Шетырғыз ауылдық округі бойынша 2013 жылда атқарылған жұмыстар мәліметі



жүктеу 92.34 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі92.34 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 9317
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 9317 -> Мөңке би селолық округінің әкімі Ж. А. Тлеубергеновтың 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстарының
Node 9317 -> Ақтоғай селолық округі әкімі Е.Құрмаштың «2013 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға алда тұрған міндеттері» туралы есебі
Node 9317 -> Айшуақ селолық округі әкімі Е.Әдімановтың 2013 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 9317 -> Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Ж.Құрмаштың «2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері» туралы есебі
Node 9317 -> Тоғыз селолық округі әкімі А. Ж. Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері туралы есебі
Node 9317 -> Шалқар қаласының әкімі қала бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»
Шетырғыз ауылдық округі бойынша 2013 жылда

атқарылған жұмыстар мәліметі
Құрметті ауылдастар, құрметті аудан әкімі Ербол Жеткергенұлы!
Тағы бір жылды тарих қойнауына жіберіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара басшылығымен егемендігіміздің 23 – ші жылына қадам бастық. Ел Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда Шетырғыз ауылдық округі тұрғындары бар күш-жігерін аямай еліміздің көркеюіне, экономикамыздың қарыштап дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Шетырғыз селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары деңгейде деп айтуға толық мүмкіндік бар. Себебі бір-екі жылдықта

Шетырғыз селолық округінде қазіргі таңда 820 тұрғын бар. 2 орта мектеп, 2 медпункт, 1 балабақша, 1 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана, 1 АТС, 3 кәсіпкер сауда-саттықпен, 2 монша патенттік жүйеде жұмыс жасайды. Тұмалыкөл селосында салынған 60 орындық М.Орынбасаров атындағы орта мектептің ғимараты жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.

Селолық округ әкімі аппаратында қазіргі таңда ваканттық 1жетекші маман жұмыс орны ашылып, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әр шаруашалық бойынша есеп толығымен компьютерге енгізілді.

Облыстық әкімдіктің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімімен тұрақты халқының саны елу аламнан аспауына байланысты Шетырғыз селосы (Т.Ахтан селосы) таратылды.Ауылдың тұрғындары мен шекарасы жақын жатқан елді мекенге, яғни Қаратоғай селосына қосылды.

Ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы қалыптасты. Биылғы 2013-2014 мал қыстату науқанына 2000 бас мүйізді ірі қара (аналығы 850 бас), 4800 бас қой (аналығы 2600 бас), ешкі 1200 бас (аналығы 500 бас), 127 бас түйе (аналығы 40 бас), 1400 бас жылқы (аналығы 600 бас) түскелі отыр. Мал қыстату кезеңінен шығу үшін115000 тонна шөп, 240 тонна жем дайындалды. Қазіргі таңда шөп 115 цн жетіп отыр.

Жалпы, 2013 жылы 6978 ц ет, иыр сүті – 9790ц, түйе сүті-94 ц, жұмыртқа -56,2 мың дана, қой жүні -113ц, түйе жүні-3 ц. өндірілді.



Бірдейлендіру жұмыстары 2013 жылда мал саны бойынша 2200 бас мүйізді ірі қара, бас түйе және бас қой-ешкі малдары толық бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға 100 пайыз енгізілді. Округтегі барлық шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындарға жылқы малын электронды түрде бірдейлендіру әдісі(чип) жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, мал иелерінің қызығушылығын тудыруда. Қазіргі таңда «Шәкір» шаруа қожалығы 178 бас жылқы малына бірдейлендіру әдісін(чип) жүргізіп отыр. Округтегі мал мамандары осы бірдейлендіру әдісін қолдану негізінде көптеген жұмыстар жасап жатыр.

Мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында «Нұрдәулет», «Қайыңды», «Тұлпар», «Елеукен» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа алып мал бастарын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Мал басын асылдандыру, көбейту мақсатында қой шаруашылығын дамытуға агрокредиттік корпорациядан 500 бас қойға «Ермұхан» шаруа қожалығы 12,5 млн. теңге несие алды, Ырғыз ауданының шаруа қожалықтарынан 10 бас асыл тұқымды қошқар және 384 бас саулық сатып алды және көршілес Мұғалжар ауданының «Қайыңды» селолық округінен 2 бас асыл тұқымды бұқа алынып, сиыр табынына қосылды. Округтегі қоғамдық мал күтуге лизингке 7 бас асыл тұқымды бұқа алынып, қоғамдық күтудегі аналық сиырларға қосылды. Округте 4 қоғамдық мал күтуі ұйымдастырылды.

Малдарға дәрігерлік профилактикалық жұмыстар, инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация уақытылы өз мәнінде жүргізіліп, бруцеллез ауруын тексергенде, 2012 жылы 3 бас оң нәтижесін берсе, биылғы жылы бруцеллез ауруы шыққан жоқ. Бұл ауданымыздағы ашылған вет. стансаның өз округімізге қарасты мал дәрігерлерінің жақсы жұмыс атқарғанын көрсетеді.

Округте қазіргі таңда 41 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Биылғы жылы 5 шаруа қожалығы ашылып отыр.

Мал өлекселерін залалсыздандыру орнының шұңқыры қазылып, іші кірпішпен өрілді. Төбесі плита таспен жабылды. Кез-келген жерге мал өлекселерін тастауға болмайды. Бұл санитарлық талапқа сай емес. Сондықтан мал өлекселерін арнайы залалсыздандыратын орынға апарып, өртеп жіберу керек. Бұл жөнінде вет.станса қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізу керек. Тапсырмалар берілді.



Лизингке техника алуда «Шәкір» шаруа қожалығы 1 МТЗ-82 тракторы, 1 рулон пресс, 1 шөп көтергіш және «Елеукен» шаруа қожалығы 1 МТЗ-82 тракторын алып отыр. Қазіргі таңда лизингке алған жаңа техника саны 4 МТЗ-82 тракторы, 3 рулон пресс, 1 шөп көтергішке жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы техникалар паркі жылдан-жылға жаңаруда.

Облыс, аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне берілген график бойынша қатысып отырдық.



Тұрғындар көкөніс, бау-бақша егу үшін картоп 1,5 га, бау-бақша 0,6 га, көкөніс 0,5 га жерге егіліп, 157,5 цн картоп, 65 цн көкөніс, 84 цн бақша өнімдері алынды.

Салық базасы бойынша жер, мүлік, көлік салықтары уақытында жиналды. Тіркелген кәсіпкерлердің уақытылы патент алуын, шаруа қожалықтарының салықтарын уақытылы жиналуы қадағаланып отырылды. Ұсақ сауда саттық бойынша жаңадан бір кәсіпкер тіркеліп, қазіргі таңда патентті жүйеде жұмыс жасауда.

Денсаулық саласы: Ауыл округінде 2 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде.

2013 жылы аса қауіпті жұқпалы аурулар, оның ішінде туберкулез,бруцеллез аурулары тіркелген жоқ. Флюро тексеруінен барлық тұрғындар өткізіліп, тапсырма 100 пайызға орындалды. Тіркелген ана мен бала өлімі жоқ. Сары ауру, туберкулез, СПИД,тұмау аурулары туралы халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. №145 бұйрықпен скрининг тексерілу өз мәнінде жүргізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында темекі, арақ, нашақорлықтың зияны туралы түсінік жұмыстары мен қатар Салауатты өмір салтын қалыптастыру,жастарды спортқа тарту мақсатында Қаратоғай медпункті медбикелерінің ұйымдастыруымен «Денсаулығым керемет,жаттығуға көп рахмет» атты ұранмен түрлі спорттық жарыстармен «Денсаулық фестивалі-2013» акциясы өтті.

Учаскелік полиция тұрғындармен 2013 жылда құқықбұзушылық болмағаны, қоғамдық тәртіп туралы кездесу өткізді.

Және де сәуір айында тұрғындар арасында мал күтуін ұйымдастыру,балық ауламау,құс атпау маусымындағы жұмыстар туралы жиналыс өткізді.Учаскелік полицияның ұйымдастыруымен мектеп әкімшілігі,медпункт медбикелері,селолық әкімшілік мамандары,ауыл жастары,жоғары сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмысты болдырмау,діни экстремизм мәселелері бойынша «Дін сенім,діни экстремизмге қарсы тұру жолдары, құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмысты болдырмау» мақсатында кездесулер өткізілді.

Округтегі азық-түліктің бағасы басты назарда. Негізінен айына бір рет аудан орталығынан меморандум жасасқан кәсіпкер Сунақбаева КАМАЗ автокөлігімен Шалқар қаласындағы базар бағасымен күнделікті қажетті азық түлік ұн, қант, макарон өнімдері мен көкөністер сатып халықтың ризашылығына бөленіп отыр. Үстіміздегі жылда жеке кәсіпкер Жалинова Айнұр Жаппарбердіқызымен халыққа Шалқар қаласының көтерме сауда бағасымен азық-түлік сатуға меморандум жасалды.

Ауыл тұрғындарының малдарына қажетті мал азығын – шөпті қол жетімді бағаға сатып алуларын қамтамасыз ету мақсатында округтегі МТС «Қаратоғай» ӨК және 9 шаруа қожалығымен округ аймағында әр тюктің бағасы 180-200 теңге, рулон бағасы 3800 теңгеден аспауға меморандум жасастық. Және тұрғындар осы бағаға қолма-қол және қарызға сатып алып, шөппен толық қамтамасыз етілді.

Әскерге шақырылушыларды көктемгі шақыруда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге округтегі әскерге шақырылушылар уақытылы түгел жеткізілді. Күзгі шақырым бойынша 3 қазан күні жеткізілуге тиіс 34 әскерге шақырылушының 9-ы жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитындар, оқу орнынан анықтама әкеліп тапсыруда. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақыру бойынша сарбаздар мен сержанттар құрамдарын жасақтау үшін округте үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жиналыстар, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес 2 әскери міндетті оқу-жаттығу жиынына іріктелінді. 1 Семейге барып, аяқтап келді.

Санитарлық тазалық айлықтары, сенбіліктер ұйымшылдықпен өткізілді.

2014 жылға басылымдарға (баспасөзге) жазылу бойынша округтегі мекеме басшыларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, берілген басылым жоспары округтегі барлық мекемелерге бөлініп берілді. Пошта байланыс бөлімше меңгерушілеріне тапсырмалар берілді. Берілген жоспарды толық орындалып, 2014 жылға баспасөзге жазылу науқаны ұйымшылдықпен өткізілді.

«Қаратоғай-Тұмалыкөл-Шалқар» бағытындағы көтерме жол уақытылы тексеріліп, тегістеліп, жолаушылардың жол қатынасы жоғары деңгейде ұсталып келеді.

«Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында «Елеукен» шаруа қожалығы «Толағай» балабақшасын ағымдағы жөндеуден өткізуге қажетті заттарды 25 мың теңгеге алып берді. МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі Қаратоғай орта мектебінің сынып терезесіне жалюз, Орынбасаров Нұрланбек М.Орынбасаров атындағы орта мектепке тел.факс, зейнеткер Қ.Орынбасаров та осы мектепке түрлі-түсті принтер аппаратын алып берді. Тұмалыкөл ауылына кіре берісіне «Серікбай», «Нұрзаман» шаруа қожалықтары бірігіп, көркейту жұмыстарын жүргізді. Құны – 75 мың теңге. М.Орынбасаров атындағы орта мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында селолық әкімшілік ұжымы 25 мың теңгеге тал көшеттерін отырғызды.

Биылғы 2013 жылға Ақтөбе қаласындағы «Строй комплект - 2030» ЖШС Шалқар-Тұмалыкөл-Шетырғыз көтерме жолының Тұмалыкөл селосына кіре берісіне 70 (жетпіс) метр көтерме жолын қосуға жұмыс жасалынды, жұмыс толық аяқталған жоқ. Биылғы жылға округтегі шаруа қожалықтарының демеушілігімен толық аяқталады.

МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі село тұрғындарының өтініші бойынша құрлық жерге мал су ішетін бөгет бөгеп берді, орындалған жұмысқа кеткен қаржы 1,0 млн теңге.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 764,0 мың теңге бөлініп, МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі тазалық жұмыстарымен айналыса отырып, күл-қоқыс алаңын ретке келтірді. Сілтеме тақтайшалар орнатып, күл-қоқыс алаңына арнайы қақпа салып берді. Бұрынғыдай күл-қоқысты кез-келген жерге төгуге қатаң тиым салынады.

Бюджет қаражатынан ауылдық округ әкімшілігіне 1 компьютер, 1сейф, 1 кресло сатып алынды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша 93 мың теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына төмендегі көмек көрсетілді. Оның ішінде:

Селолық әкімшілік аппараты Қаратоғай орта мектебі және М.Орынбасаров орта мектебінің аз қамтылған отбасы оқушыларына 25,0 мың теңгеге оқу құралдарын алып берді.

А.Жақанов осы акция барысында демеушілікпен 20,0 мың теңгеге М.Орынбасаров орта мектебіне канц.товарлар мен оқу құралдарын алып берді.

Қаратоғай орта мектебі 20,0 мың теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетті.

«Елеукен», «Жадырасын» шаруа қожалықтары аз қамтылған отбасы балаларына 23,0 мың теңгеге оқу құралдарын, кітаптар, мектеп формасын алып берді.

«Толағай» бала бақшасы 5,0 мың теңгеге аз қамтылған отбасының 1 баласына мектеп формасын алып берді.

Аудан әкімінің тапсырмасымен 4 мүгедек балаға 40,0 мың теңге қаражат жиналып, қайырымдылық көмек жасалды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен 2013 жылдың 9 айлығы бойынша 2 жұмыссыз әлеуметтік жұмысқа, жоғары оқу орнын бітірген 2 маман кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жастар практикасына қабылданды. Округ әкімінің ұсынысы негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен 10 адам тұрақты, 29 адам (о.і. 5 жолдамамен) маусымдық жұмысқа орналастырылды. 50 жастан асқандар бойынша округте 61адам (кәсіпкерлерді қоса алғанда) тұрақты жұмыс жасайды.

Күзгі-қысқы дайындық жұмыстарыОкругтегі мемлекеттік мекемелер қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді. Қаратоғай орта мектебіне жаңадан 1 пеш салынды, қалған пештер жөндеуден өтті, «Толағай» балабақшасының жылу жүйесінің қазандығы жаңартылды, орта мектепке (Қаратоғай) ауыз су кіргізілді. Қаратоғай селосының өзінде ауыл тұрғындарының күшімен 73 үйге ауыз су, яғни 86 пайыз ауыз су кіргізілді.

Мереке күндері мәдени көпшілік іс шаралары өз мәнінде қазақы ұлттық дәстүрмен ұдайы өткізіліп отырылады. Ұлыстың ұлы мерекесі –Наурыз мейрамында тай жарыс, тоқ бәйге, теңге алу, аударыспақ сияқты ат спортымен қатар басқа да спорт түрлерінен жарыстар өтті. Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына орай «Алтын қалам» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кеш қонақтары Тахауи қызы Әсия апай мен баласы Дулат ағай. Ауылшаруашылығы кәсіптік мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент күніне, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аудандық және облыстық түрлі жарыстарға аудан атынан, округ атынан қалмай қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеміз.
Алда тұрған міндеттерге:
1. Орталық саябақтың қоршауын қайта жарақтау.

2. Ауыл көшелерін жарықтандыру.

3. Тұмалыкөл елді мекеніне тазалық жұмыстарын жүргізу

4. Ауылдық әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу.

5. Мал басын асылдандыру мақсатында қосымша кемінде 4 бас асыл тұқымды бұқа және асыл тұқымды қашарлар алу.

6. Лизингке жаңадан ауылшаруашылығы техникаларын алу жұмысын одан әрі жандандыру.

7. Халыққа күнделікті қажетті азық-түлік бағасын қол жетімді бағада ұстау.

8. Жеке кәсіпкерлік нысандарын ашу.

9. Шалқар-Тұмалыкөл-Қаратоғай бағытындағы көтерме жолды қалыпты жағдайда ұстау.

10. Мерекелік даталы күндерді өз мәнінде ұйымшылдықпен өткізіп отыру.

11. Қайырымдылық шараларын, «Көркейе бер,туған жер!» және «Мектепке жол» акцияларын ұйымшылдықпен ұйымдастырып отыру.

12. Баспасөзге жазылуды уақытылы әрі сапалы жүргізу.

13. Округтегі ауылшаруашылығы өнімдерін соның ішінде, мал азығын (шөп) округ аймағында арзан бағамен ұстап тұру мақсатында округтегі шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасасу.
Сөзімді қорытындылай келе жылқы жылы баршамызға құтты жыл болсын. Жаңа жылда отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Құрметті аудан әкімі Ербол Жеткергенұлы жылқы жылы Шалқар ауданына құт, береке, мол табыс әкелсін.



Тыңдағандарыңызға рахмет.

Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Ж.С.Табынбеков



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет