Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік



жүктеу 1.89 Mb.
бет1/10
Дата17.04.2016
өлшемі1.89 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСРПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ – ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Н.С. ГАЗИЗОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050115 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттеріне арналған

Семей


2013 жыл


МАЗМҰНЫ

Әкімшілік құқық пәні бойынша глосарийлер

Қысқаша дәрістер курсы

Семинар сабақтарды өткізуге арналған

әдістемелік нұсқау



Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік

жұмыстарына (СОӨЖ) әдістемелік нұсқау



Студенттің өздік жұмыстарына (СӨЖ) әдістемелік нұсқау.

Әкімшілік құқық пәні бойынша емтихан сұрақтары


ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР

Әкімшілік құқық-құқық саласы ретінде – атқару билік саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.

Әкімшілік құқық ғылым ретінде - әкімшілік құқықтық құбылыстар туралы пайымдаулар мен қорытындылардың, категориялардың жүйесін құрайды.

Әкімшілік құқықтық нормалар – атқару билік саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекеттің билік органдарымен айқындалатын жүріс-тұрыс ережелері.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл мемлекеттік басқару саласында әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мәнісі: әкімшілік құқық субъектілерінің әр түрлі мүдделерін, аса маңызды өмірлік қажеттіліктерін және құқықтық қатынас тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Басқару органы - әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі ретінде адам мен азаматтардың мүддесінде мемлекеттің атынан өзінің биліктік өкілеттігін жүзеге асыратын орган.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектісі - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - әкімшілік құқық субъектілерімен атқару – билік жүргізу қызмет аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.

Нормативтік құқықтық актілер – референдумда қабылданған уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгеретін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата түратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Құқық нормасы – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

Министірлік – мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма.

Ведомства – ол белгілі бір министірлік нгемесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады.

Заңды жауапкершілік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мұддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара.

Әкімшілік іс жүргізу – материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.

Әкімшілік – құқықтық режим – заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.

Мемлекеттік құпия – бұл ақпарат, мәліміт, санкциялы емес рұқсаттың елге, мемлекетіміздің қызығушылығына зиян келтіруі мүмкін.

Құқықтық мәжбүрлеу – заңды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін тарату-алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал болып табылады.

Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі іс-қимыл.

Жергілікті өкілді органдар - әкімдер мен маслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтақ, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ КУРСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
ДӘРІС 1

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ - ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ, ОҚУ ПӘНІ, ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ПӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

Мақсаты: Әкімшілік құқықтың құқық саласында алатын рөлін, қағидаттары туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық – ҚР құқық жүйесіндегі негізгі сала.

  3. Әкімшілік құқық – оқу пәні және ғылым ретінде.




  1. Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер пен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың кұрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтар мен және өздерінің құзіретгеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімшілік кұкық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.

Әкімшілік кұқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құқықтық қатынастары нормалары бар және осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.

Әкімшілік құкық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тиым салу - белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік кұқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды, бүл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың кұқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен занды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден көрінеді.

Сонымен әкімшілік құкық Қазақстан Республикасы құкық жүйесінің кұрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салык кұкығы және басқалары сияқты құкық салаларының жаңа институттарын кұру процессінде әкімшілік-құкықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың міндеті - адам мен азаматгың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, халыктың денсаулығын, санитарлық-әпидемиологиялық саулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекетгік билікті, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құкық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік кұқығы» мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол әкономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы салааралык мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар баскармалық қызметте зандылықты қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатынастарда әкімшілік құқық пәнін окытуды республика және белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа да мемлекеттік басқару органдарының болашак қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.

Қазакстан Республикасының«әкімшілік құқығы» пәнін окыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:


  • басқармалық катынастардың ерекшеліктері мен мағынасын
    зерттеу;

  • басқармалык қатынастарды реттеудегі әкімшілік-құқықтық нормалардың қызметін аныкгау;

  • әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау,

  • әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.

  • әкімшілік құқық субъектілерінің жұмысында зандылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныкқанына 13 жыл толып отыр. Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр. Оның стратегиялык мақсаттары: әкономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсатгарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Ал азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық, даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық - жалпы өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.

Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша кұқық миссиясы терең қажеттіліктерден туындаған. Олар:



  • азаматгық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.

  • баскарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету

  • автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
    Бұлардың бәрі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу кұралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялык қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. «Әкімшілік»
    сөзі латынша«басқару» мағынасында, сондыктан бүл саланы көбіне «баскару құқығы»деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік баскару саласында, аткарушы мемлекеттік органдар
    қызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы. Әкімшілік құқықтық реттеу кызметі мемлекеттік басқару аясында (сферасында)
    қарастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі кетіріледі.

Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың кұ-құқық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:



  • қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

  • атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.

  • атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.

  • азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.

  • қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.

  • Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.

  • әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген

  • қоғамдық қатынастарды қорғау.

  • қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.

Қазіргі әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде құқық жүйесінде жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен кұбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық- өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

  1. Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институттардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері және пәні, Әкімшілік құкық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің заңдық басымдыкгары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын қарастырады. Қазакстан Республикасының Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.

Әкімшілік құқықтың басты максаты-мемлекетгік билік аппаратын заң мүддесіне кызмететіп, оның талаптарын орындауға бағытгау. Қүқық салалары өзара пәні, қүқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Заңдык әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасьшың құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар іс басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін кұрайды. Бұлар баскарушылық қатынастар деп атапады.

Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:

I. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.

2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.

Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:

- баскару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазакстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)

-басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган)

-басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік).

Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәрістейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінін мәртебесін, басқарудың кұқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылыкты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.

Әкімшілік құқықтын құқық саласы ретінде даму тарихы және дамуының негізгі кезеңдері.Тарихи анализ жүргізу арқылы, көптеген заңгерлер, философтар әкімшілік қүқықтың арғы атасы - полицей құқығы деген ұғымға келген. Бул теорияның негізін қалаушы француз административисті Людовик XIV кезіндегі Н. Деламора, оның еңбегі «Мысли о полиции» (1707 ж.). «Полиция туралы ойлар» халықты қорғау саласындағы полицияның қызметі, меншік, жолдар, сауда, қаржы, кауіпсіздікпен камтамасыз ету мәселелерін қарастырады.

Сонымен катар Шарль Луй Монтескьенің «о духе законов», яғни «заңдар рухы туралы» атты еңбегінің алатын орны ерекше. Құқықтық ғылымның негізгі даму кезеңіне Гегельдің еңбектерін жатқызуга болады. Ол өзінің «құқық философиясы» деген еңбегінде мемлекетке философиялық тұрғыдан тереңірек түнісінік береді.

Әкімшілік құқық саласындағы ең ірі өкілдердің бірі неміс ғалымы, оқымыстысы Лоренц Штейн болып саналады, оның еңбектері XIX ғасырда жарыққа шыққан болатын. Ол өз еңбектерінде полицияға және полиция құкығына көбірек көңіл бөліп, сол саланы тереңірек зерттейді. Оның ең танымал еңбектерінің бірі «басқару туралы ілім» (1865 ж.), онда мемлекеттің теориясы мәселелері, оның қоғаммен қарым-қатынасы, қоғамдық өмірдің ең негізгі 3 әлементінің «жеке, рухтық, және шаруашылық» әлементтерінің үндестігін қарастырады (личного, духовного, хозяйственного). 1874 жылы Санк-Петербургте «басқару туралы ілім және басқару құқығы» деген еңбегі аударылып жарықка шықты. Бұл еңбек атқару билігін, оның ішінде басқару мен оның қызметін жан-жакты реттейтін саланы құқық саласы деп таныған. Құқық сонымен қатар мына басты институттардың қызметін ретке келтіреді: Үкімет, полиция, армия, жергілікті өзін-өзі басқару, сонымен қатар баскару органдарының жауапкершілігін анықтайды.


  1. Құқықтың кез келген бір саласының пәнін анықтау бұл сол сала реттейтін қоғамдық қақтығыстағы бірдей мәселелердің тобын анықтау болып табылады. Әкімшілік құқық- қоғамдағы мемлекеттік басқару және атқарушы қызмет барысында пайда болган қоғамдық қатынастарды реттейді. «Администрация» термині латынның «администратио» - әкімшілік ықпалдылық, бір жағынан, басқару болып табылады, сонымен қатар әкімшілік құқық пәні басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастар деп түсіндіріледі. Яғни «әкімшілік» басқарушылық өкіл» болса, онда «әкімшілік құқық» әкімшілік өкілдіктің жүзеге асу процесі барысындағы коғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен «әкімшілік құқық» мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдык қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады.

Бүл қоғамдық қатынас түрлері әкімшілік реттеу сферасына тән, әкімшілік құқықта бастысы — мемлекеттік басқару органдарының өкілдік процесі кезіндегі пайда болған қатынастарды реттеу. Сондыктан да бұл қатынастар басқарушылық деп аталады. Әкімшілік қүқықгық реттеу кұрайтын коғамдық қатынастарды оның мазмұны мен сипатына қарай жікгеуге болады. Бұл жағдайда мынадай топтарға бөлуге болады:

а) мемлекетгік баскару органдары мен қызметтегі адамның шұғыл басқаруды жүзеге асыруымен (мысалы, өндіріс әкімшілік және цех әкімшілігіне байланысты қатынастар);

б) мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік реттеу органдарының қогамдық ұйым жұмыстарын жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

в) мемлекеттік органдардың коғамдық ұйымдармен қарым-қатынас барысында пайда болған қатынастар;

г) мемлекеттік органдардың азаматтарының сұранысы менқажеттіліктерін, олардың құқығын қорғаумен байланысты пайда болған қатынастар.

Мемлекеттік басқару органы және реттеуші әкімшілік құқық саласында пайда болған қоғамдык қатынастарды нақты бағыттары бойынша келесі түрлерге бөлуге болады.

1. Әкімшілік әрекет бағыты бойынша мынадай қоғамдық қатынастардың негізгі түрлері қалыптасады:

а) баскару актісін орындау, қабылдау, дайындаумен, яғни, ол дегеніміз мемлекеттік баскару органдарының актісі мен заңды орындаумен тікелей байланысты;

б) құқықтық және ұйымдық нысандағы аткарушы сипаттағы күнделікті өкілдікті орындаумен байланысты;

в) қабылданған шешімдерді орындау барысын бақылап отырумен байланысты;

2. Әкімшілік өкілдіктің саласы бойынша:

а) әлеуметтік-мәдени кұрылыс саласындағы басқару қатынастары;

б) әкімшілік-саяси басқарудағы қатынастар (коғамдық тәртіп қорғанысы, кеден және т. б.).

Әкімшілік құқық басқа да құқық салаларымен тыз байланысты.

1. Әкімшілік құкық және конституциялык құқық, бұл салалар бір-бірімен тығыз байланысты және тіпті олардың нормаларын бір-бірінен айыру да қиын. Бірақ, бұл салалардың арасында айырмашылыктар да бар. Мысалы, конституциялық құқық қоғамдық құрылыс пен мемлекет саясатының негізін, мемлекет пен тұлға арасындағы байланыстың негізін, улттық мемлекеттік және әкімшілік территориялық кұрылысты қарастырып, мемлекеттік органдардың жүйесін және сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға тән ортақ негізгі қағидаларды құрайды.

2. Әкімшілік құқық сонымен қатар қылмыстық құқықпен де тығыз байланысты. Әкімшілік құқыққа барлығы орындауға міндетті тәртіптер кіреді (жол козғалысы, паспорттық жүйе, санитарлық, өртке карсы және т.б.). Әкімшілік құқық әр түрлі коғамдық қатынастарды ретгейді.

Әкімшілік құқық 2 бөлімнен: жаппы және ерекше бөлімнен тұрады. Әкімшілік құқық жалпы бөлімінің жүйесі - акт, нормалар, мемлекеттік басқару саласындағы жалпы мәселелер. Оларға мыналар жатады.



  1. мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын қарастыратын нормалар;

  2. әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық қатынастарын қарастыратын нормалар;

  3. мемлекеттік қызметтің негізі мен қағидаларын анықтайтын нормалар;

  4. мемлекетгік басқарудың түрлері мен тәсілдерін қарастыратын нормалар.

Ерекше бөлімінде әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін нормалар қарастырылады, сонымен қатар әр сала бойынша басқару органдары олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады (мысалы, әділетті басқару, сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, қорғанысты басқару, білімді басқару, денсаулық сақтауды басқару, көлік және коммуникацияны басқару және т.б.)

Талқылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік құқықтың реттеушілік қызметі деген не?

  2. Әкімшілік құқықтық нормаларды атаңыз?

  3. Әкімшілік құқықбұзушылық дегенді қалай түсінесіз?

  4. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне ішкі жіне сыртқы талдау жасаңыз.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет