Шәйір атындағы шаһардың тойы



жүктеу 38.43 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі38.43 Kb.
: irbis64r 01 -> Kraeved
Kraeved -> Тоқырауды тудырған толқу
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Kraeved -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 1991. 29 қазан Әдеби мұРА
Шәйір атындағы шаһардың тойы
Хәкім Абайдың атындағы ша­һар өзінің елу жылдық мерейтойын өткерді. Әуелде Шерубайнұра атан­ған кент 1971 жылы Ұлы ақынымыз Абайдың есімін иеленген. Содан бергі жолы шимайлы шежіре. Атал­мыш ауданның көмір бассейні ел экономикасына өзінің сүбелі үлесін қосты. Облысымыздың ауыз толтыра айтып, мадақтап мақтауға тұрарлық іргелі аудандарының бірі­не айналды. Бұл жетістік жалғыз экономикалық өрлеумен ғана кел­­ген жоқ. Мәдениет пен спорт саласындағы алға басушылық аудан атын Алаш жұртына әйгіледі. «Елу жылда ел жаңа» деген бар. Анық ақиқаты осы. Елу жыл бұрын іргесі қаланған кент, бүгін қатты өзгерген. Көшелері абаттандырылып, орта­лығына субұрқақ қойылған. Субұр­қағы бақбақ гүлдеріне ұқсатылып жасалған екен. Өте сәтті композиция. Шаһар төрінде қазақтың ұлы шәйірі Абай тұр. Ақшаңқан үйлері мен мәрмәр сән-салтанатымен бой түзген. Абай әйдік қала. «Мәскеу бірден тұрғызылған жоқ» деген орыс нақылы бар. Абай қаласының да айшықталуына, сән-салтанатының жарасты болып, қала ретінде қалыптасуына аттай елу жыл кетті...

Күн көкжиектен көтеріле абай­лықтар қала мерейтойын той­лауды бастап кетті. Қаланың әр жерінде түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Алдымен тұр­ғын­дар тарихқа тағзым етіп, Абай Құнанбаев атындағы әдеби-мемор­иалдық мұражайға жиналды. Мұн­да «Абай қаласы – тәуелсіз мем­лекеттің бір бөлшегі» деген атпен қала тарихынан мағлұмат беретін жаңа зал ашылды. 50 жылдық мерейтойға арналған залда қаланың Құрметті азаматтары мен өндіріс орындары және әр жылдардағы саяси-экономикалық, әлеуметтік жағ­дайы туралы тың деректер топ­тастырылған.

Сағат 11-де мереке көрігі тіптен қызды. Аудандық мәдениет үйі алаңында қылқалам шеберлері мен гүл өсірушілер жәрмеңкесі өткізілді. Демалыс бағында балаларға арнал­ған шоу-бағдарламалар бастал­ды. Мәдениет үйінде «Абай қаласы! Біз даңқты қалада тұрамыз...» атты кітаптың тұсаукесері болды. Сиясы кеппеген жаңа кітапты аудан әкімі Е.Нашаров еңбек ардагерлеріне өзі табыстады. Алғаш қала қабырғасын қалаған құрылысшылар мен сәулет­шілер, кеншілерді аудан әкімі құттықтады. «Биылғы жылдың қа­ла тарихындағы орны айрықша. Қазақтың ұлы данышпаны Абай Құнанбаев атымен аталатын қала­ға 50 жыл. Жарты ғасыр ішінде қала кішігірім кеншілер кентінен Қарағанды облысының ірі аудан орталықтарының біріне айналды. Оның тарихы – еліміздің тарихының бір бөлшегі. Қаланың алтын мерей­тойы Қазақстан Республикасы тә­уел­сіздігінің 20 жылдығымен тұс­па-тұс келіп отыр. Біз мықты, дамы­ған мемлекет қабырғасын қа­лап жатырмыз. Қаламыздың көрік­теніп, арайланып алға қадам бас­қанына баршамыз куәміз. Осы жылы сүйікті қаламызды аббат­тандыруға байланысты ауқым­­­­ды жұмыстар атқарылды. Сіз­­дер қаланың жетістіктерімен шы­найы мақтана аласыздар. Өйт­ке­ні, сіздер, тұрғындар бүгінгі Абай қаласының кескін-келбетін қалып­тастырдыңыздар. Сіздер бұл қала­ның басты құндылығы, байлы­ғысыздар. Абай әлі де әдемі­лене, әрлене түседі. Сіздерді қала ме­рей­тойымен құттықтаймыз! Ша­ң­­ыр­ақтарыңызға шаттық, ыр­ыс-ынтымақ тілейміз!», – деп Ер­ке­бұлан Ертихалұлы ақ тілегін ақтарды. Сонымен қатар, барлық сала бойынша талмай тер төккен еңбек ардагерлері мерейтой медальдарымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері ардагерлерге марапат қағаздарын табыстады. Жиын соңы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілерінің әсем әніне ұласты.

«Юбилейный» концерттік залында Қарағанды облысы мен Абай ауданының боксшылары 10 салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістірді. Мұнда да ине шаншар жер жоқ. Абайдан талай-талай былғары қолғап шеберлері шыққаны өздеріңізге аян. Соның бірегейі Серік Сәпиев. Ол бүгін жалғыз Абайдың емес, Алаштың айбынды ұлына айналған. Жіпке тізсек мұндай спортшылар жетерлік. Жасөспірімдердің жекпе-жегін көре отырып, бұл жерден әлі талай Серік сынды боксшылардың шығатынына кәміл сендік. Қара­ғанды мен Абай қаласының бокс­шыларының командалық сайысында абайлықтардың мерейі үстем болды. Бұл да қала мерейтойына бір әдемі сый.

18 ақшаңқан киіз үй тігіліп, алыс­тан ат терлетіп келген қонақтар мен қаланың ардақты азаматтарына құрмет көрсетілді. «Атың бар­да жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» дейтін қазақпыз ғой, келген қонақтарға қонақасы берілді. Киіз үйлер тігілген жер «Абай» аулы деп аталды. Қазақы ауылды сомдап, әр үйдің алдына алтыбақан қойылыпты. Алты­бақанда қыз жігіттер тербеліп, ән шырқалды.

Екінтіде тойға жиналған жұрт Қарабас кенті мен Абай қаласы аралығында ұйымдастырылған ат жарысқа асықты. Аламан бәйгіге 11 ат қосылған болатын. Күннің қапырық ыстығынан жетінші айналымда тек алты тұлпар ғана қалды. Қалғаны ыстыққа шыдас бермей жарыс жолынан шығып қалған-ды. Ақмола облысының Ерейментау қаласынан Елубай Меруханов әкелген сәйгүлік бірінші болып мәре сызығынан өтіп, DAEWOO автокөлігін жеңіп алды. Екінші болып Астанадан келген Арман Төлеуовтің аты келді. Оған тоңазытқыш бұйырды. Шет ауданынан келген Қайыржан Әшірбектің тұлпары үшінші орынға ие болып, теледидар ұтып алды. Қазанаты күлік келетін қазақтың ат жарыс десе делебесі қозып, қаны қызатыны анық. Көмбе басына жиналған халық аттар ақтық айналымға кеткенде шеңбердің ішіне лап қойған. Бәрі де аламандардың сөре алдындағы қарқынын тамашалауға ынтық. Құс құйрығын тістейтін Ерейментаудың торысының аяқ сілтесінен оның зорығып емес, тың екенін, әлі де зымырай түсуге жарайтынын аңдаған едік. Күннің ыстығына қарамай ынтасы дүлей тұлпарға дүйім жұрт сүйсіне тарастық. Ол шу дегеннен алдыңғы топта отырған. Сол қарқынмен жиырма шақырымды ай­налып шықты. «Жүйрік болсаң осын­дай-ақ бол» деп тарқасты жұрт.

Мереке «Жігер» стадионында эстрада жұлдыздарының кон­церті­мен жалғасты. Қазақстан өнері­нің жарқын жұлдыздары Р.Рымбаева, Н.Абдуллин, «Мюзикола» « Ақнай» топтары мен Беларусь елінің атақты «Верасы» тобы абайлықтарға әннен шашу шашты. 10 минуттық отшашу мерекенің соңғы нүктесін қойды.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ,

Асылбек ТОЙБЕК.



Абай қаласы.
Орталық Қазақстан.- 2011. - 6 қыркүйек

(№ 146). - 6 б.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет