Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 151.84 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі151.84 Kb.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы « » _________.

№ ____ бұйрығымен бекітілген



Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Iшкi су көлiгi туралы заң) 9-бабы
1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

1) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.

2. Техникалық куәландыру түрлері
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) шағын көлемді кеме иесінің өтініші бойынша (еркін - нысанда), жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеріп қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

4. Техникалық куәландыру:

1) бастапқы;

2) жыл сайынғы;

3) кезектен тыс болып бөлінеді.

5. Кезектен тыс куәландыру:

1) арнайы;

2) бақылау болып бөлінеді.

6. Бастапқы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасы тексеріледі, кеменің сыйымдылығы, оның жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша нормалар мен техникалық талаптары, желкендерінің рұқсат етілген ауқымы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың ең төменгі биіктігі, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы белгіленеді, кеменің басты өлшемдері (ұзындығы, ені, борт биіктігі), құрғақ борт көлемі, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемді кеменің санаты нақтыланады. Шағын көлемді кеменің орнықтылық пен суда батпау талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемді кеменің конструктивтік деректеріне сәйкестігі анықталады.

7. Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру су айдынын мұздан толық тазартқан сәттен кейін жүргізіледі.

Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің салыстырып тексеруі, кеменің негізгі элементтерінің, оның жабдығының техникалық жай-күйі жарақтарының болуы тексеріледі.

8. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетіне кезекті куәландыру мерзімі көрсетілген техникалық тексеріп қарау өткізілгені туралы белгі қойылады.

9. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) шағын көлемді кеменің зақымдануына және жөндеуді талап етуіне әкелген көлік оқиғасынан кейін арнайы тексеріп қарау;

2) кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында біржолғы өтуге рұқсат ету үшін және кемені өткеннен соң тексеріп қарау үшін кеме иесінің өтініші бойынша бақылап тексеру;

3. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау тәртібі
10. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген куәландыру жүргізілгеннен кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кеменің техникалық куәландыру актісі жасалады (бұдан әрі - Куәландыру актісі), онда анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтін жарақтар толықтырылғанда шағын көлемді кеменің жүзуге пайдалану мүмкіндіктері, шағын көлемді кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен жүзуге рұқсат беру туралы немесе шағын көлемді кеменің жүзуіне тыйым салу туралы көрсетіледі.

11. Шағын көлемді кемелерді куәландыру иелерінің немесе ие өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

12. Кемелерді куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейін екі жылға кемінде бір рет жүргізіледі.

13. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер үшін, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелер үшін теңізде жүзу жарамдылығы туралы қосымша сынау өткізіледі (жүзгіштігі, орнықтылығы, суда батпауы). Куәландыру қорытындылары Куәландыру актісімен ресімделеді.

14. Куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

15. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеменің тіркелген орны бойынша немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеме тікелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргізіледі.

Бұл ретте, шағын көлемді кемелерді техникалық куәландырудың орны мен уақыты жазбаша түрде шағын көлемді кеме иелерінің назарына жеткізіледі.

16. Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің типіне байланысты аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасы шағын көлемді кеменің жай-күйін корпус пен қондырмалар бойынша жеке, ал жеке жасалған шағын көлемді кемелер үшін теңізде жүзу қасиеті бойынша айқындайды.

17. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйі бойынша екі баға қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемді кеменің жалпы техникалық жай-күйін бағалау элементтердің бірінің ең төменгі бағасы бойынша белгіленеді.

18. Шағын көлемді кеме техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген бағаны алған кезде кеме билетіне бұл туралы белгі жасалады.

19. Техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемді кеме мынадай:

1) толқын режимі бойынша;

2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;

3) қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты бойынша;

4) жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;

5) желкендердің ауданы бойынша қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ететін шектеулер бар жүзуге жіберіледі.

Шағын көлемді кеме «жарамды» деген баға алған кезде, аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасымен Куәландыру актісі жасалады, онда белгіленген шектеулер көрсетіледі.

20. Теңіз ауданында серуендік кемелерді пайдалану үшін теңізде мынадай жүзу аудандары белгіленеді:

1) 0- бірінші класты жүзу ауданы - шектеусіз, есептік толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңіздерде жүзу;

2) 1 - бірінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 8,5 метр болатын толқындануда теңіз аудандарында жүзу;

3) 2 - екінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңіз аудандарында жүзу;

4) 3 - үшінші класты жүзу ауданы — шектелген, бассейндердің жел толқындық режимдеріне байланысты аудан және жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулерді ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етілген 50 мильден аспауы тиіс арақашықтықты белгілей отырып, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңіз) жүзу.

21. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемді кемеге аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасымен осы кемені пайдалануға тыйым салу туралы қорытындымен екі дана Куәландыру актісі жасалады, бұл ретте актінің бір данасы кеме иесіне беріледі. Актіде көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін шағын көлемді кеме қайталама техникалық куәландырудан өтеді.

22. Шағын көлемді кемелерді пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етілмейді:

1) корпусы бойынша – ойықтардың жинақ пен қаптамада жарықшақтардың, болуы, кеме конструкциясында көзделген герметикалық бөліктер мен ауа жәшіктерінің болмауы немесе герметикалығының бұзылуы;

2) руль құрылғысы бойынша – рульдің ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуі (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегі бөлшектерінің (бағыттаушы блоктары, тіректі мойынтіректері, тарту жабдықтары, штуртрос берілістерінің) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзілуі, руль жетегінің бөлшек құрылымында көзделген бекітулерінің (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;

3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша – (бензобактерден, отын шлангісінен, қоректендіру жүйесінен отынның ағуы, біршама дірілдің болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздігінен еріксіз қосылуы мен ажырауы) бекітілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетілген іске қосу блоктауының зақымдануы;

4) навигациялық оттардың «Ішкі су көлігі туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес бекітілген ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;

5) кеменің жинақталуы мен жабдықтары кеме билетінде көрсетілген нормаларға сәйкес келмеуі.

Кеме билетінің «Ерекше белгілер мен қосымша мәліметтер» деген бөліміне кемені пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.

23. Шағын көлемді кемелердің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты типі мен санаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

Шағын көлемді кеменің типін анықтау үшін (мидель бойынша) оның ең үлкен ені негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санатын анықтау үшін оның су өткізбейтін бортының биіктігі (мидельдегі қондырма биіктігін есептемегенде) негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санаты толқын биіктігі мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуі тиіс.

24. Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес таңдалады.

Осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген шағын көлемді кеменің паспортында көрсетілген жағадан алшақтықтан аспауға тиіс.

Су айдынындағы толқын биіктігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықталады.

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына

1-қосымша

Нысан
Шағын көлемді кемені техникалық куәландыру



(бастапқы, жыл сайынғы)

АКТІСІ
Осы актіні 20___ жылғы «___»____________ ______________________

______________________________________________________________жасады

(Көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

Кеме иесі______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің, ұйымның атауы)

Тұрғылықты мекенжайы (ұйымның немесе жеке тұлғаның тұрған жері) және телефоны______________________________________________________


____________________________________________________________________

Куәландыруға ұсынылған кеменің типі ____________________________ ; моделі_____________;жасалған жылы___________;жасалған орны зауыттық №_____; корпус материалы___________ұзындығы___метр; ені________метр; борт биіктігі___метр; су үсті бортының биіктігі___метр; жүк көтергіштігі__тонна; кеме массасы ________килограмм; жолаушы сыйымдылығы________адам; тіркеу нөмірі ________.

Желкендер ауданы_____шаршы метр.

Кеме жасау тәсілі _____________________________________________ қозғалтқыш (мотор) типі мен маркасы____________саны__________________ қуаты_______________зауыттық нөмірі__________________________________ Техникалық куәландыру нәтижесінде мыналар анықталды:

1. Кеменің басты өлшемдері_____________________________________

(мәлімделгенге сәйкестігі)

2. Кеме сыйымдылығы_________________тонна.

3. Шөгу_____________________________метр.

4 Корпустың жай-күйі___________________________________________

                                     (жай-күйінің бағасы)

5.Рульдік құрылғы_______________________________________________

                                     (жай-күйінің бағасы)

6. Зәкір және арқандап байлау құрылғысы________________________

                                              (болуы және жай-күйі)

7. Құтқару құралдары___________________________________________

                                   (атауы, саны мен жай-күйі)

8. Сигнал беру құрылғылары_____________________________________

                                      (атауы және жай-күйі)

9. Жарақ заттарымен жинақтау___________________________________

                                     (талаптарға сәйкестігі)

10. Жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы_______тонна(адам)

11. Орнықтылығы, суда батпауы, жүзгіштігі______________________

                                                (жай-күйін бағалау)

12. Жүзгіштік қоры ____________________________________________

                           (қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген)

13. Су үсті бортының ең аз биіктігі____________________________

14. Өртке қарсы жүйе___________________________________________

                                    (түрі және жарамдылығы)

15. Механикалық қондырғы_______________________________________

                                     (жай-күйінің бағасы)

16. Ең жоғарғы рұқсат етілген қуаты____________________________

                                             (белгіленген)

17. Желкендер мен такелаждың жай-күйі__________________________

                                                (жарамдылығы)

18. Электр жабдығы_____________________________________________

                                     (жай-күйі)

19. Р/байланыс және р/оқшаулаудың болуы _______________________

                                        (типі, маркасы және жай-күйі)


Қорытынды:

Куәландыру жүргізу нәтижесінде осы кеменің жай-күйі____________

_______________________________________________________________

      (жарамды, жарамсыз)

Белгіленген ауданы және жүзу жағдайы:

рұқсат етілген толқын биіктігі__________метр.

жағалаудан алшақтығы_________________метр.

қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты____________ат күші.

рұқсат етілетін жүк көтергіштігі________тонна.

Жүзу мерзімі________________________________________содан кейін

________________облысы, қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясына техникалық тексеру үшін ұсынылуы тиіс.
Тексеру кезінде қатысқан (дар)

(және) бір данасын алған___________________________ _____________

(Т.А.Ә.А, лауазымы) (қолы)

Куәландыруды жүргізді ___________________________ _____________

(Т.А.Ә.А, лауазымы) (қолы)

      М.О.

      20 ___жылғы «____»_______________

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына



2-қосымша

Шағын көлемді кемелердің типтері мен санаттары


Р/с


Кеме түрі

Мотордың рұқсат етілетін қуаты (а/күші)

Басты өлшемдер

Кеме санаты

Жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы

адам

килограмм

1

Ескекті қайық

-

2,0x1,1x0,4

1

1

100

2

Ескекті қайық

-

2,8x1,3x0,5

2

2

200

3

Ескекті қайық

-

3,3x1,4x0,5

2

3

300

4

Ескекті қайық

-

4,4x1,5x0,5

2

4

400

5

Ескекті қайық

-

6,0x1,6x0,6

3

6

1000

6

Моторлы қайық

15-ке дейін

3,4x1,5x0,6

2

3

300

7

Моторлы қайық

25-ке дейін

4,4x1,6x0,75

3

4

500

8

Моторлы қайық

-

6,0x1,7x0,95

3

6

800

9

Катер

40-қа дейін

6,0x1,8x0,9

3

6

800

10

Катер

50-ге дейін

8,5x2,5x1,2

3

6

1000

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына

3-қосымша
Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары


Н мин.

Жүзу жағдайы

Жағалаудан кашықтығы (килограмм)

Толқын биіктігі (метр)

Жел күші (балл)

0,2

0,5

0,2 дейін

2

0,3

1,0

0,3 дейін

2




3,0

0,4 дейін

3

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына



4-қосымша
Толқындардың биіктігі

: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет