Шала туған нәрестелердің ретинопатиясының дамуы бойынша қауіп тобындағы жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті ұйымдастыру схемасы



жүктеу 165.98 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі165.98 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№_______ бұйрығына

1- қосымша

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясының дамуы бойынша қауіп тобындағы жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті ұйымдастыру схемасы



  1. Бірінші кезең – шала туған нәрестелердің ретинопатиясының (бұдан әрі - ШР) даму қаупі бар шала туған балаларды айқындауды жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларға күтім жасау бөлімшесінің, жаңа туған нәрестелер үшін реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігерлері жүзеге асырады

  2. Екінші кезең – ШР дамуы бойынша қауіп тобындағы шала туған балалардың скиринингі (бастапқы офтальмологиялық тексеріп-қарау) мен мониторингін (көз түбін тексеріп-қарау сериясы) «офтальмология» мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады:

1) жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларға күтім жасау бөлімшесінде, жаңа туған нәрестелер үшін реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінде (денсаулық сақтау ұйымдарынан шыққанға дейін);

2) балалардың көруін сақтау кабинетінде (балалар офтальмологының консультациялық-диагностикалық кабинеті), балалар офтальмологиялық кабинетінде немесе перинаталдық және неонаталдық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының офтальмологиялық кабинетінде (денсаулық сақтау ұйымдарынан шыққаннан кейін).

Жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларға күтім жасау бөлімшесінің, жаңа туған нәрестелер үшін реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігерлері қауіп тобындағы шала туған балаларды бастапқы офтальмологиялық тексеріп-қарауды және динамикалық бақылауды перинаталдық және неонаталдық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан балаларды шығарғанға дейін ұйымдастырады.

Ата-анасын (заңды өкілін) ШР даму қаупі және аурудың сипаты туралы бастапқы ақпараттандыру «Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жадынамасын ұсыну арқылы жүргізіледі.

3. Үшінші кезең – жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (бұдан әрі - ЖММК). Шала туған балалардың ретинопатиясы кезінде ЖММК мыналардан тұрады:

1) лазерлік хирургиялық емдеу денсаулық сақтау ұйымдарында уәкілетті орган берген ЖММК технологияларының тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы болған кезде жүргізіледі;

2) витреоретиналдық хирургиялық емдеу республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарында уәкілетті орган берген ЖММК технологияларының тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы болған кезде жүргізіледі.

4. Төртінші кезең – ШР кезінде балаларды балалар офтальмологының кабинетінде диспансерлік бақылау және оңалту.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№_______ бұйрығына

2- қосымша

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясының дамуы бойынша қауіп тобындағы жаңа туған нәрестелердің «бағыты»


Шала туған нәресте



autoshape 7



Перинаталдық және неонаталдық көмек көрсететін ұйымдар

(жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларға күтім жасау бөлімшесі, перинаталдық орталықтардың, қалалық, облыстық және республикалық клиникалардың жаңа туған нәрестелер үшін реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесі, балалар ауруханалары)



  1. ШР даму қаупі бар шала туған балаларды айқындау

  2. ШР дамуы бойынша қауіп тобындағы шала туған балалардын скиринингі мен мониторингі

autoshape 8autoshape 9autoshape 10

ШР кезінде

лазерлік хирургиялық емдеу бойынша ЖММК көрсететін ұйымдар (уәкілетті орган берген ЖММК технологияларының тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы болған кезде )


Белсенді ШР кезінде лазерлік хирургиялық емдеу

ШР кезінде витреоретиналдық хирургиялық емдеу бойынша ЖММК көрсететін ұйымдар

(уәкілетті орган берген ЖММК технологияларының тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы болған кезде)


Белсенді және тыртықтық ШР кезінде витреоретиналдық хирургиялық емдеу


autoshape 13


autoshape 11autoshape 14autoshape 15


autoshape 12

Балалар офтальмологының кабинеті

(республикалық, облыстық немесе қалалық балалар медициналық ұйымдары)

ШР кезінде балалардың скринингі, мониторингі және диспансерлік бақылауы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№_______ бұйрығына

3- қосымша


Шала туған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг пен мониторинг жүргізу алгоритмі
1. ШР дамуы бойынша қауіп тобын (ШР міндетті скринингке және мониторинг жүргізуге жатады):

1) туған кездегі дене салмағы 2000 г. дейін шала туған нәрестелер;

2) гестация мерзімімен 34 аптаға дейін шала туған нәрестелер;

3) туған кезінде дене салмағы 2000г. асатын және гестациялық мерзімі 34 аптадан астам, бірақ ауыр перинаталдық анамнезі бар және тұрақсыз клиникалық жағдай бар шала туған нәрестелер құрайды.

2. Қауіп тобындағы шала туған нәрестелерді офтальмологиялық тексеріп-қарау қараңғыланған үй-жайда кювезде немесе бөлеу үстелінде дәрі-дәрмекпен үлкейтілген қарашықты бинокулярлық тікелей емес офтальмоскопия және/немесе цифрлық ретиноскопия әдісімен жүргізіледі.

3. ШР-ның скринингі (бастапқы офтальмологиялық тексеріп-қарау) қауіп тобындағы шала туған нәрестелерге жүзеге асырылады:

1) жаңа туған нәрестелерге тұжырымнан кейінгі кезеңнің 30-31 аптасында гестация мерзімі 27 аптадан кем;

2) жаңа туған нәрестелерге постнатальдық кезеңнің 4 аптасында гестация мерзімі 27 апта және одан жоғары.

4. ШР-ға мониторинг (көз түбін тексеріп-қараулар сериясы) ШР бойынша қауіп тобының шала туған балаларының арасында жүргізіледі және лазерлік емдеуді қажет етпейінше және/немесе аурудың күшею қаупі басылмайынша жүзеге асырылады.

ШР-ға мониторинг кезінде тексеріп-қараулардың саны мен жиілігі көз түбінің жағдайына байланысты: 3 күнде 1 рет: 1-2 дәрежелі ШР кезінде І аймақта, 3 дәрежелі ШР кезінде II аймақта, артқы агрессиялық ШР, «плюс»-ауруға күмәнданған кезде; 1 аптада 1 рет: жетілмеген васкуляризация кезінде І аймақта, 2 дәрежелі ШР кезінде ІІ аймақта, 3 дәрежелі ШР кезінде ІІІ аймақта; 2 аптада 1 рет: торқабықтың жетілмеген васкуляризациясы кезінде, 1 дәрежелі ШР кезінде ІІ аймақта, 1-2 дәрежелі ШР кезінде ІІІ аймақта.

5. ШР мониторингін аяқтау критерийлері:

-торқабықтың васкуляризациясы І немесе ІІ аймақтарында алдыңғы ШР белгілерінсіз ІІІ аймаққа жетті;

- торқабықтың толық васкуляризациясы;

- тұжырымдамадан кейінгі кезеннің 45 аптасы және ШР белгілері жоқ;

- ШР регресс.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№_________ бұйрығына

4- қосымша


Шала туған нәрестелердің белсенді ретинопатиясы кезінде лазерлік хирургиялық ем жүргізу жағдайы
1. Лазерлік хирургиялық емдеу белсенді ШР кезінде 24-48 сағаттың ішінде шұғыл айғақтар бойынша, бірақ оны жүргізуге айғақтарды белгілеген сәтінен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей (одан әрі өздігінен регресс мүмкін емес) жүргізіледі.

2. Тамырсыз торқабықтың лазерлік коагуляциясын ШР диагностикасы мен емдеу саласында мамандандырудан өткен білікті офтальмохирург жүзеге асырады.

3. ШР кезінде лазерлік хирургиялық емдеу баланың жағдайын неонатологтың бақылай отырып жоғарғы мамандандырылған стационар жағдайында жүргізіледі.

4. Емдеуді жалпы анестезияны қолдана отырып, операциялық жағдайда немесе седация, анальгезия, дәрі-дәрмектік параличті және өкпені желдетуді қолдана отырып, неонаталогиялық бөлімше жағдайында өмірлік өлшемдерді үздіксіз мониторингтеу режімінде бақылай отырып жүргізу қажет.

5. Лазерлік хирургиялық емді жүргізуге шұғыл емдеуге жатқызу үшін зертханалық зерттеулер нәтижелерінің және арнайы мамандар (невропатолог және кардиолог) қорытындысының міндетті түрде болуы қажет. Сондай-ақ, хирургиялық араласу жүргізілетін медициналық ұйымдардың неонатологы мен анестезиологының алдын ала келісімі мен консультациясы қажет.

6. Белсенді ШР кезіндегі тамырсыз торқабыққа лазерлік коагуляция жүргізуге және анестезиологиялық жәрдемге баланың ата-анасының біреуінің немесе оның заңды өкілінің қолы қойылған ақпараттандырылған келісімінің болуы міндетті.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы«___» _____________

№_______ бұйрығына

5- қосымша



Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы кезінде диспансерлік бақылау мен оңалту
Шала туған нәрестелердің ретинопатиясымен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау мен оңалту балалардың көруін сақтау кабинетінде (консультациялық-диагностикалық балалар офтальмологының кабинеті), балалар офтальмологиялық кабинетінде немесе балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының офтальмологиялық кабинетінде (3 жылдың ішінде) жүзеге асырылады.

Кабинеттерде мыналар жүзеге асырылады:



  1. ШР скринингі мен мониторингі;

  2. медициналық айғақтар болған жағдайда балаларды денсаулық сақтау ұйымдарына консультацияға жіберу;

  3. ШР бар балаларды лазерлік және/немесе витреоретиналдық хирургиялық емдеуге жіберу;

  4. ШР бар балаларды еркін регресс кезінде хирургиялық емдеуге дейінгі және кейінгі ерте және кеш мерзімдерде динамикалық бақылау;

  5. мүгедектікті белгілеу үшін медициналық құжаттарды дайындау және балаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;

  6. ШР бар балалар мен олардың ата-аналарының арасында оңалту және әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу;

  7. есепке алу-есептілік құжаттарды жүргізу және кабинет қызметі туралы есептерді құру.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№__________ бұйрығына

6- қосымша



Ата-аналарға арналған «Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жадынамасы
Шала туған балаларда көздің ерекше патологиясының даму қаупі – шала туған нәрестелердің ретинопатиясы (ШР) болады. ШР дүние жүзіндегі балалық шақтағы соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептерінің бірі болып табылады. ШР дамуының себебін ешкім нақты білмейді. ШР дамуының негізгі себебі - нәрестенің шала тууы. Нәресте неғұрлым ерте туса және туған кезінде дене салмағы аз болса, ШР-ның даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Сонымен, мысалы, Қазақстан Республикасында туған кезінде дене салмағы 1000г.-дан кем шала туған нәрестелердің арасында ШР-ның даму жиілігі 84-88% құрайды.

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы - шала туған балалардағы торқабық тамырларының қалыпты дамуының бұзылуымен сипатталатын көздің патологиясы. Торқабық – көздің ішкі бетін жабатын және көруді қамтамасыз ететін нәзік жарықсезгіш тін.

Белсенді ШР туғаннан кейінгі 4-6 аптада дамиды. Белсенді ШР 1–ден 5–ші сатыға дейін күшейеді. «Плюс»-ауруы - артериялардың бұралып, көктамырлардың кеңейген жағдайы. «Плюс»-ауруының болуы аурудың күшеюін көрсетеді. Сондай-ақ, артқы агрессиялық ШР аурудың ең ауыр түрі болып табылатынын білу қажет. ШР-ның осы нысаны кезінде торқабық тамырларының қалыпты қалыптасуы ерте мерзімде тоқтайды және емдеу тиімсіз болуы мүмкін.

ШР жеңіл түрлері («плюс»-ауруынсыз 1-2 сатыдағы) жиі кездеседі және өздігінен регреске ұшырауы мүмкін. Кейбір балаларда (жиі жағдайда ең кішкентайларда, соматикалық нашар болғандарда, аса қатты шала туғандарда, кейбір кездерде маңызды соматикалық ауруы жоқ шала туған балаларда) ШР күшейеді және емдеуді қажет етеді. Емдемеген жағдайда ШР-ның ауыр түрлері көрудің қатты бұзылуына себепші болады және соқырлыққа апарады.

ШР-ны уақтылы диагностикалаудың жалғыз әдісі – «офтальмология» мамандығы бойынша арнайы оқытылған білікті дәрігердің көз түбін тексеріп-қарауы болып табылады.

Сапалы тексеріп-қарауды жүргізу үшін қарашықты үлкейту керек. Ол үшін тексеріп-қаралудан бір сағат бұрын арнайы көз тамшылары тамызылады. Тексеріп-қарау кезінде офтальмолог нәрестелерге арналған қабақ ұлғайтқышын (қабақты қимылдатады), склеродепрессор (көзді айландыруға көмектеседі) және ауырғанын сездірмейтін көз тамшыларын қолданады. Тексеріп-қарау маңдай офтальмоскопиясы әдісімен және/немесе арнайы камера арқылы жүргізіледі. Көзді тексеріп-қарау кезінде баланың белгілі бір жайсыздықты сезінуімен жүргізіледі, сондықтан жылауы, наразылық білдіруі мүмкін.

Бастапқы скринингтік офтальмологиялық тексеріп-қарау, бала туғаннан кейінгі 4-6 аптада жүргізілуі тиіс. Кейбір балаларды бір рет тексеріп-қарау жеткілікті, бірақ балалардың көп бөлігі көптеген тексеріп-қарауларды қажет етеді.

ШР-ның жеңіл нысандарында 1-2 аптада 1 рет көз түбін тексеріп-қарау (мониторинг) жеткілікті, егер мониторинг кезінде ауру күшеймесе, онда көп жағдайда ол өздігінен регреске ұшырауы мүмкін.

Ауру күшейгенде және ШР-ның аса ауыр нысандары дамыған (3-сатыдағы ШР, «плюс»-аурудың белгілері болғанда, артқы агрессиялық ШР-ға күмәнданғанда және т.б.) кезде жиі қайталанған офтальмологиялық тексеріп-қараулар қажет, әдетте аптасына 1 рет немесе одан да жиі болады.

Кейбір жағдайларда да ШР ауыр нысандары дамиды (ауру өздігінен регрессиялануы мүмкін емес): артқы агрессиялық ШР, «плюс»-ауруының күшейюі, ШР-ның «шектік» сатысы. Бұл жағдайларда бала уақтылы мамандандырылған емделуді қажет етеді.

Лазерлік хирургиялық емдеу ШР-ның ауыр нысандарының дамуы кезінде жүргізіледі. Уақтылы лазерлік емдеу көруден толық айырылудың алдын алуға көмектеседі. Белсенді ШР кезінде лазерлік хирургиялық емдеу айқындалған нақты айғақтар бойынша ғана жүргізіледі.

Егер Сіздің балаңыз лазерлік емді қажет етсе, Сіздің хирургиялық араласуды орындауға ақпараттандырылған келісімнің мазмұнымен танысып, талқылап, осы келісімге қол қоюыңыз қажет.

Балаңыз толық сауыққаннан кейін ауруханадан шығарылады. Балаңызға әрі қарай бақылау қажеттілігі немесе қажет еместігі туралы емдеуші дәрігерден нақтылағаныңыз өте маңызды, егер қажет болса, офтальмологиялық тексеріп-қарауға қайда және қашан алып келу қажеттігін анықтаңыз.

Балаңызды әрі қарай бақылау бойынша ұсынымдарды сақтау өте маңызды. ШР күшею қаупі торқабық тамырлары толық қалыптасқанға дейін сақталады. Тіпті балалардағы ШР өздігінен регресс болғанда да көру ағзасының әртүрлі патологияларының даму қаупі едәуір жоғары.

Білгіңіз келетін қосымша ақпаратты «офтальмология» мамандығы бойынша дәрігерден ала аласыз.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «___» _____________

№_________бұйрығына

7- қосымша

Нысан
Шала туған нәрестелердің белсенді ретинопатиясы кезінде тамырсыз торқабыққа лазерлік коагуляция жүргізуге ата-анасының ақпараттандырылған келісімінің нысаны
Мен, (Ата-ананың біреуінің Т.А.Ә.) …………………………………………….......................................................................................................................................

Дәрігерлерге……………………………………………………………………….………………………………………………………………………………………

менің балама көзінің ауруына байланысты қажетті хирургиялық емді, атап айтқанда торқабыққа лазерлік коагуляция жүргізуге рұқсат беремін.

Менің баламның ауруы, оның одан әрі дамуына байланысты қауіптілік маған түсіндірілді және аурудың мәні түсінікті. Мен торқабықтың аваскулярлық аймағына лазерлік коагуляция жүргізу қажеттілігін түсінемін.



Сонымен қатар келесі жағдайлар да маған толық түсінікті.

- Жүргізілетін лазерлік хирургиялық ем шала туған нәрестелердің белсенді ретинопатиясын емдеудің жалғыз әдісі екені маған белгілі.

- Дәрігер .............................................................................. менің баламда осы емшараны жүргізу кезінде, кейінгі күндерде, апталарда, айларда және жылдарда пайда болуы ықтимал мыныдай асқынулардың мәнін түсіндірді:

- көрудің нашарлауы, толық немесе ішінара орталық және шеткі көруден айырылу және көз алмасынан айырылу;

- көзішілік қысымның  артуы, қосымша хирургиялық емді қажет ететін қайталама глаукоманың пайда болуы;

- рефракцияның өзгеруі, түзетілмейтін ретиналдық астигматизмнің пайда болуы;

- біріншісін жүргізгеннен кейін қалаған нәтижеге қол жеткізбеудің нәтижесінде торқабыққа лазерлік коагуляцияны қайта жүргізу қажет етілуі мүмкін екені;

- операцияның немесе басқа да емдеу нәтижесінде күтілетін нәтижеге қол жеткізбеу;

- қосымша хирургиялық емді қажет ететін  көзбұршақтың  зақымдануы;

- жүргізілген емге қарамастан жалғасқан дегенеративтік процестің күшеюінің салдарынан көрудің нашарлауы;

- қосымша операцияны қажет ететін торқабықтың ажырауы немесе эпиретиналдық фиброз;

- уақытша немесе тұрақты көзге қос көрінуі (диплопия), қайталанған қылилықтың пайда болуы;

- көзішілік қысымның тұрақты төмендеуі (көз алмасының гипотониясы);

- инфекция;

- көз алмасының қуысына қан құйылу;

- көруден айырылуға әкелетін торқабық қан айналымының толық немесе ішінара бұзылуы, аллергиялық реакция, мөлдір қабықтың ағаруы.

Медициналық практикада басқа да күтпеген  асқынулар болуы мүмкін екенін түсінемін. Сонымен қатар осы емшара жүргізіліп жатқанда немесе аяқталғанда қосымша емшаралар жүргізу қажет болуы мүмкін екендігін түсінемін және оларды жүргізуге өз келісімімді беремін. Сонымен қатар, мен, маған емшараларға және манипуляцияларға, операцияларға қатысты ешқандай кепілдемелер мен уәделер берілмегенін растаймын.

Дәрігердің барлық мүмкін болатын асқынуларды есепке ала алмайтынын және түсіндіре алмайтынын түсінемін, бірақ мен барлық сұрақтарыма толық жауап алдым. Ауру туралы, хирургиялық емшаралар туралы, емдеудің тиімділігі және оның шиеленісі туралы маған керекті ақпаратпен таныстым.

Осы құжаттармен танысып және оның мазмұнын дәрігермен бірге талқылап, менің балама жоғарыда айталған емшара жүргізуге өз еркіммен келісімімді бергенімді өзімнің қолыммен растаймын.

- Емдеу шаралары жүргізіліп жатқанда, оның әрі қарай орындалуына кедергі болатын жағдайлар пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер туындаған жағдайға сәйкес әрекет жасауы тиіс.

Мен лазерлік хирургиялық емдеу мәтінін оқыдым, түсіндірмелері мені  қанағаттандырады және бұл құжаттың мәні маған түсінікті.
Күні / Уақыты .........................................

Пациент........................................ Т.А.Ә...........................................................



Емдеуші дәрігер......................... Т.А.Ә...........................................................



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет