Шемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!



жүктеу 239.43 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі239.43 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж.Тоқтаровтың

аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі
Құрметті кездесуге қатысушылар!

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Өздеріңізбен кезекті кездесуде бас қосып отырмыз.

Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындауда барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілуде.
Бюджет

Жыл қорытындысы бойынша аудан бюджетінің таза кірісі 105,9 пайызға, жоспар бойынша 1,4 млрд. теңгеге орындалды, барлық түсім 1,49 млрд. теңгені құрады. Қосымша кіріс көздерін анықтауда алгоритм қорытындысы бойынша кіріс 17,7 млн. теңгені құрады. (2010 жылмен салыстырғанда жеке табыс -114,1 пайыз). Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 % орындалып 2,43 млрд. теңге игерілді.

2012 жылы қосымша салық түсімін алу:


  • ағымдағы жылда 2011 жылмен салыстырғанда аудан бойынша еңбекақы қорын 6% көбейту;

  • 120 жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ «Выдриха кен орнында полиметалл кендерін өңдеу» және «Вавилон кен орнында полиметалл кендерін бірлесіп барлау және шығару» бойынша келешектегі жобаларда;

  • «Триумф Агро» АӨК жобалық қуаттылыққа шығу

  • Өндірісті жандандыру аясында Николаевка байыту фабрикасы және «Востоксельхозпродукт» ЖШС жаңа технологиялық объектілерді енгізу нәтижесінде болжанады.


Өнеркәсіп

Жыл қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 20,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, физикалық индексінің көлемі 103 %, соның ішінде тау-кен өндірісі саласы бойынша 12,9 млрд. теңге, физикалық индексінің көлемі 103 %, өңдеу саласы 6,4 млрд. теңге, физикалық индексінің көлемі 108, 0 % құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өнімді өндіру көлемі Мыс-химиялық комбинатында, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС, шағын кәсіпорындардың өнімі артты.

«Мырышталған ыдыс зауыты» ЖШС жұмысын қайта бастау жағдайы күрделі болып қалуда. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынды қаржылық оңалту бастамасын көтердік.

Бірнеше жыл бойы «Исток 1» ЖШС өндіріс көлемі төмендеуде. Өндіріс қуаттылығын толық қосу мақсатында, кәсіпорын шикізат ретінде жақын шетелден алынатын құрғақ сүтті пайдалану нұсқасын қарауда.

«Индустриаландыру картасы» аясында «Триумф-Агро» АӨК «Майлы, бұршақ және дәнді дақылдарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алуды іске асыру» жобасы іске асырылды. Жобаның қуаты –тәулігіне 30 тонна май. Өткен жылы кәсіпорын -6000 тонна май және шрот өндірді. 2012 жылы кәсіпорынның жобалық қуаттылыққа шығу жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Шемонаиха қаласында шекаралық ынтымақтастық үшін агроөнеркәсіп, көліктік логистикалық орталығы мекен жайы: ШҚО, Шемонаиха қаласы Советская көшесі 148 үй (бас жоспар, инженерлік желілер)» жобасы іске асырылуда. Жыл бойы ТС монтаждау, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық су құбыры, жоғары вольтты тоқты монтаждау және өткізу, кәріз бөліктерін жүргізу, ауласын қоршау, жоспарлау жұмысы толық аяқталды. Негізгі объектілерді салу және пайдалануға енгізу ағымдағы жылда жоспарлануда. Бұдан басқа «Транссельхозтехника» ЖШС көкөніс өнімдерін сақтау үшін өндірістік алаңшаны пайдалану мәселесі пысықталуда.

Өнеркәсіп өнімдері көлемінің физикалық индексі бойынша Мыс-химиялық комбинат өнімінің көлемін ұлғайту: мыс-мырыш-кені 105,3%, қорғасын-мырыш кені 126,4 %, мыс концентраты 136,9 %, мырыш концентраттары 129,7% өсуі жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы

Өткен жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарының басым бағыты қауіпсіз азық–түлікпен қамтамасыз ету болды.

Ауданда 467 шаруа қожалығы, 42 ЖШС, 1 коммандиттік серіктестік, 2 өндіріс коперативі әрекет етеді.

Жыл қорытындысы бойынша 6,5 мың тонна ет, 38 мың тонна сүт өндірілді. Ауданда орташа өнімділігі 11 ц/га-да барлық жиналған астық 98,9 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 9,8 ц/га-да 35,3 мың тонна күнбағыс майтұқымы бастырылды, ауданда 121 ц/га орташа өнімділікпен 20,0 мың тонна картоп жиналды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 12,3 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, салалар кесігінде: өсімдік шаруашылығы-7,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы–5,1 млрд. теңге. Ақшалай есептелген құнның қомақты нәтижелеріне қарамастан, өндірістің табиғи көрсеткіштері 2010 жылғы деңгейден төмен.

Ауданда өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша міндеттер:

1. Жерді тиімді пайдалану

2. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша жұмыстар

3. Жер суаруды қалпына келтіру

4. Егістік алқаптарының құрылысын жақсарту

5. Таңдаулы дәнді және бұршақ тұқымдарымен қамтамасыз ету

6. Минералды тыңайтқыштарды енгізу

7.Ауыл шаруашылық техниканы жаңарту

8. Ылғалды сақтау техникаларын енгізу

Бұл міндеттерді шешу және ауыл шаруашылық құрылымдардың жерді қарқынды пайдалануға көшуі егістік түсімінің көбеюіне, өсімдік шаруашылығы саласынының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы

2012 жыл басынан ауданда 25 081 ІҚМ басы бар: оның 9 480 басы сиыр, 3 108 бас жылқы, 11 793 бас қой мен ешкі, 20 686 бас шошқа, 64 460 бас құс. ІҚМ, оның ішінде сиыр басының саны азайды.

Ет және сүт өнімдерінің және ІҚМ бастарының азаюының басты себебі «Заря» шаруа қожалығында, «Белокаменское» ЖШС, «Выдрихинское» ЖШС бруцеллез ауруының пайда болуы, онда 2010 – 2011 жылдары кезеңінде 3000 бас ІҚМ сатылды. Қазіргі уақытта бруцеллез бойынша ахуал тұрақтандырылды, аталған шаруашылықтарда шектеу шаралары алынды, шаруашылықтар өз қаражаттары есебінен бруцеллезге қарсы екпе егуде.

Бірқатар округтің жеке секторында малбасының азаю проблемасы бар: Вавилон ауылдық округінде ІҚМ малбасы 25% азайды, сиыр 17 %, Зевакино ауылдық округінде ІҚМ малбасы – 27 % азайды, сиыр - 15%, Выдриха ауылдық округінде ІҚМ малбасы 15% азайды, сиыр 18%. Аталған округтерде мал басын көбейту бойынша ешқандай шаралар қабылданған жоқ. Округтер әкімдерінің осы бағыттағы жұмыстарының нашарлығын айтып кеткім келеді. Жеке сектордағы малбасына шектеу қою уақыты өткен, бүгінгі күні мемлекет мал шаруашылығын дамытуға барынша қолдау көрсетуде. Аудан әкімінің орынбасары В.И.Лонскийге кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен,округтер әкімдерімен бірлесіп жұртшылық табынындағы мал басын ұлғайту бағдарламасын әзірлеп, малбасының нақты жоспарлы көрсеткіштерін әрбір округке жеткізуді тапсырамын.

ІҚМ малбастарын қалпына келтіру үшін бірінші кезеңде шаруашылықтардың ішкі инвестициясының есебінен төлдерді негізгі табынға ауыстыру жолымен сауын сиырлар басын көбейту жоспарлануда, ол ағымдағы жылы сиырлар малбасын 645 басқа арттыруға ықпал етеді.

Екінші кезеңде бруцеллездің жоқтығын көрсеткен тұрақты көрсеткіштерден кейін, Чехия және Австралиядан шетелдік селекциядан барлығы 250 бас сатып алу жоспарлануда.

Мал шаруашылығы бойынша міндеттер:

1. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін ұлғайту

2. Сүтті мал шаруашылығын дамыту

3. Асыл тұқымды малды сатып алу және сауынды сиыр табынының генетикалық әлеуетін арттыру

4. Құс шаруашылығын дамыту

5. Ара шаруашылығын дамыту

6. Азық-түлік интервенциясы

Инфестициялар мен инфрақұрылымдық кешен

2011 жыл қорытындысы бойынша аудан экономикасына 4,79 млрд.теңге инвестиция тартылды. Жоспар 106,7% (4,5 млрд.теңге) орындалды. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның физикалық көлемінің индексі 103,4%. Құрылыс-монтаждау жұмысының мөлшері – 1,096 млн.теңге (2010 жылғы деңгейге 109,6%). Жоспар 157,9% (695,0 млн.теңге) орындалды.

2012 жылы негізгі капиталға түсетін инвестицияның физикалық көлемінің индексін ұлғайту бойынша жоспарланғаны:

- ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға бағытталған инвестицияны ұлғайту;

- Мыс-химиялық комбинатының Николаев байыту фабрикасын қайта жөндеуге бағытталған инфестициялар көлемін арттыру болжануда;

- «Шекаралық ынтымақтастық үшін агроөнеркәсіп, көліктік логистикалық орталығы» құрылысы бойынша жобаны әрі қарай іске асыру.


Шағын бизнес

Ауданда шағын кәсіпкерлікпен 3200 субъект айналысады. Оның көп бөлігін жеке кәсіпкерлер құрайды (2500 адам, 80%), заңды тұлғалар жалпы саннан 6% құрайды (223 бірлік), 14% - шаруа қожалықтары (487 бірлік).



Ауданда 223 шағын өндіріс тіркелген (2010 жылғы деңгейге 97,4 %), жоспар 95,3 %. (234) орындалды.

Жұмыс істейтін кәсіпорындар - 138 (2010 жылы 62,0 % болды, 2010 жылғы деңгейге-94,5 %), жоспар 69,4 % (199) орындалды. 138 шағын өндірістің 130 (105,7 % 2010 жылдың деңгейіне қарағанда) белсенді жұмыс істейді, жоспар 93,5 % (139) орындалды. Аудан бойынша шағын бизнеспен 5 мыңға жуық адам айналысады.

Округ әкімдеріне ауылдық кәсіпкерлікті дамыту және ауыл тұрғындарының шағын кредитке қол жеткізулерін кеңейту бойынша нақты міндеттер қойылды. Үстіміздегі жылы 120,0 млн.теңгеде шағын кредит беру туралы өтініш береміз.

2012 жылы жоспарланғаны:

- 14 шағын кәсіпорынды «Белсенді жұмыс істейтіндер» санатына өткізу;

- Әділет басқармасы, статистика басқармасы және салық басқармасында тіркелген кәсіпорындардың санын анықтап, жұмыс істемейтін кәсіпорындарды анықтау бойынша тексеру жүргізу.

Бөлшек сауда айналымы көлемі өткен жылы 5,5 млн. теңге, 2010 жылғы деңгейге 14,3 %, жоспар 105,8 % орындалды.


Құрылыс

2011 жылы 10,2 мың шаршы метр немесе 2010 жылдың деңгейіне 120,2 % тұрғын үй енгізілді. Жоспар 102,0 % (10,0 мың шаршы метр) орындалды. Мынадай объектілер: Шемонаиха қ. 5 қабатты тұрғын үйдің 75 пәтерлері, шекарамен шектес сауда үшін Көлік-логистикалық орталығының инженерлік жүйелер, «Триумф-Агро» ОПК өндірістік ғимараттар және имараттар пайдалануға енгізілді.

Зевакино а. және Волчанка а. мектеп ғимарат бөлігін бала бақша етіп қайта құру, Октябрьское а. 180 орынға мектеп құрылысы, Медведка а. 120 орынға мектеп құрылысы объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Шемонаиха қаласының бас жоспары келісілді және бекітілді, соның құрамына Шемонаиха қ. 4 ауданына бөлшектеп жоспарлау жоспары кірді. Әрекеттегі бар №5 ықшам ауданының БЖЖ инежерлік жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуі жүргізілуде.

Вокзальный, Чапаев көшелердің орташа жөңдеу бойынша жұмыстары жүргізілді, көшелердің жарықтандыру орындалды. Вокзальный көшесі бойынша 3 металдық қаңқа орнатылды, сонымен қатар Астафьев – Вокзальный көшелерінің қиылысында металдық кнструкциялар орналастырылды. Шемонаиха қ. маршруттары бойынша автобус аялдамасы орнатылды.

Шемонаиха қ. Вокзальный көшесі жарықтандырылды, көшенің ұзындығы 5 шақырымға 100 бағаналар орнатылды. Астафьев көшесі бойынша саябақтарда және «Шығыс» алаңы аумағындағы шағын саябақта қоршауларды және шағын сәулеттік нысандарды бояу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Шығыс» дүкені ауданында саябақты көркейту бойынша жұмыстар аяқталды.

Абаттандыру және көгалдандыру мәселесін ерекше атап өткім келеді. Өткен жылы «Үздік ауыл» номинациясы бойынша облыстық конкурста Усть-Таловка к. 1 орын алды. Кентті абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 8,9 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Бұл қаражат екі балалар алаңшасы мен Кеншілер даңқы аллеясын салуға жұмсалатын болады.

2012 жылы ауданның және Шемонаиха қ. елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады, ауылдық округтерге 45,2 млн. және Шемонаиха қ. 39,7 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат жоспарланды.


Құрметті кездесуге қатысушылар! Елді мекендеріміздің көріктенуі мен тазалығы, балалар мен спорт алаңдарын қалпына келтіру біздің көңіл-күйімізге де ықпалын тигізетіні анық. Шемонаихалықтардың толыққанды тіршілігінің айнасы.
Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және ұстау

Аудан бойынша 364 км автомобиль жолдары өтеді, оның ішінде республикалық маңызы бар - 68 км, облыстық маңызы бар - 114 км, аудандық маңызы бар - 182 км жолдар.

2011 жылы 8035 мың теңге сомаға жолдар жөнделді, оның ішінде: 2019,4 мың теңге сомаға «Красная Шемонаиха ауылының кіреберіс жолы»-595 м2; «Горкуново ауылының кіреберіс жолы»-196 м2 (795,3 мың теңге); «Зевакино ауылының кіреберіс жолы»-447 м2 (1705,6 мың теңге); «Убинка ауылының кіреберіс жолы»-279 м2 (1085,1 мың теңге); «Шемонаиха-Сугатовка», «Усть-Таловка-Заречное» а/ж материалдарды жартылай қосумен жолдарды тегістеп жөндеу–9345 м2 (2429,5 мың теңге).

Автомобиль жолдарын ұстауға 11 827 мың теңге бөлінді, 991,9 мың теңге сомаға 787 км жолдың шетіндегі шөпті шабу жұмыстары жүргізілді; механикалық әдіспен жол жабынын тегістеп жөндеу (Заречное, Трехгорное, Медведка ауылдарының кіреберіс жолдары)- 170 км, 994 мың теңге сомаға; жол шетіндегі бұталарды шабуға және қолмен жұлуға (Убинка, Зевакино, Заречное, Медведка ауылдарының кіреберіс жолдары) –26220 м2, 1090,9 мың теңге сомаға қысқы ұстау–8802,3 мың теңге.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 26 450 мың теңге бөлінді, «Медведка ауылының кіреберіс жолы» а/ж су өткізгішті ағымдағы жөндеу жүргізілді (6566 мың теңге); 19 884 мың теңге сомаға ШПО құрылғысы бар «Шемонаиха-Октябрьское-Луговое» а/ж ағымдағы жөндеу (шұңқырлы жөндеу 1798 м2, ШПО құрылғысы 49000 м2).

2011 жылы 2 990 мың теңге сомаға жалпы ұзындығы 93 км автомобиль жолдарының 12 учаскесін паспорттандыру жүргізілді. Жол белгілерін орнатуға 860 мың теңге жұмсалды, оның ішінде Шемонаиха қ. 55 дана (685,5 мың теңге); Верх-Уба а. 14 дана (174,5 мың теңге); 15 мың теңгеге ақпараттық баннерлер, ауданның стеласына түрлі-түсті винил орнатылды. Бағдаршам объектілеріне қызмет көрсету шығыны 990 мың теңгені құрады.

2011 жылы 9337 мың теңге сомаға сатып алынды: экскаватор-тиегіш (6143 мың теңге); роторлы шөп шапқыш (1639 мың теңге); жеңіл автомобиль (1555 мың теңге). «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ МТЗ-82 тракторына КУН тиегіші (562 мың теңге); К-700 тракторына тік қайырма (750 мың теңге); К-700 тракторына қиғаш қайырма (900 мың теңге); МТЗ-82 тракторына АСФР-2 қопарғы роторлы қар тазалағыш агрегат сатып алынды және «Востокдорстрой» КМК теңгеріміне берілді.

2012 жылы «Шемонаиха-Сугатовка а.» а/ж орташа жөндеу–74,6 млн.теңге; «Ново-Ильинка ауылының кіреберіс жолы» а/ж су өткізгішті жөндеу (11,0 млн.теңге); «Рулиха а.–Рулиха б.» а/ж (5,0 млн.теңге) жөндеуді жүргізу жоспарланды. 2012 жылдың ақпан-наурызында Шемонаиха қ. бағдаршам объектілерін жөндеу жүргізіледі (3,2 млн.теңге). ауданның елді мекендерінде жол белгілерін, жол төлқұжаттарын әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылады.


Жолаушыларды тасымалдау

38 елді мекеннің 33 жолаушыларды тасымалдаумен қамтылған, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар елді мекендер Зевакино а. және Убинка а. 14 қалалық және аудан ішіндегі маршруттар жұмыс істейді, қозғалыстың тұрақтылығы 95 пайыз.

Елді мекендерді тұрақты қатынайтын маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілді: кенттер, ауылдар (селолар) және Шемонаиха ауданының орталығымен байланыс; жолаушыларды және жүкті қалалық автомобильді тасымалдау.

Қалған елді мекендер бойынша (Заречное, Ново-Ильинка, Барашки, Трехгорное а.) жолаушылар қозғалысының аздығын және аудан орталығына жолаушыларды жеткізетін көліктің бар екендігін растайтын нақтыланған талдау жүргізілді.

Шемонаиха ауданының жолаушыларды және жүкті тасымалдаушыларымен жылжыйтын құрамды жаңарту және толықтыру жыл сайын жүргізіледі. Маршруттарға бекітілген автомобильдердің жалпы саны 39, оның ішінде 7 машина 2011 жылы сатып алынды. 2011 жылы жолаушыларды тасымалдау 450 мың адамды құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Аудандық бюджет қаражаты есебінен мына жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленді «Коневка а. бас тоған құрылысы мен су құбыры трассасын салу» - 2,3 млн.теңге; «Барашки а. магистральды және кенттік су құбыры желілерін салу» - 3,0 млн.теңге; «Теміржолшылар кенті Шемонаиха бекетіне таза судың 2 көтерме бекетін және резервуарын салу». Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамада. Құрылыстың мөлшерлі құны: Коневка а. су құбыры – 95,3 млн.теңге; Барашки а. су құбыры – 134,25 млн.теңге; Шемонаиха б. 2 көтерме бекеті – 61 млн.теңге.

2011 жылы «Антропов Б.И.» ш/қ қаражаты есебінен Рулиха а. жерасты суларының қорын іздестіру жұмыстары жүргізілді, республикалық бюджет қаражаты есебінен Красная Шемонаиха а. іздестіру жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы Красная Шемонаиха және Рулиха а. сумен қамтамасыз етеін объектілердің құрылысына ЖСҚ әзірленетін болады.

Бюджет қаражаты есебінен «Первомайский водоканал» және «Шемонаихинский водоканал» коммуналдық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы 19,0 млн.теңге сомаға жақсартылды.

Термомодернизация

Ауданда іске асырылып жатқан термомодернизация (қазіргі талапқа сай жаңалап отыру) бағдарламасы өзіне коммуналдық инфрақұрылымдарды жасау және тұрғын үй қатынастары моделін оңтайлы құру, бұл қаржыландырудың арнайы механизмдерін құру арқылы, кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктерін жөндеуді қамтамасыз ету.

2012 жылға бес тұрғын үйлерді қазіргі талапқа сәйкес жаңалау жоспарлануда.

Усть-Таловка кентінде Советская көшесі № 4 үй (үй иелерімен жиналыс өткізіліп, шатырды жөндеуге келісім алынды. Бұл үй бойынша техникалық төлқұжаты бар, бірлесіп иемдену (кондоминимум)тіркеу қағазы, дефектілік актісі жасалған. ЖСҚ құруға дайындық жүруде).



Шемонаиха қаласы бойынша

- Калинин көшесі № 37 үй (үй иелерімен жиналыс өткізіліп, шатырды жөндеуге және жертөледегі тұрба құбырын жөндеуге келісім алынды. Бұл үй бойынша техникалық төлқұжатты алуға тапсырыс берілді, бірлесіп иемдену (кондоминимум) қағазы тіркелді, дефектілік актісі жасалған. Басқару органының тіркеуіне құжаттар әзірленуде).

- Советская көшесі № 69 үй (үй иелерімен жиналыс өткізіліп, үйдің бергі бетіне жөндеу жұмыстарын жасауға шешім қабылданды, техникалық төлқұжатын жасауға тарсырыс берілді, дефектілік актісі және ЖСҚ құру жоспарлануда).

- Чапаев көшесі № 50 үй (үй иелерімен жиналыс өткізіліп, жөндеу жұмыстарын өткізу үшін қажетті дауыстар жиналған жоқ, қайтадан жиналыс өткізу жоспарлануда).

- Повстанческая көшесі № 51 үй (техникалық төлқұжаты бар, кондоминимумды тіркеу үшін есеп жасалды, бірақ тіркеу жасалған жоқ. Шатырды жөндеу үшін құжаттарды жасау жоспарлануда.).

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінде үйлерді жөндеуден өткізуге ЖСҚ құру бойынша «Ертіс»АӨК жұмыс жүргізуде.

3 ықшам аудандағы № 10 үйдің тұрғындарынан шатырды жөндеу, жертөледегі тұрбаларды бөлетін құбырларды жөндеуге ұсыныстар түсті. Шемонаиха қаласында, Усть-Таловка кентіндегі үй иелерімен жиналыс өткізу жалғасуда. (қосымша 3үй).
Білім беру

Білім беру саласы бюджетті неғұрлым көп қажет етеді, ауданның білім беру саласының бюджеті 2011 жыл қорытындысы бойынша 1 млрд.456 млн. теңгені (ауданның жалпы бюджетінен 60,7%) құрап отыр.

Ауданның 25 білім беру ұйымдарында 5837 оқушы оқиды. Барлық мектептерде білім сапасын бағалау жүйесі енгізілген және білім сапасын бағалау жөніндегі менеджерлер штатқа енгізілді. Бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту 100% құрады. Оқушыларды тамақтандыру рационына 5,1 млн. теңгеден астам сомаға бал енгізіліп отыр.

2011 жылы 5 білім беру мекемесіне жалпы сомасы 41,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді: Сугатовка орта мектебі мен №5 орта мектебінің шатыры, Астафьев атындағы мектеп-гимназиясы мен Киров орта мектебінің жылу беру жүйесі жөнделді. Уба орта мектебінің асханасында 3,358 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді. Верх Уба, Рулиха орта мектептері мен «Аленушка» балабақшасы үшін ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 4118,8 мың теңге бөлінді. «Ақбота» балабақшасы мен Шығармашылық үйін ағымдағы жөндеуге 2,780 млн. теңге бөлінді.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2011 жылы аудандық бюджеттен 11,635 млн. теңге бөлінді, соның ішінде биология кабинеті (№5 ом), 2 медициналық кабинет (Октябрь және Киров орта мектептері), интерактивтік тақталар (Үлкен Өзен ом, Астафьев атындағы ом), асханаға арналған жабдықтар (Камышинка ом, балабақшалар). Спорттық жабдықтар мен спорт киімін сатып алуға -1,173 млн.теңге.

Аудан бойынша ҰБТ орта балы -78,9, ол 2010 жылғы көрсеткіштен (80,3) 1,4-ке төмен. Шемонаиха ауданы ҰБТ нәтижелері бойынша облыстағы соңғы орынның бірінде.

2011 жылғы 267 түлектердің ЖОО түскені- 118 (44,2%, 2010 жылы-55,7%), колледждерге -114 (42,7%, 2010 жылы- 34,8%), соның ішінде Ресейдің ЖОО мен колледждеріне -53 (19,9%, 2010 жылы- 16,9%). Тегін оқуға түскендер - 41 түлек немесе 15,4% (2010 жылы-26,7%).

Ауданда білім беру сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің санын ұлғайтудағы жұмысты жүргізу қажет. Жас мамандарды, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етіп, қажетті жағдайларды жасап, ауданға тартуды, педагогтың дәрежесі мен әлеуметтік маңыздылығын арттыруды ерекше назарға алу керек.

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді қамтамасыз ету бойынша «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Шемонаиха қаласында шағын орталықта 60 баланы қамтумен, 2 топ ашылды және кешендерде 125 баланы қамтумен, 5 қосымша топтар ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен барлығы 1695 (89,1%) бала қамтылып отыр.

Ауданға 19 жас маман келді, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету- 99,6% құрап отыр, 2 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мен 1 тарих пәнінің мұғалімі қажет.

2012 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін «Өзін-өзі танудың» 8 кабинетіне жабдық сатып алуға 6,5 млн. теңге, 5 пән кабинеттеріне (21,6 млн.теңге), 4 автобусқа (18,2 млн.теңге), спорттық құралдарға (1,2 млн. теңге) жоспарланып отыр. А.Иванов атындағы Выдриха «Мектеп-балабақша» кешенінің шатырын күрделі жөндеуге 47,0 млн.теңге, Убинка ом асханасын күрделі жөндеуге 3,9 млн.теңге қарастырылып отыр.


Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту

2011 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен әлеуметтік көмектің әр түрін көрсетуге 161,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 11,4 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 23,2 млн.теңге, аудандық бюджеттен - 126,8 млн.теңге. Игеру 99,9 % құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек 494 адамға 11,9 млн.теңге сомасында тағайындалып, төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны 298 бала 3,3 млн.теңге сомасында алды. Тұрғын үй көмегі 1114 отбасыға 10,2 млн.теңге төленді.

Материалдық қамтуды үйде тәрбиеленіп, оқуға мүмкіндік берілген мүмкіндігі шектеулі 51 бала 4,0 млн.теңге сомасында алды. Азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсетуге 32,5 млн.теңге төленсе, 3,0 млн.теңгеден астам қаржы - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы көмекке төленді.

Ауданда үш үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді – екеуі қарттар мен мүгедектерге арналған және біреуі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Үйде барлығы 267 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 216 адам егде жастағылар және 51 мүгедек балалар.

Жұмыспен қамту органында 218 жұмыссыз тіркелген, ол 2010 жылдағы деңгейден 17 % төмен. 189 жаңа жұмыс орындары құрылып, жүгінген 801 адамның 558 жұмысқа орналастырылды. 447 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа қатыстырылды. Әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары 18 адамның әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының 30 түлегін Жастар тәжірибесіне жіберуге септігін тигізді. 45 шемонаихалық еңбек нарығында талап етілген кәсіптерге курстық даярлаудан өтті.

Жұмыспен қамтудың жаңа Стратегиясының іске асырылуы алдағы уақытта Шемонаиха ауданы әкімдігінің басым міндеті болады.

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруды бағалаудың негізгі параметрлері жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өздерін жұмыспен қамтыған азаматтардың санын, сондай-ақ еңбек нарығында кадрлардың қажеттілігінің тапшылығын қысқарту болуы қажет.

2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында халықтың нысаналы топтарынан шыққан 49 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 115 адам кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберілді. Осы бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерліктің дамуын, ауылдық тұрғындарға шағын несиелер беру арқылы жұмыспен қамтылуын көздейді. Кредиттік серіктестік арқылы 8 адас несие алды, қарыздың жалпы сомасы 19,5 млн.теңгені құрайды, 30 жұмыс орынын ашу көзделуде.

Барлық әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы тұрмысы төмен азаматтар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 6,9 % төмендетуге, жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге септігін тигізді. Бізге жұмыссыздық санын қысқарту, мүгедектерді қолдау, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды оңалту, әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша жүйелік жұмыстарды өткізу қажет.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында 21,7 млн.теңге сомасындағы қаржыны игеру жоспарланған, оның ішінде 9,1 млн.теңге «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларын қаржыландыруға арналған. Біліктілігін көтеру, қайта даярлау және кәсіптік даярлау курстарынан 120 шемонаихалық өткізіледі. 25 жұмыс орындарын және оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға 15 орын ашу жоспарлануда.

Жұмыспен қамту қызметі 2012 жылға ауылдық жерлерде жобаларды жүзеге асыруға жалпы сомасы 112,0 млн.теңге болатын 68 өтінімді қабылдады, онда 110 жаңа жұмыс орынын ашу көзделуде.

Біздің алдымызда тұрған тапсырманың бір бөлігі еңбек ресурстарының сапасын арттыруға байланысты. Бала тууды және балалы отбасыларын қолдауды дамыту маңызды болып отыр.

Сондықтан есепке уақытында тұрған, жүкті әйелдерге қосымша әлеуметтік қолдауды ұсыну, сондай-ақ балалардың мектепке дейінгі және мектеп алды даярлық мекемелерінде балаларды ұстауға қосымша шығындарды қарастыру мүмкіндігі зерделенуде. Сонымен қатар үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, олар үшін әлеуметтік төлемдерді енгізумен әлеуметтік жұмысқа орналастыру тәжірибесін енгізу көзделуде. Әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру есебінен алынған қаражатты неғұрлым мұқтаж азаматтарға қайта бөлу бойынша ұсыныстар қаралатын болады.

Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы тек қана жоғары сапалы жұмыс орындарының сандық өсуін емес, сонымен қатар қауіпсіз еңбек нормалары мен қағидаларын сақтаумен және кадрлардың кәсіптік деңгейін көтеруде жұмыс берушілердің жауапкершіліктерін арттыру, жұмыспен қамтылған халықтың әлеуетін дамытуды көздейді.
Денсаулық сақтау

2011 жылы ауданда 538 адам туып, 798 (-260) адам қайтыс болды. Өлім себептері: қан айналым органдарының сырқаттары – 216 жағдай (27,0 %), қайғылы оқиғалар – 99 (12,4 %), өскіндер салдарынан – 78 (9,83%). Нәрестелер өлімі 1000 нәрестеге 26,0 % құрады(14 жағдай). Аналар өлімі ауданда жоқ. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 10 мың тұрғынға - 57 (4 жағдайға төмендеді): 2011 жылы – 119,2, 2010 жылы – 125,4. 2011 жыл қорытындысы бойынша облыстық көрсеткіште ауданда 10 мың тұрғынға ауыру деңгейінің 108,6 % (аудан 119,2, облыс – 109,8) артуы байқалады.

2012 жылы ауыруды ерте анықтау және алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғастырылатын болады. Туберкулезбен ауыру көрсеткішін төмендету мақсатында аудандық бюджеттен нәрлі тамақтануға және емдеу орындарына бару жолақысына әлеуметтік көмек шараларын көрсету жоспарлануда. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде ауылдық елді мекендерін қажетті әлеуметтік кепілдендірілген қызметтер ұсынылған медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.
Мәдениет

Ауданда 33 мәдениет ошағы жұмыс істейді, соның ішінде 19 кітапхана, 14 клуб мекемесі, Достық үйі, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы. Мәдениет саласын ұстау үшін бөлінген қаржының мөлшері 83,9 млн. теңгені құрады.

Қызығушылықтары бойынша өзінің жұмысын 99 клубтық құрылымдар жұмысын жалғастыруда, 884 адам қамтылған. 2011 жылы мәдениет мекемелері 9 496 мәдени-бұқаралық және қоғамдық-саяис маңызы бар іс-шараларды өткізіп, 44,2 мың шемонаихалықтарды тартқан.

2012 жылы тарихи-мәдени мұралар саналатын объектілерді дамыту және сақтау бойынша жұмыстар жалғастырылады: мемлекеттік тілде кітап қорын көбейту, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тұрғындардың мәдени құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктерін арттыру.


Спорт

Ауданда 2012- 2015 жылдары жоспарланған іс – шаралар аясында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Тұрақты негізде 87 спорт құрылыстары базасында: (оның ішінде: 3 стадион, 23 спорт залдары мен кешендері, жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы, 5 ату тирі, 43 спорт алаңшаларында 17 футбол және шағын – футбол алаңы, 3 хоккей қорабы) бар, 50 дене шынықтыру ұжымында 8,6 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады (немесе аудан халқының жалпы санының 18%).

Материалдық – техникалық базаны нығайтуға және көпшілік – спорттық іс – шаралар өткізуге аудан бюджетінен 3 шығын бағдарламасы бойынша 14,2 млн.теңге бөлінді, ол 2011 жылы 17,0 мың спортшыны қамти отырып 120- дан астам спорт іс-шараларын өткізуге мүмкіндік берді.

Жас шаңғышылар – жаттықтырушылары ағайынды Владимир Петрович пен Геннадий Петрович Захарченколардың тәрбиеленушілері (Первомайский кенті), Әлімхан Құлұмбаев (Шемонаиха қаласы) шаңғы жарысы бойынша республикалық және облыстық жарыстар жүлдегерлері мен чемпиондары болды. Сергей Сергеевич Сосаевтың тәрбиеленушілері қол күресі бойынша облыстық жарыстар жүлдегерлері болды (Рассыпное ауылы).

Облыстық оқушылар Спартакиадасының қортындысы бойынша Шемонаиха ауданының құрама командасы жалпы командалық 1 орынды жеңіп алды. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың басын қосатын Шемонаихалық «Қызығушылықтары бойынша клубтың» қатысушылары 2011 жылы шахмат және жеңіл атлетика бойынша облыстық жарыстарда аудан атынан қатысты.

Жазушы – жерлесіміз Анатолий Ивановты, Николай Касьяненконы еске алуға, шаңғы жарысы бойынша жауынгар – интернационалист Владимир Зубконы еске алуға, шаруа қожалықтары басшыларының жүлдесіне өткізілген ат спорты түрлері бойынша ауданда дәстүрлі ерлер командалары арасындағы волейбол бойынша турнирлер өткізіледі.

2012 жылы облыстық және республикалық бюджет қаржысы есебінен демеушілік қаржыларын тарта отырып, Шемонаиха қаласында жалпы құны 264,7 млн. теңгеге жабық хоккей модулін салу және жобалау – сметалық құжаттар дайындау жоспарланды; дене шынықтыру – спорт кешенін салу; шаңғы спорты дамытылатын болады (шаңғы базасын және аспалы арқан жол салу).


Жастар

Шемонаиха ауданында 9,5 мыңнан астам (оның ішінде 68,7%- ауыл жастары) немесе халықтың жалпы санынан 19,5 % жас адамдар тұрады.

2011 жылы үш әлеуметтік жоба іске асып, 80- ге жуық іс-шаралар өткізілді, соның ішінде үш мыңнан астам жастар өкілдері «Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» мемлекеттік-марафон акциясына қатысты. Елді-мекенді абаттандырумен 15-тен астам тұрғылықты еңбек жасақтары айналысып, өзен мен су қоймаларын тазалау, спорт және балалар алаңдар құрылысын, көшеттерді күту жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылы акция әрі қарай жалғасады. Проблемаларды шешуге белсенді қатысқан әсіресе, техникамен, металмен және басқа да материалдармен көмегін көрсеткен басшылардың барлығына үлкен алғысымды айтамын.

Кандыковка ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын қайта тұрғызу, жаздың соңындағы –күздің басындағы кездесулер, жастардың слеті, оның ішінде Глубокое және Бородулиха аудандары өкілдерінің қатысуы- жақсы үлгі бола алады. Экологиялық тәрбие беру, салауатты өмір салтын, көшбасшылық тәрбие жөнінде Лингвистикалық курстан басқа семинар- тренингтер ұйымдастырылды. Лагерь қатысушылары Шемонаиха қаласының шағын туристік маршруты бойынша естелік орындарға барып, экологиялық сенбілікке (Моисеев тоғаны аумағын қоқыстан тазарту) қатысты.

2011 жылы ауданға келген Жас мамандардың одағы құрылып, әрекет етеді, олардың қатысуымен форумдар мен слеттер өткізілді. Осы жақсы бастаманы біз жалғастырамыз.

Оқу орындарынан келген барлық медицина қызметкерлері, педагогтар, аграрлық кешеннің мамандары тұрғын тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ауданға жас мамандарды қайтару мақсатында, Алтай өлкесі мен Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аумағын дамыту жөнінде екінші халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияда бекітілген меморандум мен хаттама ұсыныстарын орындау аясында, бірінші кезекте, облыс аумағында әрекет ететін ЖОО және ООО студенттерімен, мектеп түлектерімен, ауданның білім беру мекемелерінің, округтер әкімдері аппараттарының жұмыстарын жандандыру қажет.


Ардагерлермен жұмыс

Әлеуметтік мәселелерді шешуде ардагерлер ұйымдарының үлесі орасан. Барлық округтердің 70-тен астам алғашқы ұйымдары, ауданның Ардагерлер кеңесімен біріктірілген, ардагерлермен басталған жұмысты келешек ұрпаққа әскери- патриоттық тәрбие берумен аяқтап, әртүрлі бағытта жұмыс істейді.

Галина Михайловна Лапина басқаратын Шемонаиха аудандық ардагерлер ұйымы, облыста жақсы танымал. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конкурс аясында Усть-Таловка кентінің ардагерлер ұйымы үздік деп танылды.

Ауданның тарихи-өлкетану мұражайы, «А.С.Иванов атындағы Выдриха мектеп-балабақша кешені» ММ ұжымы мектеп мұражайлары арасында байқау-конкурсының облыстық жүлдегерлері ретінде естелік сыйлықтармен марапатталды.


Құқықтық тәртіп

Қылмыс деңгейі жоғары болып қалуда. Аудан қылмыс өсімі бойынша облыста 3-інші орынға шықты. (Глубокое және Аягөз аудандарынан кейін)

Бір жылда аудан аумағында 613 қылмыс тіркеліп, 2011 жылмен салыстырғанда 5,3 % жоғары (2011 жылы 582 қылмыс): жалпы қылмыс 20,7 % (444 тен 536 дейін(, аса ауыр қылмыс 60 % (10-нан 16 дейін), орташа ауыр қылмыс 24,5 % (347 –ден 432 дейін), аса ауыр емес қылмыс 5,6 % (36-дан 38 дейін). Ауыр қылмыс саны 2 % (51-ден 50 дейін) азайғаны байқалып отыр, кісі өлімі бұрынғы деңгейде -9 қылмыс, көбі Шемонаиха қаласының үлесінде (5 қылмыс) және Октябрьский ауылдық округінде (2 қылмыс).

Ауданда тонаушылық жасау бойынша қылмыс саны 35,6 % (267-ден 362 дейін), соның ішінде мал ұрлау бойынша 116 % (12-ден 26 дейін), пәтер тонау 56,9 % (72-ден 113 дейін) өсті. Қоғамдық орындарда қылмыс жасау 29,1% (55-тен 71 дейін), соның ішінде көшелерде 27 % (37-ден 47 дейін), бұрындары жасаған қылмыс -31,9 % (69-дан 91 дейін), алкоголь ішімдіктері салдарынан -10,3 % (39-дан 43 дейін) өскендігі байқалады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасаған қылмыс саны 13,2% (38-ден 33-ке) сәл азайды.

2011 жылы жалпы 2010 жылмен салыстырғанда есірткі сату, қолдану қылмыстары бойынша 50 % (17 оқиға) құрады, Шемонаиха қаласында 13 дерегі, Усть-Таловка кентінде 4 дерегі анықталды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауданда қылмысты ашу көрсеткіші 53,8 % (2011 жылы -64,5 %) төмендеп кетті. Құқық қорғау және атқарушы органдар бірлесіп, қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жандандырулары қажет. Бірінші кезектегі міндетіміз қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, учаскелік полицейлердің жұмысын жақсарту.


Қоғамдық-саяси өмір

Шемонаихалықтар Республиканың саяси, экономикалық және рухани өміріне белсене қатысады. Шемонаихалықтар 2011 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында, 2012 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутаттарын және мәслихат депутаттарын сайлауда жоғарғы азаматтық позицияларын көрсетті.

2011 жылы барлық маңызды іс-шаралар Қазақстан Республикасының 20 жылдық белгісімен өтті. «Туған жерге тағзым», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы- шемонаихалықтардың 20 игі ісі» акциясының аясында, барлық округтердің өкілдері қатысып, 536,0 млн.теңгеден астам соммаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, Шемонаиха қаласының сәулетін жақсарту мақсатында демеушілік қаражат есебінен Шемонаиха ауданынан Өскемен қаласына шығатын бағытта арка орнатылды. Ауданды Мәдениет үйінің аумағында Қазақстан Тәуелсіздігі стеласы орнатылды. Әлеуметтік бизнес-серіктестікке белсене қатысқан барлық кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына алғысымды білдіремін.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жыл сайын өсіп, ауданның экономикалық және әлеуметтік маңызды құрамасы болуда. 2012 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның кәсіпорындарымен меморандумдар жасасу бойынша жұмысты жалғастыру; «Туған жерге тағзым - Покланись родной земле» жобасын іске асыру; Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығын өткізу іс-шараларының жоспарларын орындау мәселесі тұр.

Ауданда «20 жұлдызды күн» іс-шаралар циклінің аясында, келешекте «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің- 20 жылдығы - Шығыс Қазақстан облысы және Алтай өлкесіне шекаралас аудандар арасында ғылым және мәдени-ағартушылық, экономикалық, экологиялық салаларындағы ынтымақтастықты бұдан әрі өңіраралық дамытудың факторы» атты екінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлерінің экономикалық, ғылыми, білім, мәдени-туристік ынтымақтастығы туралы меморандумдар мен хаттамаларға қол қойылды. Конференция жолға қойылған байланысты жалғастыру және нығайту, шекаралас ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа серпін болды.

Тәуелсіздіктің 20-жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен еңбектегі жетістіктері үшін үш жерлесіміз мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталды: «Құрмет» орденімен: «Шемонаиха ауданының медициналық бірлестігі» КМКК директоры - Түсіпхан Мүсінұлы Абайделдінов және «Воробьев и К» КС директоры-Николай Николаевич Воробьев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Убинское Ш» ЖШС директоры - Айткен Кәменұлы Шұрманов, марапатталды. 36 шемонаихалыққа «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі тапсырылды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Құрмет грамотасымен «Выдрихинское» ЖШС директоры Александр Васильевич Белкин марапатталды.

Биылғы жылы біздің алдымызда мемлекеттік саясаттың жүргізілуі, барлық деңгейдегі ақпараттық топтың жұмысын белсендету; ауданның даму үрдісіне этномәдени бірлестіктердің қосылу көрсеткіштерін жоғарлату; әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешуге үкіметтік емес секторды тарту; конфессия аралық қатынасты нығайту жөніндегі жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру деңгейін жақсарту жөнінде міндеттер тұр.

2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әлеуметтік- экономикалық жаңғыру- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауымен сөз сөйледі. Қазақстан он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиісті: «Әлеуметтік жаңғырту- бұл жаңа Парламент пен Үкімет қызметтерінің, Қазақстанның барлық жауапты күштері – партиялар, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіби одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, еліміздің барлық патриоттарының негізгі мәселесі. Біз Отанымыздың игілігі үшін барлық күшімізді қосуымыз қажет. Барлық қазақстандықтарды белгіленген міндеттерге қол жеткізудегі жұмыстарға белсенді қатысуға шақырамын!»-деп Президент атап өтті.


Құрметті жерлестер!

Баяндамада қамтылмаған аудан тіршілігінің өзекті және проблемалық мәселелерінің бар екендігін білемін.



Өткен жыл қорытындысы бойынша оң беталыстар 2012 жылы іске асырылатын қысқа мерзімді және стартегиялық міндеттерді іске асырудағы жұмыстың негізі. Оларды іске асырудың кешенді шаралары өңір экономикасының тұрақты және динамикалық дамуына және тіршілік деңгейін арттыруға бағытталған, Шемонаиха ауданы дамуының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген. Алдымызға қойылған барлық міндеттер мен мақсаттарды бірлесіп орындайтынымызға сенемін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Назарларыңызға рахмет!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет