Шетелдiк тәжiрибе



Дата29.04.2016
өлшемі73.8 Kb.

ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕ



Бауыржан Жаубасов,

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы Сот төрелiгi институтының магистранты, магистратура кеңесiнiң төрағасы


Англияның қылмыстық сот өндiрiсiнде алқабилердiң қатысуы
Англияда алқабилер сотының құрылуы ғасырлар
бойына созылып келдi. Христиан дiнiн
қабылдағанға дейiн мұнда айыпталушының
кiнәлi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселе табиғаттан тыс күштерге жүгiну арқылы шешiлдi. Оның бiр жолы - тазалану антын қолдану едi. Бұл үшiн айыпталушыға оның кiнәсiздiгiн ант беру үстiнде растайтын он екi адамды шақыру жөнiнде ұсыныс жасалды.

Алқабилер сотына ұқсас соттың тарихта болғандығын дәлелдейтiн бiрiншi ресми дерек ретiнде ағылшын королi II Генрихтiң ордонанстарын атауға болады. 1166 жылы қол қойылған осындай құжаттың бiрiнде, iрi елдi мекендерде қол астындағы азаматтардың iшiнен әрбiр жүз тұрғыннан он екi адамды, ал шағын ауылдарда төрт адамды таңдап алу жағы ескертiлген. Осындай өзiндiк алқалар - әдiл қазылар (jury) деп аталды. Мiне, тап осылар, бүгiнде орыс тiлiнде ант бергендер соты деп айтылып жүрген институттың қайнар көзi болып есептеледi.

Ағылшындық алқабилер сотының ерекшелiктерiн қарастыра отырып, ең алдымен, Англияда ант бергендердiң қатысуымен өтетiн қылмыстық iс жүргiзуде қарапайым атқарылу тәртiбiне тоқталғанды жөн көрдiк.

Бұл елде 1988 жылы қабылданған қылмыстық әдiлсот туралы заң бойынша ант бергендер үшiн мүлiктiк ценз жойылып, жас мөлшерiне байланысты шектеулер бiршама кеңейтiлдi. Яғни, алқабилер ретiнде парламентке немесе жергiлiктi органдарға сайлаушы қатарында тiркелген, жасы 18-ге толған және 65-тен аспаған кез келген азамат шақырылуы мүмкiн. Ол он үш жасқа толғанға дейiн Құрама королдiгiнде бес жылдан кем емес уақыт тұрақты тұруы тиiс.

Қабылдамай тастаудың негiзiне мыналар жатады: алқабидiң жоғары қоғамдық жағдайы, iске қатысу мүдделiлiгi, оның абыройсыздығы, қылмысы үшiн сотталғандығы.

Англияда ант берген алқабилердiң қатысуымен iстi қарайтын орган тәж соты болып табылады. Ол:

1. Биiк соттан жiберiлген тәжiрибелi судьяның төрағалық етуiмен аса ауыр қылмыстар туралы iстердi;

2. Биiк сот судьясының немесе бiлiктi округтiк судьяның төағалық етуiмен ауыр қылмыстар туралы iстердi;

3. Округтiк судьяның немесе рекордердiң (судьяның мiндетiн уақытша орындауға тартылған адам) төрағалық етуiмен барлық басқа қылмыстар туралы iстердi қарайды.

Тәж соты бiр кәсiби судья мен он екi ант берген заседательден жасақталған құрамда жұмыс iстейдi.

Ағылшын қылмыстық процесiнде сот талқылауы сатыларының бiрiншi кезеңiне айып тағу жатқызылады. Бұл процедураның мақсаты - айыптау актiсiнде баяндалған айыптауға байланысты сотталушының көзқарасын анықтау болып табылады.

Қылмыстың жасалуына қатысты өзiнiң кiнәсiн мойындамайтындығы туралы сотталушының арызы алынғаннан кейiн және ант бергендердiң орындары жасақталғанға дейiн сот талқылауының келесi кезеңдерiн ойдағыдай өткiзу үшiн қажеттi жағдайларды әзiрлеуге байланысты тәж сотында бiрқатар шешiмдер қабылдануы мүмкiн. Мұндай шешiмдердi қабылдау процедурасы тыңдау әзiрлiгi деп аталады. Бұл сот талқылауының факультативтiк кезеңi, әрi ол судьялардың өз қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Әзiрлiк тыңдауын жүргiзу барысында судья дәлелдемелердi жiберу туралы, сондай-ақ, қаралатын iске қатысты басқа да құқықтық мәселелер жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдауға құқылы. Мәселен, ол әзiрлiк тыңдауы кезiнде айыптаушыға айыптаудың негiзiне алынған басты фактiлердi көрсететiн жазбаша құжаттарды, осы фактiлердi растауға қабiлеттi куәлардың және соларға қатысты айғақты заттардың тiзiмiн, айыптаудың құқықтық негiздерiн сотқа және қорғаушыға өткiзу жөнiнде тапсырма беруi мүмкiн. Сонымен қатар, судья айыптаушыға өзiнiң дәлелдемелерiн және басқа да материалдарын судьяның көзқарасы бойынша ант бергендердiң, сондай-ақ, өздерiнiң және қорғаушының iстiң мәнiн түсiнулерiне жеңiл болатындай нысанда әзiрлеу жөнiнде нұсқау беруге құқылы. Соттың талабы бойынша айыптаушы процесс кезiнде дәлелдеме ретiнде пайдаланылуға тиiстi кұжаттардың тiзiмi жазылған қысқа хат әзiрлеуге мiндеттi.

Ағылшын қылмыстық процесiндегi сот талқылауында континентальдық Еуропаға тән кезеңдiк бөлiнулер (сот тергеуi, сот жарыссөзi, т.б.) жоқ. Англияда сот талқылауы дәлелдеудi қоса алғанда, өздерiнiң көзқарастарын кезекпен баяндаудан тұрады: алдымен - айыптау, сосын қорғау жағы. Мiне, iс қараудың осындай ретi сот талқылауының негiзгi кезеңдерi болып есептеледi және осылардың жүзеге асырылуы барысында iстiң нақтылы мән-жайларын анықтауға байланысты барлық мәселелер қарастырылады.

Бiрiншi кезең айыптаушының қысқаша сөзiмен басталады. Ол өз сөзiнде айыптаудың мәнiсiн баяндап шығады. Бұдан кейiн айыптаушы айыптаудың негiзiн құрайтын iстiң нақтылы мән-жайларын дәлелдеуге кiрiседi.

Дәлелдеудiң негiзгi тәсiлi - куәлардан жауап алу болып табылады. Куәлардан, сарапшылардан жауап алу аяқталғаннан кейiн айыптау жағы басқадай дәлелдемелердi: құжаттарды, заттай айғақтарды, т.б. ұсынады. Содан кейiн айыптау дәлелдемелерiн қорытып, сөз сөйлейдi.

Айыптаудан соң iле-шала қорғау жағы өзiнiң дәлелдемелерiн ұсынып, айыптаушылар сияқты куәлардан жауап алуға кiрiседi.

Жауап алынатын барлық куәлар айыптау актiсiнiң сыртында көрсетiлуi тиiс. Қосымша куәлар тек олар жөнiнде және олардың ықтимал жауаптары жөнiнде қарсы тарапқа дер кезiнде хабарланған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Төрағалық етушi жарамсыз деп тапқан дәлелдемелер жүйесiнен шығарылып тасталады.

Дәлелдемелердi зерттеудiң қорытындысын сотталушы және оның өкiлi жасайды. Қорғау тараптары сөйлеп бiткесiн айыптаушы сөз алып, қорғаушының дәлелдемелерiне талдау жасайды. Ол негiзiнен ең соңынан сөйлейдi, яғни қорғау тараптарына қарағанда бiршама артықшылық жағдайда болады. Ағылшындардың алқабилер сотында дәлелдемелердi зерттеу процедурасы жарыссөздерден бөлiнбеген, қайта олармен қатар өрiледi.

Ант бергендердi кеңесу бөлмесiне шығарып саларда, судья iстiң мән-жайына және ант бергендердiң кеңесу тәртiбiне байланысты тiлек-сөз айтады. Төрағалық етушi судья өзiнiң тiлек сөзiнде айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы жеке-дара вердикт шығаруға тиiстi ант бергендерге олардың процессуалдық мiндеттерiн, дәлелдемелердi бағалау ережелерiн, тиiстi құқық нормаларын түсiндiредi.

Тiлек-сөзден кейiн ант бергендер кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу кезiнде ант бергендердiң өзге бiреулермен тiлдесуiне тыйым салынады және бұған сот приставтары немесе полицейлер қадағалау жасайды.

1967 жылға дейiн Англияда ант бергендердiң шешiмi бiрауыздан қабылдануы тиiс болатын. Бiрақ, мұндай талап үнемi сынға ұшырайтын. Бұған қарсылық бiлдiрушiлер бiрауыздылық талабы бойынша ант бергендерге көп жағдайда ақтау вердикттерiн шығаруға (вердикттердiң жалпы санының 40 пайыздайы) итермелейдi дегендi көлденең тартып жатады.

1967 жылы қабылданған Қылмыстық кұқық туралы заң бiрауыздылық принципiн жойды (13-бап). Дәл осындай норма 1974 жылғы Ант бергендер алқасы туралы заңның 17 бабында да көрсетiлдi.

Егер ант бергендер кеңесу барысында тез арада бiр тоқтамға келе алмаса, онда олар екi сағаттан артық уақыт кеңесуге мiндеттi. Айыптау вердиктi тек көпшiлiк дауыспен қабылданады - ант бергендердiң “кiнәлi” деп дауыс бергендерi 10-нан кем болмауы тиiс (ант бергендер саны 10 немесе 9 болған жағдайда, тиiсiнше “кiнәлi” деп дауыс берушiлер санының 9 немесе 8 болуы талап етiледi). Егер айыптау вердиктiн жақтап дауыс берушiлер қажеттi дауысты жинай алмаса, онда айыпталушы ақталады.

Глазго университетiнiң профессоры Саймон Гарродтың жетекшiлiгiмен маман-психологтардың жүргiзген зерттеулерi бойынша, вердикт қабылдау кезiнде ант бергендердiң 12-сiне қарағанда 7 адамнан тұратын тобы шешiмдi бiр ауыздан тезiрек қабылдайтындығы анықталған. Маман-психологтардың пiкiрiнше, топтағы ант бергендердiң саны неғұрлым аз болса, соғұрлым ортақ келiсiмге жылдам келедi екен. Ал, үлкен топта, әдетте, бiр немесе бiрнеше ықпалды адам пайда болады да, бiрыңғай шешiм қабылдау процесi әлдеқайда қиындай түседi. Саймон Гаррод пен оның әрiптестерi жүргiзген зерттеудiң нәтижесi бiрауыздан шешiм қабылдау үшiн ең қолайлысы 7, арысы 8 адамнан тұратын топ екендiгiн көрсеткен. Бұл, әсiресе, қайсыбiр мүшесi өзiнiң пiкiрiн өзгелердiкiнен жоғары қойғысы келiп тұратын ант бергендер соты жүйесiне көбiрек қатысты. Мiне, сол себептi де профессор Гаррод ант бергендер саны 8 адамнан асып кеткен жағдайда, түпкiлiктi вердикт шығару мәселесi көбiне ауада “iлiнiп” қалады деп ой тұжырымдайды.

Кеңесу аяқталған соң ант бергендер вердикт шығарады. Оны ант бергендердiң iшiнен сайланған жетекшi тараптар қатысатын ашық сот мәжiлiсiнде жария етедi.

Егер ант бергендер айыпталушыны жасалған қылмыс үшiн кiнәлi деп тапса, оған жаза тағайындау қажеттiлiгi туындайды. Мұндай шараны кәсiби судья жасайды. Ант бергендер алқасы вердикт қабылдағаннан кейiн әрмен қарай процеске қатыспайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келiп, римдiк құқықтың Англияның ұлттық құқығының дамуына Германияға қарағанда азырақ әсер еткенiн атап өтуге болады. Алайда, бастапқы кезде Рим құқықтары ағылшындардың құқықтық жүйесiне едәуiр ықпал жасап, тiптi соттарда қолданыла бастады. Римдiк құқықтың қайнар көздерiн Англияның қалалық шiркеу және сауда соттары мойындады. Рим құқығының кейбiр институттарын, тiптi жалпы құқықтық сот жүргiзу құқығы бар соттар да iс жүзiнде пайдаланды. Рим құқығы өмiрлiк мәнiне қарамастан белгiлi бiр деңгейде ағылшындардың заң тұрғысындағы ой-пiкiрлерiне өзiңдiк әсерiн тигiздi. Ол, әсiресе, заң терминдерiн қолдануда, құқықтық анықтамаларды тұжырымдауда, заң ғылымын зерттеуге кеңiнен қолданылды.

Дегенмен де, ағылшын құқығының талассыз беделi мен соншалық өмiршеңдiгi өзiн өткен тарихи даму кезеңдерiнде де, тап бүгiнгi таңда да ешбiр қапысыз дәлелдеп келедi. Әрi ағылшын құқығының әлемдегi барлық жалпықұқықтық стандарттар мен принциптер жүйесiнiң дамуына айтарлықтай ықпал етiп келгендiгi және әлi де ықпал ете беретiндiгi қалыпты құбылыс болса керек-тi. Бұл, әсiресе, жалпы құқық (common law) жүйесiн ұстанушы елдерде анық байқалады10 .

Резюме


Данная статья посвящена рассмотрению вопроса образования и процесса участия суда присяжных в рассмотрении уголовных дел в Англии.

В статье автор поднимает аспекты развития английского суда присяжных, требования к кандидатам, основания для отвода, говорит о роли римского права на формирование судебной системы и “юридического мышления” в целом.


Summary:

In this article author considers of a question of formation {education} and process of participation of a jury in consideration of criminal cases in England.



In clause{article} the author lifts aspects of development of an English jury, the requirement to candidates, grounds for disqualification, a role of the Roman Law on formations of the judiciary and “legal thinking” as a whole.
Әдебиеттер:
11. Ларин А.М. Из истории суда присяжных в России. М., “Российская правовая академия МЮ РФ”, 1995. 4-бет.

2. Гуценко К. Ф., Головко Л.В., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. М., “Зерцало”, 2001. 74-бет.

3. Полянский Н.Н. Уголовное право и уголовный суд в Англии. М., “Юридическая литература”, 1969. 319-320-беттер.

4. Уголовный процесс (К.Гуценконың ред. жетекшiлiгiмен). М., 1996. 334-335-беттер.

5. Насонов С.А., Ярош С.М. Вердикт присяжных заседателей. М., “Р.Валент”, 2003. 29-бет.

6. Гуценко К.Ф., Головко Л.В., Филимонов Б.А. Көрсетiлген шығарма. 133-бет.

7. Media International Group, 2002//URL:htpp://WWW.mignews.com. Носонов С.А., Ярош С.М. Вердикт присяжных заседателей (цитата) М., “Р. Валент”, 2003. 31-бет.

8. Селезнев Н.А. Феодальное государство и право Англии. М., 1963. 38-бет.

9. Романов А.К. Правовая система Англии. М., 2000. 12-бет.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> c2644d135498e770462571af0012e5b9 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Правовая культура означает многое


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет