Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


ДІНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ДА БІР НӘРСЕНІ ҮЙРЕТПЕЙ МЕ?



бет9/18
Дата03.05.2016
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

ДІНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ДА БІР НӘРСЕНІ ҮЙРЕТПЕЙ МЕ?


Ербол, сен Құдайға жетелейтін әісалғыз жол — Иса дейсің бе? Бірақ басқа діндердің барлығы да негізінде бір нәрсені үйретпей ме?

Исаның Құдайға апаратын жалғыз жол екенін мен емес, Киелі кітап үйретеді.

Білесің бе, дін дегеніміз —- негізінде дұрыс өмір сүру туралы пәлсапа, сол дінді ұстанатын адамдарға берілетін тәлім, солар дұрыс деп санайтын ережелердің жиынтығы. Киелі кітап та бізге дұрыс өмір сүру туралы тәлім береді, бірақ ол нақты айтады, осымен шектеліп қалмайды. Киелі кітап адамның күнәкар екенін, яғни Құдайдан толық ажырағанын ашық білдіреді. Адам осы күйде болғанда Құдаймен байланысы үзіліп, Ол сыйламақ болған игіліктерден жұрдай қалады. Құдаймен ізгі қарым-қатынасқа түсудің жалғыз жолы — Исаға сеніп мойынсұну. Адам соған келіссе, онда күллі күнәлары кешіріліп, Құдай алдында ақталады. Басқа ешбір дін Иса туралы бұндай нәрселерді үйретпейді.

Ендеше тек Киелі кітаптағы тәлімнің дұрыс екендігін қалай дәлелдейсің?

Бұл үшін барлық діндердің беретін тәлімдерін салыстырып, қайсысының қисынды болып, дүниені дұрыс сипаттайтынына қарау керек. Бұл тым үұақ жол, дегенмен одан қысқасы бар.

Киелі кітаптағы тәлімнің ақиқаттығы туралы айғақтар бар. Егер осы айғақтар Киелі кітаптың тәлімінің шынайы екенін дәлелдей алса және сен оның қағидаларының арасында қарама-қайшылық жоқ екендігіне көз жеткізсең, онда бұл тәлімнің шындыққа сәйкестігін көре аласың. Ал одан кейін іс оңайланады: енді шындыққа үйлеспейтін нәрсе жалған деген қағидаға сүйенуге болады. Ежелгі пәлсапашы Аристотель «логикадағы қарама- қайшылық заңы» деп атаған заңның бір қарапайым қолданысы осындай болып табылады: бір-бірін жоққа шығаратын екі пікірдің екеуі бірдей дұрыс бола алмайды (немесе біреуі дұрыс, екіншісі бұрыс, немесе екеуі де бұрыс болады).

Бұл маған басқа діндерге деген төзбеушілік болып көрінеді. Сендер неге басқа діндерге төзбейсіңдер?

Бұл төзбеушілікке жатпайды. Құдайға қалай сену немесе мүлдем сенбеу — әркімнің жеке басының ісі. Адамдарды күштеп сендіру — Киелі кітаптың игілікті тәліміне қарама-қарсы.



Бірақ сен тек Киелі кітаптың тәлімі ғана дұрыс дейсің. Бұл төзбеушілік емей не?

«Екіге екіні қосса төрттен басқа ештеңе болмайды» деу де төзбеушілік пе? Төзушілік дегеніміз шындықты емес, мүмкіндік беруді білдіреді. Мәсіхке сенушілер басқа адамдарға өздері қалаған нәрселерге сенуге жол береді. Олар саған тек «кейбір ілімдер бұрыс, ал басқаларды дұрыс» дейді.



Ал кейбір басқа діндер Киелі кітаптың тәліміне сәйкес келмей ме?Естуім бойынша, өзге діндерді ұстанғандардың бірсыпырасы Киелі кітаптың ілімін жоғары бағалап, соны ашық мойындаған.

Иә, келісемін, түрлі діндерді ұстанған адамдар шынында да Киелі кітапты қастерлеп, оның көп ілімдерін ұстанған. Алайда мұндайлар Киелі кітаптың өзекті тәлімдерін (мысалы, Құдайдың Үшбірлігін және Исаның құрбандық өлімін) қабылдамаған. Сондықтан, оларды Исаға сеніп мойынсұну арқылы Құдай алдында ақталды деуге аузым бармайды.



Неге мен басқа діни кітаптардың емесу Киелі кітаптың Иса туралы үйреткеніне сенуім керек?

Киелі кітаптағы Иса туралы тәлімнің барлығы Исаның Өзі немесе Оның ең жақын шәкірттері айтқан сөздерге негізделген. Ал кейінгі дінбасылар болса, Иса туралы бірнеше ғасырлар өткеннен кейін ғана сөз қозғады. Ендеше қай кітапқа көбірек сенуге болады?


«ҮШБІРЛІК» ДЕГЕН СӨЗ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?


Түсінікті. Ал сен жаңа ғана «Үшбірлік» деген сөзді айтып қалдың. Ол не тағы?

Сендер сонда үш құдайға сенесіңдер ме?

Жоқ. Киелі кітапта Құдайдың біреу-ақ екендігі көп рет айтылған (Заң. қайтал. 6:4; Ишая 43:10; Тімоте. 1-хат 2:5; Қорынт. 1-хат 8:6). Сонымен қатар Киелі кітапта Құдайдың бізге үш Тұлға, яки үш жақты болып көрінгені де айтылған: Құдай Әке (Жохан 17:3; Қорынт. хат 8:6; Петір. 1-хаты 1:2), Оның рухани Ұлы (Жохан 1:1; 20:28; Жохан 5:18-бен салыстырғанда Філіпі. хат 2:6-7; Тит. хат 2:13; Петір. 2-хаты 1:1) және Киелі Рухы (Елшілер. істері 5:3-4; Еврей, хат 9:14).



Бірақ бұл ақылға сыймайды ғой! Қалайша үш Тұлға бір Құдай бола алады?

Иә, мұның ғажап болып естілетіні рас. Күнделікті көріп жүрген тәжірибемізге сәйкес, әр адам тек бір ғана тұлға бола алады, одан көп бола алмайды. Бірақ өзіміз байқап көрмеген нәрсені еш болмайды деу де дұрыс емес. Оның үстіне, «болмыс» (существо) мен «тұлға» (личность) деген екі ұғымның өзара бірдей емес екендігін де естен шығармау ксрек.



Бұ қалай?

Жан-жағыңа көз тастасаң, көп нәрсені: ана гүлді, мына ағашты, андағы шыбынды, сонау жатқан даладағы сиырды көресің. Осы нәрселердің барлығының «болмысы» бар. Бірақ олардың ешқайсысы да «тұлга» (личность) емес. Себебі оларда тұлғаға тиісті қасиеттер: ақыл-сана, сезімдер және ерік (рухани бостандық) дегендер жоқ. Бірақ кейбір басқа нәрселердің болмысы да, тұлғалық қасиеттері де бар екенін көреміз — жер бетіндегі әрбір адам баласында болмыс пен тұлғалық қасиеттердің екеуі де бар.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, кейбір нәрселер мүлдем тұлға емес, ал кейбір басқаларында бір ғана тұлғалық қасиет бар. Осылай жалғастыра берсек, бір нәрсенің тек бір ғана емес, одан көп тұлғалық қасиеті болуы мүмкін деген тұжырымға келеміз, себебі солай болуы қисынға қайшы келмейді.

Болмыс пен тұлғаның арасындағы айырмашылықты естен шығармасақ (болды), бір болмыстың тек бір ғана емес, бірнеше тұлғасы болуы мүмкін екендігін үғынамыз. Бұл әдеттегіден тыс болып көрінгенмен, қисынға қарсы келмейді. Сондықтан оған сенуге болады.

Исаның Өзі «Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімі» туралы тәлім беріп, Құдайдың үш тұлғалы екенін атап көрсетті (Матай 28:19).

Ербол, бұл жайт қисынға қайшы емес шығар, әйтсе де үғынуға қиындау екен.

Ал Құдайдың болмысының кейбір жақтарының түсінуге қиын болуы заңды да емес пе? Құдайдың құдіреті мен даналығы бүкіл әлемнен кең де ауқымды! Ал біз Құдай жаратқан әлемнің өзіміз тұрып жатқан кішкентай ғана бөлігін танып-білуге талпынып жатырмыз.



Сенікі дұрыс та шығар, Ербол. Бірақ бұрынырақ сен Иса пәк қыз Мариямнан туды деген едің. Бұған сену қиын. Бұл бір адам баласы нанғысыз жайт сыяқты.

Пәк қыз құрсақ көтеріп, бала табады дегенге Исаның заманындағыларға да сену оңай болған жоқ. Құдай Мәриямға: «Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың», — деп періште арқылы хабарлағанда, ол таңырқап: «Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой», — деп сұрады (Лұқа 1:34). Пәк қыз балалы болады дегенге Мәриямның өзі де сенен кем таңғалған жоқ.

Алайда Мәриям кереметтердің мүмкін болатынына сенді. Құдайдың бар екеніне сенетін адам кереметтердің де болатынына сенеді ғой!

Иә, дұрыс.

Киелі кітаптың да көзқарасы дәл осындай. Онда «Адам қолынан келмеген нәрселер Құдайдың қолынан келеді» (Лұқа 18:27) делінген. Осылайша Құдайдың хабаршысы Мәриямға: «Сенің үстіңе Киелі Рух келіп, Құдай Тағаланың құдіреті саған көлеңкесін түсіреді. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ. Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас!» деп түсіндірді (Лұқа 1:35,37).



Түсінікті, пәк қыздың бала тууы — Құдай жасаған керемет. Бірақ бұл жайт маған бәрібір ғажайып болып көрінеді. Құдай неге бұлай етті екен?

Мұрат, Құдайдың неге бұлай істегенінің себебін мен де білмеймін. Бірақ мен Құдайдың (Өзінің) басқа да көптеген істерін нақты қай себептен істейтінін білмеймін. Дегенмен Құдай бұны неге бұлай етті деген сұраққа менде мынадай бір тұспал бар»

Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларында Құдайға арнап шалынатын құрбандықтар мінсіз, еш кемістіксіз болулары тиіс деп айтылған болатын. Осылайша Құдай жіберемін деп уәде еткен Құтқарушының мінсіз де күнәсыз болатыны алдын ала көрсетілген. Құдайдың тек мінсіз құрбандықтарды қабылдайтынындай, біздің күнәларымыз үшін өлімге қиылатын Құтқарушы да ешбір күнәсыз болуға тиіс болды.

Киелі кітапта адамның күнәкарлығы оның табиғи туылуы арқылы мұра етіледі делінген. Бұл әйелден гөрі, әсіресе, ер адам арқылы беріледі деп айтылған (Рим. хат 5:12-17). Аталық клетка аналық клеткамен біріккенде, адамның күнәкарлығы пайда болған ұрыққа мұра етіледі. Киелі кітапта Иса Мәсіхтің ешбір күнәсы жоқ делінген (Еврей, хат 4:15). Ал Мәсіх ер адамның қатысуымен жаралған болса, онда Ол да болмысынан адамзаттың күнәкарлығын мұра етер еді. Сондықтан Құтқарушының адам табиғатына ие болуы үшін адам ретінде тууы, бірақ күллі өзге адамдардай табиғатынан күнәкар болмауы үшін басқаша жолмен тууы керек болды. Сол себептен де Ол пәк қыз арқылы дүниеге келді.



Каталог: download -> bible
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
bible -> Е. Уайт жаратушыға апарар жол мазмұНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет