Шерубай ҚҮрманбайүлы терминтану (оқу қүралы) "Атлас баспасы-2001" Алматы, 2006 бк81. 2-3 я7



жүктеу 1.17 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4
: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б
Шерубай ҚҮРМАНБАЙҮЛЫ

ТЕРМИНТАНУ

(оқу қүралы)
"Атлас баспасы-2001" Алматы, 2006


БК81.2-3 я7

Қ49
Казақстан Республикасы Мәдениет және акпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр


КУРМАНБАЙҮЛЬІ Ш.

ТЕРМИНТАНУ: Оқу құралы. Алматы: "Атлас баспасы -2001", 2006 - 244бет.

І8ВN 9965-597-15-4
Оку күралы негізінен жоғары оку орындарының филология факультеттері студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға, тіл мамандарына, терминтанушылар мен терминшілерге арналған. Сондай-ак оку күралын термин, терминология мәселелері кызыктыратын өзге салалардың мамандары да кажетіне жарата алады.

Оку күралының басты ерекшелігі — біздегі дәстүрлі көзкараска сәйкес терминология лексикологияның бір тармағы ретінде карастырылмай, өзге елдер тәжірибесі ескеріліп, ол "терминтану"деп аталатын дербес ғылыми пән ретінде үсынылып отыр. Оку күралы терминтану мәселелері бойынша соңғы 5-6 жыл көлемінде филология факулътеттерінің студенттері мен магистранттарына жүргізілген арнаулы курс материалдары негізінде дайындалған.
ББК 81.2-3 я7

© Құрманбайүлы Ш., 2006 © "Атлас баспасы-2001", 2006,

АЛҒЫСӨЗ

Термин мен терминология туралы сөз болғанда бізде көбінесе терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабьщдау-қабьілдамау немесе баламаның сәтті-сәтсіз жасалғандығы туралы әңгімеден аса алмай жататын жағдайлар өте жиі байқалады. Жекелеген атауларды бір ізге түсірген, жүйеге келтірген де дүрыс, ол да атқарылуға тиіс маңызды практикалық істердің бірі. Бірақ біз тек "ана терминді былай атайық, мына терминді былай аударайық немесе жасайық" деуден аса алмай, өрқайсысымыз өз үсынысымызды, жасаған терминімізді қолданысқа енгізуді мақсат етумен ғана шектеліп отыруға тиіс емеспіз. Жалпы жекелеген атаулар туралы түрлі пікірлер айтып, үзақ пікірталас тудыра беруге болады. Егер уақытында тілші ғалымдар мен салалық мамандар болып бір тоқтамға келіп, үсынылған баламалар мен жасалған жаңа терминдердің арасынан ең тиімдісін, сәтті жасалғанын іріктеп алып отырмасақ, терминологияны реттеу, біріздендіру жүмыстарын жолға қоя алмаймыз. Бүкіл әлем тілдерінде терминологиялық жүмыстардың жүргізілуі сондай бейберекеттікке орын бермеу мақсатынан туындаған.

Терминтанушылардың қазіргі алдында түрған міндеттерінің бірі терминтануды дербес пән ретінде дамыту. Оның теориялық, практикалық және едістемелік мәселелерін ғьшыми түрғьщан шешу, оқу пәні ретінде тиісті деңгейде оқыту қазіргі таңдағы аса маңызды істер болып табылады.

Термин, терминология мәселелері еліміздің жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде кейінгі жьщдарға дейін лексикологияның бір тармағы ретінде оқытылып келеді. Жоғары мектеп бағдарламасында Қ.Кеңесбев пен Ғ.Мүсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" оқулығында Ә.Болғанбаевтың "Қазақ лексикологиясы" оқулығы мен Ә.Болғанбайүлы, Ғ.Қалиүлының авторлығымен жарық көрген "Кдзіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы" оқу қүралдарында да термин, терминология мәселелері лексикология шеңберінде қарастырылады. Термин сөздер аталған және өзге окулықтарда бір тақырыпша ретінде ғана беріліп, олардың өзге лексикалық қабаттардан айырма-шылығын көрсетуге баса мән берілді. Сондықган да жоғары оқу орындарын бітірушілердің термин, терминология мәселері жөніндегі білімі өте шектеулі ғана болып жатады. Бірқатар елдерде терминтануды дербес пән ретінде танып, оның теориясы, тарихы арнайы оқытылып та жатыр. Түрлі оқулықтар мен оқу құралдары, көмекші қүралдар дайындалған. Ал бізде термин және терминология мәселелерін термин-танудың нысаны ретінде танып, оны дербес пән ретінде жеке бөліп алып қарастыруға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрмеді. Кейінгі жылдары терминологияның түрлі мәселелері бойынша докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғаған мамандар осы істі қолға алып, жоғары оқу орындарында арнаулы курстар жүргізіп, түрлі күралдар дайындаса терминтанудың оқытылу деңгейі көтеріле түскен болар еді. Бірақ бүл бағыттағы атқарылған жүмыс әлі де өте аз, дәлірек айтқанда, іс жаңа қолға алына бастады деуге болады. Оның себебін біздегі отандық тіл білімінде терминтанудың дербес пән ретінде өркендеп, терминология мәселелерінің терең зерттеліп, ғылыми мектеп қалыптаса алмай келгендігімен байланысты деп пайымдаған дүрыс болса керек. Себебі терминология мәселелері жақсы зерттелген бірқатар елдерде оны оқыту да салыстырмалы түрде дүрыс жолға қойылған.

Оқулықтар, оқу қүралдары мен түрлі анықтамалықтар, арнаулы сөздіктер дайындалған. Бүл түрғыдан келгенде біздің әлі кезегін күтіп түрған аткаруға тиісті істеріміздің аз емес екендігі анық. Сол себептен осы оку қүралын дайындауды міндетіміз деп санадық. Үсынылып отырған оқу қүралын осы бағыттағы жасалуға тиісті жүмыстардың, атқарылуға тиісті істердің бірі деп түсінген жөн. Оқу қүралында қамтылған негізгі мәселелердің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің тарих-филология факультетінде "аударма ісі" мамандығы бойынша білім алып жатқан қазақ бөлімінің 5 курс студенттеріне арнаулы курс ретінде оқылғанын, ал жекелеген бөлімдерінің 2002 жылдан бастап осы университеттің "қазақ тілі" мамандығы бойынша маманданып жатқан магистранттарға үсынылғанын айтуға тиіспіз.

Терминтануды дербес ғылыми пән ретінде оқьпуға арналған қазақ тіліндегі алғашқы оқу қүралы болғандықтан, терминология жөнінде біздегі қалыптасқан көзқарасқа сәйкес келмейтін мәселе-лердің бар екендігі де анық. Соның өзі терминтануды пән ретінде оқьгту сапасын арттыруға, термино-логияның түрлі мәселелеріне жаңаша қарауға, басқаша бағамдауға, түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізуге белгілі бір дәрежеде түрткі болар, ойға ой қосар деген үміттеміз. Шет елдер мен өз ғалымдарымыздың терминтану саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, алдағы уақытта оку қүралын әлі де мазмүндық және қүрылымдық түрғыдан жетілдіре беру ниетіміздің бар екендігін, оны міндетіміз санайтындығымызды айтқан жөн деп білеміз.





  1. ТЕРМИНТАНУ - ДЕРБЕС ҒЫЛЫМИ ПӘН


1.1. Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы
Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы бізде кейінгі жылдары ғана шет жағалап сөз қозғала бастағаны болмаса, бүл өзге елдердің ғалымдары тарапынан осыдан 30-40 жьгл бүрын көтеріліп, арнайы карастырылған, талқыланған мәселе. Түрлі елдердің терминтанушы ғалымдары тарапынан бүл мәселені зерттеуге арналған ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, Ресей ғалымдары терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі алатын орны туралы мәселені өткен XX ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында, жетпісінші жылдардың басында көтеріп, көптеген ғылыми еңбектер жазды, ғьглыми симпозиум өткізді. Содан бері оларда осы бағыттағы жүмыстар үздіксіз жүргізіліп, зерттеулер жалғасып келеді. Ресейдің маңдай алды жетекші университеттерінде терминтану бойынша 70-жылдардың екінші жартысынан бастап арнаулы курстар мен семинарлар жүргізіледі. Бүл түрғыдан келгенде бізде отандық терминтанудың едәуір кенжелеп қалғаны байқалады. "Терминология-ның теориялықжәне практикалық мәселелерін зерттеу әлі де жете қолға алынбай отыр. Терминологияның осындай өзекті проблемаларын зерттеу, ретке келтіру ісі қазақ тіл білімінің алдында түрған күрделі міндеттердің бірі" (Термин қалыптастыру тәжірибесінен //Қазақ терминологиясының мәселелері. А.,1986. 65-6.) деп жазған еді сексенінші жьшдары тілші ғалым А.Әбдірахманов. Одан бері өткен жиырма жыл ішінде бүл салада біршама ізденістер болғанмен, терминологияның көптеген мәселелері ғылыми және практикалық түрғыдан шешімін таба қоймады. Терминтанудың теориялық, әдістемелік, практикалық мәселелерін зерттеудегі алынатын ғылыми нөтижелердің деңгейі, терминологиялық жүмыстарды жүргізу барысында көрініс беріп жатқан жүйесіздік, үйлесімсіздік соны айқын аңғартып отыр.

"Терминоведение" терминін 1967 жьшы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Ленинградта өткен Екінші бүкілодақгық терминология мәселелеріне арналған мәжілісте В.П. Петушков үсынған. Содан бастап бүл терминді одақгың көптеген тілші ғалымдары қолдана бастады. Терминдерді зерттейтін ғылым саласын "терминология" деп атауды қүп көретін кейбір тілші ғалымдардың да бар екендігіне қарамастан, соңғы жылдары "терминоведение" термині жаппай қолданыла бастады. Біз де терминологиялық лексиканы зерттейтін бүл саланы "терминоведение" деп атайтын ғалымдар пікірін қолдаймыз. Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде осы соңғы жылдарға дейін тек "терминология" термині қолданылып келді. Соңғы 5-6 жылдың көлемінде біз бүл саланың атауын "терминоведение" терминінің үлгісімен "терминтану" деп атап, солай қолданып жүрміз. Себебі көп мағыналы "терминология" атауына қарағанда бүл термин үтымды жасалған, саланың өзіндік ерекшелігін көрсететін атау деп санаймыз.

Терминтанудың зерттеу нысаны айқындалған дербес ғьшыми пән екендігін өткен XX ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап кеңес одағының көптеген белгілі тілші ғалымдары айта бастады. 1969 жылғы 24-27 желтоқсанда Мәскеу мемлекеттік университетінде "Қазіргі ғылымдар жүйесіндегі терминологияның орны" (Место терминологии в системе современных наук) деген тақьфыпта ғьшыми симпозиум өткізілді.

Мәскеуде өткен бұл симпозиумның аты айтып тұрғандай, ғылыми жиында терминтанудың айқындалған ғылым екендігі жөніндегі пікірді көптеген ғалымдар айтады. Осы симпозиумда жасалған баяндамалар мен хабарламалар тезисі жарияланған көлемді жинақтың бір бөлімі "Терминология — дербес ғылыми пән " деп аталады.

Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтауға, оның әдістері мен құрылымын зерттеуге көп еңбек сіңірген ғалымның бірі Мәскеулік терминтану мектебінің белгілі өкілі В.М.Лейчик. Ол 60-жылдардан бастап осы мәселені жиырма жылдан астам үздіксіз зерттеп, 1989 жылы "Предмет, методы и структура терминоведения" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым 1970 жылдардан бастап М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері мен аспиранттарына оқыған арнаулы курсында терминтануды дербес ғылыми пөн ретінде оқытты. Ол осыдан қырық жылға жуық бүрын терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын, оның өзге ғылымдар-мен байланысын анықтауға арналған ғылыми макала жазған. Ғалым 1969 жылы жарық көрген "Место терминологии в системе современных наук (к постановке вопросе)" деген мақаласында термин-танудың ғылым ретінде даму, калыптасу тарихын және өзге ғылымдармен байланысын көрсетеді.

Ғалым терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы-ның алғашқы кезеңі XX ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды деген түжырым жасай отырып, ол кезенің өзіндік сипатын атап көрсетеді.

Жаңа ғылым саласы терминтану өзінің ерекше зерттеу нысаны терминологиялық лексика анықталғаннан кейін де үзақ уақытқа дейін терминдердің тек лингвистикалық аспектілерін ғана қарастырып, лингвистикалық зерттеу әдістерін пайдаланды. Арнаулы лексиканың жалпы лексикадан елеулі ерекшеліктері бар екендігі көрсетілді, бір арнаулы сала ішіндегі терминдердің синонимдері болуының зияндылығы дөлелденді, терминжасам тәсілдері мен терминқор қалыптастыру көздері анықгалды.

Терминдер ғылым мен техниканың белгілі бір саласының үғымдарының атауы болғандықган және олар сол үғымдардың арасындағы байланыстарды да көрсететін болғандықтан, терминді тек лексикология-лық, лексикографиялық түрғьщан зерттеу жеткіліксіз болды. Яғни, терминдерді зерттеудің логикалық аспектісі пайда болды. Бүл түрғьщан қарастырьшу арқьшы терминнің дыбыстық таңба мен белгілі бір сала үғымымен байланысты сөз (сөз тіркесі) атау екендігі анықталды. Дегенмен, термин табиғатын тануда формалды-логикалық әдістің де жеткіліксіз екендігі байкалып, ғалымдар терминді психологиялық түрғыдан зерттеуге ойысты. Терминтану мен психологияның байланыстылығы терминнің көп жағдайда үғымдардың ұқсастығы (аналогия) негізінде жасалатындығымен түсіндіріледі. Екі үғымның үқсастығы олардың атауының алмасуына негіз болады. Терминге психологиялық түрғьщан қарау да қажет, алайда термин жай ғана таңба, символ емес, ол үғымның адам миында бейнеленуінің негізгі шарты, терминде үғымның мазмұны, өзге үғымдармен байланысы көрініс табады. Таным теориясы терминтанудың әдіснамалық іргетасы ретінде оған үнемі тірек болып отырады.

Сөйтіп, В.Лейчик терминтану дамуының 30-жылдары аяқталған бірінші кезеңін — логика-лингвистикалық кезең деп атайды.

Терминтану дамуының екінші кезеңі 40-жылдардан басталып, бүл кезеңде терминтану семиотикамен тығыз байланыс орнатты деп атап көрсетеді ғалым. Семиотиканың зерттеу пөні әлемді түрлі тәсілдермен моделдеуші көптеген таңбалар жүйесі болса, тілдің өзі тұтастай сол таңбалар жүйесіне жатады. Түрлі салалардың терминдері де біздің сол салалардағы білімімізді көрсететін таңбалар жүйесін қүрайды. Егер терминдер үғымдар жүйесіне сәйкестендіріліп, терминжүйе қүрайтын болса, онда ол таңбалар жүйесіне тән белгілердің бәріне ие болады. Осы жағынан келгенде терминтанудың семиотикамен байланыстылығы еш талас туғызбайды.



Терминжүйе белгілі бір арнаулы саланың ақпараттық тілі болып табылады. Яғни, терминжүйе арқылы сол саланың үғымдары мен олардың арасындағы байланысы, өзара қарым-қатынасы мен олардың иерархиясы туралы ақпарат алуға болады. Терминологиялық ақпарат дәлдігі мен нақтылығы жағынан әр саланың арнаулы үғымдары жөнінде толық мәлімет беретіндігімен ерекшеленеді. Бүдан терминтанудың мен ақпараттанумен шектесетінін көруге болады.

Жетістіктері терминтануда тиімді пайдаланьшып жүрген тағы бір ғылым саласы — ғылымтану. Ғылымтану — ғылым дамуының жалпы сипатын, ғылыми кадрлар мен ғылыми қьізметті жоспарлау қағидаттарын анықтайтын, еңбекті ғылыми үйымдастыруды, ғьшымның қоғам өміріндегі рөлі мен оның әсерін талдайтын, ғылыми қызмет психологиясын зерттейтін ғылым саласы. Ғылымтанудың аса маңызды міндетінің бірі ғылым тілі (математикалық, химиялық формулалар, графикалық, көлемді моделдер, және ғылыми терминдер) де кіретін ғьшыми аппаратты жасау.

Сонымен терминтану дамуының 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басын қамтитын үшінші кезеңін В.Лейчик мазмүнына қарай ғылымтанушылық, ал зерттеу әдісіне қарай кибернетикалық терминтану деп атаған жөн деп санайды. Одан бері де терминтану бірнеше даму сатысынан өтті. Кейінгі уақытта терминтану когнитивтік, әлеуметтік лингвистикалық түрғьщан да кдрастырьша бастады.

Сонымен қорыта келгенде терминтану негізінен лингвистикамен, логикамен, семиотикамен, ақпараттанумен, математикамен, кибернетикамен, жүйелердің жалпы теориясымен, психологиямен байланысты кешенді ғьшым деп таньшып жүр.

Бізде терминтану (терминология) күні бүгінге дейін тіл білімінің, оның ішінде, лексикологияның бір саласы ретінде карастырылып келді. Осы уақытқа дейін жазылған оқулықтардың бәрінде дерлік, өзге елдерде терминтануды дербес ғьшыми пән ретінде қарастыратын ғалымдардың бар екендігі жөнінде мөлімет те берілмеген. Бүл біздің елімізде терминология мәселелерінің тиісті деңгейде зерттеліп, өзге жүрттардың ғалымдарымен, терминтану мектептерімен, терминологиялық орталықтармен байланыстың орнатылмағандығын көрсетсе керек. Сондықтан да бүл бағытта атқарылуға тиісті істеріміз аз емес екендігі анық.

Казіргі кезенде терминтану мектебі қалыптасқан бірнеше елдің ғалымдары терминтануды дербес ғьшыми пән ретінде танып отырғандығын айту керек. Сезіміз дәлелді болу үшін олардың ғылыми еңбектерінен, әр кезенде айтқан пікірлерінен үзінділер келтірелік. Мысалы, В.П. Петушков былай деп жазады: "Озінің көп жьшдық тарихы бар екендігіне қарамастан, терминтану - бүл жаңа қалыптасып келе жатқан ғылым". (Петушков В.П. Лингвистика и терминоведение//Терминология и норма. - М., 1972.С.116.).

Терминтануды білімнің айрықша саласы деп санайтын Дж.Сейгердің оның ғьшымдар жүйесіндегі орны туралы 70-жылдары айтқан пікірі мынадай: "Терминологияны дербес сала ретінде қарастыратын уақыт жетті. Осы уақытқа дейін ол лингвистиканың біршама аз мән берілген саласы болды. Тіл мамандарының терминологияға өте аз көңіл бөлуі кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені көбінесе оны зерттеу дәстүрлі лингвистің қүзіретінен тыс жатқан қағидаттарға негізделген" (Sаgег 1974, 74-75).

Ал Ф.Ригз терминология лексикология мен концептологияның (ғылымда үғымдар мен олардың арақатынасын білімнің бірлігі ретінде зерттейтін философияның саласы) арасынан орын алу керек дейді. (Rіgss 1979). Ол терминтанушы лексиколог пен консептологтың арасында түрған маман деп санайды.

В.М.Лейчик пен И.П.Смирнов терминтану жаңа ғылыми пән ретінде қалыптасты деп санайды: "Көптеген деректердің жинақталуы, терминология-лық жүмыстардың түрлі бағыттарының пайда болуы, қазіргі кезеңдегі ғылыми және практикалық қызметтің өзге аспектілерімен салыстырғанда бүл жүмыстың өзіндік ерекшеліктерінің көрсетілуі жаңа ғьшыми пән - терминтанудың қалыптасу үрдісін анықтады. Бүл ғылыми пәннің өз зерттеу нысаны, өз әдістері, өзінің абстракті және нақты өнімдері бар" (Лейчик В.М., Смирнов И.П., Современные состояние и тенденции дальнейшего развития терминологичес-кой работы в СССР // Научно-техническая информация. Сер. 1. 1981. №3. С.4-7.) дей келіп, олар "терминтанудың бөлініп шығуының заңдылығына қазір ешкім де талас туғызбайтынын" атап көрсетеді.

Терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуының мерзімі туралы осы мәселені арнайы зерттеген ғалым В.М.Лейчик бьшай деп жазады: "XX ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 80-жылдарының басында терминтануды ғьшыми пән ретінде калыптасып болды деуге болады" (В.МЛейчик, 1989, 12).

"Терминтану ғылым ретінде жаңа ғылымның туындауы мен дамуының (эволюциясы) классикалық үлгідегі қиындығы көп өз тарихи жолынан өтті. Бүл жолда барлық кезеңдер мен факторлар болды, солардың бәрі ақырында жаңа пән терминтанудың калыптасу фактісінің күмәнсіздігін көрсетуге әкелді" (Татаринов В.1996. С.272).

Терминологияның (терминтанудың) жалпы теориясын үсынып, "Жалпы терминология. Теория мәселелері" (1989) және "Жалпы терминология. Терминологиялық қызмет" (1993) деп аталатын монографиялық еңбек жазған А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильева сияқты ғалымдар да термитануды дербес пән деп санайды. Олар терминология мәселелерімен айналысатьш мамандарға жалпы тілдік біліммен қоса, бірнеше тілдің сөзжасам мүмкіңдіктерін біліп, бір немесе бірнеше салалық пән бойынша хабардар болып, логика, ақпараттану, лингвистикалық статистиканың негіздерін білуі тиіс деп есептейді.

Сондай-ақ "Терминтануға кіріспе" оку күралының авторы С.В. Гринев пен "Отандықтерминтану тарихы" деп аталатын 4 томнан түратын еңбек жариялаған ғалым В.А.Татаринов сияқты ғалымдар да терминтануды дербес ғылым саласы ретінде таниды. Бүл ғалымдардың еңбектерінің аттарынан-ақ терминтануды дербес ғылым ретінде танитын-дықтарын көруге болады.

Сонымен бірнеше елдердің ғалымдары дербес ғьшыми пән ретінде танып отырған терминтануды, біз де арнайы зерттеп, жоғарғы мектепте оқытуды қолға алуымыз қажет. Терминтануға берілген В.М.Лейчиктің анықтамасы мынадай: "Терминтану -лингвистика, логика, семиотика, информатика, жүйелердің жалпы теориясы және бірқатар салалық пәндік ғылымдардың тоғысқан түсында (ғылыми-техникалық революция дәуірінде) пайда болған жаңа кешенді ғьшыми-қолданбалы пән".



Терминтанудың ғьшымдар жүйесіндегі орны туралы пікір білдірген өз ғалымдарымыздың да бар екенін айта кету орынды. Олар "Ана тілі" газетінде "Терминология - ғылымтану ілімінің негізгі саласы" (Ш.Біләл. "Ана тілі" газеті. 2003, мамырдың 22-сі) және "Терминология дербес ғылым емес" (Б.Момынова. "Ана тілі" газеті. 2004, наурыздың 18-і) атты мақала жариялаған Ш.Біләл мен Б.Момынова. Газет мақаласы болса да, терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселеге қатысты пікір айтылғандықтан, оларға қысқаша болса да тоқталып өткен орынды.

Терминтану ғьшымтанудың бір саласы деген пікірге келсек, бүл пікір өткен XX ғасырдың 60-жылдарының аяғында осыдан қырықжылдай уақыт бүрын айтылған болатын. Одан бергі уақытта терминтану бірнеше даму кезендерінен өтті, бүрынғы ғылыми түжырымдар жаңа пайымдаулармен, тың түжырымдармен толықты. Кдзір терминтану ғылымтанудың бір саласы емес, онымен байланысты кешенді ғьшыми пән деген пікір орныға бастады. Дәлірек айтқанда, терминтану лингвистика, семиотика, логика, ақпараттану сияқты ғылымдармен әр түрлі дәрежеде қандай байланысты болса, ғьшымтанумен де солай байланысады.

Ал терминтану дербес ғьшым емес деген пікірге келсек, бүл пікір де мәселені жан-жақты зерттеп барып, нақты деректерге негізделген ғылыми түжырымдарға сүйене отырьш айтьшған деуге негізіміз жоқ. Терминтанудың дербес ғьшыми пән екендігі ғьшыми симпозиумдарда талқьшанып, диссертация-лық зерттеулерге арқау болған мәселе. Бізде осы уақытқа дейін терминология лексикологияның тармағы ретінде қарастырьшып келе жатқанымен, бірқатар шет елдерде терминтану дербес пән ретінде таньшып жетекші университеттерде оқьгтьшып келеді. Терминтанушы мамандар дайындалады. Бірқатар елдерде бүл пәнді оқытуға арналған "Терминтануға кіріспе", "Терминтану" сияқты оқу қүралдары мен оқулықтар жазылған. Терминтануды дербес ғьшым емес деп жариялау үшін ең алдымен, осы атқарылған жүмыстар мен зерттеулер нәтижелерінің дүрыс жасалмағандығын, кемшіліктерін ғылыми түрғьщан дәлелдеу қажет болады. Ондай іргелі зерттеу жүргізілмегендіктен, біздің шет ел ғалымдарының жасаған теориясына, олардың зерттеулерінде негізделген түжырымдарға сүйенуімізге тура келеді.

Бір нәрсенің басы ашық. Ол - терминтанудың тіл білімімен, лексикологиямен тығыз байланыстьшығы және оның дербес ғылым саласы ретінде лингвистикадан бастау алып, содан өрбіп, тармақталып шыкқандығы. Сол себептен де және терминтанудың негізгі бірлігі термин сөз немесе сөз тіркесі ретінде тіл білімінің зерттеу нысаны, тілдік бірлік болғандықтан да терминтану ең алдымен, лингвистикамен тығыз байланысты, онымен түбі бір өрі ешкдшан одан біржолата іргесін аулақ салып кете алмайтын ғылым саласы болып қала бермек. Егер бүкіл терминология немесе оның басым бөлігі мағыналы сөздер емес тек шартты таңбалар, символдар, формулалар мен сан-таңбалардан күралатын болса, онда оны лингвистикадан бөлек кдрап, семиотика немесе логика, ғьшымтану сияқты басқа да ғылым салаларының бірінің шеңберінде қарауға болар еді. Алайда қазір, тіпті жақын болашақга олай бола қояды деп ешкім болжам жасай алмайды. Сондықтан терминтану таза лингвистикалық пән болмағанның өзінде, оның тіл білімінің қойнауында туындағаны жөне терминнің, терминологияның, жалпы ғьшым тілінің көптеген мәселелерінің тілдік түрғьщан зерттеле беретіндігі даусыз. Терминтануды біз бірнеше ғъшымның тоғыскан жерінде пайда болған кешенді ғьшыми пән ретінде танысақта, соған сәйкес терминологиялық лексиканы бірнеше аспектіде кдрастырсақ та, оның ішінде лингвистиканың алар орны айрықша (басты орында) болып қала береді. Өйткені термин дегеніміз - сәз, терминология дегеніміз - сөздер жиынтығы. Терминдер қанша жерден айрықша мәртебесі бар, қаншалықты арнайы қолданыстағы сездер болса да, олардың мағынасын, жасалуын, қолданысьш зерттеуде тіл біліміне жүгінбеу мүмкін емес.

Терминологияның бүкіл әлемде негізінен тіл білімі түрғысынан, тілші ғалымдар тарапынан көбірек зерттелуі де занды. Алайда терминтану лингвистика-ның қойнауында пайда болғанымен, оны қазір таза лингвистикалық пән деп оқшаулап алудың да негізі жоқ. Терминтанушы ғалымдар атап көрсеткеніндей, оның логикамен, семиотикамен, информатикамен, жүйелердің жалпы теориясы және бірқатар салалық пәндермен тығыз байланыстылығын да жоққа шығарудың реті бар деп санамаймыз. Ал салалық терминдерді жасауда, терминжүйелерді қалыптас-тыруда түрлі сала мамандарының үлесі қашан да үлкен болған, ол солай бола да береді.

Сонымен лингвистиканың негізінде қалыптасқан кешенді ғьшыми пән терминтанудың зерттеу нысаны - термин және олардың жиынтығы терминжүйе мен терминологиялар, сондай-ақ, сол терминдер жиынтығының жинастырылу, қүрастырьшу, қьізмет етуі мен пайдалану заңцылықтары болып табылады.
Әдебиеттер

Реформатский А.А. Что такое термин и терминология. Ин-т языкознания АН ССР. М.,1959. - 14с.

Головин Б.Н. О некоторых аспектах лингвистического и информационного изучения терминов// Место терминологии в системе современных наук. Научный симпозиум. - М., 1970.

Место терминологии в системе современных наук Научный симпозиум. - М., Изд.Моск. универ-та, 1970. - 247 с.



Хаютин А.Д. Термин, терминология, номенклатура. СамГУ. Самарканд, 1972. - 129 с.

Агапова Г.Н. О лингвистических основах терминологии //Филология. - М., 1974 - С. 21-28.

Будагов Р.А. Терминология и семиотяка// Будагов Р.А. Человек и его язык. 2-ое изд. М., 1976. С. 245-252.

Реформатский А.А. Мысли о терминологии// Современные проблемы русской терминологии. М.: Наука, 1986. С. 163-198.

Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю. Лингвистические основы учения о терминах. - Горкий, 1987 -104 с.

Гринев С.В. Введение в терминоведение. - М., 1993. - 309 с.

Лейчик В.М. Место терминологии в системе современных наук (к постановке вопроса)//Начно-техническая информация. Сер. 1. 1969. №8. С.5-8.

Лейчик В.М., Смирнов И.П., Современные состояние и тенденции дальнейшего развития терминологической работы в СССР//Научно-техническая информация. Сер. 1. 1981. №3. С.4-7

Лейчик В.М. Предмет, методы и структура терминоведения: Автореф.дис. ... докт. филол. наук. -М., 1989. - 47 с.

Петушков В.П. Лингвистика и терминоведение// Терминология и норма. - М., 1972.

Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Место общей теории терминологии в ряду научных дисциплин//Общая терминология. Вопросы теории. М., 1989. - С.17-24.

Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Вопросы теории. М.,1989. - 246 с.

Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Терминологическая деятельность. М.,1993. - 289 с.

Татаринов В.А. Тероия терминоведения. Том 1. Теория термина: история и современное состояние. М.,1996. — ЗПс.

Біләл Ш. Терминология - ғылымтану ілімінің негізгі саласы//"Ана тілі" газеті. 2003, мамырдың 22-сі.

Момынова Б. Терминология дербес ғылым емес//"Ана тілі" газеті. 2004, наурыздың 18-і.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет