Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы



жүктеу 1.33 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б
umm -> Шұжық және консерві өндірісі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



СМЖ 3 деңгейлі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.09/03-2012



ПОӘК

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнінің

оқу-әдістемелік материалдары


Басылым № 1

28.08.2012






Табиғатты пайдалану экономикасы” пәнінен

050731мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған


Оқу-әдістемелік кешен
Пәннің оқу-әдістемелік материалдары

Семей 2012

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Семинар сабақтары

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий

Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін - өзі қамтамасыз ететін экономика құру мақсатымен оны әлемдік нарықтан ерікті немесе мәжбүрлі түрде тұйқтау.

Автократия – экономиканы, кәсіпорынды басқарудың билікті бір адамның қолына шоғырландыруға негізделген тісілі, стилі; шексіз билікке ие ұйым басшысына көссіздікпен, сөзсіз бағынушылық.

Автономия - өзін - өзі басқару, аумақтарды, кәсіпорындарды басқарудағы тәуелсіздік, дербестік.

Авторитаризм – демократияға қарсы, құқыққа қарсы тұжырымдама және билік жүргізу практикасы.

Авторитарлық - өкіметке құлдық ұрып бағынушылыққа негізделген басшылық стилі.

Әдіс – табиғи құбылыстарын, қоғамдық өмірді танып білу тәсілі; теория, ілім, тәсілдері немесе нақты міндетке бағындырылған тұрмыс салт.

Әміршілдік экономика - экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық ресурстар мемлекеттік меншікті құрайды, ал экономикалық қызметтің бағыты мен үйлестірілуі бір орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Бизнес – кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жекеше тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару, тауар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету.

Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары;пайда алу мақсатыменмәмлені жүзеге асырудың бағдарлама-жоспары.

Бизнесмен, табыскер – бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.

Болжау мен жоспарлаудың әдістері – кәсіпорынның оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері.

Бюджет – мемлекеттің нмесе отбасының не жеке тұлғаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы.

Жергілікті бюджеттер – жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаражатының белгілі бір уақыт кезеңіндегі кірісінің құралуы мен шығысының атқарылуының заңды тәртіппен бекітілген смета.

Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары.

Бюджет жүесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен заңдылық нормаларға негізделген жиынтығы.

Бюджет кірісі – салық түсімдер мен салыққа жатпайтын түсімдердің, алымдардың көлемі.

Бюджет процесі – мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару бақылау жөніндегі заңмен және тбасқа нормативті актілермен тәртіптелген қызмет.

Бюджет статистикасы – мемлекеттік бюджет статистикасы-қаржы статистикасының аса маңызды бөлімі; отбасы бюджеттерінің статистикасы- әлеуметтік –статистиканың құрамдас бөлігі.

Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі.

Бюджетті тәртіпке келтіру – бюджет жүесін ұйымдастыру және оның құрылымының негізгі қағидаларын тұжырымдау.

Бюджеттен тыс қорлар – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін таратылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.

Бюджеттік есеп – бюджеттің атқаруына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу.

Бюджеттік жоспарлау – бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы.

Бюджеттік несие – бекітілген бюджет бойынша шығыстың белгілі бір түрлерін қаржыландыруға берілетін қаражат.

Бюджеттік қаржыландыру – кәсіпорындарға олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты.

Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе- тең ұстау үшін бөлінетін қаражат.

Бюджеттік тексру – халықтың әртүрлі қоғамдық топтарының тұрмыс дәрежесін туралы алынатын мәліметтердің көзі болып табылатын отбасының бюджеттің статистикалық тұрғыдан іріктеп тексеру.

Жобалау – кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенің әзірлеу.

Стратегия – қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің жағдайларынан туындайтын жалпы жоспар.

Тактика – экономикалық әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолднылатын құралдар мен тәсілдер.

Ретроспективті талдау — объектінің бұрыннан қалыптасқан техникалық, әлеуметтік, экономикалық даму тенденциясын оның даму стратегиясын қалыптастыру мақсатында зерттеу әдісі.

Верификация - болжау моделінің ақиқатын (адекваттығын) тексеру.

Ықтималдық – берілген жағдайдың аяқталу мүмкіндігінің деңгейі (0 ден 1 дейін өзгереді).

‘’Мақсаттар ағашы’’ – жүйеленген, иерархиялық қағида бойынша құрылған жүйе, бағдарлама, жоспар мақсаттарының жиынтығы.

Динамикалық қатар – болжау объектісі айнымалысының өткенді шолатын мәндерінің уақытша тізбектелуі.

Болжау тапсырмасы – болжау мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын, оны жасау тәртібін реттейтін құжат.

Болжау объектісінің мағыналы айнымалысы – болжау міндетіне сәйкес объектіні сипаттау үшін қолданылатын болжау объектісінің айнымалысы.

Корреляциялық дала - әрбір фактор мен функция арасындағы байланыс формасы мен тығыздығын анықтау мақсатында құрылған функцияның фактордан тәуелділігін көрсететін графикалық сызба

Стьюдент критериі – модельге кіретін факторлар мағынасын сипаттайтын математикалық критерий.

Болжау әдісі- болжау жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу әдісі.

Болжау әдістемесі – нақты болжам жасау барысында болжау әдсітерін қолдану тәртібінің жиынтығы. Параметрлік әдіс – бір жағынан объект параметрлері мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген, екінші жағынан пайдалы тиім немесе шығын элементтері арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген пайдалы тиім, шығын және басқалардың элементтерін болжау әдістері.

Экономикалық-математикалық әдістер - жоспарланған немесе қалыптасқан экономикалық жағдайлардағы шаруашылық шешімдерді анықтайтын ең жақсы, оңтайлы нұсқауларды таңдауда қолданылатын талдау және оңтайландыру әдістері.

Экспертті әдістер – осы облыстағы мамандар тобының ұжымдық пікірлесуіне негізделген болжау әдістері.

Экстраполяция әдістері -1) бағдарламаның сол немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті өнімді болжауға негізделген әдістер.

-2) объектінің оның бұрынғы даму тенденциясы бойынша болашақта дамуын болжау әдістері.

Модуль – объектінің болашақта мүмкін болатын жағдайын болжауда қолданылатын оның жеңілдетілген көрінісі.

Анықталмаған жағдайлар – потенциалды нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда пайда болады.

Нормативті болжам – болжау объектісінің белгілі бір жағдайға жету мерзімі мен жолдарын белгілейтін болжам.

Алдын-ала саралау кезеңі – бұл болжам жасалынып жатқан кезең.

Жоспар – белгілі бір мақсаттар мен ресурстарға байланысты іс-әрекеттер тізімі мен мерзімін директивті анықтау, шешім.

Ізденіс болжамы – болжау объектісінің мүмкін болатын жағдайын көрсететін болжам.

Көрсеткіш – объект жағдайын білуге мүмкіндік беретін көлем, өлшем.

Жорамал – белгілі бір объектінің немесе процестің болашақтағы жағдайы туралы пікрдің логикалық тізбегіне негізделген қорытынды.

Болжам әдісі – белгілі бір кезеңде нақты объект алуға бағытталған бір немесе бірнеше логикалық немесе математикалық операциялар.

Болжау – объектінің болашақтағы жағдайы немесе осы жағдайға жетудің альтернативті жолдары туралы ықтималды пікір.

Болжамдық ретроспекция (өткенді шолу) – олардың жүйелі сипатын алу мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Болжау шегі – болжаудың нақтылығы мен сенімділігі қамтамасыз етілетін саралаудың максималды кезеңі.

Болжамдық диагноз – мәселелерді, даму тенденци көрсету және болжау әдісін таңдау мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Прогностика (футурология) – болжау жасау заңдылықтары туралы ғылыми пән.

Жоба – нақты шараға, құрылысқа қатысты шешім.

Проспекция – таңдалған әдістерді пайдалана отырып болжау, болжау фонының объектілері болжанатын, олардың верификациясы жүргізілетін болжау кезеңі.

Менеджментті жүйелі қарастыру – кез-келген объект, жүйе бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырылатын жағдай.

Құрылым – оның басты мақсатын дұрыс орындауға қажетті жүйенің құрамды бөлімдерін сәйкестендіру әдісі.

Басқарушылық шешім – менеджмент жүйесінің нақты мақсаттарына жету үшін альтернативаларды таңдау, экономикалық негіздеу, оңтайландыру, болжау, талдау нәтижесі.

Фактор – функцияға әсер ететін, жүйедегі объектінің немесе процестің жеке көрсеткіші.

Сырт көзге ғана дұрыс статистикалық мәліметтер – болжау объектісін талдау немесе ресми статистика мәліметтерін пайдалана отырып ретроспекция кезеңінде алатын мәліметтер.

Функция – регрессия деңгейі бойынша есептелген нәтижелі белгі, болжамдық көлем.

Болжау объектісінің сипаттамасы – болжау объектісінің кез-келген қасиетінің сапалық немесе сандық жағынан бейнеленуі.

Мақсатты болжам – жиынтығында жүйе эволюциясын құрайтын оқиғаның уақыт және кеңістікте жүйелі түрде өрбуінің гипотезалық суреті.

Болжау объектісінің экзогенді айнымалысы – болжау фонының (сыртқы ортаның) қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Болжау объектісінің эндогенді айнымалысы – оның өз қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Энтропия – объектінің белгісіздік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Болжау кезеңі - өзінің міндеттерімен, әдістерімен, нәтижелерімен сипатталатын болжау жасау процесінің бөлімі.


  1. Дәрістер




    1. тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.

  1. Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары.

  2. Ғылымының пайда болуы мен дамуы

3. Экология туралы түсінік
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буынның әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.

Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егер де, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық бояу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.



  1. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әртүрлі:

  2. бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі;

  3. Тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;

  4. ХХ ғ. Орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;

  5. Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;

  6. Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.

Сондай – ақ, адамның жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалуы» деген сөз.



  1. Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:

  • ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие;

  • микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.

  • Ландшафтың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп – қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.

  1. Адам өзінің консерваивті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындғы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде.Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энерги) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.

  • адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай – ақ егде адамдардың созылмалы арурулары да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап келеді.

  • Адамзат ХХ ғ. өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр.Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.

Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі тандағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.

Ғылым ретінде қазіргі тандағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзар қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.

Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, эколгияның жаңа идеологиясы мен әдісінамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжіриебелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс – тәжірибелік жоспарды ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:


    1. ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан – жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;

    2. биосферасы ең маңызды өнім әлуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай – күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;

    3. табиғатты күштеп бағындыру идеологиясын алшақтау, эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологиялындыруға бағытталған шаралар;

    4. оңтайландыру крийтерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді тандау мен қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары);

    5. адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.

2. Экология ұзақ оқиғадан бұрын өткен ерекшелігіне қарай дербес ғылым ретінде табиғат туралы үлкен ғылыми ілімді жинақтаудың кезеңінен өткен. Ерте дүниедегі пәлсафашылардың еңбектерінен жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен, олардың өмір сүру ортасына тәуелділігі мен ауа райының жай – күйін баяндаудың мәліметіне талпыныс жасалғанын аңғарамыз. Мәселен, Аристотель (б.з.д.384 – 382 ж.ж.) жануарлардың өзіне белгілі 500 түрінің мінез – құлқы айтады. «Ботаниканың атасы»Теофраст Эрезейский (б.э.д.372 – 287ж.ж.) өсімдіктердің түрлі жағдайларда ауа райымен топыраққа байланысты өсуінің түрліше болатындығынан мәлімет береді.

Ғасыр ортасына қарай табиғатты зерттеу дінбасылар тарапынан болған қысым нәтижесінде босанси бастаса, Дәуірлеу заманында ұлы жағрапиялық ашылуларымен жаңа қарқын ала бастады. Осы кездері зерттеушілер жануарлар мен өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыстарын тәптіштеп жаза бастайды.Дж.Рей (1627 – 1705), К.Линней (1707 – 1778) және басқалары толық (жіктеу) жүйені жасауға ұмтылып, өсімдік әлемінің қыр – сырын, жан – жақты зерттеп, мол мағлұматтар жинады.

ХХVII – XVIII ғ.ғ. атақты саяхатшылардың жазбаларында да экология мәліметтері жайында айтылады. С.П.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас және басқа табиғат танушылардың еңбектерінде өсімдік пен жануарлардың жер шарының түрлі аудандарында таралуы ауа райының климатына да байланысты,деп тұжырым жасайды.А.Ж.Б.Ламарк (1744 – 1829) эволюциялық ілімінің алғашқы авторы, ол жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы «сыртқы жағдайдың» әсерінен өзгеріп, бейімделіп отыратындығын тұжырымдайды.

ХІХ ғ.басында биогеография саласындағы экологиялық зерттеулер шыға бастады. А.Гумбольдтің (1769 – 1859) еңбектерінде өсімдіктер жаратылысын танудың экологиялық жаңа бағыты анықталады. Жер ландшафтысына орай өсімдіктердің сыртқы түріне қарай: ұқсас түрлері болады, деп ол ғылымға ұсыныс енгізді.

Мәскеу университетінің профессоры К.Ф.Рульені (1814 – 1858) классикалық экологияның негізін салған адам ретінде атауға болады. Ол жануарлар өмірін жан – жақты зерттеудің зоологиядағы ерекше бағыттың даму қажеттілігін кең түрде насихаттады. Әсіресе жануарлардың қоршаған ортамен өзара байланысының күрделі жақтарына назар аудара білді (аналары мен ұрпақтарының өзара байланысы, түрлі жануарлардың өзара байланысы және өсімдік, топырақ т.б. байланысы). Ол жануарлар дүниесін зерттеудің экологиялық кең жүйесін жасады.

Ч.Дарвиннің «происхождение видов путем естественного отбора, или Сохранение благопритствуемых пород в борьбе за жизнь» кітабында (1859) табиғат аясында өмір сүру үшін күрестің барлық түрлері, олардың өзара қайшылықтары табиғи сұрыптауға алып келеді, яғни бұл эволюция факторының қозғаушысы – деп, автор жазды.

Тірі жәндіктердің өзара қатынасы мен олардың табиғаттың органикалық емес компоненттерімен байланысы («өмір үшін күрес») – зерттеудің үлкен бір саласы.

ХІХ ғ. 70 – жылдарының соңына таман экологияда биоценолгияның жаңа бағыты туындады. Неміс гидробиологі К. Мебиус ортаның белгілі бір жағдайында организмдердің үйлесуі және ұқсас экологиялық жағдайда ол түрлердің бір – біріне бейімделуінің себепшісі болатынын, тарихының ұзақтығын зерттеді. Сонымен қатар, ол биоценоз туралы түсініктің алғашқы негізін салушы болды. Экология ботаникасының жеке саласы өсімдіктер топтамасының ерекшелігі туралы – геоботаника ілімінің негізгі ережесі орман туралы ғылым негізінде Г.Ф.Морозов пен В.Н.Сукачевтің еңбектерінде зерттелді. Жер ландшафтысын танушы ботаник В.Н.Сукачев «биоценоз» терминін 1940 ж. Толықтырып, «биогеоценоз» деп атады.

Гидробиолог, ботаниктар мен экологтардың экологиялық мектебі белгілі бір жақтарымен дамып, ХХғ. Басында эклогия ғыдлымы дамыды.

1913 – 1914 жж. Экологиялық ғылымы қоғамдар құрылып, журналы да ашылып, экология пән ретінде университеттерде оқытыла бастады.

Ағылшын ғалымы Ч.Элтон негізін салған экология саласындағы жаңа – популяция экологиясы (демэкологи) 30 – жылдары қалыптасқанын жария етті.Экологиядағы популяцияны зерттеу (бір түрдің тұтас ерекшелігін) тәжірибеде айтарлықтай сұранымға, атап айтқанда: орман және ауыл шаруашылығында зиянкестермен күрес, бағалы жануарлар тұқымының нашарлауы, жабайы жануарлардың адамға және үй жануарларына түрлі ауру қоздырғыштарын жұқтыруының ашылуы себепші болды.

40 – жылдарға таман экологияда табиғат ортасын зерттеудің принципті жаңа тәсілі туды. 1935ж. Ағылшынның ғалым ботанигі А.Тенсли өздерінің тіршілік ететін ортасыиен кез келген организмнің қалыпты да жүйелі тұтастығының сипаты үшін «экожүйе» түсінігін ұсынды (биотикалық пен абиотикалық). Бұл түсінік өз шеңберінде қатысты үлкен анықтықтан еш айырмасы жоқ. Қай жерде болсын қоршаған ортамен өзара байланыстығы биосферада, тұтас ғаламдық құбылыста тіршіліктің нышаны бар болса кез келген биосфераның кәдімгі қалдығы экожүйе болуы мүмкін.

В.Н.Сукачев биогеоценоз туралы негізді ұсынды. Бұл түсінікте абиотикалық қоршаумен организмдердің тұтастығы мен заңдылығы, барлық тіршілік аталуының негізіне жататын және органикалық емес қоршаған орта заттарының айналымы туралы және олардың энергияға айналуы көрініс береді.

Соғыстан кейінгі 50 – ші жылдардың басында экология қарыштап дами түсті. Көптеген экологиялық зандылықтардың баяндау, математикалық әдіспен модельдеу (үлгілеу) кең түрде енгізіле бастады.Көбею динамикасының мүмкін деген нұсқаларының кең түрдегі суреттері алынып, түрлердің топтана бірлесіп тіршілік етуінің маңызды принциптері қисынға келтірілді. Ал, бұл нәтиженің арқасында егістікті бағдарламалау міндетінің шешіміне негіз болды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылық дақылдары сызбасының тиімді есебін жасауға т.б. мүмкіндік берді.

Соңғы 20 жылдың ішінде экология біздің елде секіріс жасап, экожүйені зерттейтін маңызды ғылымның біріне айналды. Адамзат алдында қоршаған ортаны үйлесімді түрде менгеру ісі, тірі табиғаттың элементтерін күрделі жүйе ретінде қарауды талап ететін міндеттер тұр. Бұл күндері экологиялық принциптер және оның теориясы сирек өсімдіктер мен жануарларға, адамға, олардың табиғи өмір сүру жағдайына қолданылуы, жалпы танылып отыр. Экология принциптерін зерттейтің экология саласы адамзат қоғамының қалыпты дамуы үшін өте қажет. Оны қоршаған орта жөніндегі ғылым, - деп орынды айтады.

өкінішке орай, ғасырлар бойы табиғат байлығын пайдалану экология заңдарын білмей жүзеге асырылып келді. Соның салдрынан табиғи қордың сарқылуы мен өмір сүріп отырған ортамызды кең ауқымда ластап отырмыз. Оның зардаптарын адамзат баласы тартып та отыр.

Адамның болашақта және бүгін әдеттегідей өмір сүруіне мүмкіндік үшін шұғыл түрде шаралар қолдану қажет. Осыған орай, экологияда биологиялық және дүниеге деген көзқарастың негізі болуы керек екенін атап өткен жөн. Сол негізге сүйене отырып, адам баласы қоршаған табиғатты сақтап қалу үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет.

Жердегі экожүйенің жоғары дәрежелісі. Тіршілік иелері қоныстанған планетаның қабаты – биосфера болып саналады.

Қазіргі мәннің түсінігіне жақын «биосфераны» алғаш рет енгізген австрия геологы Э.Зюсс болатын. Ол өзінің «Происхождения Альп» (1875) кітабында жерден ерекше организм құрайтындай қабықты анықтады. Бүгінгі таңда бұл қабатты белгілеу үшін «биота», «биос», «жанды зат» түсінігі қолданылады.

Академик В.И.Вернадскийдің (1863 – 1945) классикалық «Биосфера» (1926) еңбегінде биосфера туралы ілім ұсынылған.



Ол биосфераны өмірмен қамтылған жердің ерекше қабаты – деп анықтады.

В.И.Вернадский келесі компоненттерді белгілейді:



  • Тірі зат – барлық тірі организмдердің жиынтығы;

  • Сірескен зат – жансыз дене немесе құбылыс (атмосфера газы, магма текті тау жынысы, органикалық емес пайда болуы т.б.);

  • Биотекті заттар – тіршілік әрекетінің өнімдері (топырақ гумусы, тас көмір, торф, мұнай, тақта тас т.б.);

  • Радиоактивті зат;

  • Шашыранды атомдар;

  • Ғарышта пайда болған заттар (ғарыштық тозаң, метеориттер).

В.И.Вернадскийдің көзқарасына байланысты барлық жердің болмысы, жер ландшафты, атмосферасы, судың химиялық құрамы, шөгінділер қалындығының пайда болғаны үшін тірі заттарға (міндетті) қарыздар. өмір – жер мен ғарышты байланыстыратын желі іспетті, ғарыштан келетін энергияны пайдалана отырып, сірескен заттарды өзінен өткізеді де, материалдық әлемнің жаңа түрін жасайды. Сонымен, тірі организмдер топырақты жасап, атмосфераны оттегімен байытады. өзінен кейін бірнеше километр болатын шөгінді жыныстарды, жер қойнауының байлығын қалдырып, жер шарындағы мұхит суларын өздері арқылы бірнеше рет өткізіп отырады.




  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет