Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



жүктеу 3.37 Mb.
бет9/19
Дата25.04.2016
өлшемі3.37 Mb.
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Бақылау сұрақтары:

1.Климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2. Жер шарында қанша климаттық белдеу бар?

3. Еуразияның климаттық жағдайына оның географиялық орны, жер көлемі, жер бедері, мұхиттардан алыс –қашықтығы қалай әсер етеді?


66- сабақ

Тақырыбы: Ішкі сулары

Жоспар:

1. Өзен торы. Көлдер

2.Қазіргі заманғы мұз басу

3.Көп жылдық тоңдар.



Сабақтың мақсаты: Еуразияның ішкі суларын қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Еуразия ішкі суға бай. Су коры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда Жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.



Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтустік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып ететін ең ірі өзендері (мен Сқандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.

Бұл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар кыста үзак уақыт катып жатады. Көктемде бас-тауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендердің жоғары ағысында судың қүлама күшін пайдаланып, жүмыс істейтін су электр стансалары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.

Атлант муіхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла т.б. Өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықтан, жоғары ағысында шоңғалдар мен саркырамалар жасап, тар аңғарларымен арындап ағады. Жазыққа шыққан соң ағыны бәсеңдеп, кең аңғармен жайылып ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке беліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Солтүстіктегі өзендерде еріген кар мен жаңбыр суының, ал оңтүстіктегі таудан басталатын өзендерде мұздық пен жаңбыр суының үлесі артады. Бұл алаптағы өзендер халық жиі коныстанған, өнеркәсіп орындары тығыз шоғырланған бірнеше елдің жері арқылы ағып өтетіндіктен мейлінше ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады (картадан табыңдар). Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендіққе байланысты кейбіреуі кдтады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді коспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Үнді мұхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Ти­гр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алкабын суаруға пайдаланылады.

Ішкі тщыц алапқа Шығыс Еуропа жазыгының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазакстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады (картадан қараңдар). Бұл алаптағы өзендердің ірілері - Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені - Еділ. Шығыс Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде кар еріген кезде тасиды. Еділ жылдың баска мезгілінде жаңбыр, жер асты суымен коректенеді. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.

Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылыгы әркелкі. Көлдер материктің солтүстік-батысында жиі шоғырланған. Олардың қазаншұңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пайда болған. Сондықтан жағалық сызықтары күшті тілімденген, терең және тұщы сулы болып келеді. Ең ірілері - Ресейдегі Ладога, Онега, Сқандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Бұл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Байкал - дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мұнда Жер шарындағы тұщы судың 20%-ы жиналған. Байкалға 336 өзен құйып, жалғыз өзен - Ангара ағып шығады.

Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер катарына ежелгі мұхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері -Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б. Бұл көлдердің суы кебінесе тұзды болып келеді.

Көлдер тұщы су коры, туризм мен демалыс орындары ретінде, кәсіптік балық аулау мен кеме қатынасы үшін кеңінен пайдаланылады.



2.Қазіргі заманғы мұз басу. Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелаги, Жана Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималаи) таралган. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. Тау басындағы мұздықтардан материктегі ірі өзендер бастау алады. Егер осы мұздықтар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.

3.Көп жылдық тоңдар. Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шеқарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды кабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдіққе дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның пайда болу себебін катал кли­мат жағдайында жылдық орташа температура 0°С-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгі тоң қабатының калың болуы оның оте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді. Көп жылдық тоң арқылы ағатын өзендер көктемде арнасынан асып жайылып, ұшы-қиырсыз батпақтар түзеді. Көп жылдық тоң жол салу, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын қиындатады.

Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80 %-ы орналасқан. Батпақтар, өсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындыңтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

Еуразия материгінде жер осты суларының да мол коры бар. Жер асты сулары өте таза болгандықтан ауыз суы ретінде көбірек пайдаланылады. Өсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монголия жерлеріне тән. Құрамында тұздар мен газдардың ерітіндісі болатын минералды сулар емдік бағытта пайдаланылады. Олар көп жағдайда ыстық және радонды болып келеді. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудан­дарда (Солтүстік Кавказ, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Бақылау сұрақтары:

1.Еуразиядағы Атлант мұхитының алабына жататын өзендерді атап және физикалық картадан көрсетіңдер?

2.Тынық мұхитының алабына жататын өзендерді атап және физикалық картадан көрсетіңдер?

3. Үнді мұхитының алабына жататын өзендерді атап және физикалық картадан көрсетіңдер?

4. Солтүстік Мұзды мұхитының алабына жататын өзендерді атап және физикалық картадан көрсетіңдер?

5.Еуразиядағы ішкі тұйық алапқа жататын өзендерді атап және физикалық картадан көрсетіңдер?

6. Материктегі қандай өзендер мен көлдер қатты ластануға ұшыраған және себебі неліктен?

7. Материктегі ағынды және ағынсыз көлдерді атаңдар?


67-68 сабақ

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Жоспар:

1.Табиғат зоналарының орналасуы

2.Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зона­лары

3.Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары



Сабақтың мақсаты: Еуразияның табиғат зоналарының орналасуын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Табиғат зоналарының орналасуы. Еуразия солтүстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зонасына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр, ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығыска қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады. Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр, оның батысы мен шығысы жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Материктің ішкі бөлігінде тайга бірден орманды дала мен далаға ауысады. Тынық мұхиты-нан келетін ылғалдың материк ортасына қарай азаюына байланысты бұл зоналар шығыста ендік бағытта бүрылыс жасайды. Ылғал мүлде жеткіліксіз ішкі аудандарда ніөлейт және шел зоналары ка-лыптасады. Табиғат зоналарының орналасуы мен ерекніеліктерін тереңірек түсіну үшін оларды белдеу бойынша қарастырайық.



2.Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зона­лары. Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суык және қыска. Қыста температура - 40 °С-тан темен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жа­тыр. Мұздан бос жерлерде мүк қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ак аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зона­лары алып жатыр. Тундра дегеніміз толық. жетілмеген батпакты то-пырақтардағы мүкті-қыналы және бүталы өсімдіктерден тұратын, климаты катал белдеу. Мұнда күшті желдер мен карлы борандар жиі соғады. Сондықтан бүталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Тундрада ең көп тараған өсімдік - бұғы мүгі солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орман­ды тундраға ауысады.

Бұл зона мүктер мен бұталарға біршама бай болғандықтан солтүстік бұғысымен қатар, жаз айларында мұнда булан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды да кездестіруге бола­ды. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көпжылдық тон таралған, жазда оның беткі кабаты ғана ериді. Аталған зоналардың табиғаты климатының каталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз ұшыраған. Бүгінгі таңда мұнай, газ кен орындарының қаркынды игерілуіне байланысты адамның табиғатка әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қайталанбас табиғат ерекшеліктері бар тундраны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.



3.Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы - тайғада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз біршама жылы және ұзақ. Соның нәтижесінде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар. Тайга - тек қана қылқан жапыраңты ағанітар өсетін зона. Тайганың топырағы күлгін (күл түстес), көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан шығыска қарай қаталдануына байланысты Сқандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағгай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығыска қарай жатқан бөлігі - Сібірде суыққа төзімді май қарағай, сібір қарағайы - самырсын және қыста қылқандарын түсіретін ағаш - бал қарағай таралған. Сібір жерінде климаттың қа­таң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр.

Тайга мен биік таудағы ормандар неғүрлым жақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, булан, марал, елік, қоңыр аю, цабап тіршілік етеді. Қиыр Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш - Уссурий жолбарысы сақталған. Сондай-ақ ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстар өте көп (Атластағы жануарлар картасына қараңдар).



Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы материктің батысын-да Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлікте кайта жалғасады. Аралас ормандар тайга мен жалпақ жапырақты орман­дар аралығында орналасқандықтан, құрамында қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін өсімдіктерге байланысты то-пырағы шымды-күлгін болып келеді. Тынық мұхит жағалауындағы аралас ормандарда муссонды климат әсерінен емен, жеке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім мен лианалар, ал қылқанды ағаштардан корей самырсыны мен бал қарағайы, шырша және сібір май қарағайы өседі. Жалпақ жапырақты орман­дар белдеудің жауын-шашын көп түсетін батысы мен шығысында ғана орналасқан. Құнарлы қоңыр топырақта өсетін бұл орманның ағаштары жылу сүйеді, ылғалды көп қажет етеді. Еуропаның ылғал көп түсетін батысындағы шамшат орманы жазғы және қысқы температураның айырмашылығы артқан сайын емен, жөке, үйеңкі жөне т.б. ағаштар өсетін орманға ауысады. Ормандар халық тығыз қоныстанған аудандарда өсетіндіктен және бағалы ағаш сүрегі көп дайындалатындықтан барынша сиреген.

Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дей-ін созылып, Қиыр Шығыста кайта жалғасады. Ылғал молырақ түсетін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпак жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Қысы катал болатын Батыс Сібірдің орманды даласына үсак жапы-рақты ағаштар - қайың, көктерек және даланың астық түкымдас өсімдіктері - селеу, боз, бидайық төн. Бұл зоналарда өте құнарлы қара топырак таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртыл-ған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан дөнді дақылдар: бидай, қара бидай, царащжыц, арпа, сцлы және қант қызылшасы мен щнбагыс өсіріледі. Дала зонасының оңтүстігінде куаң-шылықтар жиі болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.

Орманды далада орман мен даланың жануарлары қатар кездеседі. Негізгі жануарлары - қасқыр, қарсақ, тщлкі және кемірушілерден сарышұнақ, дала күзені, дала тышқандары тіршілік етеді. Топырағы құнарлы дала зонасы ежелден карқынды игерілгендіктен мұнда бұрын кең таралған ірі тұяқты жануарлар мен құстар саны казіргі кезде құрт кеміп кеткен. Сондықтан дала зонасының табиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары корыктарда ғана сақталған.



Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтас жолақ түрінде қамтып, Монголия мен Қытайдың тау аралық ойыстарында таралған. Жазы аптап ыс-тық, құрғақ, а л кысы суык, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шұғыл континентті климаты топырақ-өсімдік жамылғысының дамуы мен таралуын шектейді.

Шөлейтті өңірлерде кыста ауа райы құбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -40°С-қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенет жылымықтармен ауысқанда көктайғақ, яғни жер бетін басқан жұүқа мұз қабыршағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жұтқа әкеп соғады. Шөлейтке күңгірт қара қоңыр (каштан) топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған, жусандармен қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.

Шөлдерде климаттың континенттілігі артады, жаздағы ыстық +50°С-қа дейін жетеді, жылдық буланушылық мөлшері түсетін жауын-шашыннан 10-12 есе артады. Шөлге сұр-қоңыр топырақ төн. Өсіресе құмды шөлдер тіршіліққе неғүрлым бай болып келеді. Құмды шөлдерде сабағы қатты, жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналған, құрғакшылыққа төзімді өсімдіктер (ксерофиттер) кең таралған. Сондай өсімдіктердің бірі - сексеуіл аса ұзын тамырлары арқылы тереңдегі ылғалды сіңіреді, әрі құмдарды бекітеді. Бекінген құм; дарда сирек жаңбырлардан жиналған ылғал көктемде шөлдің жандануына мүмкіндік бе­реди Мұндай көктемде ерте гүлдеп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктерге (эфемерлер) өздеріңе таныс қызгалдақ, қаңбақ жатады. Сондай-ақ қоңыржай белдеуде тамырлар басым болатын сазды шөлдер мен Гобиге тән тасты шөлдер де (хамадалар) кездеседі. Шел зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында шураттар (оазистер) қалыптасады. Шұраттарға ағаштар мен әр түрлі бұталар, шалғынды өсімдік жамылғылары мен тоғайлар тән. Ал жауын-шашын өте аз түсетін, жылжымалы сусыма құмдар мен тасты шөлдерде тіршілік жоқтың қасы.

Шөлейттер мен шелдерде су мен азық іздеп алысқа жортып бара алатын ірі тұяқты жануарлардан жабайы түйе, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, кемірушілер мен кесірткелер, жыландар тіршілік етеді. Бұл зоналарда сары шаяндар, бүйі, қарақұрт сияқты улы жәндіктер де кең таралған.



Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат зонасы деп нені атайды?

2.Табиғат зоналарының таралуына климат қалай әсер етеді?

3.Қоңыржай белдеудің қандай зоналары көбірек игерілген?


69 – 70 сабақ

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Жоспар:

1.Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары

2.Тропиктік шөлдер

3.Субэкваторлық белдеудегі зоналар

4.Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары

5.Биіктік белдеулік



Сабақтың мақсаты: Еуразияның табиғат зоналарының орналасуын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары. Субтропиктік белдеуді қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, субтропиктік дала, шөлейт және шөл, субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы алып жатыр (Қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын қараңдар).

Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы Жерорта теңізінің биік таулармен коршалған жағалауын алып жа­тыр. Бұл жердің жазы ыстық, қүрғак, ал кысы жылы, жаңбырлы болады. Сондықтан өсімдіктер жыл бойы өсуін жалғастырып, мәңгі жасыл сипат а лады. Бұл өсімдіктер жаздың ыстықтығы мен құрғақтығына да жаксы бейімделген: олардың жапырактары ұсақ, әрі қалың, беті жылтыр болады, кейбіреулерінің бетін түк баекдн. Ылғалды, жылы қыста шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Зонада субтропиктік орманның құнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандар кесу нәтижесінде сиреген, сақталып қалған бөліктерінде тac емен, тығынемені, қолшатыр тәрізді жерорта теңіздік пиния қарағайы, лавр ағашы (суреттерде берілген) мен лавр шиесі, грек жаңаағы, зәйтүн, кипарис ағаштары өседі. Кесілген ормандар орнын мәңгі жасыл бұталар мен аласа ағаштар: бүлдірген ағашы, мирта, аласа тac емен алмастырған. Мұнда майшетен, жүзім, цитрус тұқымдастары сияқты мәдени өсімдіктер де өсіріледі. Кавказдың оңтүстігіндегі Колхида және Ленкорань ойпаттарында жалпақ жапырақты және мәңгі жа­сыл ағаштар аралас өсетін ылғалды субтропиктік ормандар таралған. Бұл өңірлердің климаты ылғалды, жазы ыстық, қысы жылы. Топырағы сары тцсті болып келеді. Осы ойпаттар мен тау етектерін цитрус бақтары мен атакты грузин шайының плантациялары алып жатыр. Кавказдың Қара теңіз жағалауында дүние жүзіне әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан.

Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бұл шөлдердің минералды заттарға бай сұр топырағын қолдан суару аркылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы (арахис) мен бакша дақылдарынан мол өнім алынады. Құлазыған атақты Такла-Мақан шөлі осы зонаның орталық бөлігін алып жатыр.

Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы Жапон аралдары мен Кореяның оңтүстігінен бастап, Тынық мұхит жағалауы арқылы Үндіқытай түбегін бойлай, субэкваторлық белдеуге де өтеді («Табиғат зоналары» картасынан орнын анықтаңдар). Же­рорта теңізі жағалауымен салыстырғанда, мұнда жаз ылғалды, қы­сы біршама құрғақ және салқынырақ болады. Ормандарда мөңгі жасыл ағаштардан магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жапырақтылардан емен, шамшат, шегіршін, оңтүстіктің айрықша қарағайы мен кипарисі аралас өседі. Ағаштар лианалармен шырмалып, ну орман сипатына енеді. Халық тығыз қоныстанған Қытай мен Үндіқытайда табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, олардың орнында субтропиктік мәдени өсімдіктер өсіріледі. Жануарлардан өзен бойларында жолбарыс пен цабылан сиякты жырткыштар, тауларда Гималаи аюы, бамбук аюы - панда, маймылдардан макаққа мен гиббон сақталған. Ал құстардан қауырсындары көздің жауын алатын әдемі тоты құстар мен үйректер көптеп кездеседі.

2.Тропиктік шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Еуразия шөлдеріндегі ең ыстық әрі құрғақ климат осы жерлерге тән. Ертеректе климаттың біршама ылғалды болғандығын дәлелдейтін құрғақ өзен арналары - уәд әсіресе Арабия түбегінде жиі кездеседі. Оларда қараған, шеңгел сияқты тікенекті бұталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда құрма пальмасы өседі. Арабиядағы орасан зор кеңістікті алып жатқан атақты Рубэль-Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Ал тасты шөлдер мүлде құлазып жатады. Жануарлардан Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек - онагр, бір өркешті жабайы түйе - нар (дромедар), тарғыл қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп. Адам төзгісіз ыстық пен құмды дауылдарға, су тапшылығына қарамастан бұл шөлдер арқылы ежелден керуен жолдары өткен. Парсы шығанағынан табылған мол мұнай қорының игерілуіне байланысты шөлдерде қазіргі заманғы сәулетті калалар мен елді мекендер салынып, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарған.

3.Субэкваторлық белдеудегі зоналар. Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мұнда субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар мен саванналар таралған. Үндістан және Үндікытай түбектерінің жауын-шашынның жылдық мелшері 800 мм-ден аспайтын ішкі бөліктеріне саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және майлы ағаштар өседі. Тик ағашының суда шірімейтін, өте қатты сүрегі кеме және вагон жасауда пайдаланылады. Ал биіктігі 35-37 м-ге, диаметрі 2 м-ге жететін майлы ағаш батпақты жерлерде құрылыс салуда қолданылады. 3-4 айға созылатын құрғақ мезгілде кейбір ағаштардың жапырағы түсіп, шөптесін (өсімдіктер сарғайса, жазғы муссон кезінде са­ванна құлпырып, сан алуан түске боялады.

Субэкваторлың ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филиппин аралдарының солтүстігін алып жатыр. Мұнда құрғақ мезгіл ұзақка созылмайды, жаңбыр саваннаға қарағанда көбірек жауады. Кейбір ағаштардың құрғақ кезде жапырағын түсіретіндігі болмаса, бұл орманның өсімдіктері оңтүстігінде орналасқан ылғалды экваторлық ормандарға ұқсайды.

Саванналар мен субэкваторлық. ауыспалы ылғалды ормандарда қызыл және коңыр-қызыл топырақ жамылғысы таралған, жануарлар дүниесі де ұқсас. Үндістан мен Шри-Лан­сада жабайы пілдер сақталған. Маймылдар барлық жерінде кездеседі.



4.Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарды алып жатыр (картаны қараңдар). Жауын-шашынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуьша жағдай жасайды. Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мыңнан аса түрі өседі, тек қана пальманың 300-дей түрі бар. Ұзындығы 200-300 м-ге жететін оралып өсетіяротанг пальмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, ит түмсығы өтпейтін қалың ну орман (джунгли) құрайды. Экваторлық ормандарда жергілікті халық үй құрылысына, жиһаз бен қағаз жасауға пайдаланатын бамбуктің коптеген түрлері өседі. Ағаш діңдерінде шырмалып өсетін хош иісті, алуан түсті орхидеялар орманға айрықша көрік береді.

Ылғалды экваторлық ормандардың жануарлар дүниесі де өте алуан түрлі: мүйізтұмсықтар мен жабайы бұқалардың кейбір түрлері бас­қа ешбір жерде кездеспейді. Маймылдардан - макакалар мен ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жыртқыштардан - жолбарыс, қабыландар, құстардан - әдемі қауырсынды тауыс кездеседі.

Қазіргі кезде жоспарсыз отаудың нәтижесінде ормандардың ауданы азаюда. Кесілген ормандар орнына жергілікті тұрғындар күріш, ал Үндістан мен бұрын Цейлон деп аталған Шри-Ланка аралындағы тау беткейлерінде шай бүтасын өсірумен айналысады.


: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет