Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана



жүктеу 67.55 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі67.55 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> sir
sir -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
sir -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
sir -> Оқырман саны: 752 Кітап берілімі: 8907 дана. Кітап қоры: 200025 дана
sir -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
sir -> Оқырман саны: 850 Кітап берілімі: 13069 дана. Кітап қоры: 16465 дана
sir -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
sir -> Аудандық балалар кітапханасы шежіресі Оқырман саны: 1912 Кітап берілімі: 43034 дана
sir -> Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі
sir -> Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана
sir -> Оқырман саны: 185 Кітап берілімі: 4708 дана. Кітап қоры: 7293 дана
Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі
Оқырман саны: 751j0237831

Кітап берілімі: 15100 дана.

Кітап қоры: 14747 дана.

Білім мен ғылымның,әдебиет пен мәдениеттің інжу-маржандары тізбектеліп,кітап атаулы шоғырланған кітапхана - адамзаттың рухани тыныс – тіршілігінің көзі.Кітапхана ісі –мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең,көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ өсіру,оны өнерге халықтық мұраға бейімдеуге,мәдени құңдылықтарды жаңғыртып,таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі - кітапхана.Жалпы кітапхана – адамдардың басын қосу,білім беру мүмкіндігі бар бірден - бірі парасатты мәдени орын болғандықтан,ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.Адам бойындағы табиғат сыйлаған керемет қасиет асыл қазына - ақыл ,ой,сана.Осы кереметтерге таң-тамаша қала отырып риза болар жемісі кітап.Ал кітап мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты.Кітап ақыл-ойдың қазынасы болғаннан соң кітапханалар абырой атағын одан сайын асқақтата түсері сөзсіз.Кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудан бос уақытын өткізу, интеллектуалды ж және рухани қасиеттерін дамыту,ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы.Ауыл – халқымыздың құнды салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеттің рухани өмірінің қайнар көзі.Ауыл кітапханасы бүгінгі ұрпақ үшін тегін қызмет көрсететін жалғыз әлеуметтік мекеме. Кітапхана – ол тек кітап қоймасы ғана емес, сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі,мәдениет пен білім ордасы.

Егемендігімізді алғаннан бері барша халқымыз өз тарихын білуге жаппай ықылас қойып келеді.Міне осындай жағдайда оқырман сұраныстарын қанағаттандыруда кітапханалардың атқаратын қызметі ұшан-теңіз.

Шағырлой- Сырым ауданындағы ауыл, Сарой әкімшілік округінің

орталығы. Аудан орталығы – Жымпиты ауданы оңтүстік шығысқа қарай

19 км жерде Жымпиты өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы бетеге,

боз, көкпек, жусан өскен бозғылт қоңыр сортанды, қоңыр топырақты

шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1000 мың адам 1999 жыл

1957 – 97 – ші жылдары Абай атындағы қой өсіру кеңшарының

орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Коминтерінде және округке

қатысты Жаңақоныс, Көздіғара, Қызылтаң ауылдарында серіктестікпен

12 шаруа қожалығы құрылған. Орта, орталау, бастауыш мектептер,

мәдениет үйі, клуб, екі фельдшерлік акушерлік және екі медпункт бар.

Бұл ауылдың кітапхана шежіре жинағы сан - жылдар куәсі болып оқырмандарды білім нәрімен сусындатып келген. Шағырлыой ауылындағы рухани қазына ордасына арналып отыр.

Халық үшін осындай аса қасиетті шаңырақтардың қазақ даласында пайда болып игілігіне қызмет ете бастауы да өзінше тарихи сырлары бар.

Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнаған елу бес жыл аз уақыт емес.Иә, сондай шаңырақтың қабырғасында еңбек ету әр кітапханашыға үлкен абырой,осыған орай бұл кітапхананың алғашқы қадам басқан кезіне кітапхана тарихына көз жүгіртсек.

Шағырлой ауылдық кітапханасында ауыл адамдары,өздеріне рухани қажетіне қанағат алып,білім дүниесін бір шарлап қайтып жатады.Ия,бұл ауыл жұртының аса құрметтеп - қадірлейтін қасиетті орны.Кім де болса кітап және мерзімді басылымдардың қай-қайсысынан да қажеттін тауып,іштей марқайып,көңілі толып,шексіз ризалыққа бөленеді.Бұл шаңырақтың ірге - тасы қалануы сонау 1952 жылы құрылған.Кітапхананың меңгерушісі болып Зияшова Сайлау қызмет жасаған.Алғаш ашылған кезде оның қорында-459 дана кітап болған.Сол жылдары өзінің алғашқы оқырмандарын қабылдады.

Ең алғаш кітапхана ашылған жылдары,кітапты ауыл тұрғындарынан,аудандық мәдениет бөлімінен және әкімшілік жанынан жаздырып алып отырған.

Кітапхананың кітап қоры - көбінесе газет – журналдармен толықтырылған.

1957 жылға дейін Зияшова Сайлау кітапханада қызмет жасаған.

1957-1959 жылдар аралығында Хұсайынова Қатима кітапханашы болып қызметке орналасады.Хұсайынова Қатима Орал облысы Тайпақ ауданының,Өлеңті совхозында дүниеге келген. Әкесі оқытушы,отбасында жалғыз бала.1956 жылы орта мектепті бітірген.1957 жылы Жымпиты ауданы,Абай совхозына кітапханашы болып орналасады.1959 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған.Қызмет жасай жүріп 1959 жылы Орал облысы кітапхана жанынан кітапханашылық курсты бітірген. 1959-1962 жылдары аудандық кітапханада кітапханашы болған.1962-1973 жылдары партия кабинетінің кітапханасында еңбек еткен.1973-1992 жылға дейін аудандық балалар кітапханасында жұмыс жасаған.Отбасында 9 бала тәрбиелеген,ардақты ана.Қазіргі кезде Сырым ауданында тұрады,зейнеткер ана.1963-1964 жылдар аралығында кітапханашы болып Арыстанғалиев Хамидолла қызмет жасаған.1965-1968 жылдарда Жубангалиева Майра кітапханада жұмыс жасаған.

1968 жылдан бастап мәдениет саласында еңбек еткен –Карина Ұрқия Әжіғапқызы кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа орналасады.Уақыт өткен сайын мезгіл мен халықтың талап тілегіне сай кітапхананың кітап қоры молайып, өзіде жан-жақты ірге жайып,кеңейе бастады.1968 жылы кітапханада кітап қоры – 2600 данаға жетті, оқырман саны -300-ге көтерілді.Кітапхана орны ауыл ішіндегі орталық клубта орналасқан.1987 жылға дейін осы клуб ішіндегі 2 бөлмелі орында болды.

Орталық кітапханада еңбек ете жүріп –Карина Ұрқия жақсы еңбегі үшін,еңбек депутаттарының Орал облыстық мақтау громатасымен марапатталып,1940 жылы КПСС мүшесіне қабылданады.Карина Ұрхия Әжіғапқызы 1930 жылы Ащысай ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1950 жылы Чапай (қазіргі Көздіғара ауылы) жетіжылдық мектебінің мұғалімі болып бастаған.1954 жылы аудандық мәдениет бөліміне жұмысқа келіп балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасады.Семья жағдайына байланысты және Сарой ауылында орталық клубта «клуб меңгерушісі» болып қызмет атқарған.1968 жылдан бастап,1991 жылға дейін үзіліссіз Сарой ауылында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған.Карина Ұрхия «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.1995 жылы 65 жасында дүниеден озды.


1972-1979 ж.кітапханада кітап қоры -6650 дана,оқырман саны 465,көпшілік шаралар – 30 жетті.Кітапхана өмірі - сырт көзге біліне байқала бермейтін ағысы баяу,тулаған толқындары ішінде жататын өмір.Кітапхана ұзақ жылдар еңбек етіп, ауылдық әрі оқырмандардың ілтипатына бөленген,атап айтқанда- Зияшова Сайлау,Хұсайынова Қатима, Карина Ұрқия және ұзақ жыл кітапханашы болған мамандарға үлгі-өнеге ақылшы ұстаз да.Осы бір ұқыпты да ыждағатты жанның кітапхана табалдырығын аттап шын ықыласымен еңбек еткеніне 30 жылға тарта уақыт болған екен.Карина Ұрқия кітапханашылық түрлі мәдени-көпшілік ұйымдастырған. Кітапхана ішіндегі оқырмандарға және ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуде шахмат,шашка ойындарын ұйымдастырған.1994-1995 жылдары ақын жазушылар А.Бақтыгереева,С.Сейітов,Б.Аманшин,Х.Ерғалиев сынды ахаматтар келіп оқырман қауыммен кездесулер өткізді.Оны кітапхана қорында қалдырған қолтаңба деректері арқылы білуге болады.

Ақын Белқайыр Аманшин ауыл еңбеккерлермен кездесу кешінде.
Совхоз уақытында кітапхана ісіне біршама көңіл бөлініп,мәдениет ошағының қазынасы 1988-1989 ж. Кітап қоры 11313 данаға көбейтіп,оқырмандар саны да арта түсті.1982-1989 ж. Аралығында кітапхана байырғы және тұрақты оқырмандары болған М.Мутигуллин-700 кітап,Х.Ишанов- 500 кітап,Ғ.Хайрушов -700 кітап,С.Ерғалиев – 500 кітап оқыған оқырмандарды мақтанышпен айта аламыз.

1991 жылы кітапханашы Карина Ұрхия Әжіғапқызы зейнеткерлікке шығуына байланысты Арыстанғалиева Ақсұлу Хамидоллақызы Коминтерн ауылына кітапханашы болып тағайындалды.Арыстанғалиева Ақсұлу Хамидоллақызы Жымпиты ауданы, Абай атындағы совхозда дүниеге келген 1984 жылы Абай орта мектебін бітіріп,1985-1987 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесін бітіріп,2000-2003 ж.Батыс Қазақстан Өнер институтының кітапхана тану және библиография бөлімін бітірген.Қазіргі таңда Шағырлой ауылдық кітапханасында жұмыс жасап келеді.

1990-1995 жылдары кітапхананың кітап қоры 12003 данаға жетті.Жылма-жыл кітап қоры мен оқырман саны әдебиеттердің берілімі өсіп отыр.Оқырман сұранысына орай барлық жұмыс негізінде балалардың қызығушылығы мен әдебиетке деген сұранысы зерттеліп отырылады.1994 жылы кітапхана жанынан балалар оқырмандарымен бірлесіп «Кітап достары» атты клуб жұмысы жасай бастады.Осы клуб мүшелерімен түрлі тақырыпта кештер,ертеңгіліктер өткізіліп отырылады.

«Кітап достары» клуб мүшелерінің «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен қойылым

1998-2000 жылдары кітап қоры 15834 данаға жетті.2001 жылы 18 мамырда кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай аудандық зерделі кеңес өткізілді. «Тәуелсіздік – еркін елдігің» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып, кешке аудандық,ауылдық кітапханашылар қатысты.



Оқырмандар Ә.Жүсіпқалиева,А.Қуанышқалиев «Абай дана,Абай дара халықта» атты кітап көрмесімен танысуда.

Елбасының жарлығымен 2004-2006 ж.арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ұлттық өнер салалары бір жүйеге келтіріліп,ғасырлар бойы сақталып келген көне жазбаларды зерттеуде кітапхана 5 дана қолтаңба қорына алдырды.2005 жылы облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен «Ауыл шағын Отан» байқауы ұйымдастырылды.Осы байқау ережесіне сай кітапханада ауыл энциклопедиясы жинақталып шығарылды.Бұл энциклопедия ауыл халқының көңілінен шықты.Энциклопедияға ауылдың өткен тарихы,белгілі тұлғаларға байланысты хаттар,құжаттар,фотолар ,қол жазба жинақтары бар. Өлке тарихы, топономикасы ,әдебиеті, географиясы,экологиясы жазылған.Аудан бойынша энциклапедия шығаруда байқау барысында кітапхана жүлдегер атанды.

Облыстық А.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен Абай Құнанбайұлының 160 жылдығына арналған шығармашылық байқауда кітапхана оқырманы Әйгерім Жәйлиева 2 орынды жеңіп алды,бұл кітапхана үшін үлкен мақтаныш.
Ә.Жайлиева облыстық шығармашылық байқаудын жүлдегері.

Жастардың рухани,мәдени және білімін көтеру бағытында кітапханада ауыл жастарымен жұмыстар бірлесіп жүргізіледі.Оқырман жасөспірімдерді елін,жерін сүюге, патриоттықка тәрбиелеу бағытында жерлесіміз-әлем чемпионы А.Шайхиевке арналған «Спорт саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып жылма -жыл дәстүрлі еске алу кештері өткізіледі.



Қазіргі уақытта кітапхана ауылымыздағы үлкен мәдени ошақ орталығы.Кітап қоры 14710 данадан асса,тұрақты оқырман саны 750.Кітапханаға оқырман келім саны 4500 жетіп отыр.2006 ж. 22-23 қараша күндері өткен облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Облыстық кітапханашылар форумына» және 2007 ж. 11-12 шілде аралығында Шыңғырлау аудандық кітапханада өткен «Жасөспірімдер арасындағы патриоттық тәрбие» тақырыбында өткізілген облыстық зерделі кеңеске кітапханашы А.Арыстанғалиева қатысып қайтты.

2007 жылдың 11 наурызында № 54 қаулы бойынша «Коминтерн ауылдық кітапханасы» «Шағырлыой



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет