Шарықты селолық округінің әкімі М. Садуақасовтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі Шарықты селолық округі бойынша 4 елді мекен, 16 қыстақ бар.



жүктеу 69.84 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі69.84 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шарықты селолық округінің әкімі М.Садуақасовтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі

Шарықты селолық округі бойынша 4 елді мекен, 16 қыстақ бар. «Шөптікөл», «Қызылшілік», «Айыр», «Теректі». Жалпы, округ бойынша жер көлемі 186932 га. Оның ішінде жайылымдық жерлер 175076 га. Егістік жерлер 2349 га. Округ бойынша 4 – мектеп, 3 - ФАП, 3 – кітапхана, 1 – АТС, 1 – мешіт, 1- пошта жұмыс жасайды. Осымен қатар 34 – шаруа қожалығы жұмыс жасауда (оның 12 – ісі басқа жаққа көшіп кетуіне байланысты тоқтап тұр, 2- жаңадан ашылды). халық саны - 991 адам, экономикалық белсендісі 372 адам, 7 жаска дейінгі бала 198, зейнеткер 97 адам, аула саны -221, 127 Теректіде, 21 Айыр, Қызылшілік 36, Шөптікөл 37.

Аз қамтылғандар жоқ, жұмыссыздар – 2, атаулы әлеметтік көмек алатындар жоқ, балаларға арналған жәрдем ақы алатындар жоқ, малы жоқ отбасылар саны- 2 адам, 1 жасқа дейінгі бала күтімінде отырған аналар – 18.

2013 жылы жеке тұлғалардан жұмысқа тұру туралы 3 өтініш түсіп, өтініштер толық қанағаттандырылды. Округ бойынша 5 адам ЖШС-тер жұмыс жасауда. «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі және осы серіктестіктің мердігерлері, «Маран инженеринг», «Мелисса», «Жұма» және «САС» ЖШС-тері. Селолық округте екі участкелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Участкелік полиция инспекторлары селолық округ әкімі аппаратымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс шаралар өткізіп тұрады. Бүгінгі күнге округ бойынша ауыр қылмыс пен мал ұрлығы тіркелген жоқ. Округтағы мекемелердің бәрінде от жағу маусымы қалыпты түрде жүргізілуде. Мешіт үйіне және бюджеттік мекемелерге, асыраушысы жоқ екі отбасыға тамыздыққа ағаш әкелініп, кесіліп таратылды. Мердігер «Электромонтаж» ЖШС-гінің демеушілігі арқасында мешіт үйінің кіре беріс есігі жаңартылды. «Алтайполиметаллы» ЖШС-гінің директорлар кеңесінің төрағасы Юн Руслан Борисович мырзаның демеушілігімен мектепке көп көңіл бөлінуде, атап айтқанда бүгінгі күні мектептегі кәріз және су жүйелері жаңадан жасалып оқушыларға мектептің ішінен дәретхана салынды, асханадан 1-4 сынып аралығындағы бүлдіршіндерге үлкен қоңырау аралығында тамақ берілуде, бұрын күніне 4 сағат қана істеп тұрған шағын орталықты осы демеушілік арқасында 8 сағатқа созу мақсатында керекті бұйымдар мен құрал жабдықтар алынып әзірленуде және осы азаматтың қолдауымен мектепке жаңа екі қазандық орнатылып жылу жүйелері жөндеуден өтті, сонымен қоса мектепке мултимедиялық және физика кабинеттерін жасап беруге уәде беріп, сол бағытта жұмыстар жасалуда, мұғалімдердің біліктігін көтеру, интернет жүйесін қолдану, оқушылардың сапалы білім алуына жағдайлар жасау мәселелеріне назар аударылады. Биылғы жылы мектептегі бірнеше жылдан бері шешілмей тұрған кадр мәселесі шешіліп, Теректі ауылына химия пәнінің мұғалімі және бастауыш сынып оқытушысы жас маман болып келіп ауыл тұрғындарын қуантуда.

2013 жылы бюджетте қаралған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде обьектілерді жөндеу және абаттандыру үшін бөлінген 5 миллион қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен ойнатып, «Электромонтаж» ЖШС-гі 2 миллион 800 мың теңгеге ұтып алып, электр желісі арқылы көшені жарықтандыру бойынша 30 бағананы орнатты, қосу мәселесі бойынша желінің ақау жерлеріне жөндеу жұмыстары жасалынып, орнатылған отыз бағанға қосымша жарықтандыру жұмыстары жасалып, көше жарығы толық іске қосылды. Үнемделген 2 миллион 200 мың теңге қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен «Инновация Тех» ЖШС-гі ұтып алып, Теректі ауылына 11 күн арқылы қуат алып сәуле беретін жарықтандыру бағанын орнатып іске қосты. 2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде бөлінген 780 мың теңгенің 500 мың теңгесі «Комерист» ЖШС-і арқылы игеріліп, балалар ойын алаңын Қазыбекби көшесіне орнаттық, қалған үнемделген сомаға қосымша келісім шарт арқылы жобаны жақсарту мақсатында жұмыстар аяқталды.

Шарықты селолық округі бойынша 150 әскери міндеттілер бар. 2012-2013 ж әскер қатарында 5 жауынгер Отан алдындағы борышын өтеуде, 2013 жылғы күзгі шақырылымға оқу орындарын бітіріп келген 6 адам аудандық және облыстық медициналық тексерістен өтіп, әскер қатарына шақырылды.

Мәдени іс шаралар жиі өткізіліп тұрады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі» өз деңгейінде аталып өтіп, салтанатты жиын, концерттер ұйымдастырылды. Футбол және стол тенисінен жарыстар өткізілді.

2013 жылы округ бойынша 13 нәресте дүниеге келді. Осы сала бойынша 1 фельдшер, 3 медбике жұмыс істеуде.

Биылғы жылы округ бойынша 400га жерге дәнді дақыл себілді, оның ішінде 250 га жерге бидай, 150 га арпа дақылы себілді. Бидай 10 центнерден айналып 250 тонна, арпа 8,7 центнерден айналып 130 тонна өнім берді. «Зинар» шаруа қожалығы 130 га жерді жыртып, 2014 жылы 130 га жерге егін себіледі деп жоспарлап отыр.

2012 жылы ауылда шағын бизнес субьектілері 41 болса, ол 2013 жылы 44 болып 3 субьектіге көбейген. Барлық кәсіпкерлік субьектілерінің 34 шаруа қожалығы, 4 кәсіпкер саудамен айналысады, 4 асхана, 1 мал сою алаңы, 1 монша жұмыс істеп тұр. Басты мақсат ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын барынша жақсартуға, қолдағы бар мүмкіндіктерді толық жұмылдыруды қажет етеді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бағдарламаның 2 бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бойынша бір ауыл тұрғыны 3 млн теңге несие алып, оған 10 бас ірі қара, 5 бас жылқы, 20 бас қой сатып алды.

Оруг бойынша 5178 ірі қара, аналығы 2105, 41%, қой ешкі 7470 аналығы 3954, 52 %, жылқы 1033 бас аналығы 376 бас, 36 %, құс 2459, мекиен тауығы 2100 бас. «Серік» шаруа қожалығы мал басын асылдандыру бағытында 2 бас асыл тұқымды бұқа, 1 бас аналық сатып алды. «Арнаш» шаруа қожалығы 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. «Әділ» шаруа қожалығы асыл тұқымды 20 қошқар, 40 аналық қой сатып алып және «Казагроконсалтинг» арқылы несиеге МТЗ-95 маркалы тракторын алды. «Желтау» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқа, «Қорғадыр» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Ветеринариялық профилактикалық шараларға 2013 жылғы бекітілген жоспар бойынша ірі қара малы сібір жарасына 4200 бас, қой – ешкі сібір жарасына 6250 бас, жылқы сібір жарасына 500 бас егілді. Ірі қара малдар қарасанға 4400 бас егілді. Ірі қара малынан бруцеллезге серологиялық зерттеу бойынша 4000 бастан қан алынды. Оның ішінде 120 бас ірі қара малы бруцеллезге шалдыққан болып шықты, бұл малдар Қарағанды қаласының ет өнімдерін қайта өңдеу орындарына тапсырылды. «Аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесіне қаңғыбас иттерді жою және мал қораларын бруцеллез ауруына қарсы залалсыздандыру бойынша сұраныс беріліп, Шөптікөл, Айыр, Қызылшілік, Теректі елді мекендері және қыстақтар залаласыздандырылды. Осы елді мекендерден 26 қаңғыбас иттердің көздері жойылды. 2000 бас ірі қара малдары бірдейлендірілді, ұсақ мүйізді қой ешкі малдары 3924 бас бүгінгі күнге сырғаланды, бекітілген жоспар 100% орындалды.

2014 жылы істелетін жұмыстар.

1. Әлеуметтік – мәдени саланы дамыту:

1.1. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 3 адамға несие алып 4 жұмыс орнын ашуға көмек жасау, 9 өзін-өзі қамтыған адамдарды оқытуға жұмыс жасау;

1.2. «Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «Басты міндет-кедейшіліктің өсуіне жол бермеу» мақсатында округ бойынша кедейшілік деңгейін қазіргі 0,83 %-дан азайту.

1.3.Азық – түлік бағасын өсірмеу үшін жеке кәсіпкерлермен меморандумға отырып үнемі қадағалап отыру;

1.4.Тұрғындардың бірінші кезектегі тұтыну тауарларының қол жетімділігін артыру үшін тұрақтандыру қорынан ұн, кебекпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

1.5. Көш-қон мәселесіне талдау жасап, бақылауға алу, атқарылатын жұмыстар бойынша жоспар құру.

1.6. 2014 жылға орта мектеппен бірігіп, мәдени-спорттық іс шаралар жоспарын жасау. Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген мәдени іс-шаралардың ауқымын кеңейтіп, көркем өнерпаздар күшімен Қарқаралының 190 жылдығына арнап қойылым әзірлеу;

1.7. «Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту» мақсатында іс шаралар қабылдау;

1.8. Спорт залдың мүмкіндігін толық пайдалану, спорт инвентарь алуға қаржы қарастыру;

Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, ақсақалдар алқасы, ардагерлер және әйелдер кеңесі жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп, мәдени – көпшілік шараларды өткізуде әкімдікпен, учаскелік полиция қызметкерімен бірігіп жұмыс ұйымдастыру.

1.9. Қоғамдық тәртіпті бақылау, мал ұрлығын болдырмау, ауыл жастарымен тәрбиелік жиындар өткізуді ауыл әкімдігімен учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыс кестесіне сай атқарылуын қадағалау.

2. Көгалдандыру, тазалық жұмыстары:

2.1.Шөптікөл, Қызылшілік, Айыр елді мекендерінің күл-қоқыстарын шығаруды ұйымдастыру, Шаруа қожалықтарының жетекшілері және кәсіпкерлерімен Х.Ахметов көшесінің бас жағынан «Қарқаралы қаласының 190 жылдығы» атты саябақ құрылысын салып, ішіне 190 түп ағаш көшеттерін отырғызу;

2.2. Көшені жарықтандыру және қосымша жарықтандыру жұмыстарын дамыту;

3. «Қазақстан 2050 бағдарламасы»:

3.1. «Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу» мақсатында 3 шаруа қожалығын, 1 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанар – жағар май станцасы, 1 дөңгелек және көлік жөндеу шеберханасын ашуға жағдай жасау;

3.2. Теректі елді мекендердің дүкендерінің жер құжаттарын заңдастыру және тіркету, аулаларын абаттандыру;

Қазақстан 2050» бағдарламасымен көлік инфрақұрылымына байланысты «Алтай полиметаллы» ЖШС арқылы Теректі Егіндібұлақ арасындағы 32 шқ тас жолды жөндеуден өткізу;

3.3. Ұялы байланыс жүйесін іске қосуға жұмыс жасау;

4. Білім беру саласы:

4.1. «Қазақстан 2050» жаңа бағытын ескере отырып ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу бағытында:

4.2. Оқушылардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына, мамандықты дұрыс таңдау оның ішінде ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауына үгіт – насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізу, ҰБТ-ға дайындықты күшейту;

4.3. 2014 жылы орта мектепке Интернет жүйесіне қосуға жұмыс жасау.

5.Денсаулық саласы:

5.1 ФАП мамандарының сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін болдыртпауға жұмыстар жасау.

6 Байланыс саласы.

6.1. Байланыс жүйесін жаңартып, сандық АТС орнатуды аяқтау.

7. Ауыл шаруашылығысаласы:

7.1. «Қазақстан 2050» бағдарламасының алтыншы міндетінде қаралған фермерлік пен шағын және орта бизнесті» жүзеге асыру бағытында жұмыстар жасау.

7.2. Ірі қара малын асылдандыру үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Әділ» шаруа қожалықтарына /Сағынтаев / асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуына ықпал ету, 2012 жылы шаруа қожалықтарының сатып алған 9 бас асыл тұқымды бұқаларын айырбастауын ұйымдастыру, «Желтау» шаруа қожалығы /Қ. Мустафин/ көп жылдық шөп тұқымымен жұмыс жасау;

7.3. Мал басын көбейту арқылы 2 шаруа қожалығына несие алуына қолдау жасау және 1 шаруа қожалығына құс алуына жәрдемдесу;

7.4. Инновациялық жобаны іске асыру үшін «Зинар» шаруа қожалығында /Қ. Рахтаев/ мал бордақылау алаңын ашу.

7.5.Жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында игерілмеген бос жерлері /18374 гектар/ бар шаруа шаруашылықтармен /Атабаев Қ., Қонақбаев Б., Мұқтаров Қ, Мауин Қ., Сыздыков Е., Шакимов А., Айтбаев Ж., Абдильдин Қ., Абсадиков С., Уакасов Р., Уакасов Ж., қайтарулары бойынша жұмыс жасау;

7.6. Жеке шаруашылықтарын ірі қара малдарын асылдандыру бағдарламасына сәйкес асыл тұқымды бұқалар сатып алу /А. Ибраев, С. Зияев;/

7.7. Қызылшілік, Айыр, Шөптікөл елді мекендерінде ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, мал сою пункттерін салу;



7.5. Ветеринарлық, бірдейлендіру жұмыстарын жылдық жоспар бойынша уақытында толығымен орындалуын қадағалау.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет