Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 5.8 Mb.
бет12/57
Дата28.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57

6.7 Терезелер, есіктер, жарық шамы


6.7.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым:

- терезелердің, есіктердің және жарық шамдарының бүтін күйін;

- терезелердің, есіктердің және жарық шамдарының нормативті ауа оқшаулау, жылу оқшаулау және дыбыс оқшаулау қабілеттерін;

- мөлдір толтырулардың жүйелі тазартуын қамтамасыз етеді.

6.7.2 Терезе мен есік орындарын толтыру ақаулықтары:

Терезе мен есік қорабына периметр бойынша тығызсыздығы, түптеулер мен есіктердің ысырмаларындағы ені жоғарыланған саңылаулар; тығыздау төсемдердің болмауы немесе тозуы; толтыру элементтерінің шіруі мен бырысуы; түптеулер мен есіктер торабындағы жаңасудың босауы; жеткіліксіз ылди мен терезе шеттерінің сапасыз бітеуі; шыны мен құрлдардың бекітпелерінің болмауы және босауы, конденсаттың ағып кетуі үшін қорапта науаның бітелуі, балкон есіктерінің филенкаларының мұздануы; орындарды толтыру арқылы атмосфералық ылғалдың кіруі; өзара жеке элементтерінің қоспаларындағы тесіктер; терезелер мен балкон есіктерінің жеке бөліктерінің мұздануы, ірі панельді үйлерде терезе астындағы желдетпе құылғыларының тесіктерін әрі қарай дамуына жол бермей жиналған сайын жою керек.


6.8. Баспалдақтар


6.8.1 Баспалдақтың бүлінген күйін (коррозия металл косоурлардың коррозиясы, алаңдар мен марштардың жоғары майысуы, алаңдар мен марштардың жарға нық тұтаспауы, саңылаулар, ойықтар, саты алаңдары мен баспалдақтарында еденнің қыртыстануы, қажалудан баспалдақтардағы ойықтар, қоршау бекітпелерінің тұтқаларының және сақтандырғыш тордың босауы, таяныштың бұзылуы, ағаштың шіруі және т.с.с.) олардың әрі қарай дамуын болдыртпай, шыққан сайын жою керек.

6.8.2 Баспалдақтың метал элементтерін жүйелі түрде әр бес-алты жыл сайын алдын ала бетін тоттан тазартып сырлау керек.

Метал косоурлар өртке төзімділігін 1 сағатқа қамтамасыз ететіндей сылау немесе бояумен сырлау керек.

6.8.3 Баспалдақ марштары мен алаңдарының берілген мөлшерден асып тұрған ойықтары болған жағдайда (үлкейіп жатқан деформация жағдайында), тұрғын үй қорына қызмет көрсету жөніндегі мекеменің қызметшілері алдын ала баспалдақты пайдалану қауіпсіздік шараларын қолданып баспалдақтың негізгі (жоба бойынша) элементтерін күшейту керек.

6.8.4 Баспалдақ құрылғысын әр бес жыл сайын сырлау керек .

6.8.5 Кіре берістер келесі талаптарға сәйкес келу керек:

кіре берістің жары мен еденінің отыруы 0,1 м көп аспау керек;

жеке тұрған іргетасқа тіреліп тұрған кіре берістің қабырғаларының ғимарат қабырғаларымен қатты байланыспауға тиіс;

кіре беріс астындағы желдетілетін еден асты немесе кеңістік қарау үшін ашық тұруға тиіс;

кіре беріс үстіндегі күнқағар мен баспалдақтарын қар түске кезде қардың құылмасын болдыртпай тазартып отыру керек;

кіре беріс астындағы ірге жаппа немесе су бұрғыш құрылғысының ақаулықтарынан подвалға немесе еден астыға су кірмеу керек.

6.8.6 Тамбурлық бөліктің қабырғалары, төбелері, есіктері қапталған; оның өтпе желдеуі болмайды, бірақ жиһазды, зембілді және т.б. кіргізуі міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

6.8.7 Кіру есіктердің тығыз ысырмалары, тығыздау төсемдері, өзі жабатын құрылғылары (келтіргіштер, серіппелер), есік жүрісінің шектеуіштері (тоқтатушы) болады.

6.8.8 Баспалдақ элементтері:

бетон мен метал беттеріне тірелудің минималды жіберілетін мәні - 50 мм, кірпіш қалауына - 120 мм;

баспалдақ алаңының жіберілетін горизонтальдықтың ауытқуы 10 мм аспау керек, ал баспалдақ басқаштарының - 4 мм аспау керек;

таяныштың тіктен ауытқуы 6 мм аспау керек.

6.8.9 Баспалдақ торлары:

әйнектеуі болу керек; терезелер мен есіктердің фурнитурасы болу керек, баспалдақ торларының жарықтануы;

жау жиі желдетілу тиіс, ауа температурасы +16 °С төмен емес;

6.8.10 Баспалдақ жайларында (қысқа уақытқа да) материалдарды, жабдықтау мен құралдарды сақтауға, баспалдақ марштары астында қоймалар мен басқа да қосалқы жайларды орнатуға тиым салынады.

Баспалдақта орналасқан жапқыштар, электрщиттар мен басқа да сөндіру құрылғылар кілттерін тұрғын үй қорына қызмет көрсету жөніндегі мекеменің диспетчері сақтайтын жабық шкафтарға орнату керек.


6.9. Пештер


6.9.1 Пештерді пайдалану талаптары

6.9.1.1 Қатты, сұйық және газ тәрізді жанармайда істейтін жылыту пештерін (аппараттарын) пайдаланған кезде сәйкес нормативті актілерін, төлқұжаттар мен технологиялық нұсқауларын басшылыққа алу керек.

6.9.1.2 Пештердің ақаулықтары, олардың пайда болу себептері және жою әдістері № 16 қосымшада келтірілген.

6.9.1.3 Пештердің ақаулықтары: бетінің бір қалыпты емес ысыун, пештерде және мұржасындағы саңылаулар, бөлімнің айналасындағы тесіктер және одан кірпіштердің түсуін, нашар тартуын, аса ысып кетуін және жанармай камерасы мен түтіндіктің бұзылуын, жағу арматурасының зақымдануы мен оның қалауының босауын, мұржаның боровтар мен оголовкаларының бұзылуын, сондай-ақ түтін газды мұржа басының мұздануын құрылғы күйінің әрі қарай нашарлауына жол бермей, ақаулықтар шыққан сайын оларды жою керек.

6.9.1.4 Өртке қарсы талаптарының бұзылуына және газдың таралуына әкелетін пештер мен асүй ошағының ақаулықтары, сонымен қатар түтін мұржасының мұздалуы дер кезінде, қалғандары - жағылатын мерзім басталғанша жойылу тиіс.

6.9.1.5 Ескі пештер мен асүй ошақтарының қайта салынуы жетілдірілген құрылғы схемалары бойынша жүргізіледі.

6.9.1.6 Түтіндіктер мен пеш мұржаларын күйеден тазартуын жағылатын мерзім алдында және мерзім бойы үш ай сайын жүргізу керек.

6.9.1.7 Ескі пештер мен асүй ошақтарының ағаштан минералды немесе газды жанар майға ауысуын пештер мен асүй ошақтарын қайта өзгерту бойынша қойылған талаптарын сақтаған кезде жүргізуге болады.

6.9.1.8 Автоматикасы бар эжекциялық жанарғымен немесе газжағу құрылғысымен жабдықталған газды жанармайдағы пештерді жалдаушыларға, жалгерлерге, тұрғын жай иелеріне газ шаруашылығына қызмет ететін жөніндегі мекеменің қызметшілері алдын ала нұсқау бергеннен кейін пайдалануға болады.

6.9.1.9 Газды пештердің және сұйық жанармайда жанатын пештердің жабдықтауына профилактикалық қызмет ету мен жөндеуді кәсіби мекемелер жүргізеді.

6.9.1.10 Жағылатын мерзім бастар алдында құрамында газ шаруашылығының кәсіби мекемесінің, тұрғын үй қорына қызмет көрсету жөніндегі мекемесінің және өртті қадағалаудың өкілдері бар комиссия газды жағу пештер мен олардың жабдықтауын, сонымен қатар түтіндік пен мұржаларды тексереді.

6.9.1.11 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету жөніндегі мекемелер түтін мен газ мұржалар басындағы мұздануды уақытында кетіруді және каналдардың атмосфералық жауын-шашындардан қорғау құрылғысын қалпына келтіруді, сондай-ақ пештерді сәйкес ережелер мен нормалар бойынша пайдалануды қамтамасыз ету керек.

6.9.1.12 Пештер мен ошақтардың оттық алды табағы, сондай-ақ жобалау нормаларына сәйкес келетін түтіндіктерден ағаш құрылғыларға дейін айырғыштары болуға тиіс.

6.9.1.13 Шатыр жайларында горизонтальды бороваларды құруға, сондай-ақ жобалау нормаларына сәйкес түтіндіктерден ағаш құрылғыларға дейін айырғыштарын құруға болмайды.

6.9.1.14 Желдету каналдарын түтіндіктер ретінде пайдалануға болмайды.

6.9.1.15 Уақытша пештерді тұрғын үй қорын ұстау жөніндегі мекеменің рұқсатымен ғана құруға және пайдалануға болады.



: upload -> files -> 2012
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Әулет, қала құрылысы және құрылыс
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет