Семинар тақырыптарының мазмұны «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы»



Дата02.05.2016
өлшемі186.94 Kb.
түріСеминар
Семинар тақырыптарының мазмұны

«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы »

пәнінің мазмұны
1-тақырып Қылмыс-атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі
Қылмыстық-атқару саясаты және оның мемлекеттік саясаттағы қылмыспен күресу ортадағы орны. Қылмыстық-атқару құқығы – қылмыстық атқару саясатын бекіту және білдіру нысаны. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу пәні. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу әдісі. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері. Қылмыстық-атқару құқығының ғылымы. Қылмыстық-атқару құқығының әр түрлі құқық ғылымы мен білімінің басқа да салаларымен байланысы. Қылмыстық-атқару құқық курсының жүйесі, міндеті мен пәні.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі.

  2. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу пәні.

  3. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу әдісі.

  4. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері.

  5. Қылмыстық-атқару құқығының ғылымы.

  6. Қылмыстық-атқару құқығының әртүрлі құқық ғылымы мен білімінің басқа да салаларымен байланысы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық-атқару құқығының пәніне не кіреді?

  2. Қылмыстық-атқару саясатының түсінігі және оның міндеттері.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару саясаты және оның жетілдіру жолдары. Қылмыстық-атқару саясатының нысандары.

  4. Қылмыстық-атқару ғылымының негізі не болып табылады.

Әдебиеттер [1,2,3,4,11,29,31,41]
2-тақырып Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасы
ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі. ҚР қылмыстық-атқару заңының құрылымы. Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаты мен міндеттері. Қылмыстық-атқару құқығы нормасының түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлері мен құрылымы. Қылмыстық-атқару құқығы бойынша нормативтік актілер санкциясы мазмұндамасының ерекшеліктері. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының (реттейтін, мадақтайтын, сақтау нормалары) классификациясы (түрлері). Қылмыстық-атқару құқықтық қатынастары түсінігі. Қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынастарының құрылымы: қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектілері мен басқа да қатысушылары; құқықтық қатынастарының мазмұны; құқықтық қатынастардың объектілері; өзгерістер мен қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының тоқтатылуы. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қысқа тарихы.
Семинар сабақтарының жоспары:

  1. ҚР қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі мен құрылымы.

  2. Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен міндеттері.

  3. Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі мен мазмұны.

  4. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрі мен құрылымы.

  5. Қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының түсінігі мен құрылымы



Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі шығу тегі не болып табылады?

  2. Уақыт пен кеңістікте қылмыс-атқару заңнамасының әрекеті.

  3. Қылмыстық-атқару құқығының қандай нормалары қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынастың басқа да қатысушылары мен субъектілерінің міндеттемелері мен құқығын орнатады?

  4. Қылмыстық-атқару заңнамалары мен халықаралық –құқықтық актілерінің ара-қатынасы неге негізделген?

Әдебиеттер 2,3,4,11,29,31,41
3-тақырып Жазаны өтеу мен түзетуге арналған шараларды құқықтық реттеу
Жазалауды өтеу мен жүзеге асырудың түсінігі. Жазаны өтеу мен өтелудің тәтібін құқықтық реттеу және жазалауды өтеудің негіздемесі. Қылмыскерлерге қолданған түзету әдісінің мазмұны мен үрдісі мақсаттарының түсінігі. Жазаны өтеудегі түріне байланысты қылмыскерлердің түзелу жағдайындағы ерекшеліктері. Түзелу әрекетінің мазмұнын жасайтын негізгі әдістері. Қылмыскерлерді түзетудің негізгі әдістерінің құқықтық реттелуінің негізгі қолданылуы.

Қылмыскерлерге түзету әдістерін қолдану мен жазаны өтеудегі дифференциациясы мен индивидуализациясы


Семинар сабағының жоспары:

  1. Жазаны өтеу мен орындаудың түсінігі.

  2. Қылмыскерлерге қолданылатын түзету әдістері үрдісінің түсінігі, мазмұны және мақсаты.

  3. Түзетуге қатысты мазмұн жасайтын негізгі әдістер.

  4. Қылмыскерлерді түзетудің негізгі әдістерін қолданудың құқықтың реттелуі.

  5. Қылмыскерлерге түзету әдістерін қолдану мен жазаны дифференциясы мен индивидуализациясы.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Жазаны атқару» және «жазаны өтеу» түсініктерінің мағынасы не?

  2. Жазаны өтеу мен түзетуге арналған шараларды қолданудың негіздемесі.

  3. Түзету әдістерінің аумағы мен түрі неге байланысты болады?

  4. Қылмыскерлерге түзету шараларын қолданудың нәтижесі не?

Әдебиеттер [2,3,11,31,41]
4-тақырып Жазаны өтеудегі адамдардың құқықтық ахуалы
Қылмыскерлерінің құқықтық ахуалының түсінігі. Қылмыскерлердің арнайы құқықтық мәртебесінің үздік қырлары. Қылмыскерлердің міндеттері мен заңды қызығушылықтары, құқықтары. Жазаның белгілі бір түрін қылмыскердің Қазақстан Республикасыныңазаматы ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, қылмыстық, Қылмыстық-атқару Кодекстері және т.б. заңдармен, тәртіп пен шартты атқаруда құқықтары мен міндеттемелерінің шектелуі. Шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ахуалы Қазақстан Республика Конституциясымен, халықаралық келісімшартпен, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ахуалы туралы заң шығарушымен сәйкес келуінде. Қылмыскерлердің негізгі міндеттемелері. Қылмыскерлердің негізгі құқықтары. Қылмыскерлердің өзіндік қауіпсіздігіне құқығы. Қылмыскерлердің үндеуін құрастырудың тәртібі.
Семинар сабағының жоспары

  1. Қылмыскерлердің құқықтық ахуалының түсінігі.

  2. Қылмыскерлердің негізгі міндеттемелері.

  3. Қылмыскерлердің негізгі құқықтары.

  4. Қылмыскерлердің ар тазалығына жағдай жасаудың ерекшеліктері.

  5. Қылмыскерлердің үндеуін қарастырудың тәртібі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің түрлерін ата.

  2. Қылмыскерлердің құқықтық мәртебесінің мазмұны қандай?

  3. Қылмыскерлерге жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін қандай жаупкершілік күтіп тұрады?

  4. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ қылмыскерлердің құқықтары мен міндеттері.

Әдебиеттер [1,2,4,31,11,41,47,52]
5-тақырып Мекемелер мен органдар, жазаны өтеушілер және олардың қайраткерлігін реттеу
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің түсінігі. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін мемлекет органдары мен мекемелер түрлері қылмыстық жазаны өтеушілердің және олардың міндеттері мен органдар жүйесіндегі орны. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттері мен олардың ұйымдастырушылық, материалдық базасы. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін сотпен және т.б. мемлекет органдарымен жазаны өтеуші органдардың ара-қатынасы. Жазасын өтеудегі әрекетші органдарды бақылау. Соттық бақылау. Ведомстволық бақылау. Қылмыстық-атқару өндірісін қадағалау. Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріне бару.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің түсінігі.

  2. Қылмыстық жазаларды өтейтін мемлекеттік мекемелер мен органдардың түрлері және олардың міндеттері мен қылмысқа қарсы органдар жүйесіндегі орны.

  3. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттері және олардың ұйымдастырушылық, материалдық базасы.

  4. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін сотпен және т.б. мемлекет органдарымен жазаны өтеуші органдардың ара-қатынасы.

  5. Жазасын өтеудегі әрекет ететін органдарды бақылау.

  6. Соттық бақылау. Ведомстволық бақылау.

  7. Қылмыстық-атқару өндірісін қадағалау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттерін атаңыз.

  2. Қазақстан Республикасының КУИС.МЮ түзету мекемелерінде жазалаудың қандай түрлері орындалатының атаңыз.

  3. ҚР КУИС МЮ Қылмыстық атқару инспекциясында жазалаудың қай түрлері орындалады?

  4. Медециналық түрдегі зорлау әрекетінің тәртібі қолданылады?

  5. Орындаушы органдарды бақылау.

  6. Ведомстволық бақылау.

  7. Соттық бақылау.

  8. Кино, фото, бейнетүсірілімде жазасын өтеудегі меекмелердің өндіріс тәртібі.

  9. Қылмыскерлердің кино, фото, бейнетүсірілім және интервью алушылығының тәртібі.

Әдебиеттер [2,7,9,11,16,18,32,41]
6-тақырып Қылмыскерлердің еңбек қызіметіне еш байланыссыз жасаны етуі
Айып түріндегі жазаны өтеудегі тәртібімен шарттары. Айып төлеуден және оған деген жауыпкершіліктен бас тарту түсінігі. Белгілі бір қыцзметтік лауазымды иелену немесе белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айыру арқылы шарттар мен жазаны орындаудағы ұйымдастырушылық тәртібі. Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру сияқты құқықтан айырылғандардың сот шешімін бұзудың салдарлары. Белгілі бір лаузымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылған қылмыскерлердің жазадағы міндеттері. Арнайы, әскери немесе құрметті атақтар, сынптық шеңді, квалификациялық классты классты және мемлекеттік құрметке тыйым салу туралы сот үкімін орындау. Мүлікті конфискілеу туралы жазаны өтеудегі соттық атқаратын қызметі.
Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Айып түріндегі жазаны өтеудегі тәртібі мен шарттары.

  2. белгілі бір қызметтік лауазымды иелену немесе белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айыру арқылы шарттар мен жазаны орындаудағы ұйымдастырушылық тәртібі.

  3. Қосымша жазаны орындау. Қосымша жазалардың шарттарын қабылдау.

  4. Арнайы, әскери немесе құрметті атақтар, сыныптық шеңді, дипломаттық рангы, квалификациялық классты және мемлекеттік құрметке тыйым салу туралы сот үкімін орындау.

  5. Мүлікті конфискілеу туралы сот үкімін орындау тәртібі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Айыпты төлеу мен оған жауаптылықтан бас тарту түсінігі.

  2. Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылуға қылмыскерлердің жазадағы міндеті қандай?

  3. Қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылу жаза түрінің жазаны өтеудегі мерзімі.

  4. Мүлікті конфискілеу бөліміне жатады ма?

Әдебиеттер [2,7,9,18,20,26,34]
7-тақырып Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түрінде жазаны өтеу
Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеу тәртібі. Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеудің шарттары.

Қылмыскерлердің жазаны өтеу мекемесі әкімшілігінің міндеті. Қоғамдық жұмыстарды орындау түрі арқылы жазаны өтеушілердің жауапты адамы. Түзету жұмыстарына қатысу түрінде жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары.

Түзету жұмыстары түріндегі мерзімді өтеу. Қылмыскелердің түзету жұмыстарынан тапқан жол ақысынан ұстап қалу тәртібі. Түзету жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртіпті бұзышылыққа және шарттылыққа жауаптылық.

Бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары. Жазаның өтілу мерзімі. Жазаны өтеудің бостандығы шектеулі түріне байланысты қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының субъектілері мен қатысушыларының міндеттері. Түзету жұмыстары түрінде жазаны өтеудегі қылмыскерлерді қадағалау және тәртіп бұзушылыққа ескерту жасау.



Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеу тәртібі.

  2. Бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары.

  3. Жазаны өтеудің бостандығы шектеулі түріне байланысты қымыстық-атқарудың құқықтық қатынасының субъектілері мен қатысушыларының міндеттері.

  4. Түзету жұмыстары түрінде жазаны өтеудегі қылмыскерлерді қадағалау және тәртіп бұзушылыққа ескерту жасау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеуді ата.

  2. Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеушілердің жаүапкершілігі қандай?

  3. Бостандығы шектеулі түрде жазаны өтеушілерге мадақтау мен өндіруді қолдану.

Әдебиеттер [2,7,9,18,37,39,45]
8-тақырып Қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары. Сотталу түрінде жазаны өтеу
Сотталу түріндегі жазаның өтелу орны. Сотталу түріндегі жазаның өтелу тәртібі мен шарттары. Сотталу түріндегі жазаны өтеушілердің еңбекке шақыру. Сотталу түрінде жазаны өтеушілері мадақтау түрлері және оларды қолданудың негізі. Сотталған қылмыскерлердің материалды-шаруашылық және медициналық көмек көрсетудің берілуі. Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің сотталу түрінде жазаны өтеу шарттары.

Әдебиеттер [2,7,9,18,37,39,45]
Семинар сабағының жоспары:

  1. Сотталу түріндегі жазалаудың өтелу жері.

  2. Сотталу түріндегі жазаның өтелу тәртібі мен шарттары.

  3. Сотталу түріндегі жазаны өтеушілердің еңбекке шақыру.

  4. Сотталу түрінде жазаны өтеушілерді мадақтау түрлері және оларды қолданудың негізі.

Әдебиеттер [2,3,4,7,14,16,21]
9-тақырып Бостандықтан айрылу түрінің жазасын өтеу
Түзету мекемелерінің түрлері: түзету колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер. Бостандығынан айырылған қылмыскерлердің классификациясы және олардың әр түрлі түзету мекемелеріндегі бөлек мазмұн. Түзету колонияларының түрлері: қоныс-колониялары, жалпы колония, қатаң, арнайы режімді. Жазаны өтеу және оның амалдарын қамтамассыз етудің құқығын реттеу. Қоныс колонияларында, жалпы режімдегі түзету колониялары, қатаң тәртіптегі түзету колдонияларында, арнайы тәртіптегі колонияларда, түрмелерде бостандығынан өмірбойына айырылғандардың жазасын өтеу ерекшелігі. Қылмыскерлерге қауіпсіздік әрекетін қолданудың негіздемесі мен тәртібі.
Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Түзету орындалу түрлері:

а) қоныс-колонияларында бас бостандығынан арылған түріне жазаны өтеудің ерекшеліктері;

б) жалпы тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары;

в) қатаң тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібімен шарттары;

г) арнайы тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары;

д) қылмыскелерге арналған арнайы тәртіптерге түзету колонияларда өмір бойғы бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеулерінің тәртібі мен шарттары;

е) түрмеде жазасын өтегендердің ерекшелігі;

ж) тәрбиелеу колонияларда жазасын өтеушілердің тәртібімен шарттары.


  1. Бостандығынан арылған қылмыскерлердің классификациясы және олардың әр түрлі түзету мекемелеріндегі бөлек мазмұн.

  2. Түзету меекмелеріндегі тәртіп (режим) мен оның қамтамассыз ету құралдары:

  3. Қылмыскерлерге қауіпсіздік әреектін қолданудың негіздемесі мен тәртібі.


10- тақырып Түзету мекемелерінде жазаны өтеу шарттары
Түзету мекемелерінде жазаны өтеу шарттары.

Жазаны өтеу шарттарының түрлері: кәдімгі, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдік.

Бас бостандығынан айырылғандардың тамақ пен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алуы. Бас бостандығынан айырылғандардың туғандарымен көрісуі. Бас бостандығынан айырылғандардың посылка, берілім, бандероль алуы. Бас бостандығынан айырылғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды қабылдауы мен жіберуі. Олардың әдебиеттер мен жазба заттарын алуы. Бас бостандығынан айырылғандардың түзету мекемесінен тыс күзет қызметінсіз шығу. Бас бостандығынан айырылғандардың түзету мекемесінің шекарасынан тыс шығуы.

Бас бостандығынан айырылғандардың еңбегін құқықтық реттеу. Бас бостандығынан айырылғандардың жұмыс ережелері. Бас бостандығынан айырылғандардың жұмыс ақысы. Еңбек ақысын төлемеусіз жұмысқа күштеу. Бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстау. Мадақтау шараларының түрлері және оларды бас бостандығынан айырылғандарға қолдану.

Мадақтау шараларын қолданушы лауазымындағы адамдар, олардың құқықтары. Бас бостандығынан айырылғандарға қолданатын жазалау шаралары, олардың классификациясы. Бас бостандығынан айырылғандарға жазалау шараларын қолдану тәртібі мен негіздемесін құқықтық реттеу.

Бас бостандығынан айырылғандарға материалды-тұрғын және медикосанитарлық қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айырылғандардың материалды жауапкершілігі.


Семинар сабағының жоспары:

  1. Жазаны өтеу шарттарының түрлері: кәдімгі, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдік:

  1. бас бостандығынан айырылғандардың тамақ пен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алуы;

  2. бас бостандығынан айырылғандардың туғандарымен көрісуі;

  3. бас бостандығынан айырылғандардың посылка, берілім, бандероль алуы;

  4. бас бостандығынан айырылғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды қабылдауы мен жіберуі;

  5. бас бостандығынан айырылғандардың телефон хабарламалары;

  6. олардың әдебиеттер мен жазба заттарын алуы;

  7. бас бостандығынан айырылғандардың түзету мекемесінен тыс күзет қызметінсіз шығу;

  8. бас бостандығынан айырылғандардың түзету мекемесінің шекарасынан тыс шығуы.

  9. Бас бостандығынан айырылғандардың еңбегін құқықтық реттеу.

  1. Мадақтау шараларының түрлері және оларды бас бостандығынан айырылғандарға қолдану.

  2. Бас бостандығынан айырылғандарға қолданатын жазалау шаралары, олардың классификациясы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бас бостандығынан айырылғандарды еңбекке тарту шарттары қандай?

  2. Еңбек дауларын шешуге тоқталынған жұмыс жазалау шараларын қолдану мен материалды жауапкершілікке тартуға негіз бола ала ма?

  3. Бас бостандығынан айырылғандарға мадақтау шараларын қолданудың құқықтық шектері.

  4. Бас бостандығынан айырылғандарға тұрғылықты орнын ауыстыруға дейін қолданатын жазалау шаралары қай жағдайда жұмсалады?

  5. Тәртіптік жазалауды өтеу мерзімі қандай?

  6. Бас бостандығынан айырылғандарды айып изоляторы, камералы типті бөлмелер, мен жалғыз камераларда ұстау ережелері.

Әдебиеттер 2,14,16,39,44,47,49,51,52,53
11-тақырып Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртібі мен ережелері
Түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылғандардың тәрбиелік әсерін, жалпы білім беру мен кәсіби оқытуды құқықтық реттеу. Тәрбиелік жұмыстың негізгі бағыттары: адамгершілік, құқықтық, еңбек, физикалық және т.б. Тәрбиелеу жұмысының негізгі формалары: жеке, топтық, массалық. Тәрбиелеу жұмыфсының психолого-педагогикалық әдістері. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртібі мен ережелері. Кәмелеттікке жетпеген бас бостандығынан айырылғандарға қолданатын қосымша мадақтау мен жазалау шаралары, оларды қолдану тәртібі. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген бас бостандығынан айырылғандарды қалдыру мен басқа жаққа ауыстыру. Тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру және тәрбиелеу колонияларының жұмысында қоғамның әрекеті.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыру ретінде жазаны өтеу тәртібі мен ережелері.

  2. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген бас бостандығынан айырылғандарды қалдыру мен басқа жаққа ауыстыру.

  3. Тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру және тәрбиелеу колонияларының жұмысында қоғамның әрекеті.

  4. Кәмелеттікке жетпеген бас бостандығынан айырылғандарға қолданатын қосымша мадақтау мен жазалау шаралары, оларды қолдану тәртібі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеуді кәдімгі жағдайдан жеңілдетілген ережеге көшу қай жағдайда жүзеге асырылады?

  2. Тәртіптік изолятордан бас бостандығынан айырылғанды алдын-ала босату.

  3. Тәрбиелеу колонияларының жұмысында бас бостандығынан айырылғандардың ата-анасы мен басқа жақындарының рөлі қандай?

Әдебиеттер 2,3,4,7,15,18,3,33,46
12-Тақырып Бас бостандығынан айырылған әскери қызметтегі адамдардың жазаны өтеуі
Әскери қызметте шектеу түрінде жазаны өтеу тәртібі мен шарттары. Бас бостандығынан айырылғандардың әскери қызметтегі адамдардың ақшалай шығындарынан ұстап қалу. Әскери қызметтен шектеу немесе әскери қызметтен қуылған әскери қызметтегі адамдардың жазаны өтеуден босатылуы. Бас бостандығынан айырылған әскери қызметтегі адамның қызметте жылжуы. Әскери қызметтегі адамдардың жазаны өтеу орны. Бас бостандығынан айырылғандарды гаупвахтаға жіберу тәртібі. Тәртіптік әскери бөлімдер. Тәртіптік әскери бөлімнің режимі. Бас бостандығынан айырылғандардың туғандарымен көрісуі. Бас бостандығынан айырылғандардың посылка, берілім, бандероль алуы. Бас бостандығынан айырылғандардың түзету мекемесінің шекарасынан тыс шығуы. Бас бостандығынан айырылғандардың еңбегі. Тәрбие жұмысы. Мадақтау мен жазалау, оларды қолдану тәртібі. Материалды-тұрғын және медициналық қамтамасыз ету. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түрінзе жазаны өтеуден босату.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Әскери қызметте шектеу түрінде жазаны өтеу тәртібі мен шарттары.

  2. Бас бостандығынан айырылғандардың әскери қызметтегі адамдардың ақшалай шығындарынан ұстап қалу.

  3. Әскери қызметтен шектеу немесе әскери қызметтен қуылған әскери қызметтегі адамдардың жазаны өтеуден босатылуы.

  4. Бас бостандығынан айырылғандарды гаупвахтаға жіберу тәртібі.

  5. Тәртіптік әскери бөлімдер. Тәртіптік әскери бөлімнің режимі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әскери қызметтегі адамдарға теңестірілген адамдар. Әскери қызметтегі адамдарға жазаны өтеуді қолдану зардаптары?

  2. Әскери қызметтен шектеу немесе әскери қызметтен қуылған әскери қызметтегі адамдардың жазаны өтеуден босатылуы.

  3. Бас бостандығынан айырылған әскери қызметтегі адамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атаңыз.

  4. Бас бостандығынан айырылған әскери қызметтегі адамдарға қойылатын мадақтау түрлері, оларды алдын-ала босату шарттары.

Әдебиеттер 2,3,4,7,50,44
13-тақырып Жазаны өтеуден босату
Түзету мекемесінен босатылғандарға көмек және оларды бақылау. Шартты түрде босатылғандарды бақылау.

Жазаны өтеуден босату негізі:



  • жазалау мерзімін өтеу; сот шешімін жоюа;

  • шартты-алдын-ала босату;

  • жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңіл түріне ауыстыру;

  • кешірім жасау мен амнистия;

  • ауыр жарақат немесе жарымжандылық;

  • басқа негіздер.

Жазаны өтеуден алдын-ала босату тәртібі. Өмірлік бас бостандығынан айыру ретінде жааны өтеп жүрген бас бостандығынан айырылғандарды алдын-ала босатуға жіберу ерекшеліктері. Жазаны өтеуді тоқтату және босату тәртібі.

Жазасын өтеп шыққан жандардың құқықтық жағдайы. Жазаның өтелуін реттейтін мекеменің бас бостандығынан айырылғандардың еңбек және тұрғын орналасуына көмегін тигізу. Жазаны өтеуден босатылғандарға көмек көрсету, босатылғандардың әлеуметтік көмеккке құқығы. Бас бостандығынан айырылу түрінде жазаны өтеп шыққан адамдардың әлеуметтік адаптациясы ұғымы.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға әкімшілік бақылау. Ішкі істер органдарының әкімшілік бақылануына алынатын адамдардың материалдарын даярлау мен рәсімдеу.

Сотталған адамдарды бақылауға алу, шартты түрде босатылғандарға бақылау жүргізу.

Шартты түрде босатылғандардың тәртібіне бақылау жүргізетін органдар. Шартты түрде босатылғандардың тәртібіне бақылау жүргізу ережелері. Сынау мерзімін есептеу. Шартты түрде босатылғандардың жауапкершілігі.
Семинар сабағының жоспары:


    1. Жазаны өтеуден босату негізі.

    2. Жазаны өтеуден алдын-ала босату тәртібі.

    3. Бас бостандығынан айырылу түрінде жазаны өтеп шыққан адамдардың әлеуметтік адаптациясы ұғымы.

    4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға әкімшілік бақылау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жазасын өтеп шыққан жандардың құқықтық жағдайы қандай?

  2. Сотталған адамдарды бақылауға алу, шартты түрде босатылғандарға бақылау жүргізу негіздерін атаңыз.

  3. Бас бостандығынан айырылған әйелдің немесе 14-жасқа толған баланың жазаны өтеуден бас тарту зардабы қандай?

  4. Шартты-бас бостандығынан айырылғандардың қылмыстық-атқарушы инспекция бақылауынан шығу жауапкершілігі.

Әдебиеттер 19,22,25,28,36,37,38,40
14-тақырып Өлім жазасы түріндегі жазаны қолдану
Қазақстан Республикасында өлім жазасы түріндегі жазаны қолдануды құқықтық реттеу. Өлім жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы. Өлім жазасын орындау тәртібі. Түрлі елдерде өлім жазасын қолдану практикасы және оның негізгі тенденциялары. Қазақстан Республикасында өлім жазасын жою проблемасы.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қазақстан Республикасында өлім жазасы түріндегі жазаны қолдануды құқықтық реттеу.

  2. Өлім жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы.

  3. Өлім жазасын орындау тәртібі.

  4. Түрлі елдерде өлім жазасын қолдану практикасы және оның негізгі тенденциялары.

Әдебиеттер 2,4,7,16,25,54

15-тақырып Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының тұтқындалуы
Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының тұтқындалуының әлеуметтік-құқықтық маңызы, негізі және принциптері.

Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының тұтқындалу орындары. Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының құқықтық статусы.

Тұтқындалу орындарындағы режим және оны қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері. Тұтқындаулы адамдарды қорғау және бақылау.

Следствиелік изоляторға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтін бас бостандығынан айырылғандарды ұстаудың режимді жағдайлары.


Семинар сабағының жоспары:

  1. Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының тұтқындалуының әлеуметтік-құқықтық маңызы, негізі және принциптері.

  2. Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының тұтқындалу орындары.

  3. Қылмысты жасауда күмәндалған және айыпталушының құқықтық статусы.

  4. Тұтқындалу орындарындағы режим және оны қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері.

  5. Тұтқындаулы адамдарды қорғау және бақылау.

  6. Следствиелік изоляторға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтін бас бостандығынан айырылғандарды ұстаудың режимді жағдайлары.

Әдебиеттер 44,47,49,50,51,52
СӨЖ МАЗМҰНЫ (2004)




СӨЖ түрі

Бақылау нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына даярлық




сабаққа қатысу

15

2

Үй тапсырмасын орындау

конспект




10

3

Семинар сабақтарына даярлық

жұмыс дәптері


жеке әңгімелесу


15

5

Бақылау шараларына даярлық




АБ1, АБ2, сынақ

5

Барлығы

45

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет