Семинар: «абайдың АҚын шәкірттері»



бет4/5
Дата03.04.2016
өлшемі1 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5
Тақырыптар

Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Шәкәрім, Көкбай шығармалары бойынша бақылау жұмысын жүргізу

8 апта

4

Тест


2

Ақылбай шығармашылығына жалпы шолу

9 апта

4

Семинар

3

Абай және Ақылбай

10 апта

4

Тест

4

Мағауия шығармашылығына жалпы шолу

11 апта

4

Ой-бөліс, дебат

5

Абай және Мағауия

12 апта

2

Тест

6

Әріп шығармашылығына жалпы шолу

13 апта

2

Тест

7

Абай және Әріп

14 апта

3

Ой-бөліс, дебат

8

Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы бойынша аралық бақылау жұмысын жүргізу

15 апта




Коллоквиум

ОБСӨЖ 23 ұпай


8 апта

8



1. Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім, Көкбай шығармалары бойынша бақылау жұмысын жүргізу

2. Сабақ түрі: Тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:
1. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

2. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

3. … Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз…” деп Абай қай шәкіртін сынаған?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

4. „… Кәрілікті жамандап, өлім тілеп…” деген Абайдың жыр жолдары қай шәкіртін сынауға арналған?

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

5. “Қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын”,- деп Абайдың қай шәкіртін айтамыз?

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

6. Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі, жасы үлкені әрі ұзақ жасағаны?

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

7. Абайдың ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы шәкірті

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

8. Абай айналасындағы шәкірттердің ішінде өзгелерінен ұзағырақ өмір сүріп, бертінде қайтыс болған ақын?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

9. Абай өмірі мен шығарашылығына байланысты аса құнды деректер берген ақын?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

10. Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

11. Абай кезінде өз өлеңдерін өзінің аса талантты қай шәкіртінің атынан шығарып отырған?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Шәкәрім



Д) Мағауия

Е) Ақылбай

12. Абай қай ақын шәкіртіне қарап өлең шығарған?

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Әріп


Д) Ақылбай

Е) Мағауия

13. Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма импровизацияға ең жүйрік ақын

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Мағауия

Д) Ақылбай

Е) Әріп


14. Абай қай жылдары жазған өлеңдерін Көкбай атынан таратады?

А) 1880-1886

В) 1878-1884

С) 1882-1888

Д) 1884-1892

Е) 1883-1891

15. Абайдың Көкбайға арнап шығарған өлеңі

А) “Бұралып тұрып”

В) “Адасқанның алды жөн”

С) “Сенбе жұртқа”

Д) “Сегіз аяқ”

Е) “Адамның кейбір кездері”

16. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев

17. Қазақ тарихынан сюжеттік поэма жанрын дамытуға үлес қосқан қаламгер

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

18. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларының авторы

А) Шәкәрім

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Көкбай

19. Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы қай жылы жарық көрді?

А) 1912


В) 1914

С) 1910


Д) 1913

Е) 1915


20. Шәкәрім шығармасының мына бір үзіндісі қай поэмадан алынды?

… Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, жаза қайсы,

Аларсың көп ғибрат байқағаның…

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

21. Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

22. Тарих алдындағы еңбегі зор ақын?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

23. 1950 ж. Абайтану тарихында М. Әуезовті қай ақын шәкіртіне байланысты қаралады?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

24. “Саяси беті теріс, керітартпа, діндар ақын”, - деп Абайдың қай шәкіртін жаралады?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

25. “Сабалақ” поэмасының авторы

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

26. “Сабалақ” поэмасының негізгі идеясы

А) хандықты дәріптеу

В) еңбекке үндеу

С) адамгершілікті уағыздау

Д) махаббатты ту ету

Е) табиғатты қорғау

27. “Сабалақ” поэмасының негізгі кейіпкерлері

А) Абылай, Бөгенбай

В) Кенесары, Наурызбай

С) Жәңгір, Махамбет

Д) Абылай, Райымбек

Е) Абылай, Бұхар

28. “Көкбайдың ақындығы” деген мақала жазған ғалым?

А) М. Әуезов

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) С. Мұқанов

Е) М. Мағауин

29. “Көкбайдың ақындығы” атты мақаласы қай жылы жазылды?

А) 1951


В) 1950

С) 1949


Д) 1944

Е) 1946


30. Көп нүктенің орнына тиісті есімді қойыңыз?

Ән үйренген ырғалып,

Өлең жазған тырбайып.

Сорлы … қор болды-ау

Осыншадан құр қалып.

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

31. Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,

Қасыңда бос жүріппіз шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса алмаппын қана жұтып,-

деген жыр жолдарын Абайдың қай шәкірті шығарған?1

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

31. Дозаққа біреу кетсе, Дутім кетер,

Дүтілі кетсе, Көкшенің көбі кетер.

Кісінетіп қара айғырды байлап қойып,

Артынан тоғыз биді күпілдетер, - деген өлең жолдарының авторы?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

32. “Семей саудагерлеріне”, “Мұсажанға” өлеңдері Абайдың қай шәкіртінікі?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

33. Көкбайдың өлеңін көрсетіңіз

А) “Жақсылыққа”

В) “Жігіт сөзі”

С) “Қыз сөзі”

Д) “Алыстан сермеп”

Е) “Көңілім қайтты”

34. “Хафизге” деген өлең қай ақынның шығармасы?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

35. М. Әуезовтің Көкбай жөніндегі пікірі “Абай жолы” эпопеясының қай кітабында берілген еді?

А) “Ақын аға”

В) “Абай аға”

С) “Абай”

Д) “Абай жолы”

Е) “Құнанбай”

36. Көкбай ақынның дастандары

А) “Қандыжол”, “Құлынды”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Ләйлі-Мәжнүн”

Д) “Еңлік-Кебек”

Е) “Нартайлақ-Айсұлу”
9 апта

9



1. Сабақтың тақырыбы: Ақылбай шығармашылығына жалпы шолу

2. Сабақ түрі: Семинар

Семинар сұрақтары:


  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Ақылбайдың ақын ретінде қалыптасуына әкесі Абайдың әсері.

  3. Ақылбайдың поэмалары.

  4. «Дағыстан» поэмасы – романтикалық шығарма.

  5. «Абай жолы» эпопеясында Ақылбай туралы эпизодтар.

  6. Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңінің Ақылбайға арналу мәні.

  7. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік өнері.

  8. Ақылбайдың жазып шығарған поэмалары.

  9. «Жаррах», «Зұлыс» поэмаларының тағдыры.

  10. «Дағыстан» поэмасындағы кек, тартыс, оның романтикалық әуенмен жырлануы.

  11. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» атты монографиясындағы Ақылбай туралы деректер.

  12. Ақылбай поэмаларын тақырыптық, сюжеттік тұрғыдан талдау.

  13. Абай поэмаларымен салыстыру.

Ақылбай Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.

Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы, Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі.

Ақылбайды Нұрғаным жас басынан бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай молдадан оқу оқиды. Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным қолында өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты көрінеді.

Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды үйлендіреді.

«Өзімен тең жер» деген сөзімізді түсіндіре кетейік. «Біржан-Сара» айтысында Сараның аузынан айтылған:

... Құдайдан қорыққан Арғын осал демес,

Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді, -

деген сөз бар. Қисық Тезекұлы Найман ішінде Мұрын руының басшы адамы. 1844 жылы құрылған Көкпекті (Семей облысы) округінен аға сұлтан болып сайланған. Сондықтан Қисықты: «Қара қазақтан шығып, хан болған» деп дәріптейді.

Найман руының шежіресін өлеңмен жазған Қырықмылтық Сүлеймен би, Қисық шежіресін былай таратады:

... Көшімбайдың баласы Тезек дейді,

Тезек ұлы Қисық хан найман білген.

Жұмақан, Қасен, Әлсейіт, Нұрпейістер –

Төртеуі хан баласы үлгі көрген.

Құнанбай өзі сияқты қарадан шығып «хан» болған, яғни аға сұлтан болған, өзімен теңдес Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп, Ақылбайды үйлендірген.

Үйленген соң Ақылбайға енші бөліп беріп, Құнанбай бұл баласын да жеке бір ауыл етеді. Бұл кездердегі біраз жыл Ақылбай сияқты Құнанбайдың жаңа отау көтерген мырзасының ауылы болып, сауық-сайранмен өтеді. Жасынан көрген тәрбиесі, ұшқан ұясы, Құнанбай аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас күнінен талантты домбырашы, өлеңші де болады. Бірақ ол Құнанбай атағына, нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл кездердегі Ақылбай айтатын өлең сарыны:

Нағашым ер Қазыбек әулие өткен,

Фәниден уақыт жетіп о да кеткен.

Сасқан жан жер шетінен бабам десе,

Аруағы көз ашқанша келіп жеткен.

деген сияқты болған. Ақылбайдың «Нағашым ер Қазыбек» дейтіні: Қаракесек, Қаздауысты Қазыбек би. Оның баласы Бекболат би, оның баласы Тіленші би, Тіленшінің баласы Алшымбай би. Алшымбайдың баласы Жүсіп. Жүсіптің қызы Ділдәға 1860 жылы Абай үйленген. Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай.

Ақылбайдың «Нағашым ер Қазыбек»- дейтіні сол. Сөйтіп Ақылбай Абай маңына да жақын тартып жуыңқырамай, сирек қатынасып жүреді. Сонымен қатар Ақылбай соншама ақ көңіл, алды-артын ойламайтын, аңқылдаған адам болатын. Бір іске көңіл аударып, бет қойып беріліп кетсе, аса қабілетті де болады.

Ақылбайдың жас күнінен әкесі Абайдан аулақ өскенін, оның ақ көңіл аңқаулығын пайдаланып, Абай дұшпандары әке мен баланың арасына от жағып, зұлымдық айла жасап, екеуін мүлдем ажыратпақ та болған.

Абай баласының осындай мінездеріне, жасынан көрген жағымсыз тәрбиесінен пайда болған әдеттеріне қатты кейіп «Ата-анаға көз қуаныш» деген (1890) өлеін жазады.

Абайдың бұл өлеңі талпынбай жүрген талантты Ақылбайға үлкен ой салып, қатты толғантады. Бұл кезде Абай ауылы нағыз үлкен үлгілі мектепке айналған болатын Ақылбай жігіт ағасы болып қалған кезі де еді.

Енді бұдан былайғы Ақылбай өмірі Абай алдында ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақылбай аса щебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болады.

Құнанбайдың мырзасы атанып, «бұлғыннан ішік киіп» бұлғақтай өткізген мағынасыз өмірін Ақылбай қалжың – шыны аралас:

Бұлғыннан ішік кидім кәмшат жаға,

Сарп еттім дүниені білмей баға.

Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді,

Дейтұғын сұмдық шықты-ау: «Ақыл-аға»,-

деп кейін өлең етеді. Бұл өлеңнің арнаулы әні де болған.

Ақылбай – Абай төңірегіндегі әр жақты талантты шәкірттерінің бірі. Ақылбайдың ақындығымен бірге ән шығаратын композиторлық өнері де болған.

«Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын... Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартады. Скрипкаға Абайдың әнші атанған Мұқадан үйренген бірнеше түрлі орыс күйлерін тартады. Дойбы ойынынан Ақылбайды ұтатын адам бола қойған жоқ», - дейді Ақылбайдың замандасы Рақымжан Мамырқазов.

Өз ойынан шығарған біз білетін екі әні бар. Біріншісі, «Ішік кидім бұлғыннан кәмшат жаға». Екіншісі, мынандай өлеңмен айтылады:

Матай да алыс бірталай жер деген соң,

Бір ән тауып Әлекем бер деген соң.

Он минутта ойыма осы ә түсті,

Қапаш-құпаш көңілді сермеген соң.

Бұл кейінгі әнді Матай еліне, Абайдың бір баласы, Ақылбайдың інісі Тураштың қайнына күйеу жолдас болып барарында әнші Әлмағанбет: «Ақыл аға, бір жаңа ән тауып берші», - дегенде қолма-қол айтып берген әні екен.

Ақылбайдың жастық, махаббат тақырыбын жазған көптеген өлеңдері болады. 1895 жылы Әбдірахим өліміне жазған жоқтау өлеңі болған. 1904 жылы інісі Мағауия қайтыс болғанда жазған жоқтауы сақталған.

Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Олар: «Дағыстан», («Кәрі Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».

«Жаррах батыр» поэмасы бізге жетпеген. «Зұлыс» поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана сақталған. Бұл поэманың үзіндісі 1924 жылы «Сана» журналының 2-3 санында басылған. «Дағыстанның» («Кәрі Жүсіптің») үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5 санында жарияланған.

Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай аулының молдасынан ескіше оқып хат танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақылбайдың Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ұлы ақындары болады. осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай – қазақ әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын.


Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З . Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

7. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

8. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

9.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. -А., 1959

10. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

11. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. –А., 1988


10 апта

10



1. Сабақтың тақырыбы: Абай және Ақылбай

2. Сабақ түрі: Тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:
1.Сюжет құрудың шебері

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. Абайдың “Ата-анаға көз қуаныш” деген өлеңі кімге арналған?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

3. Шебер домбырашы, әрі скрипкашы, ақын болған Абай шәкірті

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

4. Ақылбайдың қанша поэмасы болған?

А) 3


В) 4

С) 2


Д) 5

Е) 1


5. “Жаррах”, “Зұлыс”, “Дағыстан” поэмаларының авторы?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

6. Абайдың 16 жасында дүниеге келген тұңғыш баласы

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Оспан


Д) Мағауия

Е) Күлбала

7. Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болған ақын шәкірті

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

8. Сөкпе қалса сөзімнің шалалары,

Кітапта жазған орыс даналары.

Бұрын неше соғыста ойран болған,

Көрінді Дағыстанның қалалары, - деген шумақ қай ақынның жыр жолдары?

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

9. Ақылбайдың жоғалып кеткен поэмасы

А) “Жаррах”

В) “Зұлыс”

С) “Медғат-Қасым”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

10. “Зұлыс” поэмасы туралы жаңа мәліметтер әкелген ғалым

А) М. Мағауин

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) К. Сыздыков

Е) М. Шаханов

11. Батыстың классик ақындары тәрізді шығармалар тудырған ақын

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

12. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев

13. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

14. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

15. М. Әуезов “Абай” атты трагедиясын кіммен бірігіп жазды?

А) А. Соболев

В) А. Курелла

С) Л. Арагон

Д) М. Мырзахметов

Е) М. Мағауин


11 апта

11



1. Сабақтың тақырыбы: Мағауия шығармашылығына жалпы шолу

2. Сабақ түрі: Ой-бөліс, дебат

Дебат сұрақтары:


  1. Мағауия өмірі мен шығармашылық жолы

  2. «Абай жолы» эпопеясында Мағауия туралы эпизодтар.

  3. Мағауияның Әбішке арналған көңіл шері, жастық, махаббат туралы өлеңдері.

  4. Абайдың ақыл кеңесімен, берген материалдары негізінде жазылған поэмалары.

  5. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы.

  6. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы.

  7. Мағауия – классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.

  8. Мағауия поэмаларын тақырыптық, сюжеттік тұрғыдан талдау.

  9. Абай, Ақылбай поэмаларымен салыстыру.

  10. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» атты монографиясындағы Мағауия туралы деректер.

  11. Мағауияның поэма саласындағы шығармаларына идеялық – тақырыптық, сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу, поэма жанрында Абай дәстүрін таныту, салыстыру.

Теориялық мәліметттер:

М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.

Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік – Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.

М. Әуезов «Еңлік – Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат – Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.

Мағауияның «Медғат –Қасым» поэмасының тақырыбы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді қазақтан жырақ алыс ел өмірінен алынған. Поэмада Африка елінің болмысынан алынған оқиғалар сөз болады. М. Әуезов Мағауияның да Ақылбай тәрізді Европа және орыс классик поэзиясынан үлгі алғандығын, оның «Медғат – Қасым» поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик – Кериб» сияқты түстік поэмаларын және Байронның шығыстық поэмаларын еске түсіретіндігін атап өтеді.

Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.

Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.

Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.

М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.

«Медғат – Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі – жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.

М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.

Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.

М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.

М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:

Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен үлестірген білімдар ақын.

Мағауияның «Медғат – Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.

«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.

Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз.
Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. –А., «Жазушы» , 1995

5. Абай. Энциклопедия. –А., «Ата мұра» , 1995

6. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. –А., «Ғылым» 1998

7. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Абай дәстүрі және Шәкәрім. –А., «Қазақ университеті», 1992

8. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. –А., «Санат»,1977

9.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. А., 1959

10. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. –А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

11. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. –А., 1988


12 апта

12



1. Сабақтың тақырыбы: Абай және Мағауия

2. Сабақ түрі: Тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:
1. Батыстың классик ақындары тәрізді шығармалар тудырған ақын

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. Классикалық поэзия үлгісін тудырған Абай шәкірті

А) Мағауия

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Көкбай

Е) Шәкәрім

3. Мағауия поэмаларының саны
А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 6

4. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы

А) “Медғат-Қасым”

В) “Зұлыс”

С) “Абылай”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

5. “Медғат-Қасым” поэмасының оқиғасы қай елден алынған?

А) Африка

В) Дағыстан

С) Кавказ

Д) Еуропа

Е) Шығыс

6. “Медғат-Қасым” поэмасының ішкі жанрлық құрылысы

А) романтикалық

В) реалистік

С) тарихи

Д) лирикалық

Е) эпикалық

7. “Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы

А) қазақтан жырақ ел өмірі

В) тарихи оқиғалар

С) махаббат

Д) табиғат

Е) адамгершілік

8. Қара сұрлау пішіні зәңгі затты;

Отты қара көзі бар ұзын бойлы;

Оқша өтеді насостың миға зәрі;

Дүркірейді керуен қойдай ығып,-

деген жыр жолдары қай шығармадан алынды?

А) “Медғат-Қасым”

В) “Зұлыс”

С) “Жаррах”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

9. Еңлік пен Кебекке поэма арнаған ақындар?

А) Шәкәрім, Мағауия

В) Мухтар, Ақылбай

С) Абай, Мағауия

Д) Шәкәрім, Ақылбай

Е) Әріп, Көкбай

10. Ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма

А) “Татьянаның қырдағы әні”

В) “Абай” трагедиясы

С) “Абай жолы”

Д) “Ақын аға”

Е) “Абай аға”

11. “Татьянаның қырдағы әні” әңгімесі қашан жарық көрді?

А) 1937

В) 1939


С) 1940

Д) 1918


Е) 1933

12. М. Әуезов “Абай” атты трагедиясын кіммен бірігіп жазды?

А) А. Соболев

В) А. Курелла

С) Л. Арагон

Д) М. Мырзахметов

Е) М. Мағауин

13. Абай романының 1-кітабы қашан шықты?

А) 1942

В) 1944


С) 1945

Д) 1947


Е) 1950

14. “Абай” операсының либреттосы қашан жазылды?

А) 1944

В) 1942


С) 1945

Д) 1947


Е) 1950

15. Қай жылдары “Абай жырлары” атты көркем суретті фильмнің сценарийі жазылды?

А) 1945

В) 1939


С) 1942

Д) 1944


Е) 1947

16. “Абай” романының екінші кітабы қай жылы жарық көрді?

А) 1947

В) 1942


С) 1944

Д) 1945


Е) 1950

17. Абай жайлы романның үшінші кітабы қашан жазылды?

А) 1950

В) 1952


С) 1947

Д) 1945


Е) 1942

18. Абай жайлы романның үшінші кітабы қай жылы шықты?

А) 1952

В) 1950


С) 1953

Д) 1954


Е) 1949

19. Абай жайлы романның төртінші кітабы қай жылы шықты?

А) 1954

В) 1955


С) 1952

Д) 1951


Е) 1950

20. Абайдың өз тәрбиесінде болған ақын-шәкірттері

А) Ақылбай, Мағауия

В) Ақылбай, Әріп

С) Мағауия, Көкбай

Д) Ақылбай, Әріп, Мағауия

Е) Көкбай, Мағауия
13 апта
13

1. Сабақтың тақырыбы: Әріп шығармашылығына жалпы шолу

2. Сабақ түрі: Тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:
1. Абайға ой-санасы жақын ақын?

А) Әріп


В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. Әріп Абайды қай жылдары кездестірген?

А) 1877-1881

В) 1870-1880

С) 1875-1885

Д) 1872-1882

Е) 1890-1900

3. Әріп Абайды қай жерде кездестіріп, ұстаз тұтқан?

А) Семейде

В) Шыңғыстауда

С) Орынборда

Д) Аягөзде

Е) Жиделіде

4. Әріптің Абайға идеясы жағынан мазмұндас өлеңі

А) “Еңбек туралы”

В) “Дүние туралы”

С) “Өлім туралы”

Д) “Ғылым туралы”

Е) “Жұбанға”

5. Әріп ақынның өмір сүрген кезеңі

А) 1856-1924

В) 1850-1920

С) 1857-1925

Д) 1854-1923

Е) 1845-1915

6. Адалды – адал, арамды-арам демей,

Қара жағил надансың, қасқыр түсті,-

деген жыр жолдары Әріптің қай өлеңінен алынды?

А) “Еңбек туралы”

В) “Дүние туралы”

С) “Өлім туралы”

Д) “Ғылым туралы”

Е) “Жұбанға”

7. Әріптің “Қалың мал туралы” өлеңі Абайдың қай өлеңімен сарындас?

А) “Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында”

В) “Сегіз аяқ”

С) “Сабырсыз, арсыз, еріншек”

Д) “Өлсе өлер”

Е) “Қор болды жаным”

8. Әріп ақын “Ғылым туралы” өлеңін қай жылы жазды?

А) 1906


В) 1900

С) 1895


Д) 1905

Е) 1890


9. Әріп ақын роман-эпопеяның қай кітабында эпизодтық ыңғайда көрінген?

А) үшінші

В) төртінші

С) бірінші

Д) екінші

Е) көрінбеген

10. Абайдың ізін басқан данышпаным,

Аянбай надандықпен алысқаным

Орыс, қытай, арабтың тілін біліп,

Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың-

деген жыр жолдарын Абайдың қай ақын шәкіртіне арнаған?

А) Әріп


В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

11. Ғылымнан он екі пән хабардар боп,

Кеудеңе түсіп еді күн дидары –

деп ақын Ш. Әбенов қай ақынды сипаттайды?

А) Әріп


В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

12. М. Әуезов “Абай” атты трагедиясын кіммен бірігіп жазды?

А) А. Соболев

В) А. Курелла

С) Л. Арагон

Д) М. Мырзахметов

Е) М. Мағауин

13. “Абайтану” деп аталатын библиографиялық көрсеткіш қашан жарық көрді?

А) 1988


В) 1989

С) 1987


Д) 1986

Е) 1980


14. “Абайтану” библиографиялық көрсеткішін дайындаған ғалым?

А) М. Мырзахметов

В) М. Әуезов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мағауин

Е) Қ. Сыздықов

15. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев


14 апта
14

1. Сабақтың тақырыбы: Абай және Әріп

2. Сабақ түрі: Ой-бөліс, дебат

Дебат сұрақтары:


  1. Ақынның шығармашылық өмірбаяны.

  2. Әріп – Абайдың талантты шәкірттерінің бірі екендігі

  3. Әріп шығармаларының идеялық тақырыптық мазмұны

  4. Өлеңдерінде еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы.

  5. Шығармаларындағы Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттары

  6. Сыншылдық бағыттағы өлеңдері.

  7. Дүние, өмір жайындағы өлеңдері.

  8. Абай өлеңдерімен үндестігі.

  9. Абайдың тұңғыш өмірбаянында Әріп есімінің айтылуы.

  10. Әріп шығармашылығының Абай өлеңінде сыналуы.

  11. Әріптің Абайды көріп-біліп, ұстаз ретінде таныған уақыты.

  12. Абай мен Әріп арасындағы шығармашылық сабақтастық

  13. Әріптің Абайды ұстаз тұтып, оның реалистік әдісін тақырыптық тұрғыдан жалғастыру дәстүрін танытуы

  14. Әріп шығармаларына сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу

  15. Ақынның Абай мектебінің көрнекті өкілі екендігіне көз жеткізу, салыстыру


15 апта

15



1. Сабақтың тақырыбы: Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы бойынша аралық бақылау жұмысын жүргізу

2. Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум сұрақтары:


  1. Абайдың өз тәрбиесінде болған ақын шәкірттері

  2. Абай мен Ақылбай арасындағы қарым-қатынас (Ақылбайдың Құнанбай мен Нұрғанымның тәрбиесінде болуы)

  3. Абайдың Ақылбайға арналған «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің әсері

  4. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің идеялық мазмұны, тәлім-тәрбиелік мәні

  5. «Абай жолы» эпопеясында Мағауия туралы эпизодтар

  6. Мағауияның Әбішке арналған көңіл шері, жастық, махаббат туралы өлеңдері

  7. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы

  8. Мағауия – классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын

  9. Мағауия поэмаларын тақырыптық, сюжеттік тұрғыдан талдау

  10. Абай, Ақылбай поэмаларымен салыстыру.

  11. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» атты монографиясындағы Мағауия туралы деректер.

  12. Мағауияның поэма саласындағы шығармаларына идеялық – тақырыптық, сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу, поэма жанрында Абай дәстүрін таныту, салыстыру.

  13. Әріп – Абайдың талантты шәкірттерінің бірі екендігі

  14. Әріп шығармаларының идеялық тақырыптық мазмұны

  15. Өлеңдерінде еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы

  16. Шығармаларындағы Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттары

  17. Абай өлеңдерімен үндестігі.

  18. Әріп шығармашылығының Абай өлеңінде сыналуы

  19. Абай мен Әріп арасындағы шығармашылық сабақтастық

  20. Әріптің Абайды ұстаз тұтып, оның реалистік әдісін тақырыптық тұрғыдан жалғастыру дәстүрін танытуы

  21. Әріп шығармаларына сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу


Қазақстан Рсепубликасы

Білім және ғылым министрлігі




Каталог: CDO -> 2012-2013
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Оқу түрі: : күндізгі Факультет: Гуманитарлық білім
2012-2013 -> Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
2012-2013 -> Биология-химия кафедрасы
2012-2013 -> Жұмыс бағдарламасы Пән : Иммунология
2012-2013 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж Құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2012-2013 -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2012-2013 -> «Химия және биология факультеті «Биология және химия» кафедрасы. “Омыртқасыздар зоологиясы” пәні бойынша
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Топырақ биологиясы Оқу түрі: күндізгі Факультет: Химия және биология
2012-2013 -> Қарапайымдардың ішінен тұрақты дене пішініне ие емес өкілдері бар класын атаңдар
2012-2013 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет