Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ


-тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу



бет2/8
Дата01.05.2016
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

14-тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық маңызы. Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық реттеу.

Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын (бағдарламаларын) жасақтау мен жүзеге асыру әдістері. Ресурс үнемдеу стратегиясы мен жолдары және оны ынталандыру мақсатындағы мемлекеттік шаралар.

Табиғатты қорғаудың глобалды масштабтағы проблемаларын шешу үшін әртүрлі елдердің күшін біріктірудің объективті қажеттілігі.

Әлемдік шаруашылық байланыстарының күшеюі мен халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету жағдайындағы мем лекеттің сыртқы экономикалық саясатының мәні мен қалыптасу қағидалары.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы мен экспорттық бағдарламалардың стратегиясын қалыптастыру. Қазақстан жағдайында кедендік және лицензиялық саясаттарды жүзеге асыру түрлері мен әдістері.

Біріккен кәсіпорындар құруға жалпы мемлекеттік мүддемен келу. Шетел инвестициясын пайдалануды мемлекеттік реттеу. Төлем балансы мен валюталық реттеудің негіздері.

Жақын және алыс шетелдермен Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын орнатудың объективті негізі мен қағидалары. Халықаралық ұйымдар мен әлемдік қаржы-несиелік ұйымдар құрамына ену жағдайындағы мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің қалыптасуы мен тиімділігі.



15- тақырып. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылымның рөлі және оның дамуын нарық қызметінің жағдайында мемлекеттік реттеу
Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылым, оның құрамы, рөлі.

Көліктік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу. Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік рөлі. Өндірістік инфрақұрылымның нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі рөлі.

1-тақырып. ЭМР-дің ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ

1. Мемлекеттің экономикалық рөлі туралы мәселелердің негізгі ғылыми бағыттарына талдау жасау және оның әлеуметтік экономикалық процестрге араласуының объективті қажеттілігі.

2. Институционализмнің мәні. Тауар (қызмет) өндіріс тиімділігінің проблемасы және оның институци

Семинар сабақтарының тақырыптары
онализм құрылымының күрделілік деңгейіне тәуелділігі.

3. Трансакциялық шығын түсінігі мен оның өсуінің негізгі себептері; оны төмендетудегі мемлекттің рөлі.

4. ЭМР-дің негізгі объектілері мен субъектілері.
2-тақырып. ЭМР-дің МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1. ЭМР-дің түсінігінің ғылыми негіздері мен өзгермелілігі.

2. ЭМР әдістерінің құрамы мен басыңқылығы. Олардың объектілері мен мақсатты бағдарламаларына тәуелділігі.

3. ЭМР әдістемесін үнемі жетілдіріп отырудың объективті қажеттілігі мен оның заңдылық-ұйымдастыру астары.


3-тақырып. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕСІ

1. ЭМР-ді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру –құқықтық негіздері мен транзитті экономика жағдайындағы өзекті мәселелері.

2. Қазақстан экономикасын орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың реттеу сферасындағы функционалды міндеттері.

3. Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

4. Экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері:

-нарықтық экономикасы дамыған елдрде;

-Шығыс Европа елдерінде;

-Оңтістік-Шығыс Азия елдерінде;

-Европа-Азия аймақтарындағы (әсіесе, КСРО республикаларында) елдерде.
4-тақырып. ТРАНЗИТТІК ЭКОНОМИКНЫҢ НЕГІЗГІ МІНЕЗДЕМСІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ


  1. Транзитті экономика үлгілерінің жүйесі және олрдың біреуін таңдап алу проблемасы.

  2. Тауар-ақша қатынастарының дамыуына және нарықтың мөлшерлі функциясына тұрақты жағдай жасаудағы мемлекеттің мүддесі мен рөлі.

  3. IS-LM үлгісі ақша ұсынсы және тауар нарығындағы жағдайды макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі ретінде.

5-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР

1. Мемлекеттің жалпыэкономикалық және құрылымдық саясатын негіздеу методологиясы;экономикалық өсу мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары.

2. Өндіріс факторларын ұтымды пайдалану үшін жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оның тиімділік деңгңйін өлшеуге макроэкономикалық тұрғыдан келу.

3. Экономиканың салалық құрамын реттеудің және өндірістік сфера салаларының басыңқылығын таңдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік астары.

4. Елдің өндіргіш күштерін орналастырудағы жалпымемлекеттік мүдделердің бірегейлігі мен оның тиімділігін арттырудағы инфрақұрылымдық салалардың рөлі.

5. Ұлттық шоттар-халықаралық тәжірбиеде қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы. Салааралық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы.
6-тақырып. ЭКОНОМИКНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫ САТЫСЫ-ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ МЕН ЖОСПАРЛАУ


  1. Экономикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылыми-методологиялық негізі.

  2. Мемлекеттік ұлттық бағдарламаларды, экономика салалары (өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералар бойынша) мен аймақтар дамуының стратегиялық және индикативті жоспарларын жасақтаудың ролі, ұйымдастырылуы және методологиясы.

  3. Өсіңкілік қатардағы экстрополяция тәсілі

7-тақырып. ҒЫЛЫМ-ТЕХНИКЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОНЫ ЖЕДЕЛДЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

1. Мемлекеттің ғылыми-техниклық және иновациялық саясаттарын қалыптастырудың факторлары, қағидалары мен ұйымдастырушылық негіздері.

2. Ғылыми-техникалық пргреске мемлекеттің әсер етуінің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмдері.

3. ҒТП-ті болжаудың методологиялық астары.

4. ҒТП-ті жетістіктерін пайдаланудың мемлекеттік және нарықтық механизмдері.


8-тақырып. ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҰТЫМДЫ ҚАМТУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

1. Халықты еңбекпен ұтымды қамтамасыз ету жолында мемлекеттік шараларды жүзеге асырудағы оның интелектуалды күш-қуаты мен гендерлік ерекшеліктерін анықтаудың рөлі.

2. Жұмыссыздықтық негізгі себептері мен оның деңгейін төмендетудің әлеуметтік-экономикалық маңызы. Оукен заңы.

3. Инфляция, жұмыссыздық пен еңбек ақының өзара байланысы және оның елдің еңбек әлеуетін пайдалануға мемлекет тарапынан келгендігі ескерілуі. Филлипс қисығы.

4. Халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қорғау жолындағы жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асырудың заңдылық негіздері, ерекшеліктері мен әдістері. Халықтың жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық дәрежесін есептеу.

5. Әлеуметтік сфера салалары дамуының негізгі көрсеткіштері мен оны негізлдеу әдістемесі.


9-тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. Инвестициялық концепция және мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастырудың маңызды қағидалары .

2. Инвестицияға сұраным мен онвң ұсынымы арасындағы тепе-теңдіті қамтамасыз етудегі мемлекеттің іс-әрекеті және оның механизмі.

3. Мемлекеттің инвестициялық тартылымдылығын анықтауда ескерілетін факторлар мен олардың мінездемесі.

4. Мемлекеттің инвестициялық әлуетін тиімді пайдаланудың қаржы несиелік тетіктерінің құрамы мен басыңқылығы.

5. Инвестициялық процестегі құрлыс кешенінің рөлі.

6. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрлымы мен олардың тиімділігінің көрсеткіштері.

7. Инвестициялар және құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар операцияларының түрлері.

10-тақырып. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІ


  1. Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиіді пайдалану мен оның өндірістік ұйымдастырылу-технологиялық негіздермен байланысы.

  2. Аграрлы секторға мемлекеттік қолдау көрсету механизмі және оның салалары дамуының басымдылығын ғылыми негіздеу.

  3. Жерді пайдаланудың әрі экономикалық, әрі экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен мал шаруашылығының дамуын ғылыми-технологиялық жағынан қамтамасыз етудегі мемлекеттік және ұлттық мүдделер.

  4. «Жер туралы заң» және оны іс жүзіне асыру проблемалары.

11-тақырып. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫ БЮДЖЕТТІК



ӘДІСТЕРІ

  1. Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру жағдайлары.

  2. Сұранымды мемлекет тарапынан ынталандыру және мемлекеттік шығындарды жоспарлау.

  3. Бюджетке салық түсімдерін көбейтудің мемлекеттік шаралары мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру проблемалары.

  4. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын жабу және бюджеттен тыс қорларды ұтымды пайдалану процесіне мемлекет әсерінің негізгі механизмдері

12-тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. Ақша-несие қатынастарын және ақша айналымын мемлекеттік реттеудің ұйымдастыру-құқықтық негіздері.

2. Мемлекеттің монетарлы саясатты таңдауының жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық мағынасы және оны жүзеге асыру әдістері.

3. Баға құралымына мемлекеттің әсер етуінің негізгі әдістері мен оларды пайдаланудағы шетелдік тәжірбие.
13-тақырып. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

1. Транзитті экономика жағдайында мемлекеттің аймақтық саясаты қалыптасуының құқықтық астары, факторлары мен қағидалары.

2. Аймақтық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жасақтаудың концептуалды негіздері.

3. Қазақстанның басыңқылықты және дағдарысты аудандарына мемлекеттік қолдау көрсету әдістері мен оларды жетілдіру.

4. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі мен оны жетілдіру қажеттілігі.
14- тақырып. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН РЕТТЕУ

1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық маңызы.

2. Қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету мен ресурс үнемдеуді ынталандырудың негізгі жолдары және мемлекеттік шаралар.

3. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың статегиялық астары және экспорт бағдарламасын жасақтау.

4. Жақын және алыс шет елдермен Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысын орнатудың объективті негіздері мен қағидалары.

5. Мемлекеттің экономикалық және азық-түліктік тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігін арттыру проблемасы.


15-тақырып. ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫН НАРЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
1. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылым, оның құрамы, рөлі

2. Көліктік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу




РЕФЕРАТ ПЕН ҒЫЛЫМИ БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ :

1. Танзиттік экономика және нарықтық қатынастар сферасының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясының жүзеге асыру және оны күшейту проблемасы.

2. Тансакциялық шығындар экономикадағы келеңсіздіктер көрінісі ретінде және оларды азайтудағы мемлекеттік шаралар.

3. Эономиканы реттеуге макроэкономикалық және ресурстық жағынан келу мәселелері.

4.Экономиканы мемлекеттік реттеуді басыңқы тәсілін негіздеуде оның объктісімен байланыстыра қарастыру.

5.Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыруды жетілдіру проблемалары.

6.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің пайдалы тәжірибелері.

7.Нарықтық құрылымның қалыптасуындағы мемлекеттің ролі.

8.ҚР-ның қазіргі кездегі аграрлы саясатының қалыптасуы мен іске асырылуының ерекшеліктері.

9.Өндіріс факторларын тиімді пайдалануды ынталандырудағы мемлекеттің міндеттері мен оны орындау жолдары.

10.Әртүрлі меншік формалары арақатынасындағы өзгермелілік жағдайында әлеуметтік-экономикалық болжау методолгиясын жетілдіру.

11.Стратегиялық жоспарлаудың талдау сатысы және оның маңызы.

12.Мемлекеттің инновациялық саясатының маңызы, өзектілігі және оны жүзеге асыру әдістері.

13.Қазақстандағы демографиялық жағдай және қоғамның еңбек әлуетін қалыптастырудың болашағы.

14.Кедейлікпен күрес және адамзаттың даму индексінің деңгейін көтеру проблемалары.

15.Шаруашылық субъектілердің инвестициялық белсенділігін мемлекеттік ынталандырудың жолдары мен негізгі механизмдері.

16.Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.

17.Жерді ұтымды пайдалану және экономиканың аграрлы секторына мемлекеттік қолдау көрсету проблемалары.

18.Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және оның бюджеттік тапшылығын қаржыландыру жағдайындағы қажеттілігі.

19.Мемлекеттің монетарлы саясатын жүзеге асырудың маңызы мен жағдайлары.

20.Дағдарысты аймақтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету әдістері.

21.Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің өзектілігі.

22.Табиғатты тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық маңызы.

23.Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру концепциясы мен қағидалары.



Семинар сабақтарының үлгілік тізімі
1 -Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі, Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейеді, өндіріс пен капиталдың бірігуі әр түрлі елдің бір бірімен өзара тәуелділігі өсті. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін нарық пен іс –әрекеттің қарама – қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті.

Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.

Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.

Мемлекет «түнгі қарауыл» ретінде. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттің ролі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, олардың мүлкін сақтаумен (меншік құқығын қорғау), шаруашылық субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін қажетті құқықтық база жасаумен, келісім-шарттардың орындалуын бақылаумен байланысты функцияларды орындаумен шектелді. Бұл кезеңде мемлекеттің неғұрлым толық анықтамасын ешкім де, ешнәрсе де қалыптасқан тәртіпті бұзбауын бақылауы қажет «түнгі қарауылмен» теңестіру арқылы түсіндіруге болады.

Мемлекеттік саясат XX ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 70-жылдарының ортасына дейін келесідей алғы шарттар негізінде қалыптасты:

1. Экономика тек қана жеке капиталистік емес, аралас болуы қажет. Экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі нарықтық экономиканың ресурстарды тиімді бөле алмайтын кемістігінен туындады. Мұндай кемшіліктерге қоғамдық игілік, табиғи монополия және сыртқы әсерлердің болуы мен ақпараттың толық еместігі жатады.

2. Нарық өз-өзінен тұрақты макроэкономикалық нәтижелерге әкеле алмайтындықтан реттелінген макроэкономикалық саясат қажет.

3. Нарық өз-өзінен табысты бірдей бөлістіре алмайды. Сондықтан мемлекет бір жағынан, табысты бөлістіруді реттеуі қажет, ал екінші жағынан – қандай да бір себептермен табыс көзінен айырылып қалғандарды қорғауы қажет. Солармен бір мезгілде мемлекет білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуы қажет.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында, сондай-ақ Батыс Европаның үш мемлекетінің конституциясында (ГФР Негізгі Заңы 1949 ж., Франция Конституциясы 1958 ж., Испания Конституциясы 1978 ж.) «әлеуметтік мемлекет» термині пайда болды. Қазақстан Республикасы да өзін ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» деп жариялады (1995 ж.)

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар бірнеше, олар келесі кестеде топтап көрсетілген.

Кесте 1.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар


Факторлар тобы


Факторлар мазмұны


1. Нарықтық механизмнің жағымсыз эффектілерінің әсерін төмендететін факторлар

1. Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету

2. Әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі



2. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін факторлар


1. Экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тиімді құрылымын жасау. Ақша айналымын реттеу. Ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау. Аз рентабельді салаларда мемлекеттік инвестицияға қажеттілік

3. Әлеуметтік проблемаларды шешумен байланысты факторлар


1. Әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту.

2. Халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.



Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі, басты мақсаты қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген мемлекетте мемлекеттік реттеудің бұл басты мақсатының тікелей салдары экономикалық өсудің бастапқы жағдайы мен потенциалының қалыптасуы, ал осының негізінде – халықтың әл-ауқатының жоғарылауы болып табылады.


2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары

ЭМР – дің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР –дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

ЭМР – дің объектілері – бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы –әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты даму үшін қажетті.

ЭМР – дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қаайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.

ЭМР – міндеті «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.

ЭМР аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рһл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі – капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.

ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.

ЭМР –дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеще құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына –қазыналық және қаржылық саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

ЭМР –дің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекетт билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша несие қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.



3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері

Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:



  • экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;

  • монополияға қарсы реттеу;

  • макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;

  • ресурстарды орналастыруға ықпал ету;

  • табыстарды бөлу аясындағы қызмет;

  • мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық базаны құру бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу.

Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілумен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу – әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

Мемлекеттік меншік – сату – сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
2 -Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

1. ЭМРдің тікелей әсер етуші әдістері

2. ЭМРдің жанама әсер етуші әдістері

3. ЭМРдің әкімгершілік реттеу әдістері

4. ЭМРдің экономикалық реттеу әдістері

3.2. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

Мемлекеттік реттеу ғылыми негізделген тұжырымдамасыз мүмкін емес. ЭМР дің тұжырымдамасы бұл макроэкономикалық, құрылымдық инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.

Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:


  • басымдық мәселелері;

  • мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.

Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:

  • болжау және стратегиялық жоспарлау;

  • қаржылық бюджеттік реттеу;

  • салықтық реттеу;

  • ақша кредиттік реттеу;

  • бағалық реттеу;

  • кедендік баж реттеуі;

  • нормативтік тарифтік реттеу;

  • әкімшілік құқықтық және лицензиялық реттеу;

Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері



Каталог: archiv -> archiv mu sem prac
archiv mu sem prac -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Аббат Гибур
archiv mu sem prac -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv mu sem prac -> Рахметулина ж. Б
archiv mu sem prac -> Ф. 11-19 Ахметова С. С. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар)
archiv mu sem prac -> О. С. Даулетбахова Н. М. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар
archiv mu sem prac -> Ф 11-19 Қалшабекова Э. Н., Ақылбекова А. У. «Құрылыстық керамика технологиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет