Шағын комплектілі мектеп: проблемалары және оларды шешу жолдары Е. Р. Рахимжанова Х шаяхметов атындағы орта мектеп Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Шұға ауылы «Шағын комплектілі мектеп: проблемалары және оларды шешу жолдары»



жүктеу 89.1 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі89.1 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Шағын комплектілі мектеп:
проблемалары және оларды шешу жолдары

Е.Р. Рахимжанова

Х Шаяхметов атындағы орта мектеп

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Шұға ауылы
«Шағын комплектілі мектеп: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы конференция барысында, ауылымыздағы шағын жинақты мектеп жұмысының қазір қалай жүргізіліп отырғандығы және осы саладағы кейбір қордаланған мәселелердің шешу жолдарына тоқталмақпын.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруда Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Білім беру саласының міндеті – 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деген сөзін басшылыққа алған Ақтоғай ауданы Шұға ауылының Хасен Шаяхметов атындағы шағын комплектілі орта мектебінде жас өспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытта, нақтылы іс-шаралар орындалуда. Мектебіміз ертеде «Жаңаталап» бастауыш мектебінің негізін алғашқылардың бірі болып, «Ленин орденін» иеленген, «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген» ұстаз Хасен Шаяхметов еді. Міне, осындай қайраткер ұстаздан білім алған, Шұға ауылының түлектері облысымызда түрлі жауапты қызметтерде, әр салада жұмыс істеді. Ат тұяғын тай басар дегендей, Тасболат Хасенұлы да Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ректор болып 20 жыл абыройлы қызмет атқарды.

Міне, Павлодар педагогикалық институтына 50 жыл! Осы 50 жылдың тең жартысына жақын Шаяхметов Тасболат Қасенұлының қызмет еткенін мақтанышпен еске аламыз!

Қазір мектебіміз 1996 жылдан бері өнегелі де еңбеккер ұстаз Хасен Шаяхметовтың құрметіне «Х. Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» деп аталады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектеп көбейгені рас. Ауыл халқының қалаға көшуі, бастауыш сыныптар мен кейбір жоғарғы сыныптарды шағын комплект етуге себепкер болды. Бұдан ертерек жылдарда мамандардың жетіспеуі және сапасының нашарлығы біздің мектепте актуальды болатын. Дегенмен де, қазіргі уақытта Хасен Шаяхметов атындағы шағын жинақталған мектеп – білім саласында қол жеткізген жетістіктер мен жақсы нәтижелері бар, тәрбие тұрғысынан алғанда қазақи болмысы бұзылмаған ауыл мектебі.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау дейтін болсақ, аталған мектептің басшылары, яғни, осы мектептің төл түлектері: мектеп төрағасы Шилтыбаев Бағадат Мұғамарұлы мен директордың оқу ісінің орынбасары Сеилханова Самал Дүйсенбайқызы кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен үнемі байланыста болып, шағын комплектілі сыныптардың сапасын арттыру барысында орасан зор еңбек етіп келеді. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зылғарина Нұргүл Қазкенқызының іс-тәжірибесі жылдар бойы жинақталғандықтан, кездескен түрлі қиындықтарды ата-ана, оқушы және ұстаздар болып ұйымшылдықпен жеңіп келеді. Ұстаздардың кәсіби деңгейі ұдайы көтеріліп, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру жұмыстарына үнемі басшылық жасалып отырылады. Республика-


лық деңгейдегі курста 4 мұғалім оқып. Алғыс хаттармен аяқтап шықты.

Мектептегі 20 оқытушының 16-сы жоғары білімді, 5-і орта арнаулы білімдері болса, соның ішінде 16-сы – бірінші және екінші санатты оқытушылар. Сондай-ақ оқытудың озық тәсілдерімен қаруланып, шығарма-


шылық жұмыстармен жас мамандарға жол көрсетіп, сапалы білім беріп жүрген тәжірибелі Ахметжанов С.А., Уалиханова Ұ.Қ., Секенов Т.К. сияқты ұстаздарымыздың болғаны да еңбегіміздің жемісті болуына септігін тигізуде. Еңбегімен, өнерпаздығымен аудан, облысымызға танымал – Ержанова Көгершін Мұқанқызы; аудандық бастауыш сыныптарға арналған әдістемелер конкурсының 1 – жүлде иегері, облыстық БЖИ-ның мақтау грамотасымен, оқушылары «Зерде» жобасының иегері – Рахимжанова Е.Р.; дәл сондай көрсеткіште Сейлханова Г.А.-қызы және биология – химия пәнінің мұғалімі Жетпісбаева Л.Қ.-қызы өз білімін жетілдіру бойынша «Оқушы бойындағы біліммен ұштастыра отырып, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбымен жұмыс істеу барысында оқушылары облыстық, аудандық жеңімпаздары бола білді.

Мектептің 1 жылдық білім сапасын саралайтын кезең – МАБ мен ҰБТ. 9­сынып бойынша МАБ-тан аудан мектептері бойынша II орынды көрсеткен Адуова Г.Р.-қызының еңбегі қазақ мектебінің жоғары көрсеткіші деп айтуға болады. Математика пәні бойынша Айтбергенова Ж. орташа 26 ұпайды көрсете білді. Ал 4-сынып қорытындысы математика пәні бойынша 19,3 ұпайды көрсетті.

Мектебіміз компьютермен, интернетпен, қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған. Ал кітапханамыз ПМУ-дің – Ерлан Арын басқарған ұжымның көмегімен ғылыми кітаптармен толықтырылған. Сонымен қатар педагогикалық институтының профессорлары мен ғалымдары: Бахтияр Артықбаев, Рахимов Е.К., Шайхимов, Құралхано-
ва Б.Ш., Жұмырбаева Әсия Мәженқызы Х Шаяхметов атындағы мектептің талантты оқушыларын жетекшілік етіп, ғылыми – зерттеу жобасы инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы ғылыми әдістемелік тұрғыда көмек көрсетуде.

Сондай-ақ шеф мектебіміз – Павлодар қаласындағы №25 мектеп ұжымы оқу-әдістемелік құралдармен, іс-тәжірибелерімен көмектеседі.

Х. Шаяхметов мектебі – мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғаш кітаптарын шығарған Қорабаев Ермұрат (ПМУ-дің студенті), Амренов Фархат (ПМУ-дің студенті, жас та болса, Елбасынан бата алып үлгірген дарынды тілші), мектептен кейін колледжді, университетті қызыл дипломмен бітіріп, әр салада еңбек етіп жүрген түлектер тәрбиелеген мектеп. Ал өнер жолында жүргендері қаншама?!

Мектеп оқушылары – облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары. Атап айтқанда: Мейрамов Айдын облыстық «Мұқағали оқулары», «Зерде»; Сәрсенбек Балнұр облыстық «Абай оқулары», «Патриоттық әндер», «Ғылыми жоба»; Мұғамар Айдана «Зерде» жобаларының – қатысушылары мен жеңімпаздары. Ауылымыз шалғайда орналасса да, оқушылырымыз Республикалық «Ақбота», «Кенгуру» марофондарына қатысушылары, аудандық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары болды.

Шағын жинақталған мектептердегі жұмысты жақсарту мүмкіндіктері олардың жаңа моделін қалыптастыру, олардың жаңа формасын іздестірумен тікелей байланысты, яғни басқа мекемелермен біріктіре ірілендіру дегенді білдіреді. Мысалы; «Мектеп – балабақша», «Мектеп – мектеп алды даярлық», «Мектеп – клуб», «Мектеп – кітапхана», «Мектеп – ауылшаруашылық комплексі», «Мектеп – спорт орталығы» және т.б. Бірнеше мекемелердің басын қосып, ауыл интеллигенциясын тығыз қауымдастыққа, барлық күшті өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жұмылдыруға бағыттайды. Міне, осы мақсатта мектебімізде биылғы жылы «Балапан» балдырғандар орталығы ашылды.

Мектеп – ауылды алға сүйрейтін нысан. Яғни шағын жинақты мектеп – ауылдың, елдің, ұлттың тағдыры.

Елімізде болып жатқан саяси әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде.

Бүгінгі таңда әлемдегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетіне кіріктіре меңгерту.

Екіншіден, жастардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, сондай-ақ оларды әділдікке, зорлық-зомбылық жасамауға, бақытты бағалауға тәрбилеу.

Үшіншіден, білім беру жүйесінің басым- бағдарын оқытудың тәрбиелік сипатына аудара отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне ықпал ету болғандықтан, мектебімізде оқушылардың ата-аналары қоғамдық – педагогикалық жұмысқа үнемі тартылады. Ал оқушыларға қойылатын басты талаптар оларды өзін-өзі ұйымдастыра білуге бағыттау, оларда коммуникативті қасиеттерді қалыптастыру, жауапкер-


шіліктерін арттыру және өз-өздерін танып білуге биімдеу арқылы мектебіміздегі 52 оқушының 8-«үздік» және 32-«жақсы» нәтежилер көрсетіп келеді.

Өйткені тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилылығын дамыту – заман талабы. Егер адам руханилылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен айырылады, жалаң рацинализм мен прагматизмнің құлына айналады.

Ауыл мектебінің, оның ішінде жинақталған мектептердің жайы да – Елбасын толғандырып отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте Президенттің: «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетінің, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деген сөздері бізді, яғни, ауыл ұстаздарын ойландыра түседі.

Шын мәнінде, бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі көптеген проблема осы шағын жинақталған мектептер төңірегінде қалыптасып отыр. Атап айтқанда:

1) мектептің салыну жобасының қазіргі жаңа заманға сай келмеуі;

2) әкімшілік басқару орталғының алыстығы;

3) шағын жинақталаған мектептердің мұғалімдері үшін жергілікті жерлерде мамандық жетілдіру курстарының аз ұйымдастырылуы;

4) ұстаздардың өз беттерінше білімдерін көтеруіне қажетті оқу-әдістемелік құралдарының жеткіліксіздігі;

5) мектеп зертханасының жоқтығы;

6) ауыл спорт комплексіның жоқтығы;

7) қаламен салыстырғанда ауыл ата-аналарының білім деңгейлерінің төмендігі;

8) мұғалімдер мен оқушылардың тұрмыс жағдайының төмендігі (су құбыры мен жылыту орталығының жоқтығы);

9) ақпараттық технологиялардың (компьютердің) аздығы, интернет желісі арқылы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;

10) шағын кешенді мектептерге арналған әдістемелік құралдардың аздығы;

11) оқушылар санының төмендеуі.

Нәтежиелі іске себепкер болатын фактордың бірі – марапаттау мен сынау, материалдық және моральдық көтермелеу, қажетті психологиялық климатты қалыптастыру. Бірлігі жоқ ұжым бір қиындыққа немесе сәтсіздікке кездескенде әр жаққа тартса, бірлігі қалыптасқан ұжымның бір тұтастығы нығая түсетіндігі, қандай күрделі де қиын міндеттерді ұйышылдықпен шеше алатыны анық.

Жалпы білім беретін мекемелердің бірі болып табылатын шағын жинақталаған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмысындағы оның өзіндік ерекшеліктерінен, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан туындайтын қиындықтар да ұшырасады.

Жаһандану құбылысының біртұтас ақпараттық кеңістіктің пайда болуы соңғы жылдары қоғамдық сананың, адамдардың дүниетанымы мен мақсат-мүдделерінің, өмірлік идеяларының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатында жастар арасындағы тәрбие жүйесін жетілдіруге, жасөспірімдердің рухани-адамгершілік деңгейін көтеруге басым назар аударылып отыр.

2012 жылдың 27 қаңтарындағы Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Еліміздегі барлық мектебіміздің білім беру Дәрежесін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев мектебінің білім беру дәрежесіне жеткізу қажет» – деген сөзінің іске асырылуы үшін бүгінгі білім жүйесінің басты міндеті – еліміздің экономикалық және рухани тәуелсіздігін баянды ету, рухы биік, мәдениеті жоғары, білімі терең, салауатты ұрпақ қалыптастыру. Жалықпай ұстаздық еткен әрқайсысымыз осы міндетті орындауға өз үлесімізді қосайық!

Егеменді еліміздің жастары білімді болса, болашағы кемелді болады.



МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ




Шағын комплектілі мектеп: проблемалары және оларды шешу жолдары

Малокомплектная школа: проблемы и пути решения
Б.Қ. Қапасова

Шағын жинақты мектептегі әдебиетті оқыту ерекшеліктері 4



Л.В. Руколеева

Как подготовить учителя к работе в малокомплектной школе? 7



Е.А. Шнайдер, Д.Ж. Сакенов, Д.Ж. Абдулхамидова

Шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің спецификасы 10



В.И. Лебедева, М.В. Семёнова, Б.Н. Нуртазина

Функции и принципы разновозрастного обучения на уроках физической культуры


в малокомплектной сельской школе 16

А.А. Ибраева, А.Н.Қайыргелдинова, А.Ш. Тілеулесова

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту жолдары 20



З.С. Алибаева

Шағын комплектілі мектептегі білім берудің басты бағыттары мен проблемалары және оны шешу жолдары 23



А.О. Ахметова

Шағын комплектілі мектеп 30



А.С. Баймикенова

Шағын жинақты мектептердегі проблемалар және оны шешу жолдары 32



М.А. Байтанаева, И.Ш. Бектұрғанова

Шағын жинақты мектептерде технологияны оқытудың қазіргі жайы мен мәселелері 37



С.Б. Досжанова

Білімді жаңғырту жағдайындағы шағын комплектілі мектеп проблемалары мен даму перспективалары 40



Ә.Қ. Елемесов

Шағын жинақты (комплектілі) ауыл мектептері мәселесі және әлемдік тәжірибе 44



З.Н. Исабаева

Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі оқушыларды оқыту жағдайы 48



Г.Е. Исенова

Шағын жинақталған мектептерде білім сапасын арттыру – бүгінгі күн талабы 53



І.Қ. Кушербаева

Шағын жинақталған мектептің басты мәселесі – білім сапасын арттыру 57



Е.Р. Рахимжанова

Шағын комплектілі мектеп: проблемалары және оларды шешу жолдары 62



О.А. Стремилова

Основные направления совершенствования учебно-воспитательного процесса


в малокомплектной начальной школе 67

Л.А. Сулейменова

Выявление математических способностей учащихся в условиях перехода на 12-летнее образования в МКШ 71



А.К. Танжарыкова

Малокомплектная школа: проблемы и пути решения 75



Г.М. Тохметова, Ж.Б. Рахметова

Особенности преподавания истории в малокомплектной школе 82



А.Р. Тулекова

Поиск путей повышения эффективности методов обучения 83



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет