Шалқия кенті әкімінің 2013 жылы кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау жөніндегі тұрғындар алдындағы есебі және



жүктеу 76.61 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі76.61 Kb.
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Шалқия кенті әкімінің 2013 жылы кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау жөніндегі тұрғындар алдындағы есебі және

2014 жылғы міндеттері туралы

баяндамасы
Шалқия кенті әкімі 1986 жылы құрылған. Кент әкімінің қамтуында Шалқия мен Құттықожа елді мекендері. Шалқия кенті негізінен кен шығарумен, Құттықожа ауылының тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Кенттің қамтуында 2 орта мектеп, 1 емхана,1 ФАП, 1 облыстық ересектерге арналған туберкулезеге қарсы күресу шипажайы, 1 мемлекеттік және 2 жекеменшік балалар бақшасы, 1 кенттік және 1 ауылдық кітапхана, 1 электронды АТС, 1 учаскелік полиция пункті, 2 пошта қызметі, 2 СТК, 10 жеке сауда дүкені жұмыс істейді. Шалқия кеніші 1978 жылы ашылған. Кеніштің негізгі өндіретін өнімі мырыш пен қорғасын, 1978 жылдан 1996 жылға дейін үзіліссіз жұмыс істеп, жылына қуаты 1 млн. тонна өнім берген үлкен кеніш.

2014 жылғы 1 қаңтардағы тұрғындар /отбасы/ саны - 493 отбасы 3051 жан..

Халықтың ұлттық құрамы - 99,99 % - қазақтар, өзбек-1, қырғыз-1.

Зейнеткерлер саны-129,

Мүгедектер саны-81,

Алтын,Күміс алқалы аналар саны-86,

Асыраушысынан айылған отбасылар саны-43,

Көп балалы аналар саны-99

ҰОС ардагерлері-3,

ҰОС теңестірілгендер саны-7




Тұрғындардың

жалпы саны



Оның ішінде:

14 жасқа дейін

14-18 жас аралығы

19-29 жас аралығы

30-45 жас аралығы

46-60 жас аралығы

60 жастан асқандар

3051

О.і.ері-1477

әйелі-1574


892

202

711

646

480

120



Шалқия кенті бойынша 2013 жылы атқарылған

негізгі жұмыстары

Кент әкімі аппаратында 2013 жылы 17 шешім, 73 өкім қабылданса, тиісті жоғарғы орындардан 437 құжат кіріске алынып, 345 құжатқа шығысы жасалынған.

Жыл бойына кент әкімі атына жеке азаматтардан 151 арыз шағым келіп тіркеліп, тиісінше шешімін тауып отырған.Заңды тұлғалардан өтініштер түспеген.

Кент әкімінің жеке қабылдауда 5 азамат болып, түсіндірме жұмыстары берілген.

Кент бойынша 2013 жыл бойынша 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы 102 отбасындағы 353 балаға 5 млн 80 мың 900 тенге, аз қамтамасыз етілген 48 отбасы, 276 мүшеге 1 млн.48 мың 300 теңге тұрғын үй жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін 2 отбасының 7 жанына, 164 мың 400 тенге тағайындалып төленді.

2013 жылы салықтар мына төмендегіше орындалды;

Мүлік салығы 46,7 мың тенеге, 100,0 % , жер салығы 105,6 мың тенге, пайызы 100,0 пайыз, көлік салығы 1176,9 мың тенге, 100,0 пайыз орындалды.

Сонымен қатар кент тұрғындарына экологиялық апат аймағында тұрып жатқандығы жөнінде және ветеринариялық анықтамалар тұрғындардың сұраныстары бойынша берілуде.

1. Шалқия кентінің М.Шоқай көшесінің бойынан көлемі 0,125 гектар болатын балалар алаңқайына Республикалық бюджеттен бөлінген 989,0 тенге игеріліп, мектепке дейінгі балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға берілді.

2. Құттықожа ауылының Абай көшесінің бойынан көлемі 0,06 гектар болатын кіші спорт алаңқайына жергілікті бюджеттен бөлінген 2,0 млн. 503,0 мың тенге толығымен игеріліп пайдалануға берілді.

3. Кенттің санитариясына жергілкті бюджеттен бөлінген 446,0 мың теңге толығымен игеріліп ескі кенттегі үйінділер тегістелді.

4. Жергілікті бюджеттен абаттандыруға бөлінген 446,0 мың тенгеге, кенттің абаттандыру жұмыстары жүргізіліп қаржы толығымен игерілді.

5. Құттықожа ауылының электр энергиясына жергілікті бюджеттен бөлінген 1,0 млн. 665,0 тенгеге жаңа трансформатор орнатылып пайдалануға берілді.

6. Шалқия кентінің ішкі жолдарын асфальттау мақсатында кенттің орталық көшелері болып саналатын Абылайхан, Жібек жолы және Қ.Сатбаев көшелері асфальтталынды, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, «Жаңақорған жолдары» мекемесінің демеушілігімен кенттің № 86 мектебіне 20 тонна, Құттықожа ауылындағы № 164 мектепке 10 тонна , барлығы 30 тонна асфальт берді, кенттегі мешіт үйінің кіре беріс аяқ жолына тас төселіп асфальтталды және Шалқия кентінің С. Сапарбеков көшесіне тас төселініп тегістелді және осы мекеме кенттегі көп қабатты № 5 тұрғын үйдің төбесінін жарығын жабу үшін 2 тонна асфальт , 10 кара қағаз және битум берді осы жұмысты кент әкімшілігі қызметкерілерімен сол үйдың тұрғындары бірлесе отырып үйдің төбесіндеге жарықты жапты.

Жаңақорған - «Тау самалы» балалар лагеріне баратын жолды асфальттау мақсатында жалпы ұзындығы 12,5 шақырым болатын қиыршақ тас жолға байланысты 143,0 млн.тенге құрайтын сметалық қужаттар жасалып жоғары тұрған орындарға жолданған, бүгінгі таңда осы жолдың 3 км асфальттауға 39059,0 мың теңге қаражат бөлініп отыр қалған қажетті қаржы 2014 жылыдың 2-ші жартыжылдығында бөлінеді деп отырмыз.

Сонымен бірге, «Өгіз мүйіз» тауының сыртқы келбетін бұзбай сол табиғи күйін сақтау мақсатында, сол маңдағы жұмыс жасап жатқан тиісті мекемелерге қатынас хаттар берілді.

Кент тұрғындарына тұрақты ауыз су беруді түбегейлі шешу мақсатында 2014 жылдың наурыз-сәуір айларында «Казгидробурпроект» мекемесімен кентке арнайы скважина қазып беретін болып келісілді.

Кент әкімшілігі кент аймағында орналасқан тас өндейтын мекемелерге тұрмысы төмен отбасыларға көмек жасау үшін қатынас хаттар жолдаған болатын нәтижесінде денсаулығына байланысты 1-топтағы мүгедек Сейсенова Шарипаға «Казпромкызылорда» ЖШС-нің директоры Рахимберлинов Мурат ота жасатуға 50,0 мың тенге қаржы берді. Мектепке жол акциясы бойынша №86 мектептің тұрмысы төмен оқушыларына «Альянс доломит» ЖШС мен жеке тұлғалар көмегімен 30,0 тенге қаржылай көмек берілді, Нальтаева Розаға Шалқия кентінің аппаратының қызметкерлері 10,0 мың теңгеге, «Қыран» ЖШС мекемесе 40,0 мың тенгеге барлығы 50,0 мың тенгеге қайырымдылық жасап жаңа жыл қарсынында азық түлік алып берді және Қуттықожа тұрғыны 2-ші топтаға мүгедек Исаева Амидаға Шалқия кенті аппаратының қызметкері демеушілік жасап өз қаражатына 1 тонна көмір түсіріп берді. Сондай-ақ аудандық қайырымдылық қоры арқылы Шалқия кенті әкімшілігінің ұсынысы бойынша тұнғыш Президент күніне орай Шалқия кенті бойынша күнкөрісі төмен 8 отбасыға қайырымдылық акция жасалынды және 4 отбасыға «Отау» спутниктік антенна қосып берді.

Шалқия кентінің дихан қауымының ерен еңбектеріне лайықты баға берілді бұның дәлелі жеке қожалығында өз еңбегімен түрлі дақылдар еккен кент тұрғыны Тлеубеков Дуйсенбек ауданның «Озат диханшысы» қатарында болып аудан әкімімен марапатталынды.

2013 жылы кентте жастар тәжірибесінде 10 жас маман жұмыс істеп тәжірибе жинақтады. Ақылы қоғамдық жұмыста жыл басынан бері жалпы – 19 адам жұмыс істеп тиісті 821,0 мың тенге қаржылары аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы төленді. Аталған қоғамдық жұмыстың жұмысшылары кенттің тазалық жұмыстарын атқарды. Сенбіліктер сайын кенттің көп қабатты тұрғын үйлер мен жер үйлер жанындағы түрлі жарамсыз қалдықтар «Казпромкызылорда», ЖШС-сы арқылы техникалар шығарылып қоқыстар тазартылды.

Жеке қожалықтардағы төрт түлік малдарды бірдейлендіру жұмыстары толығымен аяқталынды. Ал, бюджеттің есебінен жүргізілілетін ветеринариялық профилактикалық жұмыстар уақтылы жүргізілді.

Шалқия кенті бойынша жеке сектордағы малдардың саны мынадай; Мүйізді ірі қара – 1003 бас, оның аналығы 310, Жалпы уақ мал саны- 10050, оның аналығы 3500, оның ішіндегі қой саны – 8594 бас, оның аналығы – 4357 бас, ешкі -4956 , оның аналығы -2882, жылқы 290 оның аналығы 120, түйе 30, оның аналығы 11, құстардың саны 160 оның мекиені 60, Сонымен бірге малдан төмендегідей өнімдер өндірілді Атап айтқанда – 3285 центнер ет өндірілді, 2345 центнер сүт өндірілді. Жүн- 161 центнер, жұмыртқа 35 мың дана, қаракөл елтірісі - 120 дана өндірілген.

2013 жылы барлық малдарың түрлеріне және оның төлдеріне жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық профилактикалық шаралар атқарылды.Қаңғыбас 31 ит пен 3 мысық жойылды.

Құттықожа ауылы бойынша кенеге қарсы 2 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда; мал қоралар мен ауылдағы малдар және ауылды айналдыра кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысы атқарылды.Жалпы сомасы 4 млн. 980 мың 923 тенге.

Жеке қожалықтардағы малдарды емдеуді мал дәрігері Б.Наурызов,вет.фельдшер С.Бабашов және вет.санитар К.Бабашовтар жұмыс атқарады, кент бойынша 23 шаруа қожалығы тіркелген. Шалқия кенті әкімшілігі бойынша шаруа қожалықтар мен жеке қожалықтар бойынша 25 га. жерге егіс егілді.Атап айтқанда; 5 га.көкөніс, 5 га. жерге бақша, 10 га. жерге дәндік жүгері , 5 га. жерге картоп.

№ 86 Шалқия орта мектебі 1176 балаға арналып салынып, 1988 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мектептің 24 сынып бөлмесі, акт залы, асхана бөлмелері қолданыста.Мектепте 360 оқушы білім алады .Алты жасарлар саны – 38 . Мектепте жалпы 64 мұғалім, 32 техникалық жұмысшылар қызмет атқарады. Дәрі-дәрмекке 30,0 мың тенге бөлініп жаратылды.Көмірге 1 млн 64,0 мың тенге қаржы қаралып оған тиісті көмір алынды.

№164 Құттықожа орта мектебінде 33 мұғалім , 25 техникалық қызметкерлер жұмыс атқарып, 219 оқушы білім алуда.Даярлық тобы біреу,ондағы бала саны 20.

№ 2 «Ұлан» мемлекеттік балалар бақшасы, кенттің № 86 орта мектеп ғимаратының ішінде орналасқан . Бала бақша 2005 жылы ашылған. Топ саны 3, ондағы тәрбиеленіп жатқан балалар саны 60 . Бала бақша бөлмелері жиһаздармен толық жабдықталмаған. Балалардың тамақтануы ата-аналардың қаражаты есебінен қарастырылған. Бір күндік төлемақысы 200 тенге Бала бақша жұмысшы- қызметкерлерінің саны 27 . Оның ішінде 8- педагогикалық маман, 1- мейірбике, 18-і тех қызметкер.

Шалқия кентінде «Айғаным ару» жекеменшік бала бақшасы жұмыс жасайды, онда 2 топ бар, барлығы 17 адам жұмыс істейді. Айта кетсем осы жеке балабақшанын басшасы Н.Буркытбаеваның ұйғарымымен шалқия кентіне көмек ретінде отбасы төмен отбасынын 4 баласын төлемақысыз тәрбиелеп жатыр.

Құттықожа ауылында «Еркежан» жекеменшік бала бақшасы жұмыс істейді, онда 2 топ бар, барлығы 17 адам жұмыс атқарады.

Шалқия емханасы мен Құттықожа ауылындағы ФАП-та 1 дәрігер, 3 фельдшер, 11 орта буынды мейірбикелер, 3 санитарка, 1 жүргізуші, 2 от жағушы барлығы 21 адам жұмыс атқарады.2010 жылы 1 қаңтардан бастап бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуіне орай емхана 3 орындық күндізгі емдеу бөлмесі жұмыс істейді.Сонымен бірге, 2013 жылы Құттықожа ауылынан жаңа ФАП ғимараты салынып пайдалануға берілді.

Кент орталығында орналасқан 5 қабатты жатақхана ғимаратында 200 төсектік облыстық туберкулезге қарсы күресу санаториясы жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда санаторияда жалпы 120 адам жұмыс атқарады. Олар 8 жоғары білімді дәрігер,биохимик-лаборант, 32 орта буынды медицина қызметкерлері, 80 түрлі техникалық жұмысшы қызметкерлер жұмыс атқарады.

Шалқия кентіндегі кітапханада 17 077 дана кітап қоры бар, оның ішінде қазақшасы -9312 дана. 2013 жылы жаңадан алынған кітап саны 370 дана. Оқырмандар саны–581,о.і.балалары- 313.

Құттықожа елді мекеніндегі кітапханада 3733 дана кітап қоры бар, оның ішінде қазақшасы – 2308 дана. 2013 жылы жаңадан келген кітаптар саны 135 дана. Оқырмандар саны- 434.

Кент орталығында 264 нүктелік электронды АТС орнатылған,оның нүктесі 264 нүктесі халыққа қызмет етуде. Шалқия кентіндегі жеке тұлғаларда 230 нүкте, ал 13 нүктесі заңды тұлғаларда, 21 нүктесі Құттықожа ауылының жеке тұлғаларында. Сонымен бірге Шалқия және Құттықожа бойынша 98 нүктелік сымсыз телефон қосымша жұмыс істейді. Жалпы 48 үйде интернет желісі орнатылған. Кентте 1 учаскелік полиция және 1 учаскелік полицияның көмекшісі қызмет етеді.
Шалқия кентінде алдағы уақытта атқарылуға тиісті жоспарланған жұмыстар
1. «Тау самалы» лагеріне баратын жолды асфальттау

2. Шалқия кентінен клуб үйін салу.

3. Құттықожа ауылынан 200 орындық жаңа мектеп ғимаратынын салу.

4.Шалқия кенті мен Құттықожа ауылының көшелерін асфальттау, тас төсеу жұмыстарын атқару.


Шалқия кентінің әкімі С.Өмірбек



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет