Шағбан айында жасалатын бидғат істер және осы айға қатысты өтірік хадистер



Дата02.05.2016
өлшемі54.43 Kb.
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Шағбан айында жасалатын бидғат істер және осы айға

қатысты өтірік хадистер

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын! Аллаһтың игілігі мен сәлемі Пайғамбарымызға, оның отбасына және сахабаларына болсын!

Шағбан айының ортаңғы түнінің артықшылығы турасында мынадай сахих /сенімді/ хадис келді: «Біздің Раббымыз Шағбан айының ортаңғы түнінде түседі және көпқұдайшыл /мушрик/ мен қарсыласатын бидағат иесінен /мушәхин/ басқа, барлық Өзінің жаратылыстарының күнәларын кешіреді» Бұл хадисті Ибн Мәжәһ 1390, әл-Баззар 2/408, ибн Хиббан 5636, әл-Байхақи 7/419, әт-Табарани 20/108, ибн Аби ’Асым 509 және тағы басқалар келтірді. Бұл хадистың көптеген келу жолдары бар және бір топ сахабалардан жеткізіледі. Олардың арасында: Әбу Бәкр, ’Аиша, Му’аз ибн Жәбәл, Әбу Һурайра, ’Абдуллаһ ибн ’Амр, Әбу Муса, Әбу Са’ләба, Ауф ибн Малик, ’Усман ибн әл-’Ас.

Бұл хадистің нұсқаларының ішінде көп әлсіздері /дайф/ бар, дегенмен кейбір бөлек нұсқалары жақсы /хасан/, және барлық нұсқалары бір-бірін күшейтіп, хадисті сахих дәрежесіне көтереді. Осы хадисті сахих деген имамдар қатарында: имам әл-Баззар, хафиз Ибн Ражәб және шейх әл-Әлбани. Қараңыз: «әл-Бахр аз-захир» 1/206, «Шарх әл-Мәуәхиб» 7/473, «ас-Силсилә ас-сахиха» 1144, 1563.

Сол себепті, шейх әл-Әлбаниден, Аллаһ оны мейіріміне бөлесін, Шағбан айының артықшылығы жайында сұрағанда, ол бұл айда Аллаһ Тағала мушрик пен мушәхиннен басқа, барлық құлдарының күнәларын кешіреді деп жауап берді. «ас-Силсилә һуда уа нур» 564.

Мушахин – бұл, ибн әл-Әсир айтқандай: «Әл-Мушәхин – Қарсыласатын. Ал әш-шәхна – қарсыласу, ал әт-тәшәхун – осыдан туындайтын әрекет».

Имам әл-Ауза’и айтты: «Әл-Мушахин сөзінің мағынасы – үмметтің бірлігін бөлетін бидағат иесі»

Бұл түнді және осы күнді белгілі бір құлшылықтың түрлерін жасаумен ерекшелендіруге болмайды. Және егер тіпті бұл ораза, намаз секілді негізінде дінде заңдастырылған құлшылық түрі болса да, бұл жайт бидағат, яғни дінге еңгізілген жаңалық болады. Ал егер адам әр түнде намаз оқып жүрген болса, осы түнгі намаз оқуында еш жамандық жоқ, сондай-ақ, егер әр айдың ортасында ораза ұстап жүрсе, осы айдың ортасында да ораза ұстауында еш жамандық жоқ. Осындай түсіндірмені Мұхаммад Саид Раслән, Аллаһ оны сақтасын, жұма күнгі оқылатын хутбасында берді. http://www.rslan.com/vad/items_details.php?id=2343

Шейх Усайминде де Шағбан айының маңайындағы бидағат істер жайында хутбасы бар, сол жерде шейх былай дейді: «Кейбір адамдар Шағбан айының ортасындағы түнді ұлықтайды, және оны құлшылықпен, намаз оқумен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, осы күндерді ораза тұтумен (басқа күндерден) айрықша етеді. Бірақ бұл нәрсеге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде ешбір сахих (сенімді) негіз жоқ. Және Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның осы түндерді намаздар оқумен ерекше еткені жайында хабарлар келмеген. (Келгеннің өзінде) сол хадистер көптеген мухаддистер айтқандай Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан айтылған өтірік, ойдан шығарылған (мауду') хадистер болып табылады. Сондай-ақ, айдың ортасындағы күндерді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ерекшелендірмеген. Иә, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол күндері ораза ұстаған, бірақ белгілі бір күндерді сол үшін белгілемеген. Және бір жерді немесе белгілі бір күнді белгілеу немесе шектеу үшін, Құран немесе Сүннеттен дәлел керек. Ал бұл нәрсеге Құраннан да, Сүннеттен де дәлел жоқ!» («әс-Силсилә әл-бабул-муфтух, 222 (б) үнтаспа, 23:20)

Ал осы түндегі ұлы нығметке келетін болсақ, Аллаһ Тағала осы түні Өзінің иман келтірген құлдарының күнәларын кешіреді, және осыған бөлену үшін хадисте белгілі бір құлшылық түрлерін жасау керектігіне ешбір нұсқау жоқ! Бұл Аллаһ Тағаланың мушрик /көпқұдайшыл/ және мушахин /қарсыласатын және үмметті бөлетін бидағат иесі/ болмаған әрбір құлдарына деген мейірімі!



Шағбан айы туралы өтірік хадистер

Шағбан айының артықшылықтары туралы және ондағы белгілі-бір амалдарды жасау турасында, хадистанушы ғалымдардың тексеруі бойынша өтірік және ойдан құрастырылған деп шешілген хадистер бар. Мысалы, мына төмендегі хадистерді Мұхаммедпен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) байланыстырады:

1 хадис:

«Ражәб – Аллаһтың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – менің Үмметімнің айы» (Өтірік хадис)1

Ибн Хәжәр былай айтты: «Бұл хадисті тәпсірші Әбу Бәкр ән-Наққаш, сондай-ақ ғалым Әбу әл-Фәдл Мухаммад ибн Насыр өзінің «Әмали» кітабында ән-Наққаштан хадистің толық нұсқасын (бұл хадисте Рәжәб айының әр күнінің артықшылықтары келеді) келтіріп айтты: «Наққаш – бұрмалаушы және алдаушы». Ибн Дихья былай деді: «Бұл хадис ойдан шығарылған»». (Қараңыз: «Табйин әл-`ажәб», 13-15 беттер). Сондай-ақ, бұл хадисті өтірік дегендер: Ибн аль-Жәузи «әл-Мәуду`ат» (2/205, 206) кітабында; әс-Сағани «әл-Мәуду`ат» кітабінің 61 бетінде, №129 хадис; әс-Суюти «әл-Ләәли әл-мәсну`а» (2/114) кітабінда.

2 хадис:

Осындай хадистердің бірінде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Али ибн Әбу Талибке былай айтты деп айттылады:



«Әй Али, кімде-кім Шағбан айының ортаңғы түнінде жүз ракағат намаз оқыса, және әрбір ракағатында «Фатиха» сүресін және «Айт: Ол Аллаһ Жалғыз» (яғни «Ықылас») сүресін он рет оқыса, Аллаһ бұл құлдың осы түнде сұраған барлық нәрсесін міндетті түрде орындайды» (Өтірік хадис).

Ибн әл-Жәузи осы хадисті өтірік хадистер жиналған «әл-Мәуду`ат» (2/127, 128, 129) кітапшасында үш түрлі жолмен келтіріп айтты: «Бұл хадис өтірік екенінде бізде ешқандай күмән жоқ. Үш жолдың да хадис жеткізушілері түгелге жуық белгісіз (мәжһул) адамдар болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында өте әлсіз (ду`афә би-мәрра) жеткізушілер бар. Бұл хадис мүлде мүмкін емес. Біз көптеген адамдардың қысқа түндерде түні бойына созылуы мүмкін намазды оқитынын, кейін олар (соның себебінен) таң намазын өткізіп алып, ал таң атқанда ерініп тұрып жатқанын көріп жатырмыз. Кейбір мешіт имамдары «Рағайб» намазымен бірге және басқа сол сияқты [бидағаттармен] осы намазды қарапайым адамдарды қызықтыру үшін, өзінің беделі мен басшылығы үшін тор етіп қолданады. Жиналыстарында әртүрлі әңгімелерді айтып, осы намазды әрдайым еске алып отырады. Бұның барлығының Ақиқатқа ешқандай қатысы жоқ».

Ибн Қайим әл-Жәузий «әл-Манар әл-муниф» атты кібаптың 98 бетінде, №175, айтты: «Осыларға (яғни ойдан құрастырылған хадистерге) Шағбан айының ортасындағы намаздар жатады», кейін ибн әл-Қайим осы хадисті еске алып былай деді: «Сүннет білімінің хош иісін сезген адам, осындай сандырақпен азғырылып, оны намаз секілді оқығанын көріп таңқаласын».

Сондай-ақ, бұл хадисті әс-Суюти «әл-Ләәли әл-мәсну`а» атты кітапта (2/57, 58, 59) келтіріп, оны жалған деп айтты. Бұл хадиске осындай бағаны имам әш-Шаукани де «әл-фәуәид әл-мәжму`а» кітабының 51-52 беттерінде берді.

Басқа хадисте айтылады:

3 хадис:



«Кім Шағбан айының ортаңғы түнінде он екі ракағат намаз оқып, әрбір ракағатында «Айт: Ол Аллаһ Жалғыз» сүресін отыз рет оқыса, ол өзінің Жәннәтағы орнын көрмейінше орнынан кетпейді». (Өтірік хадис).

Ибн әл-Жәузи осы хадисті өтірік хадистер жиналған «әл-Мәуду`ат» (2/129) кітапшасында келтіріп былай деді: «Бұл хадис та өтірік хадис болып табылады. Бұл жерде бір топ белгісіз жеткізушілер бар». Сондай-ақ, хадисті өтірік дегендер: ибн Қайим әл-Жәузий «аль-Манар аль-муниф» кітабінда, 99 бет, №177 және әс-Суюти «әл-Ләәли әл-мәсну`а» (2/59) кітабында.

4 хадис:

«Шағбан айының ортасы келгенде, түнін намазбен, ал күнін оразамен өткізіңдер».

Әлсіз /дайф/ хадис. Қараңыз: «Силсиләту әл-ахадис ад-да’ыйфә», 2132.



Сөзіміздің соңында, барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын, ал Аллаһ игілігі мен сәлемі пайғамбарымыз Мұхаммедке болсын!

Мағлұматтар salaf-forum.com сайтынан алында

Орыс тілінен аударып дайындаған: Шыңғыс Әбу Салиха

kz.islamic.kz сайты

1 Мауду’ хадис (араб.: حديث موضوع‎, «қойылған», өтірік хадис) – өтірік, ойдан құрастырылған хадис, яғни өтірікші адамдармен жеткізіліп, Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жатқызатын сөздер. Ғалымдардың ижма (бірауызды пікірі) бойынша бұндай хадистерді таратуға, оған амал етуге болмайды, тек оны басқаларға айтқанда, өтірік екенін білдіру үшін болса рұқсат етілген.

Каталог: files -> book -> kaz -> fikh -> oraza
oraza -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
oraza -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
oraza -> -
oraza -> -
oraza -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
oraza -> Мұсылман адамның Рамазан айынан кейінгі мінез-құлқы
oraza -> Саләтул-‘идайн
oraza -> Ораза айт пен Құрбан айт намазы (Саләтул-идайн)
oraza -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
oraza -> Рамазан мен ораза туралы кең таралған, бірақ әлсіз не ойдан шығарылған хадистер Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің атымнан мен айтпаған нәрсені айтқан адам Оттан орын алуға дайындала берсін!»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет