағы қозғалыстар әсерінен биіктеп, жер бедері күрделенген ежелгі платформаға сәйкес келеді. Еуразияның қатпарлы жас таулары материктің оңтүстік және шығыс бөліктерінде екі ірі белдеу құрайды. Оңтүстіктегі Альпі, Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары (Альпі, Кавказ, Памир, Гималай) шоғырланған. Бұл белдеудің кейбір бөліктерінде тау жоталары түйісіп, таулы қыраттар түзеді. Олардың ірілері – Тибет және Армян таулы қыраттары. Шығыстағы Тынық мұхиттық қатпарлы белдеу Камчатка түбегінен Үлкен Зонд аралдарына дейін созылып жатыр. Мұнда жер сілкіну және жанартау белдеулері орналасқан. Сондықтан кейбір тау шындары сөнбеген және сөнген жанартаулардан тұрады. Биік таулардың басым көпшілігіне үшкір шындар мен шоқылар, қая беткейлер мен тік асулар тән. Оларда қазіргі мұздықтар кездеседі. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. Еура – зиядағы палеозой эрасында көтерілген ежелгі таулар кейіннен сыртқы күштер әсерінен үгілерге ұшырап, аласарған. Олардың кейбіреулері (Тянь – Шань, Алтай, Саян, Байқал маңы таулары) жаңа қозғалыстар әсерінен биіктеп, жер бедерінің жаңаруы нәтижесінде биік тауларға айналған. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарықтар бойымен төмен түсуінен Такла – Макан, Жоңгар, Фергана, Балқаш – Алакөл сияқты тауаралық қазан шұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал мен Сарыарқада, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

4.Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Бұған материктің даму тарихының ұзақтығы, жер қыртысы құрылымдарының күрделілігі себеп болады. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді.

Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарықтар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар, негізінен, кристалды жыныстар ашықнемесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Қытайдың солтүстік – шығысында, Ресейде және Скандинавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы сирек кездесетін металдарға бай қалайы – вольфрам белдеуі өтеді. Вольфрам жоғары температураға төзімді болғандыктан, одан электр шамдарының сымы жасалынады. Магмалық тау жыныстарының құрамында алтын мен кейбір асыл тастар кездеседі. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри – Ланка аралында ежелден – ақ әр түрлі асыл тастар (сапфир, рубин) өндіріледі.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Еуразияның жер қойнауы шөгінді пайдалы қазбаларға бай. Мұнда жаңғыш пайдалы қазбалардың дүниежүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған мұнай мен газ қоры женінен Еуразия басқа материктерден алда тұр. Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған.

Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстармен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады. Қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес, материктік кайраңдардан да табылған. Мұнай, негізінен, Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий тендзі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Тас көмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің калдықтарынан түзілген. Тас көмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп ендіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде,. Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: Жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғау шараларын ескерудің маңызы зор.



Бақылау сұрақтары:

1.Жер қырытысы деген не, оның қандй түрлері бар?

2. Платформа дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?

3. Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?

4.Магмалық пайдалы қазбаларды атаңдар.

5. Шөгінді пайдалы қазбалар қайда пайда болады және олар қайда таралған.


65- сабақ

Тақырыбы: Климаты. Климаттық белдеулер

Жоспар:

1.Климат қалыптастырушы факторлар

2.Климаттық белдеу

3.Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсері.



Сабақтың мақсаты: Климат қалыптастырушы факторлар және климаттық белдеулерді қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1. Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдардың оңтүстік оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулерін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүсттікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түстіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүсттікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстіктігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.

Материктің батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүсттікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді. Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік таулы белдеулердің орналасуы Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасап, таулардың жел жақ беткейлеріне ылғалдың мөлшерден артық түсуіне себепші болады. Мұхиттардың материк климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне, қысым аймақтарының орналасуына, басым желдерінің бағытына және материк жағалауының қаншалықты тілімдену дәрежесіне де байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгередіә. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.



2. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста – 400 С, - 500 С-қа дейінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі.

Материкке қарай тұрақты соғатын суық солтүстік-шығыс желдері әсерінен жыл бойы тұманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын-шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай климаттың қатаңдығы арта түседі, мұндағы аралдар мұз құрсауында жатыр.

Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Климаттық арктикалыққа қарағанда салыстырмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады. Сондықтан температура -500С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады. Қар жамылғысы жұқа. Бұған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл компаненттік деп аталады. Қазақстан жеріне де осы аталған климат тән.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мұхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған құрлықтың ішкі бөлігінен соғатын суық, құрғақ ауа түрінде Тынық мұхитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мерзімінде тез қызып, қысымы төмендеген құрлыққа Тынық мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазғы муссонсоғады. Қыс суық әрі құрғақ, жаз қоңырсалқын, жаңбырлы болды. Муссондық климат Еуразияның Тынық мұхит жағалауын түгел қамтиды.

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де, климат әр түлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қыс батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады. Мұнда аптапты ыстық пен құрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қаттыжапырақты өсімдіктер кең тарлған. Бұл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән. құрлықтың ішкі бөліктерінде субтропиктік белдеудегі климаттық жағдайда қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жазда аңызақ, ыстық желдер, құмды дауылдар жиі болады, қыс біршама салқын.



Белдеудік орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.

Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды қамтиды. Гималай тау климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі. Жазда Үнді мұхитынан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтиды. Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +240С-тан төмен түспейді. Тұрақты түрде екі жарты шартың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.

3. Еуразиядағы климат жағдайларының алуан түрлілігінің адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық әрекетінің сипатына, әсіресе ауыл шарушылығының дамуына тікелей ықпал жасайды. Ауыл шаруышылығын дамытуға материктің солтүстігі мен солтүстік шығысыныда жазда жылудың жетіспеуі мен мәңгі тоң. Ал ішкі аудандарда ылғалдың жеткіәліксіздігі кедергі болады. Жазы ыстық, қысы біршама жұмсақ қоңыржай белдеуде бидай, жүгері және басқа дәнді дақылдар, қант қызылшасы, алма, жүзым өсіріледі. Бұл белдеудің оңтүстігінде суаруды, жылуды көп қажет ететінн күріш пен мақта егіледі. Еуразияның ұлан байтақ кең далаларында ежелден жайылымдық мал шаруашылығы дамыған. Әсіресе Қазақстан мен Орталық Азияда мал шаруалылығының дәстүрлі сипаты (жыл мезгілдеріне байланысты жайылымдарды ауыстыру) сақталған. Субтропиктік белдеудің Жерорта теңізі аймағының климаты цитрустар, зәйтүн және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Материктің шығысы мен оңтүстігінің муссонды климаты жағдайында күріш, мақта, шай бұтасы, қант қамысы, кофе, банан, ананас және т.б. тропиктік дақылдар мен жемістер көп өсіріледі.

Тұрғын үйлерді салуда да климаттық жағдайлар ескеріледі. Мысалы, Сібірдің қатты аяз болатын аудандарында терезе әйнегі үш қататтан тұрады, ол оңтүстікте ыстық климат жағдайында үйлердің қабырғасы бамбук таяқшаларынан ғана құрастырылады. Жаңбыр көп жауатын еуропалық бөлікте үйлердің шатыры үшкір болып келсе, шөлді аудандарда үйлердің төбесі жадағай тегіс болады. Күшті желдер жиі болатын аудандарда жол бойларын қар мен құмның басып қалуынан қорғайтын орман белдеулері отырғызылады.

Климаты адам денсаулығына өте қолайлы аудандарда емдеу-сауықтыру орындары, демалыс үйлері орналасқан. Олар негізінен теңіз жағалаулары мен таулы аудандар да шоғырланған. Кейде шөлді аудандардың климаттық жағдайлары (құрғақ, ыстық ауа, қызған құм және тұзды балшықтар) да емдік мақсатта пайдаланылады.

Климаттық жағдайлардың адам өміріне пайдасымен қатар, апаттарға әкеп соғатын зиянды құбылыстары да жеткілікті. Муссондық нөсер жаңбырлар жауатын шығыс және оңтүстік шығыс Азияда апаттық тасқындар жылма-жыл қайталанып отырады. Әсіресе Хуанхэ, Ганг, Амур өзендерінде апаттық су тасқындары жиі байқалады. Су тасқындары кезінде адамдар мен жануарлар шығын болып, елді мекендер мен егіс далаларын су басады. Су тасқындарынан қорғану мақсатында адамдар ежелден дамбалар мен бөгеттер салған. Еуразияның оңтүстік шығысына Тынық мұхит жағалауынан келетін өте қуатты тропиктік циклондар – тайфундар кезінде желдің жылдамдығы сағатына 400 км-ге жетеді. Тайфундар әкелген теңіз толқындары жағалауға жойқын күшпен соғылып, әсіресе Жапон, Филиппин аралдарымен Үндіқытай жеріне жылма-жыл апат әкеледі. Оңтүстіктегі таулы аудандарда жаз кезінде сел жүру қаупі артады. Жауын-шашын аз жауатын, ылғал жеткіліксіз аудандарда кейбір жылдары құмды борандар мен ұзаққа созылған қуаңшылық байқалады. Климаты шұғыл континентті болатын мұндай аудандарда су бөгендері салынған. Арабия түбегінде егістерді суаруға тұщыландырылған теңіз суы да пайдаланылады.

Шаруашылықты орналастыру мен табиғатты қорғау шараларын жүргізуде жергілікті жердің климаттық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескеру қажет.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет