Семинар-кеңестің ұсынымдары «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»



Дата28.04.2016
өлшемі67.38 Kb.
түріСеминар


«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында баланы шетелдік асырап алудың өзекті мәселелері»

республикалық семинар-кеңестің ұсынымдары
«Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының шеңберінде мемлекетіміз бен қоғамымыздың басымдық бағыты балалық шақты қорғау және отбасыны қолдау болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 38 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның ішінде 22 мыңнан астам бала қазақстандық азаматтар отбасыларында қамқоршылықта және қорғаншылықта, 2 мыңнан астам бала патронат тәрбиесіне берілді, 14 мыңнан астам бала білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі 210 интернаттық ұйымда тәрбиеленеді. Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі 25 сәбилер үйінде 1586 бала, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мүгедек балаларға арналған 19 балалар үйінде 845 бала, ал білім беру жүйесіндегі 166 ұйымда 11612 бала тәрбиеленеді.

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан (1998 жылғы желтоқсан) бастап, 41 мыңнан астам бала асырап алынды. Оның ішінде 31 мыңнан астам баланы Қазақстан Республикасының азаматтары, 8 мыңнан астам баланы шетелдік азаматтар асырап алды.

Шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық балалардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 12 наурызда Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.

Конвенция ратификациялануының құқықтық салдары АҚШ, Франция, Германия, Бельгия, Испания елшіліктерінің өкілдерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрліктерінде кездесу барысында талқыланды.

Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы Конвенция стандарттарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеу айрықша маңызға ие.

Жобада баланың тұлғалық және әлеуметтік әл-ауқаты басымдығын қамтамасыз ету, оның қатысуымен немесе оның мүддесі үшін құқыққолдану ресімдерін мамандандыру, баланың жас шамасы ерекшеліктерін және әлеуметтік мәртебесін ескеру міндетті болып табылады.

Бала асырап алу тәртібін белгілеу бала құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауы, бала асырап алу кезінде заңдылық кепілдігінің қамтамасыз етілуі үшін қажет.

Жоба шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды бірқатар шарттар сақталған жағдайда ғана асырап алуын көздейді. Мұндай шарттар халықаралық, сондай-ақ қазақстандық заңнама нормаларында да көрініс тапқан.

Жобада бала асырап алушылар бола алатын тұлғаларға талаптар, олардың жас шамасына қойылатын шектеулер нақты белгіленген.

Асырап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлді бала асырап алудан кейінгі бақылау, оның ішінде асырап алынған баланың әлеуметтік және психологиялық бейімделуі, отбасында болу жағдайларына бақылау жасау, асырап алудан кейін баланың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын зерделеу, сондай-ақ тиісті есептерді дайындау алады.

Шетелдік агенттіктерді аккредиттеу бойынша енгізілген нормаларды айрықша атап өту қажет, бұл болашақта олардың қызметіне, сондай-ақ асырап алынған балалар құқықтарының сақталуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция стандарттарының қолданылуына дайындық жүргізу, сондай-ақ қамқоршылық және қорғаншылық органдарының, облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу мәселелерінде заңнаманың сақталуына бақылау жасау тиімділігін арттыру мақсатында республикалық семинар-кеңестің қатысушылары төмендегі ұсынымдарды қабылдады:


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мүдделі министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп:

- Конвенция нормаларын ескере отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырсын;

- балалардың құқықтарын қорғау мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды уақытылы анықтау, есепке алу және орналастыру бөлігіндегі қызметінің мәселелері бойынша бақылауды күшейтсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары:

- республикалық семинардың қорытындысы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер басшыларымен 2011 жылғы 15 сәуірге дейін отырыс өткізсін;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер басшыларының қызметтік міндеттердің орындалуын және балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде аталған ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша уақытылы шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін;

- Гаага конвенциясының нормаларын ескере отырып, орталықтандырылған есепке қою үшін асырап алынуға жататын балалар туралы сенімді сауалнамалық мәліметтерді уақытылы және толық көлемде жіберсін;

- республикалық деректер банкісіне өзгерістер енгізу үшін бала мәртебесінің өзгеруі (ата-ананың (ата-аналардың) ата-аналық құқықтарында қалпына келтірілуі, баланың асырап алынуы және т.б.) туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетін уақытылы ақпараттандырсын;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер әкімшіліктерінің жекелеген адамдарға, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға балалардың бар екені туралы мәліметтерді және олар туралы деректерді, сондай-ақ фотоға түсірудің немесе бейнетүсірілім жасалудың алдын алу бойынша жұмысты жүргізсін;

- кездейсоқ өзгерудің, жойылудың немесе жоғалудың, ұрлаудың, қолдан жасау мен бұрмаланудың алдын алу үшін балалар туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етсін;

- «Әр балаға – берік отбасы» әлеуметтік жетімдіктің профилактикасына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарының іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырсын;

- қоғамдық санада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыру тақырыбына тұрақты оң қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша шараларды (жергілікті баспасөзде балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге қоғамның оң қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған радио-, телебағдарламалар мен жарияланымдар топтамасын, өңірлердің бірінші басшыларының қабылдаушы отбасылармен кездесуін ұйымдастыру) қолдасын және дамытсын;

- өңірлерде қабылдаушы ата-аналар мен қамқоршылар мектептерін, отбасылық тәрбиелеудің барлық нысандарын сүйемелдеу бойынша уәкілетті қызметтерді ашсын;

- бала асырап алудан кейінгі есеп берулердің түсуіне талдау жасасын, қорытынды ақпаратты Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2011 жылғы 15 сәуірге қарай электрондық және қағаз түрінде ұсынсын;

- қамқоршылық және қорғаншылық органдары өкілдерінің міндетті қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұратын шетелдік туысқандардың бала асырап алу ресімін жүргізсін;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бірлескен бұйрығына сәйкес Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке № 1-У нысаны бойынша статистикалық есептерді уақытылы ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

- қазақстандық дипмиссиялармен шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алу ресімі сызбасының жобасын талқыласын және қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2011 жылғы 15 сәуірге қарай ұсынсын;

- қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетелдік азаматтар үшін біржолғы визалардың қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

- аумақтық ішкі істер органдарына бала мәртебесін анықтау бойынша материалдарды (ата-аналарды, туысқандарды іздеу, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту және т.б.) әзірлеуге ықпал етуді ұсынсын;

- қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен бірлесіп, сотқа ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру, оларды хабарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану бойынша материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етсін;

- құжаттандыру мәселелері ҚР ІІМ құзыретіне тапсырылғаннан кейін шетелдік азаматтар асырап алған балалардың төлқұжатын жедел дайындау бойынша мәселені реттесін;

- мүдделі ведомстволармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ата-аналары мен туысқандарын іздестіру бойынша өзара іс-қимыл туралы бірлескен бұйрық әзірлесін.
5. Сәбилер үйлерінің меңгерушілері:

- қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдарын медициналық мекемелерге түскен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы уақытылы ақпараттандырсын;

- жекелеген адамдарға, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға балалардың бар екені туралы мәліметтерді және олар туралы деректердің таралуын, сондай-ақ фотоға түсірудің немесе бейнетүсірілім жасалуын болдырмау;

- бала мәртебесін анықтау бойынша жұмысты жүргізсін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қамқоршы функциясын толық көлемде атқарсын;

- асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар денсаулығының жай-күйі туралы сенімді ақпаратты уақытылы ұсынсын;

- қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдармен, ішкі істер органдарымен бірлесіп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың ата-аналары мен туысқандарын іздеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын;



- баламен танысу және онымен одан әрі сұхбаттасу мақсатында шетелдік азаматтарға арналған арнайы орынжаймен қамтамасыз етсін.


Каталог: fileadmin -> user upload -> images -> vko -> netrogat
user upload -> «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың мамыр айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
user upload -> Регламенті Жалпы ережелер «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
user upload -> Жеңіл автомобиль көлігіне қызмет көрсетуде баға ұсынымын жасау жөнінде алдағы конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру. Астана қаласы, 2009 ж 16. 01
netrogat -> Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары Жалпы ережелер Осы Бала асырап алу жөнiндегi агенттiкттердi аккредиттеу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
netrogat -> Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекеттік мүлік туралы
netrogat -> Бағдарламасы Астана қаласы 2011 жылғы 12 наурыз, сағ. 11. 00 Өткізілетін орны: Қр бғМ, Мәжіліс залы    


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет