Семинар №8 Тақырыбы: Оңтүстік Шығыс Азия елдері Жоспары: Үндіқытай түбегі Малайя архипелагы Филиппин архипелагы



Дата28.04.2016
өлшемі265.6 Kb.
түріСеминар
Семинар №8
Тақырыбы: Оңтүстік Шығыс Азия елдері

Жоспары: 1. Үндіқытай түбегі

2.Малайя архипелагы

3.Филиппин архипелагы




  1. Евразияның оңтүстік- шығыс шетін түзеп және Үнді мұхиты мен Тынық мұхиттың арасындағы су бассейндерінің арасында жатқан Үндіқытай түбегі басқа оңтүстік түбектерден жағалау сызығының жырымдалғандығымен, құрамының күрделілігімен және рельефінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Түбектің солтүстік шекарасы тропиктен оңтүстігірек жатыр, ал оңтүстік бөлігі ұзына- ұзақ созылған Малакка түбегі түрінде экваторға жуық жетеді.

Үндіқытайдың құрылысына шығыстан мезозой ғимараттарымен көмкерілген Үнді- Син Орта массиві қатысады.

Түбектің рельефіне жоталардың субмеридиандық орналасуы тән, олардың арасына солтүстікте көлемді таулы қырат учаскелері, ал оңтүстікте аллювиальды ойпатты жазықтықтар енеді.

Қиыр батыста , Бирма алабында Аракан тауларының жүйесі (Аракан Йома) созылып жатыр, ол әрі қарай Андаман және Никобар аралдарында, ал одан соң Суматра мен Ява аралдарында жалғасады. Аракан –Йома көбінесе, палеоген жыныстарынан түзілген және Виктория шыңына 3000 м астам биіктікке жететін параллеь жоталардан тұрады. Шығыста оларға аласа жоталар мен төбелі алқаптар кесіп жатқан Иравади ойпаты жанасады.Олардың ең биігі – Пегу –Йома жотасы не бары 800 метр шамасында. Иравади ағысының орта тұсындағы ойпат Аракан- Йома жүйесі мен Пегу-Йома жотасының арасында жатқан біршама тар коридор болып табылады, одан шығысқа қарай Селгитанг өзенінің аллювиальды жазығы орналасқан. Төменгі ағысында Иравади мен Ситтанг жазықтары қосылып, аумақты атыраумен аяқталады. Бүкіл осы ойпатты

Түбектің пайдалы қазбаларының көпшілгі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдардың шығып жатуымен


2. Малайя архипелагы – жер шарының Үлкен және Кіші зонд, Молукк және Серам аралдары кіретін аса үлкен аралдық облыс. Малайя архипелагы құрлығының жалпы ауданы 2 млн.км –ге жуық. Облыс экватордың екі жағында орналасқан, оның негізгі бөлігі 6 градус с.е. пен 11 градус о.е. арасында жатыр.

Малайя архипелагы – табиғат жағдайлары жөнінен жер шарының барынша күрделі және көрнекті облысының бірі. Жас құрылымдардың ежелгі құрлықтың суға батқан және батпаған кесектерімен ұштасып жатуы ең жаңа тектониканың орын алуы және осыған байланысты рельефтің барынша бытыраңқылығы, аса пәрменді түрдегі қазіргі заманғы вулкандық және сейсмикалық әрекеті бүкіл жыл бойы нда бірқалыпты жоғары температураның үстем болуы, ылғалдың молшылығы, өсімдік жамылғысында аса бай ылғалды тропиктік ормандардың басым келуі, қайталанбайтын және бай жануарлар дүниесі – Малайя архипелагының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктері осындай.

Малайя архипелагы алабында Азияның жас қатпарлы зоналарының екі тармағы қосылады. Солтүстік –батыстан Батыс Үндіқытайдың және Андаман мен Никобар аралдарының тау ғимараттарын жалғастырып, Суматраның батыс бөлігіне, Яваға жәе Кіші Зонд аралдарына таралып жатқан тау ғимараттары өңірі өтеді. Бұл өңірде әсіресе сырт жақтан сөнбеген вулкандар көп. Шығыста ол кілт иіліп, Тимор, Буру және Серам аралдарына таралады да, солтүстіктен келе жатқан және Филиппин аралдары мен Сулавесидің (Целебес) шығыс бөлігін алып жатқан жас құрылымдардың екінші тармағымен бірігеді. Онымен түбінің иілуі тоқталмаған терең сулы мұхит шұңғымалары қабаттасып келеді.

Малайя архипелагының көпшілік бөлігі материктен пайда болған. Бірақ олардың арасында вулкандық және маржандық ұсақ аралдар да бар. Маржан ғимараттары шығыста таралған, онда олар әдетте аралдарды жиектеп жатқан таяз сулы учаскелер мен терең шұңғымалардың шекараларын бойлай бүтіндей аралдар тобы түрінде басқа жағдайда судан аз- ақ қылтиып тұрған жеке атолдар түрінде немесе су асты рифтері түрнде орналасады. Батыста платформа алабында Корал аралдары анағұрлым аз және олар негізінен таяз сулы теңіздердің орталық бөліктерінде бірнеше архипелагтар түзіп жатады.

Малайя архипелагының аралдарының барлығының дерлік рельефі тектоникамен және эрозиямен жеке массивтерге бөлшектенген қатпарлы- жақпарлы жоталардан тұрады. Олардың кейбіреулеі аралдардың ең биік шыңына жататын сөнбеген және сөнген вулкандардың тұғыры болып табылады. Таулармен қатар ірі аралдарда үйінді немесе вулкан атқылауының өнімдерінен түзілген –жас ойпаттар бар.

Архипелагтың ауданы жөнінен екінші аралы – (435 мың км) Суматраның батыс шетін тау жоталары мен тау үстіттері алып жатыр. Олар герцин, мезозой және альпі орогенездері кезінде қатпарларға бүгілген неогенннің соңында жарылулар және опырылулармен күрделенген палеозойдың кристалдық жыныстарынан тұрады. Суматра тауларының құрылысында тұтас тау үстірттерін түзеп жатқан вулкандық жыныстар үлкен орын алады. Суматраның оңтүстік бөлігінде сөнбеген және сөнген вулкандар көтеріліп тұр. Олардың ішіндегі ең биігі мен белсенді әрекет үстіндегісі- Керинчи (3805). Батыста тауларды жағалаулардан батпақты ойпат бөліп жатыр. Одан әрі батысқа қарай, Суматрадан біршама қашықтықта альпілік ғимараттардан тұратын және маржандық құрылыстар қоса жүретін Ментавай аралдарының алқабы созылып жатыр. Шығысында таулар төбелі тау алды өңірі арқылы түгелдей дерлік батпақтар алып жатқан орасан зор аллювиальды ойпатқа ауысады. Бұл оңтүстік – шығыс Азияның осы күнге дейін әлі игерілмеген экватор бойындағы ең көлемді ойпаты. Кей жерлердебатпақты алқаптың ені 250 километрге жетеді. Осыған байланысты аралға шығысынан адам бара алмайды.

Жіңішке және ұзын Ява аралы жас шөгінді жыныстардан және вулкан атқылауының өнімдерінен түзілген. Ява таулары вулкан тізбектерінен және қатпарлы негізге қондырылған жеке вулкан конустарынан тұрады. Ондаған вулкандар өз әрекеттерін тоқтатпай борпылдақ өнімдер массасын ашып немесе негізгі лава тасқындарын ағызып тұратын жекелеген вулкандар қызған шаң будағын немесе газ бұлттарын лақтырып жатады. Кейбір аңғарлардың түбінде шоғырланатын ауыр улы газдар, онда тірі организмдердің тіршілік етуіне және өсімдіктердің дамуына мүмкіндік бермейді. Көптеген аудандарда жер бетіне ыстық күкіртті бұлақтар шығып жатады. Яваның ең биік вулкандары 3000 метрден асады (Раунг, Сламет, ең биік шың Семеру( 3676м) және басқалары. Вулкандардың арасында атпа өнімдеріне толған қазан шұңқырлар орналасқан. Олар тығыз қонысталынған және өңделген, сонымен бірге көбіне оларда жатқан қалалардың атымен аталады, мәселен, Бандунг қазан шұңқыры және басқалары.

Яваның солтүстігінде, вулкандық тау қыратының етегінен тығыз қонысталынған төбелі алқап өтеді., онда Индонезияның ірі қалалары орналасқан. Батпақты жағалық ойпатта көптеген каналдар кесіп өтіп жатқан Джакарта қаласы бар. Яваға тән құрылыстың жалпы белгілері Мадура мен Кіші Зонд аралдарында да сақталады.

Зонд бұғазында , Ява мен Суматраның арсында биіктігі 800 метрлік атақты вулкандық арал Кракатау жатыр. 1883 жылғы аса ірі атқылауға аралдың жартысын талқандаған жаратылыс қоса жүрді. Осыған байланысты пайда болған толқын. Суматра мен Явада ондаған мың адамдарды қазаға ұшыратты, бұл атқылаудан кейінгі күл ауада бірнеше жылдар бойы сақталды. Кракатаудың атқылауы осы кезге дейін жалғасуда. Соңғы атқылау 19732 жылы болды, онда 30 мың адам қаза тапты.

Сулавеси қалған барлық аралдардан ғажайып пішінімен, орташа биіктігінің үлкендігімен және теңіз жағынан өтудің қиындығымен ерекшеленеді. Бұл – Малайя архипелагының бүкіл аралдарының ішіндегі ең таулысы. Оның рельефін опырынды тектоника анықтайды, бірақ вулканизм архипелагтың басқа аралдарына қарағанда едәуір аз таралған.

Малайя архипелагының ең ірі және сом аралы – Калимантан – жер шарының ең үлкен аралдарының бірі (734 мың км). Жақпарлы тау қыраты арлдыңорта бөлігінде солтүстік – шығыстан оңтүстік – батысқа қарай кесіп өтеді. Оның шыңы Кинабалу (4101м) – бүкіл архипелагтың ең биік нүктес. Жағаларды бойлап тау сілемдері, ойпаттар мен төбелі үстірттер созылып жатыр. Калимантанда, вулкан жоқ.

Архипелагтың пайдалы қазбаларынан Банка, Белитунг және Синкен аралдарындағы, сондай –ақ Молукк аралдар тобындағы Серамдағы қалайы кен орындарының үлкен маңызы бар. Қалайы желілер және шашыранды кен орындары түрінде кездеседі. Желілерде онымен бірге вольврам және слюда да болады. Кейбір аудандарда темір рудасы, марганец, боксит бар. Қазіргі вулканизммен алтынның желілі кен орындары байланысты.

Металл емес пайдалы қазбалардан Суматрадағы, Явадағы және Альпі ғимараттарының шеткі зоналарындағы кейбір ұсақ аралдардағы мұнайдың өте үлкен маңызы бар.

Облыстың үлкен бөлігінің экватор бойындағы жағдайы мен аралдық сипаты оның көлемінде экваторлық және теңіздік тропиктік ауаның үстем болуына, температураның бір қалыптылығына, үнемі жоғарғы ылғалдылық пен жауын – шашынның мол болуына ықпал етеді. Тек архипелагтың солтүстігі мен оңтүстік шеті бұл жөнінен оның қалған бөліктерінен айрықшаланады.

Солтүстік жарты шардың жазында Азияның үстіндегі төменгі қысым облысы өзіне оңтүстік жарты шардан экватордан солтүстікке қарай оңтүстік – батыс муссондық сипатын алатын ауа ағындарын тартады. Индонезияның батыс бөлігінің үстінен өткенде бұл желдер онда мол жауын – шашын қлдырады. Тек оңтүстік жарты шардың субэкваторының белдеуінде жатқан Яваның шығысы мен Кіші Зонд аралдарында оңтүстік –шығыс пассаттың әсері байқалады және құрғақ кезең өте айқын көрінеді, бірақ ұзаққа созылмайды. Ол оңтүстік жарты шардың қыс айларына сәйкес келеді.

Солтүстік жарты шардың қысында Калимантанның солтүстік – шығысы мен Суматраның шығысында үстем болатын солтүстік – шығыс пассаты бұл аудандарда жауын-шашын қалдырады, өйткені Тынық мұхиттың үстінде ылғалға мол қанығады. Ол өзінің қасиеттері жағынан экваторлық ауа массаларынан айрықшаланбайтын теңіздік тропиктік ауа әкеледі. Австралияның үстіндегі төмен қысымды облыс жағына ұмтылған бұл ауа массалары оңтүстік жарты шарға солтүстік – батыс экваторлық муссоны ретінде келеді. Сондықтан Калимантан мен Суматраның шығыс бөліктерінде жауын- шашынның максимумы солтүстік жарты шардың қысына сәйкес келеді, қалған территориялар жазда неғұрлым мол ылғалданады, ал қыс уақыттарында оларға жауын- шашын мөлшерінің азаюы тән.

3. Филиппин аралдарын кейде Малайя архипелагының құрамына енгізеді, бірақ бұл біріктіру негізінен аралдардың халықтарының тіл ортақтығына негізделеді. Физикалық – географиялық тұрғыдан Филиппин дербес географиялық оқшау оюлыс болып саналады.

Филиппин аралдары 5 0 және 18 0 солтүстік ендіктер арасында, бірнеше ірі және көптеген ұсақ аралдардан тұратын ықшам топ болып орналасқан. Олардың жалпы саны 7000 –нан астам , ауданы- 299,7 мың км2. Ең ірі арал – Лусонның ауданы 105,6 мың км2.

Филиппин аралдары Батыс – Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуге жатады және рельефінің күрделілігі мен бөлшектенуінің үлкен болуымен сипатталады. Аралдардытеңіз деп аталатын әр түрлі тереңдіктегі көлемді алаптары немесе бұғаздар бөліп жатыр. Аралдардың жағлары таң қаларлықтай жырымдалған, бірақ кеме қатынасы үшін ыңғайсыз, өйткені олар өте тік немесе ойпатты және батпақты келеді, Филиппин суларындағы кеме қатынасын сондай ақ көптеген маржан рифтеріқиындата түседі. Архипелагтың шығыс жағаларын бойлай тынық мұхитта жарықтар мен терең сулы науалар өңірі өтеді. Олардың ең ірісі – Филиппин шұңғымасы, тереңдігі 10497 метрге жетеді.

Аралдардың бетінің көпшілік бөлігін шөгінді және вулкандық жыныстарынан түзілген меридиан бойлай созылып жатқан тау жоталары алады, олардың арасында кей жерлерде ежелгі гранит, гнейс және кристалдық тақтатас көрініп қалады, олармен темір рудалары мен түсті металдардың кені байланысты. Тау іші қазан шұңқырларының палеоген шөгінділерінде қоңыр көмірдің қоры бар.

Аралдардың қазіргі рельефі мен пішіні жақпарлы көтерілулер мен кайнозой жасындағы тегістелген жақпарлы ғимараттардың бөлшектенуі нәтижесінде пайда болды.Опырынды сызықтарымен шектелген тау жоталары аралдар арқылы көбіне меридиан бағытында созылып жатыр. Ең үлкен биіктікке Лусон аралындағы Орталық Кордильера жетеді.(Пулог- 2928м). Жарық сызығының үстінде вулкандар: Лусонның оңтүстік- шығысындағы Майон (2416м) Миндана оның оңтүстігінде Апо (2953м) және басқалары көтеріліп тұр. Жоталар мен оқшау массивтердің арасында ойпат учаскелері жатыр, олардың алабында аралдардың халқының көпшілігі шоғырланған. Лусон аралының Орталық жазығы – ең көлемдісі. Аса ірі ойпаттар Лусондағы Кагаян өзенінің және Минданаодағы Агусон өзенінің аңғарларын бойлай жатыр.

Жазда аралдардың барлық жерінде дерлік ылғалды экваторлық ауа әкелетін оңтүстік – батыс желдері соғады, ал жылдың салқын уақытында пассатпен бірігіп кеткен қысқы муссон болып табылатын солтүстік- шығыс желдері басым. Ауа ағындарыныңқайсысы болса да ылғалды үлкен мөлшерде әкеледі.Жауын- шашын бәрінен де аралдардың шығыс және оңтүстік – батыс шеттерінде көп жауады (жылына 2000-4000мм), сонымен бірге максимумышығыста қыста, ал батыста жазда болады. Оңтүстікте жауын –шашын бүкіл жыл ішінде бір қалыпты жауатын, экваторлық режимге өту байқалады.

Облыстың 1500м жоғарыда орналасқан таулы аудандардан басқа барлық жерінде бүкіл жыл бойы температура жоғары, маусымдардың арасындағы айрықша 4 градустан аспайды. Тауларда орташа айлық температурасы + 20 С ге жетпейді, ал қыста 0 С –ге дейін құлдырау байқалады. Жазғы уақытта Филиппин арқылы аралдардың ауданында жойқын күшке ие болатын және аса күшті нөсерлермен қабаттасатын тропиктік циклондар – тайфундар өтеді. Тайфун кезінде тәулігіне 1000мм-ден астам жауын шашын жауған да кез болған. Тайфундардың үлкен қиратқыш күші мен нөсерлерге байланысты су басулар сұрапыл апат пен үлкен адам шығындарына соқтырады.

Филиппин аралдарында әр түрлі типті тропиктік ормандар өседі. Жағалаулардағы толысу өңірінде мангр тоғайлары ойпаттардың батпақты учаскелері мен өзен аңғарларының бойларында топырақтың шамадан тыс ылғалдылығын жақсы көтеретін пальма тоғайлары таралған. Шығыстағы негізгі орман массивтері көбіне мәңгі жасыл түрлерден тұрады. Тауларда 1000 метрден жоғарыда субтропиктік типтегі жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандар үстем болады.

Филиппин ормандарында бағалы ағаш тұқымдары көп, олар ұдайы шабылады. Қалай болса солай, жыртқыштықпен кесіп құрту көбіне ормандардың жойылуына және топырақ эрозиясының дамуына әкеп соқтырады. Тропиктік ормандар Минданао мен Палаван аралдарында бәрінен жақсы сақталған.

Ойпаттар мен тау беткейлерінің төменгі бөліктеріне тропиктік мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігі тән. Құрғақ жағалық ойпаттардың ландшафтары үшін көбіне –көп кокос пальмаларының тоғайлары тән. Лусонның Орталық жазығы мен жалпақ өзен аңғарларындағы суармалы жерлерде күріш егістіктері мен қант құрағының плантациялары басым. Сондай –ақ үлкн аудандарды манила кендірі деген атпен белгілі бағалы берік талшық беретін бананның ерекше түрі – абаки екпелері алып жатыр. Бұл теңіз арқандарын дайындау үшін жақсы материал, ол теңіз суының әрекетінен бүлінбейді деуге болады.

Филиппин аралдарының жануарлар дүниесі өте өзгеше және аралдық белгілері айқын білінеді, бірақ сонымен бірге фаунасының құрамна Австралияның жақындығы әсері тигізген. Филиппинге тышқан тұқымдастардың эндемик туыстары какадудың австралиялық түрі, эндемик жыртқыш құс маймыл жегш тән.


Семинар № 9


Тақырыбы: Солтүстік Америка құрлығының жер бедері

Жоспар:


1. Жер бедері құрылымындағы басты ерекшеліктер

  1. Жазық платформалық морфоструктура типтері

  2. Орогенді морфоструктура типтері

Еуропа мен Азияға қарағанда Солтүстік Американың жер бетінің құрылысы онша күрделі емес, бірақ дегенмен де оның жер беті, Африканың жер бетіне қарағанда , әр түрлірек.

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан, мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін, кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Материктің 40 С с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан , жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, мұздықтар қазған қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.

Ірі қазншұңқырларда алып жатқан мұздық-тектоникалық көлдер жүйесі бір-бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстар- мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.

Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарлары ұзына бойы да, көлденеңнен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.

Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жоталарындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз-шексіз алыптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар (аса терең шатқалдар) асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустонүстірті орналасқан. Мұнда 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.

Кордильераның биік бөлігі (Мак-Кинли, 6193м) оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауларына тіреледі.

Корьдильера екі литосфералық тақтаның (олар қандай тақталар?) түйіскен жерінде түзлген тау жүйесі болғандықтан жер қыртысында көптеген терең жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар (қандай?) тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп, көп қайғы-қасірет әкеледі. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде 4 мың адам қаза тауып, 13 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.



Солтүстік Американың картасынан материктің биік батыс жартысы мен онша биік емес шығыс жартысы арасындағы айырма айқын көрінеді.

Батыс жағасының бойымен Аляскадан Панама мойнағына дейін созылып Кордильер таулары жатыр. Бұл Альпімен және Гималаймен бір мезгілде дерлік пайда болған жас таулар. Олар өте биік, шыңдары 5-6 мың м-ге жетеді, тек Азия мен Оңтүстік Американың асқар биік шыңдарынан ғана аласа келеді.

Кордильердің басын мәңгі қар басқан солтүстік бөлігінен таудан беткейлермен зор мұздықтар жылжып төмен түсіп жатады, таудың етегінде олар жалпақ тілдер тәрізденіп тарамдалып еріп ағады, кей жерлерде мұхит жағасына дейін барады. Мәңгі қар Кордильердің оңтүстік бөлігінде де тау шыңдарын басып жатады.

Кордильер бірнеше жота болып созылып жатыр. Олардың кейбіреулері мұхитты бойлай жатса, басқалары шығысқа қарай созылып жатады.

Жоталардың арасында бірқатар байтақ таулы үстірттер мен таулы қыраттар бар; олардың ішіндегі өте елеулісі Солтүстік Американың орта бөлігіндегі Үлкен бассейн мен оңтүстік бөлігіндегі Мексика таулы қыраты.

Кордильерде ауық-ауық болып тұратын жер сілкінуіне қарағанда , мұнда таудың құралуы әлі бітпеген. Жер астының дүмпуі кейде өте күшті болып, қалалар мен селоларды қиратып кетеді.

Кордильер аймағында едәуір вулкан әрекеті д болып тұрады. Солтүстікте де, оңтүстікте де сөнбеген вулкандар бар. Үлкен кеңістіктерді қатқан лава қаптап жатады, сөнген вулкандар көп болады. Күшті гейзерлер ауық-ауық, белгілі уақыттардан кейін ыстық су мен буды шүмектеп атады. Зор вулкандық конустар Мексика таулы қыратынан жоғары көтеріліп тұрады. Соңғы екі жүз жыл ішінде мұнда екі жаңа вулкан пайда болған. Олар лава атқылап, сыртқа көп күл шығарып, вулкандық конустар жасаған да, кейін бір шама тез саябырлаған.

Америка вулкандары, Азияның шығыс жағалауы мен аралдардың вулкандарымен қоса, Тынық мұхитта қоршап жатқан вулкан шеңберін құрайды.

Солтүстік Американың шығыс жағалауының бойымен Лабрадор түбегінен оңтүстікке қарай Аппалач таулары созылып жатыр. Кордильерден өзгешілігі – Аппалач ескі таулар. Олар үгіліп қатты бұзылған. Беткейі түйетайлы, шыңдары жұмыр болып келеді. Олардың биіктігі 2 мың м-ден аздап қана асады.

Кордильер мен Аппалач арасындағы бүкіл кеңістікті кең жазықтар алып жатыр. Олар солтүстік пен оңтүстікке қарай аласарып, Солтүстік Мұзды мұхит пен Мексика шығанағы жағаларында ойпатқа ауысады. Оңтүстік ойпатпен Миссисипи өзені ағады, сондықтан бұл ойпат Миссисипи ойпаты деп аталады; ол негізінен, осы зор өзеннің тосқындарынан құралған. Миссисипи ойпатына Аппалачтың шығыс жағында, Атлант мұхитының жағалауында жатқан ойпат келіп қосылады.



Семинар № 10


Тақырыбы: Оңтүстік Америка құрлығының жер бедері

Жоспар:


1. Материк жер бедерінің айқын екі бөлікке жазық- платформалық және батыстағы Анд қатпарлы белдеуіне бөлінуі

2. Оңтүстік Америка платформасы шегіндегі тұғырлы қалдық, таулы, төбелі таулы үстірттер

3. Қазіргі вулканизмаудандарындағы әрекет етуші жанар тау конустары мен лавалы үстірттер

4. Жер сілкіну аудандары


Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады.Батыс бөлігін бойлай созылып ежегі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. Одан шығысқа қарайғы бөлікте жазықтар басым.

Оңтүстік Американың жер бетінің құрылысы жағынан Солтүстік Америкаға ұқсас. Бұл материктердің екеуінің де батыс жағында Тынық мұхит жағаларының бойымен биік жас таулар созылып жатады, шығыс жағында ескі таулар мен таулы қыраттар бар, ал ортасында, өзендер бойында, жазықтар болады. Бірақ Солтүстік Америкамен салыстырғанда, Оңтүстік Америкада қырат аз. Мұнда зор кеңістікті ойпаттар алып жатыр.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілулерге ұшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.

Оңтүстік Американың орта жерінде, экватор маңында, Амазонка ойпаты бар. Бұл – бүкіл жер шарындағы ең үлкен ойпат. Оның бетін бұрын бір кезде бұл жерде болған теңіздер мен көлдердің шөгінділері, өзендердің тұнбалары жауып жатыр. Оның солтүстік жағында Ориноко ойпаты, ал оңтүстік жағында солтүстіктен оңтүстікке қарай көсіліп жатқан Ла- Плата ойпаты бар.

Материктің шығыс жағында ескі тау жыныстарынан құралған байтақ Бразилия таулы қыраты жатыр. Ол оңтүстік-шығысқа қарай биіктейді де, Атлант мұхиты жағына қарай тік жар қабақтанып бітеді. Солтүстік жағында Гвиана таулы қыраты бар.

Батыс жағында Тынық мұхиттың бүкіл жағалауы бойымен Кордильер тауы өтеді, оны Оңтүстік Америкада Анд деп атайды. Анд – биік жас тау. Ол солтүстік американ Кордильерінен биік. Оның төбесін тіпті экватордың өзінде де мәңгі қар басып жатады. Шыңдарының арасында сөнген немесе сөнбеген вулкандар көп. Кей жерлерде тау жоталарының арасында биік таулы үстірттер болады. Қиыр оңтүстікте Анд тауы Отты Жер аралына өтеді.

Анд аймағында әр уақыт жер сілкінуі болып тұрады. Оңтүстік Американың нағыз оңтүстігінде Тынық мұхит жағалауларында 1960 жылы өте күшті жер сілкінуі болды. Одан тау опырылып құлап, көшкін болды. Бұрын сөніп қалған кейбір вулкандар түтін, күл және лава атқылай бастады, бірнеше жаңа вулкандар пайда болды. Сол маңдағы жердің пішіні мықтап өзгерді. Жаңадан таулар, өзендер және көлдер пайда болды, ал бұрын барларының кейбіреулері жойылып кетті. Шағын аралдар теңізге батып кетті, олардың орнына жаңалары пайда болды.

Жер сілкінуінен көптеген селениелер мен қалалар, темір жолдар мен тас жолдар, көпірлер, телеграф пен телефон байланыс линиялары бұзылып, қирады. Бірнеше мың адам қаза тапты, күйзелгендердің жалпы саны 300 мыңнан асады.

Жер сілкінуі салдарынан Тынық мұхитта өте зор толқын (цунами) көтеріліп, оның жағалауларына келіп соқты. Толқын сағатына 700 км шамасы шапшаңдықпен жылжып, мұхитт кесіп өтіп, Азияның жағалауларына дейін жетті. Жапонияның шығыс жақ жағалауына соққан биіктігі 10 м-ге дейін жететін толқын салдарынан ондаған мың үй су астында қалды, балық аулайтын жүздеген кемелер аударылып көп адам суға кетті.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы үстірттері орналасқан. Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарықтар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстіртінің орталық бөлігінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік- шығысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарықтары арқылы таулы үстірттер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге ұшыраған. Осыған жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.

Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар – Гран- Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір – бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді. Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа (биіктігі 6960 м) осында орналасқан. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мұздықтар алып жатыр.

Анд тауларының орталық бөлігіне тау аралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар (саларес) алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық тақтаның түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады.Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарықтардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әрбір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері, никель, алмас пен алтынның, алюминий шикізаты – бокситтің, ал ойпаттарда мұнай, табиғи газ, тас көмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарықтар бойымен магманың сыртқа төгілуінен зпайда болған мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс кен орындары мен асыл тастардың аса бай көздері кездеседі. Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-ге созылып жатыр. Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойы Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келді. Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономиканы дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.

Оңтүстік Америка көптеген қазбаларға бай, бірақ тас көмірге кедей. Ең солтүстікте, Кариб теңізі жағалауларының маңында және Анд етегінде мұнай өте көп. Анд аймағында мыс, қалайы, мырыш және қорғасын рудаларының, ал Тынық мұхиттың нағыз жағалауында егіндікке тыңайтқыш үшін пайдаланатын селитраның ірі кн орындары бар. Атлант мұхиты жағалаулары маңында солтүтсікте боксит бар. Ақырында, Бразилия мен Гвиана таулы қыратына темір және марганец рудаларының ірі қорлары бар. Оңтүстік Американың әр түрлі елдеріндегі бұл байлықтың бәрін түгелдей дерлік Америка Құрама Штаттарының капиталистері басып алған.

Семнар № 11


Тақырыбы: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жоспар : 1. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері

2. Африка платформасының шегіндегі морфоструктура типтері

3.Қазіргі вулканизм мен жер сілкіну аймақтары

4.Ежелгі және қазіргі флювиальдық, ежелгі және қазіргі қалыптасқан жер бедері пішіндері, олардың таралу аудандары.


Африканың даму ерекшеліктері оның жер беті құрылысының сипатты ерекшеліктерін айқындады. Материктің көпшілік бөлігін Африка платформасы алып жатыр, оған перм –карбон және триастан бастап, неогенге, антропогенге дейінгі тегістелу беттері кең тараған жазық рельеф тән, олардың арасында оқшау шығып тұратын жақпарлы тау массивтері мен вулканизм

ОБСӨЖ № 17, 18.

Тақырыбы : Оңтүстік Азия және Оңтүстік Шығыс Азия елдері.

Жоспары: 1. Физикалық –географиялық орны


  1. Құрамы. Табиғат жағдайлары

  2. Халқы мен елдері

  3. Шаруашылығы

Оңтүстік Азия елдері. Үндістан түбегі мен оған жалғас жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігінен Гималай таулары мен Үнді –Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның құрамына Пакистан ( Исламабад), Үндістан ( Дели), Бангладеш , Непал, Бутан, Шри –Ланка, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел – Үндістан, ал ең кішкентай елдер – Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.




ОБСӨЖ №17

Тақырыбы: Оңтүстік Азия елдері

Жоспар: 1. Физикалық –географиялық орны

2. Құрамы, табиғат жағдайлары

3. Халқы мен елдері

4. Шаруашылығы
Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігінен Гималай таулары мен Үнді Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның құрамына Пакистан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел – Үндістан, ал ең кішкентай елдер Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.

Оңтүстік Азияның жер бедері өте күрделі. Мұнда асқақтаған Гималай таулары мен ойпаттық жазықтар, үстірттер мен аласа таулар көршілес орналасқан. Гималай тауларынң етегіндегі Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп, Декан таулы үстіртіне ұласады. Тауды үстірттің батыс мен шығысындағы көтеріңкі бөлігі батыс және шығыс Гат тауларына ұласады. Гат таулары Үнді мұхиты жағалауларында тік жартасты болып келеді.

Гималай тауларының атауы непал тілінен аударғанда «қар мекені» дегенді білдіреді. Мұндағы көптеген тау шыңдары 8000 м-ден асады.ең биік нүктесі – Джомолунгманың атауы «таудың ана құдай» деген мағына береді. Ғаламшардың ең биік нүктесі болып табылатын бұл шыңға адам баласы тұңғыш рет тек 1953 жылы көтерілген. Қ.Уәлиев бастаған Қазақстан альпенистері де бұл шыңға 1982 жылы «бағындырған».

Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегніде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, грфит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ аз кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.

Климатын қалыптастыруда аймақтьың оңтүстіктегі орны мен Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа райы сәуір мен мамыр аралығында , жазғы муссондың алдында орнайды. Ауа температурасы +500С-қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Маусым мен қыркүйек айларында байқалатын Оңтүстік Батыс муссондар найзағайлы нөсер жаңбырды әкеледі. Әсіресе Гималайдың Оңтүстік Шығысында жауын-шашын өте мол түсьеді. Ал Үнді өзенінің төменгі ағысын алып жатқан тар шөлінің ең құрғақ ыстық аудандар қатарына жатады. Аймақ арқылы Азияның Гималайдан басталатын Ганг, Брахмапутра, Үнді сиқты ірі өзендері ағып өтеді. Ганг өзенін үнді халқы өте қасиетті деп есептеп, пір тұтады.

Оңтүстік Азияда халық саны көп және тығыз орналасақан. Үндістанның өзінде ғана Африка мен Оңтүстік Аменика халқын қосқандағыдай халық тұрады. Аймақтағы халықтың ұлттық және тілдік құрамы да өте күрделі. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинда де кеңінен тараған. Оңтүстік Азияғы Гималай тауларының баурайы әлемдік дін юолып есептелетін буддизмның пайдаа болған жері.

Бұл аймақтағы елдерідің халқы ежелден-ақ егін шаруашылығымен айналысып келеді. Осында өсірілетін шай, мақта, джут, күріш, қант қамысы, бидай өнімдерін дүние жүзінің көптеген елдері сатып алады. Шри-Ланка аралында өсірілетін цейлон шайы мен үнді шайы дүние жүзіне әйгілі. Үнділер сиыр малын қасиетті деп есептейтіндіктен, күш – көлік ретінде ғана пайдаланылады. Халықтың біраз бөлігі теңіз кәсіпшілігмен де айналысады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерде халықтың күн көріс көзі болып табылады.

Оңтүстік Азия елдері ұзақ уақыт Ұлыбританияның отары болғандықтан табиғат байлықтары аяусыз тоналып, халқы езгіге ұшыраған. Елдердің шаруашылығы мен тұрмыс жағдай өте төмен дәрежеде қалып қойған. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бұл елдер дамудың жаңа жолына бағыт алды. Үндістанда сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттары көп. Олардың әйгілісі – Агра қаласындағы Тәж-Махал сарайы.


ОБСӨЖ №18

Тақырыбы: Оңтүстік – Шығыс Азия елдері

Жоспар: 1. Физикалық – географиялық орны

2. Құрамы, табиғат жағдайлары

3. Халқы мен елдері

4. Шаруашылығы
Оңтүстік-Шығыс Азияның құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малая архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малазия, Бруней және Малакка түбегіндегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала-мемлекет Сингапурда кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жеке аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық әсіресе ежелден игерілген Ява аралында тығыз қоныстанған. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустралия аралындағы құрлықтық «көпір» болып табылады. Ол ірі теңіз жолдарының тоғысқан аймағында орналасқан. Аймақтағы елдердің түбектер мен экватордың екі жағындағы аралдарда орналасуы халқының шаруашылығ мен тұрмыс тіршілігне өзіндік сипат береді.

Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдарындағы өзендер қысқа, мол суы болып келеді. Ал Үндіқытай түбегіндегі мол сулы өзен жүйелері өтеді. Оңтүстік-Шығыс Азияның жартысынан астамын алып жатқан ылғалды экваторлық ормандарда негізінен ағаштар мен пальманың бағалы түрлері лианалар мен орхидеялар өседі. Аралдарда орманның түр құрамы күрделен түседі, тек ағаштардың 2000-нан астам түрі бар.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамддар, лао, тай, бирмалықтар, малайялықтар жатады. Халық әсіресе өзен аңғарлары мен атырауларында тығыз қоныстанған, тіпті таулардың беткейлерінде тегістеп, террсаларға айналдырған. Оңтүстік Азиядағы сияқты мұнда да өсімдік шаруашылығы жетекші орын алады. Ең көп өсірілетін дақыл – күріш, сонымен қатар, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго және кокос пальмалары, гевея, темегі, шай, кофе, қант қамысы, қош иісті тағамдық шөптер, көкөністер жыл бойы өсірілп, бірнеш рет өнім алынады. Аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін көптеген шағын кәсіп орындар: диірмендер, тоқыма фабрикалары, қант және консерві жасау зауыттары бар. Елдердің шаруашылық құрамында балық және теңіз өнімдерін аулаудың, бағалы ағаш сүрегін дайындауда, маңызы зор. Осындағы дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі – Сингапур. өнеркәсібі күшті дамыған Сингапур елі «Азия айдаһарларының» тобына енеді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи ортасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз жақсы сақталған аймақтар қатарына жатады. Әсіресе Сингапур экологиялық жағынан ең таза қала болып есептелінеді.

ОБСӨЖ № 19-20


Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдері

Жоспар: 1. Физикалық географиялық орны

2. Құрамы, табиғат жағдайлары

3. Халқы мен елдері

4. Шаруашылығы

Орталық және Шығыс Азияның құрамына Қытай халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азиядағы орналасқан Жапония, Корей Республикасы, Корей Халық – Демократиялық Республикасы енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігі мен Монғолия орналасқан. Атына лайық, Орталқ Азия материктің нақ ортасында жан- жағынан ірі –ірі тау жоталарымен бөлінген орасан зор үстірттер ментаулы қыраттардан тұрады. Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлікті Биік Азия деп те атайды. Оны Жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты. Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь- Шань биік таулы жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь- Шань тауларының атауы қытай тілінде “Аспан таулары” деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такла –Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді. Климаттың шұғыл континентті сипатта болуына байланыстытаулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған құлазыған шөлдер алып жатыр. Орталық Азияны зерттеуде қазақ халқының ғұлама ғалымы Шоқан Уәлихановтың қосқан үлесі орасан зор. Осы аймақтағы Қашғар жерінің табиғаты, тұрмыс- тіршілігі туралы ғалымның жинақтаған мәліметтері құндылығын әлі де жойған жоқ.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерде тау түзілу әлі де жүріп жатыр. Жапон аралдарында 150 –ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді. Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғатының өзіндік басты белгілері бар. Сондықтан Орталық және Шығыс Азияны біртұтас қамтып жатқан, мыңдаған жылдық тарихы бар іргелес ежелгі – Қытай Халық Республикасы мысалында бұл аймақпен толығырақ танысамыз.

Халқының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын Қытай Халық Республикасы алып ел болып саналады. Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1млрд.250 млн-нан асып отыр. Шаруашылығының даму қарқыны жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін иеленеді.Жерінің ауданы жөнінен Ресей және Канададан кейінгі үшінші орынды алады.



Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан.Одан батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп,Биік Азия тауларына ұласады. Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан ( Қашғар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пайдалы қазбалардың қоры мен құрамы жөнінен дүние жүзінде шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір,мыс,полиметалл,мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қытай жері Батыс және Шығыс Қытай деп бөлінеді. Қытай жерінің 2\3-ін алып жатқан Батыс Қытай Орталық Азияда орналасқан.Батыс Қытайдың климатына шұғыл континенттік сипат тән,яғни қысы өте суық,жазы ыстық,жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден кем болады. Сондықтан жерінің көпшілігін шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Батыс Қытайдың биік таулы бөлігінде тибеттіктер тұрады. Тибеттің өте қатал биік таулы климаты жағдайына бейімделу барысында жергілікті халықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлі мәдениеті бар. Тибеттіктердің тылсым құпияға толы халықтық мәдицинасының, сәулет өнерінің, тілі мен діни нанымдарының,шаруашылық-мәдени дәстүрлерінің жүйесі тибет мәдениеті деген атпен белгілі.
Каталог: cdo -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет