Сәуле Есмағамбетова, Заңгер тмд елдерінің арнаулы қызметтерінің қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастығы



Дата28.04.2016
өлшемі48.9 Kb.
Сәуле

Есмағамбетова,

Заңгер


ТМД елдерінің арнаулы қызметтерінің қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастығы
Мемлекеттердің беталыс ережелерін реттейтін және барлық мемлекеттерде қалыпты қарым-қатынастың сақталуын және өзге халықаралық субъектілердің өміршеңдігін негіздейтін көптеген нормалар бар. Мемлекеттің күнделікті қызметінде және өзара қарым-қатынаста басшылыққа алынатын нормалар өзіндік рөлін атқарады.

Мемлекеттердің ынтымақтасу принципі мемлекеттерді экономикалық, әлеуметтік және мәдени сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу ісінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға және бейбіт өмірді, қауіпсіздікті қолдауға міндеттейді.

Мемлекеттер өзара бір-бірінің ішкі және сыртқы қызметтеріне араласуға қысым жасамай, әділ ынтымақтастықта болулары қажет. Ынтымақтастық БҰҰ Жарғысында, Декларацияларында көрсетілгендей, жалпы алғанда, барлық мемлекеттерге, адамзатқа пайдалы болуға қызмет етуі керек.

Ынтымақтастық принципі басқа халықаралық құқық принциптерімен тең дәрежеде ТМД елдері, оның ішінде Орталық Азия мен Қазақстан өңірлері үшін аса маңызды болып отыр. Қазірдің өзінде ынтымақтастықтың ТМД және жаһандық шеңбердегі геосаяси дәрежесі бар.

Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық саласындағы қолданылатын реттеуші нормалар қылмыстар туралы істер жөніндегі юрисдикцияны шектеу тәртібі мен шарттары; тергеу, жедел іздестіру, сот және нотариустық іс-қимылдарды орындау барысындағы мемлекеттік органдардың өзара құқықтық көмегі; мемлекеттердің құқық қолдану органдары арасында тәжірибе мен қызметтік ақпарат алмасу, азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшін қылмыскерлерді тапсыру мен қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық болып табылады.

Мемлекеттердің қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастыққа халықаралық сипаттағы жалпы қылмыстармен күрес қосылады.

Қазіргі таңда қылмыстың алдын алу, күресу және құқық бұзушылармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың түрлі нысандары бар.

Қылмыспен күресуде көптеген мемлекеттердің бірлескен күштерін анықтайтын көптарапты конвенцияларға, келісім-шарттарға қол қойылып, бекітілді. 1961 жылы 30 наурызда есірткі құралдары туралы Бірыңғай Конвенция, ал 1971 жылы 21 ақпанда Психотроптық заттар туралы конвенция қабылданды. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы Монреаль конвенциясы 1971 жылғы 23 қыркүйектен бастап әрекет етеді. Қазақстан осы Конвенцияларға қосылды.

1991 жылдың аяғында Кеңес Одағы ыдырады. Халықаралық қоғамдастықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) термині пайда болды.

ТМД құрылтайшы құжаттары, Жарғысы, қызметі Достастықтың өңірлік халықаралық ұйым болып табылатынын көрсетеді. Достастық егемен мемлекеттердің халықаралық келісім-шарттарға қол қою жолымен құрылды. ТМД үйлестіруші органдар ретінде нақты мақсаттарға сүйенеді.

Достастық саяси, экономикалық, мәдени және өзге салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін құрылды. Әсіресе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қарулар мен әскерлерге жұмсалатын шығындарды қысқарту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асыруға, жалпы қырып-жою қаруларының ядролық және басқа түрлерін жоюға, жалпы және толық қарусыздандыруға қол жеткізуге ынтымақтасу қажеттілігін атап өткен орынды болады.

Достастықты құрудағы мақсаттың бірі ретінде басқа салалардағы құқықтық қатынастарда өзара құқықтық көмек пен ынтымақтастықты көрсетуге болады.

Мемлекеттер ынтымақтасу процесінде халықаралық құқық бұзушылықтарды жіктеудің тәжірибелік және теориялық мәселелерін келіседі, халықаралық қылмыстардың алдын алу мен табу шараларын үйлестіреді, жеке қылмыстарға және қылмыскерлерге өзінің юрисдикциясын бекітеді, жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етеді, азаматтық және қылмыстық істерге құқықтық көмек көрсетеді, сондай-ай қылмыспен күресудің басқа да міндеттерін шешеді.

Халықаралық ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын ұстап тұруға арнаулы қызметтер ұлттық заңнамалардың әсер етуімен қалыптасады. Халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мен тетіктерін анықтау кезінде әрбір тарап арнаулы қызметтердің өкілдігі мен есеп беруін, сонымен бірге, мемлекеттік құпияларды қорғау режимін анықтайтын қызметтерден туындайтын ішкі заңдарын басшылыққа алады.

1949 жылғы Солтүстік Атлант (НАТО) одағы туралы келісім, 1947- 1948 жылдардағы Америка мемлекеттерінің ұйымын құру туралы Америка аралық келісімдер, Шенген келісімі және 1985-1990 жылдар аралығында қол қойылған Еуропа мемлекеттерінің бірқатар конвенциялары жоғары мемлекеттік деңгейде қол қойылған, растаудың конституциялық рәсімінен өткен және халықаралық құқық мәніне ие арнаулы қызметтердің құқықтық базасы бөлімін құрайтын құжаттар болып табылады.

Ынтымақтастықтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына халықаралық келісімдері арнаулы қызметтердің ынтымақтастығының дамуына жалпы ортақ құқықтық негіз болады. Саяси және әскери салаларда неғұрлым көп одақтастардың бөлігі ретінде қалыптастырады.

Ынтымақтастық негізінде кейбір елдердің арнаулы қызметтеріне жоғары мемлекеттік немесе үкіметтік деңгейде қол қойылған келісімдер мен шарттардың арнаулы қызметтердің іс-қимылы саласына қатысты бөлігі арналған.

Арнаулы қызметтер ынтымақтастығы келісімге қол қоятын барлық елдердің халықаралық - құқықтық және одақтық міндеттерінің бөлігі ретінде қарастырылады. Осы міндеттерді орындау одақтың бірлескен органдары одақтық қарым-қатынастағы жалпы контекстте бақылауға алынған. Жоғары халықаралық органдар - НАТО немесе Шенген келісіміне қатысушы-елдердің минис-трлер кеңесі арнаулы қызметтер ынтымақтастығы жөніндегі келісім міндеттерін орындау жауапкершілігін мойнына алады және кепіл болады.

Ақпарат алмасу - ынтымақтастықтың басты мәселесі. Оның өзіндік ерекше регламентеуші қатаң нормалары мен ережелері бар. Ортақ норма болып, шетелдік арнаулы қызметтерге «санк-цияланбаған ақпаратты», сондай-ақ ынтымақтастықтың ресми, анықталған тетігінен басқа өзгеше жолдармен беруге тыйым салу табылады.

Ынтымақтастықтың басқа ортақ нормасы бірігу ­—процесінде тек ақпарат көздерінің ғана емес бір арнаулы қызметке жұмыс істейтін кез-келген қызметкердің басқа қызметке кездейсоқ, рұқсат берілмеген қүжаттар ықтималдығын алып тастау талабы болып отыр. Арнаулы қызметтердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арнайы құрылған аппаратты, ерекше талаптар қойылатын кадрларды жатқызуға болады, олар ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Шетел мемлекеттері арнаулы қызметтерімен алдағы уақыттағы ынтымақтастық халықаралық нормаларға сәйкес белгіленіп, дамитын болады.

-------------------


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Устав ООН от 26.06.1945г.

2. Блищенко И.П. Международно-правовые проблемы государств, входящих в СНГ //Московский журнал международного права. 1997. №1.С.4.

3. Моисеев Е.Г. Международно-правовые основы сотрудничества стран СНГ. М., 1997г.

4. Галенская Л.Н. Международная борьба с преступностью. М.1978г.

5. Богатырев А.Г. Международное сотрудничество государств по борьбе с преступностью. М. 1990г.

6. Пустогаров В. Содружество в ракурсе международного права //Международная жизнь. 1992. №8. С.23.



7. Пустогаров В. Правовой статус СНГ //Государство и право.1993.№2. С.27.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 21bf8a770494a70b4625709b00318a48 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Айман Аспадиярқызы
$FILE -> Билердің сөзі-ақылдың көзі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет