Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 4.18 Mb.
бет8/25
Дата25.04.2016
өлшемі4.18 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
: upload -> files -> 2012
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Әулет, қала құрылысы және құрылыс
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы

12.2 Сақтандыру жүйелерін пайдалану
12.2.1 Биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде жұмыс істеп жатқан әріптестермен сақтандырудың келесі әдістері қолданылады:

- жоғарғы жүктелінген сақтандыру – жұмыс істеп жатқан адамды көтеруші жіпке жұмыс қалыбында киілген түсіру немесе көтеру құрылғысына жалғау;

- жоғарғы қатты бекітілген жүктелінбеген сақтандыру – жұмыс істеп жатқан адамды ұстағыштың көмегімен сақтандыру жібіне жалғау;

- жоғарғы жүктелінбеген сақтандыру – жоғарыдан түсірілетін және басқа жұмыс істеп жатқан адаммен ұсталынатын негізгі жіппен қамтамасыз етіледі;

- төменгі динамикалық сақтандыру – төменнен және басқа жұмыс істеп жатқан адаммен ұсталынатын негізгі жіппен қамтамасыз етіледі;

- төменгі сақтандыру – байламдағы амортизациялық құрылғымен сақтандыру.

Жоғарғы жүктелінген сақтандыру тек жоғарғы жүктелінбеген сақтандырумен үйлесімде пайдаланылуы керек.

Әріптесті сақтандыру кезінде жіптерді беру жұмысшының құлауы жағдайында оны қолмен ұстау үшін қажетті үйкелуді қамтамасыз ететін тежеу құрылғысы арқылы немесе құрылымның элементтері арқылы орындалуы керек. Сақтандыру жібін беретін жұмысшы оның қолдарын жіпті ұстау кезінде күюден қорғайтын қолғаптарда жұмыс істеуге міндетті.

Сақтандыру жібі берілетін немесе тежеу құрылғысы бекітілетін құрылымның элементтері 12 кН жүктемеге шыдауы керек.

а) Жұмыс қалыбын шектеу жүйесі

б) Жұмыс орынын в) сақтандыру жүйесі

анықтау жүйесі

Белгілер:





Анкер



Анкерлік тартқыш



Ықтимал құлау

1

Ғимараттың шеті

2

Жұмысшының шектелген жылжуы (жұмысшы құлау тәуекелі бар аймаққа жете алмайды)


12.1-сурет – Сақтандыру, жұмыс орынын анықтау және жұмыс қалыбын шектеу жүйесінің қағидасы
12.2.2 Төменгі сақтандыруды тек жоғарғы сақтандыруды жүзеге асыру мүмкін емес болған кезде, мысалы, жоғарғы сақтандыруды ұйымдастыру үшін сақтандыру жіптерін бекіту орынына жылжу кезінде ғана пайдалануға болады.

Төменгі сақтандыруды пайдаланумен жылжитын жұмысшыны сақтандыру жіптерінің тірек нүктесінен 1,3 м асатын биіктікке көтеру кезінде жұмысшының құлауы жағдайында оның денесіне түсетін жүктемені төмендету үшін шаралар қолданылуы керек. осындай шаралар ретінде келесілер қолданылады:

- динамикалық жіптер үшін – 1,0 аспайтын және созылуы төмен жіптер үшін – 0,5 аспайтын құлау әсерін қамтамасыз ететін сақтандыру жіптерін бекіту нүктелерінің және аралық тірек нүктелерінің өзара орналасуы;

- сақтандыру тізбегіне амортизаторды қосу;

- сақтандыру жіптерін ұстау (әріптесті сақтандыру кезінде).

Төменгі сақтандырумен жұмысшының жылжуы кезінде жұлыну жағдайында ықтимал құлаудың тереңдігін азайту үшін жұмысшы сақтандыру ілмектерінің және карабиндердің көмегімен сақтандыру жіптерінің аралық тірек нүктелерін жасауы керек.

Жұмысшының соңғы аралық тірек нүктесінен 5 м асатын ара қашықтыққа алыстауына тыйым салынады.

Төменгі сақтандырумен өрмелеу операциялары тек тиісті түрде оқытылған және тәжірибелі өнеркәсіптік альпинисттермен ғана орындалуы керек. Сақтандырушы адам төменгі сақтандырумен өрмелеу әдісін пайдаланатын өнеркәсіптік альпинисттерді сақтандыру бойынша арнайы оқудан өтуі керек.

Сақтандыру үшін тек тоқыма қабықтағы динамикалық синтетикалық жіптер ғана пайдаланылуы керек. Сақтандыру жібіне бекіту байламдағы бекітудің кеуделік нүктесіне жүзеге асырылуы керек. «Сегіздік» секілді сәйкес келетін ұштық түйін тікелей кеуделік жартылай сақинаға байлануы немесе бекітуші жалғастыру элементі арқылы жанамалануы керек.

Сақтандыру құрылғысы сақтандырушымен емес, бекіту нүктесімен тікелей жалғануы керек.

12.2.3 Өзін өзі сақтандыру (жұмысшының өзінің жылжуының қауіпсіздігін және жұмыс орынында жұлынудан қорғауды қамтамасыз етудің өзіндік әдісі) жұмысшының байламына бекітілген карабиндері бар өзін өзі сақтандыру ілмектерін кезек-кезек пайдалана отырып, алдын ала бекітілген жіптерге немесе тікелей объектінің құрылымдарына бекітілу және жылжу мүмкіндігі бар болатын жағдайларда пайдаланылады;

- жұмыстар жүргізіліп жатқан объектінің элементтеріне өзін өзі сақтандыру;

- диаметрі 10 мм кем емес болаттан жасалынған арқанға немесе диаметрі 11 мм кеме емес болатын жіпке (сүйенішке) бекітілген және көлденең тартылғанға өзін өзі сақтандыру.

12.2.4 Көлденең бекітілген жіппен (жіптен жасалынған сүйеніштермен), көлденең болаттан жасалынған сақтандыру арқанымен жылжу кезінде оларға өзін өзі сақтандыру ілмегі арқылы жұмысшының байламына бекітілген сырғанайтын карабинмен бекітілуге болады. Еңістік сүйеніштермен, жіптермен немесе арқандармен жылжу кезінде сәйкес келетін құрылымның ұстаушы торабын немесе қысқышты пайдалану керек. Бұл кезде сырғанайтын карабиннің көмегімен бекітілуге болмайды.

Сүйеніштердің тірек нүктелерінің арасындағы ара қашықтық 12 м аспауы керек. Екі түрдің көлденең және еңістік сүйеніштерін тартуды тартылу күшін ұлғайтатын қандай да бір құралдарды пайдаланусыз қолмен жүргізуге рұқсат беріледі.

Жалаң қабатты сүйеніштердің бір аралығында тек бір жұмысшының болуына ғана рұқсат беріледі. Сүйеніштер аймағында бірнеше жұмысшылардың бір уақытта болуын қамтамасыз ету қажет болған кезде тәуелсіз бекітілген сүйеніштердің сәйкес келетін санын жабдықтау керек.

Сақтандыру жіптерін сүйеніштерге (жіптен жасалынғанға да, арқандық сүйеніштерге де) бекітуге болмайды.

12.2.5 Жұмысшының биіктікте болуы және жылжуы кезінде ол сақтандырусыз қалатын кезге жол бермеу керек.

12.2.6 Сақтандыру әдісі немесе сақтандыру жіптерін, арқандарды бекіту күдік туғызған жағдайларда қосалқы сақтандыруды пайдалану керек.

12.2.7 Құлаудың жоғары қауіпі бар аймақта болған кезде сақтандыру жүйесіне дереу жалғану керек. Бұл кезде сақтандыру жіптерін түйінмен қысқарту немесе орындаушымен бірге жылжитын ұстағыш аспаптар арқылы сақтандыру жіптерінің салбырауын болдырмау керек.

12.2.8 Аспалы және ілінетін алаңдардан және бесіктерден биіктіктегі жұмыстарды жоғарғы жүктелінбеген сақтандыруды пайдаланумен орындау керек. Ұстағыштарды пайдалану кезінде сақтандыру ілмегі орындаушының байламына жалғастыру элементімен (муфтасы бар карабинмен) бекітілуі керек. Ілмектің ұзындығы ықтимал іліну кезінде орындаушы қолын ұстаушы түйінге жеткізе алатындай болуы керек.

12.2.9 Сақтандыру жібінде ұстаушы тораппен сақтандыру ілмектерін пайдаланусыз тек қысқыштарды ғана пайдалана отырып биіктікте қандай да бір жұмыстарды орындауға тек паспортында оларды сақтандыру үшін пайдалану мүмкіндігіне нұсқау берілген қысқыштарды ғана және осындай қысқышты орындаушының еркін құлау және жұлқу кезеңін болдырмау үшін орналастырудың міндетті шартын пайдалануға болады. Сақтандыру жібі бұл кезде жоғары ілінуге ие болуы және орындаушыдан жоғары бос болмауы керек.

12.2.10 Жіптермен төмен түсу кезінде сақтандыру жібіндегі ұстағыштары (ұстаушы торабы) бар сақтандыру ілмектерін қосымша қолданусыз немесе басқа орындаушымен қамтамасыз етілетін сақтандырусыз тежеу құрылғыларын пайдалануға болмайды.

12.2.11 Әрбір жұмысшы жеке және тәуелсіз сақтандыру жүйесіне ие болуы керек:

- құтқару жағдайларын есептемегенде сақтандыру жібіне тек бір жұмысшы ғана бекітілуі керек, және

- құтқару жағдайларын есептемегенде сақтандыру жүйесінің тәуелсіз сақтандыру мұрттарына, ұстағыштарға немесе басқа да кез келген құрамдас бөліктеріне бекітілуі керек.

12.2.12 Сақтандыру жіптерінің бекіту нүктелеріне қауіпсіз қол жетімдік және қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.

12.2.13 Кішкене еңістерде жұмыс істеу кезінде тек бір жіптік жүйені пайдалануға болады. Екі жіптік жүйені пайдалануды қажет ететін бұрыш еңіс бетінің үйкелу коэффициентіне байланысты. Бір жіптік жүйені, егер екі шарт орындалып жатса 40 градустан аз еңістерде пайдалануға болады:

- жұмысшы еңістегі өзінің қалыбын жіпке тірексіз ұстай алса;

- жұмысшы артқа жіпке шалқаю арқылы жүйеге тұрақты түрде жүктеме түсірмесе.

Бір жіптік жүйені пайдалануды жұмыстардың жауапты жетекшісінің қарастыруы бойынша жүзеге асыруға болады және ол қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау құжатында және технологиялық регламентте көрсетілуі керек.


12.3 Аспаптарды, жабдықтарды, материалдарды, қорғаныс құралдарын тасу
12.3.1 Жұмыс үшін қажетті салмағы 10 кг-ға дейін аспаптар мен материалдарды арнайы қаптарда тасу немесе олардың биіктіктен құлаудан қорғанысын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін оларды диаметрі 6 – 8 мм болатын репбаудың көмегімен тікелей байламға немесе жұмыс орындығына бекітуге болады.

12.3.2  Салмағы 10 кг-нан асатын аспаптар, тетіктер, жарақтар және жабдықтар үшін қажет болған жағдайда тәуелсіз асу және ғимарат (құрылыс) құрылымының элементтеріне сақтандыру мүмкіндіктері қарастырылуы керек.

12.3.3 Ұсақ слесарлық-жинақтау және құрылыс аспаптары белдікке, жұмыс орындығына бекітілген немесе жұмысшының иығы арқылы киілген арнайы қапқа салынуы керек.

12.3.4 Ұсақ аспаптар пайдалану процесінде баумен немесе киімдік резеңкемен құлаудан сақтандырылуы (жұмысшының арнайы киіміне немесе байламына бекітілуі) керек.

12.3.5 Аспаптарды киімнің қалталарына салуға немесе оны байламның элементтерінен тыс қоюға болмайды.

12.3.6 Жұмысшы жұмыс процесінде немесе жылжу кезінде шешуі мүмкін жұмыс қолғаптары және басқа да қорғаныс құралдары құлаудан сақтандырылуы керек.


12.4 Жұмыстарды тікелей бастаудың алдындағы қауіпсіздік талаптары
12.4.1 Жұмыстарды бастаудың алдында келесілерді орындау керек:

- керек-жарақтардың бар-жоқтығын және жұмысқа жарамдылығын, жіптердің жағдайларын, жіптерді бекіту нүктелерінің сенімділігін тексеру;

- негізгі және сақтандыру жіптері кем дегенде 3 м-ге ажыратылғанына және әртүрлі бекіту нүктелеріне бекітілгеніне көз жеткізу;

- жіптерге жақын жерлерде кескіш беттердің жоқ екеніне көз жеткізу;

- жіптердің шамадан тыс үйкелу қауіпі бар кезде майысқан жерлерде тікелей жіпке киілетін қорғаныс қаптарын пайдалану немесе протекторларды пайдалану (шайқалу беттері немесе тайғанау беттері);

- жіптер жерге дейін немесе қауіпсіз көлденең бетке жетіп тұрғанына көз жеткізу;

- жұмыстың ықтимал аймағына жақын жерде аршылған электр сымының жоқ екеніне көз жеткізу;

- түсердің алдында түсу маршрутын мұқият қарау;

- жұмыстарды жүргізу аймағын қоршау;

- пайдаланылатын аспап құлаудан сақтандыру үшін мықтап бекітілу;

- қыста жұмыс істеу кезінде үйдің төбесін қардан және мұздан тазарту;

- қоршалмаған сырғанап кету мүмкін үйдің төбесінде жұмыс істеу кезінде үйдің төбесіне шыққан орыннан түсу орынына дейін сақтандыруды ұйымдастыру, үйдің төбесінде әрқашан сақтандырылған қалыпта болу;

- наряд-рұқсатпен, жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен және апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарымен қарастырылған барлық қауіпсіздік шаралары қолданылу.

12.4.2 Жұмыстарды орындаудың алдында жұмысшылар келесілерге міндетті:

- сақтандыру жабдығының және жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізуге;

- жұмыстардың жауапты жетекшісінен тапсырманы алуға және наряд-рұқсатта және (немесе) сәйкес келетін журналда қол қою арқылы орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерін есепке алатын нұсқаулықты жұмыс орынында өтуге;

- жұмыс кезінде арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, касканы, қолғапты және орындалатын жұмыстарға сәйкес жеке қорғаныс құралдарын тұрақты түрде киюге және пайдалануға.

12.4.3 Жұмысшылар тапсырманы алғаннан кейін келесілерге міндетті:

- жеке сақтандыру жүйесін киюге және сақтандыру керек-жарақтарын орналастыруға;

- жұмыс орынының және оған келетін жерлердің қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігін тексеруге;

- жұмыстарды орындау аймағында қорғаныс қоршауларының және ескерту белгілерінің бар-жоқтығын тексеруге немесе олардың орнатылуын қамтамасыз етуге;

- жұмыстарды орындау үшін қажетті технологиялық жарақты, аспапты алуға және олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге.

12.4.4 Егер жұмыс дымқыл жіптер электр разрядтарын өткізгіш ретінде болуы мүмкін жағдайларда жүргізілсе сақтықтың сәйкес келетін шаралары қолданылуы керек, мысалы, жерлендіру.

12.4.5 Альпинистік керек-жарақты тексеру оны тікелей пайдаланушымен де, бригада мүшелерінің бірінікін бірі тексеруі (қиылысқан тексеру) жүргізілуі ұсынылады.

12.4.6 Егер вандалдардың басып кіру немесе басқа тұлғалардың рұқсатсыз кіру тәуекелі бар болса анкерлеу аймағын күзету үшін бақылаушылар тағайындалуы керек.

Бақылаушының білікті альпинист болуы міндетті емес, бірақ альпинистік процедулардан хабардар болуы керек. Бақылаушы альпинистік қызметкерлермен байланыс ұстау үшін екі жақты байланыспен жабдықталуы керек.

12.4.7 Наряд-рұқсатқа және жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес объектінің қызметкерлерін жұмыстардың басталуы туралы ескерту керек.

Осындай ескерту ол наряд-рұқсатпен немесе жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен тікелей қарастырылмаған жағдайларда ұсынылады.

Осындай ескерту континенттік қайраңның теңіз қондырғыларында жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті болып табылады.

12.4.8 Келесі жағдайларда жұмыстарды бастауға тыйым салынады:

а) сақтандыру керек-жарақтарында: жіптердің, байламның, түсіру құрылғыларының немесе жеке қорғаныс құралдарының ақаулықтарының анықталуы, сондай-ақ керек-жарақтарды пайдалануға тыйым салынатын қауіпсіздік талаптарын басқа да бұзулардың бар болуы кезінде;

б) сақтандыру керек-жарақтарының (жіптік немесе арқандық сүйеніштерді және с.с.) сенімді бекіту нүктелерін ұйымдастыру мүмкін емес болғанда;

в) сатылардың, траптардың немесе көпірлердің баспалдақтарында сызаттардың, сынықтардың, шұңқырлардың және басқа да осыларға ұқсас ақаулықтардың анықталуы, олар онымен өту кезінде немесе жұмыстарды орындау кезінде олардың сынуына алып келуі мүмкін;

г) жұмыс орындарының және оларға келетін жерлердің жеткіліксіз жарықтандырылуы (жарықтандырудың қосымша көздерін пайдаланусыз);

д) жұмыс орынында құрылыстық құрылымдардың тұтастығының зақымдануы немесе тұрақтылықты жоғалту мүмкіндігі;

е) жұмыс орынының немесе оған келетін жерлердің келесілердің қауіпті аймақтарында болуы:

- кранмен жылжытылатын жүктің;

- жылжымалы машиналардың және механизмдердің;

- басқа жоғары өрмелеушілердің немесе қызметкерлердің жұмыс істеу аймақтарының;

- сәйкес келетін қорғаныс шараларын қабылдамай қоршаған ортаның зиянды әсерлері бар (электромагниттік өріс, химиялық заттар және с.с.) аймақтардың;

ж) төменгі аймақта бөтен адамдардың болуы.
12.5 Көтерілу және түсу
12.5.1 Көтерілу жүйелерін пайдалану:

- қысқыштар өндірушінің техникалық талаптарына сәйкес пайдаланылуы керек;

- жұмысшы көтерілу жүйесін пайдалану кезінде сақтандыру мұрттарымен бекітілген немесе қос қысқышпен байламға тікелей бекітілген қалыпта қалуы керек.

12.5.2 Түсу жүйелерін пайдалану:

- құтқару жағдайларын есептемегенде жұмыс жібіне тек бір жұмысшы ғана бекітілуі керек;

- жұмысшылар құтқару жағдайларын есептемегенде сақтандыру мұрттарын, түсу құрылғыларын немесе түсу жүйесінің кез келген басқа құрамдас бөліктерін бірлесіп пайдаланбаулары керек;

- жұмыс және сақтандыру жіптері не жерге дейін, не қауіпсіз жерге дейін тартылуы керек;

- егер түсу жерде аяқталмайтын болса, жұмыс және сақтандыру жіптері ең төмен орналасқан жұмыстарды орындаудың жоспарланған деңгейінен төмен тартылуы керек және түсіру құрылғысы жіптердің ұштарынан шығып кетпес үшін ұшындағы түйінге немесе тетікке ие болуы керек.

12.5.3 Түсу немесе көтеру нүктесіне жақындардың алдында немесе түсуді немесе көтерілуді бастардың алдында келесілерге көз жеткізу үшін тексерулер жүргізілуі керек:

- байлам (байламдар) дұрыс бекітілген;

- сақтандыру мұрттары және жалғастыру элементтері дұрыс бекітілген;

- анкерлер сенімді;

- жіптер (жұмыс жіптері және сақтандыру жіптері) дұрыс анкерленген және ақаулықтары жоқ;

- тоқтатқыш түйіндер созылуды есепке алумен сәйкес келетін қалыпта анкерлік тартқыштардың да, сақтандыру жіптерінің де төменгі ұшында байланған;

- аспаптар немесе басқа объектілер құламайтындай етіп бекітілген.

12.5.4 Түсу/көтерілу нүктесіне жеткен кезде, келесілерге кепілдік беру үшін ары қарайғы тексерулер жүргізілуі керек:

- жіптер жұмыс операциялары кезінде зақымданудан сақтанатындай әдіспен орнатылған,

- жіптерді реттеу құрылғылары (мысалы, түсіру құрылғылары, қысқыштар, ұстағыштар) дұрыс және сенімді бекітілген.

12.5.5 Жұмыс жіптерін не түсу үшін, не көтерілу үшін пайдаланардың алдында жіптердің салбырауын (бос болуын) жою үшін шараларды қабылдау керек. Егер анкер жүктеу нүктесінен біршама ара қашықтықта орналасқан болса немесе жұмысшы жіпті жарты жолда артқа жүктемеден босатқан кезде босауы пайда болуы мүмкін.

12.5.6 Көтерілуді жүзеге асыру үшін келесілер қажет:

- егер қажет болса құлаудан қорғаудың қосымша жүйесін пайдаланумен көтерілу нүктесіне қауіпсіз әдіспен жақындау;

- 12.5.3 және 12.5.4-да көрсетілген тексерулерді жүзеге асыру;

- ұстағышты иықтың деңгейінде таңдалынған жіпке (сақтандыру жібіне) орнату. Басқа жіпті (жұмыс жібін) кеуделік қысқышқа бекіту және жіпті қысқыш арқылы төмен тартумен оның бастапқы созылуын жою. Аяқтық қысқышты кеуделік қысқыштан жоғары (жұмыс жібіне) орнату және тепкіде тұрып, жіп мүмкіндігінше барынша тартылғанша бос жіпті кеуделік қысқыш арқылы өткізе отырып, ары қарайғы кез келген бос жіпті тарту;

- көтерілуді бастау үшін кеуделік қысқышқа отыру және аяқтық қысқышты шамамен алғанда касканың биіктігіне көтеру. Тепкіге тұру және пайда болған бос жіпті бұрынғыдай кеуделік қысқыш арқылы тарту. Жүктеме қайтадан кеуделік қысқышқа түсетіндей етіп отыру және осы процесті көтерілу аяқталғанға дейін қайталау;

- көтерілу кезінде ұстағышты сақтандыру жібімен жоғары жылжыту, бұл кезде жалғаушы сақтандыру мұртында бос жіптің қалыптасуын сақтану керек. Көтерілудің үстіне жеткеннен кейін сенімді анкерге немесе сақтандыру жүйесіне бекітіледі. Жіптерден алдымен кеуделік қысқышты, содан кейін аяқтық қысқышты шешіңіз. Қауіпсіз қалыпқа жеткеннен кейін ұстағышты шешу керек;

- қысқыштарды тек жіпте тартылуда және олар ешқашан динамикалық жүктемеге ұшырамайтындай етіп пайдаланылуы керек.

12.5.7 Түсуді жүзеге асыру үшін келесілер қажет:

- егер қажет болса құлаудан қорғаудың қосымша жүйесін пайдаланумен түсу аймағына қауіпсіз әдіспен жақындау;

- 12.5.3 және 12.5.4-да көрсетілген тексерулерді жүзеге асыру;

- ұстағышты таңдалынған сақтандыру жібіне орналастыру және кез келген ықтимал құлауды азайтатындай етіп оның орнын анықтау;

- қосымша сақтандыру жүйесінен ажырау (егер қажет болса) және түсу нүктесінің жанындағы қалыпқа жылжу;

- түсіру құрылғысын жұмыс жібіне ілу, жұмыс істеуін және сенімділігін тексеру және түсіру құрылғысын блоктау;

- түсу үшін арналған қалыпқа тұру және ұстағышты ол ыңғайлы пайдаланылатын қалыпқа жылжыту;

- бос ұшы бар жіпті тексеру, түсіру құрылғысын босату, және түсіру құрылғысын блоктаудан шығару;

- түсіру құрылғысының көмегімен түсу жылдамдығын басқара отырып, абайлап және баяу түсу, бұл кезде басқарудың нақты әдісі пайдаланылатын түсіру құрылғысының түріне байланысты;

- түсіру құрылғысын босата отырып, ешқашан бос ұшы бар жіпті басқарудан айырылмаңыз;

- әрқашан түсу кезіндегі тоқтаулар кезінде түсіру құрылғысын блоктаудан шығару;

- ұстағыш оны сақтандыру мұртымен жалғастыратын ең төменгі бос жіппен жұмыс істейтініне көз жеткізу;

- жұмыс қалыбына жеткеннен кейін түсіру құрылғысын блоктаудан шығару және ұстағышты мүмкіндігінше жоғары орналастыру.

12.5.8 Тік жерге шыққан кезде бекітілген түсіру құрылғысы артық жұлқуларсыз, альпинистің салмағымен біртіндеп жүктелуі керек.

Шұғыл тежеулерден сақтаныңыз, әсіресе желілік тіректі бекіту нүктесіне жақын жерде. Мәжбүр болған шұғыл тоқтаудан кейін, жылжуды жалғастыру үшін жіптердің созылуымен пайда болған тік шайқалулардың аяқталуын күту керек.

Тереңдігі біршама болатын тік жерлерде түсу бірқалыпты болуы керек. Жылдамдық алуларды бірқалыпты тежеумен кезектестіру керек.

Өте тік жерлерде түсу кезінде «Решетка» түрінің түсіру құрылғыларын пайдалану ұсынылады.

Түсіру құрылғысының жіптер үшін қауіпті температураларға дейін қызуына жол бермеу үшін түсу жылдамдығы 25 см/с (15 м/мин) аспауы керек.

12.5.9 Ұстағыштарды пайдалану кезінде:

- құрылғыны корпусынан ұстап қолмен жылжытпау керек;

- құрылғыны жоғары қарай сақтандыру мұртынан немесе карабиннен ұстап жылжыту керек;

- егер құрылғы төмен қарай өзі жылжымаса, құрылғының жұмысына кедергі келтірмейтін сүйреу жібі пайдаланылуы керек. Сүйреу жібінде ілмек, үлкен түйін болмауы керек және ол жұмысшының саусағына оралмауы керек, бұл құлау жағдайында құрылғының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін;

- тісті қысқыштар немесе тұтқалары бар қысқыштар ұстағыштар ретінде пайдалануға жарамайды, себебі олардың көбісі егер динамикалық жүктемеге ұшырайтын болса жіпті зақымдайтын болады.

12.5.10 Түсіру құрылғысы жұмысшының байламына тікелей бекітілуі керек, егер жұмыс орындығына (шабуылдау алаңшасына) бекітілген болса, түсіру құрылғысы байламмен ұзындығы 0,6 м болатын сақтандыру мұртымен тікелей жалғануы керек.

12.5.11 Өте тік жерлерде көтерілу кезінде қатты желілік тіректерді – созылуы төмен жіпті немесе болаттан жасалынған арқанды пайдалану ұсынылады.

Көтерілу жылдамдығы өте жоғары болмауы керек. Қадамдардың жиілігі 3 – 5 секундта біреуден аспауы керек (мысалы, бір жіптік спелеологиялық техниканың «бақа» көтерілу әдісі).

Дененің салмағы кеуделік қысқыш ілініп тұрғанына қарамастан, ұзақ уақыт бойы бір қолдық қысқышта ұсталынып тұратын қалыптан сақтану керек.

12.5.12 Жұмысшылар тік түсу кезінде жіптердің қажалу немесе анкерлерге немесе жіптерге шамадан тыс жүктеменің түсу тәуекелін азайту үшін ең төменгі маятниктік шайқалумен түсулері керек. Ұзын түсулер кезінде сүйретілуші сақтандыру немесе ауытқудың аралық анкерлері жұмысшылар желмен күресуге өте көп күш жұмсамай өздерінің қалыптарын ұстай алатындай жіптерге бекітілуі керек.

12.5.13 Түсу кезінде жіптердің бекітілмеген ұштарына желдің әсер етуін есепке алу керек. Сондай-ақ жіптердің бос ұштары қауіпті объектілерге, мысалы, жылжып бара жатқан автомобильге ілініп қалмауына кепілдік беру үшін шараларды қабылдау керек.

12.5.14 Мүмкіндігінше жіптерді лақтыруға немесе түсіруге қарағанда, жұмысшының түсуіне байланысты түсу үшін арналған жіптерді қаптан тарқатуды пайдалануды ұсынылады. Жіптерді келесі жағдайларда лақтыруға немесе түсіруге болмайды:

- жіптер зақымдануы немесе шатасуы мүмкін;

- бекітілмеген материалдар немесе құрылымның бөлшектері орнынан жылжытылуы мүмкін;

- тарқатылған жіп объектіні (мысалы, терезелер, сәндік безендірулер және тағы басқа) зақымдауы мүмкін;

- тарқатылған жіптердің салмағы түсуді реттеу құрылғысын пайдалануды қиындатуы мүмкін.

Жіптерді тарқату үшін арналған аспаның жеке жүйесін пайдалану 12.3.2-тың талаптарына қарамастан мақсатқа сай болуына байланысты жүзеге асырылуы керек. Салмағы 10 кг-нан асатын жіптердің қабымен жұмыс істеу кезінде сақтықтың ерекше шаралары қабылдануы керек. Жіптердің қабы тікелей жұмысшының байламына ілінбеуі керек. Жіптердің қабын жұмысшы жүйеден босатыла алатындай етіп (мысалы, көтерілу үшін) түсуді реттеу құрылғысына ілу ұсынылады. Бойлық штанга жіптердің қабына түсу кезінде жұмысшының аяқтарына ұрылмауы үшін пайдаланылуы мүмкін.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет