Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1.01 Mb.
бет1/6
Дата18.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: kchs -> 2016 -> fevral
fevral -> Инструкция по проектированию противорадиационных укрытий енгізілген күні 2001. 10. 01 Кiрiспе 1 жасалған «Азаматтұрғынжоба»
fevral -> 2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі
2016 -> Қосымша 3 Адамдардың ғимараттан жеке-лекпен шығуының математикалық моделі
fevral -> В подземных горных выработках
2016 -> Хабарландыру мәтіні
2016 -> Қосымша 6 Есептеулер орындауға арналған бастапқы деректердің тізбесі
2016 -> Амо күре жолдық медициналық құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадаларының
2016 -> Өндірістік объектілердегі өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі
2016 -> Есептеу тәртібі



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс

саласындағы мемлекеттік нормативтер

ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ
СУ БАСУ ЖӘНЕ СУ АСТЫНДА ҚАЛУ ҚАУПІ БАР

АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ
ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002*
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті
Астана 2006
КIРIСПЕ
1. ЖАСАҒАН: “Азаматтықтұрғынжоба” жобалау-өндірістік бюросы.

2. ӘЗIРЛЕГЕН: “KAZGOR” Жобалау академиясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қайта өңделіп, жасалуына және мемлекеттік тілге аударылуына байланысты әзірледі.

3. ҰСЫНҒАН: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИжСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы.

4.ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚР ИжСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы

IСКЕ ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: № 11 бұйрығымен 2003 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді.

5. Осы ҚР ҚНжЕ Қазақстан Республикасының аумағында ҚР Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстері жөніндегі комитетiнiң 15.10.2002 жылғы № 304 бұйрығымен 1.12.2002 жылдан бастап іске енгізілген орыс тіліндегі "Су басу және су астында қалу қаупі бар аймақтардағы инженерлік қорғау” ҚР ҚНжЕ В.1.1-10-99-дің теңтүпнұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.

6. ОРНЫНА: ҚР ҚНжЕ В.1.1-10-99.
ҚР Индустрия және сауда министрлгінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің 6.11.2006 жылғы 419 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілген.

Өзгерістер енгізілген тармақтар *-мен белгіленеді.
Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе жекелей қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
ISBN 9965-581-82-7
МАЗМҰНЫ
1. Жалпы ережелер

2. Инженерлiк қорғау имараттарының дәрежелерi

3. Инженерлiк қорғау объектiлерi мен имараттарын жобалауға

қойылатын талаптар

Аумақты су басудан қорғау

Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтеру

Қорғалатын аумақтың беткi суын реттеу немесе бұру

Аумақты су басудан қорғау

Құрылыс салынып жатқан аумақты су басудан қорғау және болжауға қажеттi бастапқы деректер

Табиғат қорғау мақсатында санитарлық-гигиеналық және паразиттерге қарсы қойылатын талаптар

Тынысжайлық талаптар

4. Инженерлiк зерттеу деректерiне қойылатын қосымша талаптар

5. Қорғау имараттары

Үйме жал бөгетшелер

Таулық каналдар

Сорғы бекеттері

Кәрiздiк жүйелер және кәрiздер

6. Бөгендердегi қорғау имараттары

7. Инженерлiк қорғау жүйелерi, объектiлерi мен имараттары жұмыстарыны сенiмдiлiгiн негiздеу есептерi

8. Инженерлiк қорғау имараттарындағы бақылау-өлшеу аппаратуралары

(Б/А) қондырғыларының жобасына қойылатын талаптар

А қосымшасы. Жобалау, құрылыс салу және пайдалану кезiнде құрылыс салынатын аумақты су басу қаупiнiң алдын алу шаралары

Б қосымшасы. Құрылыс салынып жатқан аумақты су басу факторларының алдын алу шаралары

В қосымшасы. Су басудың алдын алу бойынша алдын алу шараларының құрамы

Г қосымшасы. Бөгендердi инженерлiк қорғауды техникалық-экономикалық негiздеу

Д қосымшасы. Қосымша сутiрек имараттарының дәрежелерi

Е қосымшасы. Ауыл шаруашылығы жерлерiн инженерлiк қорғау жобасының түрлi сатыларына арналған зерттеу деректерiнiң құрамы

Ж қосымшасы. Терминдер және анықтамалар

З қосымшасы. Сiлтеме жасалған нормативтiк-техникалық құжаттардың тiзiмi
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ

СУ БАСУ ЖӘНЕ СУ АСТЫНДА ҚАЛУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДАҒЫ

ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ
ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ
Енгізілген күні — 01.03.2003 ж.
Осы құрылыс нормалары мен ережелерi елдi мекендер, өнеркәсiп, көлiк, энергетикалық және тұрмыстық-коммуналдық объектiлердiң, пайдалы қазба кен орындары мен тау кен орындары, ауыл шаруашылығында және орманда пайдаланылатын жер, табиғи ландшафттардың аумақтарын су басу және су астында қалудан инженерлiк қорғау жүйелерi, объектiлерi мен имараттарын жобалауға таралады.

Инженерлiк қорғау жүйелерiн, объектiлерi мен имараттарын жобалау кезiнде Қазақстан Республикасының заң актілерін, сонымен қатар ҚР Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiмен бекiтiлген немесе 3-қосымшада келiсiлген нормативтiк құжаттардың талаптарын бұлжытпай сақтау керек.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Аумақты су басудан және су астында қалудан инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау және мақсатты пайдалану немесе су басу және су астында қалудың керi әсерiн жою талаптарына қарай аумақты су басу және су астында қалуды болдырмауды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi әзiрленуi тиiс.

Елдi мекендердiң, өнеркәсiптiк және тұрмыстық-коммуналдық объектiлердiң аумағын қорғау мыналарды:

- қала, елдiмекен, құрылыстық, өндiрiстiк-техникалық, коммуникациялық, көлiктiк объектiлердiң, демалыс орындарының және басқа да аумақтық жүйелердiң және экономикалық жекелеген объектiлердiң қауiпсiз, үздiксiз және сенiмдi қызметi мен дамуын;

- халық тұрмысының нормативтiк медициналық санитарлық жағдайын;

- қорғалатын аумақтың нормативтiк санитарлық-гигиеналық, әлеуметтiк және тынысжайлық жағдайларын.

Пайдалы қазбалар кен орнын және тау кен орнын су басу және су астында қалудан қорғау келесiлердi қамтамасыз етуге тиiстi:

- жер қойнауын және табиғи ландшафттарды;

- пайдалы қазбалар кен орындарында, соның iшiнде рудаға жатпайтын металдарды ашық және жер асты әдiсiмен өндiрудi қауiпсiз жүргiзу;

- пайдалы қазба кен орындарында кен өндiру кезiнде туындайтын аумақты техногендiк су басу және су астында қалу мүмкiндiгiн жою қамтамасыз етуi тиiс.

Ауыл шаруашылығы жерлерiн және табиғи ландшафттарды қорғау:

- ауыл шаруашылығы, орман және балық өнiмдерiн қарқынды өндiруге мүмкiндiк туғызуға;

- оңтайлы агротехникалық жағдай жасауға;

- жердi пайдалану ретiне қарай, қорғалатын аумақтың гидрологиялық және гидрогиология-лық тәртібiн реттеуге;

- жер, су, минералдық шикiзат және басқа да табиғи ресурстардың кешендi және тиiмдi пайдаланылуына мүмкiндiк туғызуға тиiстi.

Қала және елдi мекендер маңының табиғи ландшафттарын қорғау кезiнде аумақтың санитарлық қорғау аймақтарын, орман саябақтарын, емдеу-сауықтыру объектiлерiнiң, туризмнiң, тынысжай және спорттың барлық түрлерiн қамтитын демалыс аймақтарын жасауға пайдаланылуы көзделуi қажет.

1.2. Су басу процесiнiң туындауына мүмкiндiк туғызатын негiзгi табиғи жағдайлар болып:

- өтiмдiлiгi нашар топырақтардың (шаң тәрiздi құмдардың, құмдақтардың, саздақтардың, жарықшақ саздардың, сарытопырақтың) бар болуы;

- су өтпейтiн қабаттың немесе өтiмдiлiгi нашар қабатшалардың жер бетiне таяу орналасуы;

- аумақтың мардымсыз табиғи кәрiздiлiгi;

- мардымсыз беткi ағынды;

- топырақтық судың табиғи орнының (құрылысқа дейiнгi) салыстырмалы жоғары болуы табылады.

Техногендiк факторлар (беткi және жер асты ағындысының, аумақтың кәрiздiлiгiнiң, ыза суларының тұрақты немесе уақытша әсер етушi жаңа қосымша қорек көздерiнiң пайда болуы, булану қарқындылығының төмендеуi және т. б.) су басу процесiнiң туындауына әкелiп соқтырады.

1.3. Құрылыс салынып бiткен аумақты пайдалану барысында атмосфералық жауын-шашынға қосымша су тасымалдаушы жер асты коммуникацияларынан аққан судың, су қоймаларының суының сiңуi (W) және қалаларда нөсер суын қашырту канализациясының болмауы су басудың негiзгi себептерi болып табылады.

Су басу көздерi мыналарға бөлiнедi:

- табиғи (атмосфералық жауын-шашын, ерiген және жер асты сулары, ауалы аймақтың топырақтарындағы булы сулар);

- жасанды (беткi суларды жинақтаушы болып табылатын қазаншұнқұрлар мен орлар, арналар, арықтар, суөткiзгiш және канализациялық құбырлар, жылу жүйелерi, суүлестiрiм бекеттерi, су айналымды жүйелер мен имараттар, түрлi резервуарлар, жинақтаушылар, гидрокүлүюшiлер, тазалау имараттары, технологиялық процестерi ылғалды цехтар, суармалы алабтар және т.с.с.);

- аймақтық және жергiлiктi.

Су басу факторлары:

- белсендi (негiздердiң немесе терең бойлай орналасқан бөлмелердiң топырағын су басуын тiкелей туындатушы);

- әрекетсiз (тiкелей су басуды туғызбайтын, бiрақ су басуға мүмкiндiк туғызатын) болып бөлiнедi.



1.4. Инженерлiк қорғаудың негiзгi құралдары ретiнде жалдап үюдi, аумақтың беткi жамылғысын жасанды көтерудi, арна реттеушi имараттарды және беткi ағындыны реттеу және алып кету имараттарын,

кәрiздеу және өзге де қорғау имараттарын қарастыру қажет.

Инженерлiк қорғаудың көмекшi құралдары ретiнде инженерлiк қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыратын табиғи жүйелердiң және оларды құраушылардың табиғи қасиеттерiн пайдалану керек. Соңынан аталғандарға арналар мен ескi арнаны тазарту арқылы гидрографиялық желiнiң су әкетушi және кәрiздеушi рөлiн арттыру, фитомелиорацияны, агроормандандыру шараларын және т.б. жатқызу қажет.

Аумақты инженерлiк қорғау жобасының құрамына көктемгi су тасуы мен жазғы тасқындарды өткiзудi қамтамасыз етудi көздейтiн техникалық ұйымдастыру шараларын енгiзу керек.

Құрылыс жүрiп жатқан аумақта инженерлiк қорғау, өзендердегi су тасудан, бөгендер мен каналдар салу кезiнде су басу және су астында қалудан, құрылыс салу және ғимараттарды, имараттар мен желiлердi пайдалану кезiнде туындайтын топырақтық сулардың деңгейiнiң көтерiлуiнен аумақты тиiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн бiрыңғай кешендi аумақтық жүйелердi немесе жергiлiктi объектiге кiретiн қорғау имараттарын белгiлеудi қарастыруы тиiс.

Инженерлiк қорғаудың бiрыңғай кешендi аумақтық жүйелерiн қорғалатын аумақтар мен объектiлердiң мекемелiк бағыныстылығына қарамастан жобалау қажет.



1.5. Өзен жайылмасы аумағын табиғи су басудан қорғаудың қажеттiлiгi осы аумақтың жекелеген бөлiктерiнiң қала немесе өнеркәсiп құрылысына немесе ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерге, сондай-ақ пайдалы қазба кен орнына қажеттiлiгi мен пайдалану дәрежесiне қарай анықталады.

Өзендер жайылмасын су басудың есептiк параметiрлерiн 2-бөлiмге сәйкес қабылданған қорғау имараттарының дәрежесiне қарай инженерлiк гидрологиялық есептердiң негiзiнде анықтау қажет.

Сонымен су басуды:

- терең (тереңдiгi 5 м-ден жоғары), орташа (тереңдiгi 2 м-ден 5 м-ге дейiн);

- тайыз (құрлық бетiн жапқан судың тереңдiгi 2 м-ге дейiн) деп ажырату қажет.

1.6. Техногендi су басу аумағының шекарасын түрлi мақсатта пайдаланылатын су шаруашылығы объектiлерiнiң және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, ауылшаруашылғы жерлерi мен тау кен орындарында, пайдалы қазба кен орындарында пайдаланылған суларды және ағын суларын бұру жүйелерiнiң жобаларын жасау кезiнде айқындау қажет.

Қолданыстағы немесе жобаланған бөгендердiң су басуынан туындайтын терiс әсердi бөгеннiң тайыздану тәртібiне және жағадағы алқапты су басып жату ұзақтығына қарай бағалау керек. Мұнда төмендегiлердi ажырату керек:

- тұрақты су басу – пайдаланылмайтын көлем деңгейiнiң (ПКД) белгiсiнен төмен;

- кезеңдiк су басу - қалыпты тiрек деңгейi (ҚТД) және ПКД белгiлерi аралығында;

- уақытша су басу (бөгеннiң су деңгейiнiң ҚТД белгiсiнен жоғары көтерiлуi)

1.7. Аумақты су басудан туындайтын керi әсердi бағалау кезiнде топырақтық сулардың орналасу тереңдiгiн, процестiң ұзақтығы мен қарқындылығын, қорғалатын аумақтың гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және геокриологиялық, медициналық-санитарлық, геоботаникалық, зоологиялық, топырақ жамылғысы, агрошаруашылық, мелиоративтiк, ауданның шаруашылық экономикалық ерекшелiктерiн есепке алу керек.

Су басудан болған зиянды бағалау кезiнде аумақта салынған құрылысты, қорғалатын имараттар мен объектiлердiң дәрежелерiн, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң, пайдалы қазба кен орындарының және табиғи ладшафтар құндылығын есепке алу қажет.



1.8. Су басудан инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлегенде келесi су басу көздерiн: бөгендермен, каналдармен, СЭС алаптарымен және басқа да гидротехникалық имараттармен тежелген жер асты жерлерiнен сүзiлген судың есебiнен топырақтық судың тежелуiн, қорғалатын аумақтарда су тасымалдаушы комуникациялар мен имараттардан судың ағып зая кетуiн, атмосфералық жауын-шашынды есепке алу керек.

Сонымен қатар, жекелеген су басу көздерiнiң немесе олардың үйлескен тiркестерiнiң бiр мезгiлде байқалу мүмкiндiгiн есепке алу керек.

Жобаланған бөгеннiң немесе басқа су объектiлерiнiң жағасындағы аумақтың су басу аймағын, геологиялық және гидрогеологиялық iзденiстердiң негiзiнде анықталған су объектiлерiнiң есептiк су деңгейiне сәйкес келетiн тежелген жер асты суларының таралуын болжау жолымен, ал қолданыстағы су объектiлерiнде – гидрогеологиялық зерттеулер негiзiнде анықтау керек.

Суғармалы жерлерге iргелес аумақтарда тежелген топырақтық сулардың таралу аймағын анықтау су теңдестiк және гидродинамикалық есептердiң, геологиялық iзденiстер нәтижесiнiң негiзiнде жүргiзiлуi керек.

Бұл жағдайда:

- қорғалатын аумақтың атмосфералық ылғалдылығы дәрежесiн;

- су тасымалдаушы коммуникациялар мен сыйымды ыдыстардағы су шығынын есепке алу қажет.

Игерiлген аумақтар үшiн су басудың болжамдық мөлшерлiк сипаттамаларын гидрогеологиялық бақылаудың нақты деректерiмен салыстыру керек. Нақты бақыланған деректер, болжамдық деректерден жоғары болған жағдайда қосымша су көздерiн анықтау қажет.



1.9. Қала және өнеркәсiптiк аумақтарды инженерлiк қорғау кезiнде су басудың:

- аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына;

- ғимараттар мен имараттардың, соның iшiнде игерiлiп жатқан және бұрынырақ игерiлген аумақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың құрылымының сенiмдiлiгiне;

- инженерлiк коммуникация, имараттар және жабдықтардың жер асты бөлмелерге су өтуi әсерінен қызмет жасау сенiмдiлiгiне;

- металдан жасалған құрылымдардың, құбыр жүйелерiнiң, сумен жабдықтау және жылу жүргiзу жүйелерiнiң жер асты бөлiктерiнiң тоттануына;

- суффозия мен мүжілудің байқалуына;

- ыза суларының гидростатикалық қысымының өзгеруi жағдайында жер асты имараттарының орнықтылығы мен берiктiгiне;

- азық-түлiк және өндiрiстiк тауарларды үй асты қабаттары мен жер асты қоймаларында сақтау жағдайларына тигiзетiн керi әсерiн есепке алу қажет.



1.10. Ауыл шаруашылығы және табиғи ландшафттарды су басу кезiнде су басудың:

- аумақтың санитарлық - гигиеналық жағдайына;

- топырақ жамылғысының тұздану тәртібінің өзгерiсiне;

- аумақтың батпақтануына;

- табиғи жүйелерге және флора мен фауна өкiлдерi тiршiлiгiнiң жағдайына тигiзетiн әсерi есепке алынуға тиiстi.

1.11. Аумақты су басу мен су астында қалудан инженерлiк қорғау, шаруашылық кешеңдерiнiң түрлi салаларының өнiмдерiнiң саны мен сапасының төмендеуiмен, халық тұрмысының гигиеналық және медициналық-санитарлық жағдайының нашарлауымен, су басатын және су астында қалған аумақтардағы обьектiлердi қалпына келтiруге, сенiмдiлiгiн арттыруға жұмсалатын шығынмен анықталатын экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зиянды жоюға немесе азайтуға бағытталуға тиiс.

1.12. Су басу және су астында қалудан инжинерлiк қорғауды жобалау кезiнде сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтауды, халықтың тұрмыстық жағдайын, өнеркәсiптiк және коммуналдық объектiлердiң пайдаланылуын жақсарту мақсатында, сондай-ақ энергетика, автожол, темiржол және су көлiгi, пайдалы қазбалар өндiру, орман, балық, және аң аулау шаруашылықтарының, мелиорация, тынысжай және табиғат қорғау мүдделерiне сәйкес, жобаларда көп мақсатта пайдаланылатын инженерлiк қорғау имараттарының түрлерiн құру мүмкiндiгiн есепке ала отырып, инженерлiк қорғау имараттары мен жүйелерiн бiр мезгiлде пайдаланудың мүмкiндiгi мен орындылығын анықтау қажет.

1.13. Инженерлiк қорғау имараттарының жобасы:

- қорғау имараттарының сенiмдiлiгiн;

- пайдалану шығыны мардымсыз болған жағдайда, оларды пайдаланудың қауiпсiздiгiн;

- имараттармен жабдықтардың жұмысы мен жай-күйiне жүйелi бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн;

- су жинағыш имараттарды пайдаланудың оңтайлы тәртібiн;

- жергiлiктi құрылыс материалдарын және табиғи ресурстарды барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

Инженерлiк қорғау имаратының түрiн таңдау, салыстырылатын имарат түрлерiнiң көрсеткiштерiн техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде жүзеге асырылуға тиiс.

1.14. Елдi мекендер аумағын және пайдалы қазбалар өндiру аудандарын осы құжаттың 1.9-тармағында көрсетiлген зардаптардан, сондай-ақ сырғыма, термооқпа және термомүжілуден, ал ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердi микроклиматтық, агроормандандыру және басқа да жағдайларды жақсарта отырып, осы норманың 1.10-тармағында белгiленген су басу салдарынан қорғау қажет.

Аумақты инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде, беткi суларды ағын сулармен ластанудан қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңының талаптары сақталуы тиiс.

Жобаланған инженерлiк қорғау имараттары орналасатын аумағы бойынша пайдалануға берiлген немесе құрылып жатқан су қорғау, табиғат қорғау аймақтарының, ұлттық саябақтардың, қорықтардың аумақтарымен сәйкес келген жағдайда, аумақты инженерлiк қорғау жобасының табиғи шаралары табиғи ортаны қорғауға мемлекеттiк қадағалау жүргiзетiн органдармен келiсiлуге тиiстi.

1.15. Су тасқынына қарсы жүргiзiлетiн жобаланған шаралардың тиiмдiлiгiн, бөгендердi және қорғалатын жерлердi кешендi пайдаланудың таңдалған нұсқасының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн, су тасқынына қарсы шаралар жүргiзiлгенге дейiнгi, жердi пайдаланудың нұсқасымен салыстыру арқылы анықтау керек.

1.16. Елдi мекендер мен өнеркәсiптiк объектiлердiң, пайдалы қазба және тау кен орындарының су тасқынына қарсы бөгеттерi мен мен үйме жал бөгетшелерiн, осы норманың 3-бөлiмiнде көзделген талаптарға сәйкес және өзен гидротехникалық имараттарының талаптарына сәйкес, ал ауыл шаруашылығы жерлерiн мелиоративтiк жүйелерге және өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын талаптарға сәйкес жобалау қажет.

Өзендерде су тасқынына қарсы қорғау жүйелерiн жобалау кезiнде, ағын сулардың су ресурстарын кешендi пайдаланудың талаптарын есепке алу қажет.

Су қашыртқы қорғау имараттары арқылы су тасқынын өткiзудiң есептiк қамтамасыздығын таңдау, осы норманың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес, қорғау имараттарының дәрежелерiн есепке ала отырып, техникалық-экономикалық есептермен негiзделедi.

1.17. Су басудан қорғалатын аумақтарда беткi ағындыны реттеушi имараттар, осы аумаққа келiп түсетiн беткi сулардың (жаңбыр және қар суы, уақытша және тұрақты ағын сулар), қорғау имаратының дәрежесiне сәйкес қабылданатын есептiк су шығынының шамасына (ҚНжЕ 2.04.03-ке сәйкес) қарай есептелуi тиiс.

Суайрық тарапынан келетiн беткi ағындыны қорғалатын аумақтан таулық арналар арқылы әкету керек, ал қажет болған жағдайда, беткi ағындының бiр бөлiгiн жинақтауға мүмкiндiк беретiн суқоймасы құрылғыларын орнатуды қарастыру қажет.



1.18. Су басу және су астында қалудан инженерлiк қорғаудың кешендi аумақтық жүйесi мынадай жағдайларда инженерлiк қорғаудың бiрнеше түрлi құралдарын қамтуы керек:

қорғалатын аумақта жекелеген инженерлiк қорғау құралдарымен қорғауды жүзеге асыру мүмкiн болмайтын және тиiмдiлiгi аз болатын өнеркәсiптiк немесе азаматтық имараттардың қолда бар болуы;

инженерлiк қорғаудың қандай да бiр жекелеген объектiлерiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн күрделi морфометриялық, тофографиялық, гидрогеологиялық және басқа да жағдайлар.

1.19. Жобалау, құрылыс салу және пайдалану кезiнде, құрылыс жүрiп жатқан аумақты су басу қаупiнiң алдын алу шараларын осы норманың А, Б, В қосымшаларына сәйкес орындау керек.

1.20. Гидроэнергетикалық және су шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысымен туындаған су басу және су астында қалу процесiнен аумақты қорғау кезiнде I және II дәрежелi инженерлiк қорғауды техникалық-экономикалық негiздеудi осы норманың Г қосымшасына сәйкес техникалық-экономикалық есептеудiң негiзiнде орындау қажет.

Республикалық, облыстық және жергiлiктi маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн жобалау кезiнде, инженерлiк қорғау имараттарын, сондай-ақ III және IV дәрежелi инженерлiк қорғау имараттарын негiздеудi, ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттiлiктер үшiн алынған жерлердiң орнына жаңа жерлердi игеруге жұмсалатын нормативтiк шығынның негiзiнде орындау керек.



2. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫНЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Инженерлiк қорғау имараттарының дәрежелерi, ереже бойынша, шаруашылық және экономикалық тәуелдiлiгiне қарай, қорғалатын объектiлердiң дәрежелерiнен төмен емес дәрежеде белгiленедi.

Әр түрлi дәрежедегi объектiлер орналасқан аумақты қорғау кезiнде, инженерлiк қорғау имаратының дәрежесi, ереже бойынша, қорғалатын объектiлердiң көпшiлiгiнiң дәрежесiне сәйкес алынады. Мұндай жағдайларда аумақты инженерлiк қорғау имараттары үшiн белгiленген дәрежеге қарағанда дәрежесi анағұрлым жоғары жекелеген объектiлер дербес қорғалады. Бұл объектiлердiң дәрежелерi мен оларды дербес қорғау дәрежелерi бiр-бiрiне сәйкес болуы тиiс.

Егер техникалық-экономикалық негiздеумен дербес қорғаудың орынды екендiгi айқындалған болса, онда аумақты инженерлiк қорғаудың дәрежесiн бiр бiрлiкке арттыру қажет.

2.2*. Су тежеу типтi инженерлiк қорғаудың тұрақты гидротехникалық имараттарының дәрежелерiн, ҚНжЕ 2.06.01-86 және ҚНжЕ 3.07.01-дің талаптарына сәйкес өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын талаптарға сәйкес және осы норманың Д қосымшасы бойынша, қорғалатын аумақтың сипаттамаларына қарай белгiлеу қажет.

2.3*. Су тежеу типiне жатпайтын (арна реттеушi және ағынды реттеушi, кәрiздеу жүйелерi және т.б.) қорғау имараттарының дәрежелерiн құрылымды жобалау кезiнде ғимараттың, имараттың күрделiлiгi дәрежесiне ҚНжЕ 2.06.01-86-ның талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.

Жобалаудың есептiк шарттары ҚНжЕ 3.07.01-85-ке сәйкес белгiленген дәрежеге сәйкес қабылданады.



2.4. Су тежеу типтi қорғау имараттарының қырының есептiк су деңгейiнен жоғары болуын, ҚНжЕ 2.06.05-84*-тің талаптарын ескеріп қорғау имаратының дәрежесiне қарай белгiлеу қажет.

Бұл жағдайда қорғау имараттарымен сығымдалған ағын судың әсерiнен су деңгейiнiң көтерiлуiнiң мүмкiндiгi есепке алынуы керек.



2.5. Аумақты су басудан беткi жамылғыны топырақ төсеу немесе сумен үю арқылы көтерiп қорғау кезiнде, төсем төселiп қалыңдатылатын аумақтың су объектiсi тарапындағы белгiсiн жалдап үйiлетiн бөгетшенiң қырының белгiсiн қабылдаған сияқты қабылдау керек; төсем төселетiн аумақтың беткi жамылғысының белгiсiн су басудан қорғау кезiнде, қала, кент, ауыл елдi мекендерi құрылысын жоспарлау жоспарының талаптарын ескере отырып анықтау қажет.

2.6*. Ағын су және су қоймалары жағалауларында инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде, негiзгi есептiк жағдай үшiн, есептiк сипаттама ретiнде, өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын ҚНжЕ 2.06.01-86 және ҚНжЕ 3.07.01-85-тің талаптарына сәйкес, инженерлiк қорғау имараттарының дәрежесiне қарай ықтималдығы белгiленген шамадан артық болатын су деңгейiнiң жоғары мәнi қабылданады.
Ескерту:

1. Ауданы 100 мың га. артық ауыл шаруашылығы аумақтарын қорғауға арналған I дәрежелi имараттар үшiн есептiк су деңгейiнiң артық болу ықтималдығы 0,5 %-ке тең болып қабылданады, сауықтыру-тынысжайлық және санитарлық қорғау сипаттағы аумақтарды қорғауға арналған IV дәрежелi имараттар үшiн - 10 %.

2. Есептiк су деңгейiн тексеру кезiнде, қала аумағын инженерлiк қорғау имараттарының қырынан судың асып түсуiне ҚНжЕ 3.07.01-85-ке сәйкес жол берiлмейдi. Қала аумағы және жеке тұрған өнеркәсiптiк кәсiпорындар үшiн, қамтамасыздығы есептiк сынақ жағдайындағы қамтамасыздыққа тең су тасқынын өткiзу үшiн техникалық-ұйымдастыру шараларының жоспары әзiрленуi тиiс.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет