Шемонаиха қаласы әкімі М. Е. Желдыбаевтың 2013 жылы атқарған жұмыстар есебінің тезисі



жүктеу 60.54 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі60.54 Kb.
Шемонаиха қаласы әкімі М.Е.Желдыбаевтың 2013 жылы

атқарған жұмыстар есебінің тезисі
Шемонаиха қаласы аудан орталығы болып табылады, тұрғын халықтар саны - 18,7 мың адам, олардың -7157 экономикалық белсенді адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -2386 адам. Орташа еңбекақы – 68,4 мың теңге. Округ аумағы -5368 га, соның ішінде қоныстандырылған аймақ - 475 га, ауылшаруашылыққа пайдаланатын жер - 4161 га.

Ауыл шаруашылығы. 01.01.2014 жылға мал басы - ІҚМ – 560, КҚМ (қойлар, ешкілер) - 1091, жылқылар -105 бас, шошқалар- 1300 бас, құстар саны- 6550. 29000 цент. ет, 10100 ц. –сүт, 860 мың дана жұмыртқа өндірілді. Орташа сауым сүт, жылына бір сиырға -3750 кг. Жұмыртқалайтын бір тауықтың орташа жылдық жұмыртқа саны-159.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік. Шемонаиха қаласында 11 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3 ірі, ЖШС – 36, кооперативтер – 4 өнім өндіру көлемі жылына 800 млн. т. астам. Тіркелген жеке кәсіпкертлер саны 1,6 мың адамды құрайды. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2,4 мың адамнан астам.

Жолдар. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайды (140 көшелер мен тұйық көшелер), соның ішінде 45 шақырымы қара-қиыршық таспен жабылған, 30 шақырымы тротуарлар, темір жолдар 20 шақырым, үш автомобиль көпірлері – Уба өз., Березовка өз., Шемонаиха өз., 7 жолаушылар көпірі.

2013 жылы жолдардың жұмысын қамтамасыз етуге - 45 698 мың теңге бөлінді, одан қала жолдарын қыста, жазда ұстауға бағытталды (6 598,0 мың теңге және 2500,0 мың теңге бөлінді); Украинский, Аврора көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді (670 шаршы метр, сомасы 12000,0 мың теңге); 370 шаршы метр орташа жөндеу Астафьев көшесіне жүргізілді, сомасы 9600,0 мың теңге; 233 шаршы метр орташа жөндеу Жуков көшесіне жүргізілді сомасы 2500,0 мың теңге).



Электрмен жабдықтау «ШҚ Аймақтық энергетикалық компания» АҚ-мен жүзеге асырылады. 100 ТП бар, олардың 13-і ірі аралық станциялар, 12 ІТП және 1 қала аралық станция жөнделді. Шемонаиха қаласы көшелерін жарықтандырумен 70 шақырым қамтылған, оларда 900 жарық орындары пайдаланылады.

2013 жылы қала көшелерін жарықтандыруды қамтамасыз етуге 9450,0 мың теңге бөлінген, соның ішінде қолданылған электр қуаты 4905,0 мың теңгені құрайды, көшелерді жарықтандыруға - 3 952,8 мың теңге, иесіз электр желілерін ұстауға – 593,0 мың теңге ұсталды.



Сумен жабдықтау және канализация. Шемонаиза қаласында сумен жабдықтаумен тұрғындардың 100 % қамтылған. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 92,18 % қамтамасыз етілген, жергілікті көздерден қала тұрғындарының 7,82 % қамтылған. Шемонаиха қаласын сумен жабдықтаумен келесі ұйымдар айналысады: «Маракана» ЖШС, ВИК-3 ТВСи К «Казахмыс» корпорациясы және «Шемонаихинский водоканал» КМК. Сумен қамту жүйелерінің ұзындығы 75,3 км құрайды. Тұрғындарға су тарифы 1 куб/м 14,30-дан 39,69 теңгеге дейін құрайды. Канализация қызметін келсі кәспорындар көрсетеді: «Казахмыс» корпорациясы ЖШС қаланың орталық бөлігіне, «Маракана» ЖШС қаланың ықшам аудандарына, ЖК «А.К. Каимов» теміржолшылар ықшам ауданына. Желілердің жалпы ұзындығы 12,6 км. Тұрғындарға тариф 4,35 –тен 36,11 теңгені қүрайды. Канализация қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 45,2%.

Жылумен жабдықтау. Қаланың орталық бөлігін және ықшам ауданды жылтытумен қамтамасыз етуді қаладан 6 шақырымдағы МХК «Корпорация Казахмыс» ЖШС жүзеге асырады. Қала бойынша жылумен қамту құбыр жолының ұзындығы 26,6 км құрайды. Орталық жылыту қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 40,11 %.

2013 жылы Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша сомасы 35009,1 мың теңге қаражат игерілген, соның ішінде: балалар кешені және 4 автокөлік аялдамасы орналастырылған, Иванов және Вербицкий атындағы парктер, теміржол кентінде «Жастар» паркі абаттандырылған, жарықтандыру тіректері нұрлыдиодты суреттермен көркемделген және иллюминацияны орнату бойынша электрлік жөндеу жұмыстары жүргізілген, нұрлыдиодты бейнелер орнатылған. Шемонаиха қаласының тазалығын қамтамасыз етуге 9314,2 мың теңге ұсталынған.



Әлеуметтік инфроқұрылым: қала аумағында 4 мектеп, 2 коллежд орналасқан. Қала мектептеріндегі оқушылар саны -2137, ҰБТ орта балы 70,7. 300 орындық жаңа мектеп, 100 орындық интернат құрылысы аяқталды (құрылыстың сметалық бағасы 1 207 млн. теңге). Мектепке дейінгі білім беру екі балабақшамен ұсынылады: «Ақбота» балабақшасы ҚМКК және «Аленушка» балабақшасы» ҚМКК, 551 баланы қамтиды. 2013 жылдың қараша айында жеке кәсіпкерлер Байжұмановтармен салынған Теміржолшылар кентінде 50 орындық бала бақша ашылды, жоба құны – 20,0 млн теңге. 2014 жылы 280 орындық бала бақша пайдалануға тапсырылады.

Денсаулық сақтау: орталық аурухана-1, дәрігерлік амбулатория-2, КВД-1,

басқадай-5.

Мәдени мекемелер: 1 мәдениет Үйі, 1 достық Үйі, 3 кітапхана.

Спорттық ғимараттар: барлығы 9, соның ішінде 7 спортзалдары, 1 спорт кешені, 1 стадион.

Мүгедектерге, егде адамдарға және мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлімше 306 жалғызбасты адамдарға (с.і. 18 мүгедек) және 38 мүмкіншілігі шектеулі балаларға (с.і. 18 жастағы -10 адам) қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы жұмыспен қамту Бағдарламасы аясында «Көмек беру және ауылда кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты шеңберінде 56 адам жалпы сомасы 155,5 млн. теңге шағыннесие алды, соның ішінде ара шаруашылығы, мал шаруашылығы жобасын дамытуға және кеңейтуге, корпустық жиһаздарды жасауға, жүк тасымалдау, қонақ үй кешендерін ашуға, такси қызметін көрсетуге.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» аясында « Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту арқылы жұмыспен қамтуға және қоныс аударуға жәрдемдесу» әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам, жастар практикасына -31 адам, оқуға- 39 адам, соның ішінде 3 айлық оқу, дайындау курсына мамандықтары бойынша: «Азық-түлік тауарларын сатушы», «Тас қалаушы», «Шаштараз және модельер» -22 адам; жартылай қамтылған жалданба жұмысшы біліктілігін жоғарлатуда 2 айлық оқу курсына мамандығы бойынша «Д категориялық жүргізуші» -2 адам; мемлекеттік тапсырысы бойынша 10 айлық «Бухгалтерлік есеп және аудит» оқу курсына- 17 адам жіберілді. Жұмыс істейтін жастар санынан қайта құрылған жатаханадан 40 адамға бөлмелер берілді. Есеп беру кезеңіне 112 жаңа жұмыс орны құрылды.



Үй-пәтер құрылысын дамыту туралы. Шемонаиха қаласының тұрғын үй қорында 4429 жеке сектор аулалары және 105 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар. 2013 жылы 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй пайдалануға тапсырылды (сметалық құны 165,7 млн. теңге, мердігер «Оскемен Пласт» ЖШС). 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жатахана ғимараты қайтадан салынды, көлемі 2129 шаршы метр ( 42 бір бөлмелі пәтерлер, 8 екі бөлмелі пәтерлер), жас мамандарға пәтерлер беру тұрғындық құрылыс сақтау жүйесінің қатысу міндеттіне жатады. Пәтерлермен қамту түйінді мәсле болып қалады, қала бойынша пәтер алуға кезекте 381 тұр.

Құқық бұзушылықты алдын алу. Қала бойынша есеп беру кезеңіне 274 қылмыс жасалды. Жүргізілген жедел- алдын алу шаралар, рейдтер және қоғамдық тәртіпті және ішікі қауіпсіздікті сақтауда құрама жұмыстарды өткізу қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Жыл бойы арақ- шарап ішімдігіне басым 16 адам мәжбүрлі түрде емделуге СЛПП-ға жіберілді, 29 бірлік дәрімен атылатын қару алынды, 1264 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде арнайы әкімшілік сотқа іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 656 әкімшілік іс жіберілді.

Азаматтар өтініштерін қарау, олармен жұмыс. 2013 жылы Шемонаиха қаласының әкім аппаратына 843 өтініш жеке тұлғалардан және 93 өтініш заңды тұлғалардан түсті. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мезгілде қаралды, өз құзырлығы шегіне сәйкес шаралар қабылданды.

Өткізілген есеп беру кездесулер және азаматтар жиындарының талдауы әлеуметтік сферада, коммуналдық қызмет көрсетуді қамтамсыз ету бойынша, тазалық және абаттандыру жағдайы, көше жолдарын жөндеу туралы қойылған сұрақтар, ауыз сумен үнемі қамтамасыз ету түйінді мәселелерді шешу көрсетілген. Сонымен, өткен жылы 9 есеп беру кездесулері және 9 жиын өткізілді, жалпы қатысушылар саны 1008 адам. 39 сұрақ қойылды, оның 38-не кездесу кезінде түсіндірмелі жауап берілді және жыл бойында шешілді. Рұқсат берілмеген жерде сауда жасауға бақылау жүргізуді іске асыру жұмысшы бақылауына ауыстырылды.



Қаржылы-бюджеттік сала. «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ-не 2013 жылы 128 298,5 мың теңге бөлінді. «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ бойынша бюджет қаражаттарын игеру 99,5 % құрайды.

Салықтар: есептелген салықтың сомасы 3 157 256 теңге, соның ішінде: мүлік- 1 762 352 теңге, жер- 1 394 904, жеңілдіктер сомасы 401 814 теңге, төлем 99 % құрады.

Қайырымдылық және демеушілік көмек. Шемонаиха қаласы бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бюджеттік қаражат емес есебінде жалпы сомасы 2,4 млн. теңгеге шаралар өткізілді (шараларды ұйымдастыру және өткізу, соғыс мүгедектеріне және қатысушыларға, тыл еңбекерлеріне құрмет көрсету, күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар тұрғындарға көмек көрсету, қаланы абаттандыру). Әлеуметтік серіктестік аясында сомасы 51,2 млн. теңгеге шаралар орындалды. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

2014 жылға Шемонаиха қаласының келешекте дамуы: 2013 жылдың қортындысы бойынша оң үдіріс- қысқа мерзімді және стратегиялық тапсырмаларды шешу бойынша алдағы жұмыстар үшін негізі. 2013-2020 жылдарында Шемонаиха қаласының даму бағдарламасында шаралар жинағы оның жүзеге асуы көрсетілген, аймақтың тұрақты және динамикалық экономикасының дамуына және қала тұрғындарының тұрмысының жақсаруына бағытталған.

Осы жылға автокөлік жолдарының жұмыс істеуін қаматамасыз етуге - 6395 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға -10 046 мың теңге, елді мекен тазалығын қамтамасыз етуге - 9000 мың теңге бөлінген.



Кішікене қалалардың даму бағдарламасы аясында келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, жалпы сомасы 180,6 млн теңге бөлінген, соның ішінде көше жарықтарын қалпына келтіруге: Украинский к. –Пушкин к., ықшам аудандар 1-4, Интернациональный к.- Аврора, Жуков к., Астафьев к.; Даңқ аллеясын, Вербицкий атындағы скверді, 1-4 ықшам аудандарда балалар алаңын орналастыру, көп қабатты үй құрылыстарының үй аралық аумақтарды, 4 ықшам аудан алаңын абаттандыру; Шемонаиха қаласының көше жолдарына орташа (6 км) және ағымды жөндеу ( 5000 ш/метр) жүргізу.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет