Шариғат тарапынан құлшылық-ғибадат үшін белгіленіп қойылмаған орындарға ғибадат ету үшін сапар жасау Мынау – осы мәселеге қатысты ғаламтордан алынған кейбір үзінділер



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі429.63 Kb.
  1   2   3
Шариғат тарапынан құлшылық-ғибадат үшін белгіленіп қойылмаған орындарға ғибадат ету үшін сапар жасау
Мынау – осы мәселеге қатысты ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

[1. «Біздің кезімізде жыл сайын жүз мыңға жуық адамдар осы жерлерді зиярат етеді».

2. «Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады».

3. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

4. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».]

Белгілі орындарға (қабірлерге, кесенелерге, молаларға, мешіттерге) сол жерлерде Аллаһқа құлшылық ету үшін сапар жасау мәселесі адамдардың «осы жерлер олардың өмір сүретін жерлеріне қарағанда көбірек игілік-береке ие» деген сеніміне негізделеді.

Олардың: [«Дәл осы жерде, күннің ыстығына қарамастан, Қазақстанның жан-жағына келген мыңдаған адамдар бабаларға тағзым етіп, қасиетті жерде күнәлары үшін кешірім тілеп, осы әулиелер басында Құран бағыштайды»], - деп айтатын сөздері дәл осыны меңзейді. [Түркістанға, Бекет Атаға Қазақстанның] қандай да болсын бір жерінен Аллаһтан күнәлары үшін тәубе ету үшін арнайы сапар жасайтын адам міндетті түрде Аллаһ Тағала [Түркістанда] жасалған тәубені ол адам сол тәубесін өзінің тұрғылықты жеріндегі мешітте жасағаннан көрі жақсырақ қабылдайды деген сенімге ие болады.

Ал [Түркістанға] барушылардың кейбіреулері мұндай сенімге ие емес, алайда осы жерлерге ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасауды өздерінің парызы деп санайтындығынан барып жатады.

Осы жерде екі сұрақ туындайды:

1. Бірінші сапар жасаушының сенімі дұрыс па?

2. Екінші сапар жасаушыға ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығуға рұқсат етіледі ме? Өйткені бірінші қарағанда, осыда тұрған еш жаман нәрсе жоқ сияқты ғой?

Осы екі сұраққа жауап беруі үшін бірнеше құбылыстарды қарап шығу қажет.


1-Бөлім. Өз елді мекеніңдегі қабірді зиярат жасауға рұқсат етіледі ме
Өз елді мекеніңдегі қабірді зиярат етуге байланысты ғалымдардың арасында төрт түрлі пікір бар:

1. Бұл құпталмайды (Ибн Сиринның, Ибраһим ән-Наха’идің, әш-Ша’бидің т.б. пікірі).

2. Бұл кұпталады, тіпті өмірде бір рет болса да бару міндетті (Ибн Хазмның пікірі).

3. Бұл рұқсат етілген (кейбір ханафилердің пікірі1, кейбір мәликилердің т.б. пікірі).

4. Бұл абзал (ислам ғалымдарының көпшілігінің, олардың ішінде көпшілігі ханафи ғалымдарының2, мәликилердің пікірі, шафиғилердің бірауызды келіскен және кейбір ханбалилердің пікірі).

Соңғы пікірдің дұрыстығына кейбір ғалымдар (мысалы, имам ән-Науауи және әл-‘Абдари) мұсылмандардың бірауызды келісімін (ижма`) жеткізген, бірақ іс жүзінде бұл мәселеде келіспеушілік бар.

Ал дұрысы төртінші, яғни өз елді мекенінің қабірлерін зиярат ету абзал болады деген пікір болып табылады. Бұған көптеген хадистер дәлел болады. Осы жерде Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадағы әл-Бақи’ қорымын жиі зиярат еткендігі жеткілікті болып табылады. Бұл туралы хадистер сахих. Қз.: Муслим 974.
2-Бөлім. Ұзақ уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге Исламда тыйым салынған еді, кейін бұған рұқсат келді
Құрметті оқырман, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) исламға шақыруы басталғаннан кейін ұзақ уақыт бойы адамдарға қабірлерді зиярат етуге тыйым салғанын біліңіз. Ешкім қабірлердің басына өз туған-туысқандарын зиярат етіп бармайтын. Осылайша көп уақыт Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін жалғасып келді. Ал осы діннің түсірілуінің соңында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қабірлерді зиярат жасауға рұқсат етті әрі өзі де Мәдинаның қабіріне баратын болды.

Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз анасының қабірін зиярат етті де, жылап жіберді содан соң оның айналасында болғандар да жылады. Ол: «Мен Раббымнан анам үшін кешірім тілеуге рұқсат беруін сұрадым, бірақ Ол маған мұны рұқсат етпеді3. Кейін мен оның қабірін зиярат жасап тұруға рұқсат сұрадым әрі Ол маған мұны рұқсат етті. Ендеше қабірлерді зиярат жасаңдар, өйткені олар өлімді еске салады» (хадис сенімді (сахих); Муслим 976; Абу Дауд 3234; Насаи 2033; Ибн Мәжжаһ 1572).

Бурайда ибн әл-Хусайб Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Мен осыған дейін сендерге қабірлерді зиярат жасауға тыйым салатынмын, ал енді оларды зиярат жасай аласыңдар». Басқа бір риуаятта: «Ал енді кім қабірді зиярат жасағысы келсе, зиярат етсін, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін нәрселерді айтпасын», - деп айтылған (хадис сенімді (сахих); Муслим 3/65 т.б.).

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Осыған дейін мен сендерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салатынмын, бірақ енді оларды зиярат жасаңдар, өйткені оларды зиярат жасау жүректі жұмсартады, көзге жас келтіреді және келесі өмір туралы ескертеді, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын тудыратын еш нәрсе айтпаңдар» (хадис жақсы (хасан); әл-Хаким 1393; Ахмад 3/237; Қз.: «Талхыс әл-Хабир» 2/137).


3-Бөлім. Неліктен осыншама көп уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге тыйым салынған еді?
Имам ән-Науауи былай деген: «Қабірлерді зиярат ету мұсылмандардың жәхилиет (Исламға дейінгі надандық) және көпқұдайшылық заманына жақын болғандығынан тыйым салынған еді. Олар Исламға дейін қабірлерді зиярат еткен кездерінде қабірлердің басында көпқұдайшылық сөздерін айтатын. Ал Ислам мығым тұрақталғаннан кейін және оның үкім-қаулылары танымал және түсінікті болған соң, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қабірлерді зиярат етуді рұқсат етті, бірақ мұны «бірақ Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін сөздерді айтпаңдар» деген шарт қойды». Қз.: «әл-Мәжму’» 5/285.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Бастапқы тыйым пұтқа табынушылықтың есіктерін жабу және бірқұдайшылықтың негіздерін қорғау, сондай-ақ адамдардың жүректерінен қайтыс болған адамдарға, қабірлерді ұлықтауға және оларға табынуға деген байланыстылықты алып тастау үшін қойылған болатын. Ал бірқұдайшылық сахабалардың жүректерінде бекем түрде орнаған соң, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ер кісілерге қабірлерді шариғаттың қатаң түрде орнатқан шекараларында зиярат жасауға рұқсат етті. Бұл олардың имандарының күшеюі үшін әрі олар келесі өмірді еске алулары үшін. Сөйтіп, қабірлерді зиярат етуге деген тыйым пайда үшін орнатылған еді, сондай-ақ оларды зиярат етуге деген рұқсат та пайда үшін келді». Қз.: «Иғасат уль-Ләхафан» 1/200, сондай-ақ «Тахзиб ус-Сунан» 9/60.

Қабірлерді зиярат етуге деген бастапқы тыйымның тура осындай себебін сондай-ақ ханафи мазхабының имамдары да атаған болатын Қз.: имам әл-Баркауи «Зиярат уль-Қубур» 23-24 беттер; имам Ахмада әр-Руми «Мәжалис уль-әбрар» 355-356 беттер; имам Уалиуллаһ әд-Дахләуи «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 2/38; «Фатх уль-Мәннан» 489, 493 беттер.
4-Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуді тыйым салғаннан кейін қайта рұқсат етті?
Имам Ибн әл-Қайим былай деді: «Шариғат қабірлерді зиярат етуді үш мақсатқа жету үшін заңдастырды:

1. Қабірлерді зиярат ету келесі өмірді еске салады әрі ғибрат болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Енді қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені бұл келесі өмір туралы ескертеді», - деп айтты.

2. Осыда қайтыс болған адамға қатысты көңіл бұрудың көрінісі бар. Сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан қайтыс болған (мұсылман) үшін кешірім, рахым және мейірімділік тілеуді заңдастырды4.

3. Қабірлерді зиярат етуде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және ол орнатқан шекараларды ұстану бар. Осы арқылы адам өзіне-өзі игілік танытады». Қз.: «Иғасат уль-Ләхафан» 1/188.
5-Бөлім. Зираттағы қабірлерді зиярат жасағанда не істеу керек?
1. Қайтыс болғандарға (мұсылмандарға) сәлем беру және олар үшін (Аллаһтан) кешірім тілеу.

Бұған төрт мазхаб, соның ішінде ханафи мазхабы өкілдері келіскен. Қз.: «Фатх уль-Қадир» 2/150; «әл-Бахр әр-Раиқ» 2/210.

Бурайда ибн әл-Хусайб Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат еткенде былай деп айтуды үйреткенін баяндаған: «Ассаләму аләйкум, осы қабірлердегі мүміндер. Аллаһ қаласа, біз де жақын арада сендерге қосыламыз. Аллаһтан біз үшін де, сіздер үшін де мейірім тілеймін» (хадис сенімді (сахих); Муслим 975; т.б.).

2. Сәлемдесу және осы дұғаны айту кезінде қабірге қарау.

Бұған Ибн ‘Аббастың мына хадисі дәлел болады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдина зиратының жанынан өтіп бара жатып, оған бет бұрып: «Ассаләму аләйкум...», - деп айтты» (хадис оны бекемдететін иснадтардың болуы себепті жақсы (хасан); Тирмизи 1053; әт-Табарани «әл-Кәбирде» 12613).

Бұл пікір төрт мазхабтың барлығына, соның ішінде ханафи мазхабына да тиесілі. Қз.: «Фатх уль-Қадир» 3/168.
6-Бөлім. Қабірді зиярат ету үшін басқа елді мекенге сапарға шығуға рұқсат етіледі ме?
Бұл бөлімді оқу барысында шариғат өз елді мекенінің зиратын зиярат ету мен басқа бір елді мекенге ондағы қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудың арасында айырмашылық орнатқанын білдіретін маңызды жайтты ұғып алу қажет.

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме5 және Илия6 мешітіне» (хадис сенімді (сахих); Муслим 1397).

Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1189; Муслим 1397; Абу Дауд 2033; Насаи 699; Ибн Мәжжаһ 1409; т.б.).

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарларды үш мешіттен: осы менің мешітімнен, әл-Харам Мешітінен және әл-Ақса мешітінен – басқа мешіттерге қарай жекпеңдер», - деп айтқанын баяндаған (хадис сенімді (сахих); Бухари 1197; Муслим 828; Тирмизи 326; Ахмад 45, 51).

Бұл хадистерде өз елді мекеніңнен басқа бір елді мекенге ғибадат жасау үшін, мейлі мешітке болсын, мейлі қандай да басқа бір жерге сапарға шығуға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар. Ал егер біреу: «Мен пәлен елге шариғи білім алуға барғым келеді. Ал білім талап ету ғибадат болып табылады, бірақ осы сөздерге сәйкес мен осы білімдерді талап етуге сапарға шығалмайтын болып тұрмын ғой», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бұл рұқсат етіледі, өйткені сен бұл елге білім талап ету үшін баруды қалап тұрсаң да, ал ол ғибадат болса да, бірақ дәл осы ел саған ел ретінде керек емес, сен бұл елге дәл сонда ғалымдар немесе саған қажет болған университет бар болғандықтан сапарға шықпақсың. Ал егер ғалым басқа бір елге қоныс аударса немесе осы сияқты университет басқа бір елде ашылса, онда сен өз бағытыңды оңай ауыстыра саласың да, әлгі бірінші елге барудың орнына екінші елге барасың. Ал осы хадисте тыйым салынған нәрсе - басқа елді мекенге дәл сол елді мекенде белгілі бір мешіт бар болуы және адам дәл сонда намаз немесе басқа да ғибадатты орындағысы келуі себепті сапарға шығу. Мұндайды істеуге рұқсат жоқ, өйткені сіздің елді мекеніңіздегі мешіт басқа елді мекендегі мешіттен еш кем емес, өйткені жоғарыда аталған үш мешіттен өзге мешіттердің барлығының мәртебелері де, дәрежелері де өзара тең.

Дәл [Түркістанда] жасалған ғибадат-құлшылық сауабы бойынша басқа жерлерде жасалған құлшылықтан жоғары деген пікір [Түркістанды] зиярат етіп барушыларды сол жерге сапарға шығуға итермелейді. Олар [Түркістандағы] қабір-кесенелер, ғимараттар мен құдықтар, ағаштар мен топырақ қасиетті, демек ол жерде намаз орындау да жақсырақ деп санайды. Осы [Түркістанға] және сол сияқты басқа да «киелі» жерлерге зиярат етушілер сол жерлер ондағы жерленген «әулие-әруақтардың» болуы [немесе көне замандардан бері сақталып тұрғандығы] себепті қасиетті деген сенімге ие.

Ал сауда-саттық, ағайын-туысты зиярат ету т.с.с. мақсаттар үшін сапарға шығуға келер болсақ, мұның барлығында проблема жоқ, өйткені мұнда діни сылтау жоқ болып тұр. Адам белгілі қалаға өз ағайын-туыстарына осы қала қасиетті болғандығы себепті емес, дәл сол қалада оның туысқандары өмір сүретіндігі себепті сапар жасайды, әрі егер олар басқа қалада тұрғанда еді, ол сол басқа қалаға барар еді. Мұндай жіктеудің жалпы түсіндірмесін «Мәжму’ әл-Фатауада» 2/186 табуға болады.

[Түркістанға] сапар жасауды жақтайтындар былай деп жауап айтады: «Бұл хадисте қабірлер, кесенелер және қасиетті жерлер туралы емес, дәл мешіттер туралы сөз болуда».



Жауап:

1. Абу Басра әл-Ғифаридің7 ол бірде Абу Хурайраны кездестіргендігі және одан: «Сен қайдан келе жатырсың?» - деп сұрағандығы туралы хадисі жеткізіледі. Абу Хурайра: «Тур8 тауынан келе жатырмын. Мен ол жаққа сол жерде намаз орындау үшін бардым», - деп жауап берді. Сонда Абу Басра: «Егер мен сені сен сапарға шығудан бұрын көріп үлгергенімде, сені ол жерге жібермес едім, өйткені мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естігенмін», - деп айтты (хадис сенімді (сахих); Насаи 1429; Мәлик «Муатта» 1/108; Тайялиси 1348; Ахмад 23848; имам Тирмизи хадисті сенімді (сахих) деді № 491; сондай-ақ шейх әл-Әлбани де «Ахкам уль-Жанаизде» 287-бет оны сахих деді).

2) Каз’а былай деп баяндайтын: «Бірде мен тур тауына баруға жиналдым да, бұл туралы Ибн ‘Умардан кеңес сұрадым, ол маған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естімеп пе едің? Мұны таста да, ол жерге барма», - деп жауап берді» (хадис сенімді (сахих); әл-Азракий «Ахбар Макка» 304-бет; Хайсами «әл-Мужма’» 4/4 және әт-Табарани «әл-Кәбир» 13283).

Сахабалардан жеткен осы екі хабарды оқып шыққан кезде, ғибадат жасау үшін сапарға шығу тек мешіттермен шектелмейтіні түсінікті болады, өйткені Тур тауы мешіт болып табылмайды. Соған қарамастан, сахабалар осы тауға онда Аллаһқа ғибадат жасау үшін баруға тыйым салатын.

Егер олар: «Бұл хадистерде мешіттер және қасиетті таулар мен жерлер туралы айтылуда, алайда оларда қабірлер мен кесенелерді зиярат етуге тыйым жоқ», - деп айтса, біз бұған былай деп жауап береміз:

Жауап:

1. Шейх уль-ислам былай деген: «Исламның алғашқы ғасырларында қабірлердің басында мешіттер немесе кесенелер салынбайтын. Алғаш рет мұндай нәрсе Бану Буэйх9 мемлекетінде, шығыста және батыста араларында құдайсыз кәпірлер көпшілік болған каррамилер10 сектасы пайда болған кезде пайда болды. Олардың мақсаты Ислам дінін ауыстыру еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/167, 384.

Сондай-ақ ол былай деді: «Қабірлер мен олардың басындағы кесенелерге сапарға шығудың артықшылығы туралы хадистерді ойдан тоқып шығарғандардың алғашқылары рафидилерден және сол сияқтылардан болған бидғатшылар болап табылады». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/191.

Сондай-ақ ол былай деді: «Сахабалардың заманында адамдар оған қарай жолға шығатын немесе оның алдына барып Аллаһқа жалбарыну үшін немесе одан игілік-береке мен шапағат тілеу үшін бағыт алатын қабір жоқ еді. Бұдан қалса, егер сахабалар қандай да бір жерлерде төбесіне ғимараттар салынған пайғамбарлардың қабірлерін көрсе, олар осы ғимараттардың біреуін де қалдырмай, оларды жермен бірдей етіп тегістейтін. Бұл осы ғимараттардың адамдарды бүлікке салуы мүмкін болуы себепті. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін де олар оның бөлмесінің ішіне жасырды да, адамдарды одан алыстатты». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/271.

2. Сондай-ақ осы хадистердегі тыйым тек мешіттерді ғана емес, бірақ молалар мен кесенелерді де қамтитынының бір дәлелі – бұл жәхилиет кезінің , көпқұдайшыл-құрайштықтардың әдет-ғұрпы болғаны да .

Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әд-Дахляуи былай деген: «Жәхилиет кезінде адамдар өздері «қасиетті» деп санайтын орындарға баруға ұмтылған, оларды зиярат еткен, олардан игілік тілеген және осы жерлерде қаншама бидғаттар мен күнәлар жасаған, бұл мәлім болғанындай. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырылған ғибадат заңдастырылмаған ғибадатпен араласып кетпеуі үшін, сондай-ақ осы Аллаһтан басқа өзгеге құлшылық етуге алып келетін себепке айналмауы үшін, осы күнәның есігін жапты. Әрі кімнің болсын қабірі немесе қандай болсын салиқалы адам құлшылық жасаған орын, сондай-ақ Тур тауы – осы жерлердің барлығы оларға ғибадат жасау үшін баруға тыйым салынғандығында бірдей екендігі ақиқат болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/192.

Дәл сондықтан да осы имам Мәликтің және оның ізбасарларының, сондай-ақ кейбір ханафилердің11, шафиғилердің және ханбалилердің пікірі.

Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген: «Ал қабір орындарына сапарға шығып, осы орайда жол ауыртпалықтарын тарту және осымен ұлы күнә істеу туралы айтар болсақ, онда ғалымдардың басым бөлігі былай деген: «Пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың (әулиелердің) қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығу дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндайды сахабалар да, олардың ізбасарлары да істемеген. Сондай-ақ мұндайды әлемдердің Раббысының Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған, әрі мұсылмандардың имамдарынан ешкім мұны абзал деп айтпаған. Сондықтан да кім осы сапарлар Аллаһқа мойынсұну және игі амал болып табылады деген сенімге ие болса, сол мұсылмандардың бірауызды пікіріне қайшы келеді. Ал кім осы сенімге ие бола тұра осы қабірлерге сапарға шықса, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған (харам) нәрсе істейді». Қз.: «Зиярат уль-қубур» 18-22 беттер.

Бұл ханафи имамының сөздері [Түркістан, Бекет Ата] сияқты жерлерге сапар жасап бару күнә және тыйым салынған амал болады дегенді білдіреді.

3. Егер үш мешіттен басқа қандай да нақты бір мешітке ғибадат жасау үшін сапарға шығу тыйым салынған болса, онда қабірлерге сапарға шығу тіпті тыйым салынған. Бұл қабірлердің ғибадат жасауда мешіттерден еш артықшығы жоқ болғандығы себепті, бұдан қалса мешіттердің олардан артықшылықтары


бар.
7-Бөлім. Қарсылас жақтың күмәндары және оларға жауап
Ал қарсылас пікірдің жақтаушыларында олар өз пікірлерін қолдау үшін келтіретін бірнеше күмәндар бар.

1. Сахль ибн Ханиф Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өз үйінде дәрет алып, кейін әл-Қуба мешітіне келіп, онда намаз орындаса, сол кіші қажылық (умра) жасағанның сауабына тең сауап алады» (хадис сенімді (сахих); Насаи 2/37; Ибн Мәжжаһ 1/453; Ахмад 3/487 және басқалар).

Осы хадисті келтіре отырып, олар оны әл-Қуба мешітіне, онда намаз орындау үшін, арнайы сапарға шығуға рұқсат етілетіндігіне дәлел ретінде пайдаланады. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

Жауап:

1. Бұл хадиске түсіндірме жасап, кейбір ғалымдар былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «...кім өзінің үйінде дәрет алып» деген сөздері, сондай-ақ оның «...кейін әл-Қуба мешітіне келіп» деген сөздері бұл мешітке сапарға шығу заңдастырылмағандығына нұсқайды. Ал заңдастырылғаны – оған дәрет алған күйінде шығып, барғанша дәреті бұзылмайтындай қашықтықта жақын тұратын адамның баруы ». Қз.: «Иқтида сырат әл-мустақим» 2/805.

2. Олардың хадисті осылай түсінуі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде үш мешіттен өзге жерге жолға шығуға тыйым салып, ал басқа жерде осыған үндеп, өзіне-өзі қайшы келді дегенге алып келеді.

Сондай-ақ қарама-қайшы пікірдің жақтаушылары Абу Са’ид әл-Худридің жоғарыда келтірілген хадисінің бір риуаятына жабысып алған. Бұл риуаятта: «Ғибадат жасағысы келгенге әл-Харам Мешітінен өзге қандай да бір мешітке барудың қажеті жоқ», - деп айтылған.



Олардың осы риуаяттан шығаратын қорытындысы: “«Қажеті жоқ» деген тіркес тыйымға нұсқамайды, ол тек кұпталмайтындыққа нұсқайды”.

Жауап:

Бұл риуаяттың иснадында Шахр ибн Хаушаб деген әлсіз риуаятшы бар. Сондай-ақ оның иснадында есте сақтауында әлсіздік болған ‘Абдуль-Хамид әл-Бахрам бар. Осының өзі осы риуаятты назарға алмау үшін жетіп асады. Бірақ осыған Шахр осы хадисті Абу Са’идтан риуаят еткені әрі осынысымен осы хадисті Абу Са’идтан өзгеше риуаят етушілерге қарсы шыққандығы да қосылады.



2. Қарсылас тарап өздерінің пікірін қолдау үшін келтіретін дәйекке Ибн ‘Умар баяндайтын хадис те жатады. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Қуба мешітін жаяу және мініс көлігінде зиярат еткендігін баяндаған. Кейбір жеткізушілер бұған қосып: «Және онда екі ракағат намаз орындайтын», - деген (хадис сенімді (сахих); Бухари 1194; Муслим 1399).

Олардың қорытындысы: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қуба мешітіне мініс көлігінде барған, демек ол оған сапар жасаған».

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сапар жасамаған, өйткені ол Мәдинаның шетінде болатын. Сондықтан да оған сапарға шығу үмметіміздің имамдарының бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

2. Тіпті егер біз осы тұжырыммен келіссек те, осы хадиске сүйеніп, қабірлер мен мешіттер арасында ұқсастық бойынша теңеу (қияс) жасау дұрыс болмайды. Өйткені мешіт – бұл қабір емес, кесене емес, мола емес.

3. Қабірлерге табынушы сопылар сондай-ақ өз пікірлерін қорғау үшін бірде-бір танымал хадис жинақтарында келтірілмейтін көптеген өтірік, ойдан тоқылған хадистерді келтіреді. Осындай хадистердің бірі мына хадис: «Сендерді қиындықтар қоршаса, көмек үшін қабір иелеріне барыңдар».

Шейх уль-ислам былай деген: «Бұл хадис мухаддис ғалымдардың бірауызды пікіріне сәйкес - өтірік және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағылған ойдан шығарылған нәрсе. Бірде-бір мухаддис осы хадисті өзінің жинақтарында келтірмейді әрі ол олардың біреуінде де жоқ». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 891-892 беттер.

Осы хадиске қатысты тура сол бағалауды ханафи мазхабының ғалымдары да берген. Қз.: «Рух уль-Ма’ани» 6/127-128; сондай-ақ «Жәлә уль-‘Айнайн» 500-бет.

8-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі ме?
1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін арнайы сапарға шықпай зиярат етуге келер болсақ, бұл кез келген басқа қабірлерді зиярат ету заңдастырылғанындай заңдастырылған.

2. Бұдан қалса, ғалымдардың арасында «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін сапарға шықпастан зиярат ету Сүннет болып табылады» дегенге келіспеушілік жоқ. Қз.: «әд-Дин әл-Халис» Мухаммад Сыддық Хасан 3/588.

3. Бірақ, сонымен бірге, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету барлық мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша міндетті болып табылмайды. Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/26.

4. Ал оның қабірін зиярат ету қалай орындалуға тиіс дегенге келер болсақ, онда оны зиярат етушіге ең алдымен мешітке сәлем беру (тахийят уль-масжид) намазын орындаудан бастау керек. Кейін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындап, оған: «Сәлем саған, уа, Аллаһтың Елшісі», - деп айту қажет. Сондай-ақ сәлемге салауатты қосса да болады. Қз.: «Мәжму’ат расаиль әл-кубра» 2/407.

Ал осы құбылысты ханафи мазхабының ғалымдарының бірі шейх ‘Абдур-Рахман ибн Мухаммад әл-ханафи Дамаад Афанди (1078 х/ж) өзінің «Мажма’ уль-Анхар фи шарх Мультак әл-Абхар» (1/313) еңбегінде былай деп суреттейді: «Адам мешітке сәлем беру намазын орындап болғанынан соң, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындайды да, оның бас жағына бетін Қыблаға бұрып тұрады, содан соң оның қабіріне үш-төрт шынтаққа жақындайды әрі осыдан артық жақындамайды және қолын қабірдің қабырғасына қоймайды....»

5. Қады ‘Ияд имам Мәликтен оның былай деп айтқанын жеткізген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға ету үшін тоқтау дұрыс деп есептемеймін, бірақ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беру керек және бірден кетіп қалу қажет». Қады ‘Ияд «әш-Шифа» 2/85.

6. Сондай-ақ қабірлері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің қасында орналасқан Абу Бакр мен ‘Умар ибн әл-Хаттабқа сәлем беру де заңдастырылған. Қз.: «әш-Шифа» 2/86.

7. Имам Мәлик сондай-ақ былай деген: «Мәдина тұрғындары үшін мешітке кіргенде және одан шыққанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындау қажетті емес. Мұны тек келушілер істесе болады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

8. Бірде имам Мәликке: «Бірақ Мәдина тұрғындары сапардан келгендер немесе сапарға жиналушылар болып табылмаса да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне күніне бірнеше реттен жақындап барады ғой. Әсіресе, осындай нәрсе жұма күні, олар күніне бір немесе екі рет оның қабірінің алдына тұрып, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беріп, содан соң ұзақ уақыт бойы Аллаһқа жалбарынған кезде жиі орын алады». Бұған имам Мәлик былай деп жауап берген: «Мен осы қаланың бұрынғы ғалымдарының ешқайсысынан осының рұқсат етілгендігі туралы естімегенмін, сондықтан да осыны тастау жақсырақ болады, әрі осы үмметтің соңғылары оның алғашқылары түзелгеннен өзге нәрсемен түзелмейді. Және маған сахабалардан олардың осылай істейтіндігі жетпеді, әрі бұл сапардан қайтқандар немесе сапарға шығатындардан өзгелер үшін мақұлданбайтын нәрсе болып табылады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

9. Ал егер адам өзі үшін дуға жасағысы келсе, онда оны қабірдің жанында емес, мешітте, жүзін Қыблаға бұрып жасайды, сахабалардан осылай жеткен. Әрі олардың біреуінен де олардың қайсысы болсын өзі үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға жасады деген хабар жетпеген, бұдан тыс олардың біреуі де, өзіне дұға жасауды айтпағанның өзінде, Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға жасағанда оның қабірінің алдында ұзақ тұрып алмайтын.

Ал неліктен барлық мазхабтың имамдары осындай шарттар қоятын және осындай шектеулер орнататын?! Адамдардың Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігінен оның қабіріне көптеп келгендерінде, оған сәлем бергендерінде және оған салауат айтқандарында не жамандық бар?! Және не үшін сахабалар осыны істемейтін және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуді толығымен дерлік тоқтатты?! Олар сонда Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймей құрметтемеді ме?! Осылай деп бүгін бізге сопылар айтады. Олар бізге: «Сендер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймейсіңдер, ата-бабаларды құрметтемейсіңдер», - деп, т.с.с. нәрселерді айтады. Ал шындығында сахабалар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқалардан артық сүйген және қадірлеген. Ал оның қабірін көп рет зиярат етуді олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріне мойынсұнып, тастады: «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» (хадис жақсы (хасан); Ахмад 2/367; Абу Дауд 2042).

Өйткені егер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін әрбір мұсылман адам оның қабіріне оған сәлем беру үшін және оған игілік-береке тілеу үшін тұрақты түрде бара беретін болса, бұл міндетті түрде оның қабірінің тұрақты жиындар өтетін жерге айналуына әкеледі.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шөбересімен орын алған оқиға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар» деген сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Бірде Хасан ибн әл-Хасан ибн ‘Али Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында әркез дұға етуге тырысатын адамды байқап қалды да, оған: «Уа, пәлен! Не үшін мен сені үнемі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында көремін?», - деп сұрады. Әлгі адам: «Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бердім», - деп жауап берді. Сонда Хасан оған былай деді: «Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді», - деді. Сондықтан сен болсаң да, Андалусиядағы біреу болса да, осы тұрғыдан [яғни Пайғамбарға сәлем беру тұрғысынан] бірдейсіңдер» (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді); Са‘ид ибн Мансур өзінің «Сунанының» осы кезде жоғалған бөлігінде, бұл туралы «әл-Иқтидада» (2/656) және «әс-Сарим әл-Мункиде» (161-бет) айтылғандай; сондай-ақ Исма’иль әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә ннабиде» № 30; ‘Абдурраззақ (6726); Ибн Аби Шәйба (2/375)).

Риуаяттардың біреуінде: «...ақиқатында, сендердің сәлемдерің маған сендер қай жерде болсаңдар да жетеді», - деп айтылған (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді); Дыя әл-Мақдиси «әл-Мухтарада» № 428; Ибн Аби Шәйба 2/375; Абу Я’лә № 469; Исма’иль әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә-н-набиде» № 20).

Сөйтіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне үнемі келіп оған сәлем беруге ұмтылу оны тұрақты жиналатын орынға айналдыру болып табылады. Ал қабірдің басына сол жерде мүлде заңдастырылмаған дұға жасау үшін келетін адамға қатысты не айтуға болады?!

Бірақ жүрегінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігі тасып жатқан және оған қатысты жақсы нәрсе істегісі келген адам не істеуі керек? Бұған жауап «...бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» деген хадисте қамтылған.

Бұл дегеніміз – егер біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтсақ, ол оған біз қай жерде болсақ та жетеді, әрі сондықтан да оның қабіріне жақындаудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! Менің қабірімді табынатын пұтқа айналдырма, ақиқатында, өз пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырғандарға Аллаһтың ашу-ызасы күшті», - деп айтқанын баяндаған (хадис жақсы (хасан); Ахмад 2/246; Абу Ну’айм «әл-Хильяда» 7/317 және басқалар).

Бұл хадистер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар оның қабірінің қасында қандай да бір ғибадат түрлерін, мысалы, дұға етулері былай тұрсын, оның жанына жиналғанын қаламағанына нұсқайды.

Сондай-ақ осы соңғы хадис, басқа қабірлерді айтпағанның өзінде, тіпті пайғамбардың қабірі де сиынатын пұтқа айналуы мүмкін екендігіне айқын дәлел болып табылады. Ал қабірлерге табынушыларға келер болсақ, онда өздерінің көптеген кітаптарында олар қабір пұт бола алмайтындығы туралы айтады. Ал біз кімге сенуіміз керек: Пайғамбарға ма (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлде оларға ма?!

Ал енді Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетіндіктері туралы айтатын, алайда сонымен бірге ол жақсы көрмейтін және қаламайтын нәрселерді істейтін сопы тариқаттарының өкілдері не дейді екен?!


: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет