«Шардара су электр станциясы» АҚ бойынша Бұйрық Шардара қаласы №29 -өндірістік 16 наурыз 2010 жыл



жүктеу 19.59 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі19.59 Kb.
: uploads
uploads -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
uploads -> Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
uploads -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
uploads -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
uploads -> Приложение к части а1
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
«Шардара су электр станциясы» АҚ бойынша
Бұйрық

Шардара қаласы № 29 -өндірістік 16 наурыз 2010 жыл

«Шардара су электр станциясы» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылғы 21 қаңтарда бекітілген Шардара су электр станциясы» АҚ-ның 2010 жылғы Бюджеті негізінде, «Самұрық – Қазына» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылғы 18 қарашада № 32 хаттамамен бекіткен дауыс беруші акцияларының /қатысу үлестерінің/ елу және одан да көбірек пайызы тікелей және жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің талаптарын орындау мақсатында және «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы техникалық кеңесінің 2010 жылғы 15 наурызда өткен отырысының № 2 хаттамасына сүйене отырып,


бұйырамын:
1.Т-1 және Т-2 трансформаторларының суытқыш желілерінің су сорғыштары тозып, май өткізгіш түтікшелерінің дәнекерлі тігістері сөгіле бастағанын және суытқыш түтікшелерінен май ағатындығы мен суытқыш қабырғаларының желбезекті қабыршақтары сынып, төгіліп тозығы жеткендігі анықталып ауыстырылсын.

2. Машиналық зал ғимаратының ұзақ уақыттан бері пайдалануда болып келген метлахты едендерінің бүгінгі таңдағы жағдайын тексеріп, тозығы жеткен метлахты едендерінің көлемі мен оны жедел түрде ауыстыру қаншалықты қажет екендігі анықталсын және осы ғимараттың ішкі қабырғалары мен стансаның кіреберіс беттері құрылыс дизайндарының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып сәулеттендірілсін. Аталған іс-шаралар 2010 жылдың сатып алу жоспарына қосымша енгізілсін.

3. ГГ-4 генераторының бұрынғы статор суытқыштары, тозығы жетіп, суыту қабілетінің төмендеп кетуіне байланысты, 2010 жылдың сатып алу жоспарына қосымша, тағы да 8 дана статор суытқышын сатып алу енгізіліп және олардың орналастыруы жеделдетілсін.

4. «Шардара су электр станциясы» АҚ басқарма төрағасының 2010 жылғы ақпанның 23-гі № 20-өндірістік бұйырығымен бекітілген «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының 2010 жылға арналған сатып алу жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп бекітілсін.

5.Осы өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп бекітілген сатып алу жоспары «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның веб-сайтында және «Самұрық-Қазына» АҚ анықтаған веб-сайтына белгіленген мерзімінде орналастырылсын.


  1. Бұйрық басқарма мүшелеріне, басқармалардың, бөлімдердің және

цехтардың басшыларына таныстырылсын.

7. Бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма төрағасының орынбасары С.Саймановқа жүктелсін.


Негізі: Цех тапсырысы және Техникалық кеңестің шешімі бойынша

«Шардара су электр станциясы» АҚ



басқарма төрағасы Қ. Ержан



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет