Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмыстары. 1 Глосарий



бет1/10
Дата17.04.2016
өлшемі1.94 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-18.1.69/01-2014

«Дінтану»

пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені

№ 1 басылым



11.09.2014




«Дінтану»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені

барлық мамандықтар үшін

оқу-әдістемелік материалдары

СЕМЕЙ

2015


МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Семинар сабақтары

  4. Студенттердің өздік жұмыстары.



1 ГЛОСАРИЙ 

Авеста- зороастризмдегі киелі канондық мәтіндер жинағы.

Адат- (араб тіл.-«әдет-ғұрып»)-исламды қабылдаған халықтардың дәстүрлі наным сенімі, құқығы.

Адепт- белгілі ілімнің ізбасары, жақтаушысы.

Азан-(араб тіл.-хабар беру,білдіру)-арнайы сөздермен намаз уақытын кіргенін білдіру және намазға шақыру.

Ақида-(араб тіл–байланыстыру)-етістігінен шығады және сенім-наным, дүниетаным, идеология мағыналарын білдіреді.

Анимизм- (лат.тіл.-рух ,жан) –рухтар мен жандардың бар болуына сену.

Антропоморфизм- (грек тіл .-адам және түр )—адамға тән қадір-қасиеттерді табиғаттағы нәрселер мен құбылыстарға,жануарларға да тән деп қарау.

Аңсар-Меккеден көшіп келген мұсылман бауырларына Алла ризашылығы үшін бүкіл мал-мүлкімен көместескен жергілікті Мәдиналық мұсылмандар.

Апостол-(грек тіл.-елші)-Жаңа өситте осылай дүние жүзінің барлық жақтарына Евангелиені уағыздап таратқан Иса Мәсіхтің ең жақын шәкірттерін атайды.

Араньяктар-(санскрит тіл.-Орман кітаптары)—тақуа жандардың мінез-құлық ережелері сипатталған индуизм мәтіндері.

Ашура күні-Хижра жылының алғашқы айы –Мухаррам айы. Мухаррам айы Құранда келген қасиетті төрт айдың бірі.

Аят-(араб тіл.-белгі,керемет,нышан). Аяқталған ойды білдіретін Құран сүрелерінің бөлігі. Құранның кішігірім құрылымдық бөлшегі.

Барат түні–Құран Кәрімнің Ләухымахфуздан жер бетіне түсірілген, адамдардың бір жылдық өмірі мен ырыздығы есептеліп мұсылмандарға кешірім мен шапағат жауған түн.

Жамағат(араб тіл. «жұртшылық», «ұжым», «қаумдастық») – бір-бірімен өзара тікелей қарым-қатынас жасамаса да белгілі бір ортақ мүдде жолында діни рәсімдерді істеу үшін, өзара қолдау көрсету үшін, бір-бірімен қатынасу үшін біріккен, алайда ресми түрде ұйымдаспаған мұсылмандар бірлестігі, көпшілік қауым.




Жаңа діни қозғалыс-жаңадан қалыптасқан немесе қоғамда деноминация, шіркеу немесе дін ретінде әлі қабылданбаған діни топ.




Жаңа өсиет-Құтқарушының әлемге келуі, алғашқыхристиандық шіркеуінің даму тарихы, алғашқы шіркеулерге апостолдық жолдаулары және әлемнің ақырғы тағдырлары жайындағы кітап – Апокалипсис туралы әңгімелейтін Інжілдің екінші бөлімі. Христиандар оны Қасиетті жазба ретінде қадір тұтады.




Жоғарғы архиепископ-(лат. тіл.) – жоғарғы архиепископтық мәртебесі бар шығыс католиктік шіркеуді басқаратын митрополит. Жоғарғы архиепископ Шығыс-католиктік шіркеуінің патриархынан дәрежесі төмен болғанымен құқықтары жағынан олар қандай жағдайда болса да тең. Өз Шіркеуімен сайланған жоғарғы архиепископты Рим Папасы бекітеді. Жоғарғы архиепископтар шығыс шіркеулері істері бойынша Конгрегация мүшелері болып табылады.




Қағба-(араб тіл. - «куб») – Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) мұсылмандар құлшылық ететін қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. «Қасиетті үй», «көне үй» деп аталады. Қағбаның бір бұрышына Қара тас салынған. Қажылық кезінде Қағбаны айнала тауаф рәсімі орындалады. Қағба сондай-ақ бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін намаз кезіндегі құбыла – бағыт қызметін де атқарады. Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-Бәй-түл-һарам" (қасиетті үй) деп те аталады.




Қадір түні-(араб тіл. «ләйләт-ул қадыр» – «қасиетті түн») – Қадір түні Рамазан айының 27-ші түні болады. Бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.




Қажылық-(араб тіл. – «талпыныс, ниет», «оралу, жаңару») – Исламдағы бес парыздың бірі. Меккеге белгілі бір уақытта қажылық рәсімдерін орындау үшін арнайы ниетпен бару ауқатты мұсылмандарға парыз.




Қасиетті жазба-христиандықта Библияны, иудаизмде Тәуратты/Танахты, исламда – Құранды осылай атайды.




Құран-(араб тіл. «оқу», «нақыл сөз») – исламның қасиетті кітабы. Жаратушы тарапынан Мұхаммед Пайғамбарға жіберілген қасиетті кітап. Алғашында ауызша түрдегі мәтіндер жинақталса, Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң алғашқы жазба түрдегі Құран халифа Әбу Бәкірдің кезінде пайда болған. 114 тараудан (сүреден) тұрады. Исламдағы ғибадаттар Құран аяттарын оқу арқылы орындалады.




Құтба-Белгілі уақыттарда немесе жұма намазының және айт намазының алдында мешітте имамның мінберге шығып айтқан уағызы. Құтба Алланы мадақтап, оның пайғамбарына салауат айтудан басталады.




Ижмағ-бір ғасырда өмір сүрген мүжтәһидтердің бір мәселе жайындағы ортақ келісімі.

Ижтиһад: Шарғи дәлелдерден шариғат үкімін шығаруда мүжтәһидтің барлық ғылыми күшін жұмсауы.

Иман- мұсылманның жүрегіне Алланың жаққан шырағы.

Ислам- ардақты пайғамбарымыз(c.ғ.c)-ның жеткізген барлық нәрселерін тілмен айтып,шынайы жүрекпен сеніп, Аллаға толық мойынсұну.

Қадір түні – Құран Кәрім көктен Пайғамбарымызға(с.ғ.с) түсіріле бастаған түн.

Қияс- үкімі жоқ тың мәселені себептері ұқсас, кітап, сүннет және ижмағ арқылы үкімі белгілі екінші мәселемен салыстыру арқылы шешу

Магия-адамдар мен қоршаған әлемге ықпал ету мүмкіндігі бар сеніммен байланысты түсініктер мен рәсімдер жиынтығы.

Мазхаб-(араб тіл. – «жол», «мектеп», «бағыт») – сунниттік бағыттағы исламда діни құқықтық мектеп (олар өзі төртеу – ханафиттік, маликиттік, шафииттік, ханбалиттік).

Махаяна-(санскр. тіл. – «екі аяқты үлкен арба») – біздің эрамыздағы алғашқы ғасырлардың бірінде қалыптасқан буддизмнің ірі бағыты. Махаяна – барлық тіршілік иелерінің ізгілігі үшін оянуға талпынатын буддистер жолының үлкен арбасы.

Медитация-(лат. – «ойлау», «жаттығу») – зейінді мүмкіндігінше жинақтауға, ойлар мен сезімдерді қатаң тәртіпке салуға, ішкі дүниетанымдық пайымдауға бағытталған культтік іс-әрекеттің түрі.

Медресе-(араб тіл. – «дәріс оқитын орын») – орта мектептің және мұсылман рухани семинариясының рөлін атқаратын мұсылмандық оқу орны.

Месса-католиктік литургия (құдайға құлшылық ету), евхаристиямен бірге атқарылатын барлық дұға мен рәсімдердің толық реттілігі.

Мешіт-(араб тіл. «масжид» - «сәжде» (жерге маңдайын тигізу) ететін орын»). Мешітте жамағат жиналып бірге бес уақыт намазды, жұма, айт намаздары оқылады. Мешітте жеке адамдар кез келген нәпіл намаздарды, Құранды оқып, Аллаға құлшылық етеді.

Мистицизм, мистикалық-(грек тіл. – «құпиялы») – философиялық және діни ілім, сондай-ақ әлемді түсіну мен қабылдаудың сезім, интуиция мен ұғымның иррационализміне негізделген ерекше амалы. Өз күшіне басымдылық танытып, Құдаймен тікелей қатынасқа жетуге бағытталған, дін аспектісіне жататын ұғым.

Миропомазание / конфирмация-діндарға денесінің мүшелерін мирамен сылату барысында Қасиетті рух сыйлары берілу құпияшылдығы (таинство). Әдетте бұл рәсім шоқындыру рәсімнен кейін орындалады және екеуі бір құлшылық ету дәрежесн құрайды. Екі рәсім де адамның өмірінде тек бір рет қана жасалады. Құпияшылдық (рәсім) ретінде православие мен католицизмде мойындалады.

Миссионерлік-(лат.– «жіберу», «тапсырма») – басқа діни сенім өкілдері немесе тіпті сенім білдірмеушілер арасында өздерінің діни ілімін діни бірлестіктер атынан уағыздайтын тұлғалардың қызметі.

Митрополит-православие мен католицизмдегі шіркеулік аймақтардың басшысы, патриархтік бар жерлерд дін қызметкерлерінің жоғары лауазымы – патриархтан кейінгі екінші тұлға саналады. Православ шіркеуінде автокефальді Шіркеудің басшысы. Католик Шіркеуінде епархия мен архиепископтарды құрайтын шіркеулік аймақтың басшысы. Митрополит міндетті түрде архиепископ болуы қажет.

Миф-(грек тіл. – «аңыз», «риуаят») – алғашқы қоғамда пайда болған құдайлар, рухтар, құдай тектес кейіпкерлер мен түпкі тектер туралы аңыз. Мифтерде дін, философия, ғылым мен өнердің ертеректегі элементтері араласып жатыр. Әр түрлі халықтардың мифтеріне ұқсас қайталанатын тақырыптар мен мотивтер тән. Көбінесе әлемнің, Дүниенің (космогониялық мифтер) және адамның (антропогониялық мифтер) пайда болуы туралы; күннің, айдың, жұлдыздардың жаратылуы туралы, сондай-ақ жануарлар туралы, күн тізбесі туралы мифтер кездеседі.

Мифология-мифтер жиынтығы, әлем жайындағы қиял-ғажайып түсініктер жүйесі.

Монастырь-(грек тіл. – «оқшауланған тұрғылықты жер»). Жалпыға бірдей жарғыны орындайтын тақуалардың тұратын жері. Сондай-ақ тақуалардың қауымдастығын да айтуға болады. Қауымдастық ретінде оның өзіндік ішкі құрылымы болады. Монастырьдің негізгі қызметкерлері қатарында: настоятель, казначей, духовник, благочинный, ризничий, эконом және т.б. бар.

Монотеизм-(грек тіл. – «бір» «Құдай») – бірқұдайлылық, Құдайдың біреу екендігі туралы ілім және діни ұйымдар жүйесі.

Парыз-мұсылмандар үшін Аллаһ Тағаланың тікелей бұйрығы болып табылатын және орындауға міндетті болатын іс-әрекеттер. Оларды орындағандар Аллаһ тарапынан үлкен сауапқа ие болады, орындамағандар күпір деп саналады.

Пасха-христианның басты мейрамы. Иса Мәсіхтің ғажайып қайта тірілуі күні.

Патриарх-(грек тіл.– «ата-баба», «ру басы») – Автокефальді Шіркеудің бірінші киелісі, дін қызметкерлерінің жоғары басшысы (архиерей), алдыңғы қатарлы басшысы. Киім ерекшелігі – төбесінде маржан кресі бар ақ бас киім. Орыс Православ Шіркеуінің басшысының ресми лауазымы – «Святейший Патриарх Московский и всея Руси».

Политеизм-(грек тіл. – «көп, саны көп» - «Құдай») – көп құдайлық, көптеген құдайлар тіршілігіне негізделген діни жүйе.

Пост (ауыз бекіту)-дін қағидаларына орай тамақты немесе оның кейбір түрлерін жеуге тыйым салу немесе оны шектеу.

Православтық-(грек тіл. «дұрыс пайымдау», «дұрыс ілім») – б.э І мыңжылдығында Рим империясының шығысында Константинополь – Жаңа Рим епископы кафедрасының бастауымен және басты рөлімен пайда болған христиан дініндегі бағыт. Православие сенімнің Никео-Цареград Символын уағыздап, Әлемдік Соборлардың жетеуінің қағидаларын мойындайды.

Преподобный-христиандық шіркеулердегі аға дін қызметкерлеріне қатысты айтылады.

Причащение / евхаристия-(грек тіл. – «рахмет айту») – Құдайға құлшылық ету кезінде діндарларға Христостың «жаны мен қанын» білдіретін нан мен шараптан дәм тататытын христиан шіркеуі рәсімінің бірі.

Прозелитизм-(латын тіл. – «келген», «өз орнын тапқан») – жаңа сенімге, жаңа ілімге терең берілу, өз сенімін таратуға, оған басқаларды тартуға, өзі ұстанған дінің барлық жерде қалыптастыруға ұмтылыс.

Протестантизм-(лат. тіл. – «жұрт алдында дәлелдеу») – XVI ғасырдағы ұлты неміс дін қызметшісі Мартин Лютердің Рим шіркеуіне қарсылық білдіруімен басталған христиан реформасының қайнар көзі болған христиандықтың негізгі үш бағытының бірі.

Реформация-(латын тіл. – «қайта құру», «түзету»). Протестанттықтың қалыптасуына негіз болған ХVІ ғасырдағы Батыс Еуропадағы діни және қоғамдық қозғалыс.





Монофизиттер-(грек тіл. – «бір, жалғыз» - «табиғат, «мән») – Христостың бір ғана болмысын яғни, Құдайшыл болмысына тән екендігін мойындайтын христиандық ағым. Ал ортодокстық шіркеу болса, Христосқа бір уақытта екі болмыстың, яғни, құдайлық және адами болмыстардың тән екендігін қабылдайды.

Мощи (христиандықта)әулиенің шірімей сақталған мүрдесі. Оны ғажайып нәрселерді істейді деп сеніп діни құлшылық объектісіне айналдырады.

Муаззин (азаншы)-(араб тіл. – «аззана» деген етістіктен алынған жалқы есім) – терминдік мағынасы: мұсылмандарды намазға шақыратын, азан айтатын мешіт қызметшісі.

Мүфти(араб тіл. – «ой білдіру») – дінбасы, мұсылман қауымының ресми басшысы. Мүфти – мұсылмандардың дінге қатысты мәселелерін жоғарғы деңгейде шешіп, ұйымдастырушы, үкім шығарылған шариғат заңдарынан заманға сәйкес мәселерді мұсылманға қолайлы түрде жеткізіп беретін басшы. Діни мәселелерге пәтуа беруші. Мүфти – араб тілін, шариғат ілімін жетік меңгерген тұлғалардан мұсылман қауымының құрылтайы арқылы бір ауыздан 5 жылға сайланады.

Мінбер (араб тіл. «минбар»). Мешіт имамы Құран, құтпа оқығанда немесе уағыз-насихат айтқанда шығатын орын. Мінбер мешіттің басты белгілерінің бірі болып табылады. Михрабқа таяу орналасады. Мінберді ағаштан, тастан кейде кірпіштен жасайды.

Мәзхаб-үлкен дін мүжтәһидтерінің шарғи дәлелдерден шығарған мәселелер мен үкімдер жиынтығы.

Мәуліт түні –Пайғамбарымыз(с.ғ.с) дүниеге келген түн.

Мұхажир- тек Алланың ризалығы үшін дүние-мүлкін тастап Меккеден Мәдинаға қоныс аударған мұсылмандар.

Мүжтәһид- аят пен хадистен кез келген шариғат үкімін шығарып, қияс жасай алатын жоғары дәрежелі ғалым.

Пайғамбарлар-Алла Тағаланың шариғатын, әмірлері мен тыйымдарын адамдарға жеткізетін таңдаулы тұлғалар.

Рағайып түні –Хазіреті Әмина анамыздың Пайғамбарымызға(с.ғ.с) аяғы ауыр болғанын білген түн.

Сахабалар- Пайғамбарымыз(с.ғ.с) сұхбатына тым болмағанда бір рет қатысып,оны иман көзімен көрген мұсылмандар.

Сүннет- Пайғамбарымыз(с.ғ.с)-нің сөзі, іс-әрекеті және басқалардың іс-әрекетіне білдірген құптауы.

Ханафи мәзһабы: Имамы- Имам Ағзам Әбу Ханифа.(699-767ж)Аты Нұғман, әкесінің аты Сәбит. Хижраның 80-ші жылы Куфада дүниеге келіп, 150-ші жылы Бағдатта қайтыс болған.

Шарғи дәлелдер –діни үкімдерді шығаруда сүйенетін негіздер

Шариғат- ғибадат пен қарым-қатынасқа байланысты үкімдер жинағы.

 2 Қысқаша дәрістер мәтіні

1 тақырып «Дінтану пәні, құрылымы және анықтамасы».
1. Дінге теологиялық анықтама.

2. Дінді философиялық тұрғыдан анықтау.

3. Дінді био-психологиялық анықтау.
Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында тұрған адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алғашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында және Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бұта» атты еңбектерінде дінді ғылыми, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттей бастады. Бұлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми әдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбұрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін әлеуметтануы, дін психологиясы және т.б.

Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.

Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі іс және осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.

Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философиялық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) тұрғыдан анықтама беруге болады. Соңғы жылдары дінге деген әр алуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми және мәдениеттің салалары.



Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - құдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген ұғым - Құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Құдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Құдай туралы білім болғанымен, теология Құдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауға шақырады. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол – Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология «Құдайдың сөзі емес», ол «Құдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіретті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.



Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.

Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» әлемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» әлемнің негізі ретінде қарастырылады, олар құдіретті күш емес, оларға бас ию, құрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мәңгілік себеп» және дүниенің даму үрдісінің мақсаты.

Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Құдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді.

Құдай туралы Кант былай дейді: Құдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Құдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Құдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады. Гегель (1770-1831): Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларан шығып, соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:

- дін дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;

- дін дегеніміз - әлемді рухани-тәжірибелік тұрғыда меңгеру;

- дін - рухани өндіріс аймағы;

- дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.

Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығын және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Негізгі әдебиеттер: 4,10,13,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 8.
2 тақырып «Ежелгі тархи діндер».

1.Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

2.Политеистік культер мен мемлекеттік діндер.

3. Ежелгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер.

Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Құдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде).

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмұны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді.

Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет