Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 5.8 Mb.
бет4/57
Дата28.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
: upload -> files -> 2012
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Әулет, қала құрылысы және құрылыс
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы

4. Тұрғын үй қорына техникалық қызмет көрсетути мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру


Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету элементтер мен үй ішілік жүйелерді, оның құралымдарының, құрал- жабдық пен күрделі техникалық жүйелер мен механизмдердің берілген параметрлері мен режимдері дұрыс күйінде күтіп ұстауды қолдау бойынша жұмыстар кешенін қамтиды.

Тұрғын үй қорына техникалық қызмет көрсету жүйесі (күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу) материалдық және қаржылық ресурстарды қажетті көлемдерде қолданумен ғимарат қызмет етуінің белгіленген мерзімінде ғимараттар мен инженерлік жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй қорына техникалық қызмет көрсету оның күйін бақылау, ақаусыздығы, жұмысқабілеттілігін қолдау, инженерлік жүйелерді жөндеу және реттеу бойынша жұмыстарды қамтиды. Техникалық күй-жағдайын бақылауды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асыру қажет.

Ғимаратқа ағымдағы жөндеу пайдаланымдық көрсеткіштерін қолдау үшін элементтердің, құрал- жабдықтың және ғимараттың инженерлік жүйелерінің ақаулықтарын жою мақсатымен (жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру) құрылыс және ұйымдық- техникалық шаралар кешенін қамтиды.


4.1 Тұрғын ғимараттарды техникалық тексеру жүйесі


Тексеру мақсаты ақаулар туындауының мүмкін себептерін анықтау және оларды жою бойынша шараларды жасап шығару болып табылады. Тексерулер барысында сондай-ақ жайларды пайдалану мен күтіп ұстауды бақылау жүзеге асырылады.

Жылына бір рет күзгі тексеру барысында тұрғын жайлардың жалдаушыларына, жалға алушыларына және меншік иелеріне инженерлік құрал- жабдықты күтіп ұстау және пайдалану тәртібі және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқау жүргізу қажет.

4.1.1 Тұрғын ғимараттарды жоспарлық тексеруді жүргізу қажет:

құралымдарды, инженерлік құрал- жабдықты және сыртқы абаттандыруды қосқанда, ғимаратты тұтастау тексеру жүргізілетін жалпы;

ішінара – ғимараттың немесе жайлардың жекелеген элементтерін тексеруді қарастыратын тексерулер.

Жалпы тексерулер жылына екі рет жүргізілуге тиіс: күзде және көктемде (жылыту маусымы басталғанға дейін).

Ғимарат элементтері мен жайларын жоспарлы және ішінара тексерулердің ұсынылатын мерзімділігі №3 қосымшада келтірілген.

Нөсерлерден, дауылды желдерден , мол қар басулардан, су басуларан және ғимараттың жекелеген элементтерінің зақымдануларын туғызатын, стихиялы сипаттағы басқа құбылыстардан кейін, сондай-ақ сыртқы коммуникацияларда авария болған немесе қалыпты пайдалану шарттарын бұзатын, құралымның деформациясы мен инженерлік құрал- жбдықтың ақаусыздығы анықталған жағдайда, кезектен тыс (жоспардан тыс) тексерулер жүргізілуге тиіс.

4.1.2 Тұрғын үйлерге тексерулер жүргізуді ұйымдастыру келесідей жүзеге асырылады:

жалпы жоспарлық, сондай-ақ кезектен тыс тексерістерді – тұрғын үй қорына қызмет көрсететін тиісті ұйымдар жүргізеді. Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымның техникалық қызмет көрсетуіндегі кооперативтік үйлерді тексеру кезінде, комиссияға қосымша ТҮҚК басқармасының өкілін қосу қажет;

құралымдық элементтерді және инженерлік құрал- жабдықты ішінара жоспарлық тексеруді оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ететін, мамандандырылған қызметтердің өкілдері немесе мамандары жүргізеді.

Тексеру процесінде 60%- дан жоғары физикалық тозуы бар ғимараттар мен олардың құралымдарына және құрал- жабдығына, сондай-ақ техникалық күрделі жүйелермен және механизмдермен жабдықталған объектілерге ерекше көңіл бөлу қажет.

4.1.3 Тексерістер кезінде табылған құралымдардың немесе ғимараттың көтергіш қабілеті мен беріктігінің төмендеуіне, құрал- жабдықтың құлауына немесе қалыпты жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін ғимараттың құралымдарының немесе құрал- жабдығының ақаулары, деформацияларын меншік иесі В қосымшада көрсетілген мерзімде тұрғын үй қорын күтіп ұстау бойынша ұйымды тартумен немесе жұмыстың нақты түрі үшін тартылған басқа ұйыммен жоюға тиіс.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйым адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деформациялардың одан әрі дамуын ескерту бойынша жедел шаралар қабылдауға, сондай-ақ болған жай туралы оның меншік иесіне немесе ол уәкілет берген адамға дереу хабарлауға тиіс.

4.1.4 Тексеру нәтижелері ғимараттардың техникалық күйін есепке алу бойынша арнайы құжаттарда көрінуге тиіс: журналдарда, паспорттарда, актілерде.

Тексеру журналында тексеру процесінде табылған (жалпы, ішінара, кезектен тыс) ақаулықтар мен зақымданулар, сондай-ақ үй элементтерінің техникалық күйі (К қосымша) көрсетіледі.

Объектінің қысқы жағдайларда пайдалануға дайындығын күзгі тексеру нәтижелері объектінің дайындық паспортында көрсетіледі.

Кезең- кезең орындалатын тұрғын үй қорын жалпы тексеру нәтижелері актілермен ресімделеді.

4.1.5 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым тексеру актілерінің негізінде бір айлық мерзімде:

а) ғимаратты және оның инженерлік құрал- жабдығын келесі қысқы кезеңде пайдалауға дайындығы үшін қажетті шаралар көлемін құрастыру (сыртқы тексеру нәтижелер бойынша) және жұмыс көлемдерін белгілеу;

б)ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс көлемдерін анықтау (ағымдағы жылға күзгі тексерін нәтижелері бойынша және күзгі тексеріс – келесі жылға), сондай-ақ оларды жою күрделі жөндеуді қажет ететін ақаулықтар мен зақымдануларды анықтау;

в) қысқы жағдайларда әрбір ғимараттың пайдалануға дайындығын тексеру (күзгі тексеру нәтижелері бойынша);

г) ақаулықтар мен зақымдануларды жою бойынша әрекеттер тәртібін және мерзімдерін қарастыратын, акті дайындаумен, техникалық күрделі жүйелер мен механизмдердің күйін тексеру;

д) тұрғын жайлардың жалдаушыларына, жалға алушылары мен меншік иелеріне қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өз есебінен ағымдағы жөндеу жасуға ұсыныстар беру.

Санитарлық- техникалық құралдар мен инженерлік құрал- жабдықтың ұсақ ақаулықтарын жоюды, сондай-ақ жөндеу мен реттеуді, әдетте, тұрғын үй қорын ұстау бойынша ұйым жүргізуге тиіс.

4.2 Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету


4.2.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым орындайтын тұрғын үйлерді ұстау бойынша жұмыстардың ұсынылатын тізімі Л қосымшада келтірілген.

4.2.2 Жұмыстар құрамы мен оларды орындау мерзімдері бір аптаға, айға және жылға құрастырылатын жоспар- кестеде көрінеді.

4.2.3 Тұрғын үй қорының техникалық күйін басқару және бақылау үшін ықшам аудандарға немесе үй топтарына біріктірілген диспетчерлік қызметтер (БДҚ) немесе аудандық диспетчерлік қызметтер (АДҚ) құрылады. Әрбір БДҚ үшін күрделі инженерлік құрал- жабдық пен механизмдердің бақыланатын параметрлерінің және диспетчерлеу объектілерінің тізімі белгіленеді.

4.2.4 Инженерлік құрал- жабдықты автоматтандыру және диспетчерлеу құралдары, байланыс құралдары, бақылау- өлшеу аспаптары (БӨА) мен есептеуіштер мамандандырылған ұйым орындаған жобалар бойынша дайындаушы- зауыттың нұсқаулығына сәйкес орнатылып, сәйкесінше инженерлік құрал- жабдықтың жұмысының берілген режимдерін қолдауды, жұмыс режимдерінің бұзылуы немесе авариялар туралы сигналдарды уақытында жеткізуді қамтамасыз етуге, құрал- жабдық жұмысын, жекешелендірілген тұрғын жайлар жалдаушыларының, жалға алушылары мен меншік иелерінің және диспетчер бөлмесінің, сондай-ақ диспетчер бөлмесінің техникалық қызмет көрсету қызметтерімен және авариялы қызметтермен сенімді байланысын визуалды немесе автоматты бақылау құрал- жабдығының жұмыс параметрлерін өлшеуді жүргізуге тиіс.

4.2.5 Біріктірілген диспетчерлік қызметтер (БДҚ) арнайы журналдарда пәтерленде, құрылыс құралымдарында және ғимараттың басқа элементтеріндегі инженерлік құрал- жабдықтың ақаулықтары мен зақымдануларын жедел жоюға өтініштер есебін жүргізуге, орындау мерзімі мен сапасы бойынша бақылауға тиіс (М қосымша).

4.2.6 Күрделі инженерлік құрал- жабдықтың, механизмдер мен құралымдардың ақаулығына өтініштер олар түскен күнде қарастырылуға тиіс, келесі күннен кешіктірмей оларды жою ұйымдастырылуға тиіс. Ақаулықтарды жою үшін ұзақ уақыт немесе берілген сәтте қолда жоқ қосалқы бөлшктер қажет болған жағдайда, қабылданған шешімдер туралы өтініш берушіге хабарлау қажет. Ұқсас шаралар телефонмен немесе диспетчерлік байланыс жүйесі арқылы алынған өтініштер бойынша да қабылдануға тиіс.

Авариялық өтініштер В қосымшада көрсетілген мерзімде жойылады. Тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты өтініштер жедел тәртіпте жойылады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет