Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері



бет5/8
Дата01.05.2016
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері

Дағдарыс жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиіс. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.

Қаржылық және ақшалық реттеудің жанама әдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.

Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім сая-сатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитті шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады.

Одан басқа кеден саясаты, бағаны реттеу маңызды рөл аткарады.

Тікелей мемлекеттік қаржылық реттеу бюджеттік инвестицияны, қаражаттандыруды, субвенцияны (жәрдем қаржы) және аумақтың дотациясын (демеу қаржы), сондай-ақ тікелей ықпалды басқа шараларды бөлуде көрінеді.

Мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу келесі тұжы-рымдық негізде (көзкараста) болуы тиісті.

1. ЖІӨ құрылымы, секторлық құрылым, макроүйлесім мемлекетпен реттелуі, ал, мезо және микроүйлесім таңдаумен реттелуі тиіс.

Тұрақтылық, алдын ала болжау және өндіріс өсуін ынталандыруды құру.

2. Сұраныстың көбеюін шетелдік экспорттаушылар емес, отандық өндірушілер пайдалануы үшін, іріктеу қолдампаздығы жүйесі қызмет істеуі тиіс.

3. 5-10 жылға даму болжауы мен жоспарын әзірлеу мақсатына сәйкес, басқа макро көрсеткіштермен бірге құрылымдық та маңызды орын алар еді

4. Құрылымдық қайта құру түрлерін таңдау: бірінші түрі ма­шина құрылысы мен құрылыстағы инвестициялық кешеннің басымды салалары санатында қарастырылады; екінші түрі бойынша мұнай-газ өндіру басымдылық алады, ал басымды колдануды - кен өндіру саласындағы ресурс сақтайтын тех­нология алады.

Сөйтіп, экономикалық құрылымды өзгертуу бойынша мем-лекеттік саясат ғылымды қажетсінетін салаларды қамтамасыз етуге (оның ішінде қорғаныс кешені шеңберінде), сондай-ақ, қазақстандық экономикадағы оның құрылымындағы тұтыну секторындағы үлесін елеулі көбейтуге көмектесетін, салалардың дамуына бағытталады.



4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
Әзірленген инвестициялық бағдарлама туралы айтсақ, онда инвестор тек мұнай-газ және тау-металлургиялын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да саласына шын көңілмен қолайлы жағдай жасауға бағытталған салым салуды бастайды.

Мемлекеттік инвестициялық қолдау өзара байланысты және өзара тәуелді өндіріс топтарына керсетілетін болады.



Кластер ағылшын тілінен аударғанда -«ұйысқан» деген , мағынаны білдіреді. Кластерлер — бұл аз аумағының шағындығына қарамастан, халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы жайғасымда орналасқанын және экономикалық маманданғанын көрсете отырып, өзінің жақын орналасуын пайдасына шешетін, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың және жеке салалар шеңберіндеші кәсіпорындардың өзара байланысты топтары.

Қазакстанға кластерлік өндірістік жүйені қалыптастыру мақсатында экономика құрылымын талдау мәселесі тұр. Мемлекет экономиканың бәсекелестік қабілетінің өсуінің катализаторы ретінде көрінеді және өндірістің, осы міндетке сәйкестігін құруды ұсына отырып, маңызды рөл атқаруы тиісті.

Бір ел экономиканың барлық аясында мамандана алмайды, және оны бастау үшін әлем рыногынде көрсете алатын сол брендтерді анықтауы қажет. 2004 жылдың шілдесінде «Қазақстан экономикасын экономиканың мұнай-газ шығаратын саласындағы кластерді дамыту арқылы әртараптандыру» жобасының басталуына негіз жасалынды. Жобаның тапсырысшысы – республиканың үкіметі болса, осындай стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі бар, «JE Austin» және «Econmic Competitiveness Qroup» (ЕСQ) американдық консалтингтік компаниясы орындаушы болды. Жобаның басты мақсаты - өндірісті өсіру мен қосымша құнның үлкен үлесімен өнімдерді экспорттауға басымдылықты кен шығарушы саладан кен шығармайтын саланы ығыстыруы және соңғы саланың өнімділігін арттыру.

Сарапшылар қазақстандық экономиканың жүзден астам секторындағы рынокты, сұранысты, ұсынысты және даму болжамын тартымды көзқарас тұрғысынан талдады. Қорытындысында, жеті басымды бағыт таңдалды: туризм, мұнай-ғаз машина құрылысы; тамақ өнеркәсібі, жеңілөнеркәсіп, көлік, металлургия, құрылыс материалдарын шығару. Бұл рыноктың сараланымы «шикізаттық салада елдің экономикасының ұзак мерзімді мамандануын анықтайды.




10 - тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Экономиканың аграрлық секторының дамуын реттеудегі мемлекет қызметі
10.1 Экономиканың аграрлық секторының ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективтілік қажеттілігі

10.2 Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.

10.3 АӨК қолдау бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі
10.1 Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер - өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестцияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг (айырмашылық) бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.

Дамыған елдерде, атап өтілгендей, аграрлық секторды рынок заңы бойынша емес, салықтық қолдау түріндегі тікелей және жанама қаржы бөлетін, қолдампаздық саясат жүргізетін және арнаулы әр түрлі тұтқаларды пайдаланатын мемлекет реттейді.

Рыноктық қатынастарға өтумен байланысты, өзгерістер үдерістері жағдайындағы ең кері көріністі өзгерістер аграрлық секторда өтті.

Бір жағынан, мемлекеттің өтпелі кезеңде саланы қажетті деңгейде қаржыландыру үшін жеткілікті ресурстары болмады. Екінші жағынан, заң базасының жетілдірілмегенінен, бар заңдар мен бағдарламалардың тиімсіздігінен, мемлекеттік шаралардың жүйелі болмауынан, реформалардың негізсіз асығыс тездетілуінен проблемалар туындады. Өтпелі кезеңдегі қиын жағдай бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы мен аграрлық секторды реформалаудың тиімді бағдарламасының болмауынан маңызды саланың нашарлауына және тұралауына әкелді.

Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланысты қарастыру қажет.

АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:

I - ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.

II - ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы)

Ш-дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.

Агроөнеркәсіптік кешенде негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мәнді міндеттерді орындаумен байланысты.

Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан үшін, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету керекті деңгейде жауап бермейтін жағдайда, азық-түлік тәуелсіздігіне жету экономикалық қауіпсіздікті тұтастай қамтамасыз ету ең бір маңызды бағыт болып табылады.

Екіншіден, тұрғындарының 45 пайызы ауылды жерде тұратын ел үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту ауылдық жерде жұмыссыздық проблемасын шешеді. Жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылыққа көмектеседі. Сонымен бірге, мемлекетте ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мойнына алуға ресурстар жеткілікті емес, ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай туғызуы қажет.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласын дамыту нәтижесіндегі барлық экономика үшін елеулі мультипликативті әсерді есепке алу керек. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде астық пен ет өндіруші, ішкі сұраныстың қуат көзі болып табылады. «Жаңа өнеркәсіп саясатын» жүргізу барысын талдау, ауыл шаруашылығының құлдырауы мен төлеу қабілетінің жоқтығы өнеркәсіптік саланың тұрақтануын (машина құрылысы, химиялық, жеңіл, тамақ, мал азықтарының) және тұрақты өсуге көшуді тежейді. Ауыл шаруашылығының дамымаған жағдайында, онымен ілеспелі салалардың көтерілуі мүмкін болуы екіталай. Яғни, саланы мемлекеттік қолдау елдің үдемелі экономикалық дамуына тұтастай маңызды.

Төртіншіден, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімдерді сыртқы рынокқа шығару үшін, барлық қажетті табиғи ресурсы бар. Келешекте сала нақты валютаның шынайы және елеулі көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін көтеруге, республиканың ішкі және сыртқы рыногында көліктік байланыстар проблемасын шешуге барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Көріп отырғандай, ауыл шаруашылығы саласының дамуы елдің тұтастай экономикалық дамуы үшін маңызды. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің, елдің сауда және төлем балансының жақсаруына қосымша негіз бола алады.

10.2-сұрақ. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені өзінің даму үдерісінде басқа салалар тәрізді, экономикалық дағдарыстан шыға алмады. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дағдарысы Кеңестер одағының АӨК-де сексенінші жылдары басталды. Осы уақыт ауыл шаруашылығы өндірісін толық тоқыраушылыққа әкелген және Кеңестер Одағының азық-түлік импортына, негізінен астыққа тәуелділігін көбейтіп, АӨК-нің құрылымдық дағдарыс кезеңі ретінде белгілі болды.

Егістік жерлерді сауатсыз пайдалану оның өнімділігін төмендетіп, 70-жылдары аумақтың бірқатар жерлерінің батпақтануы мен бұлінушілігіне әкелді. Арал теңізі су ресурстарын ұтымсыз пайдаланудың мысалы бола алады.

Республикадағы жер өңдеудің тәуекелді аймағы аграрлық секторға елеулі салымды қажет етеді.

Әлеуметтік инфрақұрылымның артта қалуы, жастардың, көбірек білімді және еңбекке қабілетті тұрғындардың ауылдан көшуі, еңбектің техникалық қарулануының төмендігі аграрлық секторды елеусіз экономика секторына айналдырды.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, басқа кеңестік мемлекеттер тәрізді, экономиканы модернизациялауға және халық шаруашылығының барлық секторын реформалауға көшті. Бұл уақыт меншіктің және АӨК-тегі бизнес калыптасуының жаңа нысанын сипаттайтын ауыл шаруашылығының даму сатысының қалыптасу кезеңі болды.

Аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында меншіктің көп жақтылығына негізделген жаңа құрылым жасалды. Ауылшаруашылығы және өңдеуші кәсіпорындардың көпшілік бөлігі жаңа ұйымдастыру нысанында ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі өндіруші болып табылатын акционерлік қоғамдар және серік-тестіктер, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылды.

Алайда, кез келген түбегейлі қайта құру мемлекет экономикасы үшін ауыртпалықсыз өтпейді. Көп жылғы аймақаралық және салааралық шаруашылық байланыстарды бұзу ауыл шаруашылығын дағдарысқа тіреді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырауының себептері ауыл шаруашылығының аумақтық және салалық ерекшеліктерін ескермей, жеделдетіліп, ойластырылмай жасалған жекешелендіру болды.

Ауыл шаруашылығы салаларындағы реформаларды талдау көп укладты экономиканың дамуы мен қалыптасуы бірнеше сатыда жүргізілгенін және қазір бұл сала тұрақтану кезеңінен өсу кезеңінде екенін көрсетті.

Ауыл шаруашылығын реформалаудың келесі негізгі сатыларын бөліп көрсетуге болады:

Бірінші — қалыптасу кезеңі (1990-1994 жж.) ,

Екінші - «секірісті даму» кезеңі (1995-1999 жж.),

Үшінші - тұрақтану кезеңі (2000-2001 жж.)

Төртінші - өсу кезеңі (2002 жылдан бастап).

10.3-сұрақ. Аграрлық сектордың рыноктық таруашылығына басқа секторларда қалыптасқан, негізінен кеңейтілген ұдайы өндірісті демеу қаржыландыруды қарастыратын, мемлекеттік қолдампаздық; салыктық және кредиттік реттеу мемлекеттік реттеудің қағидалары тән.

Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу келесі бағытта жүргізілуі тиісті:



  • мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін ынталандыру;

  • қаржыландыру, кредиттеу, сақтандыру және салық салу;

  • ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы ғылыми не-
    гізделген баламалы қатынастарды орнату;

  • ғылыми-техникалық бағдарламалардың жетістігін кеңінен
    ендіру үшін жағдай жасау, ауылда ауыл шаруашылығы
    ғылымы мен әлеуметтік аяны дамыту;

  • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде,
    отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау.

Республикада мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сипаттағы шараларға және арнаулы шараларға бөлінеді.

Жалпы сипаттагы шараларбұлар диагностиканың, мониторингтің және өсімдіктер мен жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы күрес; зертханалық және карантиндік өнімдерді фитосанитарлық талдау; ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынақтан өткізу; суландыратын жердің мелиоративтік жағдайын бағалауды; астықтың мемлекеттік резервін сақтау; элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқым ісін сақтау мен дамыту; минералдық тыңайтқыштарды алу; агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық жүйесін дамытуға; қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізуді мемлекеттің қаржыландыруы.

Жалпы шараларға сол сияқты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген ( заңды тұлға үшін патент және шаруа қожалығы үшін бірыңғай жер салығы) салық салуды жатқызуға болады.



Арнаулы шаралар нақты салалар мен өндірісті қолдауға бағытталған. Олар ережедегідей, құндық (жаза) сипатта болады және ры ноктың тұрақты шаруашылық жүргізуші субъектісіне арналған.

Арнаулы шараларға жататындары: мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасы лизингісін кредиттеу; көктемгі-далалық жұмыстар мен жинау жұмыстарын өткізу үшін жергілікті бюджетті кредиттеу; ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесін кредиттеу; экспорттық-импорттық тәртіпті реттеу кезіндегі тарифтік саясат.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдікті, ауылдың құрылымдық және әлеуметтік қайта құрылуын қолдауға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық және әкімшілік болып бөлінеді.

Экономикалық әдістерге ұсыныстың тұрақтылығын және тұрғындардың азық-түлік және басқа да тауарларға төлем төлеуге қабілетті сұранысын қамтамасыз ететін, сәйкесті баға деңгейі мен баға теңдігін қолдау жатады.

Бағаның мемлекеттік реттеу сызбасы, бағаның жоғарғы және төменгі шегін және мемлекет қолдауға тиісті, шартты бағаларды бекітуге саяды.

Қаржылық қолдау шараларының арасында демеу қаржы мен өтемақы, жеңілдетілген кредиттеу және салық салу, шетелдік бәсекелестердің жаппай басып кіруінен қорғау, кредиттерді мемлекеттік кепілдендіру, азық-түліктерді сатып алу болуы мүмкін.

Мемлекет өндіріс келемін жоспарлауды тікелей енгізу тәрізді бағалық тетіктер қызметін рыноктық емес тетіктермен түзетуді қолдануы мүмкін.

Тәжірибеде оның екі түрі қолданылады:


  • осы дақылдарды себуді шектеу және сәйкесті өтемақы
    төлеп, жерді себу айналымынан шығару;

  • өндіріс көлемінің тікелей үлестелуін енгізу және өнімдерді
    өткізу.

Жалпы сипаттағы шаралар ауыл шаруашылығының шектелген көлемін қамтиды. Тұтастай алғанда, саланы мемлекеттік қолдау деңгейі төмен. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын республикалық бюджеттен қолдау шығындары ЖІӨ-нің 0,7 пайызын құрайды, Ресейдің осындай көрсеткіші 1 пайызға, ал ЕО елдерінде ол 25 пайыздан 30 пайызға дейін тең. Республикалық бюджеттен бір ауыл шаруашылығы нысанына бөлінетін мемлекеттік қолдаудың сомасын есептегенде, 1200 долларды, ал АҚШ-та - 45000 долларды құрайды. Салыстырмалы талдау Қазақстандағы 1 га егістік жерге демеу қаржы көлемі 7,5 доллар болса, Канадамен салыстырғанда 10 есе (83 долл.), ЕО елдерінен-115 есе (855 долл.), Швейцариямен салыстырғанда - 570 есе төмен екенін көрсетеді.

АҚШ-та ауыл шаруашылығының 30 пайызына, Германияда -50 пайызына, Жапонияда - 75 пайызына демеу қаржы бөлінеді.

Соңғы жылдары осы салада мемлекеттік саясаттың оңды беталысы байқалды. Президенттің Қазақстан халқына «2030-жылға дейінгі ішкі және сыртқы саясатгың негізгі бағыттары туралы» жолдауында (Астана, сәуір, 2002 ж.) негізгі тақырып ауыл, ауыл шаруашылығын, оның ішінде азық-түлік рыногын дамыту болды. Жолдауға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жж. Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаның паспортында оның мақсаты, міндеттері және басымдылығы көрсетілген.

Мақсаты - агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығару негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі басым міндеттерді шешу қарастырылады:



  • елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • агробизнестің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері мен ішкі және сыртқы рыноктағы оның қайта өңделген өнімдерін сату көлемін ұлғайту;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың ұтымды шаралары.

Экономиканың басқа салаларына қарағанда, агроазық-түліктік саясат осыны талап ететіндей, агроөнеркәсіптік кешеннің қызмет ету ерекшелігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқаруы тиіс.

2005 жылдың аяғында елдің агроазық-түліктік кешенінде бәсекелестікке қабілетті енімдерді өндірудің негізі қаланды, азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты жүйесінің тетіктері әзірленді, өндіріс пен өткізудің теңдестірілген рыногы қалыптасты, экспорттық мүмкіндіктер кеңейтілді.

Тұтастай алғанда, ағымдағы жағдай мен күтілген нәтижелер критерийлердің келесі топтары бойынша бағаланады:


  1. Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету; қамтамасыз ету жүйесіні тұрақты деңгейі.

  2. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өндеуді тиімді дамыту.

  3. Агроазық-түліктік кешенді мемлекеттік реттеу деңгейі.
    Критерийлердің үшінші тобы заңдар базасына сәйкес, агроөнеркәсіптік сектордағы рынокты өндірістің тұтынуын; тауарларға және ауыл шаруашылығы бағытындағы қызметтердің кедендік-тарифтік және салықтық тәртібін; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және тамақ өнімдерін мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін; ауыл шаруашылығы өнімдері мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін біріктіреді.



11- тақырып. Экономиканы реттеудің қаржылық – бюджеттік әдістері
11.1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу

11.2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы
11.1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу
Мемлекеттік бюджет– бұл мемлекеттік шығындардың және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта бөлуге жататынын көрсетеді және есептік кезеңдегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады.

Әкімшілік аумақтық басқару құрылымына байланысты елдің бюджеті орталықтық, провинциалдық және жергілікті болады.

Қазақстанның мемлекеттік қаржы бюджетінің құрамы.

Мемлекеттік бюджет –экономикалық саясаттың шоғырландырылған түрі.

Бюджеттік жүйе –барлық деңгейдегі бюджет жиынтығы. Мемлекеттік бюджет құрылымы бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымын көрсетеді.


  • Бюджеттік табыстар – мемлекеттік қазынаға түсімдер. Олар салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады.

  • Салықтық түсімдер –міндетті салықтар түрлері және тұрғындардан, кәсіпкерлерден және мемлекеттік кәсіпорындардан алымдар.

  • Бюджетке салықтық емес түсімдер –мемлекеттік меншікті және мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сыртқы экономикалық қызметтен, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, мемлекеттік қарыздан, роялтидан түседі.

  • Бюджеттік шығындар – бұл экономиканы дамытуға әлеуметтік аяны, қорғанысты, мемлекеттік борышты жабуға және т.б. қажеттіліктерге бағытталатын қаржылық ресурстар.

Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Бюджетаралық қатынастар -мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме -дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай- ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі проблемалары:


  • аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;

  • қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі



Бюджеттік шығындардың қызметі. Бюджеттік шығындардың негізгі қызметіне саяси, әлеуметтік және шаруашылық жатады.



Саяси қызметі әлеуметтік экономикалық құрылысты қолдау және өзіне мемлекеттік басқаруды, әскерді, қауіпсіздікті, сыртқы саяси қызметті, БАҚ қолдаудан тұрады.

Әлеуметтік қызметі елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайды тұрақтандырудан, әр түрлі табыс топтарының өмірлік деңгейі және табыстардың айырмашылық деңгейін жұмсартудан, әлеуметтік қызмет көрсететін салаларды қолдаудан тұрады.

Экономикалық қызмет төмендегіден тұрады:

  • Экономикада бәсекелестікке қабілетті нарықтық ортаны қалыптастыру;

  • Ең маңызды мәні бар, кейбір салаларды қолдау жолымен экономиканы құрылымдық қайта құру;

  • Отандық өндірушілерді сыртқы нарыққа шығаруға көмектесу;

  • Ішкі және сыртқы борышты төлеу бойынша міндететемелерді орындау.

Бюджет тапшылығы – мемлекеттік шығындардың табыстан көп болуы. Бюджет тапшылығын жабу тәсілдері:

  • ішкі мемлекеттік қарыздар –мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, сыртқы бюджеттік қорлардан қарыз алу;

  • сыртқы мемлекеттік қарыз –жеке кәсіпкерлерден, мемлекеттерден және халықаралық қаржылық ұйымдардан қарыз алу.

  • Мемлекеттік белгілерді шығару.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және қабылдау тәртібі. Мұнда мемлекеттің табыстары мен шығындарының заңмен белгіленген қалыптасқан үдерісі бар.

Бюджетті әзірлегенде оны дайындаушылар белгілі бір экзогендік межеленген жағдайдан шығады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен ішкі және сыртқы экономикалық шектеулер ұлттық экономиканың дамуы ретінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеуге енетіндер:

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары:



  • халықтың жекеленген азаматтарына көмек;

  • әлеуметтік аяны ұстау;

  • өндірушілерді талғамалы қолдау;

  • ғылыми және қорғаныс әлеуетін қолдау.

2. Экономиканың дамуына сыртқы экономикалық шектеу:

  • экспорттық мүмкіндіктер;

  • импорттық мүмкіндіктер.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және жүзеге асырумен айналысатын институттарға - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қазынашылық бас басқармасы, Санақ палатасы, биліктің заң органдары кіреді.
11.2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы

Мемлекет табыстарының негізгі көзі – салық болып табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның объектісі болады.

Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субъектісінің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу.

Салық жүйесі дегеніміз –салықтың жиынтығы сондай –ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.

Салық жүйесінің негізгі түсініктері: салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері, салық салудың шегарасы.

Салықтардың мынандай түрлері болады: тікелей және жанама; салықтық өндіріп алатын органдарды басқару бойынша; аймақтық, жергілікті, мемлекетаралық; қолдану тәртібі бойынша; жалпы және арнайы.



Тікелей салықтар- жеке немесе заңды тұлғаның табысынан өндіріп алынады, ол нақты және жекеге бөлінеді. Нақты тікелей салыққа жер салығы, бағалы қағаздарға алымдар енеді. Жеке тікелей салықтар: азаматтардан алынатын табыс салығы; табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріп алынатын салықтар; пайдаға, мұраға, сыйға, мүлік бойынша салықтар. а) резидент азаматтардың және резидент емес азаматтардың табыстарына салынатын салықтар;

Жанама салықтар- бұл тікелей емес тауарлардың немесе қызметтердің бағасына енгізілетін, тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Бұл салықтың тауарлар мен қызметтерге деген сұранымға байланысты соңғы тұтынушыға ауысады. Олар үш түрлі болады: акциздер, ҚҚС, сатудың кейбір түріне салықтар, кедендік баж салықтары.

Каталог: archiv -> archiv mu sem prac
archiv mu sem prac -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Аббат Гибур
archiv mu sem prac -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv mu sem prac -> Рахметулина ж. Б
archiv mu sem prac -> Ф. 11-19 Ахметова С. С. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар)
archiv mu sem prac -> О. С. Даулетбахова Н. М. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар
archiv mu sem prac -> Ф 11-19 Қалшабекова Э. Н., Ақылбекова А. У. «Құрылыстық керамика технологиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет