Шалқар қаласының әкімі қала бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»



жүктеу 132 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі132 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 9317
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 9317 -> Мөңке би селолық округінің әкімі Ж. А. Тлеубергеновтың 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстарының
Node 9317 -> Шетырғыз ауылдық округі бойынша 2013 жылда атқарылған жұмыстар мәліметі
Node 9317 -> Ақтоғай селолық округі әкімі Е.Құрмаштың «2013 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға алда тұрған міндеттері» туралы есебі
Node 9317 -> Айшуақ селолық округі әкімі Е.Әдімановтың 2013 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 9317 -> Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Ж.Құрмаштың «2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері» туралы есебі
Node 9317 -> Тоғыз селолық округі әкімі А. Ж. Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері туралы есебі
Шалқар қаласының әкімі қала бойынша 2013 жылдың 9 айында

атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы және Үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын орындауда біршама істер атқарылды.

Қала әкімдігінің басты назарындағы мәселелер мал шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, мәдениет, білім, денсаулық салалары, шағын кәсіпкерлікті қолдау, қоғамдық тәртіп және коммуналдық шаруашылық жұмыстарын қамтиды.
Ауылшаруашылығы саласы.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес қалаға қарасты шаруа қожалықтарымен қала тұрғындарының жеке малдары, биылғы төлдері бірдейлендіруден өтіп, жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, бруцеллез, туберкулез ауруларына тексеруден өтті.

Қала бойынша 4800 бас ірі мүйізді қара, 8500 бас қой-ешкі, 1350 бас жылқы, 1000 бас түйе, 800 құс-тауық бар. Олардан тірілей салмақта 4715 цн ет, 19975 цн сиыр сүті, 630 цн түйе сүті 100,0 мың дана жұмыртқа, 33 цн түйе жүні, 106 цн қой жүні алынды. Қалада 5 ірі мүйізді қара малы күтуі бар, онда 1000 жуық мал бағылады. 2 қой-ешкі күтуі және 4 отар қой кезектегі бағымда.

Сонымен қатар шаруа қожалықтарындағы ірі мүйізді қара малының аналықтарын қыстан аман сақтап қалу мақсатында 158390 цн шөп дайындалып, осыған қосымша кәсіпкерлер 5000 цн жемді алып келуді жоспарлап отыр.

Қала тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз ететін 7 шаруа қожалығы көл жағалауына 65 га жерге көкөніс өнімдерін егіп, одан 3875 цн картоп, 3190 цн

көкөніс, 1920 цн бақша өнімдері өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Еңбек» шаруа қожалығы 7000,0 млн теңге несие алды. «Медет»шаруа қожалығы малға бартер жасау жолымен шөп буатын пресс , 4 шаруа қожалығы 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Сонымен қатар тұрғындарға арзан ет,сүт өнімдерін сату мақсатында 5 рет жәрмеңке ұйымдастырылды.



Әлеуметтік қорғау саласы.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы №1685 қаулысы және өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 335 қаулысын, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру


2.

шараларын орындау барысында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде қала әкімінің шешімімен қала бойынша 5 учаскелік комиссия құрылған.

Өкілетті орган әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, нағыз аз қамтылған отбасылардың жағдайлары анықталып, тиісінше төлемдер төленіп келеді.

2013 жылдың 9 айында аз қамтылған 3 отбасыға 561,4 мың теңге мемлекеттік атаулы көмек және 60,0 мың тенге матриалдық көмек берді. 352 отбасының 18 жасқа дейінгі 917 баласына 9709,1 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді. 449 отбасының 1724 отбасы мүшелеріне 1491,9 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы, Аудандық маслихаттың 25.12.2012 ж №49 «Халықтың әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне сәйкес туберкулезбен ауыратын 67 азаматқа 1878,1 мың тенге жәрдемақы төленді.

Жалпы қала бойынша 817 адамға 4044,2 мың тенгеге түрлі қайрымдылық көмектер көрсетілді.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген 133 азаматқа коммуналдық қызметтер тегін жасалып, 6172,0 мың теңге, 1941-1945 жылдары жұмыс жасаған 465 тыл еңбеккерлеріне 50 пайыздық коммуналдық қызметтерге 9199,9 мың теңге тағайындалып төленді.

Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 10 мамырдағы №156 қаулысына сәйкес азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қосымша 3000 тенге көлемінде барлығы 628 мүгедек азаматқа 15974,1 мың тенге қосымша көмек көрсетілді. Оның ішінде бала кезінен 1,П,ІІІ топ 187 мүгедек азаматқа – 4902,7 мың тенге, жалпы аурудан І,ІІ,ІІІ топ 351 мүгедек азаматқа 8808,9 мың тенге, 16 жасқа дейінгі 90 мүгедек балаға 2262,5 мың тенге қосымша жәрдемақы тағайындалып төленді.

Мүгедектер күніне орай қаладағы 90 мемлекеттік мекемемен 16 кәсіпкерлердің атсалысуымен мүмкіншілігі шектеулі 16 жасқа дейінгі 106 мүгедек балаға 1590.0 мың тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Нәтижелі және тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын орындау ауқымды түрде іске асырылуда.

Қала бойынша жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 458 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. 267 адам қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 20553,3 мың тенге айлық жалақы, 189 адам әлеуметтік жұмыстарға тартылып, 9727,7 мың тенге айлық жалақы, 18 адам жастар тәжірибесіне жіберіліп, 934,7мың тенге шәкіртақы тағайындалып төленді.

2013 жылдың 19 маусымда «Жұмыспен қамту орталығында» бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып барлығы 91 адам қатысты. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.


3.

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгені 61 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрайды.


Мәдениет саласы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының іске асырылуына ғылыми, мәдени таным беретін мәдениет саласы жылдан-жылға кең қанат жайып келеді.

Қала азаматтарының мәдени тыныс тіршілігіне күш беруде, әлемдік ақпараттарды пайдалану құндылығын арттыруда және тұрғындардың рухани демалыстарын ұйымдастыру мақсатында даталы күндерге арналған мерекелік концерттер, шығармашылық кештер мен байқаулар ұйымдастырылып келеді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік концерттер ұйымдастырылса, Наурыз мерекесіне орай қаламыздың орталық көшелерінің бірі Есет Көтібарұлы көшесінде ағаш үйлер тігіліп, қала тұрғындарына қонақасы берілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай қаладағы 78 еңбек ұжымдарының қатысуымен мерекелік бейбіт шеруі өткізілді.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай қаладағы бауырластар зираты мен Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Астана күні мерекесіне орай орталық саябақта «Сәулесі сәуле шашқан сән Астана» тақырыбымен мерекелік концерт өтті.

13 қыркүйек- «Сары Батақұлының» 150 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі әндерді орындаудағы Республикалық әншілер байқауы өтті.

Қарттар күніне орай қаладағы 150 ардагерлерге «Ақтолқын» мейрамханасында қонақасы беріліп, сыйлықтар таратылып берілді.Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін облыстық «Ақтөбе», аудандық «Шалқар» газетіне тегін жаздыру дәстүрі жалғасын тапты.

10-қазан Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, қоғам өмірінен жырақ қалмай белсене араластыру, олардың рухани мәдени дамуына қала жұртшылығының назарын аудару, өмір сүйгіштігін үлгі ету мақсатында «Менің елім-менің тірегім» атты көркемсурет байқауы ұйымдастырылды.

Қаладағы «Матай Қоқанұлы» мешітінде облыстық «Нұр Ғасыр» мешітімен Қазақстан бойынша белгілі ғалымдармен, жамағаттар арасында тікелей байланыс орнатылған.
Білім саласы.

2012-2016 жылдарға арналған бағдарламада қабылданған оқушылардың функциалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимыл әрекеттің ұлттық жоспары және барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісіндегі тәрбиелеу құрам бөлігін күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды орындау барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Шалқар қаласында 9 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп, 8 бала бақша, 3 колледж бар. Сондай-ақ 4 қосымша білім беру мекемесі бар.

4.

Биылғы 2013-2014 оқу жылында барлығы 3363 оқушы, оның ішінде 2096 оқушы бастауыш сынбында білім алуда.



Мектепке дейінгі балалар бақшасында барлығы 1050 бала тәлім тәрбие алуда.

Сонымен қатар 140 орындық «Салтанат» бала бақшасы ашылды.

Барлық мектептерде аз-қамтылған отбасылардың балалары және 1-4 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Қала тұрғындарымен кәсіпкерлердің қолдауымен «Көркейе бер туған жер» акциясы бойынша қаладағы мектептермен бала бақшаларға жалпы құны 2404,0 мың тенгенің қажетті құрал-жабдықтары алынып берілді.

1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы бойынша 62 мекеме аз қамтылған отбасылардың 96 баласына 968900 тенгеге оқу құралдарымен киім кешекпен көмек көрсетсе, «Балбөбек» дүкенінің иесі жеке кәсіпкер Г.Төлеуова №8 орта мектебі оқушыларына 150 мың тенге көлемінде киім-кешекпен қамтамасыз етті.

2013-2014 оқу жылына дайындау мақсатында барлық мектептермен бала –бақшалардың ғимараттарымен қазандықтары ағымдағы жөндеуден өтті.

Сонымен қатар Ә.Жангелдин атындағы орта мектебіне 995,6 мың тенге тұратын қазандық алып берілді, №1 орта мектебінің жер асты кабелінің жарақсыз болу салдарынан 651,0 мың тенгеге кабель сатып алынып өзгертілсе, №2 мектеп-гимназиясына -52,5 мың тенге, №8 жалпы білім беретін орта мектебіне -140,0 мың тенгеге алып берілді. №6 орта мектебінің интернатына -212,0 мың тенгеге балалардың төсек-жабдықтары алмастырылды. Сол сияқты қаладағы мектепке дейінгі балалар мекемелері «Қарлығаш» бала-бақшасымен №12 бала-бақшасына әр қайсысына 200,0 мың тенгеден барлығы 400,0 мың тенге ағымдағы жөндеу жұмыстарына берілді.

Білім нысандарының жылу қазандықтары толығымен жұмыс жасайды, техникалық құжаттары бар.


Денсаулық саласы.

Денсаулық сақтауды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі халықтың медициналық көмекпен неғұрлым толық қамтуды қамтамасыз етеді.

Қаладағы орталық ауруханасының барлық бөлімдерінде Республикалық бюджеттен ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес науқасқа керекті дәрі-дәрмектер,қан құрамын алмастыратын сұйықтар тегін беріледі.

Сонымен қатар орталық емханада бірыңғай Дистрибьютор «СК-Фармация» арқылы 25030298,07 теңгенің дәрі-дәрмегі бөлініп, стационар алмастырушы көмекке пайдаланылса, Республикалық бюджеттен тегін 44814000,3 теңгенің дәрі-дәрмегі тұрғындарға берілді.

Жалпы аудан, оның ішінде қала тұрғындарына 85 кереует орнымен аудандық орталық аурухана, 60 кереует орындық туберкулез орталық
5.

ауруханасы және күніне 250 адамды қабылдайтын аудандық емхана қызмет көрсетеді.

Күндізгі стационарда барлығы 49 кереует бар. Оның 45-і емханада, 4-і ауруханада. 2013 жылы ауруханада тәулік бойғы стационарда емделіп шыққандар 2235 адам, күндізгі стационарда емделіп шыққандар 1650 адам

болса, үй жағдайындағы стационардан 85 адам ем алды.

2013 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында жоғарғы медициналық көмектік квота арқылы 69 адам ем алды.

Қала бойынша 2013 жылдың 9 айында туу – 18,4, өлім – 4,4, табиғи өсуі – 14,0 , бір жасқа дейінгі балалар өлімі – 9,4, туберкулезбен науқастану деңгейі – 63,5, яғни көріп отырғанымыздай демографиялық көрсеткіш оң мәнге ие.



Шағын кәсіпкерлік.

Қала бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 954-ке, ал оларда жұмыс жасаушылардың саны 4710-ға жетті, өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 3162,1 млн. теңгені құрады.

Қалада ірі «Сұңқар», «Нұр-ай», «Шұғыла» ірі сауда орталықтары, «Ләззат», «Елдос», «Гиас» сауда үйлері, 4-жабық базары, 224-дүкен, 15 ЖЖМБ-і, 11-дәріхана, 8-мейрамхана, 13-кафе,шайхана және тағы басқа кәспкерлік нысандардың түрлері халыққа қызмет етеді.

Осы жылы қала орталығынан «Гиас»мейрамханасы ашылып, халыққа қызмет көрсетіп отыр.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылға жоспарланған 5 жобаның қазіргі кезде 3 жобасы жүзеге асырылды деуге болады. «Қожа» ЖШС 112,6 млн.тенгеге 10 Камаз тіркемесімен автокөлігін, жеке кәсіпкер Р.Асанова 8,9 млн тенге кран, жеке кәсіпкер М.Үмбеталина ғимаратты бала-бақшаға қайта жарақтау жұмыстарына 20,0 млн.тенге несие алды.

Сонымен қатар ұн, нан өнімдерін шектік деңгейден асып кетпеу және көтерме-бөлшекте, сауда желілерінде, наубайханалардан шығарылатын нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында 9 кәсіпкермен өзара келісімге келіп «Рамазан», «Ново-Альджан мелькомбинат» ЖШС-нен қазіргі таңда 853,5 тн 1 сұрыпты ұн алып келінді.

Қалада 3 наубайхана қала халқын нан-бөлке тағыда басқа нан өнімдерімен толығымен қамтамасыз етуде.

Кәсіпкерлікті қолдау «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламаларын жүзеге асыру, ақпараттандыру және мобильді кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық «Даму» қорының өкілі және қаладағы 30 кәсіпкердің қатысуымен көшпелі семинар-тренинг өткізілді.



Коммуналдық сала.

Қала әкімдігінің басты назарындағы мәселе-коммуналдық шараушылық саласы.

2013 жылға қаралған қаржының 9-айында қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге 160 көшені тазалауға 20396,5 мың теңге

6.

бөлініп,оның 16290,5 мың тенгесі игерілді.Көшелерді жарықтандыруға 12000,0 млн.тенге қаралып, оның 8924,8 мың тенгесі игерілді.



Қаланы абаттандырумен көгалдандыруға 10410,0 мың тенге бөлініп, оның 8561,6 мың тенгесі игерілсе, қаладағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 674,0 мың тенге бөлініп игерілді.

«Инфраком-Қызмет» ЖШС-і арқылы қала көшелеріндегі ағаштарды кесу және ақтау қызметіне -900,0 мың тенге, қоқысты полигонға автокөлітермен ТҚҚ шығару қызметіне -5730,6 мың тенге, көшелерді жұмысшы күшімен ТҚҚ жинау қызметіне -3227,0 мың тенге, автокөлік жолдарын қысқы мезгілде тазарту қызметіне - 654,0 мың тенге, арық қазу құм себу қызметіне -950,0 мың тенге, гүлдермен көшеттерді суару, күтіп баптау, қорғау қызметіне-2232,0 мың тенге, көшелерді автокөлікпен сыпыру және су шашу қызметі -892,8 мың тенге, темір қоршауларды дайындауға -1579,8 мың тенге және 1580,0 мың тенгеге контейнер қоршауларын жасату жұмыстары атқарылды.

«2011-2020 жылдарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша газшылар қалашығындағы №33, №97 үйлерге екі кондоминиум обьектісі құрылды.

«Қолжетімді баспана -2020 бағдарламасын орындау мақсатында Аудандық маслихаттың 2013 жылғы 24 сәуірдегі №72 шешімімен жергілікті бюджеттен 5,0 млн тенге бөлінген қаржыға тендер жеңімпазы «АБ-М» ЖШС-і қаланың оңтүстік беткейіндегі бос тың жер алаңын ұсақталған жоспарлау жобасына сметалық есеп дайындалып ,топосьемка жасалып жыл аяғына дейін мемлекеттік сұрыптамадан өткізу көзделіп отыр.

«Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша тендер жеңімпазы «АРКА-К»ЖШС–і арқылы бөлінген 147110,97 мың тенгеге орталық Желтоқсан -3,0 шақырым, Цеханович-1,1 шақырым, Жұбанов-Е.Көтібарұлы көшелері-0,8 шақырым, Шойғарин-Қобландин көшелеріне 0,8 шақырым асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға М.Шманұлы ауылының тұрғын үй аймағын газбен жабдықтау желесінің құрылысына 26396,8 мың тенге, ал Байсалбаев көшесіндегі жаңа тұрғын үй салу аймағын газбен қамту желілерінің құрылысына 6970,6 мың тенге жұмсалды.

Шалқар қаласының бас жоспарын дайындауға 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша биылғы жылға «Жергілікті бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»бағдарламасына сәйкес -19015,0 мың тенге бөлінді.

2013 жылы қаланың даму аймағынан 44 адамға жер телімі берілді. Тұрғындардың өз қаражаты есебінен барлығы 7954 шаршы метрді құрайтын 55 жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Газ шаруашылығы мекемесі арқылы 60 шкафты қондырғы, 25 катодты станция ағымдағы жөндеуден өтті. 1211 м жер бетіндегі газ желісі жер астына түсірілді, 415 м бүлінген жер асты газ құбыры қалпына келтірілді. 28 дана газ құдықтары тазартылып, техникалық күтім жасалды. 5055 дана кіре беріс крандар майланып, 5078 тұрғын үйге техникалық күтім жасалды.

7.

Ауыз су мәселесі.

Су жүйесін қысқа дайындау мақсатында 12 задвижка, 3 колонка ауыстырылды. «Борсық»су ағарында д-75 мм ұзындығы 500 м.Нұртаев көшесінде д-32мм ұзындығы 20м, газшылар қалашығында д-75 мм ұзындығы 500м құбырлыр ауыстырылды, 1 скважинаға ЭЦВ насос пен д-50 мм ұзындығы 40 м құбыр орнатылды.

Қаладағы 5 бу қазандығы толық тексеруден өткізіліп, ішіндегі құбырлары ауыстырылды, ажыратқыш нысандары тазаланып, клеммалар мен релелері тексеріліп, қазіргі кезде осы қазандықтардың барлығы жұмыс жасап тұр.


Қоғамдық тәртіп.

Осы жылдың 9 айында аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстың алдын алу, болған қылмысты ашу , кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауда көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ішкі істер бөлімі жоғарыда көрсетілген түрлі жұмыстар бойынша барлығы 1657- 1651 хаттама толтырып, 573-621 арыз шағым тексерген. Аңшылық мылтықты заңсыз сақатағанға 24-29 әкімшілік шара алынса, есірткіге қарсы күрес жүргізу мақсатында 8-9 адам ҚР ӘҚБТК –нің 320 бабымен әкімшілік жауапкершілкке тартылған.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» рейді кезінде ІІБ-не 200 жасөспірім жеткізіп, оның 146 бала түнгі мезгілде тұрғын үй жайдан тыс жерде болғаны үшін, 7-і міндетті орта білім алудан қасақана жалтарғаны, 12 жасөспірім ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін, 4 жасөспірім қылмысқа күдікті ретінде алып келінген.

Жалпы қала бойынша білім бөлімінің қызметкерлері , барлық мектеп мұғалімдері, ішкі істер бөлімінің инспекторлары және ата-аналардың бірлескен «Ерікті жасақшылар ұйымы» құрылып, көптеген жұмыстар атқаруда.Ұйым белгіленген кесте бойынша рейдтерге шығып, мектептер арасында семинар-кеңестер өткізді.

Қалда 11 учаскелік полиция испекторлары, 3 - учаскелік тірегі бар

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада көрсетілген жаңа құқтық тетіктерді, мемлекеттік қызметшілердің, ақпараттық мүмкіндіктерді, жұртшылықты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуды кеңінен насихаттауда қала көшелеріне 4 баннер ілінді.

Темір жол саласы.

2012 жылы Шалқар-Бейнеу темір жолының құрылысы табысты басталды.

Шалқар жол дистанциясы мекемесі өзіне қарасты жолдың ұзындығы -423,7 шақырым жол, бекеттер бойындағы жолдың ұзындығы -329, темір жол өткелдері мен 54 көпірімен халыққа қызмет етіп келеді.
8.

2013 жылдың мамыр айының 26-шы жұлдызынан бастап Алматы-Атырау бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүйрік жолаушылар поезы жүре бастады.

Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясы 1,82 шақырым оқшау төмен СОБ кабельдері, 100 дана бұрмалардың электр қозғалтқыш, 40 дана электробұрмасын алмастырды.

«Қамқор-Вагон» ЖШС Шалқар вагон жөндеу депосы арқылы ағымдағы жөндеуден 220 вагон, 275 жүк вагоны, 70 жүк вагоны күрделі жөндеуден өткізілді. 1211 доңғалақ жұптары зауыттық жөндеуден өтті.


Қортынды.

Біздің негізгі міндетіміз – алдымызға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық дамудағы көрсеткіштерді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда айқындалған деңгейге жеткізіп, қала тұрғындарының тұрмысы мен қызметін жақсарту.


Міндеттер.


1. Қаладағы 23 көшені жарықтандыруды 1 қарашаға дейін аяқтау.

2. М.Шманұлы ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету.

3. Қалаға қарасты Жомарт ауылын газдандыру.

4. Қаладағы 5 көшені асфальттау.

5. «Жұмыспен қамту жол картасы– 2020» бағдарламасын жүзеге асыру.

6. Қаладағы шаруашылық жұмыстарына қаралған қаржыны жыл аяғына

дейін игеру.

7. Азқамтылған отбасы мүшелерін жұмыспен қамту.



8. Қаланың 5 жерін шағын спорт алаңдарымен қамтамасыз ету.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет