Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары



жүктеу 103.02 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі103.02 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің 201___жылғы

«__» ______№____

бұйрығымен бекітілген



Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республиксы Заңының 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібін айқындайды.

Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін Мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі – МТҚ) жүзеге асырады.

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

  1. ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, кілттерді генерациялауды, қалыптастыруды, таратуды немесе басқаруды іске асыратын құрал;

  2. аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі – негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігін пайдалана отырып қол қойылған, «жеткізуші» өрісі негізгі тіркеу куәлігі туралы ақпаратты, ал «субъект» өрісі аталған тіркеу куәлігі туралы ақпаратты қамтитын тіркеу куәлігі;

  3. әмбебап цифрлық нөмірлеу жүйесінің нөмірі (Digital Universal Numbering System Number, бұдан әрі – DUNS нөмірі) – заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар тобының және ірі компаниялар бөлімшелерінің;

  4. кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, кері қайтару (жою) мерзімі және себебі туралы мәліметтер қамтылған тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;

  5. куәландырушы орталық (бұдан әрі – КО) – электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

  6. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СбҮТ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдаланумен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын мемлекеттік техникалық қызмет;

  7. негізгі тіркеу куәлігі – «субъект» және «жеткізуші» жолдары сәйкес келетін тіркеу куәлігі;

  8. тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңының талаптарына сәйкестігін растау үшін КО беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;

  9. шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы – (бұдан әрі – шетелдік мемлекеттің СбҮТ) – шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген уақытта электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматты режимде тексеру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

  10. электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі;

  11. Rivest, Shamir және Adleman тегілерден құрылған аббревиатура (Rivest, Shamir және Adleman, бұдан әрі – RSA) – үлкен тұтас сандарды факторлау міндетін есептеу күрделігіне негізделетін, ашық кілті бар криптографиялық алгоритм;

  12. Х.509 – ашық кілттерді ЭЦҚ бар тіркеу куәлігінің көмегімен бөлу деректерінің және процедурасының форматтарын анықтайтын стандарт.



  1. Куәландырушы орталықтарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібі




  1. КО берген ЭЦҚ ашық кілтінің және тіркеу куәлігінің тиесілігі мен жарамдылығын растауды тексеру мақсатында КО-ның мына талаптарға сәйкес болған кезде ҚР СбҮТ тіркеуі жүзеге асырылады:

  1. КО негізгі тіркеу куәліктерінің X.509 (3-нұсқасы) стандартына сәйкестігі;

  2. КО нормативтік – техникалық құжаттарында бекітілген Интернетте белгіленген мекенжайы бойынша тәуліктік қолжетімділік режимімен 24 (жиырма төрт) сағаттан кем емес жарамдылық мерзімімен және тәулігіне кем дегенде 1 (бір) рет шығару мерзімділігімен КО ҚТКТ қолжетімділігі;

  3. Қазақстан Республикасының КО ҚР СТ 1073-2007 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» (бұдан әрі – ҚР СТ 1073-2007) стандартының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификаты бар АКҚҚ пайдалануы;

  4. Қазақстан Республикасының КО-да ГОСТ 34.310-2004 «Ақпараттық технология. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестері» немесе RSA стандартына сәйкес криптографиялық алгоритмді қолдануы;

  5. шетелдік КО-ны уақытша орналасу елінің заңнамасына сәйкес құрылуы және қызмет етуі;

  6. мемлекеттік шетелдік КО қоспағанда, шетелдік МО-ның уақытша болу елінің аумағында кем дегенде 2 (екі) жыл қызмет етуі;

  7. ЭЦҚ-ны шетелдік КО қорғалған кілтті ақпаратты тасығыштарда ұсынуы.

  1. КО-ны ҚР СбҮТ тіркеу үшін куәландырушы орталығы РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КО-ны ҚР СбҮТ тіркеуге өтініш;

  2. құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариалдық куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат (бұдан әрі – заңдастырылған үзінді-көшірме);

  3. еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда уақытша орналасу елінің заңнамасына сәйкес авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері;

  4. Куәландырушы орталығы АКҚҚ-ның ҚР СбҮТ бағдарламалық қамтамасыз етуімен үйлесімділік хаттамасы;

  5. КО негізгі немесе аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі;

  6. КО қызметі регламентінің (қағидаларының) көшірмесі немесе уақытша орналасу елінде қолданылатын құжат;

  7. осы шетелдік КО-да және оның пайдаланушылары қолданатын АКҚҚ шетелдік мемлекеттің тиісті стандарттарының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатының көшірмесі;

  8. DUNS номер.

  1. Қазақстан Республикасының КО тіркелу үшін РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КО (шетелдік мемлекеттің СбҮТ) ҚР СбҮТ тіркеуге өтініш;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы
    № 1222 қаулісімен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккретиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының КО аккретиттеу туралы куәліктің көшірмесі;


  4. еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері;

  5. Қазақстан Республикасы куәландырушы орталығы АКҚҚ-ның ҚР СбҮТ бағдарламалық қамтамасыз етуімен үйлесімділік хаттамасы;

  6. Қазақстан Республикасы КО негізгі немесе аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі;

  7. ҚР КО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестік аттестатының көшірмесі;

  8. пайдаланушылары Қазақстан Республикасы КО-ның тіркеу куәліктерін қолданатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;

  9. тіркеу куәліктерін қолдану қағидалары (саясаты);

  10. Қазақстан Республикасы КО-да және оның пайдаланушылары қолданатын АКҚҚ-ға ҚР СТ 1073-2007 стандартының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатының көшірмесі.

  1. РМК куәландырушы орталықты ҚР СбҮТ тіркеу туралы өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4,5 - тармақтарында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерді.

    Құжаттарды тексерудің нәтижесі бойынша РМК куәландырушы орталықты ҚР СбҮТ тіркеу туралы қол қойылған келісімнің (бұдан әрі – Тіркеу туралы келісім) екі данасын жібереді.

  1. КО Тіркеу туралы келісімге қол қойып, бір данасын РМК-ға қайтарады.

    Қол қойылған Тіркеу туралы келісімді алғанан кейін ҚР СбҮТ куәландырушы орталығын тіркейді.

  1. РМК келесі жағдайларда тіркеуден бас тартады және дәлелді жазбаша негіздеме бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады:

  1. КО осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

  2. КО осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы.

  1. КО ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша РМК-ға ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді тоқтату туралы өтініш ұсына отырып, мынадай:

  1. күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын РМК-ны өз қызметін тоқтату туралы ақпараттандыру арқылы КО қызметін тоқтатқан;

  2. ҚТКТ жариялауды бір айда 2 (екі) реттен артық кешіктірген;

  3. Тіркеу туралы келісімнің талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатады.



  1. Шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібі




  1. Шетелдік ЭЦҚ мен шетелдік тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының КО берген ЭЦҚ және тіркеу куәлігімен қатар тану мақсатында ҚР СбҮТ шет мемлекеттің СбҮТ тіркеуді мынадай талаптарға сәйкестігі кезінде жүзеге асырады:

  1. шетелдік мемлекеттің СбҮТ негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігі ITU телекоммуникациялар жөніндегі халықаралық одақтың X.509
    (3-нұсқасы) форматына сәйкес болуы тиіс;


  2. шетелдік мемлекеттің СбҮТ-ның немесе шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу куәлігін берген КО-ның ҚТКТ шетелдік мемлекеттің СбҮТ нормативтік-техникалық құжаттарында бекітілген Интернеттегі белгіленген мекенжайы бойынша қолжетімділігі;

  3. шетелдік мемлекеттің СбҮТ уақытша орналасу елінің қағидалары бойынша сертификатталған АКҚҚ-ды қолданады.

  1. ҚР СбҮТ шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу үшін шетелдік мемлекеттің СбҮТ РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СбҮТ –да шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеуге өтініш;

  2. заңдастырылған үзінді-көшірме;

  3. еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері немесе уақытша орналасу елінде пайдаланылатын ұқсас құжат;

  4. қолданылатын АКҚҚ-ға ауқытша орналасу елінің тиісті стандарттары бойынша сәйкестік сертификаты;

  5. ҚР СбҮТ-мен шетелдік мемлекеттің СбҮТ интеграциялану хаттамасы;

  6. шетелдік мемлекеттің СбҮТ негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігі;

  7. DUNS нөмірі;

  8. шетелдік мемлекеттің СбҮТ қызметі регламентінің (қағидаларының) көшірмесі немесе уақытша орналасу елінде пайдаланылатын ұқсас құжат.

  1. ҚР СбҮТ-да шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу туралы өтінішті алған сәттен бастап РМК 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың
    11-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерді.


    Құжаттарды тексерудің нәтижесі бойынша РМК шетелдік мемлекеттің СбҮТ-ға КО пайдаланушыларының ЭЦҚ өзара тексеру туралы қол қойылған келісімнің (бұдан әрі- Өзара тексеру туралы келісім) екі данасын жібереді.

    Шетелдік мемлекеттің СбҮТ Өзара тексеру туралы келісімге қол қойып, бір данасын РМК-ға қайтарады.



    Қол қойылған Өзара тексеру туралы келісімді алғаннан кейін
    ҚР СбҮТ
    шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркейді.

  1. РМК мынадай:

  1. шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

  2. шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған немесе дұрыс емес ақпаратты бере отырып, ұсынған жағдайларда тіркеуден бас тартады және жазбаша дәлелді негіздемені бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.

  1. Шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СбҮТ әрекеттесуді тоқтату туралы РМК-ға өтінішті ұсыну арқылы мынадай:

  1. РМК күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын өз қызметін тоқтатау туралы хабарландыру арқылы шетелдік мемлекеттің СбҮТ қызметін тоқтатқан;

  2. ҚТКТ жариялауды бір айда 2 (екі) реттен артық кешіктірген;

  3. Өзара тексеру туралы келісімнің талаптарын орындамаған жағдайларда ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді тоқтатады.

Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларына

1- қосымша


Нысан


Куәландырушы орталықты (шетелдік мемлекеттің сенім

білдірілген үшінші тарапын) Қазақстан Республикасының

сенім білдірілген үшінші тарапында тіркеуге өтініш
Ұйымның атауы:___________________________________________________

Мекенжайы:_________________________________________________________


_____________________________________________( КО немесе шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының атауы) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(қандай мақсатта) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде тіркеуді сұраймын.

Ескертпе:

Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығы үшін толық жауапты болады.

Мерзімі 20___ жылғы «____» ___________

Басшы _________ _____________

МО (болған кезде) (қолы) (аты, тегі)


Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларына

2- қосымша
Нысан

КО (шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының)

Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен әрекеттесуін тоқтатуға өтініш
Ұйымның атауы:___________________________________________________

Мекенжайы:_______________________________________________________


_______________________________________________________________________________________________________________________________________
(КО немесе шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының атауы)

Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде _____________________________________________ ретінде тіркелген КО (шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапын) алып тастауды сұраймын.


Мерзімі 20___ жылғы «____» ___________

Басшы _________ _____________



МО (болған кезде) (қолы) (аты, тегі)
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет