Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет6/8
Дата01.05.2016
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Салық салу принциптері

Қазіргі салық салудың принциптері:



    1. Салық төлеушінің мүмкіндігі немесе табыс деңгейі есепке алынып, салық ставкасының деңгейі анықталуы қажет;

    2. Табыстарға салық салу бір-ақ рет алынуы қажет;

    3. Салықты төлеу- бұл міндетті төлем болып табылады;

    4. Салық төлеушінің және салықты жинайтын экономикалық мекемелерге салық төлеу процедурасы мен жүйесі қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуы керек;

    5. Салық жүйесі икемді және өзгермелі қажеттіліктерге бейімделе алуы керек;

    6. Салық салу жүйесі ұлттық жиынтық өнімді қайта бөлуді қамтамасыздандыруы және мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы болуы қажет.

2001 жылы Қазақстанда Салық кодексін енгізу салық жүйесін реформалаудың жаңа сатысының бастауы болды, ол қазақстандық салық салудың халықаралық қағидаларын енгізуге көмектесті, елдің салық заңдылықтарын айқын, түсінікті және қарапайым етті.

Салық жүйесінің негізгі элементтері салық түрлері және оларды есептеу әдістері – салық ставкасы мен салық базасы болып табылады. Салықтың түрлері:

1. Корпоративтік табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосымша құн салығы

4. Акциздер

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері

6. Әлеуметтік салық

7. Жер салығы

8. Транспорт құралдарына салынатын салық

9. Мүлік салығы

Салық жүйесінің экономикаға әсер етуінің маңызды құралы – салық жеңілдіктері. Олар АҚШ-та 100-ден аса болса, Ұлыбританияда – 80-ге жуық.



12- Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері
12.1 Мемлекеттің ақша кредит саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері, негіздері

12.2 Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі

12.3 Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
12.1. Ақша – несие саясаты –инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша – несие саясаты бұл экономикалық жағдаятты «нәзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша – несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады.

Ақша –несие саясатының мақсаттары:



  • қаржылық рыноктағы теңдестікті қолдау, айналымдағы ақша

жиынтығын реттеу мен бақылау;

  • экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу;

  • Экономикалық кезеңді реттеу және жағдаятты теңдестіру;

  • Экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.

Ақша –несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т.б арқылы жүргізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономикаға жанама және және жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудың сандық нәтижесі алдын ала баға беруді төтенше қиындатады.

Макроэкономикалық дамуда ақша рөлі мәселесі үш макроэкономикалық көзқарасқа бөлінеді.



Неоклассикалық мектеп өзін -өзі реттейтін және өзін -өзі дамытатын рыноктық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін теріске шығарды, ал ақшаны ЖІӨ, табыстар, инвестициялар, бағалар және т.б. тәрізді көрсеткіштердің тек аталуы көрінісіне қажет сыртқы қабығы ретінде қабылдады. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тәуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес.

Мұндай ұстаным, ақшаның атаулы санының үйлесімді өзгерістері тек бағаның абсолюттік деңгейінің үйлесімді өзгерістерін келтіретінін дәлелдеген И. Фишердің теориясында барынша айқын көрінді.

«И. Фишердің айырбас теңдеуі» деп аталған теңдеуде байланыс айқын көрінеді:
MV = P *Q,
мұнда М – айналымдағы ақша көлемі;

V – бір ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

P – тауарлар мен қызметтің орташа бағасы

Q – жыл ішінде ұлттық экономика шеңберінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің саны немесе жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемі

Кейнсиандық көзқарас. Көрнекті экономист Дж. М. Кейнстің «Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі революция болды.

Кейнсиандық базалық негізделетін негізгі теориялық теңдеу:


Y = C + Q +I + XN

мұнда Y – ЖҰӨ – нің атаулы көлемі;

С – тұтыну шығындары;

Q – тауарлар мен қызметке мемлекеттік шығындар;

I – жеке инвестициялар;

XN – таза экспорт

Неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы және барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансы жөнінде пайым жасады.

1929 – 1933 жж. ұлы тоқырау бұл мектептің көп ережелеріне, оның ішінде, әсіресе нарық экономикасындағы мәжбүрлі жұмыссыздық пен мүмкін дағдарыстарды іс жүзінде шығарып тастаған ережесіне күдік тудырды. Бұл дағдарыстарды тудырған ақшаның сандық теориясының қабілетсіздігін білдірді. Экономиканы реттейтін, бірнеше мемлекеттік шараларды, оның ішінде қаржы реттеуішін қолданатын шараларды пайдалану қажет болды.


12.2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
Ақша несие саясатының маңызды міндеттері ақша жиынтығын реттеу болып табылады. Ақшаны шығаруға монополиялық құқығы бар, елдің орталық банкі ол үшін соған сәйкес тетіктерді пайдаланады.

Орталық банк – бұл биліктің заң және атқарушы органдарынан біршама экономикалық тәуелсіз, яғни үлкен немесе кіші деңгейде үкіметтен нақты тәуелсіз мекеме.

Орталық банк ЭМР – дің кредиттік құралдарына қолданушы басты инстанция болып табылады. Одан басқа, кредит аясында кредит операцияларына қатыса отырып, оған ықпал етсе де, ақша айналымы мен елдегі жеке несиелік капитал қозғалысын реттемейтін және басқа да мемлекеттік институттар жұмыс істейді.

Ақша жиынтығының құрылымына алты элемент жатады (сурет).

Қазіргі уақытта экономикалық талдауда ең көп тараған келесі ақша агрегаттары: МО ақша жиыны, М1, М2, М3, М4 ақша.

МО ақша базасы – кәсіпорындардағы кассадағы ақшаны қосқандағы, айналымдағы қолда бар ақшаның саны. Ақша жиыны – бұл тауарлар мен қызметтерге айырбасқа сатушылармен қабылданатын, қазіргі заманға ақшалай қаражаттың жалпы сомасы.

М1 ақша – «тар мағынадағы ақша» – айналымдағы қолда бар ақшаның сомалары МО, оған тұрғындардың жинақтары, кәсіпорындардың талап етілмелі және жолдық чектері қосылады.

М2 ақша – М1 ақшалай қаражатының сомалары, ағымдағы айналымға қызмет көрсететін, оған тұрғындар мен кәсіпорындардың мерзімді жинақтары қосылады;

М3 ақша – «кең мағынадағы ақша» – ақшалай қаражатты өзіне қосатын ақша жиыны, бағалы қағаздарға қызмет көрсететін (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер), бюджеттік, қоғамдық ұйымдар шотындағы және капитал салымдарын қаржыландыру үшін қаржылар.

М4 ақша – М3 ақша жиыны, оған банкте сақталатын, ақшалық емес өтемді қаржы қоры қосылады.

Қазір экономикаға қызмет ететін, ақша жиынтығы неден жиналатыны түсінікті болды, айналымдағы ақша санының формуласын қарастырамыз:


Д = Б + Т – К – ӨЖ / АЖ ;
мұнда Б – тауарлар мен қызметтің бағалар сомасы;

Т – осы кезеңге келетін сомасы;

К – осы кезеңде мерзімі келмеген төлем сомасы;

ӨЖ – өзара жабылатын төлемдердің сомасы

АЖ – ақшалай айналымының жылдамдығы.

Қазіргі заманғы жағдайда экономикасы дамыған елдерде үш негізгі құралдар пайдаланылады, олардың көмегімен Орталық банк қаржы – несие саласын реттеуді – ашық нарықтағы операцияларды, міндетті резервтердің мөлшері мен есептік мөлшерін жүзеге асырады.

Ашық нарықтағы операциялар – бұл есептік саясатты жоғарлату құралы. Орталық банк бағалы қағаздарды, банк акцептерін және басқа да кредиттік төлемдерді сатады және сатып алады. Ашық нарықтағы операциялардың ерекшелігі, олар нарықтық пайыздық мөлшер бойынша емес, бұрын белгіленген бағам бойынша өткізіледі. Пайыздық мөлшер мемлекеттік бағалы қағаздардың мерзімділігіне байланысты Орталық банкпен сараланымды белгіленеді.

Есептік саясат – бұрын коммерциялық банкпен есептелген вексельдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген.

Дисконттық саясаттың мәні – кредиттік институттарды қайта қаржыландыру жағдайының өзгеруімен ақша нарығындағы және капитал нарығындағы жағдайға ықпал етуінде.

Міндетті резервтердің саясаты. Міндетті резервтердің саясаты экономиканы ақша – несие реттеуінің құралы ретінде, ақша нарығына мемлекеттің тікелей әкімшілік әдісімен ықпал етуіне қатысты. Бұл – Орталық банктің коммерциялық банктердің қолда бар ақша ресурстарының көлеміне және олардың кредиттік мүмкіндіктеріне ықпал етуінің тәсілі.


12.3 Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері

Бағалар өте маңызды қызметтерді атқарады: игіліктерді тұтыну мен қызметтердің, шығындардың, өмір сүру деңгейін, өмірге қажетті минимумының, отбасының тұтыну бюджетінің көлемі мен құрылымына ықпал етеді.

Мемлекет тауарлардың барлық түріндегі бағалардың өзгерістерін қадағалап отырып, ішкі бағаның пайда болу үдерістеріне жанама ықпал етуі тиіс.

Мемлекет қоғам үшін өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаны реттейді: жанармайға, энергияға, стратегиялық шикізатқа, қорғаныстық мәні бар өнімдерге, қоғамдық көлікке, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларына. Бағаларды қадағалай отырып, мемлекет өмір сүру құнының өсуін қадағалауды жүргізеді, ол әрі қарай еңбекақы мен зейнетақыны индекстеуге ықпал етіп, сондай –ақ бағаның өсуі өндірістің шекті шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне әсер ететінін анықтайды.

Тікелей мемлекеттік араласу акциздік тауарларға бағаларды белгілегенде анықталады. Тікелей ықпал ету демеу қаржымен, арнаулы қосымша төлеммен байланысты.

Бағаны тікелей реттеудің негізгі нысандары:


  • жалпы бағаны қалпында сақтау (экономикадағы төтенше күшті

инфляция кезінде қолданылады) және кейбір тауарлардың бағасын қалпында сақтау;

  • бекітілген баға мен тарифтерді белгілеу (бағаны белгілеу

субъектілері бекітілген бағаларды енгізген жағдайда өздерінің өнімдерін бекітілген бағадан аспайтын бағалар бойынша өткізуге міндетті);

  • белгілі бір уақыт кезеңіндегі бағаның өсу мүмкіндігінің шегін немесе

баға деңгейінің шегін белгілеу – мұндай реттеу шаралары тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені, бағаның еркін өсуі, ақыр аяғында өндірістің қысқаруына әкеледі;

  • пайдалылықтың шекті нормативін белгілеу;

  • жабдықтау – өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу

  • бағаның тепе – теңдігін белгілеу

Бағаны жанама реттеу – нарықта тауар ұсынысының кеңеюіне, нарық сұранысының көбеюіне, тұрғындардың табыстарын басқаруға, салықтарды реттеуге көмектесетін құралдар мен әдістердің жиынтығын қолданумен қамтамасыз етілетін бағаның өсуіне араласу.

Бағаны жанама реттеу шараларына мыналар жатады:



  • мемлекеттік сатып алу;

  • салық жүйесі;

  • ақша айналымы мен кредиттерді реттеу;

  • мемлекеттік инвестиция саясаты;

  • мемлекеттік шығындарды реттеу;

  • өтелім мөлшерін белгілеу



13- тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
13.1 Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.

13.2 Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы

13.3 Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
1– сұрақ. Рыноктық қатынастарға көшу үкіметті аймақтың дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрынғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.

Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты


құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда
да орын алады. Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие. І

Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде стратегиялық мақсатқа елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына жету үшін өмірлік қызмет пен шаруашылықтың аймақтық факторларын тиімді пайдалануға бағытталады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаттары - тұрғындардың өмірлік қызметтері мен әр аймақтың ресурстық-өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану және аумактық өзін-өзі басқаруының даму қағидаларын қалыптастыру.

Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша – су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылығы әлеуетіне; табиғи және адам ресурстарын бөлуде өзін-өзі қамтамасыз етуінде үлкен саралау бар.

Еңбекақыны төлеуде айырмашылық сақталуда: 2007 жылы республика аймақтары арасында ең жоғары еңбекақы Атырау облысында тіркелген - бір жұмысшыға 80646 теңге (республикалық орта көрсеткіштен 1,8 есе жоғары) және Маңғыстау облысында 69022 теңге (1,5 есе жоғары). Алматы қаласындағы еңбекақы 68138 теңге (1,5 есе жоғары), Астана қаласында - 63821 теңге


(1,4 есе жоғары). Республика бойынша он екі облыста ортадан
төмен еңбекақы сақгалған. Солтүстік Қазақстан облысында оның
көлемі 30488 теңгені қү-райды, Қостанай облысында - 31697 теңге, Ақмола облысында - 31798 теңге, бұл елдегі орта деңгейден 30-33 пайызға төмен.

Алдын ала келісілген объективті айырмашылықгардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:



Бірінші топ: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен көмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.

Бұл топтардың басымдылығы - стратегиялық бай жер қойнауын (көмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б.) қарқынды игеруде; кен шығарудың базасында және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу кешенінде жаңа технологияларды енгізу; жоғары дамыған өндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымды құру.



Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетімен сипатталады.

Топтардың басымдылық санатында — ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокөлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композитті, тазалығы жоғары, жоғары өткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (құралдарды) Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.



Үшінші топтарСолтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.

Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді мамандандыру.



Төртінші топтар - Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, ягни элеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты-климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлылығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.

Төртінші топ үшін басымдықтар - экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін түбірлі қайта құру.

Сөйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.

Екінші топтардағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.

Үшінші топтағы аймақтарда экономикалық тұгқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырылады.

Тоқыраулы (төртінші) топтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері - оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.

Мұндай тәсіл аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

2-сұрақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізілмеуімен байланыстырылады.

Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерінің ұтымды ұштасуында, экономикалық өсудің аймақтық факторын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындыланады.

Ол үшін мемлекет келесі құралдардың арсеналын пайдаланады: экономика аясындағы аймақтық заң шығаруды бақылау, аймақты дамыту бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ол әлемнің көптеген елдеріне тән (Италияның өнеркәсіпті солтүстік және ауыл шаруашылықты оңтүстігі; Американың оңтүстік және солтүстік штаттары). Әлемдік тәжірибе проблемалы, тоқыраулы аймақтардың болуы мемлекет қызметінің ішкі және сыртқы аспектілеріне кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.

Мемлекеттің аймақты басқару мәні ресми құжаттарда көрсетілген. Оның ішінде, бюджеттік, салықтық саясат пен олардың мамандануын қалыптастыру жайғасымындағы аймақтың тұрпаттануын құрайтын негізде 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкімет Қаулысымен «ҚР-ның өңірлік саясатының тұжырымдамасында» мақұлдаған.

Осы Тұжырымдаманың бастапқы алғышартында былай деп пайымдалады: «әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі бойынша өңірлерді саралау... тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша тереңдейді», тоқыраудағы шағын және орта қалалардың, алыстағы аудандық ауылдардың және т.б. проблемалары қайшылық тудырады.

Мемлекеттік қолдауды талап ететін, дағдарысты қалалардың тізімінде, 1997 жылдан тоқыраулы қалаларға - Жаңатас, Текелі, Приозерск, Алға, Кентау қалаларын енгізген. 50 мыңға дейін тұрғындары бар шағын қалаларда (елде олардың саны 60) көші-қон икемділігі жоғары, еңбек рыногының инфрақұрылымы дамымаған. Тоқыраулы қалаларда қалыпты өндірісті қамтамасыз ету әлі де мүмкін емес, ауру адамдардың өлім-жітімнің деңгейі жоғары, жұмыссыздықтың көлемі ортадан асады, ал азық-түлік өнімдерін негізгі тұтынудың ең аз деңгейіне есептелген өмір сүру минимумының көлемі өте төмен.

Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде қарастыруды көздейді.



І кезең-1998-2000 жж.

1. Өңірлік біршама тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиісті, саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу.



  1. Экономиканың тоқыраулық жағдайын және артта қалған
    өңірлердің әлеуметтік аясын дамытуды жеңуге бағытталған,
    мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайына сәйкес аумақтық басымдылықты негіздеу.

  2. Елдің барлық аумағындағы экономиканы мемлекеттік ынталандырумен кейбір өңірлерді іріктемелі мемлекеттік қолдаудың ұштастырылуы.


II кезең-2001-2010 жж.

Шешілетін міндеттердің әрі қарай тереңдетілуі:



  1. Еңбек және капиталдың, институциональдық және рыноктық инфрақұрылымның өңірлік және жалпы мемлекеттік дамуы
    мен нығаюы.

  2. Шағын және орта қалалардағы шаруашылықты қолдау және
    қайта құрылымдау, олардың экономикасын дағдарыстан шығару
    проблемаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын бірінші
    дәрежеде шешу.

  3. Артта қалған ауылдар мен селолардың өркендеуі үшін материалдық негіздерін құру.

III кезең - 2011-2030 жж.

  1. Экономиканың өңірлік кеңістікті құрылымын қалыптастыру. Оның аумақтық ұжымдарын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық және ішкі салалық үйлесімсіздігін бірте-бірте жұмсарту, өңіраралық инфрақұрылымдар құру.

  2. Өндірістік кешеннің ресурстық-шикізаттық теңдестігін
    қамтамасыз ету, экологиялық және экономикалық теңдестікті
    сақтау (орнына келтіру), әлеуметтік-техникалық және аумақтың
    табиғи ресурстарын одан гөрі тиімдірек пайдалану.

  3. Өңірлер бойынша өмір сүру деңгейі мен сапасының
    ақталмаған айырмашылықтарын теңестіру, экономиканың тоқырау
    жағдайын жену және элсіз дамыған аймақтардағы әлеуметтік аяны
    игеру.

Мемлекеттің дамуында өңірлер мен олардың билік органының рөлін көтеру оқшауланған емес мәнді жағдаймен қатар шартталған әлемдік беталысы болып табылады:

  • шешуші рөл әлеуметтік аспектілеріне, адами факторына бекітіледі;

  • аумақтық азара байланыс елеулі өседі;

  • еңбек ресурстарының жинақылығы артады;

  • өндірістік инфрақұрылым мен аймақтың инфрақұрылымы өзгереді;

- аумақтық еңбекті бөлу тереңдейді, барған сайын оның халықаралық аспектісі маңызды мәнге ие болады.
3-сурақ. Өңірлер экономикасының ерекшеліктеріне байланысты (демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық) орталық пен облыстардың арасындағы бюджеттік трансферттердің тетіктері, сондай-ақ облыстар ішінде үлкен маңызға ие болады. Ол субъективті шешімдерден алыстап, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарын кұруға мүмкіндік береді. Дамыған индустриясы бар солтүстік шығыстың және орталық бөліктің аймақтары, ірі өнеркәсіптік қалалары, елдің оңтүстік және батысының аграрлық облыстарының басым бөлігі үшін қаржылық дәстүрлі «қан құюшысы» болып табылады. Ережедегідей, демеу қаржы алатын, реципиент-өңірлерде тұрғындардың жиілігі мен саны, бала туудың жоғарылығы және балалардың үлесті салмағы, ауыл тұрғындарының басымдылығы, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ауруханалар мен мектептердің, әлеуметтік инфрақұрылымның үлкен желісін қарастырады.

Тұтастай алғанда, орталық пен аймақтардың қазіргі заманғы барлық жүйесі тиімді болып табылмайды және мүдделерде бірқатар қарама-қайшылықтар бар. Өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелеріне қарамастан, бір тұрғынға келетін бюджет шығындарының жобамен бірдей сомаларымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ресми трансферттер, алып тастау және жәрдем қаржылардың өмірде бар тетіктері бағытталған. Бұл алдыңғы қатардағы (лидер) өңірлердің өз табыстарын көтеруге қызығушылығын азайтады және артта қалған аймақтардың біреудің асырауында болу көңіл күйін нығайтады.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі уақытта толық әлеуметтік бағыты бар - 80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.

Капиталдық шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектелуі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.

Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.

Орталық пен өңірлер арасындағы өзара қатынастар орта мерзімді келешекте тұрақты болуы тиіс және ол тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, салық салынатын базаны кеңейтеді, оның нәтижесі облыстың табыстарының артуына алып келеді.

Бюджетаралық қатынастарды құру трансферттерді бірдей теңестіретін есеп айырысудың арнаулы әдістерін әзірлеуді талап етеді.

Өңірлердің және орталықтың, облыстың және ауданның тұрақты және әділ өзара қатынастары елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық басымдылықты қамтамасыз етуге ықпалы болуы тиіс.



Каталог: archiv -> archiv mu sem prac
archiv mu sem prac -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Аббат Гибур
archiv mu sem prac -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv mu sem prac -> Рахметулина ж. Б
archiv mu sem prac -> Ф. 11-19 Ахметова С. С. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар)
archiv mu sem prac -> О. С. Даулетбахова Н. М. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар
archiv mu sem prac -> Ф 11-19 Қалшабекова Э. Н., Ақылбекова А. У. «Құрылыстық керамика технологиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет