«Үш негіз және оның дәлелдері» жолдауының түсіндірмесі бойынша емтихан сұрақтар Кіріспе 1 Не үшін



Дата26.04.2016
өлшемі353.38 Kb.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
«Үш негіз және оның дәлелдері» жолдауының түсіндірмесі 
бойынша емтихан с
ұрақтар

Кіріспе

1) Не үшін «Үш негіз» жолдауы әрбір мұсылманға өте маңызды болып табылады?
2) Не себеппен автор өз жолдауын «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен» бастады?
3) «Бисмил-Ләһир-Рохмәнир-Рохим!» сөздерінің мағынасын түсіндір.
4) «Біл!» деген сөздің не мәнісі бар?
5) Меңгерудің қанша және қандай дәрежелері бар?
6) Дәлелді қажет ету жағынан білімнің неше түрі болады?
7) Автордың «Саған Аллаһтың мейірімі жаусын» деп дұға тілеуінің мәнісі неде? Әрі оның мағынасын түсіндір. 
8) Парыз (немесе уәжиб) деген не? Оның неше түрі бар? Олардың арасындағы айырмашылықты түсіндір.
9) «Төрт мәселені үйрену» парыз (немесе уәжибтің) қай түріне жатады? Оны қалай анықтадық?
10) «Білім» деп не меңзелуде? Себебін түсіндір. 
11) Дүниәуи білімді үйренудің Шариғатта үкімі қандай?
12) Құл өз Раббысын қалай тани алады?
13) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тану дегеніміз не? Оны танып қан қою жеткілікті ме?
14) Исламның неше және қандай түрі бар?
15) Исламнан басқа қандай діндер Аллаһтың құзырында қабыл етіледі?
16) Не үшін автор «дәлелдермен тану» сөздерін қосты? 
17) Соқыр ілесу деген не?
18) «Дәлел» сөзінің тілдік мағынасы қандай?
19) Дәлелдің түрлерін атап бер. Мысал келтір.
20) Білімге сай амал ету қаншалықты маңызды?
21) Білімге амал етпей, оны қалдырудың қанша және қандай түрлері бар? Әрқайсына мысал келтір. 
22) Аллаһқа шақыру қаншалықты маңызды? 
23) Да`уаның (шақырудың) басты шарты не?
24) Аллаһқа шақыруда адам нені білу керек?
25) Аллаһқа шақырудың қандай түрлері бар?
26) Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын және шындықты айтып, Аллаһқа шақыратын кісілер үшін сабыр ету қаншалықты маңызды?
27) Аллаһтың: «Расында, Біз саған Құран түсірдік. Сол үшін Раббыңның үкіміне сабыр ет!» - деген сөздерінен қандай пайда аламыз (Инсән сүресі, 23-24-аят)?
28) Сабыр етудің қанша және қандай түрлері бар?
29) «`Аср» сүресін жаттау. 
30) Не үшін автор білім мен амалға дәлел ретінде, «иман келтірген және ізгі амал жасаған» аяттарын келтірді? Білімнің иманға не қатысы бар?
31) Исламда кіммен және немен ант етуге болады?
32) Не үшін Аллаһ жаратылыстармен ант етудің тыйым салынғанына қарамастан, жаратылыс болып табылатын «уақытпен» ант етті?
33) Аллаһ кез-келген нәрсемен ант ете береді ме?
34) Нәпсіге қарсы жиһадтың түрлерін атап бер. 
35) Аятта келген «иман келтірген және ізгі амал жасаған» деген сөздерден, амал иман атаулысына жатпайды деп түсінген, әрі егер амал иман атаулысына жатқанда еді, онда Аллаһ иман мен амалды «уәу» арқылы жалғамайтын еді деп айтқан кейбір адасқан адамдарға қалай жауап береміз?
36) Имам әш-Шәфи`и туралы қысқаша мағлұмат бер. 
37) Имам әш-Шәфи`идің сөздерінен, бұл сүре адамзатқа шариғаттың бүкіл үкімдерінің орнын толтыра алады деп түсінуіміз керек пе? 
38) Имам әл-Бухари туралы қасқаша мағлұмат бер.
39) Имам әл-Бухари білімнің – сөздер мен амалдардан бұрын екеніне қандай дәлел келтірді? Әрі дәлелдің жүзі қандай?
40) Мухаммад сүресінің, 19-аятын жаттау. 
41) Ибн әл-Қайимнің надандық ауруы мен оның емі туралы айтқан өлең жолдарына түсініктеме бер. 
42) «Роббәни» деген кім?
43) Әбу әд-Дәрданың білім иесі мен наданның амалдары арасындағы ерекшелік жайында айтқан сөздерін түсіндір.
44) Аллаһтың бұйырғаны мен тыйым салғанына қатысты еркек пен әйелдің арасында айырмашылық бар ма?
45) Аллаһтың Жаратушы екеніне сам`ия және `ақлия дәлелдер келтір.
46) Аллаһтың Ризықтандырушы екеніне сам`ия және `ақлия дәлелдер келтір.
47) Адамның босқа жаратылмағандығына сам`ия және `ақлия дәлелдер келтір.
48) Аллаһтың елшісіне бағынудың парыз екеніне және оның әміріне құлақ аспаудың харам екеніне дәлелдер келтір. 
49) Аллаһ бізді қандай мақсатпен жаратты? 
50) Аллаһ разы болатындай құлшылықты жасау үшін кімнің жолыме жүруіміз қажет?
51) “Сенің жақсы көруің маңызды емес, алайда сені жақсы көру маңызды!” деген сөздердің мағынасын түсіндір. 
52) “Жалғыз үшін жалғыз жолда жалғыз бол!” сөздерінің мағынасын түсіндір. 
53) «Перғауын» деген кім?
54) Перғаунға жіберілген елші кім еді
55) Муззәммил сүресінің, 15-16-аяттарын жаттау.
56) «Куәгер ретінде елші жібердік» сөздерінің мағынасы не?
57) Ұлы да, Құдыретті Аллаһ Тағала Перғаунды қалай азаптады?
58) Осы жөнінде айтылған имам Ибн Кәсирдің сөздерін еске түсір.
59) Құлшылықтың басты шартын атап бер.
60) Ширк жасайтын адамның құлшылығы қабыл бола ма?
61) Аллаһқа кімді серік қосуға болмайды?
62) “Біз оларды жаратушы, ризық беруші, өлтіруші, тірілтуші деп атағанымыз жоқ қой!” деп, қабірдегілерге құлшылықтарын арнайтын кісілерге қалай жауап береміз?
63) “Біз әулиелер мен ізгі кісілер арқылы Аллаһқа жақындаймыз. Олар біз бен Аллаһ арасындағы дәнекер ғана. Олар бізге шапағат етеді” дейтіндерге қалай жауап береміз?
64) ”Пайғамбарымыздыңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы мушриктер (көпқұдайшылар) тастарға, ағаштарға, пұттарға, күн мен айға құлшылық еткен. Әулиелер мен әруақтардан медет тілейтін біз бен оларды шатастырма!” дейтіндерге қалай жауап береміз?
65) Жын сүресінің, 18-аятын жаттау.
66) «Мәсәжид» деген не?
67) «Мешіттер Аллаһқа ғана тән» дегенді қалай түсінеміз?
68) «Ешкімге» деген сөз, Аллаһтан өзге барлық нәрсені қамтығанын, әрі одан ештеңе тыс қалмайтынын қалай анықтадық. Араб тілдіндегі қағиданы еске түсір. 
69) Құран мен Сүннет мәтіндердінде “ду`а” сөзі қандай мағыналарда келеді?
70) Дұғаның мағыналарына сай Аллаһтың мына сөздерін ғалымдар қалай тәпсірледі: «Маған ду`а етіңдер, сендерге жауап беремін»?
71) Аллаһ үшін дос тұтып (сүйіп), Ол үшін жауласу (жеккөру) қаншалықты маңызды?
72) Ғалымдар кәпірлерді жақсы көру мәселесін нешеге және қандай түрлерге бөліп қарастырады? 
73) Әт-Тәуәлли деген не? Оның діннен шығаратын күнә екеніне дәлел келтір.
74) Әл-Муәлә деген не? Оның діннен шығармайтын күнә екеніне дәлел келтір.
75) Мужәдәлә сүресінің, 22-аятын жаттау.
76) Құран Кәрімде «рух» сөзінің неше және қандай мағынасы бар? Әрқайсына мысал келтір.
77) “Әл-Уәлә уәл-Бәра” (дос тұту және аулақ болу) мәселесінен біз дүниауи пайда әкелетін істерде де кәпірлермен қарым-қатынастың бәрін үзу керек деп түсінбеуіміз қажет пе? Олармен қандай қарым-қатынастарда болу рұқсат етіледі? Әрқайсына мысал келтір.
78) Ханифия дегеніміз не?
79) Бұл жерде “ханафия” деп аталатын имам Әбу Ханифаның мазһабы жайында әңгіме болып жатыр ма?
80) Ибраһимнің діні қандай еді?
81) «Сол кезде Ибраһим өз әкесі мен еліне: “Шын мәнінде, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен бездім (аулақпын). Бірақ мені жаратқан басқа, Ол мені тура жолға салады”, - деді» аятынан нені байқауға болады (Зухруф сүресі, 26-27-аяттар)?
82) Бүкіл пайғамбарлар таухидке (Аллаһты жалғыздауға) және “Лә иләһа илләл-лаһ” сөздеріне шақырған еді. Олай болса, не үшін біз ханифияны (Аллаһты жалғыздау дінін) Ибраһимге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теліп, оны ерекше атап отырмыз?
83) Құлшылық пен ықыласты бірге алып жүру қаншалықты маңызды?
84) Зәрият сүресінің, 56-аятын жаттау.
85) Жындар деген кімдер?
86) Құлшылықтын қанша және қандай түрлері болады?
87) Аллаһ біздің Оған құлшылық еткенімізде мұқтаж ба?
88) «Таухид» деген не? Ол не нәрсе арқылы ғана жүзеге асады?
89) Таухидтің түрлерін атап бер.
90) Автордың «Аллаһ бұйырған ең ұлы нәрсе – таухид. Ол: Аллаһты құлшылықта жалғыздау» сөздерінде таухидтің қай түрі меңзелуде? Себебін түсіндір. 
91) Ширктің қауіптілігі қаншалықты зор екекнін бандап бер. 
92) Ширктің қанша және қандай түрлері болады?
93) Ниса сүресінің 36-аятын жаттау. 
94) Осы аяттан таухидтің ең ұлы парыз екенін, ал ширктің ең ұлы харам екенін қалай анықтадық? Дәлелдің жүзін түсіндір. 
Бірінші негіз

1) Негіз (әл-әсл) дегеніміз не?
2) Не үшін автор: «Егер сенен біреу: “Адам білуі парыз болған үш негіз қандай?” – деп сұраса, былай жауап бер: ...» сөйлемін сұрақ-жауап түрінде келтірген?
3) Кітапта баяндалатын үш негізді оқып, білудің мәнісі неде?
4) Ғалымдар: “Ақида мәселелерінде, әсіресе осы үш негізге қатысты мәселелерде, адамға тақлид (соқыр ілесу) көмектеспейді” деген тұжырымды қайдан шығарған?
5) Аллаһ Тағаланы танудың себептерін атап бер.
6) Біз Исламды мұсылмандардың қазіргі жағдайымен салыстыру арқылы танып-білуімізге болады ма? 
7) Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы білімін арттырғысы келген адам оны не арқылы орындай алады?
8) Раббы дегеніміз кім?
9) «Раббым – Аллаһ! Ол мені ризықтандырды», - деп қана мойындау, яғни “таухид әр-рубубияны” растау ғана жеткілікті болып саналады ма?
10) «Әл-хамду лилЛәһи Роббил-`аләмин» сөздерінің мағынасын түсіндіріп бер. 
11) Әлемдер деген не?
12) Аят деген не? Оның мағынасы қандай?Оның қанша түрі болады?
13) Не үшін автор «аяттар» сөзі «жаратылыстар» деген мағына беретініне қарамастан, «аяттар мен жаратылыстар» деп аятты?
14) Қалайша жаратылыстар Жаратушының бар екенін, бір екенін дәлелдейді?
15) Түн мен күндіздің, күн мен айдың қалайша Аллаһтың аяттарынан болып табылатынын баяндап бер.
16) Фуссиләт сүресінің 37-аятын жаттау.
17) А`раф сүресінің 54-аятын жаттау.
18) Күн мен айдың әкелетін пайдасы зор екен деп оларға құлшылық жасауға болады ма?
19) Аллаһ Тағала ұлы жаратылыстарды алты күнде жаратты, бұдан Аллаһ оларды бір сәтте жарата алмайды деп түсінуге болады ма? Бұның даналығы неде?
20) Алты күннің біріншісі – ..., ал соңғысы – ...?
21) Жұма күнінің ерекшеліктерін атап бер.
22) `Арш дегеніміз не? Ол туралы қандай хадистер білесің?
23) Аллаһтың `Аршқа көтерілгенін білеміз, алайда Ол оған қалай көтерілген?
24) Аллаһтың: «Жарату мен басқару Оған тән» сөздерінен ғалымдар нені мәлімдейтін топқа қарсы жауап (родд) шығарды?
25) Әмір етудің қандай түрлері бар?
26) Қабірінде адам баласына қойылатын «Раббың кім?» сұрағын, ғалымдар не деп түсіндірген?
27) Аллаһтың ғана құлшылыққа лайықты екенін түсіндіру үшін, Аллаһ Құранда қандай тәсілді жиі қолданады?
28) Бақара сүресінің 21-22-аяттарын жаттау.
29) Бақара сүресінде Аллаһ Тағала адамзатты неше және қандай категорияларға бөлді?
30) «Раббыларыңа құлшылық етіңдер» сөздерінде, Аллаһтың «Раббы» есімі “құлшылық етілетін объекті” деген мағынада келетініне дәлел бар. Оны қалай анықтауға болады?
31) «Әт-Тәқуа» деген не?
32) Ризық деген не?
33) Имам Ибн Кәсир туралы қысқаша мағлұмат бер.
34) «Әл-`Ибәда» сөзінің тілдік мағынасы қандай?
35) «Әл-`Ибәда» (құлшылық) сөзінің шариғи мағынасы қандай?
36) Құлшылыққа “әл-жәми` әл-мәни`” деп сипатталатын анықтаманы кім берген? Ол анықтаманы жатқа айтып, әр сөзін жеке түсіндіріп бер. 
37) Автор құлшылық тақырыбына кіргенде құлшылықтардың түрлерін атай бастайды. Ол ғибадаттың барлық түрін атап шығады ма?
38) Ширк дегеніміз не?
39) Ширкті ғалымдар қанша, қандай түрлерге, әрі қалай бөлген?
40) Ширк (серік қосу) пен куфр (имансыздық) арасында не айырмашылық бар?
41) Мушриктің (Аллаһқа серік қосушы, көпқұдайшыл) және кәфирдің (имансыз, дінсіз) Ахыреттегі үлесі бір-бірінен өзгеше болады ма?
42) Муминун сүресінің 117-аяттын жаттау.
43) Аллаһтың: «Оған еш дәлелі жоқ бір тәңірге», деген сөздерінен біз нақты белгілі бір тәңірге ғана құлшылық етуге еш дәлел жоқ деп түсініуіміз дұрыс па?
44) Құлшылықтың қандай да бір түрін Аллаһтан өзгеге арнаған адамның мушрик (Аллаһқа серік қосушы) және кәфир (имансыз) болып табылатынына Муминун сүресіндегі аяттан дәлелдің жүзін тауып бер. 
45) Дәлел келтірудің тәсілдерін еске түсір.
46) Дәлел келтіру тәсілдерін біліп жүру білім ізденушіге қаншалықты қажет?
47) Білім ізденуші, кітаптардағы не сабақтардағы, не фәтуә бергендегі, ғалымның айтқан сөздерін және келтірген дәлелін дұрыс түсінуі үшін, әрі оның шығарған үкімі мен келтірген дәлелінің арасындағы байланысты сезу үшін нені білу керек?
48) «Дұға – құлшылықтың өзегі» хадисінің сенімділік дәрежесін баяндап бер.
49) Осы мағынада айтылған сахих хадистер жеткен бе?
50) «Дұға – бұл құлшылық» дегеннен, құлшылықтың тек бірі түрі ғана бар деп есептеуге болады ма? Мысал келтір.
51) Ғафир сүресінің 60-аятын жаттау. 
52) Ғафир сүресінің аятынан дұғаның құлшылық екеніне дәлелдің жүзін (уәжһул-истидлял) тауып бер. 
53) Әл-хоуф деген не?
54) Әл-хоуфтың неше және қандай түрі бар?
55) Шейх Солих Әли шейх Аллаһтан басқа біреуді қорқу ширк болып табылатын жағдайға керемет бір мысал келтіреді, соны айтып бер. 
56) Әли `Имран сүресінің 175-аятын жаттау. 
57) Әли `Имран сүресінің аятынан әл-хоуфтың құлшылық болып саналатынына дәлелдің жүзін тауып бер. 
58) Аллаһтан қорқу әрқашан мақтаулы болып саналады ма?
59) Әр-рожә деген не?
60) Әр-рожәның қандай түрлері бар?
61) «Раббымен жолығу (әл-лиқо)» сөздеріне ғалымдар қандай тәфсир берді?
62) Қандай жағдайда әр-рожә мақтаулы, қандай жағдайда даттаулы болып есептеледі?
63) Амал ізгі болу үшін қандай шарттар атқарылу тиіс?
64) Кәһф сүресінің 110-аятын жаттау.
65) Кәһф сүресінің аятынан әр-рожәның құлшылық екеніне дәлелдің жүзін (уәжһуд-диләля) тауып бер. 
66) Әт-Тәуәккул деген не?
67) Мақсатқа жету үшін себеп жасау ғана жеткілікті ме? Әлде тағы бір нәрселер керек пе? 
68) Нәтижеге жету үшін себеп жасаудың үкімі не? Оған Құран мен Сүннеттен дәлелдер келтір. 
69) Себеп жасап тәуекел етпейтін немесе тәуекел еткенін мәлімдеп себепті қалдырып қйоған кісілер туралы ғалымдар не деді?
70) Тәуекел етудің қандай түрлері бар?
71) Мәида сүресінің 23-аяты мен Әнбия сүресінің 90-аятын жаттау. 
72) Мәида сүресі мен Әнбия сүресіндегі аяттардан тәуекел етудің құлшылық екеніне дәлелдің жүздерін тауып бер. 
73) Әр-роғба, әр-роһба және әл-хушу` деген не?
74) Қорқу мен үмітті мұсылман адам бірдей алып жүру керек пе? Әлде жағдайға байланысты бірі екіншісінен басым болу керек пе? Ғалымдар бұл туралы қандай пікір білдірген?
75) Сопылардың “Біз Аллаһқа, Оның сауабын үміт етіп те емес, Оның азабынан қорқып та емес, тек Оны жақсы көргеніміз үшін ғана құлшылық етеміз” деген сөздері шариғат бойына дұрыс па?
76) Әнбия сүресінің 90 аятын жаттау. 
77) Әнбия сүреіндегі аяттан әр-роғба, әр-роһба және әл-хушу`тың құлшылық түрлеріне жататынына дәлелдің жүздерін тап. 
78) Әл-Хошия деген не?
79) Әл-Хошияның әл-хоуфтан айырмашылыға неде?
80) Әл-хошияның түрлері қандай?
81) Бақара сүресінің 150-аятын жаттау. 
82) Бақара сүресіндегі аяттан әл-хошияның құлшылық екеніне дәлелдің жүзін тауып бер. 
83) Әл-Инәбә деген не?
84) Зумәр сүресінің 54-аятын жаттау. 
85) Зүмәр сүресіндегі аяттан әл-инәбаның құлшылық болып табылатынына дәлелдің жүзін тауып бер. 
86) Әл-Инәбә тек Аллаһқа ғана арналу керек екеніне жеке дәлел келтір. 
87) Әл-Исти`анә деген не?
88) Араб тілінде, «син» мен «тә» (яғни, “ист...”) әріптеріне басталатын сөздер нені білдіреді?
89) Әл-исти`анәның қандай түрлері бар?
90) Автор жолдауында көмек сұраудың қандай түрін айтпақшы болған?
91) Фатиха сүресіндегі аяттан әл-исти`анәның құлшылық екеніне дәлелдің жүзін тауып бер. 
92) «Көмек сұрайтың болсаң, Аллаһтан сұра» деген хадистің сенімділік дәрежесі қандай?
93) Бұл хадистің ішінен көмек сұраудың құлшылық болып саналатынына дәлелдің жүзін тап. 
94) Әл-исти`азә деген не?
95) Пана тілеудің қандай түрлері бар?
96) Имам әл-Қуртуби “Аллаһтың жаратылыстарының жамандығынан, Оның кемел сөздеріне сиынамын” деген пана тілеу дұғасына байланысты өмірінде орын алған оқиғасын баяндап бер. 
97) Фәләқ пен Нас сүрелерін жаттау. 
98) Әл-исти`азәның құлшылық екеніне дәлер ретінде келтірілген осы екі сүредегі дәлел жүзін (уәжһул-истидләл) тауып бер. 
99) Әл-истиғосә деген не?
100) Аллаһтан басқа бәреуден жәрдем тілеу үшін және жаратылысқа арналған истиғосә ширк болып табылмау үшін қандай шарттар орындалуы тиіс?
101) Әнфәл сүресінің 9-аятын жаттау. 
102) Әл-Истиғосәның құлшылық түрлеріне жататынына Әнфал сүресіндегі аяттан дәлелдің жүзін тауып бер. 
103) Әз-Зәбх деген не?
104) Мал бауыздаудың неше түрі бар?
105) Ән`ам сүресінің 161-163-аяттарын жаттау. 
106) «Айт: ”Расында, менің намазым мен құрбандығым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән» аятындағы «тән» (ли) сөзі қандай мағына береді?
107) Әнбия сүресінің аятынан құрбандықтың құлшылық екеніне екі дәлелдің жүзін тауып бер. 
108) Адам мал бауыздағанда жүрегінде қандай істер орын алады?
109) «Аллаһтан өзге үшін мал бауыздаған адамды, Аллаһ лағынет етсін!» хадисінен әз-зәбхтың құлшылыққа жататынына дәлелдің жүзін тауып бер.
110) Ән-Нәзр деген не?
111) Нәзірді орындаудың үкімі қандай?
112) Нәзірдің неше және қандай түрлері бар? Мысалдар келтір.
113) Инсән сүресінің 7-аятын жаттау.
114) Инсән сүресіндегі аятта Аллаһ нәзір берушілерді мақтады ма?
115) Нәзірдің құлшылық атаулысына кіретін амал екеніне Инсән сүресіндегі аяттан дәлелдің жүзін (уәжһуд-диләля) тауып бер.

Жалғасы бар...
Каталог: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет