Серпілтер сезім сұлуы!



жүктеу 0.7 Mb.
бет3/4
Дата03.04.2016
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4
: jobalar -> orleu -> bertai
bertai -> Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен Өз-өзін танып әр жан әлем таныр
bertai -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
bertai -> Рух күші. (поэма) Төкеев Бертай Есмаханұлы
bertai -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
bertai -> О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…
bertai -> Cезім күші Көңілім көкте самғады, Сағыныш бойды тербеді. Жарқ еткен сәуле жандағы, Сезім боп маза бермеді
bertai -> Төкеев Бертай Есмаханұлы Қайырымдылық пен қатігездік
bertai -> Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен
bertai -> Бертай Есмаханұлы Төкеев. Тойың тойға ұлассын
bertai -> Жігіт пен қыз сыры

Айлы түн...

Сағындым сені, осы бір айлы түнде ерек,

Бәрі де жақсы, жаныма өзің шын керек.

Өткен күндерге өзіңмен ойша оралсам,

Секундым сәнді, минутым мәнді тым бөлек.
Жадырап жаным үніңнен қуат алғаны,

Амандық болсын, орнына келер қалғаны.

Ерекше күйде сезімге сені серт еттім,

Ұмытпай ұлы АЛЛАНЫ.


Назыңнан сенің, тебірентіп жанды ұйытқан,

Күш алып сенен шығамын шыңға тұйықтан.

Сүйкімділігіңмен сүйінтіп сәуле себесің,

Ауырлық түсіп иықтан.


Алыста болып, арманға мені бастадың,

Түсіне білсек өмірдің өзі қас қағым.

Көңілде қымбат ертеңге деген мол үміт,

Өмірге сымбат мөлдіреп өтер жас шағың.


Қуаныш көрем өмірде мынау барыңа,

Күліп жүр күнім, мұңайма тағы арыма.

Өзіңді сезіп, жеңемін, қарсы тұра алам,

Өмір қиындықтарына...

13.05.2010жыл.

Сағыныш күй.

Өмір-ай, өмір, сағыныш қайта басталған,

Аңсауын құрап, бұлттар да төнді аспаннан.

Көктемнің күні-ай, жаңбыры бірге сіркіреп,

Көңілді ерітіп, жүректен бейне жас тамған.
Пәк сезім әлде өмірді мәңгі сақтай ма?

Көңілін адам, шарқ ұрып іздеп, таппай ма?

Жүректе қалған, мәңгілік арман ару қыз,

Аңсатып жүрер бақтай ма?


Есімде қалды ай-ару-сұлу-келбетті,

Жаныма салған сезімдей жылу өрнекті.

Ғарышта болып, жалынға мені ораған,

Алыста болып сағынышыменен тербетті.

22.05.2010жыл.

Көңіл көктемі.
Сағыныш мені жетелер,

Бағымның жылылығына.

Елесің мені мәпелер,

Аңсатып сұлулығыңа.

Әр күнім түндерімменен,

Сағыныш құрды тізбегін.

Сені ойлап, күлгенімменен,

Өзіңді іздедім.


Бұлбұлым сйраумен тағы,

Сағынышыңды ұқтырды.

Сыры мол қарасыңдағы,

Құлатар мықтыңды.


Табиғат талдырып жанды,

Сұлулық сананы шырмап.

Сезіммен өмір де мәнді,

Сүюмен көңілде ырғақ.


Өмірге ұмыт өкпеңді,

Жақсылық жанда жаңғырып.

Көркейтіп көңіл көктемді,

Келеміз артқа қалдырып...


31.05.2010жыл.
Сұлу-уақыт.
Өзіңді іздеу себеп-ақ,

Аңсауым тағы бөлек-ақ.

Жабырқар жаным жауқазын,

Жылы сөзің керек-ақ.


Сырымен өмір сымбатты,

Жүректе жандар қымбатты.

Қамшы сабындай гүл ғұмыр,

Сыйластығымен ырғақты.


Ғажап қой өмір сезінсек,

Қамқор боп жанға көз ілсек.

Ақ үміт алға жетелер,

Ертеңге нұр боп себілсек.


Адамдық атта бекіндік,

Тіршілік-қонақ, өкілдік.

Қадірін білмей әр сәттің,

Өткізіп алып өкіндік.


Жылдар-ай жырлар жырлаған,

Әрбір жан бейне сыр маған.

Көрсетіп уақыт сұлулық,

Көрсетпей бәрін ұрлаған...

Білдірмей бәрін ұрлаған...

03.06.2010жыл.



Ән: Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған!
Жанатым-ақ келінім аңқылдаған!

Тектілік, жаны алтын жалтылдаған.

Сымбатын салиқалы саналы ұғар,

Қымбатым ұлымменен жарқын маған!


Жанатым-бақ сыйлаған қызым-елік!

Шаттандым, аққу көрік жүзін көріп.

Жан жарым анаң болып шыға келді,

Жайнайды ай мен күні ізіне еріп!


Жанатым-қуанышым, ұрандадым!

Бақыттан бір орнымда тұра алмадым!

Көзімнің ағы менен қарасындай,

Алладан амандығын сұранғаным!!!


Жанатым-қанат қаққан қарлығашым!

Қасиеттім, қазынам-ары басым.

Түтінін түзу етіп, төрді ұсынар,

Өмірді жалғастырар мағынасың!


Өсіңдер, көркейіңдер, өркен жайып!

Ұрпақпен көбейіңдер, мәңгі байып!

Ұлыммен ұлылыққа ұмтылыңдар!

Атаңның ақ тілегі-саған лайық!!!


14.06.2010жыл.

Сәулелі сәтің сәттілік!

Айтудай айтып жатырмыз,

Тыңдайтын құлақ болса егер.

Бастаған істе батылмыз,

Ұрпақпен өмір бал-шекер!
Ақиқат-алып, шындық-шың,

Өнеге-өмір өлшенер.

Жақсыға жастар ынтықсын,

Тыңдайтын құлақ болса егер.


Айтарым әлі көп еді,

Бұл өмір мәңгі тұрмастай.

Жақсылық түбі жеңеді,

Гүл-жүйрік көңіл тынбастай.


Өмірді үлкен түсінер,

Әр сәттің қымбат екенін.

Үлкенді сыйлар кішілер,

Бәріне тәубе етемін.


Өмірге бірдей қонақпыз,

Түсінбей жүр-ау көп пенде.

Әр күнді іске жаратқыз,

Жердегі жұмақ Меккеңде...

17.06.2010жыл.

Мөлтілдеп, мөлдірлікпен өтер жалған...
Өкпелеме, ешкімге налыма да,

Мұңайып адам мұңнан арыла ма?

Өзіңді өзің көтер, өзге қайтсін,

Күліп жүр «Өмір» атты сахнада.


Жауабы жоқ сұраққа берілме де,

Тағдырыңа қарсы тұр жеңілме де.

Ертеңгі ертегіден үміт үзбе,

Бал бақытың қажыр мен сенімде де.


Алтыннан арнап соққан мүсіндейсің,

Адамды адам болып түсінбейсің.

Өткен күн өкінішпен өкіндірсе,

Алдағы арман таудан түсірмейсің.


Жаратқан жарық сыйла жаңылмастай,

Көңілдің көркем күйі әнге ұласқай.

Қазақтың қасиетті қара қызы,

Самғай бер өз көгіңде қарлығаштай.


Мөлтілдеп мөлдірлікпен өтер жалған,

Мәңгілік бұл өмірде кімдер қалған?

Ұтады абыройын асқақтатқан,

Биікте адамдығын сақтап қалған!!!

18.06.2010жыл.
Өкініш...

Күлкім қайда?..күле алмай барамын да,

Шыңында өстім қызықтың алабында.

Көгергенмен шабыттың дарағында,

Қалып қойдым түпсіз ой шанағында...
Аққуды аққу етпеу айдынға сын,

Қыранға айып қанат қайырылғасын.

Әттең-ай адал досты сақтай алмай,

Аһ ұрдық қапылыста айырылғасын...

16.08.2010жыл.
Көңіл алаң...
Ауырмашы, менің де күнім не болмақ?

Жайыңды ойлап, санаға түсті шын салмақ.

Қалдырдық артқа қиындықтарды қайыспай,

Ұрпақпен қызық, өтейік өмір бірге арнап.


Ұйықтамай жүрсің, уайымдай бердің беріліп,

Өзіңді ойла, күлгенің деннің көрігі ұқ.

Жөн сөзді айтсам, басқа жақтарға бұрасың,

Айтты деп ақыл ерігіп.

Өз-өзін сақтап, қалатындай-ау құрыш тау,

Бар ойым сені ардақтау, сыйлау, суыспау.

Пенделік ойдың жетегінде жүрген адамның,

Мақсаты өзін дұрыстау...

20.08.2010жыл.

Келіннің сәлем салуы...
Келіннің сәлем салуы,

Жүректі кетер жандырып.

Ерекше елеп тануы,

Қуаныш екен мәңгілік!!!


Көңілің кетер құлпырып,

Періште келін иілген.

Сыйластық екен үн құрып,

Бар әлем аңсап сүйінген.


Қызыңдай көріп ұялып,

Ұлыңа риза боласың.

Алладан бөлек сый алып,

Жауапты ата-анасың.


Келінмен келген күн шуақ,

Жылытқан әрбір отбасын.

Ынтымақ екен шын қуат,

Шаңырақ бақыт тапқасын.


Ақ келін-әлем аруы!

Берекелі үйде бақ тұрған.

Әр таңмен сәлем салуы,

Жауапкершілікті арттырған!!!

25.08.2010жыл.

Достық жыры.
Достарға жаным құмар,

Әрбірі сыр дастан ба?.

Уайымым ұмытылар,

Құрдаспен сырласқанда.


Қайырмасы:

Қуаныш қойнауында,

Шын достық жайлауында.

Барыңды бағаласаң,

Жақсылық, жайнауың да,

Қуансаң, қиналсаң да,

Нағыз дос іздеп келер.

Өмірдің мәні сонда,

Достықпен тізбектелер.
Қызықты өмір кештік,

Достардың арқасында.

Сыйластық сыры дестік,

Кластас партасында.

Әзілдің жарасқаны,

Құдайдың қарасқаны.

Достармен ашылады,

Көңілдің бар аспаны.

26.08.2010жыл.

Өмір...

Өмір келте еді,

Бәрі ертегі.

Көңіл тойымсыз,

Сезім шертеді,

Сағыныш өрт еді...


Қуаныш қымбатты,

Сұлулық сымбатты.

Сенімнің сертінде,

Гүл-өмір ырғақты,

Шын бақты...
Абырой ардақты,

Сыйластық салмақты,

Өмірде өрнегің,

Жайнатар жанжақты.

Қалмақ-ты...
Тағдырың мың толғау,

Арманың шың-самғау.

Мақсатың, міндетің,

Өмірде қор болмау,

Ар,намыс,сын-қалмау.
Мейірім жүректен,

Сыйласу тілектен.

Сабырың сақтайды,

Ақылың гүл еккен,

Ниетпен...

08.09.2010жыл.



Саябақ...
Алыссың, жақындығың сезіледі,

Ой-ұшқыр қиялыммен кезігеді.

Жүректің саялайтын саябағы,

Жанымның жарық күні-өзің еді.


Әйтеуір сол саябақ жақын еді,

Көңілді жадыратар салқын лебі.

Сұлулық болмысымды баурады да,

Әр берер әсемдігін сан тіледі.

Табиғат тартымдылық тал бойында,

Бауыр басып қалары кім ойында?

Шынында шынайылық шыңында тұр,

Мөлдірер нәзіктікпен абыройында.


Сылдырап сыпайы боп бұлақ ақты,

Табиғат жұмбақ болып, тына қапты.

Бойыңды балқытады бұлбұл әні,

Тал, құрақ көркейткендей гүл алапты.


Ақ арман алқынумен алда келер,

Тек үміт талпынумен соңғы сөнер.

Табиғат тылсымымен тынықтырып,

Тартылыс сағынышпен арта берер...


10.09.2010жыл.

Ой-түйін.
Ертеңгі күнге сеніммен,

Бүгінгі күнім желінген.

Табиғатымдай тартылып,

Күлесің күн боп көгімнен.


Намысым алға жетелеп,

Үмітім арда мәпелеп.

Қасиетіммен қаланып,

Адамдық құнын өтемек.


Оранып ойға жекемін,

Жерге де сыймай кетемін.

Сезіммен келіп өмірге,

Сағынышыммен өтемін...


Жаңғырып жанда жана алмай,

Өздерін өзі таба алмай.

Пенделер неден ұтпақшы?

Көзбе-көз өзін және алдай.

Түбіне ойдың жетпедім,

Көңілім көктер көктемім.

Жақсылық жасап қалайын,

Белгілі бір күн өтпегім...

22.09.2010жыл.
Нұрланға!
Қырқыңда Нұрлан қыранша алдың қамалды,

Құрдастарыңнан келесің озып топ алды.

Намысты туған Алаштың асыл ұлысың,

Бауырың болып берейін әділ бағаңды.


Көкпарда қайнап, ауыздық шайнап, өскенсің,

Тұлпар боп туған бөріден қалай сескенсін?

Әкеге құрмет, анаға тағзым еттің де,

Сәби көңіліңмен сағыныш күйін кешкенсің.


Көтеріп жүрсің жігіттің жалын жалауын,

Айқындаттың да адамгершілік асқақ алауын.

Тәрбие беріп Бақдәулет, Мерей, Саянға,

Жаныңда бақыт Айгүлдей аққу қалауың.


Өзгерген жоқсың байлықта, барда, ісініп,

Қасиетің сол қарапайымдылық, кішілік.

Заңгерді оқып, заңдылық жолда келесің,

Құрметім осы үшін ұқ!


Келіпсің қырыққа қыранша самғау-заңдылық,

Бағыңды тілей өзіңе сенім таңғы үміт!

Отбасыңменен бақытқа толып базарлы,

Баянды болсын мәңгілік!!!

30.09.2010жыл.

Намыс.
Намыс қой алға апарар,

Жігерді жойқын жандырар.

Қайратты қайрап шақырар,

Ерлік те содан жаңғырар.


Өрлікке бастар өренді,

Қайсарлық қайтпас қыранда.

Намыспен ерлер теңелді,

Айналып аңыз, ұранға.


Ұят тұрар әркез биікте,

Ар тұрар оны аялап.

Қалсаң да қанша күйікте,

Өміріңді жаса саябақ.


Жанардан жасың тамшылап,

Жүрудің мәнін анықта.

Намысың сені қамшылап,

Шығарар әркез жарыққа.


Көкіректі намыс кернейді,

Бағалар сені ел біле.

Үміттің оты сөнбейді,

Өмірден орын белгіле!


Жалғанды жағымды еткен,

Ардақтау арды ұятты.

Адамдық көрінсе көктен,

Жеткізген намыс сияқты.


Бір сөзді ілгері басар,

Қасиетпен адам бекем-ау.

Пенделік, осалдық жасар,

Намысы аздан екен-ау...

07.10.2010жыл.
Қыран болып өтермін биігімде...
Күліп жүрсең көңілде, от шынармын,

Сен түңілсең өмірге, жоқ шығармын.

Қапа болсаң, күйреліп, күйің болмай,

Майыспайтын полаттай шарт сынармын.


Қыран болып өтермін биігімде,

Төрт құбыласы түп-түгел күйі кімде?

Жырларымнан жаураған жылу тауып,

Тарқатады шерлерін, күйігін де.


Мен өнермен жасадым мүсінімді,

Қобыз үннен емделер кісі мұңды.

Адамзаттың жүрегін ұғар болсақ,

Шешілмеген жұмбақтай ғасыр үнді...

11.10.2010жыл.

Алып ана.
Аяулы анам алыпсыз,

Жүректе мәңгі қалыпсыз.

Шаршаған сәтте шырақ боп,

Аңсаған сәтте жарықсыз.


Сізбенен мәңгі жалғандық,

Сыйлапсыз ұлы заңғарлық.

Мейіріміңіз күнмен тең екен,

Елесіңізге бүгін алдандық.


Алланың нұры құйылсын!

Пейіштен жаннат бұйырсын!

Құдіретке құштар қалың ел,

«Ана»-деп бүгін сыйынсын.


Дарабоз дүние данамен,

Сымбатты сұлу санамен.

Көңілдің гүлдеп тұруы,

Өмірдің мәні анамен...

02.11.2010жыл.

Тылсым табиғат...
Табиғат екен жапырақ жанды жасартқан,

Мөлдірей қалып, үмітті бірге қоса артқан.

Уайымнан бөліп, әкеліп сәби пәктікке,

Балқытып бойды тазартқан.


Алдыңнан шығып, иіле қалып шыршалар,

Арылып ойдан күн бойы езіп тұмшалар.

Мөлтілдей қалып, көлменен сырлас боласың,

Табасың досты мұң шағар.


Тербеліп кетіп, елжірей түсіп, елеңдеп,

Сұлулықпенен көңілің нұрға бөленбек.

Иманың артып, ибалық тауып, әлемнен,

Тұрасың тынып, «Қайтадан қашан келем»-деп.


Мүмкін де емес желпініп, желдей желікпей,

Ерекше болып, емірене түсіп еліктей.

Ұлылық тұнған табиғатқа тағы тартылып,

Қалмассың жанды ерітпей.


Шыға ма естен табиғат ару құрағы,

Сұлулық-сиқыр, көңілдің болды тұрағы.

Сезімнен тағы селк еттім дағы сілкініп,

Шайқалтты шабыт пырағы...

13.11.2010жыл.
Сын-ағыс...
Күндерім менің өтіп барады зуылдап,

Өмірді сүйдім көңілім қалай суынбақ?

Жүректе жүрген қаншама жандар қадірлі,

Тілекте болып, соншама жырлар туылмақ.


Сүйікті жанның сағым боп сырлы елесі,

Толқын мың ойдың сағыныш болды кемесі.

Қуансам дағы сен тұрдың нәзік көңілде,

Жұбансам тағы үмітті жақтың келесі.


Құштармын өмір, сұлулық мәңгі сұраныс,

Жастық шақ жақын қалғанмен артта тым алыс.

Көңілі таудай, пейілі баудай адамның,

Тіршілік атты күресі бейне сын-ағыс...



Табиғат ару.

Көңілден шыққан аруым,

Өмірден ұққан тануым.

Сағыныш толы қуатым,

Жұбаныш, дос боп қалуың.
Саялы бақтай көркемсің,

Өсетін өнер өркенсің.

Сұлулық сезгіш бұл жүрек,

Сағынышыменен өртенсін.


Тап-таза кәусар бұлақсың,

Ертеңге жанған шырақсың.

Айнадай мөлдір болсаң да,

Өмір-ай жұмбақ, сұрақсың.


Керіліп тұр-ау күз келбет,

Жаңбыры жанның мың селдет.

Мөлдірер табиғатыма,

Қарсы тұра алмас мұң-жендет.


Ертеңге үміт артылып,

Табиғатқа кеттім тартылып.

Санамда самғап сұлулық,

Жайнады жанда бар тұнық.


Көңілдің туы желбіреп,

Сағыныш тұнды мөлдіреп.

Табиғатқа тұтас тартылып,

Айналғым келді елжіреп...

29.11.2010жыл.

Қызық-қиын...

Өмір мені шуағына бөледі,

Жақсылармен жаның нұрға енеді.

Жақсы ісің қалдыратын өмірде,

Тек жақсылық түптің түбі жеңеді.

Қиянатпен адам сірә оңбайды,

Қайырымдылық гүлі мәңгі солмайды.

Адам болып адамдарды түсінбеу,

Адамзатзатқа бейқам болу зор қайғы.
Өмір сүріп шеше алмадық шешуін,

Ішкенменен неше балын, неше уын.

Адамдыққа байланысты екен-ау,

Биігіңде қалып, өніп, өсуің...


Шерлі жүрек қамқор күтер расында,

Кім ойланар жастық жалын жасында?

Шынында да қорқынышты екен-ау,

Қартайғанда дос қалмаса қасында.


Шаттанамыз шарықтатып шыңымыз,

Бар әлеммен үндескендей үніміз.

Ойландық па, дәурен мәңгі тұра ма?

Ертеңгі күн қалай болар күніміз???

02.12.2010жыл.

Алғашқы қар.

Даланы әппақ қар басты,

Жаңалық болды алғашқы.

Көңілдің күйі күмбірлеп,

Қуаныш жырға жалғасты...
Көңілде сезім қалықтап,

Аяулы кезін анықтап.

Жан жақты әппақ әрлі етіп,

Аяз да өзін танытпақ.


Қыраумен салып өрнегін,

Куәсі болып көрменің.

Тазалық тауып жаныма,

Табылды көктен жердегім.


Ең тәтті сәтті ұға алдым,

Табиғилыққа құмармын.

Сұлулық үшін туылып,

Өмірге келген шығармын.


Ақ түске енді жер беті,

Айналды нұрға келбеті.

Осы бір мөлдір шырын сәт,

Өмірдің шекер шербеті...

14.12.2010жыл.

Жүрек-жыр-бесік

Ең соңғы демде үмітін адам үзбеген,

Келесің алда қасиет қонған ізбенен.

Қиындықтарды қайыспай нардай көтеріп,

Намысы үшін өмір сүреді қыз деген.
Ары үшін асқақ сіресіп, күн-түн күресіп,

Мөлтілдей қалып, арманға алып ілесіп.

Қазақтың қайсар қарлығаш қымбат қызына,

Арнадым жүрек-жыр-бесік!


Жан-жаққа самғар, көркейтіп көңіл толқыны,

Дір етер жүрек, ойладың кімді сол түні?

Бақыттың бағын өзіңе-өзің орнаттың,

Ырыстың күтер мол күні...


Аямай жанды, аялап таза арыңды,

Күтесің алдан қуаныш, шаттық таңыңды.

Ғаламды сүйдің, адамға мәнді ой тастап,

Қасиетіңмен қаласың мәңгі жағымды.


Әр шыңың күрес, кезің де жоқ-ау іркілген,

Еңбекпен өткен бір күнің қызық бір күннен.

Тамамдап тау іс, жайраңдап қана жүресің,

Айналдым сенің, айналдым сәби күлкіңнен!

04.01,2011жыл.

Өмірді сүйдім...
Өмірді сүйдім, құштар боп алға ұмтылдым,

Сәулесі болдым келіспей тағдыр бұлтымның.

Күн болып келем көңіліме көктем күй қосып,

Ертеңге сенем, намысы берік ұлтымның.


Ғажап қой өмір, мәңгілік мәнді сыйластық,

Жүректе жүрер үлбіреп сезім қимастық.

Ертең-ақ келер қасиет тұнған кәрілік,

Бүгінгі жалын сағыныш толы гүл жастық.


Сағыныш толы, қымбатты жандар жүректе,

Өседі көңіл, жайнайды өмір тілекте.

Жаныңды жайнат, бұлбұлды сайрат бағыңа,

Орныңды сайла, өзіңе арнап гүл ек те.


Қуаныш жолы, перзентпен адам гүлдемек,

Бақытқа мәңгі жалғану деген бұл демек.

Өзіңді сыйлап, өзгені құрмет етесің,

Жабыққан жанға сағынтқан тілек-шын көмек.


Өмірді сүйдім, еледім керек жақтарын,

Адалдық үйдім, адамдық болды мақтаным!

Ер болып жүру еліммен екен еленсек,

Ақ тілек, үміт, сенімі екен-сақтарым.

11.01.2011жыл.

Беу, қымыз...
Мейірің қанар қымыздан қуат алғанда,

Нұрланып санаң ерекше енген талғамға.

Сусынның өзі-бабаның көзі, мұра боп,

Ұрпаққа мәңгі қалған ба?


Қан болып бойға, нәр беріп ойға дем берген,

Қымыздан қанша қиналған жандар емделген.

Жайлаудай жарқын, пейілі кең, жылқы мінездес,

Қырандай халқым биікті заңғар жөн көрген.


Ерекше дәмі, гүл иісі кеуде кернеді,

Ішкенде сусап, мерейің өрге өрледі!

Ұрпақтың қамын қымыздай баптап, ойлаған,

Бабаның қайсар еңбегі...

12.01.2011жыл.

Көзіме қара...

Көзіме қара, өзіңді неге алдадың?

Сәби боп келген пәк күйде неге қалмадың?

Жалғандық жайлап, жазықсыз жаулап жаныңды,

Ақшаға арбар арманың.
Есепке құрып, әрбір сәт, басқан қадамды,

Ажырата алмай арам мен асыл адамды.

Өзіңе өзің мәңгілік тозақ дайындап,

Дүние-қоңыз, билепті тесіп санаңды.


Қоғамды құртар ірітіп екі жүзділік,

Жағымпаздар жүр жалпақтап, тағы үздігіп.

Қанменен келген қасиет, қайда қырандық?

Сөне ме баба ізгі үміт?


Кешіргін баба, ұрпағың кетті майда боп,

Ұйқыда бәрі, оятқанменен пайда жоқ.

Ар, намыс, ұятын, адамдық атын ұмытқан,

Албастыларға айла жоқ...


Бабалар жолын жалғастыра алар біз бе едік?

Пенделер басым, періштені елден іздедік.

Жаралы жанды жарыққа ғана бастайтын,

Алладан үміт үзбедік!!!

14.01.2011жыл.
Сағыныш...
Жүрегің сезер алыстан айқын тілекті,

Жандағы ашар құлыптанған құрсау түнекті.

Сағынған досқа алаңдап күн-түн жүреміз,

Болсақ та алыс өміріміз біздің бір өтті...


Шалғайдан сездік, бойға алып қуат тіректі,

Ойлармен кездік, аңғарып жүрек, дір етті.

Таңменен тұрдым тағы да сені аңсаумен,

Бұлбұлым сайрап, өзіңді ойға ап, сыр етті...


Кеудені кернер тап-таза таңның самалы,

Далада аяз құрсанған әппақ жағалы.

Қай жақтан келді оятқан мені от сезім?

Оянған қала жоқ әлі...


Жылылық сездім мұз қатқан таңғы аяздан,

Тазалық кездім сүйсінтіп алға ой озған.

Табиғат неткен ақылды еді ойы аздан,

Семіріп көңілі адамдар көп қой жаны азған...


Табиғат-демеу, ақылшы, қуат бірақ та,

Сол жақтан ізде, жауабың дайын сұраққа.

Сағыныш тағы барасың қайда әкетіп?

Жанымда болғын, жүрекке қонғын, тұрақта...

18.01.2011жыл.
Сен болмасаң...

Сен болмасаң біртүрлі екен жанымда,

Күнім батып атпайтындай таңым да.

Сен аман бол, сені жырлап өтермін,

Кірпік қағар мынау өмір ағында...
Сен болмасаң күнім менің қараңғы,

Қалай жазам жүректегі жарамды?

Мынау өмір арналыпты өзіңе,

Барлық құрмет, пәк жырларым саған-ды.


Сен болмасаң өмірім түн көмескі,

Сырлас етем ашылмайтын елесті.

Сен көрінсең жан дүниеме көктем кеп,

Көңіл шіркін, ай мен күнге теңесті.


Сен болмасаң сәби-өмір көріксіз,

Сені ойладым, алаңдадым еріксіз.

Балалықтың бал-бағынан шыға алмай,

Орта жастың орманына келіппіз...


Сен болмасаң уайым шырмар миымды,

Оймен қалу жалғыз жанға қиын-ды.

Аман болсаң мен биікке самғармын,

Жанға жақын алып барлық сыйымды.


Сен болмасаң жүрек қалай көз ілсін?

Санамдағы сақталатын сезімсің,

Жанымдағы жайқалатын жауқазын,

Бар бақытым, барым, нарым-өзіңсің!

27.01.2011жыл.

Қайда сол кез?
Қайда сол кез?, жарқыраған, жайнаған?

Жастық шақтың майсасында аунаған.

Көзді ілмей таңды сұлу атырған,

Қол ұстасып әсем бақта жаураған.


Қайда сол кез?, жүрек соқса дембе-дем,

Шаршамайтын жарысатын желменен.

Алаулаған, жалындаған қимас сәт,

Енді ойласам қайта айналып келмеген.


Қайда сол кез?, тебіренте теңселер,

Жететінбіз сағыныш-өрт жеңсе егер.

Жанымызды аямадық жан достан,

Бұл күндері ол ерлікке кім сенер?

Қайда сол кез?, ат жалына жармасқан,

Жастық жырын шырқадық-ау қанбастан.

Өте шықты-ау уайымы жоқ сол күндер,

Бойжеткендей көз қиығын салмастан.


Қайда сол кез?, жоғалған ба іргемде?

Бір сағыныш шыр айналып жүр менде.

Алға ұмтылып, жоғалтқаным жоқ емес,

Абыроймен адамша өмір сүргенде...

29.01.2011жыл.

Тілек!

Асыл ана туылған күніңізбен!

Сәби болып үн қаттық үнімізбен.

Болашақты ойлайсыз күндіз-түні,

Уайымдаудың түйіні, сыры бізбен.
Ана болып даналық таныттыңыз,

Қанша жанға жақсылық дарыттыңыз.

Өзін-өзі танумен, қасиетпен,

Жат пиғыл, жамандықтан арылттыңыз!


Ақ пен қара айқаста, таласы мың,

Жақсылықтың жасайсыз жарасымын.

Рухани дүниеге бастадыңыз,

Қорғаны болып әлем баласының.


Шаршамай жан мен тәнді шынықтырып,

Мәңгілік тазалықтан сыр ұқтырып,

Ана боп, мейіріммен шуақ шаша,

Келесіз бар әлемді біріктіріп!


Тіледік денсаулық пен бақыт сізге!

Талпындық қасиетпен салған ізге.

Аяулы адамдыққа шақырдыңыз,

Қаласыз мәңгілікке есімізде!

29.01.2011жыл.

Қуаныш қандай!
Қуаныш қандай, жанымда жүрсең жадырап,

Күн сайын көрсем көңілім сені танымақ.

Жүректің жырын жаңбырша сеуіп өтермін,

Өмір-гүл-жүйрік арғымақ.


Еріді қар да, ой-бұлт көшті құралмай,

Сүріндім сөзден сен жаққа қарай, сыналмай.

Дір еткен жүрек тағы да нені сездірді?

Алаңдай берер қия алмай.


Қуаныш қандай, жанымда аман жүргенің,

Сезінген бақыт секілді баста бұл менің.

Өмірден алған, мәңгілік жанған сыйымсың,

Киесі басты жүлденің!


Қуаныш қандай, жүректің дүрсіл соққаны,

Тағдырдың бүгін қуана есік қаққаны.

Жақсылық сыйлар жақсымен жаның жадырар,

Атқандай өмір бақ таңы.


Қуаныш қандай, көтеріл көңіл, жаңар күн!

Таңменен тұрдым, тазалық жанға табармын.

Мөлдірей қалды тып-тыныш сәби дүние,

Жауқазын жырмен мәңгілік жас боп қалармын...

15.02.2011жыл.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет