Серпілтер сезім сұлуы!



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/4
Дата03.04.2016
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4
: jobalar -> orleu -> bertai
bertai -> Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен Өз-өзін танып әр жан әлем таныр
bertai -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
bertai -> Рух күші. (поэма) Төкеев Бертай Есмаханұлы
bertai -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
bertai -> О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…
bertai -> Cезім күші Көңілім көкте самғады, Сағыныш бойды тербеді. Жарқ еткен сәуле жандағы, Сезім боп маза бермеді
bertai -> Төкеев Бертай Есмаханұлы Қайырымдылық пен қатігездік
bertai -> Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен
bertai -> Бертай Есмаханұлы Төкеев. Тойың тойға ұлассын
bertai -> Жігіт пен қыз сыры

Гүл үміт.
Ертеңнен үміт үзбедік,

Бүгінге көңіл толмастан.

Жүрекке жылу іздедік,

Жалындап жанда жанбастан.


Көңілге қарап күй кештік,

Тағдырға көніп, мөлдіреп.

Жаныңа керек үндестік,

Елеңдей бердің елжіреп.

Бақыттың балы базары,

Жаныңда бәлкім бәрі бар.

Алаңдар ару ажары,

Көзінен оны танып ал.


Сағыныш деген от жалын,

Аңсаумен бірге сөнбестей.

Сәтімен келген бақ қалың,

Осы шақ қайта келместей.


Аңсайсың өткен шақты алдан,

Күлімде, кенет күрсінбе.

Ұйқысыз атқан ақ таңнан,

Жаңалық күтіп жүрсің бе?

16.02.2010жыл.
Сезім.

Жүректі салдым өзіңе деген сезімге,

Сағынып кетем жабығып қалған кезімде.

Дауысыңды есітіп, шарықтап кетем, шаттанып,

Белгісіз, тылсым, құдірет күш бастар төзімге.
Мендегі күйді сезе біл, жүрем алаңдап,

Сағынышпенен сендегі сезім қаланбақ.

Көктегі құстан хабарыңды әркез күтіп ем,

Табиғат сұлу жаңбырын төкті және алдап.


Көңілім жүйрік, жанымда әркез дүрбелең,

Жүректі жазар сырласым болды нұрлы өлең.

Есімде болып, ес түссіз еттің күн бойы,

Түсімде болып түніменен.


Жақын боп жанға, тұрсаң да маңда, алыссың,

Зерттелмей қалған, жүректе жанған ғарышсың.

Алыстан ғана бақытты, бақты сезіндім,

Сезіммен тілек табыссын!


Жиғызбай есті көркіңмен көкте самғадың,

Өзіңді іздер сертімнен тағы танбадым.

Жанартау-жүрек жалынға бастар сезімін,

Тоқтата тағы алмадым...

22.02.2010жыл.
Көңіл-көктем.
Шуақ төгер көктемге де аз қалды,

Табиғатым бұлбұл сайрап назданды.

Өткен күннің елесіне еміреніп,

Діріл қағып, жүрек тағы қозғалды.


Жаңбырдан соң сұлулыққа сұғынып,

Қарай бердім көзім талмай құнығып.

Таза ауасы жанға жайлы тигенде,

Қалғандаймын сен келгендей тынығып.


Бұлбұл сайрап, сезім жанда жанады,

Әппақ бұлттар мейірлене қарады.

Түсінгендей сағынышты күйімді,

Үндескендей тамшылармен тамады.


Кешегі күн жалын-шабыт, от-бейне,

Көңіліне адам әркез жетпей ме?

Сол ару қыз көктем болып кеудемде,

Сағынышпен күзге айналды шеткейде.


Бүгінгі күн көктем қайта келгендей,

Сағынышты қуанышым жеңгендей.

Осы сәттің ең бақытты екенін,

Өткен шақпен кім сезінер дәл мендей?!

23.02.2010жыл.
Ән:Кәусар жыр.

Көктемменен жанды көңіл шырағы,

Таусылмайды саналы ойдың сұрағы.

Сағынышын сенен басар жүрегім,

Өзің жаққа алаңдаумен тұрады.

Таусылмайтын сенсің жырдың бұлағы,

Көз тоймайтын көңілімнің құрағы.

Сағыныш та сансыратып санамды,

Соңғы кезде жанарда шық тұнады.
Осы ма екен тәңірімнің сынағы?

Шошынды екен неден көңіл тұрағы?

Таңғажайып табиғатың талпынтып,

Аңсау менен армандауды құрады.


Жанарымның қарашығы, шын ағы,

Ұғымталдық ұлылығың ұнады.

Мен өзіңді жырлап мәңгі өтермін,

Шаршау білмес шабытымның пырағы.


Бақытына жете алмаған кеш қалар,

Өтті күндер нұр ғажайып, ес танар.

Болашаққа сезімімді арнадым,

Кім біледі, бір күндері еске алар?

01.03.2010жыл.
Өткенге ойша оралу.
Қайта келер ме екенсің?

Күндерім өткен от жалын.

Еске алар мәңгі мекенсің,

Гүлденген таңғы бақтарым.


Мөлдіреп тұрған кезімдей,

Қайда екен сол бір ақ таңым?

Лап еткен нұрлы сезімдей,

Аялап жанда сақтадым.

Жұлдызды сәттер елес пе?

Астында айдың нұрланған.

Кешегі арман емес пе?

Бүгінгі күні жырланған.


Қия алмас, қимас сәттер-ай,

Түндер-ай ұйқы ұрланған.

Тарихтың таза беттері-ай,

Сезім мен сертте шыңдалған.


Ертеңге жүрміз асығып,

Өтетін жолдан өте алмай.

Қайтеміз оны жасырып,

Өткенге жүрміз жете алмай...

02.03.2010жыл.

Періштелік сәби кезімде.
Періште еттің сен мені,

Көтеріп жүрмін еңсені.

Егерде өзің болмасаң,

Көп еді өмір кемсеңі.


Берілген өмір өлшемі,

Төзіммен көңіл еңселі.

Абыроймен көкте самғасаң,

Аялар мәңгі жер сені...


Қиналыс соңы қуаныш,

Үмітпен келер жұбаныш.

Иманға жаның талпынса,

Сұлулыққа мәңгі сұраныс.


Қиналсаң мені қинамай,

Сәтің жоқ кеткен сыйламай.

Көңілімнің күндей көркемі,

Жанымның жақын жинағы-ай!


Берілдік тылсым сезімге,

Абырой-сабыр, төзімде.

Адамдық алдан аңсатты,

Періштелік сәби кезімде.


Түлкідей жалған ілдірмей,

Байыпты етер күлдірмей.

Бәрін де тауысып тынбақшы,

Асығыс уақыт білдірмей...

02.03.2010жыл.
Заңдылық.
Сағыныштан жанымды мөлдіреттім,

Жанға маза бермеді тылсым екпін.

Қиялымның қап қойып құшағында,

Елесіңмен неліктен елжіреттің?


Сансыз ойдан қалайша сергімекпін?

Жылу беріп, жаныңда желбіреппін.

Өкпелей де алмадым, өзімсініп,

Рухың таза, қалайша ренжімекпін?


Құрсауынан шыққанда мың түнектің,

Сұлулыққа сыр беріп, жыр түлеттім.

Жанымның жайнағанда жауқазыны,

Шабыттың найзағайын күркіреттім.


Аясында келемін гүл тілектің,

Саясында жүрегім бір дір еттің.

Маңыңа кім жолайды қиын сәтте?

Жаныңа мая болар үлбіреп кім?


Жанымның толастамас сағынышы,

Жарқылы, жақсылығы, жарылысы.

Ешкім де тағдырынан аса алмайды,

Заңдылық-құдіретке бағынышы...

05.03.2010жыл.
Қуаныш-құт...

Қуаныш-құт, көңіліңді күн етер,

Бәлкім осы бақыттың да тұрағы.

Таңғажайып табысыңды түлетер,

Сөнбесінші шаттығымның шырағы.
Ынтымақ пен бірлігіңнің белгісі,

Адамзаттың берекесін ұйытқан.

Көңілім келер жақсылыққа сенгісі,

Ар намысың шығаратын тұйықтан.


Сыйластығың беделіңді көтерер,

Ал құрметің құрақ ұшар алдыңнан.

Жақсылығың жақсылықпен өтелер,

Тек айныма пәк адамдық қалпыңнан.


Жаңалыққа жүрміз ылғи елеңдеп,

Мейірімге, жылы сөзге асықтық.

Сезімімен адам нұрға бөленбек,

Жаратқандай гүл өмірге ғашық қып.


Байыптылық баянды етер бақытты,

Қуандық та қуанышқа тоймадық.

Сезіндік те ең ерекше уақытты,

Ертеңнің де абыройын ойладық...

09.03.2010жыл.
Көктем бейне сәби сәт.

Ағарып атқан ақ таңды,

«Өзің»-деп көңіл шаттанды.

Бұлбұлым сайрап бақтағы,

Бар сырын іштен ақтарды.
Көктемнің күні-ай жағымды,

Келтірер жастық шағыңды.

Алаңдай бердім талпына,

Бұл жүрек нені сағынды?


Күн болып жанды еріттің,

Түн сынды сырлас көріктім.

Елесің қалды еміренген,

Бітпейтін оймен серікпін.


Жылылық сезіп самалдан,

Тәтті бір ойға қамалғам.

Бүгінгі күнім бақытты,

Керемет сыйлар таң алдан.


Аумаған иісі сәбиден,

Көктемім сезім және үйген.

Мөлтілдеп ғана өтерсің,

Мөлдіреп тұрған фәниден.


Наурызек келді қуантып,

Бәйшешек сұлу жұбантып.

Ертеңгі күнге елеңдеп,

Үмітін жүрек тұр артып.


Көктемнің күні-ай жаңбырлы,

Сезімге бастар сан қырлы.

Биылғы наурыз ерекше,

Сұлулық естен тандырды.


Бұлттар да төніп қияқты,

Жиып та тастап ұятты.

Іштегі толған өксігін,

Толассыз төккен сияқты.


Арманға бастап атырап,

Тазарып бәрі тал құрақ.

Көрікті болып кетті ғой,

Өмірге демеу бал тұрақ.


Ерекше сәтін кезімнің,

Бөлекше ұғып, езілдім.

Келісті көркем көктемнен,

Сәбилік сәтті сезіндім...

11.03.2010жыл.

Сұлулық сипаты.
Кірпігіңді көтерсең көл көремін,

Ай-дидарың, жете алмай шөлдер ерін.

Табиғаттай тартымды тұла бойың,

Сұлусың, сая тауып емделемін.


Қолаң шаш, қиылған қас, жазық маңдай,

Жанарың жәудірейді сөз ұққандай.

Сұлуда сыры ашылмас не сиқыр бар?

Бас иіп, бүкіл әлем қызыққандай.


Алма бет ұялып іштен қызарғанда,

Үмітін жүрек күшпен үзе алған ба?

Дүние дөңгеленген өтер, кетер,

Өмірде жігіт-жалын, қыз арманда.


Қыз-қылық тағдырына ұсталғанда,

Өзінен ішкі күші тыс қалған ба?

Өмірге өзегімен өрнек берер,

Алыптық аналардан күш алғанда.

Ар, намыс, ұят бірінші алқымды алар,

Өмір де ыстық от боп салқындалар.

Адамзат сүйкімдіге мәңгі құштар,

Бар әлем сұлулықпен айқындалар...

12.03.2010жыл.
Шабыттың сұлу киесі...
Сезімге толы жалған-ай,

Сағыныш жанды жандырған.

Көңілден кетпес арман-ай,

Құралар күнде таң нұрдан.


Көкейде тұрып келесің,

Мұңайдым кетсең хабарсыз.

Әйтеуір демеу елесің,

Іздесе жүрек табар сыз.


Ешкімнің зиян шекпеуін,

Жаныммен тілеп қалағам.

Бақытты сыртқа теппеуің,

Адамдық биік санадан...


Ойландым, тағы ойға алдым,

Шабыттың сұлу киесі.

Жыр толы сырлы қоймамның,

Өзіңсің жұмбақ иесі!


Алыстан жақын сезілген,

Досымсың сырды айта алар.

Бір ауыз жылы сөзіңнен,

Жаралы жүрек жай табар...


15.03.2010жыл.

Ән: Киелі туған мекенім.

Музыкасын жазған Александр Романов.


Елім мекенім,

Алыс жақта сезінесің,

Сағыныштың не екенін?

Мақтан етемін,

Туған жер деп көз ілесің,

Аялаумен өтемін.

Қайырмасы:

Туған ата-анамдай,

Ардақтадың аялап.

Сендей қайдан табам,

Сая бақ?!
Өзен көлдерім,

Табиғатым таңғажайып.

Алтын асқар белдерім.

Өнер-өнбегім,

Ән күйменен жан тазарып,

Қанат қағып сермедім.

17.03.2010жыл.
О.АЛЛА...

1.Алдыңа қалай барамын АЛЛА бас ұрып?

Күнәмді кешкен қаламын қалай жасырып?

Уланса сана, жаныма пана бере гөр,

Артықтау кетсем тасынып.


2.Өзіңде ғана әлемнің шексіз билігі,

Ғаламның өну, өсу мен өшу жиілігі.

Секундтар сайын өмірде қанша өзгеріс,

Сезімнің сөнбес сыйлығы...


3.Реттеуші өзің қаңбақтай құйын жалғанда,

Ажалдан аман тіршілік түбі қалған ба?

Иманмен сұлу, сәулемен пенде қоршалар,

Айналмас ақша қорғанға.


4.Ешнәрсе сенсіз ескерілмей ұмыт қала алмас,

Өзіңе ғана арнаған Адам ән алғаш.

Өзіңмен ғана иманмен ұйып әлем тұр,

Өзіңсіз мәнсіз, жалаңаш...


5.Жүректе болып, бәрін де көрер көктесің,

Түсінер бәрін иманға пенде жеткесін.

Тозаңдай тобыр тек сенің құлың екенін,

Сезініп өзін шектесін...


6.Басталар бәрі о АЛЛА сенің атыңнан,

Он сегіз мың ғалам құралған сенің затыңнан.

Тапсырыс алған жүз жиырма төрт мың пайғамбар,

Нұр шашқан уағыз хатыңнан.


7.Өзіңнен бәрі, тартылыс күш те заңдылық,

Шешетін сенсің, адамда мәңгі таңғы үміт.

Өткінші бәрі, жалғанмен тұрған жамалып,

Жасайтын сенсің мәңгілік!!!




8.Табары сенсің зарығып адам жеткенде,

Тіршілік өніп, көгерер қайта көктемде.

Үйлесім табар, үндестік алар өзіңнен,

Ерте ме, кеш пе, жығылар саған көп пенде.


9.Өзіңнен АЛЛА таңертең аман тұрғаным,

Сезіндім сенен өмірдің мәнін, ырғағын.

Сеніммен бірге сезіммен мүлде тартылдым,

Құрметім саған шын бағым!!!


10.Өткен ғасырда айға да тартқан көш кілең,

Американдық та ғарышта уағыз естіген.

Ұлылық сенсің әлемнің мәңгі иесі,

Бұлтта жыр-тамшы, көшкін ем...


11.Не деген әсем, әлемді сұлу жараттың,

Адамды биік саналы етіп тараттың.

Бай менен кедей, патша мен жарлы тергелер,

Алдында тозақ, жаннаттың.


12.Жақсылық көрдім, қолдағы барға қанағат,

Өзіңе алғыс, салмашы жанға жарақат.

Адамның ойы ғұлама болса жетпейтін,

Жердегі сенен шапағат...


13.Жұлдыздай жанып, фәниден лезде ағармыз,

Өзіңнен ғана жүрекке жылу табармыз.

Шешетін сенсің, кесетін өзің кесімді,

Бұлтартпас бұйрық алармыз...


14.Әр іске сабыр, бәріне АЛЛА тоба еттік,

Жалына жүріп, жақсылығыңнан дәметтік.

Барлығы сенен, тек қана сенің қолыңда,

Іздейміз салдар, себептік...


15.Қиындау сәтте өзіңнен тапқан күшін ер,

Ескертіп жерге өзіңсің белгі түсірер.

Заңдылықтардың бұлжымас бұйрық екенін,

Өзіңді танып түсінер...



16.Тіршілік бердің, ажал да қылыш іспетті,

Мықтымын деген секундта солып, күші кетті.

Құлшылық еткен өзіңнен нұрға бөленіп,

Тәкаппар болған түбінде бармақ тістепті.


17.Өзіңсің жұмбақ, құпия болып қалғансың,

Білім мен ғылым жете алмас мәңгі армансың.

Иманға бастар, мәңгілік асқар биікте,

Жүрекпен сезер АЛЛАМСЫҢ!!!


18.Жердегі шуақ, көктегі қуат өзіңнен,

Адамзат жайнар сен берген сырлы сезіммен.

Ынтымақ, бірлік-бақыт пен байлық бастауы,

Сақталар сабыр төзіммен...


19.Заңдылық бәрі, күн менен түн де алмасқан,

Асқар тау биік шыңдардың басын қар басқан.

Бәрін де елеп, бәрін де жебеп, сен тұрсың,

Мәңгілік болып жалғасқан...


20.Ғажап қой өмір, сезініп сені нәр алсақ,

Тек сенің нұрың бір тамшы қаннан жаралсақ.

Адасқан жандар аңсайды түпкі тамырын,

Қоғамда кейде сөз бөлек, істе мән алшақ...


21.Түсінбей тіпті өмірді еттік құрбандық,

Қызыққа ауып, мағына тауып құр қалдық.

Пейіште толып, періште болып келгенмен,

Сезбей де сенбей былғандық...


22.Шын өмір сенде жаныма пана бере көр,

Күн, бұйрық келсе өзіңе рухым жөнелер.

Өзіңнен ғана иманның нұрын сеземін,

Сеніммен тәнім теңелер...




23.Дірілдей соғар домбыра–жанның шанағы,

Құдіретіңнен адам да өзін табады.

Өзіңді ұққан әлемді сүйер адамзат,

Қадіріне жете алады...


24.Өмір-от кейде, жанымда аласапыран,

Демеуші өзің көмекке сені шақырам.

Адамға тапшы сабыр мен төзім,қанағат,

Жетпейтін мәңгі ақыл-мән.


25.Шырылдап келдік, зуылдап өтіп барамыз,

Көрінбес көзге ғаламда тозаң ғанамыз.

Берілген жанның аманат ғана екенін,

Сіңірер қашан санамыз???


26.Сезіндім сені, барлығы сенің арқаңда,

Өзіңе жақын пенделер мәңгі қалқанда.

Күн-түні сенің ұғындым ұлылығыңды,

Шапағатыңнан тіледім тілек әр таңда.


27.Өзіңнен басқа ойлардың бәрі көмескі,

Пенделік пайым, күнделікті күйбің демекші.

Сақтайтын жанды тек өзің ғана екенін,

Түсіне ала ма пенде ең есті?


28.Балшықтан болдық, топырақ содан жақындау,

Жердегі өмір-құдіретіңді танып, мақұлдау.

Айтылған бәрі, түсіне алсақ түбінде,

Жазылған құран қақында-ау.


29.Пенде ғой бәрі келбетке кері ауысар,

Қызықты қуып, бәрінен суып тауысар.

Тәкаппар көңіл пенделік күйге түскенде,

Өзіңді іздеп қауышар...


30.Өзіңнен ғана тіршілік түбі теңескен,

Ұтылар пенде өзіңе қарсы егестен.

Жамандық төзбес өз-өзін бір күн жояды,

Жақсылық жайнап, өзіңмен мәңгі тел өскен.


31.Ерекше таңнан сұлулық сезіп, сыр ұқтым,

Сезініп сені, керемет күйде тынықтым.

Әлемге қамқор шарапатың шалқып тұрғанын,

Ұғынып саған құнықтым.


32.Кеудеме нұр боп беймәлім шуақ төгілген,

Жанымнан жыр боп төгілмес сірә тегіннен.

Бұлбұлдар сайрап, дүние жайнап тұрғанда,

Күн болып күлдің көгімнен.


33.Санама құйдың саналы ойды сарқылмас,

Адамда арман, таусылмас уайым, жан тынбас.

Сезінген сені әлемге қорған бола алар,

Пенделер бар ғой басынан пайда артылмас.


34.Обалды әркез ойлансам сенің барлығың,

Сауапты жасау-шығарған сенің жарлығың.

Борышты сезу-өзіңнен ескен үйлесім,

Құдайдан қорқу-таңғы ұғым.


35.Не деген әсем, әлемді сұлу жаратқан,

Жан берген жанға дегендей әркез талаптан.

Ақ жүзін жарық иманын берік ете гөр,

Шығармай адам санаттан.


36.Өз-өзін таппай адасқан жандар саны аз ба?

Тағдырды жасар өзіңсің салар таразға.

Мұсылманшылық-мойын ұсыну, тең ұстау,

Сабырлы болу тағдырдай ыстық, аязда.


37.Не жетсін шіркін үндесіп өмір сүргенге?

Үйлесім табар көңіл де нәзік гүлден де.

Тек сенің арқаң, сөйледім сенің атыңнан,

Әйтпесе қайдан тіл менде?



38.Парасат пайым, сезетін сезім көз бердің,

Саналы етіп, ұғынысатын сөз бердің.

Ғарышқа самғап, ғылымды қармап жеткенде,

Пенделік пиғыл өзгердің...


39.Дұрыс жол іздер құдіретіңнен қорыққан,

Өзіңнен пана табады түрлі торыққан.

Тек сенен әмір, ажалсыз пенде оралар,

Қатерлі соғыс жорықтан.


40.Сезінбей сені пенденің күні қараңғы,

Өзіңмен ғана жаза алдым жанда жарамды.

Тоба еттім АЛЛА жаныма жарық бере гөр,

Түйсік бер тағы ажыратар адал арамды.


41.Ынтымақ-бірлік ұғымы сенен таралған,

Сыйластық әркез кетпейді сіңген санамнан.

Үлкенді қалай қадірлей алсаң күте бер,

Ендігі құрмет кішіден, бала шағаңнан.


42.Ғажап қой өмір, берекесі кірсе үйімнің,

Шешуі сенде мағына, мәннің, түйіннің.

Сезіндім сені, өзіңе шексіз алғысым,

Бастауы сенде әлемде көрген сыйымның.


43.Жебеуші өзің жарылқаушым болып танылдың,

Жұлдыздай ағар, жас болып тамар ағынмын.

Жердегі күйбің әйтеуір бір күн таусылар,

Жанымның жұмбақ ақырын ойлап, табындым.


44.Құдіретті ұғым өзіңнен сана ашылған,

Оқыған ұғар жырларым жойқын жасыннан.

Ақырзаман боп адамзат құрып кетпеуге,

Бұл да бір қадым, өзіңе өрнек асылдан.


45.Күй толы кеудем, гүлденді көңіл көктемі,

Үмітін артар диханның шықса еккені.

Сәбидей көркем әлемге қамқор бола гөр,

Алсаң да АЛЛА тек мені.


46.Шырылдап жаным құштар боп өмір сүруге,

Сая боп санам ынтызар бәрін білуге.

Абырой берші арымды асқақ ардақтап,

Адам боп әркез жүруге.


47.Қуаныш көрсем өзіңнен екен, соны ұқтым,

Жақсылық тілей жақсы жандарға жолықтым.

Өмірге ғашық сезімім саған бастады,

«Бастауы сен»-деп қорыттым.


48.Арманым алыс, қиялым қашық тілекте,

Өзіңді сезер көңіл де алаң дір етпе.

Баянсыз болса жарысып жалған өтер-ау,

Өзіңсің мәңгі жүректе!


49.Тоба еттім АЛЛА қанағат пенен тойым бер,

Нысапсыз пенде ең соңғы қалған қойын жер.

Жақсылық тілеп, әлемге қамқор бола алар,

Өзіңді ұққан зейінді ер.


50.Нәпсіні тыйу-өзіңнен келген жарлық үн,

Көздері тоймас пенделер білер бар мінін.

Бір сөзден таймас іріден ұрпақ майда боп,

Көтере алмауда ар жүгін.


51.Пенде боп тұрып адамдар биік талғамда,

Тәкаппар көңіл толмайтын күйік арманда.

Өзіңді сүйіп жақсылықтарға жетсінші,

Өткінші мынау жалғанда.


52.Жыр еттім сені, әлемге маржан шашқандай,

Баянды болмас барлық іс сенен басталмай.

Сезіндім сені санаммен, ынтық жүрекпен,

Қыран боп тұрып, жанардан тағы жас тамбай.



53.Тоқтамас өмір, жақсылық үшін күресің,

Иманға бастар тамшыдай жырым үлесім.

Саналы жанда бір АЛЛА тұрар жүректе,

Сеніммен өмір сүресің.


54.Ертеңге деген үмітпен тағы таң атты,

Гүлдентті сәуле тіршілік атты алапты.

Абырой берші жаныма жарық жаратқан,

Адастырмашы адамдық сәби санатты.


55.Сөнбестей мәңгі жанымның жарық сәулесі,

АЛЛАҒА ауып пенденің кіргей жерде есі.

Өзіңе өшпес өзгеше өрнек өрілді,

Табынған күйдің термесі.


56.Тіршілік-түйткіл, өмір де мынау қас қағым,

Тартылыс күш те өзіңде, ұлы асқақ үн.

Тамшыдай жырым тәубеге елді келтірсе,

Құдіретіңді келді растағым.


57.Өзіңмен үндес жақсылықтарға кезігу,

Бақыт та, бақ та, тірілу, қайта көз ілу.

Керемет етіп жараттың барша әлемді,

Ғанибет қандай өмірді сенімен сезіну.


58.Сезіндім сені алыстап менен кетпеші,

Ерте ме, кеш пе ұғындым сені, сөкпеші.

Өзіңмен ғана иманға ұйып, тәубе етсем,

Жанымның нұрлы Меккесі...


59.Адамдар ұқсас бұрала өскен қайыңға,

Шаттанып күлер, тағдырмен жүдер уайымда.

Бүгінгі күннің қонағы болған пенделер,

Ертеңгі күнге дайын ба???


60.Армандар шексіз, ал өмір қысқа, шектеулі,

Бұйырдың АЛЛА иманға ерте беттеуді.

Білмейді-ау пенде ғұмыры бейне арғымақ,

Дайын тұрғанын ерттеулі.


61.Адам боп келіп, пенде боп итше таластық,

Бал болып келіп, малдан да кейде ары астық.

Тобаға келу, тазалық АЛЛА өзіңнен,

Иманға ұю-үндестік, мәңгі жарастық!!!


62.Адам боп жансақ өзіңнен АЛЛА ұшқыны,

Мәңгілік сенсің адамгершіліктің ұстыны.

Алыпты тозаң, мөлдірді қатты еттің сен,

Орнына қойдың күштіні...


63.Құдірет сенде, ұлылық саған жарасқан,

Жете алмай саған тіршілік ғұмыр таласқан.

Тек сенің арқаң шетсіз де шексіз дүние,

Бас иіп сенімен санасқан!!!


64.Ешнәрсе тағы ескерілмей қалмас тасаңда,

Адамзат жырдан жылынса сыйым осы АЛЛА.

Өзіңе деген сеніммен иман ұлғаяр,

Тіршілік жайнар қашан да!!!



Төкеев Бертай Есмаханұлы.

27.04.2010жыл.

Ән: Аралым.
Шағала шулар Аралым,

Еліме керек бағалым.

Кемелер қалып қайраңда,

Жүрекке жетті жаралы үн.

Қайырмасы:

Сырдариядан жаралған,

Амудариядан нәр алған.

Аралым ару секілді,

Қос бұрымдарын таранған.

Оралар қайта бақтайсың,

Теңіз боп сабыр сақтайсың.

Туған жер, қамқор еліңдей,

Жылуды сірә таппайсың.

Туған жер, ата-анаңдай,

Жылуды сірә таппайсың.

06.04.2010жыл.


Ән: Нәзік жүрек
Мөлтілдеп нәзік жанарың,

Мұңайдың неден қарағым?

Жаралы жанды от кеулеп,

Өртеніп тағы барамын.


Көздерің мөлдір тұңғиық,

Талғамың тәтті тым биік.

Қиыла қалған құралай,

Күнімдей болдың нұр құйып.

Қайырмасы:

Ай, арман-ай,

Жалған-ай.

Қиналған нәзік жүректі,

Әуреге небір салғаны-ай.
Қуат ап сырлы тілектен,

Арылып ойдан жүдеткен.

Аңсаудан арып, армандай,

Сағынышпенен күн өткен.

16.04.2010жыл.
Сағыныш-сыңарым...
Сағыныш-сыңарым,

Үндемеу-ұнарым.

Арманға қол создым,

Кінәлі шығармын,

Шыдармын...

Арманға асықтым,

Өмірге ғашықпын.

Намыста шыңдалдым,

Арлыға ашықпын,

Асықпын...


Сенімдімін,

Аңсаумен желінді күн.

Сағыныш-сен екенсің,

Көктемдей көріндігім,

Үмітте өрілді мың.
Өмір...
Сағынсаң мені, сезілем мөлдір тұнықтан,

Аңсаудан адам арыла алмады құрықтан.

Арымен асқақ арманға қарай асыққан,

Шаттана күліп, намыспен шығар тұйықтан.


Сағынсаң мені, сезілем мөлдір жастан да.

Бұлқынған жүрек тағдырдан сірә асқан ба?

Кездесер бәрі қиындық пенен қызық та,

Байлық пен бақта, жұлдызды шақта мастанба.


Кездесер жолдар түзу де қисық, ирелең,

Қалуың абзал адамдық атты сыйменен.

Өмірдің басы ағарған ақ таң секілді,

Өмірдің көбі пенделік күйбің, күйбелең...


Досым Гауһарбекке!
Өнері сірескен,

Сырласып бір өскен.

Жанынан жыр ескен,

Өмірі күреспен,

Иманы ілескен.

Гауһарбек досымсың.

Ең қымбат үлеспен,

Шыға ма күн естен?!

Жақсылық тілестен,

Толғауым қосылсын!

Ерекше туғансың,

Қасиет жиғансың!

Домбыраң киелі!

Қазаққа қиғансың!

Әр ісің тәрбие!

Жастарға имансың!

Өнерің баянды!

Жая бер саяңды!

Бақытың базарлы!

Аман бол аяулы!!!

01.05.2010жыл.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет